Өзектілігі. Өзен мен өзен аңғарлары бір жүзжылдықтан да көп уақыт зерттеліп келеді.Осы уақыт ішінде тек арна ағысының гидродинамикасы, өзендердің эрозиялық-аккумулятивті жұмысы, өзен аңғарларының құрылысы және олардың мофологиялық құрылысы және т.б. құрылымдық тұрғысынан сұрақтарға жауап іздедік. Бірақ бұл мәселенің көптеген жақтары ашыпған жоқ, мәліметтер жеткіліксіз. Мысалы, ағын сулар қайдан және қалай пайда болады,олар қалай үлкен өзен торына айналады, олардың дамуыныңсоңғы кезеңі қалай болады т.с.с. Тіпті өзендердің жаралуы мен дамуы туралы нақты сілтемелер де жоқтың қасы. Әрине, кемеліне жеткен, үлкен өзендер мен өзен аңғарларының қалыптасуы өте күрделі процесс. Мұнда бірнеше кезеңге бөліп қрастыруға болады: арна ағынының алғашқы жаралу кезеңі; өзен жіне аңғар жүйесінің қалыптасу және дамуының соңғы кезеңі. Бұл кезеңдердің әрқайсысы кешенді табиғи факторлардың әсерінен дамиды. Егер бұл мәселені тек өзен ағыны ретінде ғана қарар болсақ ештеңе өзгермейді. Ал өзен әрқашанда артынан арна, аңғар, қатты материял түріндегі шөгінділер сияқты із қалдырады. Сондықтан мен бұл сұраққа кешенді түрде зерттелерді салыстыра отырып, яғни өзен арнасының гидродинамикалық ағынына, оның эрозиялық-аккумулятивті жұмысына, өзен аңғарларының құрылымы мен дамуына, берілген аумақтың ландшафттық ерекшеліктеріне аса көңіл бөле отырып сипаттама жасадым.....
Кіріспе Жұмыстың өзектілігі. Еліміз егемендік алып ұмыт болған дүниемізбен қайта табысып жатқан, шынайы тарихи беттер ашылып өткенді қайта саралауға зерттеуге мүмкіндік туып отыр.Ел басымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Қазақ болмысының келесі бір ерекшелігі-оның тарихшылдығы. Қара халықтың тарихтан хабардарлығы мейлінше жоғары болған. Керек десеңіз,білім институттарының дамыған жүйесі бар бүгінгі күннің өзін бұрынғы қазақтардың санасындағы жаппай тарихшылдықпен салыстыруға болмайды»-дей келе, «тарихи білімнің мұндай жүйесі қатардағы көшпелілер үшін тарихи,мәдени оқиғалардың ағыны ретінде бала кезінен сана-сзіміне сіңіп отырған.Қазақ даласының дүйім жұртында кең құлашты тарихи сана болған,себебі, бұл даладағы әрбр жұмыр басты пенденің жады бала кезінен ауызша айтылатын қисапсыз мол дерекке әбден жаттығып,көз қанық болып өскен. Халық тарихын түсініп,білу әрбір адамның өз басындағы сезім-түйсікпен астасып отырған» /1/ Ресейдегі ХХ ғасырда пайда болған революциялық қозғалыс ұлттық шет аймақтың соның ішінде Қазақстанның да жағдайына әсерін тигізді.Кеңес өкметінің орнауымен қазақ елінде өткен тарихын ұмыту, жоғалту басталды. Тіршілікке жаңа ұрпақ жетіліп тарих пен тағдырдың таразысынан қайта өтіп жатқан қазіргідей кезеңде тарихы көп бұрмалаушылыққа ұшыраған ел тарихын қайта зерделеу өткенімізбен қайта табысу қазақ тарихының көмексі тұстарын қайта ашуға үлкен мүмкіндік туғызып отыр. Қазақ даласында XX ғ.дейін ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен үстем болып келгені баршаға аян.Сондықтан қазақ тарихына қатысты жазба деректерді ілуде біреу кездестірсек, ауыз әдебиетінің дерегіне жататын ақын-жыраулар шығармалары жетерлік. Өкінішке орай ауыз әдебиетінің деректерінің құнын жазба деректерден төмен санайтын тарихи қате ойдан әлі арыла алмай келеміз,сол себепті нақты тарихи шындықты баяндайтын көптеген ақындардың өлең-жырлары зерттелінбей жатыр.Ал ауыз әдебиетінің көрнекті өкілдері ақындар халықпен бірге біте қайнасып жатқандықтан сол заманның ащы шындығын өлеңдеріне негіз етіп алады,яғни тарихи шындықты айтады.Ақын шығармаларынан белгілі бір халықтың рухани есею жолын, тағдыр таразыға түскен небір тарихи тайталастардың мәліметтерін табасыз.Ал әдебиетте бейнеленген бұл мәліметтер белгілі бір дәуірдің мән-мағынасын айқындайтын елеулі тарихи фактілер, шынайы өмір шындығы екендігі мәлім. /2/ Қазақ халқының тарихи жырларын жазып алып жариялау ол туралы азды-көпті ғылыми пікір айту өткен ғасырдың ІІ-жартысынан бері қарай көзге түсе бастағаны мәлім.Алайда бұл жанрға арналған байсалды еңбектер Советтік дәуірде, әсіресе Ұлы Отан соғысынан кейін пайда болды /3/. XVІІІ ғ. қазақ халқының әлеуметтік саяси және философиялық ой жүйесіне ерекше бір шабыт беріп, қозғау салып, хандарымызға елін,жерін түгендетіп, батырларымызға қолына найза ұстатып жауға қоса, жырауларымыздың ойына түрткі салып,замана жайлы сол кездің көкей кесті мәселелерінің шешімін өз шығармашылықтарына арқау еткізген заман болды. Евразиялық кеңістіктегі Қазақ ордасының осы бір кезеңінің тарихи хал-ақуалын жазушы М.Мағауин былай деп сипаттайды: «Түркістан бастаған 25 қаладан айырылу Қазақ Ордасының қанатын қырқып,өрісін тарылтып қана қойған жоқ,оның алдағы замандардағы тіршілік кебін бір жақты мал шаруашлығымен ғана айналысатын көшпенді кепке түсірді. Түркістандағы Әзірет сұлтан дүрбесінен бастап, Сауран, Шымкент, Сайрам, Ташкент, Созақ және басқа қалалардағы мешіттер қоймасында сақталған бай кітапхана ондағы діни-фәлсафалық еңбектер,ескі тарихтар мен шежірелер біз бар деп білменген тағы қаншама мұра өртке кетті, талан-таражға түсті,жойылды.» /4/ Осындай алмағайып заманда қазақ халқының өмір сүруімен жойылып кетудің алдында тұрған неғайбіл шақтарында ұлттық жоғары рухы, көзсіз жанқиярлық ерлігі жайында қаншама аңыздар, өлең-жырлар, талғаулар өмірге келді. Ол туындылар сол кездегі өмір шындығы, жүректердің тебіренсі, халықтың арман тілегі. Біздің жадымызда екі ғасыр бөліп тұрса да, бабалар үні құлағымызда тұрғандай. Ақтабан шұбырынды жылдары қазақ елінің дербестіктен айырылып қалу қауіпі туған кезең еді. Өздеріне соншалық қымбат құндылықтардың күйрей бастауының нышандары айқын көріне бастаған кез. Сондықтан да осындай қауіпті ең алғашқы көрген, сезіне бастаған халықтың ең сезімтал ұлдары-жыраулар, билер, ақындар, осындай күйреудің үрейлі ұшқындарын өздерінің шығармаларында көрсетіп, халықты, билік басындағы хандарды бірлікке шақырды. Олардың негізгі үні- отаншылдық, ерлік, жерін, ата-мекен қорғау т.б. бір кездегі Түрік империясының дәуірлеген кезіндегі рухтың өрлігі бәсеңсіп, ұсақ мүдделердің , билікке таласудың, тайпалық, рулық, және т.б. пиғылдардың белең алғандығы қатаң сыналып, тұтас халықтың бірлігінің мүдделерін алға тарту басым.....
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қоршаған дүниенің біз қабылдаған заттары мен құбылыстары біздің санамыздан ізсіз кетпейді, ми қыртысында бейнелер түрінде сақталады, біз заттар мен құбылыстардың өздері біздің алдымызда жоқ кезінде де оймен оларды қайта жаңғыртамыз. Мысалы, біз Москвада болсақ Кремльді де, Ленин ескерткішін де, Үлкен театрды да және өзіміздің назарымыз ауған көптеген басқа нәрселерді көз алдымызға айқын елестете аламыз. Біз — бұрын қабылдаған, ал қазір оймен қайта жаңғыртып отырған заттар мен құбылыстардың бейнесі елестер деп аталады. Елестер өзінің тууына негіз болған қабылдауларға ұқсас, бірақ әдетте күңгірттеу болады, көбінесе қабылдаудан солғындау келеді, одан толықтығы кемірек болуымен ажыратылады. Біздің көз алдымызға елестеткен зат белгілерінің толық емес, тіпті солғын болуын мына мысалдан көруге болады. Бір мектеп оқушысынан өзі күн сайын мініп жүрген велосипедінің суретін салуды сұрайды. Бала бұл суретті салуда мықтап қиналады, оған себеп болған — сурет сала білмеуі емес, педальдың қалай кондырылғанын, жылжу тетігінің қалай орналасқанын т. с. с. есіне түсіре алмауы еді. Елестерде заттар мен құбылыстардың тек кейбір жақтары ғана бейнеленуі мүмкін; кейде олар үзік-үзік, фраг-менттік сипатта болады. Ақырында елестер тұрақты, бір қалыпты емес. Бірнеше минут бойы өзіңізге жақсы таныс бір нәрсені, мысалы өзіңіз тұрған үйді ойша көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Сіз көп ұзамай-ақ бұл бейненің жоғалып, ойыңыздың басқа жаққа ауып кеткенін байқайсыз. Біздің көбімізде елестер көрсетілген қасиеттерімен ерекшеленеді. Бірақ елестері қабылдауға дәл келетін адамдар да кездеседі. Суретшілер мен жазушылардың елестері айқынырақ келеді. Курстық құмыс тақырыбы: «Адам елесінің айырмашылығы мен дамуы» ....
Кіріспе Жалпымемлекеттік көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады. Бірақ нарықтық қатнастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады. Бюджеттен тыс қорла – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатың және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатнастар болып табылады. Бюджеттен тыс қорлардың пайда болу әлеуметтік - экономикалық дамудың қажеттіліктерінен туындады: қатаң функциялық мақсаттарға жұмсалатын мемлекеттің қаржы ресурстарының бір бөлігін оқшауландыру, мемлекеттік бюджетті оған тән емес шығыстардан жеңілдету, бір жағынан бюджет тапшылығын төмендету қажет болды. 1. Бюджеттен тыс қорлар және олардың ерекшеліктері ....
Қазақстанның сыртқы саясатының негізінде өзінің қауіпсіздігін, егемендігі мен территориялық тұтастығын қамтамасыз ететін, мемлекетіміздің дүниежүзілік қауымдастықка енуіне, республика ішіндегі реформаларды жузеге асыруға, оның тиімді және өсімді экономика, тұрақты демократиялық институттар жасауға, барлық республика халқының құқығы мен бостандықтарын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр. Ол өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери құралдарды емес, парасатты, салмақты дипломатияға сүйене отырып, саяси құралдарды пайдалануды мақсат етіп отыр. Ол халықаралық байланыстарының негізінде таяу және алыс шетелдердің бәрімен өзара тиімді саяси-әлеуметтік, мәдени қатынастарды орнатуға ұмтылуда. Елімізді қазір дүние жүзінің 117 мемлекеті таниды, олардың 105-мен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Шетелдерде 26 елшілік ашылып, біздің елімізде 40 елшілік пен миссия, халықаральқ және ұлттық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Біздің елімізбен дәйекті байланыстарды дамытуға бірталай мемлекеттер ықылас білдіруде. Оған себеп болатын ең алдымен, Қазақстандағы мол қазба байлықтар қоры. Жылына елімізде 1,5 млрд. тоннадан астам пайдалы қазбалар игеріледі. Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан арасындағы қатынастар достық, тату көршілік негізінде құрылғанымен де, екі тарапқа тиімді өзара пайда мүдделері де маңызды болып табылады деп айтсақ қателеспейміз. ....
Зерттеу мақсаты. Қазіргі нарық қатынасына көшіп жатқан кезде өнім, жұмыс және қызмет көрсету сапасы еліміздің әлеуметтік-экономикалық өркендеуінің ең негізгі көрсеткіші. Адамның ұдайы өсіп келе жатқан және біртұтас қоғамның сұранысы сапасыз ешқашанда қанағаттандырылмайды. Сапа экономиканың жетілгенін аңғартатын көрсеткіш. Қандай да бір кәсіпорын өндірген өнімнің сапасы жоғары болған сайын пайдасы да жоғары болады. Өнеркәсісптің тиімді өндірістік-шаруашылық әрекеттілігінің маңызды жинақтаушы көрсеткішіне өндірістің табысы жатады. Жалпы айтқанда, пайда – материалдық өндіріс саласында кәсіпорын қызметкерлерінің қосымша еңбегімен құрылатын таза табыстың бір бөлігі. Жоспарлық пайданың көлемі өнімді кәсіпорынның көтерме бағалары бойынша өткізуден түскен түсім мен өнімнің жоспарлы өзіндік құнының арасындағы айырма ретінде белгіленеді. Егер пайда кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінен абсолюттік әсерді көрсетсе, рентабельділік кәсіпорынға бекітілген өндірістік қорларды қолданудың тиімділік дәрежесін сипаттайды. Іс-әрекеттің тиімділігіне баға берудің критериі ретінде қарастырылатын жалпылама көрсеткіштің болуы кәсіпорынның қаржылық және экономикалық күйінің толық бейнесін құруға мүмкіндік береді. ....
Сағыныш сары перідей Сезімді жаншып, Булығам: Аранға түскен бөрідей Аспанға қарап ұлыған. Көңілім менің ауылда, Көлбеген жазық далада. Көндігіп дүлей дауылға, Көндікпей қойдым қалаға......
Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден – бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті. Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі. Ақша төлем құралы тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін. Егер тауар мен ақшаның қарама – қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады. Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен қатар қаржы – несие қатынастарына да қызмет етеді. Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма – қол тұтыну заттары жәнне қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етілседі. Егер «нағыз» ақшалар айналыста өзінің меншікті құнының арқасында жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс процесінде нарықтық құнға ие ....
Қазақстан экономикасының басқарудың және шаруашылық жүргізудің нарықтық механизміне өтуіне байланысты соңғы жылдары кәсіпорындардың бірнеше ұйымдастырушылық-құқықтық формалары пайда болды. Олардың ішінде негізгілердің бірі болып табылатын акционерлік қоғам (АҚ). Нарықтық экономика жағдайында басты мақсат ретінде АҚ бастарудың тиімді жүйесін алу және кәсіпкерліктің осы перспективалық құқықтық формасының басымдылығын іске асыру. АҚ ұйымдастыру және басқару іскерлігін қамтамасыз ететін құжаттардың негізгілердің бірі – Қазақстан Республикасының «АҚ туралы» заңы. Қазақстан экономикасының өтпелі кезеңінде «АҚ туралың заңының тиімсіз болуы, ал кейбір жағдайда АҚ-ның осы заңды орындалмауына әкеп соқтырады. Осыған байланысты заңның кейбір бөлімдеріне өзгертулер мен толықтырулар еңгізіп, АҚ басқару және іскерлік формасына ең тиімді жайдайлар туғызу. Қандай да ұйым жұмысындағы жетістік, ол мемлекеттік құрылудағы немесе өндірістік кәсіпорын болсын, басқарудың оптимальды құрлымын қамтамасыз ету жағдайында жүзеге асуы мүмкін. Басқарудың оптимальды құрлымын құру үшін ең алдымен, басқару органның жұмысшыларының тәжірибесі мен біліктілігі керек. АҚ басқарудың тиімді жүйесін құрудағы тағы бір қиыншылығы, ол «бір ғана қожайынғаң мойынсынатын қазақстандық менталитеттің ерекшелігі. Нарық тек менталитеттің өзгеруге әкеліп қоймай, сонымен қатар АҚ басқаруы да жаңа функциялардың пайда болуы мен фирманы басқарудың ұйымдастырушылық жүйенің өзгеруіне әкелді....
Көпшілік өндірісте және халық қажеттілігінде нан өнімдері маңызды роль атқарады. Көпшілік өндіріс - өндірістік процестің күнделікті қайталануын және оның үздіксіз жаңартылуын көрсетеді.Өндірістік процесс бұл – бүтіндей алғанда бәрінен бұрын көпшілік өнім өндірісі және біріккен өнім, бөлінген өнім, қажеттілік және айырбас болып табылады, осы процестер бір – бірімен тығыз байланысты. Тауарлық бидайды сатып алу – қажеттілік сферасының бастапқы сатысы.Бидай өзінің натуралдық түрінде дайын өнім болып саналмайды.Ол спирт суларын жасауда, крахмал, консервы өндірістерінде шикізат болып есептеледі. ....
Болашақ инвестициялық жобаның бизнес идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес-идеянысын іске асыра ала ма деген сауал туындайды. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек. Жобаның көптүрлілігіне қарамастан, оларды талдау әдетте кейбір жалпы сызбаға сәйкес келеді, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институционалдық орындалуын бағалайтын арнайы бөлімшелерден тұрады. Стратегиялық инвестордың көзқарасы бойынша, дұрыс жоба тәуекелді талдаумен аяқталуы керек. Жоба бастапқы қалпымен қабылданбауы қажет. Сонымен қатар жобаның түрі, мысалы, оның техникалық орындалмауы жағынан өзгеруі мүмкін және жаңартылған жобаны талдау басынан басталуы керек. Менің бақылау жұмысымның басты мақсаты – жобалық талдаудың концептуалды негіздерін ғылыми теориялық тұрғыдан зерделеу. Осыдан келіп, бақылау жұмысының негізгі міндеттері туындайды: - Жобалық талдауды маркетингтік тұрғыдан қарастыру; - Жобалық талдаудың техникалық қырларын анықтау; - Жобаның қаржылық талдауын және экономикалык талдауын айқындау; - Жобаның институцноналдық талдау жолдарын көрсету - Жобаны тәуекелді талдау арқылы сараптау. Бақылау жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады. Тақырыптың өзектілігі. Біріншіден, инвестициялық қызмет мәселелері әрқашан және бизнес үшін және мемлекет үшін де маңызды болмақ. ұзақ мерзімді даму қызметі туралы кез келген артық қорлар мен назарында болуы әрқашан инвестициялар талап етеді. Бұл банктер басқа ұйымдарға қарағанда, жоғары инвестициялық әлеуетке ие болып, бұл коммерциялық банктердің қазіргі заманғы қызметінің әсіресе болып табылады. Өз қызметінің сипатына байланысты Банктер оларға, атап айтқанда, нақты өнеркәсіп секторындағы инвестицияларды белсенді инвестициялық қызметті жүргізу үшін мүмкіндік елеулі қаражат, ұстап тұрыңыз. Бұл банктердің жағдайы мен мемлекеттің банк жүйесін нығайтуға ғана емес, өте маңызды болып табылады, бірақ тұтастай алғанда экономика мен қоғамның барлық мемлекет үшін маңызды болып табылады. Екіншіден, Қазақстан қазіргі уақытта қызметін инвестициялайды жеткілікті дамыған жоқ көрінеді. Бұл инвестицияларды тарту үшін отандық экономиканың әлемде бірінші орынды емес екендігін арқылы растады, атап айтқанда болып табылады. Тұтастай алғанда және әрбір ұйымның ішінде осы қызметті дамыту маңызды болып табылады, сондықтан, болып табылады.....
Кіріспе. Менің ойымша «Жалпы жертану – біртұтас жүйе болып табылатын географиялық қабықша туралы теория , материяның дамуы туралы географиялық және басқа ақпараттардың негізі . Сондықтан « Жалпы жертанудың»теориялық тұжырымдары салалық географиялық талдаудың методологиялық негізі болып табылады . Болашақ мамандардың географиялық дүние- танымына негіз қалайды . «Жалпы жертану» пәніндегі географиялық дүние таным біртұтастығымен сиппатталады: табиғи құбылыстар мен процестер бір –бірімен ғана емес қоршаған ортамен де тығыз жүйелік байланыста қарастырылады . «Жалпы жертану» глобальды экологияның теориялық базасы болып табылады , өйткені тірі организімдер мен адам баласы өмір сүріп отырған ортаның экология- лық қауіпсіздігін қамтамсыз ету мақсатында географиялық қабықшаның қазіргі күйін , оның болашақта өзгеру бағытын анықтауға ат салысады . Глобальды өзгерістерлі зерттеудегі негізгі мақсат : Жер системасының дамуына әсер ететін физикалық , химиялық және биологиялық процестердің қарым- қатынасын анықтау , оған ғылыми тұрғыдан баға беру .....
Қазақстан Республикасының салық жүйесінде жанама салықтың бір түрі ретінде акциздердің маңызды фискальды мәні анықталған. Акциздер алғаш рет Ежелгі Римде пайда болған, ал Қазақстанда 1992 жылдан бастап енгізілген. Қазіргі уақытта акциздерге жалпы салық саясатының құрамдас бөлігі ретінде үлкен көңіл аударылуда. Қазақстан Республикасында акциздік төлемдер бюджеттің едәуір қаржы түсімдерін құрайды. Акциздер бойынша түсімдер акциздік тауарлар өндірісінің көлеміне тікелей тәуелді. Үкімет акциздік ставкалар мен салым салынатын айналымдар тізімін тәртіптік түрде реттейді. Жалпы салық мемлекеттік кірістерді құрудың бір көзі. Оның қажет екенін саяси экономикалық классиктері мен олардың ізбасарлары (А.Смит, Д. Рикардо, Н.Озеров, Р. Лемиман және т.б. ) дәлелдеді. «Салықтар – мемлекеттік қызметі үшін төлемдер» теориясына сәйкес олар мемлекеттік саяси, экономикалық қызметіндегі шығындардың орнын толтыру деп қаралды.,....
Тұқым сақталатын тас қойманың алдында ала қыстай көк ВИМ селкілдейді де тұрады. Бес-алты әйел ертеден кешке дейін көктемде себілетін тұқымдық астықты тазалайды. Жұмысы ауыр да емес, жеңіл де емес. Трактор шанамен басқа қоймадан әкелінген қызылды екі әйел ВИМ-ге бір шетінен шелектеп құйып тұрады да, екінші жақтан сұрыпталып шыққан таза тұқымды қалған үшеуі қаптап ішке апарып төгеді. Әбден шегедей болып кепкен тұқымнан шикіл дәннің иісі, ал бұрқылдап ұшқан ескірген шаңнан тышқанның иісі аңқиды. Әйелдер бет-ауыздарын тұмшалап орап алған. Бірақ сонда да орамалдарын шешкенде шаңнан көздері ғана жылтырап, сөйлеп, күлгендерінде аппақ тістері ғана жарқырайды. Кірпіктерінде кіреукелеп шаң қырауы тұрады.
Осы әйелдердің ортасында еркек кіндіктен жаман Жанбай ғана жүреді. Ол — қоймашы, жасы қырықтар шамасында, қалың сырмалы күпәйке-шалбар киіп жүретін тайпақ адам. Қолында бір уыс кілті бар — колхоздағы қойма атаулының кілттері. Қалтасына сыймайды да, үнемі қолына ұстап жүреді. Осы кілттер үшін әйелдерден көрмейтін қорлығы да жоқ. Өзі де тиыш жүрмейді, осы ауылға күйеу болып келеді де, әлгі келіншектердің бәрімен жездемсіп ойнап, қылжақтап тиісіп алады. Тілімен шағып, мықындарына қол жүгіртіп түртпектеп жүргені. Жаман Жанбай атануы да сол мінезінен. Сонысына қарай әйелдердің де кейде бұған бас салып жабылып істемейтіндері жоқ. Қойманың ішіне кіргізіп, сырт киімдерін сыпырып ап, өзін байлап бидайға көміп тастайды, болмаса қолындағы кілттерін тартып aп, тамаққа барарларында мұны ішке қамап кетеді. Я, кілттерін тығып қойып зар қақсатады. Әйтеуір өздерімен-өздері, ойын-күлкілері басылмайтын топ. Тұқым да тазаланады, әзіл-оспақ та толастамайды. Таңның атуы, күннің батуы — күндегі тірліктері сол... .....
Елдің ашық нарық экономикасына өту кезінде ішкі және сыртқы нарықта тұтынушы үшін күрес нағыз бәсекеге қабілетті тауарларды жасау мен өндіруді талап етеді. Себебі фирмалардың табысқа жетуі фирма өндіретін тауардың бәсекеге қабілеттігіне тәуелді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауында айтқандай, біз әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруіміз керек деген./1,1б/. Қазіргі жағдайда коммерциялық фирма өнімінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің шешуші факторларының бірі – сапаны көтеруге бағдарлау болып табылады. Тек қана тауардың (қызметтің) жоғарғы деңгейлі сапалы түрі ғана нарыққа шығарылады және өнімнің сапасын басқаруға, қамтамасыздандыру сауалдарына көп зейін аударатын фирмалар мен мекемелер ғана тіршілік етуге және табыс алуға мүмкіндігі бар. Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, осыған жету тек парасатты басқару процесінің негізінде мүмкін. Сондықтан, бәсекелестік күрестің әліппесін танып жатқан отандық кәсіпорындар үшін сапаны тиімді басқару мәселесі көкейтесті мәселеге айналуда. Нарықтың дамуы мен оның тауарларға деген талаптардың өсуі, ондағы сатып алушылар рөлінің күшеюі, ғылыми-техникалық себептер шарттарының рөлінің өсуі – осының бәрі кәсіпорындардың сапа мен бәсекеге қабілеттілігін, сапаны басқару механизімінің мәселесін шешу әдістері мен түрлерін жетілдіруді талап етеді. ....
Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада тарихта болған дейді. Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің өзінде бір азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адам-гершіліктің де иесі болады деп жазды. Кейінірек бұл мәселеге елеулі үлес қосқандар: Т.Гоббс, Ш.Мон-тескье, Ж.Ж.Руссо, Т.Пейн және тағы басқа. Дегенмен, азаматтық қоғам тұғырнамасын жасауда ерекше еңбек еткен немістің атақты фәлса-фашысы –Гегель. Оның ойынша, азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз нарықтық экономиканы, әлеуметтік топтарды, таптарды, корпорация-ларды, институттарды қамтиды. Олардың мақсаты қоғамның өмір-шеңдігін және азаматтық құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуде. Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени –рухани қоғамдық қатынастар-дың жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтама-сыз етуге зор мүмкіндік жасайды. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне аралауына шек қойылады. Ал олардың атқаратын міндеттерін азаматтар өз еркімен оларға берген және орындалуын өздері....
Белдеудегі бесіктей ырғалған вагонның нар төсегі мен тарсылдаған темір доңғалағы бір жақтан, өткен жылы жолыққан Арқа аруы Ақтілекке деген алаң көңіл екінші жақтан мазасын алды.
Түстіктен ащы ішектей шұбатыла шығып, Алматыға асыққан поезға әнші кеше кешігіп қала жаздаған. Апта бойы алақанында қондырған түстік өңір азаматтары да поез орнынан енді қозғалып бара жатқанда мінгізіп жіберді.
Қоңыр былғары қапты домбырасы мен көк сөмкесін көтеріп, купеге кіргенде еңгезердей қара шал мен қара көзі күлген қара торы бойжеткен бұны үнсіз қарсы алды. Шал бәкене бойлы бұған біртүрлі менсініңкіремей, одырая қарап қойды. Бұл да бірақ сыр берген жоқ. Астыдағы екі орынды да бұрын кіріп жайлап алған жандарға сыпайы ғана сәлемдесіп, сөмкесін жоғарыға қойып, домбырасын үстідегі бос орынға ұзынынан тастады. .....
Тақырыптың өзектілігі. Қазақтың күрес өнері ежелден дене тәрбиесі ретінде қызмет етіп келеді. Ол негізінен , қазақ жауынгерлерін жаттықтыру , сондай-ақ жастарды қуатты , күшті айлалы етіп дайындауға жекпе –жекте жеңе білуге тәрбиелейді. Ұлтты өзге жұрттан ерекшелендіріп тұратын күш-олардың тарих толқынында жүріп өткен жолындағы салт-дәстүрі , мәдениеті мен өнері, тілі саналады. Қазақ халқы тәуелсіздік алған күннен бастап отаршылдық кесірінен жоғалған, еріксіз өзгертілген ұлттық құндылықтарын қайтадан қалпына келтіру, дамыту жолында үлкен жұмыстар атқарылуда. Ұлттық құндылықтарымыздың бірі-қазақтың палуандық өнері. Қaзaқ күрeстiң oсы ұлттық спoрттaн мaмaндaр дaйындaудaғы oқу құрaлы рeтiндe қaлыптaсу кeзeңдeрiн, жaттығу үдeрiсiнiң әдiснaмaсын жeтiлдiрудi, жaрыстaрды өткiзу eрeжeлeрi мeн 20-ғaсырдa хaлықaрaлық спoрт түрiнe дeйiн дaмуын зeрттeу, қaзaқ күрeстiң спoрттық күрeстiң бaсқa зaмaнaуи түрлeрiнeн дaму тaрихындaғы, жeңiскe жeтудiң қoлдaнбaлы құрaлдaрдың тeхникaсы мeн әдiстeрiндeгi, бaлуaндaрды дaйындaу әдiснaмaсындaғы жәнe aйнaлысушылaрғa тигiзeтiн әсeрiнiң тиiмдiлiгiндeгi aйырмaшылықтaрын aнықтaу қaзaқ ұлттық күрeсiн ұтымды тaнытып, қaзaқ күрeсi бoйыншa oқу мaтeриaлдaрын жeтiлдiругe жәнe қaзaқ күрeстi oқушы жaстaрдың дeнe тәрбиeсiндe пaйдaлaну қaжeттiлiгiн нeгiздeугe мүмкiндiк бeрeдi. Зерттеу мақсаты: Қазақ күресіндегі әдіс-тәсілдерді жан-жақты қарастыра отырып, жасөспірім спортшылардың табысқа жету жолдарын зерттеу....
Кіріспе Диплом жұмысының өзектілігі. Еліміз өз алдына отау тігіп, дербес те тәуелсіз мемелекет болғалы бері мемелекеттік тілде оқуға, оны жан-жақты зерттеуге айрықша көңіл бөлінуде. Соның бір айғағы-бастауыш мектеп оқулықтарының мәтіндерін лингвостатстикалық тұрғыдан зерттеу. Лингвостатистикалық тұрғыдан зерттеу өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастау алады. Оның Қазақстанда және бүкіл түркі тілдес елдер әлемінде іргетасын қалаушы филология ғылымдарының докторы, профессор Бектаев Қалдыбайұлы. Содан бері тіл білімінің бұл саласы жекелеген авторлардың, публистиканың, ғылыми шығармалардың тілдерін зерттеп келді. Соңғы жылдары оқулық мәтіндерін зерттеуге мойын бұрды. Мұның себебі оқулық мәтіндерінде қанша аз қолданылғандығын оның қаншасы түбір, қаншасы қосымшалы түрде кездескендігін, ал қосымшалардың жалғау, жұрнақ түрінде сөзге жалғану аясы қаншалықты екендігін дәл білу керектігінде. Осыларды толық біліп алмай қалай беру керектігін, оларды мәтінде қалай пайдалану қажетілігін білу мүмкін емес. Сондықтан диплом жұмысы бұрын-соңды қолға алынбаған ең өзекті мәселеге арналып отыр. Диплом жұмысының мақсаты - лингвостатистикалық зерттеу арқылы бастауыш мектеп оқулықтары мәтіндерінде қанша сөз қолданылғандығын анықтау. Диплом жұмысының міндеті - лингвостатистикалық зерттеу нәтижесінде оқулық мәтіндерін әрбір пән бойынша анықтау. - Әрбір пәндерде қолданылған сөздердің лексика граматикалық тобын айқындау; - Оқулықтар мәтіндеріндегі жиі және сирек қолданылатын сөздерді нақтылау. Диплом жұмысының нәтижелерін теориялық тұрғыдан.....
Оқытудың жаңа технологияларын бастауыш мектепте қолдану Бүгінгі таңда адамның қоғамдағы орны, оның әлеуметтік және рухани көзқарасы жаңа талаптарға сай жеке тұлғаны қоғамға жаңаша даярлауда, оның жалпы білімдік және кәсіпке даярлығын дұрыс жолға қоя білуінде. Осыған орай білім берудің тұтас жүйесін құру негізгі мәселелердің бірі болып, үздіксіз тәлім тәрбиеден, яғни от басынан бастап, қоғам саранысын өтей алатын жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Ал оқушылардың бойындағы білім негіздері бастауыш мектептен бастау алатыны түсінікті. Соңғы жылдарда білім беру туралы, әсіресе, үздіксіз білім беру туралы көбірек сөз қозғалып жүр. Сондықтан мәселені бұл тұрғыдан алғанда, бастауыш мектепте сапалы білім беру шешуші рөлдердің бірін атқаратыны даусыз. Бастауыш мектепте оқитын балалардың жасы төмен болғанына қарап, оларға білім беру де жеңіл болады деген түсініктен аулақ болу керек. Қазақ тілін оқу-білу не үшін қажет? Себебі қазақ тілі — қазақ реслубликасының мемлекеттік тілі, ол онеркәсіп пен техниканың, ғылым мен мәдениеттің және қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласын қамтып көрсететін бай лексикасымен, қалыптасқан жазу жүйесімен және әр түрлі стильдік тармақтарымен (қөркем сөз стилі, ғылыми стиль, публицистиқалық стиль және т.б.) сипатталады. ....
Кіріспе. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы қүрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады. Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған , қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады: жарғылық капитал, резервтік капитал және бөлінбеген пайда.Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық кұжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек.....
Араб тілінде тәрбие сөзінің үш түрлі түбірін кездестірге болады. 1. Раба- ярбу; көбейту, арттыру мағынасына келеді. Құранда Рум сүресі 39- аятында осы мағынада қолданылған. 2. Раба- ярби; пайда болу, бала өсіру, асырау, тәрбиелеу деген мағыналарға келеді. 3. Раба- яруббу; реттеу, арылту, басқару, жауапкершілікке алу, тәрбиелеу деген мағыналарға келеді. «Раб» сөзі тәрбиелеуші реттеуші, нығмет беруші деген мағынадағы Аллаһ тағаланың есімдерінің бірі. Бұл сөз Құранда 965 рет айтылады. Құранда ең көп айтылатын «Аллаһ» сөзі 2799 рет айтылса, екінші орында «раб» сөзі тұрады. «Раб» сөзі негізінде тәрбие сөзінің түбірі болса да, тәрбиеші сөзінің орнына қолданылады. Сондықтан да Құрандағы мағынасы осыны меңзейді. Негізгі мағынада қолданар болсақ, бүкіл әлемді тәрбиелеуші Аллаһ екендігі анық көрінеді. Яғни алғашқы әрі соңғы жаратушы, барша әлемді жоқтан бар еткен, Аллаһ тағала үшін қолданылады. Тәрбиенің білушінің білмейтінге үйретуі десек те болады. Тәрбие, алдыңғы буын өкілдерінің кейінгі буын өкілдеріне ілім-білімдерін үйретуі деп айтқандар да бар. Тәрбиеден мақсат жаман мінез-құлықтан жақсы мінез-құлыққа, адамзатқа пайдалы өнеге болатын үлгілі адам тәрбиелеу. Тәрбие сөзі тілімізде ахлақи іс-әрекет мағынасында да қолданылады. Мысалға жақсы менезді адам үшін «тәрбиелі», жаман мінезді адам үшін «тәрбиесіз» деп қолданылады. Тәрбие сөзінің «әдеп» сөзімен байланыстылығы да бар. Әдепті адам деген кезде тәрбиелі адам, әдепсіз адам деген кезде тәрбиесіз адам ойға келеді.....
Атлант мұхитын ежелгі гректер Африканың солтүстік батысындағы Атлас (Атлант) тауына байланысты атаған. Мұхит солтүстіктен оңтүстікке қарай 15 мың км шамасында. Мұхиттың теңіздермен қоса есептегендегі жалпы аумағы 91,6 млн. км², орташа тереңдігі 3597м., суының көлемі 329,7 млн. км³. Жұмыстың мақсаты – Атлант мұхитына жалпы сипаттама бере отырып, мұхиттың зертелу тарихына, рельеф және геологиялық құрылымына, климаты мен гидологиялық режимі органикалық дүнтесі, мұхитта жүргізідген шаруашылық әрекет түрлерімен танысу. Жұмыстың міндеті – Атлант мұхитының физикалық – географиялық жағдайын сипаттап, қазіргі таңдағы соңғы ғылыми ашылулар, жаңалықтар мен өзгерістерді толық қарастыру. Жұмыстың өзектілігі – Атлант мұхиты адамзат өмірінде ерекше маңызды орын алып отырғандықтан оны шаруашылыққа пайдалану мұхиттың жалпы климаты, гидрологиялық режимі, органикалық дүниесіне әсерін анықтап, оны шешу жолдарын көрсету. Жұмысты орындау барысында Б.Хейзен, М.Тарп, М. Юинг « Дно Атлантического океана » оқулығы мұхиттың рельефі мен геологиялық тарихын сиапттауда мәліметтің басты көзі болып табылады. Мұхиттың физикалық – географиялық жағдайы, климаты мен
гидрологиялық режимі жайлы мәліметтер А.В.Рябчиковтың « Физическая география материков и океанов » әдебиетінен негізге алынды. ....
Баяғыда Серікбай деген байдың Ақбай деген жалғыз баласы болыпты. Ақбай ат аяғы жерге жетер елді аралап, өзіне лайықты сұлу қыз іздеп, таба алмапты. Сөйтіп жүргенде бір елде отыз күн ойын, қырық күн тойын берген бір байдың қызының тойы болыпты. Ақбай қасына қырық жігіт ертіп, он бес күн жол жүріп, сол той болып жатқан елге келіпті. Бұл тойда қасында қырық қызы бар, Бибісара деген бір байдың қызы да қырық ақ отау тіктіріп, салтанат құрып жатыр екен. Алыстан келген қонақ деп, Ақбайларды да осы қырық қыздың отауына түсіріпті.......
Бүгінгі нарықтық экномика заманында кәсіпкерліктің рөлі күннен-күнге артуда. Мұны өзі Қазақстанның тек алға қадам басып жатқанының дәлелі. Яғни кәсіпкерліктің дамуымен қатар, ондағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың маңызы артып отыр. Кәсіпорынның негізгі көрсеткіші ақша қаражаты, сондықтан да кассалық операциялардың дұрыс орындалуы ақша қаражатын реттеудің негізгі көрсеткіші. Халықаралық қаржылық есеп стандартының №7 “Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп” бойынша ақша қаражаты деп кәсіпорынның кассадағы және ағымдағы шотындағы ақшаны айтады. Қолма – қол ақшаларды қабылдау, сақтау және жұмсау үшін шаруашылық субъектісінде касса болады. Касса – бұл қолма – қол ақшалар мен өзге құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған, оқшауланған үй жай. Касса операцияларын орындау кассирге жүктеледі. Ол материалды жауапты адам болып табылады да, ережелерді мүлтіксіз орындауға міндетті болады. Жазылған курстық жұмыстың өзектілігі бүгінгі таңда кассалық операцияларды дұрыс орындау және есепке алу әрбір кәсіпорынның міндеттілігімен түсіндіріледі. Курстық жұмыстың негізгі мақсаты кәсіпорындағы кассалық операциялардың орындалу тәртібі мен есебі, сондай-ақ құжаттардың дұрыс рәсімделуін көрсету. Алға қойған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қаралды: - кассалық операциялардың маңызы мен міндеттерін қарастыру; - бақылау-касса машиналарын қолдану ережелері айту; - құжаттардың маңызы және оларды тіркеу принциптерін көрсету; - касса операциялары есебін талдау; - касса құжаттарын дайындауда 1С:Бухгалтерия бағдарламасының мүмкіндіктерін нақты мысалдармен жеткізу. Курстық жұмыс құрылымы бойынша кіріспеден, 3 бөлімнен, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады Кіріспеде курстың жұмыстың өзектілігі, мақсаты, алға қойған міндеттері қарастырылады. Бірінші бөлімде кәсіпорындар мен ұйымдардың кассалық операцияларының теориялық негіздері қарастырылған. Екінші бөлімде касса операциялары бойынша есеп айырысу және құжаттарды рәсімдеу жолдары көрсетілген. Үшінші бөлімде касса құжаттарын дайындауда 1С:Бухгалтерия бағдарламасының мүмкіндіктерін нақты мысалдармен айтылған ....
Кіріспе Еңбек адам өміріне қажетті материалдық және рухани игіліктерді жасаудағы адамның белгілі бір мақсаттағы іс әрекетін білдіреді. Табиғат адамдардың осы игіліктерді қажетсінуін қамтамасыз ететін негізгі материалды берсе, ал оның өзі еңбек процесі арқылы, еңбек құралдарын пайдалану нәтижесінде материалдық игіліктерге айналады. Нақты еңбек іс әрекетінде адамның табиғатпен қарым- қатынасы, адам күшінің табиғат күшінен үстемдігі көрінеді. Хайуанаттар табиғатқа тек қажеттілікпен ғана әрекет етіп, оған түйсік ықпалымен өзгерістер енгізеді. Ал еңбек процесінде тек сыртқы табиғат өзгеріп қоймайды, сонымен бірге білім, тәжірибе жинақталады, адамдардың біліктілігі артады, адамның өзі өзгереді. Еңбек мақсатқа сәйкестікпен, іс- әрекеттің ұғынылуымен сипатталады, ол қашанда белгілі бір нәтижеге жетуге бағытталып, бұл нәтиженің бейнесі адамның басындағы ойға алған мақсаты ретінде алдын- ала қалыптасады. Еңбек дегеніміз шығармашылық процесс, яғни еңбек өзінің даму жолында адамдардың қабілетін дамытады. Сонда ғана еңбектің мәні, оның адамдық негізі ашылады. Еңбекті түсіну үшін оның обьективті және субьективті жақтарын білуіміз керек. Обьективті жағынан,еңбек шынвнда да материалды және рухани игіліктерді тудыратын, тудырып отырған және тудыра беретін процесс. Бұл жағынан алғанда ол адамдардың өмір сүруі үшін жаратылған, олардың мәңгі серігі. Ал екінші субьективті жағынан, еңбек қоғамдық қатынастар арқылы қалыптасқан шын мәніндегі адамдардың « мәнді күштерінің» көрінуі. Яғни еңбек арқылы адамдардың қабілеттігі, дарыны, біліктілігі, бір сөзбен айтқанда- шығармашылығына жол ашылады.....
ЖОСПАР КіріспеI. Қазақстан Республикасының қазіргі уақытта білім берудің ұлттық үлгісі.....................................................................................1.1. Жаңа технологиямен оқытудың педагогикалық-психологиялық аспектілері...............................
Кіріспе Тақырыптың өзектілігі Қай тілде болмасын болымдылық мағына және оған керісінше айтылатын болымсыздық мағына барлық сөз табына тән ортақ грамматикалық категория. Тілде кез келген сөздер әрі болымды, әрі болымсыз мағынада қолданылады, яғни болымды мағынада айтылса, міндетті түрде оның болымсыз мағынасы бар деп есептелінеді. Есім сөздерде болымсыздықты білдіретін белгілі бір грамматикалық көрсеткіштер жоқ. Олардың болымсыздық формасы емес, жоқ көмекшілерінің тіркесуі арқылы ғана беріледі. Мысалы, ағаш – ағаш емес, ақ – ақ емес, екеу – екеу емес, мен – мен емес. Етістіктің болымсыздықты білдіретін арнайы грамматикалық көрсеткіші бар. Бірақ солай бола тұра болымсыз мағынаның эмоционалды-экспрессивтік те сипаты, оның берілу жолдары да ерекше көңіл бөлетін тілдік құбылыс. Сондықтан бұл мәселе жан-жақты қарастырылуы қажет. Жұмыстың мақсаты: Етістіктің болымсыз мағынасының эмоционалды-экспрессивтік мәнінің қазақ тілінде берілу жүйесін анықтау. Жұмыстың міндеттері: – етістіктің болымсыз мағынасы және оның берілу жолдарымен танысу; – эмоция, экспрессия ұғымына түсінік беру; – көркем шығарма тіліндегі болымсыз мағынаның экспрессивтілігін білдіретін тәсілдерді анықтау және оларды топтастырып, түрлеріне жеке-жеке тоқталу.....
Қағаздан қиып, желімдеп, қандай ғажап ойыншықтар жасап алуға болады десеңші! Бірде қиып, желімдеп ойыншық қорған жасалынды; оның үлкендігі сондай бір өзі бүкіл үстелдің үстін алып кетті; сонан соң оны құдды қызыл кірпіштен жасалғандай етіп бояп қойды. Қорғанның әдемі мыс шатыры, мұнарасы мен ашылмалы көпірі болды, ордың ішіндегі суы айнадай жалтырады, ол араға өзі де айнала шыны қойылған болатын. Ең биіктегі қарауыл мұнарасында қолында кернейі бар күзетші қойылды, ол кернейді......