Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Курстық жұмыс: Химия | Қазақстан Республикасының табиғи және сұйытылған газды пайдалануын талдау

Курстық жұмыс: Химия | Қазақстан Республикасының табиғи және сұйытылған газды пайдалануын талдау

Курстық жұмыс: Химия | Қазақстан Республикасының табиғи және сұйытылған газды пайдалануын талдау казакша Курстық жұмыс: Химия | Қазақстан Республикасының табиғи және сұйытылған газды пайдалануын талдау на казахском языке
Мазмұны

Кіріспе. .......................................................................................................1

Негізгі бөлім.
1. Қазақстан Республикасындағы газ саласының жалпы жағдайы. ......2

1.1. Газ саласының қазіргі және келешек жағдайын талдау. .................3

1.2. Газ өндірісі бойынша нақты өңдеу қуаттылықтары. ....................6

2. Қазақстан Республикасының газ өнімдерін пайдалануы.

2.1. Қазақстан Республикасының табиғи және сұйытылған газды пайдалануын талдау. .................................................................................8

2.2. Магистралды бөліп таратушы газ құбырларның техникалық
жағдайы. ..................................................................................................10
3. Газ өндірісін модельдеу және болжау. ..............................................12
Қорытынды. .............................................................................................14

Пайдаланылған әдебиеттер. ...................................................................15


1.Газ саласының қазіргі жағдайын талдау.

Саланың басты дамуын және өнім өндіру механизімінің жетістіктерін, алға қойған мақсаттарды түсіну үшін гза саласының қазіргі таңда бар мәселелеріне (проблемаларына), газтасымалдаушы кәсіпорындардың жұмысына тосқауыл қоятын факторларды және де сала дамуының динамикасын толық талдауымыз қажет.Соңғы уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан Газ өндіру, өңдеу, табиғи жәнесұйытылған газды жузеге асыру жайында ұйымдастырылған іріктеу жөнінде бірқатар жобалар қабылданған, осыған орай газ саласының толықтай жұмыс істеуі оң жолға қойылды. Мысалға, Теңіз мұнайгаз кенорнының дамыту жайында қабылданған екінші буынның шешімі республикадағы газ саласының жалпы дамуына жол ашты. Қарашығанақ газөңдеузаводының (бұдан арықарай ГӨЗ) қалыптасудағы технико-экономикалық дамуынан бастап “Газ жобаларының” жүзеге асырылуы нақты басталды.2002 жылы теңіз кенорны “Қашағанда”газ қорын бағалау жұмыстары жүргізілді, бағалау республикадағы газ ресурстарының 1,5 есеге өсуіне алып келді.
2002 жылы мемлекеттік бюджет көмегімен оңтүстік ауданның әлеуметтік-экономикалық газбенқамту тұрақтылығын қамтамасызетудегі маңызды орны бар Амангелді газ кен орнынын игерудегі тәжірбие-конструторлық жұмыстары басталды. Сонымен қатар мемлекеттік қаржының қатысуымен Оңтүстік Торғай ойпаңындағы қосымша газды (попутный газ) пайдалану жобалары жүзеге асырыла бастады.
Табиғи газдың экспортына байланысты сұрақтарды шешу үшін көрші мемлекеттердің өкілдерімен “Газ Альянсын ”құру және газ экспортын жүзеге асыру үшін Ресей Федерациясымен бірігіп “ҚазРосГаз”кәсіпорнын құру туралы келісімдер өте маңызды болды.
Отандық газ желісіндегі кәсіпорындардың дағдарыстық жағдайдан шығуы үшін жаңадан иелігіне газтасымалдау аймақтық газтасымалдау жүйесі берілген “Аймақтық газтасымалдау жүйесі” (АГЖ) атауымен акционерлік қоғам құрылды. Саланың нормативтік құқықтық базасының жаңаруына қарамастан, газ саласының нарықтық жағдайға сәйкес келмейтін нормативтік базасының кемшілік тұстары өте өткір мәселе болып отыр.Табиғи газды өндірітін, пайдаланатын және газбен қамтамасыз ету сияқты сұрақтар қазіргі таңда барлық елдерде арнайы заңдармен және актілермен реттелініп отырады.
Ұлыбританияда монополиялық компания “Бритиш Газдың” қызметі 1986 жылы қабылданған “Газ” заңы бойынша реттелініп отырады, яғни бұл жерде Бритиш Газ газтасымалдау жүйесіне кіру мүмкіндігі, газбен қамтамасыз ету жөніндегі компанияның өкілетілігі, газ бағасын және тасымалдау тарифін реттейтін мемлекеттік органдардың ролі бекітілген.
АҚШта газбен қамтамасыз етудің әрбір секторын мемлекеттік реттеуді жоғарғы соттың заңдық күші бар бірқатар арнайы актілері мен шешімдері жүзеге асырады. Соның ішінде 1937-ші жылы қабылданған Табиғи газ туралы заңның өзіндік мағынасы бар.
Заңда штатаралық газтасымалдаушы компаниялардың қызметін реттеу, осыған қоса табиғи газдың экспортын және импортын бақылау, тасымалдау тарифін, компаниялардың негізгі қорларның құнын бағалау, газ желілерінің құрылысын жүргізуге рұқсат беру және тағы басқа тәртіптер қарастырылған.
Осыған ұқсас заңдар Норвегия мен Франциядада бар, яғни газ саласындағы барлаушылар, өндірушілер және құбырлармен газ тасымалдаушы операторлардың қызметін реттеп отырады.
Ресейде “Мұнай және Газ” заңы бойынша газжелілерін пайдаланушы қызмет етуші субъектілердің көптеген сұрақтарын реттеп отыр.

1.1 Газ кенорындарының қазіргі және перспективалық жағдайы.
Табиғи газдың барланған қорының көлемі, 2010 жылға дейін “Газ саласын дамыту” туралы жасалған концепцияда есептеліну бойынша 1.8 трлд
куб метрді құрады. Бірақта 1-ші қаңтар 2002-ші жылғы жағдай бойынша Каспийдегі газ қорын қоса есептегенде, мемлемкеттік пайдалы қазбалар туралы баланстың жаңартылуымен газ қорының жалпы көлемі 3.3-трлд куб метрді құрады. Мысалға 2002 жылдың 20-шы қазандағы мемлекеттік комиссия отырысының хаттамасы бойынша Қашаған кенорнының өзіндегі газ қорының көлемі 969млрд куб метр болды. Осыған сәйкес Каспий теңізіндегі негізгі игерілген ресурс пен байланысты перспективалыұқ және болжанған газ ресурсының көлемі 6.0-8.0 трлд куб метр деңгейінде бағаланды.

Сурет-1.1 Қазақстан бойынша газ ресурсы және қорының болжамы.

Өндіріліп алу тереңдігімен (5мың мертден жоғары), құрамның көп компанеттілігімен, күкіртті сутек қосындыларның жоғарылығымен сипаталатын көп қабатты Каспий маңы ойпатының болжанған газ ресурстары газ саласының даму үшін ерекше маңызды.
Осы кезде Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда сияқты облыстарды газбен қамтамасыз етуде маңызы бар күкірттік құрамасы, қазып алу тереңдігі төмен кенорындарының салыстыра алғандағы аз ғана қорлары бар.
Халықаралық экспертердің соңғы бағалауы бойынша дәләлденген 37.6% әлемдік табиғи газ қорының (147.5 трлд куб м) басым бөлігі бұрынғы Кеңес Одағы территориясында болған. Осыған байланысты барланған және болжанған газ қорлары жағынан Қазақстан ТМД елдеріндегі газ өндіруші 4-жетекші мемлекеттер қатарында.
Қазіргі таңда газ қорларынладын-ала ьағалау және дайындау бойынша кенорындарының барлық категориялары негізінде шамамен респуликада 130-ға жуық газкенорындары тіркелген: соның ішінде 21-газ, 9-газконденсат, 23-мұнайгазконденсатсаттық, 31-мұнайгаз және азғана қоспалары бар кенорындары.Сонымен қатар өндірілген көмірсутек газ қорының 80% құраушы 44-газкенорындары өңделу үстінде.(кесте-1.1;сурет-1.2)


Кесте-1. Табиғи газ қорының көлемі бойынша кенорындарын бөлу.
№ Қор көлеміне байланысты кенорындарның топтары. Кенорындар көлемі. Кенорындар. А+В+С1 газ қорларының балансы.
Барлық дәлелдегендері(млрд м куб) ҚР бойынша қорға шаққандағы %-ры.
Қазақстан Республикасы 130 3011 100
1 Алыптар(300млрд м3-қа жуық) 3 Қарашығанақ МГК 1370 45.5
Теңіз-М 569 18.9
Қашаған-М 227 7,5
2 Ең ірілер (100.1-300 млрд м3) 2 Жаңажол МГК 133 4.4
ИмашевскоеГМ 129 4.3
3 Ірілер (30.1-100.1млрд м3) 4 Жетібай-МГК 99 3.3
Теңге-МГК 45 1.5
Өзен-МГК 43 1.4
Ұрықтау-МГК 40 1.3
4 Орташа (10.1-30.1 млрд м3) 8 Прорва-МГК 28 0.9
Қаламқас-ГМ 27 0.9
Амангелді-Г 25 0.8
Тепловское-
Токаревское-ГМ 25 0.8
Оңтүстік Жетібай-МГК 23 0.8
Шағырлы-
Шомышты-Г 20 0.7
Чинарвское-МГК 17 0.6
Тасболат-МГК 13 0.4
5 Шағын (3.1-10 млрд м3) 17 Көмірсутектің түрлі фазаларына байланысты 113-кенорны 99 3.3
6 Ұсақ(1-3 млрд м3) 25 44 1.5
7 Өте ұсақ(1-млрд м3-тан) 71 20 0.7
Ескерту: МГК-мұнайгазконденсат. ГМ-газмұнайлық. М-мүнай. Г-газ.
ГМК-газмұнайконденсат.
Сурет-2 Негізгі көмірсутек кенорындарындағы табиғи газ
Шын мәнінде Қазақстан Республикасының пайдаланып жатқан үлкен кенорындарында өндірілген мұнай газ ерітінділерінің құрамында күкірттісутек және басқада күкіртті қоспалардың мөлшері өте жоғары. Мысалы: Жаңажол-ұрықтау кенорындарының тобында бұл улы газдар құрамы 2%-дан 6%-ға дейін өзгеріп отырады, Қарашығанақ кенорнында 3%-дан 3%-ға дейін, Теңіз кенорнында күкірттісутек концентрациясы 19%-дан асады. Сондықтан газ саласының дамуының басты мәселенің бірі болып, алынған күкіртті пайдалану арқылы өнімді тауарлық деңгейге жеткізіп сыртқы нарыққа өткізу үшін мұнай мен газды күкірттік қосылыстардан ажырыту болып отыр.
Бұл сұрақты шешудің бір нұсқасы ретінде күкіртті газды, кенорындарының өнімді горизонтына қайта құюып пласстық қысымды арттырып, сұйық көмірсутекті шикізаттың өндірілу тиімділігін арттыру болуда.
Келтірілген талдау Қазақстан Респуликасының газкенорындарының ресурстарын шартты түрде үш категорияға бөліп қарастырады : қордың бары, өндіру көлемі, өндіру тиімділігі.
1.Күкіртті сутек қосылыстары жоғары және өндіріліп алынуы көпқабатты Каспий ойпатының тереңінде орналасқан табиғи газдың стратегиялық қорлары.
2.Өндіріліп алу тереңдігі орташа және күкірттік қосылыстары жоқ кенорындарының газқорларының өндірісі соңғы құламалы сатыда тұр.
3.Табиғи газдың еркін кенорындары бар қорлар негізінен ұсақ категорияға қатысты, ол қорлардың соммасы 1.5%-дан аспайды, яғни кенорындар пайдасының рентабельді еместігін көрсетеді.

1.2. Газ өндірісі бойынша нақты өңдеу қуаттылықтары.
Елдегі дәлелденген табиғи газ қорының көлеміне қарамастан, газ өндірісі әліде мұнай өндіруші компаниялардың иелігінде болуда. Тәжірбиеде қалыптасқан жағдай бойынша мұнайдан алынатын қосарлама газ шарт бойынша мұнай кенорындарында ауада жағылып немесе алдын-ала дайындаудан кейін компаниялардың өзіндік қажеттілігі үшін ғана пайдаланылады. 2003-ші жылдың қорытындысы бойынша кеноындарының шырақтарында 2 млрд куб метр газ жағылған,өзіндік қажеттілік үшін 1.7млрд куб метр газ пайдаланылды және технологиялық жоғалтулардан 0.7 млрд куб метр газ болды.
2003-ші жылы қоршаған ортаны қорғау министірлігі тарапынан Теңіз және Королевское компанияларының кәсібіне жүргізілген кешенді тексеріс 127 зиянды ауаға тастаудың көзі тіркелген және талдау кезінде 2003-ші жылы кенорындарында 600 млн куб метр газ тікелей жағылған соның ішінде 6 млн куб метр жоғары қауіптілігі бар, ешқандай күкірттік қосылыстардан тазартылмаған газ.Алдын-ала болжаулар осы уақытта атмосфераға 27 млн тонна қауіпті қалдық тасталғнанын көрсетеді.
Талдау көрсеткендей бұндай жағдайлар жоғары қауіпті қоспаларды қамтыйтын газдардың жағылуы кенорындары үшін нормативтік құжат ретінде қалып әліде дұрыс реттелініп отырған жоқ.
Осыған байланысты нақты тәртіптің болмауы негізінен СП “Қазгермұнай ”, ААҚ “Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз ” және басқада Қызылорда обылысының жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың қосалқы газды жағуына жол беріп отыр.
Осының барлығы өндірілген газды пайдаланудағы құқықтық реттеулерді жедел қажет етеді.
Өазіргі таңда Республикада жалпы жобалық өндірістік қуаттылығы 6.85 млрд куб метр болатын үш газ өңдеу заводы (ГӨЗ) жұмыс жасайды.
Кесте-2. Газөңдеу заводтарының қызметіне мінездеме.

ГӨЗ-ның атауы. Пайдалануға берілген мерзімі. Өндірістік қуаттылығы. 2005-ші жылы нақты өндірілген өнім. 2010жылы жаңартудан кейінгі күтілетін өндірістік қуаты.
Табиғи газ бойынша(млрд метр куб) Сұйытылған газ бойынша (млрд метр куб) Табиғи газ бойынша (млн тн) Сұйытылған газ бойынша (млн тн) Табиғи газ бойынша (млн метр куб) Сұйытылған газ бойынша (млн метр куб)
Қазақ ГӨЗ 1973-1-ші
1997-2ші 2900 80 940 73 - -
Теңіз ГӨЗ 1995-1999 3-технологиялық этап бойынша. 2550 90 2550 684 пропан бутан 6439-ға
дейін 1330 пропан
бутан
Жаңажол ГӨЗ 2003 жыл. 1400 60 920 - 4400 150

Қазақ ГӨЗ (ҚазГӨЗ) Жаңаөзен қаласында орналасқан 1973 жылы салынды (бірінші кезең). Заводтың жылдық өндірістік қуаттылығы 2 млрд куб метр газ өңдеуге арналған, яғни өзіне жақын маңдағы Өзен, Жетібай сияқты мұнай кенорындарынан шығатын қосалқы газды өңдеуге арналды. 1979жылы Ақтаудағы этан газын тасымалдау құбырымен бірге полиэтилен өндіруші өндіруші мұнай химия заводын шикізатпен жабдықтау үшін қайта жаңартылды.
Теңіз ГӨЗ. Теңіз мұнайгаз кенорындарының аймағында орналасқан, жылдық газ тазарту қуаттылығы 2.5 млрд куб метр. Келер жылдағы мұнай өндірісінің өсуімен байланысты газ өндірісінің ұлғаюы 2-ші кезектегі заводтың салынуын қажет етеді. Теңіз кенорнынан алынып жатқан қосалқы газ өзінің құрамындағы пропан-бутан фракциясының және күкіртті сутек қосылыстарының жоғарылығымен ерекшеленеді.
Жаңажол ГӨЗ-ды (ЖГӨЗ) бірінші кезекте жылына 710 млн куб метр өнім өңдеу үшін арналған. “CNPC-Ақтөбемұнайгаз” компаниясының қайта жаңартуымен жылдық өндірістік қуаттылығы 800 млн куб метр болды. Бірақта ГОСТ-стандарттары белгілеген тазалаудан кейінгі газ құрамында күкірттік қосылыстар 0.036г/куб метр талаптарына сәйкес келмейді және бұл көдем нормадан 5-8 есеге асып тұр. Қытай мамандарының бағалауы бойынша ГӨЗ-дын одан ары қарай жаңарту жұмысын жақсартпайды.
2003 жылы қыркүйекте табиғи газды өңдеуде жылдық өндірістік қуаттылығы 1.4 млрд куб метрге тең ЖГӨЗ 2-ші завод құрылысы іске қосылды, 2004-2005 жылы пайдалануға берілуі керек 3-ші завод құрылысы басталды. Бұл өсіп келе жатқан қосалқы газ көлемінің толықтай пайдалануын және экспортқа шығарылуын қамтамасыз етеді. Соңғы уақыттағы өндірілген газ көлемі “CNPC- Ақтөбемұнайгаз” компаниясының өзіндік қажеттіліктері үшін пайдаланалады, газдың азғана бөлігі яғни 360 млн куб мертрі төмендетілген бағамен (стандарттық талаптарға сәйкес болмауына байланысты ) Ақтөбе тұтынушыларына сатылды.
Сонымен аталған үш ГӨЗ-дар қуаттылығы республикада өндіріліп жатқан газды толықтай өңдеп елді қамтамасыз ете алмайды. Теңіз кенорынының болашақ өндірісі 8-10 млрд куб мертге дейін, Қарашығанақта қосымша өндіріліп жатқан көлемінен 10 млрд куб мертге дейін және Қашаған кенорнында жылына кем дегенде 5-6 млрд куб мерт газ өңдеуді қажет етеді.
Осының барлығы шағын мұнайгаз кенорындарының өңделуін, бір мезгілде газ тазарту қондырғыларының орнатылуын.жұмыс істеп тұрған ГӨЗ-тарының үлкейтілуін және жаңа ГӨЗ-тарының салынуын талап етеді.

2. Қазақстан Республикасының газ өнімдерін пайдалануы.
2.1. Қазақстан Республикасындағы табиғи және сұйытылған
газдың пайдаланылуын талдау.

Газ жүйесінің дамуы үшін нақты жобалардың жүзеге асырылуын сонымен бірге газ саласындағы реформалық шарттардың жүзеге асырылуымен байланысты ұйымдастыру және табиғи, сұйытылған газды пайдалануда бәсекелік нарық жағдайындағы басқада энергоресурстар түрлерінің бар екендігін ескеретін қарама-қарсы тенденциялардың меселелерін толық түсінген жөн.
Бұндай қарама-қарсы тенденцияларға кеңес уақыты кезеңіндегі және қазірге дейін қалыптасқан басқа ресурстармен салыстырғанда табиғи және сұйытылған газды аз көлемде пайдалануын айтуымызға болады.
Осыған байланысты өзінің газ ресурстары жоқ елдерде осы энергия тасушы ресурстарды пайдалану көлемінің өскендігін әлемдік тәжірбие көрсетіп отыр.
Газ бөлу жүйесінің деңгейіде мемлекеттер коллективті газ бөлу қағидасын әлі ұстануда ( әсіресе табиғи газды жеткізіп беруде ), бұл жерде жеткізіліп берілген газ есебінің толық төлемі туралы мәселе өз шешімін таппады.
1990 жылдары табиғи газды пайдалану басқа энергоресурстармен салыстырғанда 14.5%-ды құраса, сұйытылған газ 1.0% болды, соңғы жалдары бұл көрсеткіш деңгейі 7.3% және 0.4%-ға төмендеп кетті. Бұл жалпы республика бойынша газ өнімдерін тұтынудың абсолюттік көрсеткіштернің төмендеп кетуінен пайда болды. Мысалға: 1991 жылы табиғи газды пайдалану деңгейі 13.0 илрд куб мерт болса 2003 жыл қорытындысы бойынша 5.7 млрд куб мертді құрады. 2005 жылы жалпы қолданылған газ көлемі 9.9 млрд куб метр: соның ішінде 5.8 млрд куб метрін тікелей тұтынушылар пайдаланды, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға жоғары. Ал қалған 4.1 млрд куб метр газ кәсіпшілік қажеттіліктер және құбырлар үшін пайдаланылды. Қазақстанның отын энергия балансында энергия тасымалдаушы ресурстар ішінде көмірдің үлесі басым болып тұр, соның ішінде табиғи газдың үлесі 12%-ды құрады.
Ішкі нарықта тұтынылған газдың 80%-ын өндірістік кәсіпорындар, ауыл шаруашылығы, электрэнергия және жылу алу үшін пайдаланды. Жалпы соммадағы тұтынылған газдың 62%-ын Батыс аймақ, 21%-ға жуығын Оңтүстік аймақ пайдаланып отырды, 0.8-0.9 млрд кур метр Ресей газы әр жыл сайын Қостанай обылысына импортталд. Солтүстік, Орталық және Шығыс аймақтар газ баллоннындағы сұйытылған газды пайдаланды. Республикада өндіріліп алған газдың пайдалану балансын келесі кестеде көрсетілген.
Кесте-3. Өндірілген газды пайдалану балансы.
2004ж 2005ж 2006 (қаңтар-маусым)
Жалпы өнім 20.6 26.2 12.7
с.і. табиғи 11.5 14.1 6.8
с.і. тауарлық шығарылым 9.0 10.0 м/ж
қосалқы 9.1 12.1 5.9
с.і. пайдаланылғаны 4.0 4.1 м/ж
Тауарлық газ 13.0 14.1 6.8
Экспорт 14.3 15.4 7.5
Импорт 9.2 11.2 5.6
Ел ішіндегі пайдалану. 7.9 9.9 м/ж
с.і. өндірістік қажеттілік және құбырмен тасымалдау үшін 2.5 4.1 м/ж
тұтынушыларға 5.4 5.8 м/ж

Соңғы жылдары газ өндіоу көлемі 10-12%-ға өсіп отыр, тұтынудың орташа көлемі республика бойынша 3%-дан аспай отыр.Бұл жерден экспорттық маршрутттың болмауымен байланысты шығынды өндірілген газ көлеміне байланысты меселелер туындауда.
Газдың коммерциялық өткізілуін ынталандырушы фактордың болмауы, газ өңдеу қуаттылығын тежеп отыр. Бұл жағдай мұнай және газ аймақтарында алынатын табиғи газдың шарасыз ауада жағылуына алып келіп экологиялық меселелердің туындауына себеп болуда.Кейінгі жылдары республикадағы жағылған газ көлемі 3 млрд куб метр болса, соның көп бөлігі Теңіз кенорыннында тіркелген. Осыған қоса Қашаған кенорннында өндірілген 5 млрд куб метр-дан аса газды тұтынушыларға берілетін бағасынан 1.5-2 есе төмен бағамен Оренбург ГӨЗ-наөңдеу үшін жеткізілуде.
Қазіргі таңда Қазақстан сұйытылған газ өндірісіндегі кризистік жағдайдан шықты, көп жылдан бері алғаш рет республика оның тұтынуын өз .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: nurgul95 | 38 | 13.01.2019



Загрузка...

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык Қазақстан Республикасының табиғи және сұйытылған газды пайдалануын талдау жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Химия курстық жұмыстар, Қазақстан Республикасының табиғи және сұйытылған газды пайдалануын талдау, курстык Қазақстан Республикасының табиғи және сұйытылған газды пайдалануын талдау жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайы, Курстық жұмыс: Химия | Қазақстан Республикасының табиғи және сұйытылған газды пайдалануын талдау дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін