Экономика | Алматы Құс ААҚ-ның несиелеуді ұйымдастыруын талдау

Еліміздің нарықтық экономикаға өткеніне аз уақыт болғанымен, жалпы экономикалық өсу байқалғаны барлығына белгілі. Дегенмен, ұлттық байлықтың молайуы мұнайға байланысты екені барлығымызды мазалайды. Өйткені, біздің экономикамыз тек әлемдік мұнай сұранысы мен бағасына тәуелді болмақ.
Сондықтан да республика экономикасын тұрақтандыру үшін тек табиғи байлықты қазып алумен ғана шектелмей, өндіру, өңдеу салаларын да дамыту бүгінгі күннің басты міндеті.
Кеңес Одағы кезінде үлкен қарқынмен жұмыс істеген зауыт, фабрикалар бүгінгі күні жекешеленді, ол толығымен сапалы өнім өндіріп, оны нарыққа бәсеке қабілеттілігі жоғары етіп шығару өте қиын. «Тұрмыс – ақшаға» тәуелді дегендей өнеркәсіптің жұмыс істеуінің қайнар көзі ақша-қаражаттар екені мектеп оқушысына да белгілі. Соңғы бес-алты жылда бұл мәселенің де шешілуі табылғандай.Еліміздің басын жүйесінің әлемдік стандарттарға сай дамуы экономиканың салалрына көптеген ақша-қаражаттарының келуін қамтамасыз етуде....
Курстық жұмыстар
Толық

Ана

Ана өмірдің шуағы,

Ана өмірдің шырағы.

Бәрінен де қымбат қой

Аннамның аппақ құшағы.
Тақпақтар
Толық

Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар! Көктемнің алғашқы шуақты күндерімен бірге Халықаралық аналар мерекесі баршаңызға құтты болсын! Әрбір отбасында тыныштық, береке тілей отырып ертеңгілігімізді бастаймыз
Жүздерінен мейірім мен нұр тамар,
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Алаңсыз да балғын шақта балалар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар

Құттықтау сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісі Рабиға Көптілеуқызына беріледі.
«Балдәурен» тобының тәрбиеленушісі Айнадинова Кәусардың орындауында «Маленькая страна» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Балалар жылдың қандай мезгілі?
Балалар: Көктем

Жүргізуші: Балалар, көктем аруын ортаға шақырайық
Балалар: Көктем, көктем

Көктем:
Мен көңілді көктеммін
Былтыр келіп кеткенмін.
Көзін ашып бұлақтың,
Түбіне тал еккенмін.
Гүл боп қырда егілем
Дән боп жерге себілем.
Жаңбыр болып жауамда
Нұр боп көктен төгілем.
Шуағын төгіп әлемге
Жылуын күннің әкелем
Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын! .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Биология | Жарықтың әсерінен элодей өсімдігі жапырағында хлоропласт санының өзгеруі

Фотосинтезге әсер ететін сыртқы жағдайлардың ішінде ең маңыздысы жарық болып есептеледі. Жарық өте нашар, болар - болмас жағдайда да өсімдікте фотосинтез жүзеге аса береді. Мысалы, күн батар кездегі күн сәулесінің өзі – ақ жеткілікті деуге болады. А. С. Фаминцын 1880 жылы фотосинтез қарқындылығын жарықтың әр түрлі деңгейінде анықтап, оның басталуы және жапырақта крахмалдың синтезделуі үшін жермай шамының жарығы да жеткілікті болатынын дәлелдеген. Жарық деңгейі тал түстегі күн сәулесінің 1/3 - не жеткенше фотосинтез қарқындылығы арта береді. Жер бетіне түсетін күн сәулесі одан әрі күшейгенде фотосинтез қарқындылығы шамалы жоғарылайды да, сол қалпында тоқтап қалады. Осы кездегі жарық деңгейін фотосинтездің жарықтық қанығуы, немесе қарқындылық шегі деп қаралады. Жарықтың қанығу деңгейінен жоғарылауы фотосинтездік аппаратты зақымдауы мүмкін. Себебі, мұндай жағдайда фотосинтездік тотығудың зиянды әсерінен ферменттер ырықсызданады. Жарықпен қаныққан кезде хлорофилдің қозған молекулалары шамадан тыс көбейіп, олардың энергиясы фотосинтезге толық жұмсалмай, басқа қажетсіз реакцияларға - ферменттердің тотығуына (карбоксилаза), т. б бағытта жұмсалады......
Ғылыми жобалар
Толық

Экономика | Дебиторлық кредиторлық борыштар есебін ұйымдастыру

Дебиторлық берешек – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы болып бөлінеді. Бухгалтерлік есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.
Саудалық дебиторлық берешек – негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы.
Саудалық емес дебиторлық берешек – іс-әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде (мыс: қызметтерге аванстар, шығынды жабуға арналған депозиттер алуға арналған дивидендтер мен % - р және т.б) пайда болады. Дебиторлық берешек 3 топқа бөлінеді:
1) алынуға тиісті шоттар;
2) алынған вексельдер;
3) басқалар.
Алынуға тиісті шоттарға : ақшалай қаражатқа, тауарға, көрсеткен қызметке, субъектілердің ақшалай емес активтеріне деген тілек – талаптары кіреді. Дебиторлық берешек алынуға тиісті шоттарды төлеу мерзіміне немесе борышты өтеу күніне қарай ағымдық және ұзақ мерзімді дебиторлық берешек болып бөленеді. Дебиторлық берешек саудалық шот фактурамен расталады. Алынған вексельдер бабы ресми борыштық міндеттемелермен расталады. Дебиторлық берешек пайда болатын сипатына қарай қалыпты және аяқталмайтын болып бөлінеді. Субъектінің өндірістік шаруашылық іс-әрекетінің барысында, сондай-ақ есеп айрысудың қолданыста жүрген нысандары мен пайда болатыны қалыптыға жатады. Мерзімінде төленбеген дебиторлық берешек аяқталмайтын болып саналады. Ол есеп және қаржы тәртібін бұрмаушылықтар, ұйымдағы және бухгалтерлік есеп жүргізудегі кемшілктер, тауарлық-материадық қорларды жіберуді бақылаудағы босаңсулар салдарынан пайда болады.
Қарыз капиталының қозғалысын несиелеу – ол пайыз түрінде қарызға төлем ақы ретінде қайтарылатын капитал. Несиенің объективтік қажеттілігі ең алдымен өнеркәсіп пен сауда капиталының айналымдық заңдылығымен байланысты. Несиелерді есепке алу үшін «Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер» бөлімшесіне енгізілген 4010 «Банк несиелері», 4020 «Банктен тыс мекемелердің несиелері», 4030 «Басқа да несиелер» сияқты пассивті шоттары пайдаланылады. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақсатн Республикасы Ұлттық Банкі бекіткен «Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес жүргізіледі. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қылмыстық құқық | Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау

КІРІСПЕ
Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол – заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Бұл күресте қылмыс жасаған адамға, оның жасаған қылмысына сәйке жаза тағайындалады. Жаза дегеніміз – соттың үкімі бойынша дайындалған мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және Қылмыстық Кодексте көзделгендей адамды құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Оны қылмыс жасаған адамға мемлекеттік ерекше орган – сот ғана үкім негізінде қолдана алады.
Қылмыс пен жаза - өзара тығыз байланысты құқықтық түсінік. Мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс үшін қолданылады.
Жазаға тән ерекшелік – міндетті түрде жазалаудың болуы. Жазалау дегеніміз – жазаның мәжбүрлеу, зорлау сипаты. Олар күш көрсету, моральдық, материалдық және басқадай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады.
Тағайындалған жазаның ауыр-жеңілдігі жасалынған қылмыстың сипатына және қаншалықты ауыр екендігіне, айыпкердің жеке басына және басқа мән-жайларға байланысты.
Әрбір мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының өз міндеті, өзіне тән мақсаты болады. Жазаның мақсаты - жаза тағайындау, оны қолдану және іске асыру арқылы мемлекет қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік нәтиже.....
Курстық жұмыстар
Толық

Аспап жасау | Siemens фирмасының контроллерін қолдана отырып, сорғы станция жобаларының автоматты басқару жүйесін жасап шығару

Кіріспe
Қaзіргі тaңдa aлғa қoйылғaн мaқсaттaрдың бірі Қaзaқстaн қaлaлaрындa сумeн қaмтaмaсыз eту бaсқaру жүйeсінің oңтaйлы бoлуын жaсaп шығaру.
Oсығaн бaйлaнысты сумeн қaмтaмaсыз eтуді энeргoтиімділік aрқылы бaсқaруғa, сoнымeн қaтaр рeсурстaрды көбірeк ұтымды пaйдaлaнуғa,
элeктрлік жәнe жылу энeргиясын үнeмдeугe бoлaды. Әртүрлі тeхнoлoгиялық үрдістeрмeн oңтaйлы бaсқaру жүйeсін іскe
aсыру әлeмгe ХХ ғaсырдың 60-70 жылдaрындa кeлді, сoның қaтaрындa сoрғы стaнциясын бaсқaру жүйeсі дe бoлды. Сoрғы стaнциясы eрeкшeліктeрі мeн сипaттaмaсы бaр күрдeлі нысaн бoлып тaбылaды. Бұл жұмыстың нeгізгі мәні жиілікті–рeттeгіш жeлісін сoрғы стaнциясынa eнгізу бoлып тaбылaды, oсының eсeбіндe энeргoтиімділіктe, сeнімділіктe жәнe өнімділіктe көптeгeн міндeттeр шeшілeді. Әлeмдe ЖРТ жүйeсінің eнгізулeрі бoлсa дa, әрқaйсысынa жүйe нысaны әртүрлі құрылaды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ілияс Жансүгіров | Шаруа күні


Бүгін және «Шаруа күні» деген мейрам еді. Жақсы өсірілген шаруа өніміне өкімет бүгін бәйге бермек.

Әркім-ақ өз шаруасының бір-бір нұсқасын алып келіп, көрмеге қойған. Көрген комиссиялар барлығын жазып- сызып, үлгілі шаруаның алдыңғы бәйгесі мен мақтау қағазын Бадыраққа тағы әкеліп берді.

Жұрт жалпағынан құттықтап жатыр.

Бұларға Бадырақ пен Жеңсік ақ шатырдың астында тұрып, бас иіп ризашылығын білдіреді. Дәл осы кезде Бадырақтың көңілі тасқындап кетіп жан-жағына қарады.

Айналаның бәрі де қалалы қазақ шаруасы. Жұрттың бәрінің өзің ажарлы, киім киісі салтанатты. Біреуден біреудің дәулет артықшылығы жоқ секілді. Баяғы «бай, жалшы» дейтін қазақ ұғымы мұнда жоқ. Бәйгеден келген екі аттың үстіндегі екі пионер немересі жұртқа көсемдік қылып тұр. Қуанышқа кенелген Жеңсігі қасында, автомобилі астында.

Осыны көріп Бадырақтың көңілі тау суындай тасып кетті. Жүрегі ойнақтап тайдай тулады. Өткен бұлдыр күннің азабынан жүректің түкпіріне бұғып қатқан шер-мұңы босанып, бусанып, тас балқып, мұз жібіткендей болды. Өмірдегі бейнет теперішінде темірленген денелерде сіңірлер сықырлап жұмсарып, кедейлікте кепкен жүйкенің жүйесі босады.

Тасқындаған жүректің әлегімен алапты шарасынан алған екі ескі көз жаутаң қағып, кірпіктен қуаныш әсерімен жылым жас жерге төгіліп-төгіліп кетті.

Бұл жас біріншіден — өмірдегі денеде қалған жан жарасының ертедегі езгіндігінің шайындысы еді.

Екіншіден — жаңа дәуірдегі дәулетке тасыған жүректің тамшысымен көпірген көңілдің көбігі еді.

.....
Әңгімелер
Толық

Мұхтар Әуезов | Үйлену

Шілденің ыстық күні. Шаңқай түс мезгілі. Аспан, ашық, таза. Төбеге келген қызулы күн жерді ысытып, өзгеше жарқырап, шақырайып тұр. Күшті жарығы қаратам көзді ұялтып, еріксіз жұмғызғандай. Күн қызуы жайылған ауа адамды тұншықтырғандай күйіп, шаңытып тұр. Тынысты ауырлатып, бойды мең - зең қылып әлсіреткендей. Бірқалыпта айнымай шыжып тұрған ыстық ауада анда - санда болымсыз ыстық леп білінсе, адам қомағайланып, сол тынышты салқынға қарай бойын созып, бетін төсеп еріксіз ұмтылғандай болады.

Бұл уақытта азғана тыныштық табылса, жалғыз ғана үй ішінен табылғандай. Әсіресе салқыны көп — үлкен ақ үйлер. Есігі түрулі, түңлігін еңкейтіп, терісінен ашқан үлкен үйлерге кіргенде ғана дене аз тыныштық алғандай болады. Жайлауға жаңа жеткен ел жіңішке өзеннің бойына шалғынды, жерді қуалап, жағалай қонған. Көз ұшында, сары даланың шетінен жотасы көрініп, иректеліп, созылып жатқан Көктау көрінеді. Одан бергі жер жалпақ ақ көде мен сары селеу. Өзеннің солтүстік жағы ұзын сары адыр. Кей жерде таудың аралары үзіліп кезең болып, кей жерде біріне - бірі қабатталып миқы адыр, бұйрат болады. Өзен осы адырды кенерлеп, таумен бірге айырылып ағады. Сары дала, сары адырдың арасындағы жіңішке өзен екі жағасындағы көк жиектенген шалғынымен, жағалай қонған ақ ауыл жыбырлаған неше түлік малымен, әр жерден бұраңдап аспанға шығып жатқан көкшіл түтінімен бірқалыпты дүниенің ажарын, ашып, сырт көзге көркейтіп тұрғандай. Өзен бойындағы ауылдардың күнбатыс жағындағысы — Байбосын қажының ауылы. Бұл ауыл өзгелерден артығырақ күй іздегендей, өзеннің суы жалпақ шалғыны мол жеріне қонған. .....
Әңгімелер
Толық

Қасым Аманжолов | Сталинград түбіндегі жеңіс халықтар достығы мен әскери бауырмалдылықтың жарқын көрінісі


Совет Армиясының Сталинград түбіндегі жеңісі екінші дүние жүзі соғысының бағытын түпкілікті өзгерткен тарихтағы үлкен оқиға болды. Осы шайқаста Совет Армиясы — гитлерлік Германияның 330 мың әскери тобын талқандап, әскери-саяси жағдайды анти-фашистік коалицияның пайдасына өзгертті. Соның нәтижесінде Ұлы Отан соғысына және екінші дүние жүзілік соғыста түбірлі бетбұрыс жасалды.

«Осы шайқаста Гитлердің таңдаулы әскерлері талқандалып қана қойған жоқ. Мұнда фашизмнің шабуыл дінкесі құрып, моральдық рухы жанышталды. Фашистік одақ ыдырай бастады... Гитлершіл басқыншылар алдын-ала бас имегендердің күш-қайраты екі есе үдеді. «Сталинград» деген сөз қарсылықтың белгісі, жеңістің белгісі ретінде ауыздан-ауызға тарады».

Сталинград түбіндегі тарихи жеңіс дүние жүзіне Совет Армиясының күшін неміс-фашист әскерлерінен артық екендігін көрсетті. Еділ бойындағы шайқастың батырлары мен жеңімпаздары барлық көп ұлтты Совет халқы болды. Бұл жеңіс социалистік қоғамның және оның, мемлекеттің құрылысының салтанатты жеңісі болды. .....
Әңгімелер
Толық

Еңбек құқығы | Еңбек келісім шарты

Кіріспе
Біздің Ата заңымызда немесе Қазақстан Республикасының конституциясында 24-бапта, 1-тарауда былай деп айтылған: «Әркімнің еңбек ету бостандығын, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.»
Құқықтың әрбір саласы қоғамдық қатынастардың, өзінің мазмұны мен ерекшеліктерімен басқалардан өзгеше келетін белгілі бір тобын реттейді. Еңбек құқығының пәнін ашу ең алдымен құқықтың осы саласының нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберін анықтау қажет.
Кейінгі кезеңде Республикамыздың қалыптасып келе жатқан еңбекті ұйымдастырудың нарықтық нысандарының дамуы мемелекет меншігінде болған кәсіпорын, мекеме, ұйымдары жекешелендіруді, жеке меншіктің дамуына әкеледі. Мұның барлығы еңбек қатынастарын реттеуде жаңаша көзқарасты талап етеді. Сондықтан, еңбек құқығы еңбек ету үрдісінің технологиясын реттемейді, еңбекті ұйымдастыру мен қолдану жөніндегі әлеуметтік байланыстарды реттейді, яғни еңбек құқығының пәні – еңбек емес, еңбектің әлеуметтік құрылымы, немесе адамдардың еңбек ету барысындағы қатынастары болып табылады. Басқаша айтқанда, еңбек құқығының пәні-еңбекке қаблеттілікті іске асыру, еңбекті ұйымдастыру мен басқару жөніндегі мемелекеттік және жеке ұйымдарды азаматтардың еңбегін қолдану жөнінде қалыптасқан жеке дара да, сондай-ақ ұжымдық та қоғамдық қатынастарды құрайды.
Жеке еңбек шарты еңбек құқығының негізгі институттарының қатарына жатады. Оның қоғамдық ролі, еңбек ету бостандығын, қызмет түрі мен мамандық таңдау бостандығын, еңбекті ұйымдастыру мен қолдануда негізге алынатын құқықтар мен бостандықтарды жариялайтын Қазақстан Республикасының Конституциясымен анықталады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Құқық | Құқықтық норма

Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде “неге?” деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура келеді: 1) құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық ұғымына тіреледі деген сөз.
2) Құқық әлеуметтік және философиялық тұрғыдан алғанда, өте ауқымды түсінік. Ол өз бойына тек құқықтық нормаларды ғана емес, сонымен қатар құқықтық сананы, құқықтық қатынастарды да біріктіреді.
3) Құқық – қай қоғамның болмасын мүшелерінің ара-қатынастарының бұлтартпас бөлшегі. Кез-келген қатынас моральдық және заңды тұрғыдан құқыққа сүйенгендіктен, мемлекет және құқық теориясы пәнінің де өз кезегінде алғашқылардың қатарында құқықты зерделейтін осы және өзге де себептерге байланысты.
Енді құқық нормасына келер болсақ, құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік.
Ал құқықтық қатынас бұл – құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар.
Аталған құқық, құқықтық норма және құқықтық қатынас ұғымдары менің дипломдық жұмысымның арқауы болып отыр. Жұмыс үш тараудан тұрады, әр тарау 2 бөлімді қамтиды. “Құқық туралы түсінік” атты 1-ші тарауда құқық ұғымы жайлы жалпы түсінік пен оның белгілері және нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың алар орны жайлы сөз етіледі.
Құқық ұғымы жайлы түсінік бергенде, оның жалпы мәнін ашуға тырыстым. Заң ғылымында “құқық” термині бірнеше мағынада қолданылады. Құқықты ресми түрде танылған қоғам мүшелерінің әрекет ету мүмкіндігі деп қарастырса, келесіде “құқық” деп құқық нормаларының жүйеленген жинытығы деседі. Ендігі ретте “құқықты” оқу пәнінің ұғымы ретінде қолданылады делінеді. Осыдан өзге ғалымдар құқыққа субъективті де, объективті де тұрғыда анықтама беруге тырысады.
Міне, осындайлық құқық терминіне анықтама беруден бастап, бұл бөлімде сонымен қатар оның өзіне ғана тән белгілерін аштым.
“Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны” – бөлімінде нормативтік реттеу жүйесі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардан тұратындығы, олар әлеутеммік және әлеуметтік-техникалық нормаларға бөлінетіндігі жөнінде сөз қозғалды. Осыларды аша келе І тарау мағынасы ашылды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қаржы | Ақша қаражаттарының есебі

Барлық шаруашылық жүргізші субъектілер өз ақша қаражатта¬рын банктердің тиісті мекемелеріндегі шоттарда сақтайды. Міндеттемелер жөніндегі басқа субъектілерге төлемдер, әдетте, ақша аудару арқылы есеп айырысу тәртібімен банктердің осы мекемелері арқылы жүргізіледі. Нақты ақшасыз есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген нормативтік құжаттармен белгіленген жағдайлар мен шегінен шығып кетпейтіндей етіп жүргізіледі.
Елдің экономикасында банк мекемелері арқылы жүзеге асырылатын нақты ақшасыз есеп айырысудың айрықша басымдылғы байқалады. Нақты ақшамен субьектілер персоналмен еңбекақы төлеу бойынша, есеп беруге тиісті адамдармен, депоненттермен, дебиторлармен жөне кредиторлармен қолданылып жүрген заң ережелеріне сәйкес банк мекемелері арқылы өтпейтін төлемдер бой¬ынша есеп айырысады.
Республикада банк мекемелері арқылы жүзеге асырылатын ақша аудару арқылы есеп айырысудың бірыңғай жүйесі қолданылады. Салыстырмалы түрде ұсақ төлемдерді субъектілер кассадан қолма-қол ақшамен, почта аударылымымен немесе байланыс кәсіпорындары арқылы үстеме төлем жасау арқылы төлеуге құқылы.
Ақша қаражаты субъектілердің шоттарынан олардың иелерінің өкімі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатгы есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген баска жағдайларда ғана жол беріледі....
Курстық жұмыстар
Толық

Асан, Асанәлі, Әли

АСАН – қазақ тіліне енген арабизмдер қатарына жатады. Араб тілінен аударғанда «асан» сөзі «өте әдемі, көрікті, сұлу, жақсы» дегенді білдіреді. Жаңа туған сәбиге жан дүниесі сұлу, көрікті азамат болып ержетсін деген ниетпен беріледі. Қазақ үшін қастерлі бұл есім көбіне аңызға айналған абыз тұлға Асан қайғының ныспысына байланыстырылып қойылады. Бұл есім ел ішінде жиі кездеседі.


Әли – араб тілінен ғали – биік, аса, зор, заңғар. Біріккен тұлғалы есімдер – Әлиасқар, Әлиакпар, Әлиахмет. Синонимдері: Ғали, Қали, Әлі, Алы.

Есімдер мағынасы
Толық

Мектепке дейінгі педагогика | Кіші мектеп жасыңдағы үлгермейтің балалардың ойлау ерекшеліктері

Қазіргі таңдағы өркениетті ел және демографиялық қоғамды қалыптастыру-ға бағытталған құрылымдар жоғары эрудиялы, адамгершілікті, шығармашылықты жұмыс істейтін мамандарды қажет етеді. Олардың іс-әрекеттерінің кез-келген аймағында қазіргі заман талабына сай шешімдер қабылдай алады.
Гуманисттік психология өз зерттеу нысаны етіп жеке тұлғаны қояды, оның шығармашылықты күші адамдардың шындықты көре білу қабілетін, қоршаған орта әлеміндегі құрылымдардағы белсенділікті дамытуға бағытталған.
Сондықтан да мектептегі үлгермеушілік қазіргі кездегі білім беру жүйесінде зор маңызға ие.
Мектептік тәжірбиелер бойынша, қандай да бір органикалық кемшілігі жоқ әрбір оқушы, мектеп бағдарламасы көлеміндегі білімді меңгеркге құлықты, алайда барлық жағдайда қажетті деңгейге қол жеткізе бермейді немесе кейбір оқушылар оқу материалын қиын меңгереді.
Мектептегі үлгермеушілік өте күрделі, оны зерттеу көптеген тәсілдер қажет етеді, бірақ олар мәселені қарастырудағы 2 негізгі аспектілердің төңірегінде қарастырылады:
1. мұғалім қалай оқытады.
2. оқушы қалай оқиды және оның дамуы қалай жүзеге асады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Маркетинг | Маркетингтік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру

Кіріспе
Рынок қатынастары шаруашылық қарым-қатынаста жүріп жатқан субъектілерінен экономикалық үдерістерді игеруді, ол үшін оларды терең және жан-жақты талдауды талап етеді. Осы талдау негізінде бар ресурстарды тиімді пайдаланып, түтынушылардың қажеттерін сапалы және жоғары деңгейде, неғүрлым толық қанағаттандыруды белгілейді. Рынокта қалыптасқан қатаң бәсекелестік күресті жеңіп шығу үшін бұл аса қажетті іс. Соның негізінде фирманы дәл басқару бағыттары және ұтымды шаруашылық бизнес шешімдері іздестіріледі. Ал ол талдауды жүргізу үшін кең көлемде және неғұрлым толық коммерциялық ақпарат қажет болады. Бұл жиналған ақпарат рынокта әрекет жасап жүрген фирмалар және келешекте олардың қатарына жаңадан қосылатын кәсіпорындар, олардың өнімдерінің өзгерісі туралы т.б. с.с. болжамдық талдау үшін қолданылады. Осы аса маңызды да күрделі іс маркетингсіз орындалуы мүлдө мүмкін емес. Сондықтан фирманы басқару жүйесінде, оның әрекетін ұтымды реттеу ісінде қазіргі кезде маркетинг жетекші рөл атқарады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Биотехнология | 3 жіпшелі цианобактерия дақылдарын зерттеу

Қазіргі кезде Қазақстан мұнай өндіруші мемлекеттердің бірі болғандықтан, оны өңдеу, тасымалдау кезінде сөзсіз мұнаймен қоршаған орта ластанды. Қазір осы экологиялық проблемаларды шешу ең негізгі шаралардың бірі болып отырғаны анық.
Қазіргі кезде экожүйені тазалауда қолданылатын перспективті әдістердің бірі биотехнологиялық әдістер болып табылады, яғни биопрепараттар негізінде биоремедиациялау.
Биоремидияцияда көбінесе трофикалық дәрежелері әр түрлі аралас дақылдарды қолданылады: фото-, авто- және гетеротрофтар себебі олар ластаушыларға полиспецификалық әсер етеді. Соңғы кездерде мұнаймен ластанған жерлерді тазалау үшін цианобактериялық дақылдарды қолдану туралы жұмыстар шықты, олар өз алдында табиғатта басқа микроорганизмдармен ассоциация түрінде кездеседі. Мұнаймен ластанған топырақта цианобактериялардың тіршілік етуі туралы мәліметтерді көптеген ғалымдар келтіреді. Бұның мәні цианобактериялардың көмірсутек тотықтырушы бактериялардың мутуалисті байланысы мен жоғарғы дәрежеде бейімделгіштігімен түсіндіріледі.
Табиғатта цианобактериялар микроорганизмдармен консорциум түзеді,әртүрлі сыртқы қолайсыз жағдайлардан осы организмдердің кооперациясы қорғайды. Ассоциаиялардың бұлай болу себебі тікелей цианобактериялардың сонымен қатар олардың серіктес бактерияларына да байланысты. Осындай қосылыс түрінде болуы бұлардың адаптациялық ерекшеліктеріне әсер ететін болар. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Балабақша тәрбие сағаты: Киім дүкені

Құзыреттілікке жеткізетін мақсат-міндеттер:
Ақпараттық құзыреттілік: Киім – кешек туралы ақпарат беру. Ұл бала мен қыз баланың киімдерін ажыратуға үйрету.
Коммуникативтік құзыреттілік: Киімдерді атату арқылы сөздік қорларын байыту. Қарым – қатынас жасау іскерлігін қалыптастыру.
Проблема шешу құзыреттілігі: Өз бетімен қысқы және жазғы киімдерді ажырата білуге қатыстыру.
Оқу іс әрекетінде қолданылатын технологиялар: АҚТ, дамыта оқыту, топтық жұмыс.
Оқытудың әдіс-тәсілілдері: Сөздік: коркем сөз, өлең сөздерін қайталау, түсіндіру;....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Экономика | ИНВЕСТИЦИЯ ҰҒЫМЫ ИНВЕСТИЦИЯ ТҮРЛЕРІ

Елбасымыз В.А.Назарбаев "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында ұзақ мерзімді дамуымыздың жеті басымдығын көрсетіп берді. Осы басымдықтардың бірі инвестициялық ахуалды жақсарту болатын. Елдің экономикалық өсуін тұрақты дамыту үшін алдымен инвестициялық белсенділікті арттыру қажеттілігін Президентіміз атап өтті.
Еліміздің экономикасын өрістетіп, халықтың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын арттыру үшін тартымды инвестиииялық ахуал қалыптастыру басты міндет болды. Осы орайда Қазақстан Республикасының 2004 жылғы "Инвестидиялар туралы" қабылданған заңының қоғамдағы саяси мәні зор. Елдің экономикасын көтеру халықтың тұрмыс деңгейінің жоғары дәрежеде болуын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған бұл заң Қазақстан халқы үшін маңызды тарихи құжаттардың бірі деп айтуға болады. Ұлттық табыстың ұлғаюы экономикалық дамуға өз ықпалын тигізіп қана қоймайды, қоғамның саяси әлеуметтік дамуына үлкен серпіліс береді Сондықтанда инвестициялар тарту қоғам үшін өте қажет.
Соңғы жылдары біздің республикамызда шетел инвестициялары мен (қаржымен) жұмыс істейтін кәсіпорындардың санының көбейе түскені мәлім. Қазіргі кезде респубиикамыздағы инвестициялық тапшылық аса күрделі проблемалардың бірі болып отыр. Осыған орай, өндіріске меншік иивестицияларын уақытша ынталандырудың қажеттілігі туып отыр. Нарықтық экономиканың жаңа кезеңінің мақсаттарына тек шетелдік инвестициялардың белсенді түрде қатысуы мен олар үшін барынша қо-лайлы жағдай жасалуымен ғана қол жетеді, өйткені қор жинайтын ішкі көздер бізде әзірше жеткіліксіз.
Курстық жұмыстың мақсаты- Қазақстандағы инвестициялық саясаттың мән мағынасын ашып, пайда, дивиденд және басқа да табыс табу мақсатымен құнды қағаздар шығаруға ұсақ мерзімді капитал бөлуді инвестициялық саясат екендігін түсіндіру.....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Компьютерлік желі түсінігі

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құруға еніп, көкейтесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. Ақпарат мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа (қорға) айналып, ақпарттық мәдениетті қалыптастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.
Қазіргі кездегі қоғам индустриялдық кезеңнен кейінгі дамудың ақпараттық кезеңіне аяқ басты. Ақпарттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Оның басты сипаттарына – ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану адамдардың көптеген қызмет түрлерін компьютерлендіру, коммуникациялардың бірыңғай халықаралық жүйелерін жасау істері жатады. Қазіргі кездегі адамдар үшін «компьютерлік сауаттылық» дегеніміз кешегі жай сауаттылық (оқып жаза білу) тәрізді міндетті түрде іске асырылатын шара болып саналуы тиіс.
Соңғы кезде біздің қоғамда болып жатқан ауқымды өзгерістер білім саласында да біраз өзгерістердің туындауына себепші болып отыр. Қазақстанда жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Білім жүйесіндегі инновациялық өзгерістерге де презиндентіміз Н. Ә. Назарбаев та назар аударып, ол Республикалық мұғалімдер съезінде: «ХХ ғасырдың екінші жартысында белгілі болған нәрсе – ХХІ ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына өз жастарының интеллектуалды және рухани әлеуетін барынша дамыта алатын мектептер мен жоғары оқу орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтеріле алады», - деген болатын.
Қазіргі кезеңде білім жүйесінің барлық салаларын нақты түрде ақпараттандырудың кешенді жоспары жасалуда. Информатикадан мемлекеттік білім стандартында көрсетілгендей бүгінгі таңда оқу мақсатын тек компьютерлік сауаттылық шеңберінде ғана анықтау жеткіліксіз. Қазір «Интернет» желісіне ену қажеттігі туындап отыр. Біздің елімізде барлық мектептер компьютерлендіріліп жатыр. Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі Интернет желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18000 әр түрлі желілерді біріктіріп, күнбе күн жаңаларымен толықтырылуда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Ақпараттардың көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді, қазір де Интернет жалпыға бірдей ақпараттық қор тәрізді ертегідегі «ханшалардан» күнделікті «күніңізге» айналып барады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Халықаралық қатынастар | Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері және қауіпсіздігі

Жұмыстың өзектілігі. Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибедегі мемлекеттің алға басуы және тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың бастауында оның ұлтының қауіпсіздігі мен мемлекеттілігінің сақталуы тұрғанына куә.
Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет [1].
ХХ ғасырдың соңы әлемдік саяси жүйеде ғаламдық өзгерістерге толы мезгіл болды. КСРО мемлекеті ыдырап, оның орнына жаңа тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Социализм мен капитализм жүйелерінің текетіресі аяқталып, ол тарих еншісінде қалды. Әлемдік саяси жүйенің осылайша өзгеруі дүние жүзінің геосаяси құрылымын айтарлықтай шиеленістіріп жіберді. Биполярлы әлем көп полюстіге айналып кетті. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күні және 16 – желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған

Тақырыбы: Бәйшешек пен Бәйтерек (ертегі)
Мақсаты: Жас жеткіншектерге Тәуелсіздік ұғымын үйрету, Елбасы туралы және мемлекеттік рәміздер жайлы алғашқы түсініктерді беру. Сонымен бірге отанды сүю сезіміне және ұлттық салт – дәстүрлерді білуіне, құрметтеуіне ықпал ету.
Керекті құрал – жабдықтар: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері (Елтаңба, Жалау, Әнұран жазылған текст – қағаз және Елбасының суреттері) қойылған.

Мұғалім: Құрметті оқушылар мен оқытушылар, мектепке дейінгі сынып оқушылары әзірлеген «Ертегілер елінде» атты айдармен өтілетін «Бәйтерек пен Бәйшешек» ертегісі бойынша танымдық – тәрбиелік шараны назарларыңызға ұсынамыз. Ертегі негізінде дайындалған бұл көрініс жақындап келе жатқан былтыр бірінші рет ал биыл екінші рет тойланғалы отырған 1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күні және 16 – желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне арналады. Бұл қастерлі мерекелерге әлі уақыт бар. бірақ ертегі тақырыбы осы мерекелерге сәйкес жазылған. Сонымен бірге Тәуелсіздіктің іргетасын қалаған, негізін салған – аса құнды құжат – Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация 1990 жылы 25 қазанда қабылданған еді. Сонан бері бұл күн Республика күні деп аталып келеді. Енді мен сіздерге осы ертектің мазмұнын оқып берейін......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Қазақ тілі | Бастауыш кластарда сөйлемнің соңында келетін тыныс белгілерді үйрету

Кіріспе
Қазақ мектептеріндегі оқытылатын ғылыми негіздері ана тілі арқылы жүргізіліп, оқушының дүниетанымын, ой- өрісін, тіл байлығын ауызша және жазбаша сөйлеуін дамыту қазақ тілінің қалыптасқан заңдылықтары арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан бастауыш сыныптарда ана тілінің заңдылықтарын жете меңгеріп, әдеби тіл нормаларын еркін сөйлеп, сауатты жаза білу міндеті қойылып отыр.
Бастауыш сынып оқушыларын дұрыс, қатесіз жазуға үйрету жұмысында көзделетін негізгі мақсат – олардың қате жібермей, сауатты жазу дағдысын қалыптастыру. Ал жазбаша жұмыстарында тыныс белгілерін дұрыс қоя білу сауаттылықты арттырады, әрі сөйлемді дұрыс құруға көмектеседі. Тіліміздегі сөздер синтаксистік қызмет атқару үшін, сан алуан байланысқа түседі. Сол байланыстарды мағыналық жағынан дәл ажыратып тұратын – тыныс белгілері. Сондықтан тыныс белгілерін «оқудың нотасы» дейтін себебіміз де сондықтан. Әрбір тыныс белгісінің өзіне тән интонациасы болатындығы белгілі. Ал, керісінше, тыныс белгісі қойылуға тиісті емес жерге де интонация мен үзіліс (іркіліс) жасалады. Тыныс белгісі мен интонацияның, үзілістің сай келетін жерлері де бар.
Жазғанды, айтқанды ойды басқалар қалай қабылдайды дегенді әр уақытта естен шығармаған жөн. Айтайын деген ойды оқырманға дәл де нақты жеткізу үшін әрбір сөз, әрбір тыныс белгісі ой мен сезімге бірдей дөп тиіп жатуы керек.
Сөздерді дұрыс орналастырып жазғанымен, тыныс белгілерімен дұрыс бөліп жазбасаң, айтайын деген ой дұрыс берілмейді. Қате түсінуге ықпал етеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Қазақ әдебиеттану ғылымындағы Абайтану мәселелерінің зерттеу

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ әдебиеттану ғылымы жыл сайын өсіп, өркендеп келеді. Әдебиеттану ғылымының да ауқымы кеңейіп, сан-салалы болып дамып келе жатқаны қуантады. Жиырмасыншы ғасырдың орта шенінде-ақ әдебиеттану ғылымының көрнекті бір саласы болып қалыптаса бастаған абайтану ғылымының да өзіндік ерекшелігі, алар орны ерекше деп айтуға болады. Сол себепті өзіміздің зерттеу жұмысымызда осы мәселені жан-жақты қарап, зерттеудің ерекшелігіне назар аудардық.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ұлы Абай ақын, дана, ойшыл, кемеңгер ретінде әбден мойындалған құбылыс. Ал ұлы Абайды тану, жазу, зерттеу процесі ақынның көзі тірісінде-ақ басталған болатын және бұл процесс жүз жылдан бастам уақыт өтсе де ешбір үздіксіз, үнемі дамып, жетілу үстінде. Ғасырға жуық уақыт ішінде кемел қалпына келіп, әбден мойындалған абайтану ғылымын зерттеу объектісі етіп, одан әрі дамыта түсу бүгінгі күннің өзекті, көкейкесті мәселелерінің бірі деп тануға болады. Күні кешегі зерттеулерді жан-жақты қарап, салыстырып, бүгінгі күннің тұрғысынан бастап баға беріп отырудың өзі өзекті мәселе болып табылады. Абайтану ғылымы мен абайтану тарихын салыстыра, қос-қабат алып зерттеу де біздің жұмысымыздың маңыздылығын арттыра түсері сөзсіз.
Тақырыптың мақсаты мен міндеті. Абайтану ғылымы өзіне ерекше назар аудартатын саланың бірі. Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылық жолын, әдеби мұраларының мәні мен маңызын тану, тағылым алу бүгінгі күннің көкейкесті мәселелері деуге болады. Сол себепті абайтану ғылымы да жалпы әдебиеттанудың бір көрнекті саласы болып дамып, өркендеп келеді. Міне, осы аталған жайттардың бәрін ескере келіп зерттеу жұмысымыздың алдына бірнеше мақсат пен міндеттер қойдық.
- Абайтану ғылымының өзіне тән ерекшелігін, өміршеңдігін және келешегінің де мол екенін таныту;
- Абайтанушы ғалымдардың шығармашылығына талдаулар жасау, салыстырулар жүргізу көзделді;
- Сонымен қатар абайтанудың тарихын да тереңнен қозғап, жан-жақты сөз ету көзделді;
- Абайтану тарихында із қалдырған тұлғалардың еңбектеріне бүгінгі күн тұрғысынан баға беруді жүзеге асыру;
- Абайтанудың ғылыми бағыт ретінде қалыптасып, дамып, жетіліп отырғанын дәлелдеу, саралау мәселелері жайында мақсат пен міндеттер көзделді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану ғылымының қалыптасу жолдары, абайтану тарихының тың дерек көздерінің бәрі сарапқа салынып, ой елегінен өткізілді. Абай мұрасын таныту, баға беру, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында жазылғандардың бәрінің бір арнаға түсіп, абайтану ғылымына айналу процесін көрсету жүзеге асырылды. Абайтану ғылымының қалыптасуы мен тарихының сан-салалы жолдары көрсетілді, сонымен қатар кешегі мен бүгінгі тарихы салыстырыла отырып талдау объектісіне айналды.
Зерттеудің дерек көздері. Зерттеу жұмысының мазмұнын ашу үшін көптеген әдеби мұралар пайдаланылды. Атап айтқанда «Абай» энциклопедиясы, «Абайтану тарихы», «Абай және қазіргі заман» т.б. алуан-алуан материалдар пайдаланылды. Қазақ әдебиетінің тарихы, сыны, теориясы жайында әркез зерттеулер жазған, теориялық еңбектер берген ғалымдар М.Әуезов, З.Ахметов, Қ.Мұхаметханұлы, С.Мұқанов, Р.Бердібай, С.Қирабаев т.б. ғалымдардың еңбектері дерек көзі ретінде кеңінен пайдаланылды. Одан басқа да еңбектер, баспасөз материалдары, оқулықтар, монографиялық дүниелер де назардан тыс қалмады.
Зерттеудің теориялық және методологиялық негізі. Дипломдық деңгейдегі зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі ретінде әдебиеттану ғылымдарының жетістіктері, кешенді, салыстырмалы ғылыми әдістер алынды. Негізінен, отандық әдебиеттану ғылымының тұжырымдары, байыптаулары, әдебиеттану ғылымының өзіндік ерекшеліктерін қарастырған ғылыми еңбектер жұмысымыздың негізгі методологиялық әрі теориялық негізі болды. М.Әуезов, М.Мырзахметов, З.Ахметов, Қ.Мұхаметханов, С.Мұқанов, Р.Бердібай, С.Қирабаев тағы басқа да көптеген ғалымдардың еңбектеріне, монографиялық кітаптарына, сондай ұжымдық ғылыми зерттеулерге назар аударылып, қажетті кезінде ретіне қарай пайдаланылды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының теориялық тұжырымдарын қазақ әдебиетінің тарихы, теориясы, XIX ғасыр әдебиетін оқыту барысындағы Абай Құнанбаев шығармашылығы және соңғы жылдардағы оқу бағдарламасына сәйкес «Абайтану» пәнін оқыту кезеңдерінде жан-жақты терең үлгіде пайдалануға болады. Бұл зерттеудің практикалық мәні де зор. Жоғарыда аталған арнаулы пәндерді сонымен қатар қазақ әдебиетінің арнаулы курсы мен арнаулы семинары пәндерін оқыту кезеңінде де зерттеу жұмысының құнды дерек көздерін арнайы пайдалануға, практикалық талдауларға қолдануға әбден болады.
Диплом жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе қорытындадан бөлек екі тараудан тұрады, сонымен қатар жұмыс соңында әдебиеттер тізімі берілді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Жүсіпбек Аймауытов | Жазу мәселесі туралы соңғы сөз


Алдымыздағы шілденің 10-­ында болатын білімпаздар тобының қарсанында мүддемізді айтып қалайық.

«Еңбекшіл қазақтың» 154­-санында емле туралы. 178, 179- ­ыншы сандарында қаріп туралы менің жобаларым басылды. 159, 161, 162, 164, 195-­інші сандарында Елдестің қарсы дауы басылды. Елдес көп жазды. Балаға сабақ бергендей, «қазақ тілінде пәлен дыбыс бар, оның пәленше таңбасы бар...» деп, жұртты сендіре, өзгені пайдасына, қазақ тілінін бел баласы өзі тәріздене жазды. Мұндай зор мәселені қара борандатып, соқыр сезімге беріліп, қызуланып тексеру ағат. Бұл салқын ақыл, саналы ой керек қылатын мәселе. Кеп біреуді түйреуде емес, мәселенің дұрыс шешілуінде.

Жазу мәселесінде айтыстың шиеленіп, ауыр болуына зор себеп бар. Емлеге әркім әр жақтан, әртүрлі қарайды. Біреу тілдің тарихынан, біреу нағыз грамматика жағынан, біреу естілу (фонетика) жағынан, енді біреулер іс жүзінде қолайлы, жеңілдік келу жағынан қарап шешпек болады. .....
Әңгімелер
Толық

Тарих | Абылайдын алғашқы суреті туралы ізденістер

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихындағы айтулы тұлғаларды оймен шолып шығудың өзі қазіргі ұрпақтың көкірегіне мақтаныш сезімін ұялатады. Ел тарихында аты алтын әріппен жазылған сондай киелі есімдердің бірі ғана емес, бірегейі Абылайхан екенін санасы оянған әрбір қазақ баласы білетіндей болды.
Сонау ХҮІІІ ғасырда басынан бағы ұшып, мемлекет ретінде, тіпті этнос ретінде жер бетінде сақталып қалу –қалмауы тарих таразысына түскен «ұрпақ үшін, ел үшін, құтты мекен жер үшін» қан төгіп, жан беріскен кезеңде қазақтың бағына суырылып шығып, қол бастаған Абылай сұлтанның зор азаматтық тұлғасы бізге әрқашан қымбат.
Қазақтың ұлы ханы Абылайдың өмірі мен қызметіне байланысты қисса-дастандардан бастап, замандастары айтып кеткен, кейінгі ұрпақтарының жазып қалдырған жәдігерлері аз емес. Тіпті еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде жазылған еңбектердің өзі бірталай. Оларда Абылай ханның жастық шағы, жау түсіріп, батыр болғаны, ел билеп, салиқалы-салмақты ішкі-сыртқы саясат жүргізгені көптеген еңбектерге арқау болды. Шоқан Уәлиханов жазып кеткендей, Абылай есімі ерекше қасиеттерімен, тіпті, табиғаттан тыс құдіретті құбылыстармен байланыстыра айтылады. Кезінде орыс, қытай жылнамашыларының, зерттеушілерінің берген бағасы өзінше бір төбе.....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Қазақ газеті елдіктің жаршысы

1. «Қазақ» газетінің шығу тарихымен танысу.
2. Газеттің ұстанған бағыт - бағдарын, мақсаттарын сараптау.
3. «Қазақ» газетінде басылған Әлихан Бөкейханов көсемсөздеріндегі елдік мәселесін талдау арқылы ой қорыту.
4. Алаш мұрасын жас ұрпаққа оқытудың тәрбиелік тиімділігін зерделеу.
Өзектілігі: Өзінің туған тарихы мен әдебиетін, тағылымы мол әдеби мұрасын таныған және астарлы ойды терең ұғына білген ұрпақ қана елдің әлеуметтік - саяси өмірін жаңғырта алады.
Мәселе: Алаш қайраткерлері әдеби мұрасының ұрпақ тәлім - тәрбиесіндегі алар орны қандай?
Күтілетін нәтиже: «Қазақ» газетінің Алаш елі тарихында алған орнын зерделеу арқылы жас ұрпақтың саналы әрі рухани жан дүниелері кең тұлға болып қалыптасуына ықпал ету.
Жұмыстың практикалық маңызы: Жоба барысында тақырыптық, мазмұндық тұрғыдан талданған деректер үйірме, арнайы курс жұмыстарына жәрдемші құрал бола алады......
Ғылыми жобалар
Толық

Педагогика | Халықтық педагогика - өскелең ұрпаққа ұлттық мұраларды меңгерту құралы

1.Халықтық педагогика, оның табиғаты және құрылымы
Халықтық педагогиканың, яғни ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалып келе жатқан ұлттық тәлім – тәрбиенің өсіп келе жатқан жас ұрпақты әлеуметтендіруде алатын орны айрықша бөлек.
Дей тұрсақ та, Қазақстанда жарық көрген философиялық, социологиялық, педагогикалық және психологиялық ғылыми басылымдардың ішінде халықтық педагогиканың қоғамның рухани дүниесінде, соның ішінде білім беру саласында алатын өзіндік орны мен ролін, ұлттық тәлім – тәрбиенің өсіп келе жатқан бірде – бір қомақты монографиялық еңбек жоқ. Жарық көрген басылымдардың барлығы дерлік негізінен жалпы білім беретін орта мектептің оқу- тәжірибе ісінің белгілі бір саласының немесе белгілі бір пәннің көлемін де ғана халықтық салт – дәстүрлер мен әдет - ғұрыптардың қайсы бір жекелеген түрлерінің тәлімдік озық үлгі - өнегелерін пайдалану әдістемелерін көрсетумен шектелген.
Сондықтан да болар, халықтық педагогиканың тәлімдік мәні бар озық үлгілерін оқу - тәжірибе ісінде қолдану мәселелеріне арналған еңбектерінде қарастырылып отырылған мәселедегі басты ұғым - « Халықтық педагогика » терминінің мәнін анықтауға, оның құрылымдық элементтерін , ерекше белгілерін және қызметін талдап, түсіндіруге талап жасалмаған. Ал зерттеу объектісі ретінде алынып отырылған кез – келген проблеманың шешімі, көбіне – көп құрылымдық элементтерін, яғни оған қатысты негізгі ұғымдардың мәнін, олардың өзара байланысы мен сабақтастығын, өзіндік ерекше белгілері мен қызметін дұрыс анықтауға байланысты.....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Каспий маңының геоэкологиялық жағдайы

Диплом жұмысының өзекті мәселелері. Каспий теңізі – тек Қазақстан аумағындағы ғана емес, дүние жүзі бойынша көлемі ең үлкен көл. Теңіздің жануарлар дүниесі мен минералды қорлары халық шаруашылығы үшін өте маңызды. Атап айтсақ, Каспийдің әлемге әйгілі бекіресі мен ең басты байлығы – мұнай Қазақстанмен қоса, жағалауында орналасқан басқа төрт мемлекетті қамтамасыз етіп отыр. Алайда мұнайды өнеркәсіпте ұқыпсыз пайдалану әсерінен Каспийдің био ресурстары мен суы, жағалауындағы табиғи кешендер ластанып, зардап шегуілде. Бұл бір проблема болса, Каспий балықтарын шектен тыс аулап отырған – балық шаруашылығының ысырапшыл әрекеті екінші бір проблеманы туғызып отыр. Бұл жағдай осы сарынмен жалғаса берсе, тиісті шаралар жүргізілмесе Каспийдің жағдайы мүшкіл болмақ. Көкейкесті мәселе ретінде осыны талдау талабы қойылып отыр
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы. Каспий теңізі мен оның биоресурстарын, минералды ресурстарын тиімді пайдалану және теңіздің қазіргі экологиялық ахуалын жақсарту бойынша экологиялық-экономикалық тұрғыдан кешенді зерттеу барысында:
• Теңіздің физикалық-географиялық, экологиялық және қазіргі кездегі жағдайы анықталды;
• Теңіз суы мен биоресурстарының негізінен мұнай өнімдерімен ластанғаны және балықтарының, балық шаруашылығының пайдалануынан ысырап болуы анықталды;
• Каспий теңізіне халық шаруашылығының теріс әсерін жою немесе төмендету мақсатында жүргізілген іш шаралар айқындалды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық