Дипломдық жұмыс: Қаржы | Салық түсімдеріндегі ҚҚС ның салық жүйесіндегі ролі мен атқаратын қызметі

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Салық түсімдеріндегі ҚҚС ның салық жүйесіндегі ролі мен атқаратын қызметі казакша Дипломдық жұмыс: Қаржы | Салық түсімдеріндегі ҚҚС ның салық жүйесіндегі ролі мен атқаратын қызметі на казахском языке

Мазмұны

Кіріспе 4


Тарау 1: Акциздер: экономикалық мәні және
салық жүйесіндегі ролі 8
1.1 Акциз және оның экономикалық мазмұны 8
1.2 Шет елдік тәжірибедегі акциздік салым салу 26
1.3 ҚР-ның салық жүйесіндегі акциздік
салым салу механизмі 28

Тарау 2: ҚҚС-ның салық жүйесіндегі ролі мен атқаратын
қызметі 36
2.1 Салық салынатын айналым мен салық
салынатын импортты анықтау 36
2.2 ҚҚС бойынша бюджетпен өзара қатынас
және нөлдік ставка бойынша салық салу
айналымдары мен ҚҚС салық ставкалары 50
2.3 ҚҚС салық жөніндегі әкімшілік ережелер
және шот-фактуралар 60

Тарау 3: ОҚО бойынша салық түсімдеріндегі ҚҚС-
мен акциздің алатын орны 70
3.1 ҚҚС бойынша есепке жатқызу 70
3.2 Салықты есептеу және төлеу тәртібі 73
3.3 Республикалық бюджетпен ОҚО
бюджетіндегі ҚҚС мен акциздердің ролі 76

Қорытынды 93

Қолданылған әдебиеттер 96

Қазақстан Республикасының салық жүйесінде жанама салықтың бір түрі ретінде акциздердің маңызды фискальды мәні анықталған. Акциздер алғаш рет Ежелгі Римде пайда болған, ал Қазақстанда 1992 жылдан бастап енгізілген. Қазіргі уақытта акциздерге жалпы салық саясатының құрамдас бөлігі ретінде үлкен көңіл аударылуда. Қазақстан Республикасында акциздік төлемдер бюджеттің едәуір қаржы түсімдерін құрайды. Акциздер бойынша түсімдер акциздік тауарлар өндірісінің көлеміне тікелей тәуелді. Үкімет акциздік ставкалар мен салым салынатын айналымдар тізімін тәртіптік түрде реттейді. Жалпы салық мемлекеттік кірістерді құрудың бір көзі. Оның қажет екенін саяси экономикалық классиктері мен олардың ізбасарлары (А.Смит, Д. Рикардо, Н.Озеров, Р. Лемиман және т.б. ) дәлелдеді. «Салықтар – мемлекеттік қызметі үшін төлемдер» теориясына сәйкес олар мемлекеттік саяси, экономикалық қызметіндегі шығындардың орнын толтыру деп қаралды.,
Екі еселік акциздік салым салуды болдыртпау мақсатында есептік кезеңде өндірілген дайын өнім бойынша есептелген акциздер сомасын әзірлеу үшін, алынған шикізат өнімдері бойынша төленген акциздер сомасына қысқарту қарастырылған. Акциздік өнімдердің жеке түрлері бойынша акциздік жиын белгісімен тауарды белгілеу қолға алынған. Акциздік маркалардың құны бюджетке төленетін соманы анықтау барысында акциздің жалпы сомасынан шегеріледі. Акцизді» міндеті - акциздік марканы жүргізу, ең алдымен жасырын өткізілетін тауарлар ағынын және жасырын өндірісті ауыздықтауға бағытталған. Акциз - өнімнен алынатын жанама салық болып табылады, әрі тауардың бағасына қосылады. Акциздің салық ставкасы 20(%) пайызды көрсетеді. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және ҚР–ның аумағында импортталатын тізбесін Қазақстан Үкіметі бекіткен тауарларға, сондай-ақ ойын бизнесіне акциз салынады. Тауар өндіруші тауарлардың экспортқа шығарылуын растаған жағдайда экспортқа шығарылған акцизделетін тауарларға акциз салынбайды. ҚР қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген жағдайлар бұған кірмейді. Тауар өндіруші тауарлардың экспортын растау ретінде кеден декларациясын, сондай-ақ тауармен бірге жіберілген құжаттàрды табыс етеді.
Сонымен, акциздер ҚР салық жүйесінде маңызды орын белгілеген. Дегенмен, мемлекет салық төлеушілер және мемлекет мүдделерінің келісіміне негізделген, дұрыс акциздік ставканы орнату саясатын іске асыру қажет. Олар Отандық өнім өндірушілерді арам ниетті бәсекелестіктен қорғау механизмінің бөлігі және Қазақстандық тауарлардың ішкі нарықта бәсекелестік мүмкіндігін жоғары, құралу қызметін орындайды.
Жанама салықтардың ішіндегі ең маңыздысы 1992 жылы енгізілген қосылған құнға салынатын салық - ҚҚС болып табылады. Салық төлеуші мемлекетке оны төлеу нәтижесінде шеккен шығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады және салықты төлеуді сатып алушыға аударады. Салық салу объектісі материалдық шығындарсыз өндірілген өнім (амортизациясы бар таза өнім) болып саналатын, қосылған құн болып табылады: қосылған өнімге кешенді шығыстар, мысалы, жарнамаға жұмсалатын және басқа бірқатар шығындар қамтылуы мүмкін. Қосылған құнға салынатын салық дегеніміз - тауар өндіру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету мен олардың айналысы процесінде қосылған құн өсімінің бір бөлігінің бюджетке аударылымы, сондай-ақ ҚР аумағында тауар импорттау кезінде жасалатын аударымды айтады. Демек, бұл салықтың ерекшелігі - оның салық салынатын объектісі сатудан түскен бүкіл түсім – ақша емес, тек салық салынатын айналым мен салық салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып табылатындығында. ҚҚС дүние жүзінің 40-тан астам елдерінде, соның ішінде Еуропа экономикалық одағының 17 елінде пайдаланылады. Бұл салықтың мақсаты мынада:
біріншіден, ол жаңа құн жасалынған орын бойынша салық төлеушілердің үлкен тобынан алынады;
екіншіден, төлеушілер үшін де есептердің салыстырмалы қарапайымдылығымен ерекшеленеді;
үшіншіден, бағалардың өзгеруіне, төлеушінің қаржылық ахуалына, инфляция деңгейіне қарамастан мемлекет бюджетінің кірістерін қалыптастырудың сенімді және тұрақты базасын қамтамасыз етеді.
ҚҚС қазіргі кезде ҚР бюджет кірістерінің аса маңызды көздерінің бірі болып саналады. 2004 жылы мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы сомасында бұл төлемнің үлес салмағы 21,8 % құрды. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті ҚҚС сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін есептелген ҚҚС сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады, яғни салық бойынша есепке алу механизмі көрінісін табады. Заңнамаға сәйкес салық салынатын айналым және салық салынатын импорт ҚҚС-ты төлеушінің тауарды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізу бойынша жасалған айналымы, салық салынатын айналым болып табылады. Салық кодексіне сәйкес ҚҚС босатылған және өткізу орны ҚР болып табылмайтын айналым қосылмайды. Салық салынатын айналым мөлшері, оған ҚҚС қоспай , мәміле жасаған тараптар қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып, өткізілетін тауарлар құны негізінде анықталады. Өткізілген тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудің) құны қандай бір өзгеріске түскен жағдайда , салық салынатын айналым мөлшері тиісті түрде түзетіледі. ҚР кеден заңнамасына сәйкес мағлұмдамалануға тиісті. Қазақстан аумағына әкелетін немесе әкелінген тауарлар ҚҚС босатылғандарын қоспағанда салық салынатын импорт болып табылады. Салық салынатын импорт мөлшеріне кеден заңнамасына сәйкес белгіленетін импортталатын тауардың кедендік құны, сондай-ақ ҚҚС салықты қоспағанда , Қазақстан Республикасына тауарлар импорты кезіндегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомалары қосылады. ҚҚС салық көп дүркінді, тауарды өндіру мен өткізудің әрбір сатысында өндіріп алынатын салық, ол өзіне тауар қозғалысының өткен стадияларындағы барлық алынымдарды қосып алады, бірақ мемлекетке тек осы тауардың өндірушісі тауарды өндіру мен өткізу стадиясында алынған ҚҚС салық түседі. Сөйтіп, салықты өндіріп алу механизмі баға құрамындағы салықты дәйекті және тұрақты қордалану есебінен баға өсуінің нәтижесін бермейді: баға салық салудың бір дүркіндігі кезіндегідей өсіп отырады. Сонымен бірге кәсіпкерлердің салық жүйесі алдындағы теңдігі пайда болады, түпкілікті тұтынушыға түсетін баға қысымы азаяды. ҚҚС салық мөлшерлемесі 16(%) пайызға тең және салық салынатын айналым мөлшеріне қолданылады. Түсті және қара металдар сынығының экспортын қоспағанда экспортқа тауарлар өткізу бойынша айналымға, халықаралық тасылымдарға байланысты орындалатын жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге нөлдік ставка бойынша ҚҚС салынады. Кеден заңнамасына сәйкес ҚР кеден аумағынан тауарлар әкету тауарлар экспорты болып табылады. Салық салынатын импорт бойынша ҚҚС мөлшерлемесі салық импорт мөлшерінің 16 пайызына тең болады. Салық салынатын импорт мөлшері кеден заңнамасына сәйкес белгіленетін импортталатын тауарлардың кедендік құны, сондай-ақ ҚҚС –ты қоспағанда, ҚР тауaрлар импорты кезінде салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасы кіріктіріледі.
Тарау–1. Акциздердің экономикалық мәні және
олардың салық жүйесіндегі ролі

1.1. Акциз және оның экономикалық мәні

Акциздер – (француз тілінде- «accise», латын тілінде - «accisere» -кесу, кесіп тастау) – бұл негізінен көпшілік тұтынатын тауарлардың және жекеменшік кәсіпорындар көрсететін қызметтердің бағасына, не тариф құрамына енетін жанама салықтарға тиісті салымдары болып табылады. Акциздердің екі функциясы анықталған:
1) фискальдық
2) реттеу
Акциздердің реттеу функциясы басты қызмет атқарады. Әлеуметтік әділдік негізінде бұл ретте негізгі ықпал табысқа салық салу үдерісіне бағытталған. Акциздік салымдар ҚР территориясында өндірілген және ҚР территориясында шет елдерден енетін тауарларға; сонымен бірге, акциздік қызмет түрлеріне салынады.
Акциздік төлеушілер қатарына:
1. ҚР территориясында акциздік тауарларды өндіретін;
2. ҚР территориясына акциздік тауарлар кіргізетін;
3. ҚР территориясында бензин және дизельдік жанар майымен көтерме бөлшек сауда жасайтын;
4. ҚР заңына сәйкес ҚР территориясында көрсетілген тауарлар бойынша акциз бұрын төленбеген жағдайда конфискацияланған, иесіз сонымен бірге, мұралық құқы бойынша мемлекет қарамағына өткен және ҚР территориясында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акциздік тауарларды өткізумен айналысатын;
5. ҚР территориясында акциздік қызмет түрлерін атқаратын жеке және заңды тұлғалар - резидент емес және олардың құрылымдық бөлімдері жатады.
ҚР аумағында өндірілген немесе ҚР аумағына импортталатын тауарлар 257-бапта көрсетілген, олар мыналар:
1) спирттің барлық түрлері;
2) арақ;
3) ликер-арақ өнімдері;
4) шырынды сусын;
5) шарап;
6) коньяк;
7) шампан шарабы;
8) сыра;
9) шарап өнімдері;
10)темекі өнімдері;
11)құрамында темекі бар басқа да өнімдер;
12)бекіре мен қызыл балық, бекіре мен қызыл балық
уылдырығы, бекіре мен қызыл балықтан және уылдырықтан
дайындалған жеңіл тағамдар;
13)алтыннан, платинадан немесе күмістен жасалған зергерлік
бұйымдар;
14)өңделген және өңделмеген мех түрлері(қоян, көртышқан, ит,
бұғы және қой терілерінен басқасы);
15)таза мехтен тігілген бұйымдар, оның ішінде пальто, шолақ
пальто, жакет, жамылғы, палантин, пластиндер, бөкебай,
мойын орағыш, бас киімдер мен жағалар, ішіктер
(көртышқан, қоян, ит бұғы, қой терілерінен тігілген
бұйымдардан басқасы);
16) таза былғарыдан тігілген киім;
17) хрусталь бұйымдар, жарық беретін хрусталь приборлар;
18) бензин (авиация бензинінен басқа) дизель отыны;
19)жеңіл автомобильдер (мүгедектерге арналған қолмен
басқарылатын арнайы автомобильдерден басқа);
20)атыс және газ қаруы (мемлекет өкімет органдарының
мұқтаждары үшін сатып алынғандарынан басқа);
21)шикі мұнай (газ конденсатымен қоса) жатады.
Ал, акциздік қызмет түрлерін:
1. ойын бизнесі мен
2. лотерея ұйымдастыру және өткізу бойынша жүргізіледі.
Көрсетілген тауарлар ҚР Үкіметi белгілеген тәртіппен және шарттарға сәйкес акциздік алым маркаларымен таңбалануы мүмкін. Экспортқа шығарылатын акцизделетін тауарлар акциздік алым маркаларымен таңбалауға жатпайды. Акциз ставкалары ҚР Үкіметімен бекітіледі және тауар бағасына (адволорлық) немесе абсолюттік сомада өлшем бірілігіне (натуралды қатты түрде) проценттік қатынаста белгіленеді. Алкоголь өнімдеріне тағайындалатын ставкалар сусыз (100 пайызды) спирт құрамының көлеміне сәйкес бекітіледі. Спирттің барлық түрлеріне белгіленген акциз ставкалары спирттің кейін қолданылу мақсатына қарай түрленіп отырады. Алкогольдік өнім өндірісінде спиртке қойылатын акциз ставкасы жұмсалған спиртті бір мақсатта қолданбайтын тұлғалардың сату өніміне қойылатын базалық ставкадан төмен болуы мүмкін. Ойын бизнесінің объектілеріне ҚР Үкімет бір жылғы (1ж) есеппен акциздік базалық ставкасын ең жоғары және ең төмен шектерін орнатқан. Ойын бизнес объектілеріне орнатқан базалық ставкалар көлемінде жергілікті үкімет органдары бір әкімшілік территориялды бірлік территориясында қызмет атқаратын барлық салық төлеушілер үшін біріңғай акциз ставкасын бекітеді.
Акциздік белгіленген ставкалар:
1) Отандық өндіріс тауарлары бойынша-тауар өндірушінің акциз қосылатын бағасына немесе заттай күйіндегі физикалық көлеміне қолданылады; ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Салық түсімдеріндегі ҚҚС ның салық жүйесіндегі ролі мен атқаратын қызметі жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Қаржы дипломдық жұмыстар, Салық түсімдеріндегі ҚҚС ның салық жүйесіндегі ролі мен атқаратын қызметі, дипломдык Салық түсімдеріндегі ҚҚС ның салық жүйесіндегі ролі мен атқаратын қызметі жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахско, Дипломдық жұмыс: Қаржы | Салық түсімдеріндегі ҚҚС ның салық жүйесіндегі ролі мен атқаратын қызметі дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін