Информатика | Интернет желісіндегі HTML тілі

 Информатика | Интернет желісіндегі HTML тілі

Мазмұны

Кіріспе...........................................................................3
Негізгі ұғымдар...........................................................4

1. Интернет желісіндегі HTML тілі.....................5
1.1. Интернет технология.................................5-13
1.2. HTML тілі туралы түсінік........................14-29

2. HTML тілінде программалау...........................30
2.1. HTML тілінде гиперсілтеме құру............30-33
2.2. Мысал «Товар каталогы».........................34-35

Қорытынды.................................................................36
Қолданылған әдебиеттер..........................................37


1. Интернет желісіндегі HTML тілі.
1.1. Интернет-технология. Интернетте ақпараттарды iздеу

Интернеттiң тарихы
Қазiргi уақытта кеңiнен тараған телекоммуникациялық желiлердiң бiрi – Интернет желiсi. Ендi оның тарихына қысқаша тоқталып өтейiк.
DARPA атты американ мекемесi 1966 жылы телекоммуникациялық желiлердiң жобасын ұсынды. Онда компьютерлердi бiр-бiрiмен өте үлкен қашықтықтар арқылы бiрiктiрiп, орналастырды. Жүздеген мамандардың жұмыстарының нәтижесiнде 1969 жылы алғашқы аймақтық ARPANet компьютерлiк желiсi пайда болды. Ол әскери мақсатта пайдаланылды және онда қашықтықта орналасқан компьютерлерге түрлi программаларды жiберу, электрондық хабарламаларды жiберу және жүйеге ену құқықтарын қолданушы жүзеге асыра алды.
Ал 70-шы жылдары ARPANet принципi басқа аймақтарда орналасқан компьютерлiк желiлер енгiзiлдi. Бұның жалғасы, яғни 80-жылдары Интернеттiң пайда болуына әкелiп соқты. Онда жұмыстың жалпы протоколдары қамтамасыз етiлдi.
Бүкiләлемдiк желiнiң даму тарихын 4 кезеңге бөлемiз:
1 кезең (1969-1983 жж.). Бұл кезеңде ARPAInternet желiсi пайда болды. Ол әскери және ғылыми салаларға пайдаланылды. Бiрақ оның деректердi жiберу каналының дамуы өте әлсiз болды. Сондықтан жоғары бағалы компьютерлермен жұмыс жасау қиындық келтiрдi.
2 кезең (1983-1989 жж.). Мұнда ARPANet 185 компьютердiң орталығына айналды. Ол орталықтар АҚШ-да, Англияда және Норвегияда орналасқан. Желiлер бойынша деректердi жiберу телефондық каналдар немесе байланыстың спутниктiк каналдары арқылы жүзеге асты. Сонымен, бұл кезеңде жұмыс протоколдары жетiлдiрiлдi.
3 кезең (1989-1994 жж.). Бұл кезең WWW қызметiнiң пайда болуымен байланысты. Деректердi жiберу мен қарым-қатынас басқа кезеңдермен салыстырғанда анағұрлым ықшамдала бастады. Ал 1986 жыл бүкiләлемдiк компьютерлiк желi Интернеттiң пайда болуы деп жарияланды. Аталған жаңалыққа байланысты 1991 жылы ARPANet бiртұтас желi ретiнде қолданылмайтын болды. 90-жылдардың орта шенiнде видеоконференция пайда болды. Ақпараттарды дыбыс арқылы жеткiзуде оның мүмкiндiгiн пайдалануға болады. Бұл кезең WWW интерактивтiк қызметi арқылы қарым-қатынастар тиiмдi болды және Интернетке қосылған қолданушылар саны тез өстi.
4 кезең (1994-1996 жж.). Бұл кезең қолданушылар арасындағы қарым-қатынас тәсiлiн арттырумен сипатталады. Мұнда көпөлшемдi интерактивтiк модель VRMLпайда болды.
Үшiншi және төртiншi кезеңдер аралығында Ресейде Интернет желiсi қолданыла бастады. Ресейде 1990 жылы “Совам Телепорт” компаниясы электрондық хабарларды жеткiзу (off line) мүмкiндiгiмен шектелген бүкiләлемдiк желiге ену кезең басталды. Ал 1994 жылы хабарларды өңдеу, жiберу және қабылдап алу процестерiн қамтамасыз ететiн on line режимi пайда болды.

Интернет және ақпарат
Интернет екi мағынада қарастырылады: физикалық және логикалық. Физикалық мағынадағы Интернет – бұл компьютерлер және компьютерлiк желiлердiң физикалық бiрiктiрiлуi. Логикалық мағынадағы Интернет - бұл жер шарындағы ақпараттық кеңiстiктi қамтитын бүкiләлемдiк ақпараттық жүйе.

1.Интернеттi қолданушының мiндеттерi
Интернеттi қолданушының тiкелей және керi мiндеттерi бар. Қолданушының тiкелей мiндетi - бұл қажеттi әдiстердi таңдау (аппараттық және программалық). Әлемдiк компьютерлiк желiлерге сақталатын деректер бiздiң ақпарат болып табылады. Қолданушының керi мiндетi – бұл тұтынушыға өзiнiң ақпараттарын айналдыруға бағытталған әдiстердi таңдау.

2.Интернетпен жалғану.
Жалғану - бұл аппараттық-программалық-ақпараттық комплекс. Оны Интернетке қосылумен шатастыруға болмайды.
Интернетпен жалғану үшiн мына нәрселер қажет:
• Жабдықтар мен байланыс сымдары (аппараттық бөлiк);
• Осы сымдарда деректердiң алмасуын қамтамасыз ететiн программалар (программалық бөлiк);
• Бүкiләлемдiк желiге қосу үшiн мекемелермен келiсiмшартқа отыру. Ол үшiн қажеттi адрес пен парольдi ұсыну керек (ақпараттық бөлiк).
Жалғану бөлiнген немесе қашықтықтан болуы мүмкiн. Бөлiнген жалғану үшiн бөлек байланыс сымы қажет. Егер бөлiнген жалғану болса, онда өзiңiз сервис-провайдерi болуыңызға, яғни келiсiмшарт негiзiнде Желiге қосылуды бастауға болады. Басқа жағдайларда, қашықтықтан жалғану арқылы қосылады. Байланыс сымы ретiнде кәдiмгi телефондық сым қолданылады.

1. Модемдi таңдау және оны орнату
Модем модулятор + демодулятор бiрiгулерiнен тұрады. Ақпараттарды беру жағдайында ол цифрлық сигналдан аналогтық дыбыстық сигналға өтедi. Бұл жағдайда модуляция орындалады. Ал егер ақпараттарды қабылдау процесi жүрiп жатқан кезде аналогтық сигналдан цифрлық сигналға түрлендiрiлсе, онда демодуляция орындалады. Телефондық сымға жалғанған модем үшiн телефондық модем қолданылады. Одан басқа кабельдiк модем, радиомодем және т.б.
Телефондық модемнiң техникалық параметрi секундына битпен өлшенедi, яғни бит/сек. Аналогтық телефондық сымдар үшiн жылдамдықтың жоғарғы шегi 33600 б/с. (33,6 Кб/с).
Ақпараттарды берудiң екi тәсiлi бар: тiзбектей және параллель. Тiзбектей жалғану жағдайында биттер тiзбектей берiледi. Бiрақ бүкiл процесс әлсiз жүргiзiледi. Тiзбектей жалғанудың жылдамдығын биттiң секундқа қатынасы алынады. Мұнда байт өлшемiне ауыспайды. Ал параллель жалғану жағдайында бiруақытта 8 параллель сым бойынша 8 бит 1 байтты құрайды. Деректердiң 8 сымынан басқа жалғануға қабылдау мен беру процестерiн басқаратын қызметшi сымдар енедi. Оның жылдамдығын байттың секундқа қатынасындай етiп өрнектеуге болады(байт/с; Кбайт/с; Мбайт/с).

Модемдi таңдау
Модемдi таңдау жағдайында оның жылдамдығы 28 800 б/с кем болмауы қажет. 28,8 Кб/с модем стандарты V.34 деп аталынады. Ал қазiргi кезде барлық модемдер V.34 bis стандартын құрайды. Жылдамдығы 33,6 Кб/с кем модемдi қолданудың мағынасы жоқ. Модемдер сыртқы және iшкi деп екiге бөлiнедi. Сыртқы модем компьютер портының разьемына жалғанады. Ал iшкi модем жүйелiк блоктың iшiндегi материалдық платаның разьемына жалғанады.

Модемдi орнату.
Модем екi рет орнатылады. Бiрiншiсi - аппараттық, ал екiншiсi - программалық. Аппараттық орнату жағдайында ол қайда жалғану қажет болса, сол жерге жалғанады. Ал программалық орнату жағдайында модемнiң программа-драйверi орнатылады. Модем операциялық жүйеде тiркеледi. Егер компьютер Windows 95/98 операциялық жүйесiнде жұмыс жасаса, онда оның өзiндiк орнату механизмi (plug-and-play) жұмыс жасайды және Мастера установки модема немесе Пуск  Настройка  Панель управления  Модемы автоматты түрде жүктеледi. Ашылған Свойства: Модемы хабар алмасушы терезесiнде Мастер установки жiберу үшiн Добавить (1-сурет) батырмасы басылады.

1-сурет
1. Жұмыстың алғашқы кезеңiнде Мастера установки тiркелген СОМ-портын тексередi және жаңа құрылғыны тексередi. (2сурет).

2. Модем орнатылады. Осыдан кейiн Мастер оның драйверiн орнатуды ұсынады. Егер модем дұрыс орнатылмаса, онда Далее батырмасына басып, Установка нового модема стандартты терезесiн аламыз да, модемнiң жылдамдығы және нақтылы моделi таңдалады. (3-сурет).Рисунок 3
3. Әрбiр қолданушы гибкий модеммен немесе лазерлiк дискiмен қоса оның драйверiн бiрге сақтап қою қажет. Бұл жағдайда модемдi жасақтаушыны да, нақтылы модельдi таңдаудың қажетi жоқ. Тек Установить с диска батырмасына басу ғана жеткiлiктi. Ашылған хабар алмасушы терезеде өзiңiздiң тасымалдаушыңыздағы драйвердi орнату жеткiлiктi. Егер оған негiзделген драйвер жоқ болса, онда Изготовители бөлiмiндегi Стандартный модем пунктiн таңдау жеткiлiктi. Ал Модели бөлiмiндегi модемнiң жылдамдығына байланысты пункттi таңдау қажет. Модемдi орнатуды аяқтағаннан кейiн компьютердi қайтадан iске қосу қажет.

5. Сервис-провайдерiн таңдау
Сервис-провайдер (Интернет қызметiн қоюшы) – бұл бүкiләлемдiк компьютерлiк желiге тұрақты түрде жалғануды қамтамасыз ететiн және келiсiмшарт бойынша клиенттердi қосуды жүзеге асыратын мекеме. Сервис-провайдердiң қызмет саласы телефондық компаниялардың қызмет салаларына ұқсас. Бiрақ ерекшелiк бар. Егер қобшыға телефондық байланыстың қызмет салаларын таңдамасақ, онда қоюшыға Интернеттiң қызмет салаларын еркiн пайдалануды таңдағаны жөн. Сервис-провайдердiң қызмет саласынан отказ берiп, кез келген уақытта басқа мекемеге қосылуға болады.
Сервис-провайдердiң қызмет ету салалары бiрнеше:
- Желiге ақысыз қосылу;
- Уақытша Желiге қосылу;
- Желiге шектеусiз қосылу;
- Интернет-карта бойынша қосылу.
Таңдауды қалай жүргiздiк, солай мынадай ақпараттарды алуға болады:
• Жалғауды орындауды iске асыратын телефон нөмiрiн таңдау. Ол процестi орындайтын программана баптау қажет;
• Тiркеу аты (login). Сервис-провайдерге хабарлама үшiн қолданушының аты енгiзiледi;
• пароль (password). Ол подтверждения үшiн қажет және оны қолданушы өзi үшiн бередi;
• DNS негiзгi сервердiң атауы;
• DNS қосымша сервердiң атауы;
• Сервис-провайдердiң Web-адресi.
DNS негiзгi және қосымша серверлердiң атауы жалғау қасиеттерiн баптау жағдайында қажет етiледi. Web-адрестi сервис-провайдер өз атын ешқашан да пайдаланбауы мүмкiн, бiрақ ол қосымша ақпарат қажет болған жағдайда қолданылады. Мысалы, осы адрес бойынша Сiз өзiңiздiң есебiңiздi бақылай аласыз және сiздiң есебiңiзден басқа адамдардың жұмыс жасағандығын, не жасамағандығын анықтай аласыз.
World Wide Web туралы жалпы түсiнiк
Интернетке түрлi қызметтердiң жиынтығы әсер етедi: электрондық пошта, жаңалықтар топтары (телеконференциялар), файлдарды беру қызметi және т.б. Ең көп тараған қызметтердiң қатарына World Wide Web (бүкiләлемдiк өрмекшi) енедi. Оны қысқаша WWW немесе жай Web деп атайды. Бұл ең көп тараған қызметтердiң қатарына енедi. Алайда, бұл Интернет емес, бiрақ көпшiлiк жұрт оны Интернет деп есептейдi. Бiрақ WWW - бұл Интернет емесе, көп қызметтерiнiң бiрi.
ИНТЕРНЕТТЕ АҚПАРАТ IЗДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Интернеттiң пайда болуы, ондағы ақпараттардың орасан зор көлемде өсуi мен оның технологиясының өзiндiк ерекшелiктерi арнайы броузер-программалардың жасалуына әкеп соқты. Бұл программалар Интернеттiң стандарттарына сәйкес келетiн желiлерде жұмыс iстеуге бағытталған және әлемдiк желi өрмегi(WWW) ресурстарын көрудi ұйымдастырады. WWW мәнi болып ақпаратты әртүрлi компьютерлерде орналасқан текстiк, графикалық және басқа да файлдар түрiнде беру болып табылады(5.1. кесте). Бұл файлдар бiр-бiрiмен гипербайланыс арқылы бiрiккен. Файлдардың(немесе объектiлердiң) бұндай жиынтығын Web-құжат(Web-сайт, Web-site) сияқты түсiндiрiледi. Web-құжат бiрнеше Web-парақтардан тұрады. Ал бiрнеше Web-құжаттар Web-серверде орналасады.
Web-құжатты iздеу және онымен қатынасу арнайы URL(Uniform Resource Locator) көрсеткiшi арқылы орындалады. Стандартты URL ақпаратты беру протоколын анықтайтын үш бөлiктен тұрады: информация орналасқан компьютердiң аты, жолы. Мысалға Vermont Teddy Bears компаниясының URL құрылымы мынадай:
http://www.service.digital.com/tdb/vtdbear.htm
протокол/компьютер аты/бума аты/файл аты
WWW-те қолданылатын ақпараттар мен файлдардың типтерi.
Ақпарат типi Файлдың типi Түсiнiктеме
Текст
Дыбыс
Кескiн
Бейне .htm, .html
.au, .snd, .mid, .mp3
.gif, .jpg, .tif
.mpg, .mov, .avi HTML форматы текст және экранда ақпараттың бейнелеуiн анықтайтын арнайы форматтау кодтарын бередi.
Audio, sound, MIDI, MP3 дыбыстық файлдарының форматтары
GIF, JPEG, TIFF графиктiк файлдарының форматтары

MPEG, Apple Quisklime, Microsoft Video форматтарында жазылған бейнеклиптер.
Жоғарыда айтылғандай Web-құжаттарды қарап шығу үшiн арнайы броузер-программар қажет. Қазiргi кезде кеңiнен таралған броузерлер қатарына Internet Explorer(Microsoft фирмасының өнiмi) және Netscape Navigator(Netscape Communications Corp. фирмасының өнiмi) программалары жатады. Броузерлер WWW-тен басқа Интернеттiң басқа да ресурстарымен(Usenet, FTP) де байланыса алады.
Қазiргi уақытта Интернеттiң ресурстарымен қатар операциялық жүйелердiң функциясын орындайтын Web-броузерлер жасау жоспарлануда. Мысалға, Netscape Communications Corp. компаниясы өзiнiң шығарған Netscape Navigator броузерiне операциялық жүйелерге ғана тән мүмкiндiктер қосуда. Ал Microsoft компаниясы Internet Explorer өнiмiн Windows операциялық жүйесiмен бiрiктiрген. Нәтижесiнде пайдаланушы жұмыс үстелiн Web-парақ режимiнде шығарып жұмыс iстей алады және Web-парақтардың жарлықтарын жұмыс үстелiне шығарып қоя алады. Бұл режимде Widows-тiң жұмыс үстелi Active Desktop(екпiндi күйдегi жұмыс үстелi) деп аталады, оның құрамына Web-элементтер мен дәстүрлi ақпараттарды бiрiктiретiн Outlook программасы кiредi.
Интернеттен керектi ақпараттарды iздеп табу iздеу жүйелерi арқылы жүзеге асырылады. Бұл жүйелер ақпараттары түйiндi сөздер арқылы индекстелiп сұрыпталған деректер қорын басқарады. Пайдаланушы бұл жүйелермен байланыс орнатқаннан кейiн түйiндi сөздерден тұратын сұраныс жасап, өзiне қажеттi мәлiметтердi ала алады.
Iздеу жүйелерiнiң екi түрi болады: ресурстардың тақырыптық каталогы және iздеу машиналары (iздеу роботтары).
Ресурстар каталогы бұрынырақ пайда болды. Бұл каталогтарда ақпараттар бiрнеше категорияларға бөлiнген. Iздеу кезiнде пайдаланушы бiр категорияны таңдап алады да, оның бөлiмдерiн қарап шығады. Өзiне қажеттi бөлiмдi тапқаннан кейiн пайдаланушы қажеттi мәлiметтерден тұратын URL-файлдардың тiзiмiн алады.
Тақырыптық каталогтардың кемшiлiгi қолмен жасалатын жұмыстардың көптiгi болып табылады. Ал iздеу машиналарында барлық iздеу жұмыстары пайдаланушының қатысуынсыз автоматты түрде орындалады.
Келесi тақырыптық каталогтарды атап өтуге болады:
-Yahoo!(http://www.yahoo.com) - тақырыптық ресурстан басқа ақысыз электрондық поштаны, жаңалықтар тақтасын пайдалану. Сондай-ақ пайдаланушы жақын арада өткiзiлетiн iс-шаралар туралы анықтама беретiн қызмет(Интернет-күнделiк сияқты).
-Lycos(http://www.lucos.com) - пайдаланушыға кең көлемдегi қосымша мүмкiндiктер бередi(пошта, жаңалықтар, чаттар тағы басқалар).
-InfoSeek(http://guide.infoseek.com) - ақысыз пайдалану мүмкiндiгiн беретiң коммерциялық iздеу қызметi. Iздеудi тек қана Web-парақтардан емес, басқа да ресурстарда да жүргiзедi.
Жұмыс аумағы - Internet Explorer терезесiнiң негiзгi бөлiгi. Онда Web-құжаттары бейнеленедi.
Электрондық пошта. Электрондық пошта Интернеттегi аса маңызды ақпарат алмасу қызметiнiң түрi болып табылады. Егер Интернет жүйесiнiң басқа да халықаралық жүйелердiң ақпаратты ресурстарымен тығыз байланыста екендiгiн ескеретiн болсақ, онда олармен электрондық пошта қызметiн пайдалану арқылы ақпарат алмасуға болады.
Электрондық пошта қызметiнiң мүмкiндiктерiн Интернетке қосылған компьютер немесе онымен байланыса алатын компьютер арқылы пайдалануға болады.
Электрондық пошта жұмыс принциптерi көп жағынан кәдiмгi пошта қызметiне ұқсайды. Корреспонденция жiберушi оны пошта дайындау программасында немесе кәдiмгi текстiк редакторда дайындайды. Содан кейiн пошта жөнелту программасы шақырылады (мысалға, SendMail). Пошта жөнелту программасы кәдiмгi поштаны әрi қарай тарату үшiн байланыс бөлiмшелерiне жеткiзетiн пошта курьерiне ұқсайды. Unix-жүйелерде SendMail программасы байланыс бөлiмшелерiнiң қызметiн атқарады. Ол программа пошталық хабарларды сұрыптап адресаттарға жiберiп отырады. Ал компьютерлерiнде пошта жәшiгi бар және пошталық серверлермен телефон байланысы арқылы жұмыс iстейтiн пайдаланушылар пошта жөнелту үшiн қосымша әрекеттер жасауы тиiс. Мысалға, Relcom пошта қызметiн пайдаланушылар поштаны пошталық серверлерге жеткiзетiн uupc программасын iске қосуы тиiс, ал пошталық хабарларды bml программасында даярлай алады.
Кез-келген пошта байланысының негiзi болып адрестер жүйесi табылады. Дұрыс көрсетiлмеген адрес арқылы поштаны адресатқа жеткiзу мүмкiн емес. Интернетте желiге қосылған компьютерлердiң домендiк адрестерiне негiзделген адрестiк жүйе қабылданған. Бұл жүйе бойынша адрес .......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?