Вирустар – жансыз стихия, ол еш аяуды білмейді, барлық жерден өте береді. Компьютерді жаңадан пайдаланушыға бір қарағанда компьютер кез-келген жерден,тіпті желдің соғуымен де кіргендей сезіледі. Оның жұмысының қаншалықты зиян тигізетін салдары туралы барлық жерде айтылып жүр. Сондықтан болса керек компьютерді енді ғана пайдалана бастаушылардың вирустың шабуыл алдындағы қорқынышы еш дәлелсіз жоғары. Алайда бұл қорқыныш, біздің байқағанымыздай, компьютер менгергендердің тең жартысының болып тұратын фаталистиналық босаңдықтың жағдайына пәлендей кедергі келтіре қоймайды. Бәрібір қалай дегенде құтқарыла алмайсың - жазмыш, тағдыр, түсінесіндер ме ....
28-гвардияшы Панфиловшылар өздерінің қанымен өшпес даңққа ие болды. Халқымыз олар туралы өлең-жыр шығарды, аңыз етеді. Олардың есімдері халқымыздың гитлершіл басқыншыларға қарсы Ұлы Отан соғысының тарихында мәңгі сақталады. Дивизиямызды құрушы Иван Васильевич Панфиловтың есімі мәңгі өшпейтін жауынгерлік даңққа бөленген. Сондықтан да панфиловшы ерлерді көргенде:
— Сіз расымен Панфилов дивизиясынансыз ба? — деп таңданған адамдарды талай кездестіргенім бар.
— Ия, — дейді панфиловшы. Сол таңдандырған панфиловшы кәдімгі жай адам болып шығады.
Ол керемет батыр емес, асқан алып емес, ол, тіпті, соғыстан бұрын армияда болмаған, тек бір колхозда адал еңбек еткен, фабрикада немесе заводта жұмыс істеген, я болмаса бір мекемеде бухгалтер болып қызмет еткен өзіміздей бір адам болып шығады. Әриие, бұл бейбіт совет азаматы солдат шинелін киіп, қолына винтовка алғаннан кейін де бірден жауынгер бола қойған жоқ.
Осындай әр алуан қарапайым адамдардан Генерал Панфилов 2,5-3 айдың ішінде жауынгерлік құрама жасақтады. Взвод емес немесе рота, полк емес, тұтас бір дивизия құрды. Бұл — Панфиловтың зор еңбегі. Ол 8-гвардия дивизиясының қолын жеңістерге жеткізді.
Панфилов соғыс өнерінің кемеңгері еді. Ол соғыстың өнері мен әдісіне мейлінше жетік, ұрыста батыл, соғыс ғылымында жаңалық тапқыш ақыл-ой иесі еді. Ол ұрыстарда дұшпанның генералдарынан басым түсіп отырды, оларға өз дегенін істей білді, жаудың әскер сапының осал жерлеріне қатты тиіп, оған істің түйіні шешілетін учаскелерде, үзілді-кесілді кезеңдерде қирата соққы бере білді. .....
Кіріспе Қазіргі таңда психологияның алдыңғы міндеттері қоғам дамуының бағдарламаларын анықтайды. Еңбек өнімінің дамуы, техника мен технологияның дамуына білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жақсарту, осының барлығы адамға қатысты мәселелерді ғылыми зерттеуді талап етеді. Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру мемлекеттің ең басты міндеттердің бірі. Өмір сүру барысында дамитын тұлғаның ерекшеліктерін меңгеретін білімнің көлемі мен сипаты, қызығушылығы, кез келген ортада қарым-қатынасқа түсе білуі, зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы, адамгершілік қасиеттері, осылардың барлығы адамның белгілі бір жағдайға еркін жауап қайтаруына белсенді және мақсатты түрде әсер етеді. Студент тұлғасының қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы студенттердің оқуда, еңбекте, қоғамдық өмірде белсенділігін дамыту жолдарын ашуға мүмкіндік береді. Ж ұ м ы с ы м ы з д ы ң ө з е к т і л і г і : Әлеуметтік, экономикалық дамуды жылдамдатуда болашақ мамандарды дайындайтын жоғарғы оқу орнының жауапкершілігі артып отыр. Біздің қоғамның болашағы болашақ педагоктарды, психологтарды, өндіріс және ғылым басшыларын тағы басқа мамандарды тек сауаттылыққа ғана емес, сонымен қатар белсенділікке, алдына қойған міндеттерге қызығушылықтарын қарауға байланысты.Соның негізінде позицияны белсенді, өз күшіне сенімді, орынды іс-әрекетке шығарылуын қарайтын тұлға қалыптастырады. Әрине қарым-қатынаста зейін қасиеттерінің деңгейі қалыпты болмаған жағдайда осындай сапалардың көрініс беруі қиындайды.....
Бәйгеторы Сейісті бірден таныды. Сейіс бірақ осы ауылдың бота-тайлағына таланып, жал мен құйрықтан атымен ада боп сүңкі кеткен бұны қапелімде тани алмай қалды. Жалтыр сауыры көк масатыдай күлің-күлің еткен көк ала дөненді көлеңдетіп ортадағы ақ үйге барып түсті. Сосын баяғы әдетінше, тұсап жатып, атының тірсегін, шашасын, тұяғын түгел тінтіп қарап шықты. Көлеңкеде қарш-қарш шыбын қағып жатқан қара ала төбетті қуып жіберді.
Арса-арса қабырғасындағы қатпар жарасына тиісіп, қара ала төбетті діңкелеткен көк шыбын енді көк ала дөненнің мазасын алар деп сескенді. Асыққа таласып қызыл шеке болып жүрген екі баланы да: «Қасына бармаңдар, асау, теуіп кетеді», — деп қорқытып қойды. Ақ үйге сосын барып кірді. Жаулығының ұшын толарсағына жеткізіп, шұбата тартқан ақ үйдің әйелі қолына қара шәйнек ұстап, жерошақ басына беттеді. Бәйгеторы Сейістің шамалы уақытта шыға қоймасын білді.
Жерге басын салып еді, жаншылып қалған кесірткедей жер бауырлаған тарамыс жусан арасы сиреп селдіреп қалған тісіне ілікпеді; өзінін бір түрлі көңірсіген сілті иісі бар екен. Бәйгеторы басын көтеріп алды. Екі көзінің арасында ұшып-қонып жүрген сары пәлені көрді, мүкіс тартқан құлағы ызыңын да естімепті. Басын шұлғыса, ту сыртына барып қонады. Өне бойын дір-дір шіміріктіріп, тызылдатып шағады. Құйрығын бұлғап еді, бар қылынан айырылған бір тұтам қылта ауада ербеңдеп қалды. Одан бөгелек қайдан үріксін? Бәйгеторы шыдай алмай шапшып көрді. Шапшығанда да қайда барарын білмеді. Ауылдың желкесіндегі машинамен су әкеліп құятын тоғанның қасына барса, темір астаудан опыр-топыр су ішіп жатқан қозы-лақ бұған бәрібір жол бермейді, осы ауылдың бар бота-тайлағы да со маңда жүр. Боталары мен қозы-лағына су жеткізе алмай жаны күйіп жүрген қатындардың қақ маңдайдан салып қалуы да мүмкін. Әне бір екі-үш бөшкені қалқалап қойған тақтай күркенің көлеңкесіне барып тұрар еді, құжынаған көк шыбынын шұбыртып қара ала төбет жатып алыпты. .....
Жоғарғы мектеп реформасы жоғарғы оқу орнының дене шынықтыру мұғалімдерінен, спорт түрлері бойынша жаттықтырушылардан дене шынықтыру жөніндегі лекцияларда және практикалық сабақтарда пән бойынша теорияны және практиканы беру әдістемесін одан әрі жетілдіруді талап етуде. Осының негізгі мәні – студенттердің дене шынықтыру мен спорт бойынша білімін тереңдете түсу, денсаулықтарын нығайту. Сабақ беру, оқыту халық шаруашылығының болашақ мамандарының өздеріне салауатты өмір салтына деген сүйіспеншілікті дарытатын, дене қасиеттерінің жұмысқа қабілеттерін жетілдіретін, олардың болашақ мамандықтарын игерулеріне ықпал ететін сабақтарға қызыға-ынтыға қатысуларына бағытталған болуға тиіс. Жастардың осы бір нақтылы спорт түрін меңгеруге деген мотивтелген қызығушылығы арқылы олардың дене қасиеттерін тәрбиелеу міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндіктен, академиялық топтардағы сабақтарда медицина университеті студенттерінің дене қасиеттерін даярлаудың бастапқы кезеңінде самбоның техникасы мен тактикасын зерттеудің зор маңызы бар. Біз спорттың самбо секілді түрінің негізінде, жоғарғы дене шынықтыру емес оқу орнының студенттерінің дене қасиеттерін тәрбиелеудің ең ұтымды тәсілдерін, әдістерін және түрлерін іздестіруге кірістік. ....
Қылмысқа қатысу қылмыстық құқық бойынша қылмыс iстеудiң ерекше нысаны peтiндe қарастырылады, өйткенi жеке дара қылмыс жасаyғa қарағaнда қылмысты осы нысанда iстеудiң қауiптiлiк дәрежесі және келтiретiн залалы да зор. Бiрнеше адам¬ның күш бiрiктiрiп бiр немесе бiрнеше қылмысты icтeyi олар¬дың - қатысушылардың - өзара бiрiн-бiрi қолдауы, қылмыс iстеудi жеңiлдетiп қана қоймайды сонымен бiрге қылмыстық заң қоpғайтын қоғамдық қатынастapғa үлкен қауiп келтiредi немесе соны келтiру қаупiн туғызады. Қылмыс iстеудi осылай жүзеге асыру қылмысты ic-әрекеттiң өзiн жоюғa, қайсыбiр жағ-дайларда бiр адамның қолынан келмейтiн қылмысты iстеудi дайындауға немесе жүзеге acыpyғa мүмкiндiк бередi. Қылмыс - бiр адам apқылы немесе бiрнеше адамның бiрле¬cyi арқылы iстелуi мүмкін. Бiрнеше адамның қылмыс iстeyiнiң нәтижесiнде iстелген қылмыстың мәнi, одан туындайтын зиянның мөлшерi де жеке дара адам iстeгeн қылмысқа қарағанда едәуiр өзгередi және мұндайда қылмыс icтeгeнi үшiн жауапты болатын адамдардың санын тура анықтау қажеттiлiгi туын¬дайды. Қылмысқa қатысуда ic-әрекет пен қылмытың зардабының өзара байланысының жеке адамның iстeгeн қылмысына қара¬ғaнда өз ерекшелiгi бар. Қьлмысқа қатысуда қылмыстың зарда¬бы мен орындаушылардың немесе бiрге орындаушылардың ic-әрекеттерi ғaнa байланысты болады. Айдап салушы, көмекте¬сушi, кейде ұйымдастырушы тiкелей зиян келтiрмейдi. Олар тек қана қылмыстың зардабының тууына себепшi болады. Мұндай себепшi болу қылмысты тiкелей орындаушығa оның қылмыс iстeyre деген шешiмiн қоздыру арқылы жүзеге асырылады. Субъективтiк жағынан алғaнда қылмысқа қатысу барлық қаты¬сушылардың қылмысты қасақана icтeгeнiн бiлдiредi. Қылмысқа қатысушылардың әрқaйсысының ниетінің мазмұ¬нына орындаушының iстейтiн қылмысының қoғaмғa зиянды¬лығының мәнiciн сезу, сондай-ақ сол адамның қылмысты жал¬ғыз өзiнiң емес, басқалардың әpeкeтiмeн бiрге жасайтын мән ¬жайларды сезiнyi шарт. ....
Баяғыда Қаһар деген хан болыпты. Дүниеге көзі тоймайтын ашқарақ, адамға жаны ашымайтын қанішер жауыз екен. Ханның Шомбал ноян деген күшіне даңғойлығы сай ызақор, морт мінезді қолбасысы болыпты. Қаһар хан кезекті жорықтарынын бірінде женіске жетіп, ұлан-асыр той жасапты. Сол замандағы елдің ғұрып-әдеті бойынша мұндай ұлан-асыр тойда өнерпаздар елдің ерлерін, айбынды......
Байырғы қазақ метрологиясы кәсіптік қажеттілікке байланысты қалыптасты.
Жылқыға байланысты:
Жылқы байлам
Ат шаптырым жер
Бие сауым уақыт
Ұзындық, уақытқа байланысты:
Бір қыдыру жер
Түстік жер
Айлық жол
Күндік жер
Арпа өлшемі:
Шығыс елдері бойынша ең кіші салмақ және ұзындық өлшемі ретінде қолданған.
1 арпа = 45мг
6 арпа = 1 бармақ өлшеміне тең
Табан өлшемі - орташа ұзындық өлшемі. Адымның бестен бір бөлігіне және адам бойының алтыдан бір бөлігіне тең болған. Ағылшындар «футы»- деп атайды.
Аршын – шынтақтан саусақ ұшына дейінгі ұзындық. Аршын – ежелден бері қолданып келе жатқан, адамның шынтағы мен саусақ ұшының арақашықтығына негізделген өлшем бірлік. Вавилонда локоть атаумен пайда болған.
Мақсаты: Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту. Сурет бойынша сөйлем құрастыруға, сұраққа жауап алу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Жануарларға қамқорлық жасау керектігін ұғындыру. Жаңа сөздер: Қонжық, бөлтірік, мыршай, көжек, апан, ін, қуыс. Көрнекілігі: жабайы аңдардың суреттері. Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті Мотивациялық – қозғаушы кезең Балалар шеңбер бойына жиналып «Ғажайып ақшақар» Көптен күткен жаңа жыл да келе жатыр. Жаңа жылда жақсы тілек тілесең орындалады. Балалар Жаңа жыл мерекесін қалай қарсы алатындарын естеріне түсіріп, әңгімелейді. Балалар кезек - кезек «Ғажайып ақшақарды» қолдарына алып, ойлаған тілектері мен армандарын айтады. Балалар, далада күн суытқанымен біздің жүрегіміз, ыстық, мейірімге толы. Балалар шеңбер бойына жиналып өз тілектерін айтады. .....
Мақсаты: а) білімділік: Өз ойларын айта білуге, алған білімдерін іске асыруға үйрету. Математикалық білімдерін кеңейту; ә) дамытушылық: Логикалық ойын дамыту; б) тәрбиелік: Достыққа, татулыққа және бір - біріне көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Тәрбиешінің іс - әрекеті - Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін бастамас бұрын, кәне бәріміз бір - біреуімізбен амандасып алайық. Шаттық шеңбер. Қайырла таң! Балалар шаттық шеңберін хормен, қиымлдар арқылы жасайды. Саламатсыңдар ма, алақандарым – Хлоп, хлоп, хлоп. Саламатсыңдар ма, аяқтарым –.....
Бітіру жұмысының өзектілігі. Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық құрылысы мен салалы іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді. Кез келген мемлекетте бюджетте қарастырылған шараларды үздіксіз қаржының жалпы мемлекеттік және жергілікті деңгейде қаржылық ресурстардың жүйелі толуын талап етеді. Бұған негізінен жеке және заңды тұлғаның салық және бюджетке төлеуі есебінен қол жеткізеді. Қазіргі салықтық заңнама және өзге нормативті актілерге сай төлеумен орнатылған мөлшерде және белгілі бір мерзімде аталған төлемді төлеуге міндетті ....
Өнер алды – қызыл тіл» деп мақалдап өткен қазақ ақындары, жазушылары осы күнге дейін қазақ поэзиясында биік орын алады. Солардың бірі Ахмет Байтұрсынұлы.Өз заманының ағысына қарсы тұра білген қайраткер. Қазақ халқының рухани көсемі болып, болашақтың жарық, тыныш, көк аспан астында өмір сүруіне өзінің ақылын арқау еткен. Өз достарының алды бола білген Ахмет өткір, алмас қылыштай адамның ойын осып өтетін сөздерімен өлең арқылы ой-сезімін білдірген. Қазақтың қазақ бола білуіне кеудесіндегі жанын да аямаған. Қарусыз-ақ сөзбен адам өлтіретін Ахмет қазақ елінің келешегін тәуелсіздікке жетелеген халықтың рухани жетекшісі. Халық үшін, халықтың мәдени-әлеуметтік болмысын көтеру үшін қызмет еткен. Халықты ағарту баладан, мектептен бастау алады. Ең алғаш қазақ тілінде әліппе кітабын жинақтаған Ахмет еді. Қазақ балалары көзі ашық, сауатты азамат болып шығуға септігін тигізген. Қазақ тіліндегі әліп-би осы сөздердің бәріне дәлел. Тек қана кітап жазумен тоқтамаған Ахмет, орыстың белгілі жазушыларының белгілі жазушыларының белгілі еңбектерін ана тілімізге аударып, өзінің халыққа, шамшырақ екенін дәлелдеп өткен. Халықтың білімді болуына, сауатын ашуға көп көмек көрсеткен. Бұрынғы қарапайым қара сөздерді жаңғыртып, халық санасына қалыптастыру басты мақсаттарының бірі. Көкейіндегі түйілген ойды ана тіліндегі асыл, ұтқыр сөздермен жеткізе білген. Өлеңдеріндегі сөздердің өзі адам көңіліне талпыныс, алға қарай жол бастап, көш артында қалып қоймауға себепші болған. Қазақ тілін- болашақ ұрпақтарға дамыта түскен қалпында, басқа тілдерден биігірек ұстап, тазалығын сақтауға демеу болды. Қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танудағы қызметі қазіргі мектептерде қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Ахмет қалыптастырған әдеби-теориялық терминдер осы күнге дейін өмірін жалғастыруда. Бұның бәрін әдебиетші Ахметтің қымбат, алтын, гауһардай асыл сөздері мен тәлім- тәрбиеге толы, адамдық қасиеттерді сипаттап жазған өлеңдері бәрі- бәрі болашақ ұрпаққа келешегіне керек, нұсқау болатын түзу жол емес пе?! Қазақ тілін әсем сөздермен әшекейлей білген Ахмет өз еңбектерімен басқа да елдерге танымал бола білді. ....
Бір күні қанішер қасқыр, айлакер түлкі және аңқау есек үшеуі бір сайдың ішінде жолығысып қалады да жайғасып отырып, әңгімелесе бастайды. – Біздің басымыз не кешпеді, – депті, түлкі сөзді әріден қозғап. – Осы өмірімізде істеген жақсы-жаман істерімізді айтып, өзіміздің қылықтарымызды өзіміз бір байқап, саралап көрсек қайтеді. Мұнымыз бұдан былай қандай да бір ауыр қылмысқа бармауымыз үшін сабақ болар. – Сол істеген істерімді айтсам, менің күнәм жеңілдей ме? – депті қасқыр әкіреңдеп. Түлкі бұлаңдай алдын орап, кеңесті қыздыра түсіпті......
Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Қиял мен шындық Сабақтың тақырыбы: Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 10-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану. Сабақ мақсаты: мәтіннен алынған үзінділерді өзіндік ой-пікірін дәлелдеу үшін тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру......
Кіріспе Жұмысшының еңбекақысы бұл өндірістік процестегі еңбек ресурстарының бағасы болып табылады. Қазіргі таңда ол жұмсалған еңбектің саны мен сапасына байланысты, сонымен қатар оған таза нарықтық факторлар еңбекке сұраныс пен ұсыныс,құралған нақтыконьюнктура мен аймақтың аспектілері әсер етеді. Нарықтың экономика еңбек ресурстарымен қамтылған аймақтық қолма-қолды жұмысшы күшін ұсынады. Нарықтың жағдайында жоспарлы экономикаға тән қатар регламент жоқ, сондықтан да әрбір кәсіпкер, кәсіпорын жетекшісі әрбір еңбек ақы төлеу жүйесі варианттарын тексеріп,сол кәсіпорын мақсатының қызметіне сәйкес түрін таңдап алуға мүмкіндігі бар. Курстық жұмыстың тақырып - "еңбек пен еңбекақыны ұйымдастыру мен жоспарлау" деп аталады. Әрбір кәсіпкер өз қызметінде өндірістегі барлық факторларға төлем төлеу қажеттілігін кездестіреді. Ол – станоктар, машиналар, шикізаттар мен ресурстар сатып алады, сонымен қатар сол еңбек құрал-жабдықтар мен шикізаттарды іске қосып жұмысшы күшіне еңбегіне сай еңбекақысы төленеді.Еңбекақы – кәсіпкер үшін еңбек шығыны болып есептелінеді, ал жұмыскер үшін ЕА – бұл тікелей табыс қоры болады. Осы табыс қорын тереңірек зерттеу барысында негізгі экономикалық қызметі ірі қара мал терілерін көтерме саудасауда бойынша сатушы "РАМЭКС" ЖШС-ң қызметінің еңбекақы төлеу жүйесі талданады.....
Жастық жылдардың аумалы-төкпелі, бейжай күндері — елеусіз бір дүние. Менің көзіме жастық шақтың тек қана жылы шуақты, тамаша кезеңдері елестейді. Бейкүнә балалық, шақтың ебедейсіз, сәтсіз һәм беймаза күндерінің өзін мен дайын тұрған бақытқа ешқашанда айырбастамаған болар едім...
Мың тоғыз жүз қырық екінші жылдың ауыр айлары ілбіп өтіп жатты. Соғыс жылдарының қытымыр, көңілсіз күндері өкпеге түскен құрттай тіршіліктің ажарын алған. Әншейінде будақтап тұратын ауыл оттары бұл күндері жалқау көлеңдейді, сөніп бара жатқанға ұқсайды. Арбалардың доңғалағы қиралаңдап жолдың ыстық шаңын аспанға көтереді. Оған жегілген арық аттар аяқтарын сылбыр басып, жүре ұйықтайды. Майданға кеткен ересектердің ауыр кетпені жас өспірімдердің иығына батты. Бірі тары суырып, бірі мақта баптап, әркім өз ісімен әбігер. Есік-терезесі аңғал-саңғал иесіз мектепті көлеңкелеп сиырлар тұр.
Көше бойлап жүре қалсаңыз, көңілсіз жәйттерге тап боласыз: қыр-қыр еткен қол диірменнің мылқау үні, келі-келсаптың тақ-тұқ еткен қатқыл даусы қазан басының, жомарт дастарқанның сәнін кетіріп, қалың ауыл-аймақты құлазытып жіберген. Жұрттың қорегі шай мен жүгері талқан, қара тентек, қала берді быламық...
Кіріспе Қазіргі таңда психологияның алдыңғы міндеттері қоғам дамуының бағдарламаларын анықтайды. Еңбек өнімінің дамуы, техника мен технологияның дамуына білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жақсарту, осының барлығы адамға қатысты мәселелерді ғылыми зерттеуді талап етеді. Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру мемлекеттің ең басты міндеттердің бірі. Өмір сүру барысында дамитын тұлғаның ерекшеліктерін меңгеретін білімнің көлемі мен сипаты, қызығушылығы, кез келген ортада қарым-қатынасқа түсе білуі, зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы, адамгершілік қасиеттері, осылардың барлығы адамның белгілі бір жағдайға еркін жауап қайтаруына белсенді және мақсатты түрде әсер етеді. Студент тұлғасының қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы студенттердің оқуда, еңбекте, қоғамдық өмірде белсенділігін дамыту жолдарын ашуға мүмкіндік береді. Жұмысымыздың өзектілігі : Әлеуметтік, экономикалық дамуды жылдамдатуда болашақ мамандарды дайындайтын жоғарғы оқу орнының жауапкершілігі артып отыр. Біздің қоғамның болашағы болашақ педагоктарды, психологтарды, өндіріс және ғылым басшыларын тағы басқа мамандарды тек сауаттылыққа ғана емес, сонымен қатар белсенділікке, алдына қойған міндеттерге қызығушылықтарын қарауға байланысты.Соның негізінде позицияны белсенді, өз күшіне сенімді, орынды іс-әрекетке шығарылуын қарайтын тұлға қалыптастырады. Әрине қарым-қатынаста зейін қасиеттерінің деңгейі қалыпты болмаған жағдайда осындай сапалардың көрініс беруі қиындайды. Әлеуметтік психология мен жалпы психология аймағында қарым-қатынас проблемасы мен зейін проблемасы жан-жақты қаралған. А.А. Леонтьев «Қарым-қатынас» ұғымын әмбебап коммуникативті іс-әрекеткетеңейді. В.А. Кан-Калик қарым-қатынасты адамгершілік құндылық потенциалына ие дейді. Орыс психологы И.Н. Ланге зейінді объективтілік актісімен байланыстырды. Т.А. Рибо өзінің ерікті зейін мен қиялдың қозғалыс теориясында зейіннің түрлерін зерттейді. В. Вунд сана мен зейінді байланыстырады. Осы және тағы басқа ғалымдар мәселелерді қарастырғанымен әлі де жеткіліксіз жақтары көп. Әсіресе қарым-қатынас пен зейін қасиеттерінің байланыстары қаралмаған. Зейін өзіндік психикалық процесс болып саналмайды, ол тек адамның психикалық іс-әрекетінің компоненті ретінде болады. Зейінді іс-әрекеттің әр түрінен зерттей отырып біз оның бірліктегі мазмұны мен формасының шоғырлану құрылымын түсінеміз. Зейін іс-әрекетте мазмұнды және осының негізінде оның қасиеттерінің, динамикалық ерекшеліктері мен функцияларының көпжақты байланыстары пайда болады. Зейін – бұл адамдардың іс-әрекет процесі мен олардың өзара қатынасының шоғырлануына бағытталған. Өзінің көріністерінде қарым-қатынасайналадағылармен контактқа түсудің рухани қажеттілігі ретінде болады.....
Сабақтың мақсаты: а)Топпен таныстыру,бөлмелердің аттарын үйрету. ә)Сұрақтарға қысқаша жауап беруге дағдыландыру. б)Ұқыптылыққа баулу. Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Балалармен балабақша туралы әңгімелесу. Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,сергіту сәті,ойын. Қажетті көрнекіліктер мен құралдар: Балабақшаның суреті,орамал.......
Танысу бұрышынан «Алматы» деген сілтемені тауып алды. «Я — парень», «Я ищу девушку», «В возрасте — от 18 до...»
— Өзіммен жастыларға дейін іздейін, үлкендерді қайтемін? — деп тез ойланды да, «до __» деген түйменің тұсына 22 санын енгізе қойды.
«Цель знакомства»... «Для серьезных отношений».
Енді «іздеу» деген нүктені басса болғаны. Жоқ-жоқ, суреттерімен қоса іздеген дұрыс.
Көз алдына самсап шыға келді. Түу, не деген көп! Жымиып қойды Жұмат.
Жұмыс арасындағы осындай бір жан шақырған сәттерде Жұматтың ғаламтор ақтаратын әдеті. Басқа-басқа, Жұмекең сияқты жұмбақ жандарға бұл әлемдік желі рақат болды. Монитор алдында өзінің бұйығы, сабырлы мінезінен түгел көз жазып, батыр, сөйлеуік, айтқыш болып кетеді. Әсіресе, осы танысу бұрышы керемет! Қыз бетіне өздігінен қарай алмайтындар үшін таптырмайтын ермек. Бірақ Жұмат бұған ермек деп қараған емес. Жүрегінің түбінде бір үміт жатыр — танысу бұрыштарынан... өзіне жар тауып алғысы келеді. Сондықтан да осы сайтта — Жұмат айтқыш, Жұмат аңқылдақ.
Бірақ жұрттың бәрі өзіндей ақтарылмайтынын өткен жолы ұғыңқырап қалған. Шашы карэ үлгісінде қиылған әдемі қыздың суреті бірден көз тартты. Жасы жиырма бірде екен. Жұматтың қазақша жазған хатына да тез жауап қатты. Ал бұл желіде қазақша сөйлесетіндер сирек. Сонысымен-ақ жақын тарта түсті сұлу қыз. Аты Жанат екен. Екеуі бір күн бойы жақсы сөйлесті. Бір қараса, Жұмат өзі жайлы барлығын айтып тастапты. Өзінің жалғыз ұл екенін, анасы мен әкесінің ауылда екенін, бұған көп үміт артатынын, солардың сенімін ақтауға тырысатынын... әй, қойшы, шертпеген сыры жоқ. .....
Қарағанды қаласы №10 жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тулеуова Айгуль Тулеуовна
25 сәуір – дүние жүзілік оқу күні. Осы күні еліміздің барлық аймақтарында, барша білім ордалары мен білім ошақтарында кітап оқу ұйымдастырылады. Бұл күнді арнайы атап өтуге басты себеп – жастардың кітап оқуға қызығушылықтарының төмендеп кетуі. Қазір техниканың дамыған кезі болғандықтан, оқушыларға кітапханаға барып кітап алып оқығаннан, ұялы телефондар, компъютер, планшет және т.б. электрондық құралдарды қолдану оңайға соғып тұр. Яғни ұрпағымыз техникаға бағынышты болып бара жатқан сияқты. Бұл қазіргі кезде алдын алу қажет болған үлкен індет. Осы індеттің алдын алу мақсатында еліміздің кей жерлерінде аталған ісшараны қалай ұйымдастырып, қалай өткізу туралы дәрістер беріліп, тәжірибе жүзінде орындалып көруде.
Ісшараны қалай ұйымдыстырып, қалай өткізу әр мекеменің еншісіне берілді. Әркім әр түрлі әдіспен жүргізеді, бірақ ортақ мақсат бір: жастарды кітап оқуға шақыру. Кітапты зырылдатып оқып қана қоймай, одан өзіне керекті мәліметтерді түртіп алып отырады. Берілген әңгіменің тәрбиелік жағына аса назар аударылады. Берілген шығармада балаға қажетті жақсы іс-әрекеттер болуы керек. Игі істер мен өнегелі өсиет, ұлағатты сөздері мол әңгіме алған жөн. .....
"Өзекті жаңалық-өз уақытында" демекші, бүгінгі жаға ұстатарлық жаңалықтан соң мән бермей өту мүмкін емес болды. Жасыратыны жоқ, осы оқиға өзімнің де басымнан өткен. Шакир Хаxазов мырзаның "енді бейнекамераны мектептің іші-сыртына ғана емес, әрбір кабинетке орналыстыру керек" дегенін толықтай құптаймын. Себебі, осы жағдайда ғана мәселенің ақ-қарасын анықтап, кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екендігіне көз жеткіземіз. Сонымен, қатар мұғалім мен оқушының арасындағы кикілжіңді шешуге мүмкіндік аламыз. Олай болса, әңгімемізді болған проблемаға сай өрбітейік.
Бұл оқиға дәл бүгін орын алып отыр. Алматы облысы, Іле ауданындағы, #17 мектепте үш жылдан бері қазақ тілі пәнінің мұғалімінен қорлық көріп, төзімдері таусылған олар, барлық шындықты жайып салу үшін, ұстаздарының оқушылардың бірін жұлқылап жатқан тұста, видеоға түсіріп алып , шағымданған. .....
Еліміз тәуелсіздік алғалы бері, осы тәуелсіздіктің алуына куә болған азаматтар өмірінде көптеген өзгерістер болды. Өмір, идеялар, құндылықтар, формация – барлығы аяқ астынан аударылып түсті. Жеке меншік, азаматтық қоғам, жеке кәсіпкерлікті реттейтін азаматтық құқық “басын көтеріп”, терең тыныс алуға мүмкіншілік алды. Қылмыстық құқықта да қылмыстық заң қорғайтын құндылықтардың жаңа иерархиясы бекітілді. Ол иерархия адамның ажырамас табиғи құқықтары мен бостандықтарына негізделген болатын . Нарықтық экономикалық қатынастарға өту жағдайларында, меншіктің жаңа түрлері пайда болу кезеңінде, меншіктің барлық нысандарын берік қорғауға қажеттілік туындады. Бұл міндет, әрине, жас мемлекетімізге жүктелді. 1997 ж. Қазақстан Республикасында Қылмыстық Кодексті қабылдау - әлеуметтік және саяси салалардағы ірі өзгертулердің объективтік қажеттілігі болды. Бұл, әсіресе, еліміздің Конституциясын қабылдаумен байланысты болды. Себебі, Конституция мемлекетіміздің қағидаларын, құндылықтарын, бағыттарын анықтап бекітті. Жаңа кодексті қабылдау қылмыстық құқық ғылымы алдына, меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстарға байланысты және сот-тергеу тәжірибесінде қолданылатын заңнамалық новеллаларды зерттеу бойынша міндет қойды. Еліміздегі салыстырмалы тұрақсыздық және меншікке қарсы қылмыстардың кең таралуы – олармен күресудің қылмыстық-құқықтық әдістерін тұрақты түрде жетілдіруді қажет етеді. Ең алдымен қылмыстық заңнамадағы “ақ дақтарға” көңіл бөлу керек. Себебі, егер қылмыстық жауаптылық тек қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттер үшін туындайтынын ескерсек, онда бірқатар әрекеттер тиісті жазалаусыз қалатынына қауіп бар. Сондай-ақ осы “ақ дақтардың” болуы салдарынан, бір әрекетті өзге қылмыс құрамымен саралау жағдайлары болуда. Сол сияқты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын жетілдіру қажет екендігі рас. Себебі, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары Қазақстан Республикасындағы қолданылатын құқыққа жатады. Заң ғылымының әдебиеттерінде, ғалымдар меншікке қарсы қылмыстардың ішінен “алаяқтық” қылмысын ерекше атап өтеді. Алаяқтықтың қоғамдық қауіптілігі – бұл алдау немесе сенімге қиянат жасау нәтижесінде азаматтарға, ұйымдарға, мемлекетке зиян келтірілуінде. Алаяқтық қылмысы мүліктік қылмыстар арасындағы салыстырмалы түрде аз тараған, 5,5% қана, бірақ оның үлесі күннен күнге өсуде....
Кіріспе Мектепте оқытылатын тарих пөні өзінің негізін тарих ғылымынан алады, ал ол ғылымның аса маңызды салаларына жатады. Кез келген өркениетті, дамыған елдер өз мемлекетінің барлық азаматтарын тарихи біліммен қаруландыруға ұмтылады және де оны алдымен өз халқының, өз елінің тарихын оқытып үйретуден бастайды. Тарихи білімді меңгерген адам өзі өмір сүрген қоғамдағы орының атқаратын қызметін, басқа да іс-әрекеттерін дәл анықтай алады. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық Кеңес бейткен 1995 жылғы Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасын қабылдаған болатын. Бұл тұжырымдамада оқу орындарында тарихты, әсіресе Қазақстан тарихын оқытуды алдын-ала мөжелеу жөнінде аса жауапты міңдеттер қойылған. Ол міндеттер алдымен жалпы білім беретін мектептерде жүзеге асады. Өйткені елдің барлық азаматтарына жүйелі тарихи білім беретін оқу орны — мектеп. Ол пәнді оқытатын — тарихшы мұғалімдер. Сондықтан да университеттер мен пединституттардың тарих факультеттерінде болашақ тарихшылар 4-5 жыл оқып, орта мектептің тарихшы мұғалімі деген мамандық алады.....
КІРІСПЕ Зерттеудің көкейкестілігі: Еліміздің Президенті Н.А.Назарбаев 1999 жылдың 15 желтоқсанында «Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі» атты халыққа Жолдауында «ХХ ғасырдың бас жағында біздің сан ғасырлық тарихымызда тұңғыш рет халқты әлемдік айдынға алып шығуға нақты мүмкіндіктер туды. Ол мүмкіндікті тудырғандар «Алаштың ардақы азаматтары еді» - деп А.Байтұрсынұлының М.Дулатовтың, М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың тарихта алатын орнына әділ баға берді. Сол азаматтар ұстаздық етуде және тәлім тәрбиелік еңбектер жазуда өз ұлтының салт - санасын үңіле зерттеп, сан ғасырлық тарихы бар ата – бабаларының халықтық педагогикасы мен психологиясына терең ғылыми талдау жасады, сол мақсатта олар қазақ мектептерінің оқушылар мен мұғалімдерне арнап оқулықтар, оқу құралдар және әдеби шығармалар жазды. Миллиондаған адамы бар халықтың рухани жетекшісі болатын адам белгілі бір идеяларды алдына мақсат мұрат етіп қойып, оларды сол халақтың әлеуметтік – мәдени өміріне жарататын іс -әрекеттерге баруы керек екені белгілі. Әрине ондай адам қайтсем осы бағаға ие болам деп, атақ - лаузым үшін әрекетт етпейді, халқы үшін, халықтың мәдени рухани дүниесін көтеру үшін қызмет етеді. А.Байтұрсынұлын үстіміздегі ғасырдың алдыңғы он жылдықтарындағы қазақ қауымы көшінің басшысы етіп танытқан – оның қазақ халқын «іргелі жұрт» қатарына қосу үшін жүргізген күресі және сол күресте ұстаған бір – қаруы ағартушылық идеясы болды. Сондықтан Ахмет Байтұрсынұлы бүкіл өмір жолында қазақ халқының ұлттық санасын ояту, тұрмыс жағдайын жақсарту, ол халықты жаппай сауаттандыру оқыту керек екенін айтып, насихаттайды. Оқу ағарту идеясы – Ахмет Байтұрсынұлының да қоғамдық қызметінің арқауы, азматтық борышының негізі, идеологиялық плтформасының тіреуі болды. Бұл платформаны мықтап ұстауға алып келген – оның өз халқының тағдырын ойлаған қам - қарекеті. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамы – тәуелділік күн кешіп отырған, білім ғылымнан кенже қалаған, мал бағып, марғау жатқан отар ел болатын. Халқы үшін сол кезде бебеу қаққан ойшылдардың көзімен, сөзімен айтқанда, бұл тұстағы қазақ халқы «көңілі ұйқылы», «еспесі жоқ қайығы қалтылдақ», болған «қайран ел, қайран жұрт» еді. Сол жұртқа «Оян қазақ!» деп, Міржақып Дулатов жар салса, «ұйықтап жатқан қазақты сары маса боп ызыңдап оятуға» Ахмет Байтұрсынұлы шықты. Демек, қазақ халқын әлеуметтік теңдікке, адамзаттық мәдениетке жеткізетін, жалпақ тілмен айтқанда, ел қатарына қосатын амал - әрекеттің бастысы – «түгел қазақты» саутты етіп, көзін ашып надандықтан арылту болды. Ахңның тілімен айтқанда «Өрге басқан өзге жұртың қатарынан қалыспау үшін» оқу ағартуға құр шақырып қою, ұлттық намысына тию де енді жеткіліксіз болды. Енді оқу – ағартуды жүзеге асыратын нақты іс - әрекеттерге көшу саясаты басталды. Демек, мектеп керек болды. Сол мектепте ана тілінде оқыту үшін алдымен қазақша жазу таңбаларын, яғни алфавитін жасау қажеттігі туды. Ол таңбаларды қай жазудан алса да қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемдеп өзіне тән ұлттық графика етіп ұсыну мақсаты тұрды. Міне, Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін зерттеп, танып білуге қатысы осы тұстан басталады. Ахмет Байтұрсынұлыа еңбектері арқылы Қазақстанда ұлттық білім беру жүйесінің негізін қалады. Ол жүйенің элементтері ұлттық жазу жүйесі, ұлттық негіздегі бағдарламалар оқу әдістемелік құралдар. Ахмет Байтұрсынұлы осы жүйенің барлық элементтерінде қазақтың тілін, ауыз әдебиетін, мәдениетін, тарихын, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрлерін қазақ мектептерінде оқытып, оқушыларға ұлттық тәрбие беру мақсатында пайдалану жолдарын көрсетті.....
Қаржылық есептіліктің әрбір элементі аудиттің нақты мақсаттарының бірі болып табылады. Оларды белгілеп болған соң, нақты мәліметтерді жинау шараларын бастауға болады. Аудитор анықтау керек, жағдайға сәйкес қандай дәлелдемелер және қандай әдістемелердің көмегімен жинау керек. Бұл процесс белгіленген жолмен тексеруді талап етеді, сондай – ақ, стратегияда болып табылатын, осы арқылы аудитор шынайы мәліметтер ала отырып, қаржылық есептілік туралы ой – пікірін жазуға мүмкіндік береді. Аудиторлық тексерудің стратегиясы тексеру жүргізгенде мүмкіндігінше мақсатқа жетуде парасатты жолдар арқылы талдау негізі болып табылады және аудиторлық тәжірибелігімен дәрежесіне байланысты аудиторлық серіктестік фирмалар мен клиенттің ұзақтығына, яғни клиенттің біліктілік деңгейі, аудитормен шығарылатын есептің ерекшеліктері және басқа да факторлар. Стратегияла тексеріс шараларының көлемі мен уақыты бөліп тарату әдісі көрсетілген, аудиторлық дұрыс тексеріс жүргізуіне мүмкіндік береді. Бұл тексеріс жүргізудегі жалпы жоспар мен бөлшек шараларының арасынмдағы байланыстырушы буын болады, бағдарлама мазмұнында қаралған, сонымен қатар белгіленген шаралардың нәтижелік пен тиімділікті бағалаудың негізі болып табылады. Аудиттің 200 халықаралық стандартына сәйкес «Қаржылық есептілік аудитін реттеудің мақсаты мен жалпы қағидалары» термин «аудит ауқымы» аудиттің шараларына жатады, кейбір жағдайларда аудиттің мақсатына жету үшін қажет етеді. Қаржылық есептілік аудитінің ауқымын анықтаған кезде 3 негізгі сатысын бөліп көрсетуге болады.
Аудит шараларын жоспарлау және құрастыру
Қаржылық есептілік элементтерін тексеру
Ой-пікір құрастьыру және қорытындыны жасау
1- сурет. Қаржылық есептілік аудитін жүргізудің сатылары.
Аудитті жоспарлаудың мақсаты. Аудиттің 300 халықаралық стандартының «жоспарлау» көрсетілген, жоспарлаудың негізгі мақсаты - тиімді аудит жүргізуді қамтамасыз ету. Жоспарлауға байланысты жұмыстар аудиторға аудиттің қажетті аудандарына көңіл аударуына көмек береді, потенциалды проблемеларды табу мен бастаған жұмысты уақытында аяқтау. Сонымен қатар, тапсырысты аудитор, асистенттер арасында ұтымды бөлумен эксперттердің атқаратын жұмысын үлестіру. Аудиторға кәсіби жауапкершілікті өзіне алу үшін тексеріс жүргізуге қажетті жеткілікті дәлелдемелер жинау керек. Сонымен қатар, дәлелдемелер құны минималды болу керек. Бұл жоспарлану жұмыстарына байланысты болады. Сондықтан әрбір тексеріс үшін аудитор жоспар құру керек, оның мақсаты: ....
Кіріспе Қоғамдағы түрлі бағытта болып жатқан өзгерістер білім берудің қызметіне жаңаша қарауды, бағалауды, сонымен қатар оқушылардың танымдық әлеуетін дамытуды талап етеді. Таным – объективтік шындықты адамның ойын бейнелейтін және қайта жаңғыртатын, қоғамдық іс-әрекет барысы. Ол заттардың мәніне дәлірек жетудегі күрделі және қарама-қайшылық ретінде қаралады. Ақиқатқа жетудің, объективті шындықты танудың диалектикалық жолы: нақты пайымдаудан абстрактілі ойлауға, одан тәжірибеге көшу болып табылады. Таным барысында ойлаудың түрлі тәсілдері пайдаланылады. Оқушылардың танымдық әрекет құрылымы: танымдық қызығушылықтан, танымдық белсенділік, танымдық дербестік және шығармашылық әрекеттен тұрады. Танымдық іс-әрекет оқушының білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады. Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады.....
Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техника да, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі, осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Мұндай бетбұрыстар адамның іс-әрекетін өзгертіп қана қоймай, оның жеке тұлға ретінде жаңаша қалыптасуын талап етеді. Осымен байланысты жоғары оқу орындары білім беруде адамның игерген білім, дағдысымен шектелмей, оның шығармашылық белсенділігін, кәсіби біліктілігін, өз бетімен әрекет жасау мүмкіндігін, өз пәніне қызығушылығын, ғылыми көзқарасын, кәсіби мәдениетін, педагогтік шеберлігін, т.б. қалыптастыруы қажет. Білімгерлердің бойында мұндай қасиет пен қабілет қалыптасуы үшін оқу процесіне оқытудың жаңа нысаналарын, жаңа технологияларды енгізу қажеттілігі туып отыр. Білім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жақсарту және азаматтардың білім алуға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Білім» мемлекеттік бағдарламасы туралы Жарлығы 2000 жылы қырқүйектің 30-ыншы жұлдызында шығып, Мемлекеттік бағдарлама бекітілді. «Білім» мемлекеттік бағдарламасында, білім беру жүйесін ақпараттандыруды қоса алғанда оқытудың жаңа технологияларын енгізу мен материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарту міндеттері бір-бірімен өзара байланысты және білім беру жүйесін ақпараттандыру, дистанциялық оқытуды енгізу және тағы басқалар арқылы оқу процесіне қазіргі заманғы технологиялар мен оқытудың техникалық құралдарын енгізу көзделеді. Білім беруді ақпараттандыру өте қажетті мемлекеттік ағарту үлгісін жүзеге асырудың негізгі құралы болып саналады, сонымен бірге білім беру бағытын қайта қарап, арнайы өндірістік салаға мамандар даярлау мақсатында терең білім беруге бейімдейді.....
КІРІСПЕ Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің әлемге белгілі "Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы атты еңбегінде "Барлық стратегиялық басымдылықтардың көш басында агроөнеркәсіп кешенін дамыту, оны дәйекті де батыл реформалау, сондай-ақ тұтыну рыногын өнеркәсіп тауарлармен толтыру шаралары жүретін болады"-деп, атап көрсеткен болатын. Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларын, оның ішінде ауыл шаруашылығында қызмет көрсету саласын дамытуға мүмкіндік мол. Егер де осы потенциалдық мүмкіндікті нарық жағдайында әрбір жекелеген аймақтардың өзгешеліктерін еске ала отырып ауыл шаруашылығының қызмет көрсету салаларын дамыта білсек, еліміздің экономикасын бұдан биік деңгейге көтеруге мүмкіндік жасар едік. 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық саясатында елеулі жеңілдіктер туғызу қарастырылуда. Соның ішінде жеке табыс салығының ең жоғарғы пайызын 30-дан 20 дейін кеміту көзделуде. Агроөнеркәсіптік өндірістің соңғы нәтижелері тек тікелей ауыл шаруашылығының даму деңгейіне ғана емес, сонымен қатар соған қызмет көрсететін салаларға да байланысты. Ауыл шаруашылығының өндіріс көлемі ұлғайған сайын материалдық-техникалық ресурстарды, қажетті шикізаттарды, қосалқы материалдарды т.б. жұмсау мөлшері де ұлғаяды. Шаруашылықтың электр-энергияға, транспортқа, байланыс құралдарына, өнімдерді сақтауға деген қажеттіліктері де көбейеді.....
Кіріспе Білім беру педагогика, психология, философия, тарих, экономика, әлеуметтану секілді ғылымдар қатарын зерттеудің объектісі мен пәні болып табылады. Олардың әрқайсысы өздеріне тән шекарасын зерттеді. Білім беру әлеуметтану білім жүйесі әлеуметтік институты ретінде және оның қоғаммен өзара әрекеттестігін зерттейтін ғылыми пән. Әлеуметтанудың мұндай ерекше саласынан бөлініп шығуы бөлімінің тарихи ауыспалы жүйесіне және шартты дербесшілігіне, оларды тудырушы қоғамдық қатынастар шеңберінде қоғамның дамуы мен қызмет етуіне белсенді әсер ете алуы қабілеттілігіне негізделген. Білім беру әлеуметтануының пәні әлеуметтік институт ретінде білім (оның қоғам қызметі мен басқа институттармен байланысы) әлеуметтік ұйым ретіндегі оның мекемелері мектеп, жоғары оқу орын т.б. Сонымен бірге білім саласындағы әлеуметтік саясат болып табылады. Білім беру әлеуметтануы сондай – ақ білім жүйесінің әлеуметтік институт ретінде қоғаммен және оның негізгі элементтерімен өзара әрекеттесулермен зерттеледі. ....