Дипломдық жұмыс: Бағалау | Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау

Дипломдық жұмыс: Бағалау | Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау казакша Дипломдық жұмыс: Бағалау | Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау на казахском языке

Мазмұны

Кіріспе...................................................................................................................

Шаруашылық техникалық-экономикалық сипаттамасы.................................
1- тарау. Бағалау жұмысын ұйымдастыру және реттеу...................................
1.1. Бағалаудың мақсаты және құнның түрлері...............................................
1.2. Бағалау жұмысын ұйымдастыру және құқығын реттеу............................
1.3. Бағалау қызметін лицензиялау тәртібі........................................................

2- тарау. Кәсіпорынның қаржы жағдайы және бизнес ретінде
келешекте дамуы......................................................................................
2.1. Талдамалық жұмысқа әдістемелік көзқарас................................................
2.2. Бухгалтерлік есептің негізі және қаржылық есептілікті жасау.................
2.3. Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау......................................................

3- тарау. Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын талдау......................................
3.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты.......................
3.2. Баланстың активі мен міндеттемелерінің көрсеткіштерін талдау.............
3.3. Баланс өтімділігін талдау...............................................................................
3.4. Кәсіпорынның төлем қабілеттігін талдау.....................................................

Қорытынды..............................................................................................................
Пайдалынған әдебиет.............................................................................................

Қазіргі нарықтық экономикалық қатынастарға көшу барысында, кәсіпорындардың экономикалық және құқықтық жауапкершілігі өсуде. Шарушылық субъектілердің қаржылық тұрақтылығының мәні тез ұлғаюда. Бұның барлығы олардың қаржылық жағдайын талдаудың, ақша қаражаттарын қолдану және орналастыру ролін елеулі жоғарлатып отыр. Бұндай талдаудың нәтижесі ең алдымен меншік иелеріне, сондай – ақ кредиторларға, инвесторларға, менеджерлерге және салық органдарына қажет.
«Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жақсару жолында» Қазақстан Республикасының Президентінің 2005 жылдың 18 ақпанындағы жыл сайынғы жолдауында “шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек” делінген. Экономикамыздың тіреуі болып табылатын, орта және шағын бизнеске қолайлы жағдай туғызып қана қоймай, оның тұрақтылығын қамтамасыз етуіміз керек. Кәсіпорынның аяғында нық тұруы, оның дамуы республикамыздың экономикасының әл- аухатын жақсарту үшін маңызы зор.
Бұл жұмыстың басты мақсаты – «Алаугаз» АҚ қаржылық жағдайын зерттеу, қаржылық қызметінің негізгі проблемаларын анықтап, қаржылық жағдайын бағалау және басқару үшін ұсыныстар жасау.
Қойылған мақсат бойынша келесі мәселелерді шешу керек:
• балансқа шолу жасап, оның өтімділігін талдау;
• кәсіпорынның мүлкінің сипаттамасы: негізгі және айналымдағы қаражаты және оның айналымдығын, проблемаларын анықтау;
• қаржылық тұрақтылығын бағалау;
• пайда және рентабельділгін талдау.
Зерттеу объектісі «Алаугаз» акционерлік қоғамы болып табылады. Зерттеу пәні – кәсіпорынның қаржылық процесі және оның шаруашылық қызметінің ақырғы нәтижесі.
Талдау жүргізу барысында келесі тәсілдер мен әдістер қолданылды:
- көлденең талдау, тікелей талдау;
- коэффициенттерді талдау:
- салыстырмалы талдау.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъекті ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіндік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғары жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдерінің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталғаны белгілі.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай – күйінің орнықтылығының негізі оның қаржылық тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатынын еркін алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағадайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту үшін басшылыққа алынатын нақты ұсыныстар жасауға болады.




Шаруашылық техникалық-экономикалық сипаттамасы.
«ТұранӘлем» Банкі республикадағы ең алғашқы банктердің бірі, оның тарихы 1925 жылдан басталады. Қазіргі таңда Банктің акционерлер құрамында мынадай ірі халықаралық қаржылық институттар кіреді: Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі (ЕБРР), австриялық Райффайзен Централ Банк, Германиялық инвестициялық DEG компаниясы, Халқаралық қаржылық корпорация, Голландық даму банкі.
«ТұранӘлем» Банкі корпоративтік, сонымен қатар, бөлшектік жүйеге мамандандырылған және Қазақстан бойынша 23 Бөлімшесі мен 211 Есеп айырысу кассалық бөлімдерден тұратын бөлімшелік жүйесі бар Республикадағы алдыңғы қатарлы банктердің бірі болып табылады. Банктің 3 өкілділігі бар: Ресейде, Украинада және Қытайда.
Банктің рейтінгі тұрақты түрде жоғарылауда, яғни 2003 жылдың 28 мамырында халықаралық Standard & Poor’s агенттігі Банктің 225 млн.$ көлемінде долларлық кепілденген облигацияларды шығару туралы “BB” рейтінгін иемденгені жөнінде жариялады. Одан бұрын Mood’s агенттігі бұл облигацияларға Baa3 деңгейіндегі рейтингі берілген. Бұл –ТМД–ң барлық қаржылық институттары арасындағы ең жоғарғы болыптабылады, инвестициялық класстың рейтингтері.
«ТұранӘлем» Банкі АҚҚ өзінің банктік қызмет нарығындағы позициясын белсенді түрде дамыту және нығайту үстінде. Банктің тұрақтылығы бір жылдың ішінде қалыптаспайтындығы және ол өз жұмысын басқаруда қолданатын қағидалар мен анықталатындығы баршаға белгілі. «ТұранӘлем» Банкі үшін бұл қағидалар: банктің даму стратегиясын нақты жоспарлау, қызметті әмбебаптау, қызметкерлердің проффесионалдығы, банкті басқару оперативті, клиенттермен тұрақты жұмыс.
2002 жылдың нәтижелері Банктің дамуының жағымды сипатын айқын көрсетеді және болашаққа оптимистік болжам жасауға мүмкіндік береді. Банктің меншікті капталы 2001 жылмен салыстырғанда 45,7% өсіп, 290 118 млн теңгені құрады, ал банк активі сәйкесінше 43,2% өсіп, 2002 жылдың 31желтоқсанында 225 248 млн теңге болды. Жыл қорытындысы бойынша пайда 208% артып, 4 989 млн теңге құрады, ал ссудалық портфелі өскеніне қарамастан оның жалпы активтер саласындағы үлесі өткен жылғы деңгейде сақталды да, 2002 жылдың 31 жетоқсанына 61% тең болды. 2002 жыл бойы тұтынушылық несиелерінің көлемі 136% артып, 7 млрд теңгеден асып түсті. 2003 жылдың 7 ай қорытындысы бойынша «ТұранӘлем» Банкінің активтері тағы да 27,6% өсіп, 1957 млн долларды құрады және меншікті капитал 10,4% артып, ал пайда 16,2 млн долларға тең болды.
Банк қызметінің келесідей бірнеше негізгі бағыттыры бар: Қазақстан экономикасының нақты секторының дамуына үлес қосуда; клиенттерге жоғары сапалы қызмет көрсетуді кепілдендіре отырып, көрсетілетін қаржылық қызмет спектрін дамытады; Қазақстандық инфрақұрылым дамуына ықпал жасайды; Қазақстан Үкіметінің әлеуметтік бағдарламаларына белсенді қатысады; банктің қаржылық тұрақтылығын жоғарылатады; халық жағынан да, сонымен қатар, халықаралық институттар жағынан Қазақстанның банктік жүйесіне сенімділіктің артуына үлес қосады. Оның негізгі өнімдері болып қаржыландыру, қаржы көздерін тарту, қызмет көрсету болып табылады. Банктің қызметі корпоративтік және банктік операцияларды жүргізуден, саудалық қаржыландырудан, шағын, орта бизнес субъектілеріне және жеке тұлғаларға қызмет көрсетуден, бағалы қағаздар және валюта нарығы бойынша қызмет ұсынудан тұрады. Банк әлемнің көптеген алдыңғы қатарлы өнеркәсіптік компаниялардан құралатын кең диверсификациялық клиенттік базаға ие.
Банктің потенциалын дамыту және нығайту мақсатында қаржылық қызметті кеңейту үшін «ТұранӘлем» Банкінің қаржылық тобы құрылған. Бұл топ басты банкті қоса алғанда, келесі компанияларды ұсынады:
• Сақтандыру қызметінің нарығы: «БТА» Сақтандыру компаниясы, «Династия» Сақтандыру компаниясы;
• Зейнетақы қорлары: «Қазақстан» мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры, «Құрмет» мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры;
• Ломбардтық қызметтер: «Алтын-орда»;
• Ипотекалық несиелеу нарығы: «БТА Ипотека»;
• Қаржылық лизинг нарығы: «БТА Лизинг»;
• Бағалы қағаздар нарығы: «ТуранАлем Секьюритис»;
• Клирингтік қызметтер: «Алматы қалалық клирингтік палатасы»;
• Халықаралық нарықтар.
Банктің ірі клиенттеріне кіретіндер: мұнай-газ, телекоммуникациялық компаниялар, тау-кен, тамақ, метталлургия, өңдеу, ауыл шаруашылығы өнеркәсіптік мекемелері, көтерме-бөлшек сауда, қызмет көрсету компаниялары. 2003 жылдың 1 қаңтарына Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары бойынша Банктің рыноктағы үлесі келесідей көрсетілген:
• Меншікті капитал бойынша -13,4% (екінші банк);
• Несие-нетто бойынша -18,4% (екінші банк);
• Депозит бойынша -17,7% (үшінші банк);
Банктің менеджментінің жоғары мамандандырылған потенциалы, оның даму тенденциясы сақталғандығы деп санауға негіз болады. Негізгі міндет –активтер мен пассивтерді барынша сенімді және тиімді қаржылық құралдарға мобильді және оптималды түрде орнықтыру. «ТұранӘлем» Банкі қызметінің тұрақтылығы клиенттерге персоналды қызмет көрсетуге қатынасты және жұмыстардың негізгі бағыттарын белсенді дамытуды: жедел депозиттерді тартуды, халыққа несие беру көлемін арттыруды, төлем карточкаларын пайдалану сферасын дамытуды қарастырады.
БТА «Славинвестбанк» ресейлік еншілес банк арқылы 100 млн доллардан аса мөлшерде ресейлік мекемелерді несиелендіруді 2003 жылдың мамырына БТА сыртқы қаржылық нарықтарға 225 млн доллар көлеміндегі 7 жылдық еурооблигацияларды орналастыруды аяқтады. Бұл қаражаттар Қазақстандық орта және ірі компанияларды несиелеуге бағытталған. 2003 жылдың 1 тамызында Лондонда БТА-ға 245 млн доллар мөлшеріндегі жедел займ ұсыну туралы «БТА» ААҚ мен Citigroup және Deutsche Bank AG London арасында келісімге қол қойылды. Қаражаттар нақты сауда келісім –шарты қарымқатынастарға бағытталды. “Dealogic” ақпараттық агенттігі бұл келісімді Қазақстандық банктер және ТМД –ның жеке банктері үшін синдицияланған займдар аясындағы ең ірісі деп атады. Бұл займның ерекшелігі оның 18 ай өтеу мерзімінде.
1 тарау. Бағалау жұмысын ұйымдастыру және реттеу

1.1. Бағалаудың мақсаты және құнның түрлері.

Кәсіпорынның құнын бағалау – кәсіпорынның нарықтық бағасын есептеу және негіздеу болып табылады.
Кәсіпорынды бағалау – өзіндік мақсатқа емес, нақты мәселені шешуге бағытталады. Бағалаушыға бағалау жүргізудің мақсатын білу керек, сонда ғана ол дұрыс әдістемелік құрал таңдай алады.
Кәсіпорын құнын бағалау қажеттігі келесі себептерге байланысты туындайды:
1) кәсіпорынды сату;
2) кәсіпорын мүлкінің бөлігін сату (жер учаскесі, ғимарат, құрылғы);
3) қайта ұйымдастыру (қосылу, бөліну және т.б.) және кәсіпорынның жойылуы, яғни меншік иелерінің және арбитраждық сот шешімі бойынша кәсіпорын болған кезінде;
4) құнды қағаздар нарығында кәсіпорын акцияларын сату-сатып алу (акционерлік меншіктегі кәсіпорынды сатып алу немесе оның бөлігі);
5) серіктестік немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі жарғылық капитал үлесін сату-сатып алу (үлесі ақшалай бірлікте бағаланады);
6) кәсіпорынды жалға беру. Жалдық төлемді анықтау үшін және жалға алушының кейін сатып алуы үшін (егер ол келісім-шартта белгіленсе) құны бағаланады;
7) кәсіпорынды дамыту инвестициялық жобасын жүзеге асыру үшін кәсіпорынның бастапқы құнын негіздеу қажет;
8) кәсіпорынды кепілге қою арқылы несие алу (ипотека);
9) кәсіпорын мүлкін сақтандыру;
10) мүлік салығын есептеу үшін салық базасын анықтау;
11) негізгі қорды қайта бағалау.
Осылайша, мүліктік комплексті бағалау құнынының дұрыстығы көбіне бағалау ауданын дұрыс анықталуына байланысты: сатып алу-сату, несие алу, сақтандыру, салық салу және т.б.
Кез келген мүлік құнын келесі бір –бірімен тығыз байланысты: біріншіден, кез келген бірнеше басқа мүлікке (ақшалай эквивалент мағынасында) осы мүлікті айырбастау және, екіншіден, мүлік иесі болашақта күтетін табыстардың ағымдағы құны ретінде анықтауға болады.
Құн, шығын және баға түсініктері арасында айырмашылық болуы маңызды. Құн – бағаланып жатқан мүлікке сатып алушының (инвестордың) қанша төлеуге дайын екендігін айқындайтын мөлшер. Шығын – бағаланып жатқан меншікке ұқсас объектіні құру үшін кететін шығындар мөлшері. Бұл шығындар мүмкін сатып алушы төлеуге дайын сомада өзгеше бағалануы мүмкін. Бір қатар факторларға тәуелді, сатып алушы қажеттігі, тең құнды объектілердің болуы және басқа сатып алушылардың белсенділігін қоса алғанда, бұл шығындар, бағалау датасына құны төмен немесе жоғары болуы мүмкін.
Құн мен баға өзара тек жетілген нарық жағдайында тең болуы мүмкін. Мүлікке байланысты құнды қолдану нақты шарттардың нәтижесі күтілетін бағаны құрайды. Баға – алдыңғы келісім –шарттарда ұқсас объектілерді сатып алуға қанша жұмсалғанын көрсететін факт. Тек талдау жасап, бағалаушы ағымдағы төленген немесе алынған баға мүліктің құнын көрсететін бекіте алады.
Құн туындайтын негізгі 4 шарт бар: сұраныс, пайдалылық, тапшылықтығы және меншік құқығын беру мүмкіндігі.
1. Сұраныс. Сұраныс – белгілі уақыт аралығында нарықта сатып алынуы мүмкін тауар (қызмет) немесе меншік объектілерінің саны. Сұраныстың өсуі бағаның өсуіне әкеледі.
2. Пайдалылық. Пайдалылық деп тауар (қызмет) немесе меншік объектісінің адамдардың белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетін айтады. Берілген зат қажеттілікті қанағаттандыруы жоғары болса, соғұрлым оған деген сұраныс жоғары болады. Пайдалықтың өсуі, әдетте бағаның өсуімен қатар жүреді.
3. Тапшылықтығы. Үлкен сұранысқа және жоғары пайдалылығына қарамастан, ешбір мүлікке тапшылық болмағанға дейін, оның құны болмайды.
4. Меншік құқығын беру мүмкіндігі. Кез келген зат оған меншік құқығын беру мүмкіндігі бар болған кезде ғана тауар болады (сәйкесінше, құны болады). Осылайша, мысалы, егер белгілі жер түрлерінің заңды күші бар заңнамаға сәйкес сату мүмкін болмаса, онда оның құны болмайды, бірақ бұл жерлердің жалдау құқығының нарықтық құнын бағалауға болады.
Мүлік құнын бағалау, жоғарыда айтылғандай, нақты бір мақсатпен жасалмауы (сату бағасын анықтау, ипотекалық несие алу, мүлікті сақтандыру және т.б.). Бұл бағалаудың мақсатын белгілеумен, ізделінетін құнды есептеуді таңдаумен шартталады. Бір мүліктің құны әртүрлі құнды анықтауды қолдану арқылы әртүрлі құны болады. Мысалы, өрттен сақтандыру үшін бағалау, ипотекалық несиелеу мақсатында бағаланудан өзгеше болады. Бірінші жағдайда құн мөлшері құрылғыларды қалпына келтіру шығындарымен анықталады, ал екіншісі жағдайда – ипотекалық несие төмендеуі тоқтатылған жағдайда объектінің ықтимал сатуға болатын бағасы.
Осылайша, бір мүліктің өзін бағалаудың белгіленуіне байланысты әртүрлі құны бола алады.
Әртүрлі қажеттіліктерге және орындалатын функцияларына байланысты бағалаушы практикада келесі құнның негізгі түрлерін қолданады.
Негізделген нарықтық құн – берілген мүлік түрінің бәсекелестік және ашық нарыққа тән бағасы. Бұл сатып алушы да, сатушы да керекті ақпаратпен қамсызданған және сырттан қандай болмасын басымдылық болмайтын экономикалық рационалды және ақылға қонымды іс-әрекет ететін ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Бағалау дипломдық жұмыстар, Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау, дипломдык Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын дипломдык жумыстар жо, Дипломдық жұмыс: Бағалау | Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін