Сержан Шакрат

Шакрат Сержан Ысқақұлы – республикадағы маңдайалды үздік домбырашылардың бірі, ел арасынан шыққан тума талант, «төкпе» күй өкілі.
Ол домбыра тартудың халықтық ежелгі үлгісін бойына дарытқан.
Маңғыстау күй дәстүрінің қазіргі ту ұстаушысы. Атақты Алым Жаңбыршин, Шамғұл Ыбраимов, Мұрат Өскінбаев сынды домбырашылардың лайықты шәкірті. Маңғыстаудың күй орындау шеберлігін шыңдап, оны бүкіл елге және шет жерлерге танытып, таратқан майталман.
Ол 1939 жылы Маңғыстауда туған, білімі жоғары. Қазақстан Мемлекеттік университетін 1961 жылы бітірген, журналист.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: