Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Курстық жұмыс: Медицина | Қояншық ауруы

Курстық жұмыс: Медицина | Қояншық ауруы

Курстық жұмыс: Медицина | Қояншық ауруы казакша Курстық жұмыс: Медицина | Қояншық ауруы на казахском языке
Мазмұны
1. Қояншық ауруына анықтама
2. Эпилептикалық ұстама: оның себептері, әртүрлі формалары
3. Үделенген эпилептикалық ұстамалар.
4. Күрделі психопатологиялық көрінісі бар ошақтық ұстамалар
5. Қояншық ауруы кезіндегі психикалық кеселдер
6. Қояншық ауруының реакциялары және
қояншық ауруының синдромдары
7. Қояншық ауруы кезінде не істеу керек?
8. Диагностика мәселелері
9. Қояншық ауруын емдеу
10. Қояншық ауруының тұқым қуалауы.

1. Кіріспе
1.1. Анықтама
Қояншық ауруы әдеттегі клиникалық байқау және арнаулы зерттеулермен де анықталатын; әртүрлі себептерден болатын, нерв клеткаларының үлкен төптарандағы тым күшті разрядтардың және тағы да басқа кеселдердің нәтижелерінде пайда болатын қайталанатын ұстамалармен көрініс беретін бас миының созылмалы ауруы.
1.2. Эпилептикалық ұстама: оның себептері, әртүрлі формалары
Ұстамалар, соншамалық, аурудың ең бір анықтамалық белгісі де емес. Қысқаша айтқанда, ми клеткаларының өзара ақпарат алмасуы, осы клеткалар шығаратын өте әлсіз әлектр импульстары арқылы жүзеге асады. Қояншық ауруы кезінде, нерв клеткаларының мүмкін, кейбіреунерінің ғана «Қозуы күшейеді. Нәтижесінде импульстар жиіленеді. Осындай қозғыш клеткалардың мөлшері қанудайда бір» шекті массаға жеткенде , тізбекты реакция немесе резонанс: бір клетканың шектен тыс қозуы басқаларының, ал олар өз кезегінде одан да көп клеткаларды қамтиды және т.б. – пайда болады. Тяжеуші механизмдер жылдап өсіп бара жатқан қозуды тоқтата алмайды да, ол бас миының толық «қанды көбігіне» айналады. Бұл кезде естентану болады. Ұстама бірнеше минутқа жалғасады. Мұндай ұстамадан кейін ауру ұзақуақыт өзіне келеалмайды: ес біртіндеп оралады немесе естен тану ұзақ ұйқыға ауысады. Жанталасу дәрежесі әртүрлі болады. Бір жағдайларда тониқалық жанталасу басым болса ( яғни бұлшық еттердің күшті де ұзақ құрысуы), енді бір жағдайларда – клоникалық жанталасу ( яғни күшті де серпілімді ырықсыз қиқимылдар). Мұндай ұстамалар көпшілікке белгілі, кейбіреулер бұларды Қояншық ауруының жалғызкөрінісі деп санайды, бірақта олардың одан да басқа көп турлері бар.
1.2.1. Үделенген эпилептикалық ұстамалар.
Егер де қозу үделенсе , яғни бас миының қыртысын толық қамтыса, ұстама естен танумен жалғасады, ал ауру адам өзіне не болғанын есінде ұстамауы мүмкін.
1.2.1.1. Үдемелі жанталасу ұстамалары
Ми бөлімінің бұлшық еттерді басқаратын бөлімдеріндегі шеткен тыс қөзу жағдайларында, жанталасуы – бұлшық еттердің өте күшті құрысып, сонын ырғақты жиырлып, дірілдеуі- пайда болады. Бұл кезде ауру құлайды, ауыр жарақаттар алуы да мүмкін, тілін, бетінің іш жағын немесе еріндерін тістеп алады, қан араласқан сілекей шығарады. Кейде ұстамада дене алдығы ақырын, «амандасқан» тәрізді тіледі. Басқа жағдайларда дененің алдыға қозғалуы жылдам, оқыс болады да, құлаументынып әдетте маңдайдың, мұрынның, тізелердің жарақаттарына әкеледі. Ырықсыз қимыл алдыға емес артқада болып, көз ұяларының үстегі «тоңкерілуімен» бас пен қолдардың жоғары көтерілуімен жалғасып шалқая құлаумен тынады. Кіші ұстамалар балалар мен жасоспірімдерде жиі болады. Мұндай ұстамалар өте жиі боліп күніне – ондаған немесе жүздеген рет болуы мүмкін. Олар үнемі көзге ұрмайды, оларды кейде байқасада Қояншық ауруының корінісі деп санамайды.
1.2.1.2. Үдемелі кіші ұстамалар.
Бұларда да естен тану болады немесе сана «жоғалады» , бірақта мұнда құдау және жанталасу әдетте болмайды. Ауру бірнеше секундқа қатып қалады, сөйлемейді , әңгіме желісін жоғалтады, бастаған қимылын тоқтатады, қолында ұстап тұрған затын түсіріп алады да және т.б. Кейбір уақытта бұл кезде аздаған қимыл-қозғалыстар: жиі жыпылықтау, қабақ тартылу, көз «төңкеру» , бұлшықеттердің құрысуы немесе босаңуы және т.б.-болып тұрады бір бөлімдерін қамтып, процесс тежеаусіз болып кетеді.
Мида мұндай мектен тыс қозулар жиі болып тұра алады. Бірақ бұлардың кез келгені ұстамаға әкелмейді. Эпилептикалық ұстама дамуы үшін шектен тыс қозу мидың үлкен бір ауданын қамту керек. Мұндай аудандардың орналасуы әртүрлі болуы мүмкін. Эпилептикалық ұстаманың көрінісі, шектен тыс қөзу болатын ми бөлімінің не үшін жауап беретіне байланысты.
1.2.1.3. Үдемелі миоклоникалық ұстамалар.
Үдемелі ұстамалардың тағы бір түрі-миоклоникалық деп аталатындары. Олар, дірілдеуге өте ұқсас, бұлшық еттердің өте қатты құрысуымен айқындалады. Ауру біреу аяғынан шалғандай, шабылғандай құлап түседі. Бұл кезде ол үлкен жарақаттар алуы мүмкін. Сана бұл жағдайда жоғалмайды. Ұстама өте қысқа, аяқ астынан болады.
1.2.2. Ошақтық эпилептикалық ұстамалар.
Егер де қозу мидың бар қыртысынемес, тек шектелген ауданын–фокусты- қамтыса ол ошақтық, локалдық, парциалдық деп аталады. Ұстаманың көрінісі сол ми ауданының қандай қызметке «жауап беретіне» байланысты болып келеді.
1.2.2.1. Ошақтық қимыл ұстамалары.
Егер де сол ми ауданы қимылды (қозғалысты) бақыласа – ұстама, қимылдармен, жанталасулармен көрініс береді. Үдемелі ұстамалардан бір айырмашылыға бұл қимылдар бұлшық еттердің белгілі бір топта емес, дененің оң және сол жақ бөліктерінде әртүрлі дәрежеде болыпкеледі. Мысалы, қол басындағы бұлшық еттерден басталып, біртіндеп білекке, иыққа, аяққа, дененің жартысына, кейде дененің барлық бұлшық еттеріне таралатын жанталасу дірілдеулерден болады. Дененің бір жаққа бұрылуы, орнында «айналуы» және т.б. болуы мүмкін.
1.2.2.2. Ошақтық сенсорлық ұстамалар.
Патологиялық қозумен қамтылған ми ауданы сезім мүшелерінен ақпаратты өңдеуді бақылаған жағдайларда, ұстама, сәйкесі, әдетте жай, элементарлық сезімдермен бірге болады. Олар мәселен, дененің әр бөлігіндегі қандай да бір сезімдер( мысалы, «қолқа астандағы» тусінісксіз сезімдер), көзде жарқын түсті боямалар, жарқындвудың пайда болуы қандайда бір шулардың естілуі, ештеңемен байланыспаған иістердің болуы, сүйкімсіз дәмдердің сезілуі, бас айналуы, тепе-теңдікті жоғалту және т.б.
Мидың қандайда бір бөлімі элементарлық қимылдар, сезімдерге ғана емес, сонымен бірге одан да курделі қызметтерге жауап бергенде, бұданда күрделі таңғаларлық көріністер байқалады.
1.2.2.3.Ошақтық психомоторлық ұстамалар.
Мынандай психомоторлық ұстамалар болуы мүмкін: ауру қандай да бір күрделі, бірақ әдеттегі, мағынасыз әрекет жасайды, мысалы, ол шешінеді, заттарды әртүрлі қояды және т.б. Біздің бір ауру әдетте осындай жағдайда жоғары көтеріліп, шкафка, тоңазытқышқа кіретін. Ұстамалар кезіндегі өз әрекеттері туралы аурулардың есінде ештеңе сақталмайды.
1.2.2.4. Күрделі психопатологиялық көрінісі бар ошақтық ұстамалар.
Кейбір уақыттарда өте таңғаларлық сезімдердің, күй кешулердің болуы мүмкін. Бұлар Қояншық ауруыға өте тән «бұрын көрілген» және «ешқашан көрілмеген» сезімдер: қоршаған ортада (ауру, мүмкін, мұнда ешқашан болмаса да) өте таныс, бұрын оның барлығы болған, бірақ еске түспейтіндей жайт болады, ал басқа бір жағдайларда, таныс дүние өзгеріп, танымайтындай, жұмбақ көрінеді.
Ал басқа бір жағдайларда жарқын көру, есту, жабысқақ ойлар, құбылыстардың лектерінің пайда болуы мүмкін. Кейде көңіл-күй ырықсыз өзгереді: ол көтеріңкі болып, сондай бір «шабыт», немесе жабыраңқылық, ызалану күйлері пайда болады. Ошақтық ұстамалардың кейбір жағдайларында аурулардын санасы алжасады, оларды әдеттен тыс сезімдер, күй-кешулер билейді. Мұндай жағдайлар өте ұзаққа созылуы мүмкін, аурулардың мінез-құлқы ешбір өзгеріссіз сияқты көрінуі мүмкін, бірақ мұндай ұстамалардан кейін олар ештеңені есіне түсіре алмауы да мүмкін.
1.2.3. Екіншілі үдемелі эпилептикалық ұстамалар.
Ошақтық ұстамалардың көпшілігі жалпыланған жанталасу ұстаманың бастамасы да болуы мүмкін; мұндай жағдайларда жоғарыда бейнеленген ұстамалардан кейін сөна-сөнеді де, адам құлап, жанталасу дамиды. Осындай жағдайларда екіншігі үдемелі ұстамалар туралы айтады.
1.3. Қояншық ауруы кезіндегі психикалық кеселдер.
Бұлар үнемі бола бермейді. Қояншық ауруымен ауыратындардың көпшілігінде психикалық кеселдер болмайды. Сондықтан да Қояншық ауруы – ең бірінші неврологияның саласы және оны емдеу психиатрлар емес, әуелінде невропатологтардың құзырында. Кейбір жағдайларда психикалық өзгерістер дегенмен де пайда болады. Олардың ең бір жеңіл көрінісі – мінез-құлықтың өзіндік өзгеруі шектен тыс кірпияздық егжей – тегжейлілікке бейімділік, майдашылдық, тұтқырлық болып табылады. Мұны жаман деп айтуға да болмайды. Мұндай аурулар, сау деп аталатындарға қарағанда кірпияздық пен төзімділікті қажет ететін ауыр жұмысты істеуге қабілетті, жауапты болып келеді. Бұдан да ауыр бұзылуларда есте сақтау мен естиярлықтың төмендеуі мүмкін. Ал кейбір ауыр жағдайларда кемақылдықтың дамуы мүмкін. Сирек жағдайларда Қояншық ауруы кезінде сананың алжасуы, галлюцинациялар, сандырақтар, ерсі қылықтармен болатын психоздар кездеседі. Психоздар көбінесе жылдам, қайтарымды, ал созылмалы түрлері азғантай ғана кездеседі.
Мынандай жалпы заңдылықты көрсетуге болады: ауру ерте басталып жиі және ауыр ұстамалар болса психикалық кеселдердің даму қаупі өте зор болады. Сондықтан да Қояншық ауруыны дер кезінде анықтап, емдеу,; әсіресе балалық және жасөспірімдік жас кездерінде, өте маңызды болып келеді.
1.4. Қояншық ауруының реакциялары және Қояншық ауруының синдромдары.
Жоғарыда бейнеленген эпилептикалық ұстамалар да, соған ұқсас немесе одан айырмашылығы бар ұстамалар басқа көптеген аурулар мен жағдайларда кездеседі. Эпилептикалық ұстама организмге қандай да бір сыртқы өте күшті тітіркендіргіштерден де пайда болады. Ол, мысалы, кішкентай балалардағы өте С-тан жоғары). Бұл әртүрлі улардың әсері (әдеттегі үлкен температура (39-40 көп таралғаны – алкоголь) болуы мүмкін. Бұл қант диабеті кезіндегі қанттың қандағы мөлшерінің жеткіліксіздігі немесе артықшылығы және т.б. Мұндай ұстамалар оның себептерін – сыртқы тітіркендіргіштерді жойғанда тоқтайды. Ұстамалардың С – температурадан)әлсіздей тітіркендіргіштерден (мысалы, азғантай – 37-38 пайда болуы организмнің ұстамалардың дамуына жоғары дайындығын көрсетеді. Эпилептикалық ұстамалар қандай да бір ауыр кеселдердің (мысалы, бассүйек ішіндегі ісіктер), травмалардың симптомдары болуы мүмкін. Бәрібір эпилептикалық ұстама - өте қауіпті симптом. Мұндай жағдайда Сізге тек дәрігер ғана көмектесе алады.
2. Қояншық ауруы кезінде не істеу керек?
2.1. Диагностика мәселелері.
Егер де сізде немесе Сізге жақын адамда эпилептикалық немесе соларға ұқсас ұстамалар болса, не істеу керек? Ең алдымен дәрігер-невропатологқа қаралыңыз. Қазір барлық дәрігерлер (жанұялық, участкелік, педиатрлар және т.б.) шұғылданады. Сізге тек маманға, невропатологқа жолдама беруге қол жеткізіңіз! Егер де ұстама өмірде бірінші рет пайда болса, онда арнаулы зерттеулер тағайындалады (кәдімгі неврологиялық, қарау, электроэнцефалография, эхоэнцефалоскопия, көз түбін зерттеу, бас сүйегін рентгенологиялық зерттеу және т.б.). Олардың мақсаты, ең алдымен емдеудің дәлірек жолдарын табу үшін; ауырда, қауіпті ауруларды, бірінші кезекте бассүйек іші ісіктері мен басқа құрылымдардың болмауын қадағалау, сонымен бірге ұстамалардың табиғатын анықтау (жалпыланған немесе ошақтық және т.б.) болып табылады. Кейбір күрделі жағдайларда басқа зерттеулерді тағайындайды (мәселе: компьютерлік томография, нейрохирургтің қарауы). Көп жағдайларда неврологиялық стационарда қаралып тексеріну қажет болып қалады. Егер де сөз жекелеген ұстамалар туралы болса, дәрілерді таңдап тағайындау, әдетте өткізілген зерттеулерден кейін істейді, өйткені дәрілік препараттар кейбір өзгерістерді жасырып тастауы мүмкін.
2.2. Қояншық ауруын емдеу.
Диагноз қойылып, дәрігер Сізбен бірге емдеу жөнінде шешім қабылдағанда, әртүрлі препараттар тағайындалады. Ең алдымен бұлар эпилептикалық ұстамалардың алдын алатын, пароксизмге қарсы немесе антиконвульсанттар (біздің елімізде жанталасуға қарсы препараттар деген дәл емес атау терең тамыр жайған) деп аталатын, арнаулы препараттар. Әртүрлі жанама дәрі-дәрмектер тағайындалуы мүмкін. Кейбір жағдайларда, аурудың ата-аналары, егер ауру бала болса, әртүрлі «дәстүрлі» және «дәстүрлі емес» жолдар мен төсілдерге жүгінеді. Бұлар әртүрлі экзотикалық препараттар, дәрілік шөптер, гомеопатия, инемен емдеу, шынығудың әртүрлі жүйелері, психотерапевтикалық әдістер, экстрасенсорика, халық емінің әдістері («қорқуды шығару», «көз, тіл тиюден» айықтыру) және т.б. болуы мүмкін. Мына заттарды жақсы білу керек: бұл әдіс-тәсілдердің кейбірі ең жақсы дегенде аздаған көмектік әсері болады, ал басқалары ең жақсы дегенде зиянсыз, ал кейбіреулері, егерде соңғы уақытта емдеу бизнесінде арамза адамдардың көбеюін ескерсек, зиян әкелуі мүмкін. Біз ата-аналардың ауру баласы үшін барын салатындарын білеміз, бірақта қандайда бір әдеттен тыс әдіс-тәсілдерге бойсалғанда өте сақ болыңыздар. Ең алдымен, Қояншық ауруы диагностикасымен емдеу мәселелерінен білікті дәрігермен ақылдасыңыздар. Кейде дәрігердің біліктілігі күмән туғызса (өкінішке орай, ондай күмәнділіктер негізсіз емес) – сіздің регионыңыздағы жетекші мамандарға қаралыңыз. Барлық өркениетті әлемде Қояншық ауруыны емдеу әдісі ең алдымен медикаментті екенін, ал бұл препараттардың жиынтығы (әртүрлі фирмалық атауларына қарамастан) онша үлкен еместігін есіңізде ұстаңыз. Қазір осы жиынтықтың совет уақытындағыдай емес, бәрі біздің аптекаларда бар (рас, олардың сатылуында үзілістер болып тұрады, бағалары да...). Егерде Сіз емнің қандай да бір түрін қолдансаңыз, жанталасуға қарсы препараттарды қабылдауға тиым салатын талап, Сізді сақтыққа шақыру керек – бұл өте қауіпті болуы мүмкін!
Дәрігер жүргізілген зерттеулер бойынша, қай препараттың тек Сіздің жағдайыңызда пайдалы болатынын шамамен анықтай алады. Тіпті өте тәжірибелі дәрігер де керекті препаратты «шеше» алмайды. Емдеу, әдеттте, азғантай бастапқы дозадан басталады, оны сосын жоғарылатады. Дозаны күтілетін эффектіге дейін жоғарылатады – ұстамалардың тиылуы немесе сиреуі, немесе қандай да бір қажетсіз жанама эффектілерге дейін. Егерде препараттың ең үлкен дозалары эффект бермесе, немесе ауыр қабылданса, онда қабылдау тоқтатылады, басқа препарат тағайындалады. Бұл процедура, әсіресе сирек ұстамалар кезінде, бірталай уақыт алуы мүмкін: өйткені препараттың әсерін бағалау үшін, тым құрыса ұстамалардың орташа жиілігінен асатын уақыт қажет болады.
Препараттың таңдалып жиынтықталып алынған дозасын, қабылдау уақытын өткізбей, өте ұқыпты қабылдау керек, өздігінен дозаны өзгертуге тырыспаған жөн. Мұндай әрекеттер өте қауіпті болуы мүмкін. Препаратты ұзақ уақыт қабылдауға тура келеді. Әдетте, тіпті ұстамалар мүлдем тиылғаннан кейін де, қабылдауды бірнеше жыл жалғастырады, сонан соң дәрігердің бақылауы мен арнаулы зерттеулердің нәтижелерінен кейін дозаны өте байқап азайтады, тек сонан соң тағайындалған препаратты қабылдауды тоқтатады.
2.2.1. Талмағы қарсы препараттардың жанама эффектілері.
Талмағы қарсы препараттардың жанама эффектілері туралы көптеген қауіптер айтылады («бауыр мен бүйректер отырғызылады», наркоманға айналдырады және т.б.). Препараттарға, әдетте барлық болуы мүмкін асқынулардың ұзын тізімі көрсетілген нұсқаулар беріледі, олар кейбір адамдарға үлкен қорқыныш тудырады. Одан қорқып қажеті жоқ, анда барлық, тіпті өте сирек кездесетін жанама эффектілер тізбектеледі. Бұл ең алдымен препаратты шығарушы фирманың ар-ұятын көрсетеді. Қазіргі талмаға қарсы препараттардың улылығы өте аз және олар әдетте жеңіл көтеріледі. Әрине, жанама эффектілер болып тұрады да, бірақ олар өте сирек. Олардың пайда болуынан кішкене сезік тенсеңіз дәрігерге қаралыңыз. Қалай болса да әрбір болатын ұстаманың миға тигізетін зияны, препараттардың болып қалуы мүмкін зиянынан әлде қалай үлкен болады.
2.3. Эпилептикалық ұстама, сериялық талмалардағы, эпилептикалық статус кездеріндегі алғашқы көмек.
Эпилептикалық ұстама кезінде не істеу керек, ауруға қалай көмектесу керек?
Біріншіден, көмек көрсетушінің өзі байбалам салмауы керек, абыржымай, тез де шешімді әрекет етуі керек. Талма ұстамалы аурулар көмекті ең көп қажет етеді. Ең алдымен адамды болып қалуы мүмкін зақымдардан қорғау керек, құлап баражатса ұстау керек; өткір қырлары, ұштары бар заттардан; ыстық заттардан; өрттен, ыстық судан және т.б. аулақ жатқызу керек. Ұстаманың бастапқы кезінде әдетте ауыз ашылады, сонан соң шайнау бұлшық еттерінің құрысуынан тістер берік жабылады, ал одан кейін шайнау қимылдарының болуы мүмкін. Бұл кезде тілдің, ұрттың ішкі жақ тары, еріндер шайналып қалуы мүмкін. Бұл болмауы үшін тістер арасына бір нәрсе қыстыру керек. Оны ұстаманың бастапқы кезінде, ауыз ашық тұрғанда істеу қажет. Егерде жақтар қатты қысылып тұрса, ауызды күшпен ашып қажеті жоқ: тістермен жақты және т.б. зақымдап алу мүмкін. Егер де үлгерсеңіз азу тістердің арасына (алдыңғыларына емес) қандай да бір зат қыстырыңыз. Бұл тістерді бүлдіретін металл зат болмауы керек. Ол сынғыш зат та болмауы керек (ағаш, пластик), өйткені ол сынып қалып, қалдықтары жыныс жолдарына кетіп қалуы мүмкін. Ең жақсысы шиырмықталған тканьді (орамал, бет орамал, киімнің шеті) немесе резина түтікті қолданған дұрыс. Зақымдар алмау үшін бас пен қол-аяқты ұстап тұру керек, бірақ та оны күшпен, бұлшық еттердің жиырылуына қарсы, аяқ-қолға отырып алып және т.б. істемеу керек. Талма ұстамасы кезінде тыныс мусулатурасының құрысуынан тыныстың жарты минутқа созылатын қысқаша тоқтауы мүмкін.
Жасанды дем алдыруды жасамау керек: мұндай жағдайда оның мүмкін де пайдалы болуы неғайбіл. Жанталасу немесе құрысу тиылғаннан кейін дем алу өздігінен қалпына келеді. Негізінен жанталасудың өзі ұзаққа созылмайды, бірақ олар тиылғаннан кейін ауру әліде көмекке зәру болады. Ең алдымен еркін тыныс алуды қамтамасыз ету керек ауыз қуысынан тыныс алу жолдарына кетіп қалып, тұншығуға әкелетін; барлық заттарды-тамақты, құсу массаларын, тіс протездерін және т.б. алып тастау керек. Ауруды бір жақ жанына жатқызу керек. Бұл тілдің таңдайға жабысуын және сілекейдің тыныс алу жолдарына кетіп қалуын болдырмайды. Егерде ұстамадан кейін ұйқы басса, аурудың жанында біреу болу керек. Егерде ұстамадан кейін адам өзін ерсі ұстап, қоршаған ортаны танымаса, жүруге тырысса және т.б. оны ақырындап ұстап, және ұяқтап, жатуды ұсыну керек. Ауру толық «өзіне келгенше» қарап ұстауды қажет етеді. Егерде ұстама көшеде болса, және сана ұзақ уақыт қалпына келмесе ауруды жақындағы аурухананың қабылдау бөліміне жеткізу немесе «жедел көмекті» - шақыру керек. Егерде ауру жылдам «өзіне келсе», егерде Сіз мұндай ұстамаларды бұрын да көрсеніз, егерде бәрі де қалыпты өтсе, өмір мен денсаулыққа тура қауіп болмаса - «жедел көмекті» шақырып қажет емес. Өмірде алғашқы рет болған ұстама, бұрыннан ауыратын адамның ұстамаларының жиілеуі, ұстамадан кейін сананың ұзақ уақытқа бұзылуы – «жедел көмекті» шақырудың тікелей себептері болады.
Егерде ұстамалар бірінең соң бірі болып, арасында сананың толық қалпына келуімен жүрсе, бұл үрей туғызуға себеп болады, Бұл неге байланысты екенін, ең алдымен талмаға қарсы препараттардың қабыл дауында қателіктер болды ма, соны табуға тырысу керек.
Дәрігерге қаралғанға дейін ауруға әдетте қабылдап жүрген талмаға қарсы дәрінің қосарланған дозасын беру керек.
Арасында ауру «өз өзіне келмейтін» бірінен соң бірі болатын ұстамаларды «эпилептикалық статус деп атайды. Бұл өте қауіпті, өмірге қатер төндіретін жағдай. Ауруды реанимациялық бөлімі бар стационар немесе қарқынды терапиялы палатасы бар неврологиялық бөлімге тезірек жеткізу керек. Мұндай жағдайларда «жедел көмекті» шақыру керек. Егер Сізде сәйкесінше дағды болса, талмаға қарсы препаратты егіңіз.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 34 | 22.01.2019



Загрузка...

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Қояншық ауруы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар медицина жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Қояншық ауруы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар медицина жобалар курстық жұмыстар, Курстық жұмыс: Медицина | Қояншық ауруы дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін