Курстық жұмыстың көкейкестілігі: Адам бойындағы агрессия мәселесі қазіргі біздің қоғам үшін ең маңызды мәселелердің бірі.Қоғамдағы болып жатқан террор жәбірлеудің өсуі сияқты әлеуметтік қауіпті құбылыстардың қатты белең алуына байланысты агрессия сұрағы зерттеудің негізгі объектісі болып отыр. Психолог А.А.Реан «агрессия» және «агрессивтілік» деген екі ұғымның бір-біріне ұқсамайтын бөлек мағына деп қарастырады. Агрессия (латын тілінен «agressio» аударғанда – шабуыл, басқындық дегенді білдіреді)- бұл бөгде адамға болмаса адамдар мен жануарлар тобына ниеттеліп тура бағышталған қиянат. Агерессивтілік – бұл жеке тұлғалық қасиет мінез-құлық, агрессияға дайындық көрінісі.Осылай түсіндіре келе, мұны былай тұжырымдауға болады.Егер агрессия – бұл әрекет болса, ал агрессивтілік оосындай әрекетке дайындық.....
КІРІСПЕ Қазақ елі, жері талай тарихи жағдайларды бастан кешірді. Тек жиырмасыншы ғасырда ғана біздің тарихымызда тұңғыш рет халықты әлемдік айдынға алып шығуға мүмкіндік туды. 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң жарияланды. Қияметті де, қиянатты соңғы жылдарда бұған дейінгі жүздеген ұрпақтың қолы жетпеген егеменді мемлекет құрылды. Біздің елді енді ешқандай да тарих желі жер бетінен жойып жібермейтіндігіне кепілдік туды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары әлемдегі дағдарыс Қазақстан халқына апат ауқымдылықтың саямақ - салдарын сезіндірді. Ұлт пен мемлекеттің аман қалуының жалғыз жолы - делінген, Ел Президентінің «Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі» туралы Қазақстан халқына Жолдауында, «экономиканы ашық ұстау - әлемдегі қуатты экономикалық аймақтармен ықпалдаса араласып - құраласу. Айрықша жолды ойлап табуға тырысушылық экономикада ғана емес, саясатта да жарға жатпай қоймайды. Қазақстан әлемдік тенденцияға қарсы тұра алмақ емес. Ашық қоғамды демократиясыз құруға болмайды». Құқықтық мемлекет құру және қоғамдық өмірде демократиялық бастамаларды жаңғырту жалпы адамзат құндылықтарын, соның ішінде адамның бостандығы, өмірі, денсаулығы, ар - намысы, ожданы, құқықтары мен мүдделерін мойындауды қажет етеді.....
Кіріспе. Курстық жұмыстың өзектілігі: Тіл кемістігі бар балалардың психикалық дамуының, заңдылығын сонымен бірге үлкендердің осындай кемістікке душар болуын логопедия ғылымы зерттеуде. Ғылым саласында көптеген тіл кемістігі адам өмьірінде маңызды орын алатын психологиялық мәселелер туындап отыр және осы мәселелерді шешу барысында ғалымдар біраз еңбек атқаруда. Сөйлеу процесі тек адам баласына ғана тән өте күрделі психикалық қабілет.Тілдің негізгі қызметіадамдардың бір-бірімен сөйлесуі,бір нәрсе жайында пікір алу үшінқызмет етеді.Қоршаған орта туралы өз ойларын тіл арқылы жеткізеді.Тілдік түрлі құбылыстарды тіл ғылымының әр саласы қарастырады. Мәселен, тілдегі сөздер, олардың барлығының жиынтығы-лексикология саласында,тілдің дыбыстық жүйесі фонетика саласында,сөздердің формалары морфология,сөз тіркестері мен сөйлем синтаксис саласында қарастырылады.Бала бұл тілідк салаларды міндетті түрде білу керек.Тіл кемістігі дегеніміз-сөйлеу қабілетінің психо-физиологиялық механизімінің бұзылу салдарынан сөйлеушінің сөйлеу тілінің қоршаған ортаға тән мөлшерден ауытқуын айтамыз.Тіл кемістігін логопедия пәні зерттейді. Логопедия-арнайы педагогика ғылымының бір саласы.Логопедия сөйлеу тілі кемістік-терін, оның бұзылу себептерін,болдырмау жолдарын,әр түрлі жолдар-мен түзетіп жоюдың тәсілдерін зерттейтін ғылым саласы. Логопедия ғылымын зерттеген ғалымдар А.Р.Лурия, Е.Н.Винарская, Р.Е.Левина т.б.Жалпы логопедия тіл кемістігін қарап,оны оқыту, тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу жүйесін ғылыми түрде қарастырады.....
Кіріспе Өткен тарауларда адамның танымынан ерекше орын алатын психикалық процестер (түйсік, ойлау, ес, қиял т.б.) жеке-жеке талданды. Осы процестердің әрқайсысы сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын бейнелеудің түрлі формалары екені, бұлар бізге айналамызды әр қырынан танытатыны, әркайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен заңдылықтары бар екендігі жан-жақты сөз болды. Адам реалдық дүниені тек танып қана қоймайды, оған өзінің қатынасын да білдіріп отырады, ол бір нәрсені ұнатады, біреуді жақсы көреді, екінші біреуге салқын қарайды. Бір сөзбен айтқанда, өз қажеттеріне қарай айналасына түрлі көңіл күйін білдіріп отырады. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрін сезім деп атайды. Қажеттердің түрлі жағдайларға байланысты түрліше өтелуі адамда, көптеген ұнамды және ұнамсыз сезімдерді туғызып жек көрушілік, шошыну, абыржу, наздану, іш пысу, зерігу т.б. осындай сезімдер мен эмоциялардың сан алуан түрлері. СЕЗІМДЕР МЕН ЭМОЦИЯЛАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК Сезімдер - өте күрделі психикалық процестердің бірі.....
Сабақтың мақсаты: ертегілер арқылы тіл байлығын молайту. Білімділік:балалардың халық ауыз әдебиетіне қызығушылығын ертегілер арқылы арттыру, танымдық аясын кеңейту . Дамытушылық: балалардың тіл байлығын, ойлау қабілетін , есту зейінін , қиялын, сөйлеу тілінің диалогтық формасын дамыту. Ірі және ұсақ моториканы жетілдіру, эстетикалық танымдарын арттыру. Тәрбиелік:балаларды достыққа, бірлікке баулу, ертегілерді сүюге және адамгершілікке,мейірімділікке тәрбиелеу. Сөздік жұмыс: дат,бұйымтай, ізет,бірлік,мейірім. Көрнекі құралдар:қуыршақ театры, теледидар, қақпа, магнитті тақта, тақырыпқа сай үлгілер. Керекті құрал-жабдықтар:ақ парақ, түрлі-түсті субояқ, жай қалам, желім, қызғылт түсті қағаз, сулық, допшалар, құм жәшігі.....
Ақпараттық қоғам заманында Интернет ақпараттарды жеткiзудiң негiзгi құралына айналып отыр. Интернет - барлық жүйелерi хаттама деп аталатын бiрыңғай стандартпен, яғни ережемен жұмыс iстейтiн ауқымды (глобальды) компьютерлiк желi. Интернеттiң дамуы мен таралуы 3 бағытта жүргiзiледi: техникалық немесе аппараттық компонент; программалық компонент; ақпараттық компонент. Аппараттық компонент компьютерлердiң түрлi модельдерi мен жүйелерiнен, физикалық негiзi әр түрлi болып келетiн байланыс арналарынан, компьютерлер мен байланыс арналары арасындағы механикалық, әрi электрлiк үйлесiмдi қамтамасыз ететiн құрылғылардан тұрады. Ал ондағы мәлiметтi тасымалдау iсi байланыстың кабельдiк және спутниктiк арналарынан, радиореле жүйелерiнен, теледидарға арналған кабельдiк арналардан тұрады. Программалық компонент интернеттегi түрлi типтегi компьютерлер мен құрылғылардың үйлесiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi. Ал оның негiзгi функциялары төмендегiдей: - ақпаратты сақтау, iздеу, жинақтау, қарау немесе тыңдау; - желiдегi ақпарат қауiпсiздiгiн сақтау; - аппаратураның функциональдық сәйкестiктерiн қамтамасыз ету. Программалық жабдықтар екi топқа бөлiнедi: сервер-программалар; клиент-программалар. Сервер-программалар – тұтынушылар компьютерлерiне қызмет ететiн желi торабында орналасады; клиент-программалар – тұтынушы компьютерлерiнде орналасып, сервердiң қызметiн пайдаланады. Ақпараттық компонент желiдегi компьютерлерде сақталатын түрлi құжаттар арқылы өрнектеледi. Желiдегi құжаттар бiр-бiрiмен сiлтеме адрестер арқылы берiледi. Интернеттегi мәлiметтердi бейнелеу HTML тiлiнде жазылады. Бiрақ ол программалауға ұқсас болғанмен программалау тiлi емес, гипермәтiндi белгiлеу тiлi. Сонымен қатар, ол мәтiндердi Web-беттер түрiнде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды. Сондықтан әдiстемелiк нұсқауда Интернет тарихы, Интернетте ақпараттарды iздеу технологиясы, электрондық поштамен жұмыс, HTML тiлдiң мүмкiндiктерi мен онда құжаттарды форматтау ережелерi, құжаттарды орналастыру принциптерiн түсiнуге қажеттi командаларын үйрету қарастырылады ....
Дамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі. Оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады. Дәстүрлі оқытуды салыстырмалы түрде сипаттай кетсек, дәстүрлі сабақтарда мұғалімнің міндеиттері, атқарар істері үшін теңіз. Ол тыңдайды, сұрақ қояды, жазады, түсіндіреді, көрсетеді, тексереді, бағалайды. Оған кедергі келтірмей тып-тыныш тындау керек. Ендігі жағдай басқаша. Мұғалім – ақылды, бірақ барлығын өзі айтып бере салмайды. Ол өз пәнін жетік біледі, Бірақ өз білімімен таңқалдыруға тырыспайды. Мұғалім мәселе қояды, ойлаудың жолдарын ашады, әрекеттің барысына бағдар береді, жетектейді. Осылайша оқушы қоғам , ғылым шешіп қойған , бірақ ол үшін жаңа болып табылатын проблеманы шешуге кіріседі. Оқу әрекетімен айналысады. Үлгі бойынша білім алуға үйренген баланың шығармашылық қабілеті шектеліп, табиғи мүмкіндігі жойылады. Ал әр сабақ сайын ізденуге үйренген бала, кез-келген проблеманы тез шешуге үйренеді. Қорыта айтқанда дәстүрлі оқыту әдістемесі сандық, мазмұндық, ал дамыта оқыту технологиясы негізінен сапалық, мәнділік әдіснамасы деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балаға білім, білік дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруге мақсат тұтатын принциптерге негізделген . Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге , алған білімді пайдалана білуге үйретеді. Дамыта үйрету технологиясы Дамыта оқыту идеясын алғашқылардың бірі болып 1959-1960 жылдары қолға алған академик Л.В. Занковтың ....
КІРІСПЕ Зерттеу өзектілігі: Адам іс-әрекетінің алғашқы тарихи түрі – еңбек болып табылады. Адамның басты ерекшеліктерінің бірі – адамның еңбекке қабілеттілігі, ал кез келген еңбек түрі іс-әрекет болып табылады. Іс-әрекет – адамның қоршаған ортаға деген белсенді қатынасының бір формасы немесе қоршаған орта мен субьектінің өзара қатынасының динамикалық жүйесі. Адамның іс-әрекеті – күрделі құбылыс. Белгілі бір өнім адам іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады. Адам, еңбектің қай түрімен айналысса да, өмірге ең алдымен қайраткер, іскер және жасампаз болып келеді. Оның арнайы әрекеті еңбекте, еңбек іс-әрекетінің актісі түрінде қалыптасады. Белгілі бір қоғамдық функцияларды атқаратын әрекеттерінің жиынтығы еңбек әрекетінің белгілі бір түрін құрайды. Еңбек дегеніміз – адамдардың материалдық және рухани қажетін қанағаттандыратын қоғамдық пайдалы өнім өндіруге бағытталған іс-әрекет. Еңбек өнімдерін жасауға қатынасу арқылы адам өмір сүріп отырған өндірістік қатынастар жүйесіне араласады. Бұл екі фактор еңбек әрекетіне көзқарас пен еңбек мотивін қалыптастырады. Адамды еңбекте жоғары көрсеткіштерге жетуге жетелейтін себептер өмір сүріп отырған өндірістік қатынастарға тікелей байланысты. Адамдардың екбекке құлшынуы тек қана жеке мүддеден тумайды , сонымен қатар қоғам мүддесін ойлаудан тұрады. Сонымен қатар адамның екке деген ынтасы оның жаңа еңбекке араласуындағы бейімделуі. «Кәсіби адаптация», - бұл жұмысқа жаңа түскен адамның өз ортасына біртіндеп төселіп, бейімделуі. Төселудің алғашқы кезеңі өндірістік практика кезінде, негізгі жағы нақты жұмыс үстінде жүзеге асады [10]. Мамандық таңдауда Ж.Аймауытов қазақ жастарына мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жәй күнелту, тамақ, асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін процесс екендігін ерекше сипаттаған. Американ зерттеушісі Ф.Парсонс мамандықты дұрыс таңдау үшін ең алдымен өзі және өзінің қабілеті туралы толық білу керек екендігіне ерекше мән берген. З.Фрейд бойынша, еңбек адам өмірін құрайды және мәнді етеді. Еңбек іс-әрекетінде адам өзі үшін қолайлы қызмет атқарады, себебі ол ақиқат өмірге бейімделуге және үйренуге мүмкіндік жасайды. Сөйтіп адам есеюге ұмтылыс жасайды. Оның ойынша, адамдар көп уақытын еңбек іс-әрекетіне жұмсаса, адам бойындағы қуат жасырын түрде қалып, махаббат пен жеке белсенділікке аз қуат қалады. Неофрейдистерді еңбектің тек тұлғалық құрылымы ғана емес, психологиялық функциясы да қызықтырады. Оральды тип жеке тұлғалық қарым-қатынасқа тез түседі, сөйлегіш, дауласуды ұнатады, сондықтан оларды оральды типтес мамандықтар; мұнда дантист, заңгер, радиокомментатор, тб. мамандықтар қызықтырады. Анальды типтес адамдарға реттілік, қырсықтық, үнемдегіштік, өзін-өзі бақылау тән. Олар бухгалтерлік, кітапханашылық немесе банк, техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты мамандықтарға сай келеді. Осындай тұжырымдардан еңбектің психологиялық қызметі өзекті мәселе болып қала берері анық [55]. Әр маман өзінің жұмысында кәсіби бейімділігімен байланысын еске түсіруге болады. Жаңа оқу бітіріп келген жас маман орташа есеппен жаңа жұмыс орынына 6 айдан 3 жылға дейін үйренеді. Сол уақытта жас маманның кәсіби бейімделуі процесін жандандыруға және жеңілдетуге қалай болады? Ең алдымен өзін жақсы басқара алатын адам ғана жақсы маман болады.....
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Корпоративтік бұқаралық ақпарат құралдары – компанияның клиенттеріне, қызметкерлеріне немесе бизнес бойынша серіктестеріне бағытталған басылымдар. Кейде жарнамалық рөлді де атқара алатын тұстары бар. Бұқаралық ақпарат құралдары компанияның өз күшімен шығаруға немесе арнаулы баспаға тапсырысқа беруге болады. Классификаторға сәйкес корпоративтік медиа және бұқаралық ақпарат құралдары үш негізгі түрге бөлінеді: 1) b2b (business-to-business) – серіктестерге бағытталған корпоративтік басылымдар. Мұндай басылымдар максимальді ақпаратты және пайдалануға ыңғайлы болып жасалады. Бұл жағдайда сапа ең жоғары деңгейде болуы керек. Тек мазмұны ғана емес, оны беру әдісі де сапалы болуы керек. Осылайша бәсекелес артықшылықтары полиграфия, дизайн, қалыптау болып табылады. Көптеген кәсіпкерлер қазіргі медианарық жағдайында іскерлік коммуникацияның үдерісі оңай емес деп айтады. Бұқаралық БАҚ-тағы тапсырыспен жазылған материалдар белгілі бір деңгейде өздерінің беделін түірді. Жекеменшік корпоративтік журнал немесе газет бизнес-байланыстарды жайғаудың және іскерлік ортада компанияның бейнесін қалыптастырудың ең ілгерілеу құралы болып табылады. ....
«Жазира» ортаңғы тобының ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы Тобы: Ортаңғы топ Білім беру саласы: Әлеумет, коммуникация, таным, шығармашылық, денсаулық Бөлімі: Кіріктірілген, Қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, ҚМҰҚ, сурет салу, дене шынықтыру. Тақырыбы:«Ертегілер еліне саяхат» Мақсаты: БМ: Балаларды қоршаған ортаға бейімдеу, ертегілер туралы түсініктерін қалыптастырып, ертегілерге қызығушылығын арттыру, нұсқау бойынша тапсырмаларды орындауға үйрету. ДМ: Танымдылық қабілетін дамыту ТМ: қарым - қатынасқа түсу мен топпен жұмыс жасауға үйрету. Алдын – ала жүргізілетін жұмыстар: ертегі туралы әңгімелеу. Әдіс – тәсілдері: дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістер, ролик арқылы түсіндіру, сұрақ – жауап. Қажетті құралдар: боялмаған әтештің суреті, бояу, бас киім, гуаш, қыл қалам, сүрткіш. Көрнекілік: Pinnacle бағдарламасы арқылы жасалған интерактивті тақта, этеш және бояулар ертегісі мен ғажайыпстанға саяхат ертегілері біріктірілген ролик, flash бағдарламасында жасалған дид. ойын: «Тығылған сандарды тап», Ару мен құбыжық ертегісі - пазласы, қорытынды презентация «Ой мен ойын». Билингвизм компоненті: әтеш - петух - cock, бір - один - one, екі - два - two, үш - три - three, төрт - four, бес - пять – five .....
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Өткен тақырыпты еске түсіре отырып, а дыбысы және әрпімен танысу. Балаларға а дыбысы кездесетін сөзге мысал келтіріп, сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрату арқылы, сөздік қорларын толықтыру, ойын тиянақты жеткізе білуге баулу. Жазуға қолдарын жаттықтыру. Дамытушылығы: Балалардың есте сақтау қабілеттерін шыңдау, ой - өрісін дамыту және жетілдіру. Сөздік қарым - қатынастарын байыту. Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: Кеспе әріптер, жеке суреттер, киіз үй. Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, оқу, жазу, ойын, сұрақ - жауап, әңгімелесу, жұмбақ, жаңылтпаш айтқызу.. Түрі: Жаңа сабақты түсіндіру. Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет, тіл дамыту. .....
Ыбырай қызын ұзатайын деп жатыр деген соң тойына бардық. Айымкүл өзі теңдес қыздардың ішіндегі көрікті, ақылды, салмақтысы еді. Елдегі боз балалардың ішінде Айымкүлге көңілі кеткендер көп болған. Бірақ Ыбырай бір ұрт кісі: "Қызымды орынды жерге беремін" деп талайдың атының басын қайырып, ақырында Бурабай деген байдың қатыны өлген баласына берген.
Айымкүл бұған риза емес, бай баласы Рақымды "жасы 40-тан асып кетті, кәрі" дейді, "өзімнің сүйгеніме тиемін" деп айтады деген лақап соңғы кезде ел арасына шашылып жүрген. Сондықтан бұл тойға баруға кім болса да құмартып еді. Бұрын-соңды күйеуге берілген қазақ қыздары әке-шешесінің дегенінен шығып кете алмайтын болса да, Айымкүлде өзгеше бір күш бар, Айымкүл көнбейтін секілденуші еді...
Жалтыр көлдің басы қоралай қонған қалың ауыл. Бір-екі күннен бері Ыбырайдың тойы болып, елдің боз баласы, қатын-қалашы сол үйдің маңайында топтанумен жүр... Той тартыс өткен. Бүгін мерекенің ақырғы күні. Енді бірер сағатта Айымкүл Рақым мырзаның некелі қатыны болмақшы. Бірақ жұрт аузында бір суық сөз бар. "Айымкүл бармаймын деп жылап жатыр екен... әке-шешесі ұрсыпты. Ағасы ұрарманға келіпті..." дегенді айтып, жұрттың көбі жағасын ұстап жүр.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында Қазақстандық патриотизм саяси ерік жігер – жаңа Қазақстанды құрудың аса маңызды факторлары бөлімінде « Өткен жолымыз лайықты жол болды, ал біздің бірлескен шешімдеріміз бен тындырған істеріміздің нәтижесі таңқаларлықтай болды. Мұның бәрі де жаңа жалпы қазақстандық патриотизмнің іргетасын қалап, біздің Отанымыздың, біздің барша көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыздың, біздің балаларымыздың тамаша келешегі бар екеніне негізді мақтаныш пен сенімді туындатады –деп атап көрсетілген. Жастардың бойында қазақстандық патриотизм қалыптастыру үшін әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір-бірін танып біліп,құрметтеуі тиіс.Мектеп оқушылары қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, өз болмысында еш бұрмалаусыз танып, білуі шарт. Мектепте оқушыларының бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда ана тілі пәндерінің алатын орны ерекше. Отанды сүйген, елін жаудан қорғау үшін қасық қаны қалғанша аянбай шайқасатын Қобланды, Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс тұлғалары, ақын – жыраулардың, билердің татулыққа, адамгершілікке, елін сүюге шақырған өлең – жырлары, шешендік сөздері оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруды маңызы өте зор. Патриоттық сезімнің обьектісі мен қайнар көзі – Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ерекшеліктер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар.Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге өзінен - өзі келмейтін баланың бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім. Бұл сезім әркімде әр кезеңде оянып, кейін тәжірибемен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, балабақша, отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар әсерімен қалыптасады. Патриоттық сезім тәрбие арқылы өсіп, жетіліп патриоттық сана түрінде қалыптасады. Сондай – ақ жеке адам өз ұлтының қасиеттерін бойына сіңіруі керек. Отансүйгіштік – қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуға мүмкіндік беретін бірден – бір күш. Өз Отанын сүю, ата заңды білу, еркін өмір сүруін қамтамасыз ету – қай елдің болсын мақсаты. Бұл қасиеттерді орындау үшін әрбір саналы азамат оны бойына сіңіріп дамытуға тиіс. Қазақтың патриоттық, отансүйгіштік тәрбиесі – тереңнен тамыр тартқан, халқымыздың сан ғасырлық болмысының, дүние тану көзқарасының, ақыл ойы салт – дәстүр, мәдениетінің көрінісі. Осыларды бойға дарытпайынша, келер ұрпақты патриоттық отансүйгіштік тәрбиеге лайықты қалыптастырмайынша алтын бесік елін, кіндк кескен жерін қорғайтын және осы мақсат жолында бар күш – жігері мен қайратын жұмсайтын отаншыл азаматтарды, яғни, нағыз патриоттарды тәрбиелеп шығару мүмкін емес ....
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету. 2.Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту. 3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру Көрнекіліктері: Тақырып жазылған плакат, шарлар, әр түрлі суреттер......
Бұрынғы заманда Әбдірахман деген патша болыпты, оның үш баласы болған екен. Үлкенінің аты - Ахмет, ортаншысы – Сахмет, кенжесі – Жебірейіл екен. Әбдірахман балалары ержеткенше, ешқайсысына қыз айттырмапты. Жиырма үшке толған үлкен баласы Ахмет әкесіне келіп: «Маған қыз айттыратын уақыт жетті емес пе, әке!» – депті. Әбдірахман патша мұнысын мақұл көріп: «Балам, айтқаның болсын, әуелі үйге барып, қолыңа жүген ал, жылқыға барып, қалағаныңды ұста, ер-тұрманыңды сайла, қару-жарағыңды ал, алты айлық азығыңды ал да маған кел, барар жол, қылар ісіңді кейін айтамын», – дейді......
Бүгінгідей жаһандану заманында білім мен ғылым қашанда бірінші орында. Мемлекетіміздің дамып, жетілуі үшін сапалы білімнің кілті ғана болашаққа жетелейді. Арман мен мақсат үндескен тұста, таңдау мен талғамның орны бір бөлек. Менің таңдауым Қазақстандағы ЖОО-ның көш басы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті болды. Басты арманым осы университеттің қабырғасында білім алып, студенттік жылдарымның қызықты күндерін өткізу еді. Аллаға шүкір! Бұл күнде арманым орындалып, өз биігіне де жетті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – ерекше мәртебесі бар Қазақстанның жетекші классикалық университеті, кәсіби білім мен ғылымды инновациялық дамытудың ұлттық көшбасшысы, еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы бірінші Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының иегері. Университетте 15 факультет бар және 180 сала бойынша мамандар даярлайды. Менің факультетім – Филология және әлем тілдері факультеті, факультетте талай танымал, дарынды түлектер түлеп шыққан. Атап айтар болсақ: Мұхтар Әуезов, Зейнолла Қабдолов, Әбіш Кекілбаев, Дулат Исабеков, Нұрлан Оразалин, Тұрсынбек Кәкішев, Рымғали Нұрғали, Мәулен Балақаев, Сұлтанғали Садырбаев, Гүлнар Дусматова, Балғынбек Имашев, Мұхамеджан Тазабеков, Жанна Қуанышева т.б. Факультетіміз университет ішінде «екінші өнер ордасы» деген атақ алған. .....
Сақан ауылға дүниеден өтіп кеткен әке-шешесіне құран оқытуға барды. Сақандар бір әке-шешеден екі ағайынды жігіт. Ағасы ауылда тұрады.
Сақан ауылға барғаннан кейін көршісі Толыбай ағаның үйіне кіріп-шықпақ болды. Ондағы бір ойы ауылда ағайындарым аз, ертең өзіңіз келіп, бас-көз болып жүріңіз демек. Толыбай, негізінен, жасы алпыстан асып кеткен, қара жұмыс істеп зейнетке шыққан, балаларының алды үйленген, солардан немере көріп отырған кісі. Мінезі ақ көңілдеу адам.
Сақан Толыбайдың ауласына кіргенде, Толыбай аулада тұр екен. Сақанды көріп елпілдеп қалды. Сақан ауылға не шаруамен келгенін айтқанда, Толыбай басын изеп Сақанды құптап-ақ тұрды. Сақанның ертең үйде болыңыз деген сөзін естігенде "барамын, шырағым, барамын, ішінде боламын" деп Толыбай тағы да елпелектеді. Осы Толыбайдың қартайған шешесі бар еді. Сақан енді Толыбаймен әңгімелесіп болып, Толыбайдың шешесіне де амандасып шықпақ болды.
Кіріспе Жерорта теңіз алқабы-Евразия мен Африканың Жерорта теңізі жағалауында орналасып облыстары табиғи ландшафтарының тұтастығымен ерекшеленеді. Бұл аумақтағы табиғат пен шаруашылық әрекеті жағдайларының біркелкілігі «Жерорта теңізі алқабы» деген географиялық ұғым енгізуге себеп болды. Жерорта теңіз алқабының табиғат жағдайларының ерекшеліктері мен өзіндік өзгешеліктері ең алдымен, жазы құрғақ және қысы ылғалды субтропиктік климатына байланысты. Климаттың бұл түрі Жерорта теңізі жағалауынан басқа еш жерде мұндай айқын көрінбейді, сондықтан да ол жерорта теңіздік климат атанды. Климатының ерекшеліктері топырақ түзілісі процестерінің өзіндік және қызыл-қоңыр ерекше генетикалық типтегі топырақ пайда болуына жағдай туғызады. Жерорта теңіздік климат пен жерорта теңіздік өсімдік аталып кеткен жаздағы құрғақшылыққа бейімделген (қатқыл жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар) өсімдіктің ерекше типіне байланысты. Жерорта теңіз алқабы түгелдей вулканизм мен сейсмика кең тараған альпілік қатпарлы белдеу шегінде жатыр. ....
Өндіріс – бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті материалдық және рухани игіліктерді құру процесі. Өндіріс ұғымы жалпы алғанда – бұл абстракция, бірақ ақылға сыйымды абстракция, себебі ол шын мәнінде жалпыламаны мағнаны білдіреді және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс сияқты жиынтық өндірісте көрінеді. Өндіріс бір мезгілде тұтыну процесінде бола алады. Өсімдік химиялық элементтерді тұтына отырып, өзін-өзі ұдайы өндіреді. Адам тамақтану процесінде өзінің тәнін ұдайы өндіреді. Өнеркәсіп өндіріс жұмыс күшін, шикізат пен материалдарды тұтына отырып, материалдық игіліктерді ұдайы өндіреді. Тұтынусыз - өндіріс процесі жоқ. Өндіріс процесі тек қана үш факторлардың – адамның жұмыс күші, еңбек заты мен еңбек құралдары - өзара іс-әрекеті арқылы (бұл К. Маркс бойынша) жүзеге асуы мүмкін. Біріншісі, жеке түрде жүзеге асса, екінші мен үшіншісі - өндіріс процесінің заттық факторы ретінде жүзеге асады. Осы жағдайды ескере отырып, К,Маркс былай жазған: «Қоғамдық өндіріс түрлері (нысандары) қандайда болмасын – жұмысшы мен өндіріс құрал-жабдығы үнемі оның факторы болып қаладың. Жұмыс күші – бұл адамның дене және рухани қабілеттілігінің жиынтығы және оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде қолданады. Өндіріс процесі жүзеге асуы үшін, жұмыс күші әрбір кезде іс-әрекетте болуы қажет, басқаша айтсақ, тұтынылуы керек....
Бір кішкентай қаланың жалғыз ғана ақыны болыпты. Бір күні сол ақын 60-қа толған кезде, сол қаланың әкімі ақынына сый-сияпат көрсетеді. Жылы сөздерін арнайды. "Сіз біздің қаламыздың жалғыз ақынысыз, - дейді әкім ақынға. - 60 жасыңыз құтты болсын! Сізге әлі де толағай шығармашылық шабыттар тілеймін!"
Содан кейін біршама уақыт өтті. Бір күні осы қаладан шығатын газетке ақынның өлеңі басылып шығады. Әкім әлгі өлеңді оқып отырып, көңілі нілдей бұзылды. Оған ақынның шабыты қайтып қалған сияқты көрінді. Дереу ақынды өзіне алдыртты.
- Сіз біздің қаламыздың жалғыз ақынысыз, - деді әкім ақынға. - Мен қаланың халқы бір нәрседен таршылық көріп қалмау үшін үнемі жігіттерге тапсырма беріп отырамын. Бірақ біздің қаланың халқына өлең де керек. Ендеше, мен жұмысты жігіттермен бірдей сізден де талап етем. Неге сіздің шабытыңыз кеміп жүр? Біз сізге барлық жағдайды жасап қойған жоқпыз ба? .....
1.1 Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы. «Жаңа он жыaладық – жаңа экономaикалық өaрлеу –Қазақстанaның жаңа мүмкінaдіктері» атaты жолдауaында Елaбасы Н.Ә. Назарaбаев ауыл шаруашaылық өндіaтік кешеaнін дамытaуға, еңaбаек өнімдіaлігін артaтыру арқaылы ауыл шаруашaaылығы өнімдaерін төaрт есеaге жауaық жоғарaлатуға көaңіл бөліaнетіндігі айaaтылған. Респуaблаикамызда мал шаруаaшлаығының маңaызы өте зор, сеaбебі ол халқaымыздың ежеaaледен кеaле жатaқаaн саласы. Маладaан алыaaнаатын таағамдық өнімaдер саны мен сапасы жағaынaан халқымaыздың өскелaең талабaын қанағатaтандыра алмай кеaледі. Бұл 90-шы жылдарaдағы мал басыaның күрт кемaуіне жәaне індетaті, инaвазиялық аурaуларадың әлі де кеaң таралуaына байланaысты. Халаықты сапаeлы, биолeогиялық құндыeлығы жоғаeры тағамдeық өніeмдераамен қамтаeмасыз ету, мемлекеaттің алдынeда тұрeған аса жауeапты міндетaтердің біeрі. Осы міндетaтерді орынaдау барысeында, атқаaрылып жатқан іс-шаeралар да аз емес. Ол мал басaының артaуы, ет, сүт, жүн т.б өнімдерінің, шикізатeтарының сапасaының жоғарeылауы және т.б. Сонаaымен қатар мал арасынeда жұқаeпалы аурeулар да азаяр емес. Қазeіргі кеaзеңедегі құс шаруаeшылықатарынeдағы өзгерісeтер құс басының көп мөлшерде шоғeыралануы және өндірістік процесестердің кең көлемде механeикаландыру және автомeататандыруымен сипатталeды. Құстардың өте көп шоғырландырып ұстeау, этиоeлогиялық заңдыaлықатардың бұзылуына, стрессeтік жағдаeйдың дамуына және басқа қоaлайсыз ....
КІРІСПЕ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін алу жағдайында қоғамды жаңарту демократиялау процесі болды. Қазақ тілі мемлекеттік тіл деген статусқа ие болу ол рухани мәдени- тарихтың өткен мұрагерін жаңғырту ең маңызды мәселердің бірі. Адамды адам қылған, ары қарай даммытып әрқашан жетілу үстінде құбылыс ретінде ең алдымен тілді атауға болады. Тіл- адам ойын жетілдіру үшін, әлемді қоғамды танытушы. Тіл арқылы әр адам өз ойын, өз пікірін жеткізе алады, қоршаған ортамен қарым- қатынысқа түседі. Тілді тиімді әрі дұрыс пайдалану адамның сөздік қорының және оны орынды қолдануына байланысты. Қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің негізгі бағыты оқушының сөздік қорларын дамыту, жетілдіру, қалыптастыру болып табылады. Мектеп мұғалімдерінің негізі міндеттерінің бірі – оқушыларды жүйелі сөйлеуге үйрету және машықтандыру. Демек, ттіл дамыту жұмысы метепте үздіксіз және мақсатты түрде жүргізіледі. Қазақ тілін оқыту ісі өткен ғасырда-ақ қолға алына бастады. Осы кезеңде қазақ зиялылары келесі еңбектер жазып, қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаған ғалымдар оқушылардың сөздік қорларын мәндес сөздер арқылы таныта дамыту бойынша( Ы.Алтынсарин), тақырып боынша сөздерді топтастыру ерекшеліктерін (А.Байтұрсынов), оқушылардың сөздік қорларын байыту мәселесін мәтінді түсініп оқуымен байланыстырады. Ондағы кездескен түсініксіз сөздердің мәнін игерту, сөздік жұмыстары арқылы балалардың кітапты дұрыс түсініп оқуына ықпал жасауға болатындығын тауып көрсетеді. Оқыту білімдік, танымдық және дамытушылық қызметтер атқарады. Сондықтан оқытылатын пәнге байланысты білім, біліктілік икемділік пен дағды қалыптасса, танымдық қызметте ғылыми таным жолдарын, көздерін, әдістерін игеру жүзеге сарылып, жеке тұлғаның қалыптасуына ықпалы болады. Оқытудың дамытушылық қызметі білімді игеру үрдісіндегі оқушылардың ақыл- ой, іс- әрекетін ұйымдастыруға байланысты. Ол туралы К.Д. Ушинский: «Тілді ойдан бөлек дамыту мүмкін емес» деп анықтайды. Сондай- ақ ақыл- ойды және тілді дамыту танымға байланысты болады. Мәселен, А.Е. Власенков «Мектептегі тіл дамыту бойынша тапсырмалар оқушының танымдық қызметін жүзеге асыруға байланысты сұрақтардың ауқымын қамтиды,» деген пікіріне қарағанда, тіл дамыту танымды арттыру әректі арқылы жүргізіледі. Ал таным ойлау амалдары бойынша іске асады. Психологиялық- педагогикалық зерттеулерде қалыптасқандай балаланың психикалық дамуының толықтығы ең маңызды мәелелерінің бірі- баланың сөйлеу тілі жағдайы. Бәрімізге белгілі болғандай қалыпты сөйлеу тілінің даму кезеңі баланың мекиептегі келешкте оқушының сөздік қорының және тілдің грамматикалық формалары сауаттылықты меңгеруде дайындығығыың міндетті түрде қажет екені белгілі. Фонетика- фонематикалық және ерекше сөйлеу тілінің лексика грамматикалық жағының жетіспеушілігі, басқа психиклық процестердің қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Сөйлеу тілін дамыту жұмыстарында зияты бұзылған балалардың арнайы мүмкіншіліктерін дағдылары ғана емес сонмен бірге коорекциялық тәрбиелік жұмыстың ұйымдастырылуы ескеріледі. Осы сөйлеу тілін дамыту мәелелернің аспектілірені зерттеу барысында фонематикалық қатарын, сөздік қорының құрамын, сөйлеу құрауын т.б. процестердің параметрі мен ( А.К. Аксенова, М.Ф. Гнездилов, Г.М. Дульнев, М.В. Занков, Г.В. Петрова) айналысқан. Ал егерде біз қазақ жащушыларның жалпы тіл туралы мағлұматына көңіл бөлетін болсақ, мынадай пікірге тоқталамыз. Адамынң жеке тұлға ретінде дамуына ықпал ететін факторлардың бірі – тіл. Тіл арқылы әрбір адам өз ойын, пікірін, сезімін, жеткізеді. А. Байтұрсынов: «Тіл адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын «адамдық белгі» болғандықтан, ол арқылы ұарым- қатынасқа түсу тек адамдардың болмсын, өз мәдениетін ана тілінде қалап дамытады.....
Кіріспе Қазіргі заманғы қоғам, тауарлар, қызметтер және еңбек нарығы көп жағынан алғанда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) қарқынды дамуымен байланысты өзгерістермен сипатталады. Кәдімгі адам өміріндегі компьютердің қызметі екпінмен артып келеді. Компьютер қоғамдық өмірдің барлық дерлік: білім беру мен медицинада, телевизия және радиода, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында және т.б. тиімді көмекші құрал бола алатын салаларында қолданылады. Бүгінде АКТ шағын кәсіпорындардың, дүкендердің, мекемелердің, жұмысқа орналастыру бюроларының, тіпті фермалардың да ажырамас жабдығына айналып отыр. Компьютерлік жүйелер көмегімен құжаттамалар жүргізіліп, электронды пошта және мәліметтер банктерімен қатынас қамтамасыз етіледі. Компьютерлер кең ауқымды өндірістік міндеттерді атқаруда қолданыс тауып, түрлі агрегаттардың үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. ЭЕМ жүйелері бір мекемедегі немесе елдің түрлі аймақтарында отырған түрлі пайдаланушыларды өзара байланыстырады. Осының бәрі ақпараттық қоғамда толыққанды өмір сүріп, жемісті кәсіби қызмет атқару үшін ең маңызды шарт – азаматтардың компьютерлік сауаттылығы екенін дәлелдеп отыр....
Кіріспе Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңдағы түрлі өзгерістер, жан-жақты карқынды дамуға байланысты кез-келген адам үнемі түрлі стресс жағдайларымен соктығысып отыратындығы жасырын емес. Экономикалық, саяси тұрақсыздық адамның өзіне, өзге адамдарға, ситуацияларға деген сенімділік сезімін жоғалтады. ХХ-шы ғасырдың басында шетелдік және отандық психологияның өзекті мәселелерінің бірі жағымсыз эмоционалды жағдайларды, яғни ашу, агрессия, кінәлау сезімі, мазасыздану, стресс, дистрессті зерттеу болды. Психология тарихында мазасыздануды түсіну ең алдымен жеке тұлға туралы түрлі теориялық дамуымен байланысты. Ең алғаш мазасыздануды зерттегендердің бірі З.Фрейд болды. [1,2,3,4] Ол былай деді: "мазасыздануды бәсеңсіту үшін, адамның психикасы сублимация, регрессия, проекция, үнемдеу деген сияқты қорғаныс механизмдерін қалыптастырады. Мазасыздық сезімі жеке адамның дамуын тежелтеді, себебі онымен күресу үшін көп энергетикалық күш-қуат жұмсалады". Бірақ, бұл Фрейд бойынша мазасыздануды жоюдың бірiнші тәсілі ғана. Екіншісі, жағдайларға тікелей мойын бұру болып табылады. Фрейдтің оқушылары, неофрейдистер яғни Э.Фромм, К.Хорни, Г.С.Салливан және т.б мазасыздануды жеке тұлғадағы базалық, яғни негіздік кайта қүрылу, түзіліс деп есептеді. Мысалы, Э.Фромм былай деп жазады, мазасыздық сезімі адам табиғаттан қол үзгенде пайда болады деп, оның әлеуметтік аспектілеріне көңіл бөледі. К.Хорни мен Г.С.Салливандар мазасыздануды ана мен баланың қарым-қатынасы тұрғысында түсіндіреді. Бұл ғалымдар мазасызданудың қайнар көзі деп, Фрейд сияқты биологиялық себептерден емес, әлеуметтік себептерден іздеді. [1,2,3,4,5,6,7,8,]. Мазасыздану проблемасына өте жиі гуманистік бағыттағы психологтар К.Роджерс, В.Франкл, А. Маслоулар мән берді. Олар өзгелерге қарағанда, өзін-өзі дамытуға ұмтылған дені сау жеке тұлғаға катысты түсіндірді. [9,10,11] Л.С.Выготский өз зерттеулерінде үнемі мына құнды жайтты ескертті: яғни, адам психикасы тұтас процесс ретінде зерттелуі тиіс. Адамның жеке тұлғасының интелектуалды және аффективті жақтары арасында тығыз өзара байланыс болуы тиіс. Кеңестік дәуірде психологтар көбінде интеллектуалды аумақты зерттеуге аса мән берді. Ал, эмоционалды күйлерді зерттеу идеологиялық себептерге орай рұқсат етілмеген еді. Мазасыздануды орыс нейрофизиологтары И. М, Сегенов, И. Павлов, В. М. Бехтеревтер де өз еңбектерінде қарастырып өткен. Жалпы психологияда эмоционалды күйлердің проблемасы Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, Ф.Е.Василюк, Рубинштейн еңбектерінде де қарастырылды. Олар эмоционалды күйлердің базалық, теориялық негіздерін қарастырды. Мазасыздануды эксперименттік тұрғыда зерттеуді алғаш С.Д.Спилбергер (С.D.Spielberder) және оның ізбасарлары бастаған. Бірақ әлі күнге дейін мазасыздану детерминациясы мен функциясының механизмдері айқын емес. [12,13]....
Кіріспе Мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа адамға (адамдарға) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы. Қайтыс болған азаматгың мұрасы басқа адамдарға әмбебап қүқық мирасқорлығы талаптарымен, егер осы бөлімнің ережелерінен өзгеше туындамаса, бірыңғай тұтас нәрсе ретінде және бір-ақ мезгілде ауысады. Мұрагерлік Азаматтык Кодекспен, ал тікелей өзі белгілеген жағдайларда өзге де заң актілерімен реттеледі. Мұрагерлік өсиет және (немесе) заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет қалдырылмаған не бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ Азаматтык Кодексте белгіленген өзге де жағдайларда мұрагерлік заң бойынша орын алады. Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен міндеттері кіреді. Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына қүқықтар мен міндеттер: 1) егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, заңды түлғалар болып табылатын үйымдарға мүше болу құқығы; 2) өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу құқығы; 3) алименттік міндеттемелерден туындайтын құқықтар мен міндетгер; 4) зейнетақы төлеу, жәрдемақы және еңбек пен әлеуметтік қамсыздандыру туралы заң актілерінің негізінде басқа да төлемдер төлеу құқығы; 5) мүліктік құқықтармен байланысы жоқ жеке мүліктік емес қүқықтар мұраның құрамына кірмейді. Мұра қалдырушыға тиесілі болған жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа да материалдык емес игіліктерді мұрагерлердің жүзеге асыруы және қорғауы мүмкін. Ортақ бірлескен меншікке қатысушының қайтыс болуы оның меншіктегі үлесін айқындау жэне ортак, мүлікті бөлу не АК-тің 218-бабында белгіленген тәртіппен одан қайтыс болған қатысушының үлесін бөліп шығару үшін негіз болып табылады. Бұл жағдайда мұра қайтыс болған қатысушының ортақ мүліктегі үлесіне, ал мүлікті заттай бөлу мүмкін болмаған кезде - үлестің құнына қатысты ашылады. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады....
Ана ауыр науқасқа шалдыққан еді. Төсек тартып жатып қалған. Осы кезде оның жалғыз ұлы үйленді. Ана өз өмірінде бұл тойды асыға күткен еді. Онда үнемі өзін тойдың ортасында мәре-сәре боп жүгіріп жүрген қалпында елестететін. Бірақ анаға қазіргі сәтте ауыр науқасы бұған мүмкіндік бермеді. Оның орнына тойда сіңлілері жүгіріп жүрді ғой. Сонда да ана төсегінде жатып алып, ұлының үйленіп жатқандығына қуанып жатты.
Той да өтті. Адамдар тарап кетті. Тек ананың жанында кеше ғана үйленген жас жұбайлар қалды. Жастар үнемі ас ішетін мезгіл болғанда, ананы да өздерімен бірге ас ішуге шақыратын еді. Бірақ ана оған жарамайды ғой. Дегенмен үнемі: "Мені өздеріңнің ас ішкелі жатқан бөлмелеріңе апарып жатқызыңдаршы, - дейтін ана. - Мен сендердің қатар отырып ас ішіп отырғандарыңды көріп жатқым келеді". .....
Қазақстанда жалқы есімдерді зерттеу мәселесі 1945 жылдан кейін басталды. Бұл пікірімізге мысал етіп Г.Конкашпаев, Н.Баяндин, С.Алиев, Д.Ж.Кармышева т.б ғалымдардың топономикалық атауларға арналған еңбектерін атауға болады. 1955 ж. бастап қазақ антропономикасы ғылыми зерттеудің тұрақты нысанына айналды. Қазақ тіл біліміндегі бұл саланың басында Т.Жанұзақов тұрды. Антропономика - ономастиканың бір саласы болып, ол адам аттарының құрамын, құрылысын олардың келіп шығу заңдылықтарын, мағыналық ерекшеліктерін т.б. жақтарын лингвистикалық тұрғыдан зерттеп үйренеді....
Тоғай. Егін. Шалғын... Жабағыдай ұйысқан қалың көктен машинаның кейде жоны ғана көрінеді. Арғы қабақта аспанмен тілдескен Алтайға жаңа жолмен бірге Ертісті кесе біз де өттік. Жол Алтайдың ішіне сүңгіді. Біз де сүңгідік. Жүрген сайын артымыз ылди, алдымыз ор, өрмелеп аспанға шығып бара жатқан сияқтымыз. Тay қоюланып, ірілене түсті. Шат тереңдеп кетті. Екі ернімен көк тіреген тар жықпылды, шапши аққан тентек су бой бермеді. Былай бұрылсаң өзен, былай бұрылсаң тау қақпалар, қалың жолшының соңынан қиялай жүріп келеміз...
Сонау баста, «Бұдан әрі жол бермеймін» дегендей, көлденең шөгіп құз - жартас жатыр. Оның бер жағында, қолында кішкене қызыл туы бар бір әйел тұр. Машина жүре алмай, қайтып кетті. Жаяу өрмеледік. Әлдекім ысқырады! Сонша болмады, көп гүрсіл тауды жаңғырықтыра жөнелді...
— Тас бұзған дәрінің дауысы ғой...- дейді штаб бастығы Доншенко. Құлақты бітеп, жүректі сілкінткен күшті гүрсіл оған күзетшінің тоқылдағы сияқты. Алды-артымыздан құйынша көтерілген тас аралас тозаң састырып келе жатса, ол жалтыраған қасқа басын кепкесімен де бүркемеді.
Жасы он жеті - он сегіз шамасында, ақ таяқ ұстаған қыз құз тастың жақпарынан шықты. Жолдың алдын ашып жүрген тау бұзғыш жас маман екен. Сөзден гөрі өз ісін сүйетінін сездірген соң, бөгелмей өтіп кеттік. Құзға келсек төрт-бес жұмысшы жәшік-жәшік динамитті бұзып, бір үңгірге тасып жүр... Үңгірдің түбінде екі-үш адам динамитті, кірпішті қалап отыр. Біздің сұрауымызға: .....