1. Кіріспе 1.1. Анықтама Қояншық ауруы әдеттегі клиникалық байқау және арнаулы зерттеулермен де анықталатын; әртүрлі себептерден болатын, нерв клеткаларының үлкен төптарандағы тым күшті разрядтардың және тағы да басқа кеселдердің нәтижелерінде пайда болатын қайталанатын ұстамалармен көрініс беретін бас миының созылмалы ауруы. 1.2. Эпилептикалық ұстама: оның себептері, әртүрлі формалары Ұстамалар, соншамалық, аурудың ең бір анықтамалық белгісі де емес. Қысқаша айтқанда, ми клеткаларының өзара ақпарат алмасуы, осы клеткалар шығаратын өте әлсіз әлектр импульстары арқылы жүзеге асады. Қояншық ауруы кезінде, нерв клеткаларының мүмкін, кейбіреунерінің ғана «Қозуы күшейеді. Нәтижесінде импульстар жиіленеді. Осындай қозғыш клеткалардың мөлшері қанудайда бір» шекті массаға жеткенде , тізбекты реакция немесе резонанс: бір клетканың шектен тыс қозуы басқаларының, ал олар өз кезегінде одан да көп клеткаларды қамтиды және т.б. – пайда болады. Тяжеуші механизмдер жылдап өсіп бара жатқан қозуды тоқтата алмайды да, ол бас миының толық «қанды көбігіне» айналады. Бұл кезде естентану болады. Ұстама бірнеше минутқа жалғасады. ....
Кіріспе Жерорта теңіз алқабы-Евразия мен Африканың Жерорта теңізі жағалауында орналасып облыстары табиғи ландшафтарының тұтастығымен ерекшеленеді. Бұл аумақтағы табиғат пен шаруашылық әрекеті жағдайларының біркелкілігі «Жерорта теңізі алқабы» деген географиялық ұғым енгізуге себеп болды. Жерорта теңіз алқабының табиғат жағдайларының ерекшеліктері мен өзіндік өзгешеліктері ең алдымен, жазы құрғақ және қысы ылғалды субтропиктік климатына байланысты. Климаттың бұл түрі Жерорта теңізі жағалауынан басқа еш жерде мұндай айқын көрінбейді, сондықтан да ол жерорта теңіздік климат атанды. Климатының ерекшеліктері топырақ түзілісі процестерінің өзіндік және қызыл-қоңыр ерекше генетикалық типтегі топырақ пайда болуына жағдай туғызады. Жерорта теңіздік климат пен жерорта теңіздік өсімдік аталып кеткен жаздағы құрғақшылыққа бейімделген (қатқыл жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар) өсімдіктің ерекше типіне байланысты. Жерорта теңіз алқабы түгелдей вулканизм мен сейсмика кең тараған альпілік қатпарлы белдеу шегінде жатыр. Жерорта теңізі алқабының рельефіне көбіне карбонатты жыныстардан құралған, тегістелген сатылы беттер және жекелеген учаскелерінде орташа биік келген таулардың басым болуы тән. Жерорта теңіздік климат пен жерорта теңіздік ландшафтардың кең тарауы теңіз алабы—Жерорта теңізінің болуына байланысты.....
«Қазақстан—2030» ұзақ мерзімді бағдарламасында елімізді дамытудың стратегиялық мақсаты — қоғамда ғылыми-техникалық саясаттың рөлін көтеру және отандық ғылым мен технологиялық бәсекелестік қабілетін арттыру деп көрсетілген [1]. Қазіргі кезеңде тәуелсіз Қазақстанда ғылыми-техникалық саясатты дамыту, басым бағыттардың бірі болып саналады. Өркениетті елдер тәжірибесі көрсеткендей, ғылыми-техникалық саясаттың дамуы ел экономикасының іргетасы екендігін өмір өзі дәлелдеп отыр. Осы мақсатта елімізде ғылыми-техникалық саланы реформалауды және қайта жаңғыртуды қолға алу кезек күттірмейтін мәселе екендігі дау тудырмайды. Өнеркәсіптің басым салаларында қоршаған ортаға техногенді әсер етуді темендететін, ғылымды көп қажет ететін және ресурсты үнемдейтін технологияларды әзірлеу қоғам қажеттілігі екендігі сөзсіз. Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың ішіндегі ең кабілеттісі — ғылыми-техникалық, инновациялық өзгерістер. Бұл сала еңбекке кабілетті мәдениет пен білімді өркендететін потенциалды қамтиды. Дүниетанымы мен менталитеті қоғамға сай қабілетті адамдарды, әсіресе жастарды тәрбиелеуде, оларды нарық заманының талаптарына жауап беретіндей етіп еңбекке үйретуде ғьлыми-техникалық саясаттың атқаратын рөлі орасан зор. Инновациялық жаңартулар арқылы қоғамның іргетасын нығайтып, әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыра аламыз. Мемлекеттік саясаттың ажырамас, құрамдас бір бөлігі болып отырған ғылыми-техникалық саясаттың қоғам мен мемлекеттегі ....
КІРІСПЕ Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ әдебиеттану ғылымы жыл сайын өсіп, өркендеп келеді. Әдебиеттану ғылымының да ауқымы кеңейіп, сан-салалы болып дамып келе жатқаны қуантады. Жиырмасыншы ғасырдың орта шенінде-ақ әдебиеттану ғылымының көрнекті бір саласы болып қалыптаса бастаған абайтану ғылымының да өзіндік ерекшелігі, алар орны ерекше деп айтуға болады. Сол себепті өзіміздің зерттеу жұмысымызда осы мәселені жан-жақты қарап, зерттеудің ерекшелігіне назар аудардық. Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ұлы Абай ақын, дана, ойшыл, кемеңгер ретінде әбден мойындалған құбылыс. Ал ұлы Абайды тану, жазу, зерттеу процесі ақынның көзі тірісінде-ақ басталған болатын және бұл процесс жүз жылдан бастам уақыт өтсе де ешбір үздіксіз, үнемі дамып, жетілу үстінде. Ғасырға жуық уақыт ішінде кемел қалпына келіп, әбден мойындалған абайтану ғылымын зерттеу объектісі етіп, одан әрі дамыта түсу бүгінгі күннің өзекті, көкейкесті мәселелерінің бірі деп тануға болады. Күні кешегі зерттеулерді жан-жақты қарап, салыстырып, бүгінгі күннің тұрғысынан бастап баға беріп отырудың өзі өзекті мәселе болып табылады. Абайтану ғылымы мен абайтану тарихын салыстыра, қос-қабат алып зерттеу де біздің жұмысымыздың маңыздылығын арттыра түсері сөзсіз. Тақырыптың мақсаты мен міндеті. Абайтану ғылымы өзіне ерекше назар аудартатын саланың бірі. Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылық жолын, әдеби мұраларының мәні мен маңызын тану, тағылым алу бүгінгі күннің көкейкесті мәселелері деуге болады. Сол себепті абайтану ғылымы да жалпы әдебиеттанудың бір көрнекті саласы болып дамып, өркендеп келеді. Міне, осы аталған жайттардың бәрін ескере келіп зерттеу жұмысымыздың алдына бірнеше мақсат пен міндеттер қойдық. - Абайтану ғылымының өзіне тән ерекшелігін, өміршеңдігін және келешегінің де мол екенін таныту; - Абайтанушы ғалымдардың шығармашылығына талдаулар жасау, салыстырулар жүргізу көзделді; - Сонымен қатар абайтанудың тарихын да тереңнен қозғап, жан-жақты сөз ету көзделді; - Абайтану тарихында із қалдырған тұлғалардың еңбектеріне бүгінгі күн тұрғысынан баға беруді жүзеге асыру; - Абайтанудың ғылыми бағыт ретінде қалыптасып, дамып, жетіліп отырғанын дәлелдеу, саралау мәселелері жайында мақсат пен міндеттер көзделді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану ғылымының қалыптасу жолдары, абайтану тарихының тың дерек көздерінің бәрі сарапқа салынып, ой елегінен өткізілді. Абай мұрасын таныту, баға беру, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында жазылғандардың бәрінің бір арнаға түсіп, абайтану ғылымына айналу процесін көрсету жүзеге асырылды. Абайтану ғылымының қалыптасуы мен тарихының сан-салалы жолдары көрсетілді, сонымен қатар кешегі мен бүгінгі тарихы салыстырыла отырып талдау объектісіне айналды. Зерттеудің дерек көздері. Зерттеу жұмысының мазмұнын ашу үшін көптеген әдеби мұралар пайдаланылды. Атап айтқанда «Абай» энциклопедиясы, «Абайтану тарихы», «Абай және қазіргі заман» т.б. алуан-алуан материалдар пайдаланылды. Қазақ әдебиетінің тарихы, сыны, теориясы жайында әркез зерттеулер жазған, теориялық еңбектер берген ғалымдар М.Әуезов, З.Ахметов, Қ.Мұхаметханұлы, С.Мұқанов, Р.Бердібай, С.Қирабаев т.б. ғалымдардың еңбектері дерек көзі ретінде кеңінен пайдаланылды. Одан басқа да еңбектер, баспасөз материалдары, оқулықтар, монографиялық дүниелер де назардан тыс қалмады. Зерттеудің теориялық және методологиялық негізі. Дипломдық деңгейдегі зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі ретінде әдебиеттану ғылымдарының жетістіктері, кешенді, салыстырмалы ғылыми әдістер алынды. Негізінен, отандық әдебиеттану ғылымының тұжырымдары, байыптаулары, әдебиеттану ғылымының өзіндік ерекшеліктерін қарастырған ғылыми еңбектер жұмысымыздың негізгі методологиялық әрі теориялық негізі болды. М.Әуезов, М.Мырзахметов, З.Ахметов, Қ.Мұхаметханов, С.Мұқанов, Р.Бердібай, С.Қирабаев тағы басқа да көптеген ғалымдардың еңбектеріне, монографиялық кітаптарына, сондай ұжымдық ғылыми зерттеулерге назар аударылып, қажетті кезінде ретіне қарай пайдаланылды. Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының теориялық тұжырымдарын қазақ әдебиетінің тарихы, теориясы, XIX ғасыр әдебиетін оқыту барысындағы Абай Құнанбаев шығармашылығы және соңғы жылдардағы оқу бағдарламасына сәйкес «Абайтану» пәнін оқыту кезеңдерінде жан-жақты терең үлгіде пайдалануға болады. Бұл зерттеудің практикалық мәні де зор. Жоғарыда аталған арнаулы пәндерді сонымен қатар қазақ әдебиетінің арнаулы курсы мен арнаулы семинары пәндерін оқыту кезеңінде де зерттеу жұмысының құнды дерек көздерін арнайы пайдалануға, практикалық талдауларға қолдануға әбден болады. Диплом жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе қорытындадан бөлек екі тараудан тұрады, сонымен қатар жұмыс соңында әдебиеттер тізімі берілді.....
Құзіреттілікке жеткізетін ұйымдастырылатын оқу іс - әрекет мақсат - міндеттері: Ақпараттық құзіреттілік: Қыс мезгілінің ерекшеліктері, қыс мезгіліндегі табиғаттағы тіршілік туралы білімдерін жинақтау, таным белсенділігі деңгейіне қарай белгілі ақпараттарды құрылымдау, балалар меңгеруге тиісті ақпараттарды алгоритмдеу арқылы меңгерту. Коммуникативтік құзіреттілік: Шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы қыс мезгілінің айырмашылықтарын айқындау. Қыс мезгілін толық сөйлемдермен сипаттауға үйрету. Балалардың сурет бойынша әңгіме құрастыру, сөздік қорын байыту, қойылған сұрақтарға нақты жауап беру және бірін тыңдай білу қабілеттерін қалыптастыру. Топпен жұмыс жасау, жақсы қарым - қатынаста болу қабілеттерін дамыту. Проблеманы шешу құзіреттілігі: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін түсіну, оларға сәйкес кездесетін проблемаларды шеше білуге үйрету. Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет барысында жұмбақ, ребус, сөз жұмбақты шешу, дидактикалық ойындарды берілген шарт бойынша орындауға дағдыландыру. Күтілетін нәтиже: Баланың білуі: Қыс мезгілінің ерекшеліктері, қыс мезгілінің жаз мезгілімен салыстыруды біледі. Баланың меңгеруі: Балалардың сурет бойынша әңгіме құрастыру мен әңгіме барысында бір бірін тыңдай білуді меңгереді......
Үлкен клубтың ішінде бағанадан бері шулап отырған жұрт орындарынан ду көтерілді. Соттың председателі жер ортадан асқан, орта бойлы, артық еті жоқ, сылыңғырлау кісі екен. Артынан ере шыққан бір әйел, бір еркек екеуі де бұл өңірде көзге түспеген кісілер. Әйелдің басында бір тартар шәлісі бар, неше адам. Соттың екінші жолдасы ұстарамен қырғызған доп-домалақ әдемі жұмыр басын тікендей қадалып өсіп келе жатқан шашы жапқан жас жігіт. Ол сот председателінің сол жағына шықты. Үшеуі отыра бергенде:
— Отырыңыздар!— деген дауыс естілді.
Председатель бірсыпыра сот рәсімінен кейін барып:
— Айыпкер Арлыбек Жарболов, сотқа тек шыныңызды айтуға ант етіңіз,— деді. Жұрт сот председателі атын атағанда орнынан көтерілген Арлыбекке қарады, енді ғана байқағандай үлкен залдағы жаудыраған көп көз өзіне қадалғанын айқын сезгендіктен бе, әлде жұрттың бәрі маған қарап отыр-ау деді ме, айыпкер жерге қарап, ұяң, ақырын сөйледі: .....
Жер шарындағы ең ірі тұзды көл, бірақ көлеміне, даму тарихына, физикалық-геологиялық процестерінің сипатына қарай теңіз қатарына жатады. Каспий теңізіне Кавказдың шығыс жағалауын мекендеген байырғы тайпа аты қойылған. Ежелгі тарихи аттары: Гирхан, Хазар, Хвалын (Хвали). Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Ұзындығы 1200км, орташа ені 320км, жағасының ұзындығы 7000км, оның 6000км-ден астамы Қазақстанның, Ресейдің, Әзербайжанның үлесіне тиесілі. Ауданы 371 км². Су деңгейі мұхит деңгейінен 28,5 м төмен. Ең терең жері 1025м. Ірі шығанақтары: солтүстігінде Кизляр, Комсомол; шығысында Маңғыстау, Кендірлі, Қазақ, Қара Бұғаз Гол, Красноводск; батысында; Аграхан, Баку қойнауы. Оңтүстігінде таяз лагуналар көп. 50-ге жуық аралдары бар. Олардың ірілері; Құлалы, Түлен, Шешен, Артем, Жылай, Булла. Каспий теңізіне солтүстіктен Терек, Еділ, Жайық, Жем (жылдықағын жиынтығы Каспий теңізіне құятын өзен ағындарының жылдық нормасының 88%-і); Батыстан Сулақ, Самур, Кура ( су балансындағы кірістің 7 % ) оңтүстігіндегі Иран жағалауынан Горган , Сераз, Сифидруд өзендері ( жылдық өзен ағындарының 5 %-і) құяды. Шығыс жағалауында тұрақты ағынды өзендер жоқ. Жағалауы. Солтүстік жағалауы ойпатты, жатық. Мұнда теңіз суының шалқып шегінуі әсерінен кең алапты қайран қалыптасқан. Өзен сағаларында ( Еділ , Жайық , Терек ) атыраулық жаға ұлғаюда. Батысы мен шығысындағы Маңқыстау жағалауы жарқабақты абразиялық жаға , батыс жағасының кейбір жерлері , Қара – Бұғаз –Көл қайраңдары, Красноводск түбелінен бастап оңтүстікке аккумляциялық жаға болып бөлінеді. Рельефі. Каспий теңізі рельефі мен гидрологиялық ерекшеліктеріне қарай Солтүстік Каспий және Оңтүстік Каспийге бөлінеді. Солтүстік бөлігінің ауданы 80 мың км ², тереңдігі 4 – 8 м. Теңіз түбінің рельефі белесті келген аккумуляциялық жазық қайырлар және аралдар тізбегінен қалыптасқан. Солтүстік Каспий орталық бөлігінен Маңқыстау шоңғалы арқылы бөлінген.Орталық Каспийдің ауданы 138 мың км ² , мұнда теңіздің түптік шұңғымасы ( Дербеит шұңғымасының ең терең жері 788 м ) шельфі және құрлықтың беткейі айқын байқалады. Құрлықтың беткейінде су астылық жылжымалар , каньондар және ежелгі аңғарлар көп. Оңтүстік Каспий орталық бөлігінен Пашерон шоңғалы арқылы бөлінген.Оңтүстік Каспий табаны абиссальды жазық ( ені 30 км.) болып келетін шұңғыма (тереңдігі 1025 м ) мен шельфтен тұрады. Геологиялық құрылысы мен пайдалы қазындылары. Каспий теңізінің солтүстік Шығыс – Европа платформасы құрамына кіретін Каспий маңы синеклизасының оңтүстік шетін қамтиды, ал Маңқыстау шоңғалы теңіздің батысындағы су астына шөккен Карпинск бұйраты ( герциндік құрылым ) мен шығысындағы Маңқыстау сілемдерінің жалғасы болып табылады. Орталық бөлігінің түбі гетерогенді құрылымнан тұрады. ....
Конституциямен бекітіліп, реттелетін қоғамдық қатынастар маңызды болғандықтан, конституциялық құқық, Қазақстан құқық салаларының арасында жетекші рөл атқарады. Құқық жүйесіндегі конституциялық құқықтың жетекші рөлі төмендегі мәселелер арқылы көрінеді: біріншіден, конституциялық құқық қоғам мен мемлекет құрлысының негізгі қағидаларын құқықтық формада бекітеді; екіншіден, конституциялық құқық барлық қоғамдық үрдістерді басқарудың жалпы негіздерін анықтайды; үшіншіден, конституциялық құқықтың нормалары құқықтық актілердің түрлерін, оларды қабылдайтын органдарды, актілердің заңдық күштерінің ара салмағын анықтайтындықтан, конститу¬циялық құқықтың нормалары құқықтың жасалу үрдісін реттейді. Конституциялық құқық ғылымы қоғамдық ғылымдар жүйесіне жататын заң ғылымдарының құрамдас бөлігі. Конституция¬лық құқық ғылым болғандықтан оның өзіне тән оқытылатын пәні, зерттейтін объектісі, әдістері, деректік негіздері бар. Конс¬титуциялық құқық салалық заң ғылымдарына кіреді. ....
Кiрiспе Бухгалтерлiк есеп жүйесi дегенiмiз – кәсiпкерлер мен ұйымдардың операциялары мен жағдайлары жөнiндегi ақпаратты жинау, тiркеу және топтастыру жүйесi болып табылады . Қазақстан Республикасының резиденттерi болатын мiндеттi тiркеуден өтуi қажет заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер және де Қазақстан Республикасында тiркелген, бiрақ резиденттер болып саналмайтын заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлеттiлiктерi бухгалтерлiк есеп жүргiзуге және қаржылық қорытынды есептi құрастырып, сәйкес орындарға тапсыруға мiндеттi. Бұл кәсiпкерлер мен ұйымдар бухгалтерлiк есептi жүргiзуде және қаржылық қорытынды есептi құрастыруда заңдық және әртүрлi нормативтiк-құқықтық негiздерге сүйенедi. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлiк есеп және қаржылық қорытынды есеп жөнiндегi» заңын, Халықаралық қорытынды есеп стандарттарын, Ұлттық есеп стандарттарын, Бухгалтерлiк есептің Типтiк шоттар жоспарын атауға болады. Ұйымдардың өнiмдер өндiрудегi (қызметтердi атқару, жұмыстарды орындаудағы) аса маңызды объектiлерi - шаруашылық қорлары болып табылады. ....
Менің алтын қайырымды жан құрбым Тілеубектегі Анарбекқызы Жүсіпнемересі Гүлсананың бойындағы ең бір ерекше ұнайтын қасиеті – оның ақкөңілділігі мен асқан мейірімділігі. Әрқашан күліп жүретін ол досқа адал, ағайынға бауырмал, адам біткенге қайырымды қыз. Ешқашан ешкімге жоқ демейтін, қолындағы барын беруге даяр, ол имандылықты өз өміріне ту етіп, адамгершілікті берік ұстанған. Мен Гүлсананың әрдайым күліп жүретін көңілді мінезін, өміршеңдік қасиетін жоғары бағалаймын. Әсіресе, жоқшылықтан жүдеген отбасыларын үнемі қолпаштап жүреді. Айта өтсем, Павлодар қаласындағы 4 баласымен қалған жалғызбасты әке Кайр Кошелековке, Алматы қаласында 4 бірдей мүгедекті бағып, ыстық-суығына төзіп отырған жігіт Данияр Губайдуллинге, Алматы қаласындағы бір қызымен қалған жалғыз басты анаға, үш кісінің жүрек отасына, қос бүйрегінен айрылған .....
Қазіргі нарықтық экономикалық қатынастарға көшу барысында, кәсіпорындардың экономикалық және құқықтық жауапкершілігі өсуде. Шарушылық субъектілердің қаржылық тұрақтылығының мәні тез ұлғаюда. Бұның барлығы олардың қаржылық жағдайын талдаудың, ақша қаражаттарын қолдану және орналастыру ролін елеулі жоғарлатып отыр. Бұндай талдаудың нәтижесі ең алдымен меншік иелеріне, сондай – ақ кредиторларға, инвесторларға, менеджерлерге және салық органдарына қажет. «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жақсару жолында» Қазақстан Республикасының Президентінің 2005 жылдың 18 ақпанындағы жыл сайынғы жолдауында “шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек” делінген. Экономикамыздың тіреуі болып табылатын, орта және шағын бизнеске қолайлы жағдай туғызып қана қоймай, оның тұрақтылығын қамтамасыз етуіміз керек. Кәсіпорынның аяғында нық тұруы, оның дамуы республикамыздың экономикасының әл- аухатын жақсарту үшін маңызы зор. Бұл жұмыстың басты мақсаты – «Алаугаз» АҚ қаржылық жағдайын зерттеу, қаржылық қызметінің негізгі проблемаларын анықтап, қаржылық жағдайын бағалау және басқару үшін ұсыныстар жасау.....
КІРІСПЕ Адамзат қоғамының өмір сүруінің алғы шарты еңбек. Еңбек дегеніміз адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі. Еңбектің барысында адамдар арасында еңбек қатынастары қалыптасады. Еңбек қатынастары дегеніміз тараптардын әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар. Еңбек құқығы еңбек нарқы үрдісінің әрекеті, жалдамалы еңбекті ұйымдастыру мен пайдалану барысында қалыптасатын қызметкерлердің еңбек қатынасын және онымен тығыз байла¬нысты қатынастарды реттейтін құқықтың бір саласы. Еңбек құқығының негізгі мақсаты - жұмыс беруші мен жалданушы қызметкер арасында қатынастарды құқық арқылы реттеу және заңсыздыққа жол бермеу. Еңбек қатынастары еңбек құқығының пәні болып табылады. Еңбек қатынастары еңбек құқығының негізгі бөлігі бола тұрып, қоғамдық еңбек саласындағы материалды және рухани игіліктерді игеру барысында қалыптасады. Құқықтың басқа салалары сияқты еңбек құқығының әдістері еңбектік құқықтық қатынастарға және сонымен тығыз байла¬нысты басқа да қатынастарға ықпал ететін тәсілдерден, амалдардан және құралдарынан тұрады. ....
Кіріспе. Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің эко-номикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды. Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа ен-гізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талап-тарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдау-дың жаңа әдістемесін жасауды қажет етті. Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүр-лі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ-тілектеріне толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Іс-керлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өң-делуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды камтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшы-лыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағ-дайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді.....
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Енді ғана өз билігі өзіне тиіп, ұлттық мемлекетінің іргетасын қалай бастаған қазақ халқы үшін өзінің жүріп өткен жолының ғылыми шынайы тарихын жазу қажеттілігі күннен - күнге айқын сезілуде. Өйткені ұлттың бүгінге дейінгі тарихы – оның ертеңгі тағдыры. Біз қазақ баспасөзінің дәлірек айтсақ, ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ баспасөзінің сипатына, ондағы қарастырылған басты мәселелерге тарихи тұрғыдан тоқталып өттік. Бұл кезең қазақ баспасөзінің енді - енді ғана дүниеге келіп, халықтың арасына тарай бастаған кезеңі, әрі халықтың тар жол тайғақты кезеңі. Осындай аласапыран кезеңде халық тағдыры мен қоғам өмірінің шындығын бүкпесіз батыл жариялаған қазақтың баспасөзінің қызметі де орасан зор болды. .....
Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшелігін балаларға түсіндіру. Қыс мезгіліне деген қызығушылығын арттыру. Табиғатты бақылауға, қорғауға тәрбиелеу. Сөздік жұмыс: жасқанбаймын, шаттана. Оқу іс – әрекетінің көрнекіліктері: Қыс мезгілінің суреттері.
Оқу іс – әрекетінің барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Балалар бірге өлең шумақтарын айтады. Біз қандаймыз, қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз. Жарқыраған күн дейміз, Ренжісуді білмейміз. Жарайсыңдар балалар. Орнымызға жайғасамыз. Өткен оқу іс – әрекетті еске түсірейік. Өткен іс – әрекетте қандай тақырыппен таныстық еске түсірейік. (балалардың жауабын тыңдау) Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілі неше айдан тұрады? Қыста қар неге жауады? .....
Дефектология ғылымының, сондай-ақ арнайы мектептің ең күрделі мәселелерінің бірі- кемістігі бар балаларды тәрбиелеу. Тәрбие- педагогикалық ұғымдардың бірі. Тәрбие деп- мұғалімнің және тәрбиешінің, ата-аналармен бірігіп, мақсатты түрде жүргізетін тәрбие жұмыстарын айтады. Тәрбие жайында осы уақытқа дейін әртүрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Курстық жұмысымды мына жазған еңбектерден жаздым. Соның ішінде: С.Б.Хмыров, В.П.Ермаков, Г.А.Якушин, А.М.Мещеряков, С.А.Зыкова, Л.А.Головчиц, М.И.Никитина, А.Г.Басова, С.Ф.Егоров, Н.М.Белова, А.И.Дьячкова, Г.Н.Пенин, З.А.Понмарова, Н.А.Рау, П.П.Печапина, Б.Г.Лавинсон сияқты ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып жаздым. Кемістігі бар балаларды жан-жақты тәрбиелей отырып, қоғамның бір мүшесі етіп қалыптастыру және көптеген арнайы мектептерде сияқты, естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептердің негізгі проблемаларының бірі- тәрбиешілердің арнайы мамандықтарының жоқтығы. Сондықтанда біз, келешек дефектолог-сурдопедагогтар осындай жағдайларды тудырмауға тырысуымыз керек. ....
КІРІСПЕ Жасанды интеллект (искуственный интеллект) – бұл адам ойын компьютерде бейнелейтін (имитирующий) программалық жүйе.Бұндай жүйені жасау үшін белгілі бір облыста шешім қабылдайтын немесе нақтылы есептерді шешетін адамның ойлау процесін зерттеу қажет және осы процестің негізгі қадамдарын бөліп көрсетіп , оларды компьютерде іске асыратын программалық жабдықтарды жасау қажет. Адам іс-әрекетінің негізінде ойлау қабілеті жатады.Адам ойлау процесінің соңғы нәтижесі мақсат деп аталады.Әдетте барлық белгілі фактілерді қолдану ережесі негізінде мақсатқа жетеміз. 1-Мысал: 1-Факт.Жанып тұрған плита-ыстық. 1-Ереже.Егер қолыңды жанып тұрған плитаға қойсаң,онда күйіп қалуға болады. 2-Мысал: 2-Факт.Час пик кезінде көшеде машина көп. 2-Ереже.Егер час пик кезінде жолдан өтсең , онда машина астына түсіп қалуға болады. 3-Мысал: 3а-Факт.Тыныш , қараңғы көше қорқынышты. 3б-Факт.Кәрі адамдар әдетте қылмыс жасамайды. 3в-Факт.Полиция адамдарды қылмыскерлерден қорғайды.....
СLIL оқу әдістемесінің элементтерін арнайы пән сабағында қолдану ерекшеліктері
CLIL оқу бағдарламасын басқа тілмен кіріктіре отырып беру әдістемесі болып табылады. Қазіргі жаһандану, техникаландыру заманында, яғни әлемнің ғылымындағы, өнеріндегі және технологияларындағы дамуды оқушылар басқа тілді меңгеру барысында біле отырып, өз тілінде сол дағдыларын дамытуға мүмкіндік алады.Бұл оқушыларға шет тілін оқытумен салыстырғанда көптеген жаңа бағыттар береді, себебі, мұнда оқушы тілмен қатар пәнді қоса меңгереді. Мұнда оқу мен ойлау дағдылары біріктірілген.
CLIL сонымен қатар оқытушыға да жаңа талаптар қояды. CLIL әдістемесін жүзеге асыратын мұғалім: пән мұғалімі; тіл мұғалімі; сыныптағы негізгі мұғалім; сынып көмекшісі рөлінде бола білуі керек.
Мұғалімнің алдынан кездесетін қиындық ол өз пәнін жетік білумен қатар, оқушыларына қажетті тілді де жоғары деңгейде білуі. Бұл жерде пәнаралық байланысты пайдаланған өте тиімді, мысалы, шет тілі пәні мұғалімдерімен біріге отырып жұмыс жүргізу.
CLIL әдістемесін әртүрлі жастағы оқушыларға олардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдау арқылы қолдануды жүргізуге болады. .....
(Бұл Кеңес жазушының өз сөзіменен өзгертілмей басылды)
Бір кеуде-пенденің дүниеде жасауы, бар болып тұруы үшін жан-рух керек. Бір халық, бір елдің де дүниеде бір миллет, ел болып жасауы, тірлік етуі үшін тіл керек, әдебиет керек. Жансыз кеуде дүниеде жасай алмас, шіріп, топыраққа айналып жоқ болар! Тілі, әдебиеті болмаған миллеттің де тап сол жансыз кеудеден айырмасы болмас, өзіне айырым әдебиеті болмаған миллеттер де дүниеде жасай алмас. Жасар бірақ жасауы ұзаққа бармас. Әдебиеті яғни жаны бар миллеттерге азық болар, жем болар, сөйте, сөйте ол миллет өзі де дүниеден жоқ болар!
Тіл-әдебиет бір миллет үшін әлбетте керек. Оның керектігі турасында жазылмақ сөздердің бәрінде бұл орында жазып бітіру мүмкін емес. Ол турада неше том кітаптар жазылса да аз. Сондықтан мен бұл орында әдебиет турасында жазылмақ сөздердің жалғыз-ақ – «Фәһәрісті» ғана жазамын:
Тіл-әдебиет бір миллеттің жаны һәм рухы-дүр.
1) Сәне ғалия топлы қағидалы бір әдебиетке мәлік болмаған бір миллеттің жансыз кеудеден ешбір айырмасы жоқ-дүр. .....
Бұл жұмыста еліміздегі мұнай өндірісімен тікелей байланысты газ өнімдерінің өндірілуі, ішкі нарықла тұтынылу деңгейі, экспортқа шығарылатын көлемі және тасымалдаушы магистралды құбырлардың технико-экономикалық жағдайлары толық көрсетіледі. Жұмыстың әр бөлімінде газ саласын курстық жұмыс тәртібі бойынша талдаймыз. 1-ші бөлімде газ саласының республикадағы жалпы жағдайы айтылады. 2-ші бөлімде Қазақстан Республикасының газ өнімдерін жалпы пайдалану және экспортқа, импортқа шығарылу көлемі көрсетіледі. Күнделікті бұқаралық ақпарат құралдарынан көріп отырғанымыздай өте үлкен көлемді газ ресурстары магисрралды құбырлармен таратылады. Осы бөлімде магистралды құбырлардың ең бастылары және қосымшалары көрсетіледі. Сонымен қатар газ тасымалдаушы құбырлардың пайдалануға берілген жылдары және қазіргі проблемалары толық қамтылады. 3-щі бөлімде жұмыс бағдарламасы бойынша модель табылып болашақ үш кезеңге болжам жасалады. Жұмыстың басты мақсаты: Республикадағы газ өндірісінің көлемі мұнай өндірісінің көлеміне тікелей байланысты болғандықтан модель арқылы байланыстың деңгейін анықтау. Жұмыстың басты міндеттері: 1. Газ өндірісімен мұнай өндірісі арасындағы байланысты анықтау. 2. Анықталған байланысқа қатысты модельдерді құру. 3. Анықталған бойынша болашақ кезеңдегі өндіріс көлеміне болжам жасау. Модель бойынша еліміздегі мұнай өндірісі болашақтағы үш кезеңде өсетіндігін көрсетеді яғни осыған сәйкес газ өндірісінің өсетіндігін дәлелдейді. Жұмыста қорытынды және жұмысты жазу барысында пайдаланылған әдебиеттер келтіріледі. ....
Егемен еліміздің қай заңын алсақ та, білім беру барысында жасөспірімдердің жеке бас қасиетін, тұлға ретінде қалыптасуын және оның танымдық әрекетімен, ой-санасын дамытуға баса көңіл бөледі. Себебі, жасөспірім – бұл болашақ маман. Осы тұрыдан алғанда, бастауыш сыныптарда білім беретін маман дайындау мәселесі қай кезде де өзекті істің бірі болып табылады. Адамның жекебас болып қалыптасуындағы бүкіл болмысының ұйтқысы, мәйегі осы бастауышта құрылатыны педагоктердің де, психологтардың да еңбектерінде атап айтылып келеді. Оқушы бойында білім негізін қалайтын, баланың жеке басының дамуын қамтамасыз ететін тұлға – мұғалім. Педагогикалық үрдіде орын алып отырған өзекті мәселелерді тиімді жолмен шеше алатын, өз ісінің шебері деуге болатын, мұғалім дайындау жоғары оқу орындарының міндеті. Қазіргі таңдағы білім беру жүйесіне ізгіліктендіру, демократияландыру бағыттарының енуімен байланысты болашақ ұстаздың психологиялық, педагогикалық тұрғыдағы дайындықтарын, яғни оқушымен дұрыс қатынасқа түсу икемдігін қалыптастыру, оны әдістемелік және теорилық жағынан дайындаумен қатар орындайтын мақсаттардың негізгілерінің біріне айналып отыр. Педагогикалық институттарда териялық білім берумен қатар педагогикалық практиканы қазіргі заман талабына сай, мемлекеттік құжаттар негізінде, педагогикалық, психологиялық зерттеу жетістіктермен, алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелермен сабақтастыра отырып жүргізудің мүмкіндігі мол. Қазақстан Республикасының білім стандарттары мен тұжырымдамаларының жарық көруі, осыған орай мектеп бағдарламалары мен оқулықтар мазмұнының түбегейлі өзгеруі, бастауыш сыныптарға жаңа буын оқулықтарының енуі, білім мазмұнын меңгертуге байланысты кіріктіре отырып оқытуды, оқушыларды дамыту мен шығармашылыққа жетелеуді міндеттеуі, болашақ маман дайындау ісіне өте жауапкершілікпен, ұқыптылықпен, зерттеушілікпен қарауды талап етіп отыр. Білім мен тәрбиенің байланысын диалектикалық тұрғыдан үнемі дамуда және бір-бірімен байланыста түсініп, осы үрдістегі күрделі мәселелерді дидактикалық бағдарда шеше білетін маманның тұлғасы педагогикалық практика кезінде қалыптасады. Орыстың белгілі ғалымдары, тіпті сонау Крупская Н.К. [1], К.Д.Ушинскийден [2] бастап, кеңестік дәуірде Сухамлинский В.А. [3], Каменский Я.А. [4]. А.С.Макаренка [5] т.б. атақты педагог классиктердің бәрі де жоғары оқу орынында білім мен біліктілікті жетілдірудің және мұғалім кадрлердің болашақтағы өз ісіне дайын болуының негізі педагогикалық практиканың дұрыс ұйымдастырылуына байланысты екенін атап айтқан. Солай бола тұрғанмен, әрбір мамандықты дайындауға арналған педагогикалық практиканың өзіндік ерекшелігі, мазмұны, жүйесі бар. ....
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 Сабақ тақырыбы:Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті. Балаларға арналған тақпақтарды оқу Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)О1 Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді. Т4 Жиі қолданылатын сөздерді ажыратады және түсінеді. Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді: Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді. Жиі қолданылатын сөздерді ажыратады. Оқушылардың көпшілігі: Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді.Жиі қолданылатын сөздерді ажыратады және түсінеді. Кейбір оқушылар: Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді, жиі қолданылатын сөздерді ажыратады және түсінеді, еркін қолданады. ....
Гимнастика – арнайы жаттығулар жүйесінен тұратын, адам денсаулығын нығайту және оның денесінің үйлесімді дамуы үшін қолданылатын дене шынықтыру мен әдістемелік тәсілдер. Қазақстанда гимнастиканың (грекше gymnastіke, gymnazіo – жаттығу жасаймын, жаттықтырамын) акробатика, көркем гимнастика және спорттық гимнастика сынды түрлері жақсы дамыған. Гимнасшылардың халықаралық одағы (FІG) 1897 ж. ұйымдастырылған. Қазақстан оған 1994 жылдан мүше. Көркем гимнастика – спорттың бір түрі; музыка сазымен арнаулы затпен (лента, доп, шеңбер, т.б.) немесе затсыз гимнастикалық жаттығулар комбинациялары орындалатын қыздар арасындағы жарыс. Көркем гимнастика шұғылданушылардың дене сұлулығын қалыптастырып, эстетикалық тәрбие береді. Онда толқынды, серіппелі қозғалыс, иіліп, бұралу, денені тік ұстау, би өнеріне тән жүріс, жүгіріс, секіру, халықтық би мен шалқыма би басым келеді. Көркем гимнастикадан дүниежүзілік чемпионат 1963 жылдан бері өтіп келеді . Олимпиялық ойындар бағдарламасында 1984 жылдан бар. ....
Қазіргі кезеңде жұқпалы ауру актуалды тақырыпта болып отыр. Жұқпалы ауру жиырма бірінші ғасырдың ең бір көп талқыға түсетін мәселелердің бірі. Оны айналып өту мүмкін емес, күнә десе де болады. Менің курстық жұмысты жазудағы ең басты мақсатымыз жұқпалы аурулардың статистикалық мәліметтерін пайдалана отырып оның адам өмірі үшін қауіптілігін ақпараттық жүйе көмегімен көрсету, талдау, жариялау болып табылады. Халық денсаулығының жай-күйі қоғамның әлеуметтік бағдарлылығының, мемлекеттің өз азаматтарының алдындағы жауапкершілік дәрежесін сипаттайтын әлеуметтік кепілдіктерінің интегралды көрсеткіші болып табылады. Қазақстан, мемлекеттік қалыптасуы кезеңінде елеулі экономикалық құлдырауға ұшырап, әлеуметтік салада, соның ішінде кеңес уақытында құрылған және негізінен жұмыстың сандық көрсеткіштеріне бағдарланған медициналық ұйымдардың икемсіз жүйесінен тұратын денсаулық сақтау жүйесінде елеулі оңтайландыру жүргізді. Соңғы жылдары Қазақстан едәуір экономикалық өсуге қол жеткізді, осының нәтижесінде денсаулық сақтау саласын қаржыландыру елеулі өсті (соңғы үш жылда екі рет), сондай-ақ олардың одан әрі дамуының перспективалары жасалды. Әлеуметтік бағдарлана отырып мемлекет бұдан әрі де саланың дамуына елеулі түрде көңіл бөлуге ниеттенеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі – ДДҰ) дерегі бойынша азамат денсаулығының тек 8-10 %-і ғана денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына байланысты екендігіне қарамастан, мемлекеттің қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі күш-жігері экономикалық және әлеуметтік прогреске қарай өсе түсуге тиіс. Осыған байланысты денсаулық сақтауға азаматтардың өздерін, жұмыс берушілерді тарту және денсаулық сақтау саласында іс-шаралар жүргізуді сектораралық үйлестіруді күшейту маңызды. Бүгінгі таңда саланы дамытып отырған негізгі бағдарламалық құжаттар оларды әзірлеу сәтіндегі талаптарына барабар болған, алайда қазіргі уақытта олар экономикадағы, сол сияқты басқа да секторлардағы өзгерістер қарқынынан кейін қалып отыр. Осы құжаттарда белгіленген жекелеген іс-шаралар түпкілікті нәтижеге бағдарланбаған, ал құрылымдық қайта құрулар, соның ішінде қаржыландыру жүйесін өзгерту үнемі дәйекті сипатқа ие бола бермейді. Бүгінгі күні денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйі қоғамды, мемлекетті және саланың өзін толық қанағаттандырады деп тұжырымдауға болмайды.....
Кіріспе Криминалистік тактикада кез-келген тергеу әрекетінің алдында бастапқы тергеу әрекеті ретінде оқиға болған жерді қарау жүргізіледі. Оқиға болған жерді қарау негізгі тергеу әрекеттерінің бірі, себебі осы әрекетті жүргізу барысында тергеуші ең басты мәселе қылмыстық оқиғаның болған, болмағандығын шешеді. Оқиға болған жерді қарау өз алдына дербес түрде жүргізілетін кешенді тергеу әрекеті, оның барысында болған оқиғаның механизмін анықтауға талпыныс жасалады. Криминалистика ғылымында "оқиға болған жер" ұғымына байланысты көзқарастар әртүрлі болып келеді. Мысалы, Рассейкин Д.П. өзінің "Кісі өлтірушілікті тергеу кезінде мәйіт және оқиға болған жерді қарау" еңбегінде, "оқиға болған жер ретінде қарау жүргізіп жатқан оқиғаның болған жерін түсіну керек. Ал, қылмыстың заты, мысалы," ұрланған автокөліктің табылған жерінде оқиға болған жерді қарау емес, заттай дәледемелерді қарау хаттамасы толтырылады" дейді1. Ал Л.В. Виницкий болса "бұл ұғымдарды ажырату керек, бірақ оларды әртүрлі тергеу әрекеттеріне бөлудің қажеті жоқ" деген көзқарасын білдіреді.2 Қазіргі кездегі криминалистикада осы екінші позицияны басым түрде қолдайды.....
Мақсаты: Көктем мезгілінде болатын өзгерістер жайлы балаларға түсіндіру. Табиғаттағы құбылыстарды бақылай отырып, сүйіспеншілікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу. Суретке қарап әңгіме құрастыру арқылы баланың сөздік қорын дамыту. Сөздікпен жұмыс: Шуақты, жер көйлегі. Әдіс тәсілдері: Сұрақ - жауап Қос тілді түсінік беру: Көктем – весна, ай – месца, құс - птицы, гүл - цветы Көрнекі құралдар: Көктем суреттері, құстар Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті Мотивациялық – қозғаушы кезең Балалар шеңбер бойына жиналып өлең жолдарын қайталайды. Көктем, көктем, көктемде, Құстар келіп жеткенде, Қуанып бір қаламыз Әнмен қарсы аламыз .....
Кіріспе Біз ең алдымен жұмысымызға кіріспес үшін тақырыпқа байланысты терминдік сөздер мен анықтамаларды жазып кеткеніміз дұырс шығар. Сонымен бірге Қазақстан трриториясындағы қорықтарға тоқталып соның ішіндегі Барса келмес қорығына тоқталып біріншіден Барсакелмес қорығының жерберіне және де жануарлар дүиесіне тоқталамыз. Барсакелмес қорығының климаты және жер бедеріне байланысты бөлінеді және топырағының түсінің әр түрлілігінің тарлуы жайында айтылған. Барсакелмес қоырғының жануарларының түрлері және жердің аумағы қорықтардың мақсаты жайлы айтамыз және Барсакелмес қорығының зерттеген ғылыми жұмыстарға тоқталамыз. Барсакелмес мемлекеттік қорығы. Барса келмес мемлекеттік қорығы 1939 ж. ұйымдастырылған. Ал Арал теңізінің Солтүстік батысында белгіленген. Барсакелем с аралында орналасқан. Әкімшлілік терреториялық бөлінісі жағынан қорық Қызылорда облысының Арал ауданына қарайды. ....