Баяғыда бір кедей шал мен кемпір болыпты. Қолында мал дегеннен жалғыз есегі бар екен. Қалаға отын сатып күн көреді екен. Шал мен кемпірдің жасы алпысқа келгенше бір перзентке зар болып, күні-түні жылап жүргенде, шалдың кемпірі айдаһардың етіне жерік болыпты. Шал айдаһарды іздеп келе жатса, бір шаң көрінеді. Жақындаса, қара айдаһар мен сары айдаһар арбасып-алысып жатыр екен. Қара айдаһар сары айдаһарды өлтіреді. Шал өлген айдаһардың сан етінен кесіп алып үйіне келсе, кемпірі жерігі......
Қазіргі таңда кез келген кәсіпорынды басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарына және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылды және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында кәсіпорындардың күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес. Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін бағаламай кетпеуге болмайды.....
Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы. Қазіргі уақытта көптеген шаруашылық орындары ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарды өсіруде антибиотиктерді пайдалануды ұйғарады. Оларды бактериялық әртүрлі аурулардын алдын алу және ем үшін ғана пайдаланып қоймай, сонымен қатар азықтық қосымша ретінде, жас төлдердін өсуі мен дамуын, өнімділік пен өміршендік қасиеттерін жоғарылату үшін де қолданады. Антибиотиктерді пайдалану негізінде өндірістің экономикасы жақсарып, ет, сүт, жұмыртқа және басқа да мал шаруашылығы өнімдерінен көп мөлшерде қосымша қаражат табады. Алайда бұл жағдай агробизнесте антибиотиктерді жоғарғы қызығушылықпен және шектеусіз пайдалануға әкеп соғуда. Сол себепті, әлемде мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемін ұлғайту үшін бұл препараттарды кеңінен қолдану жоғарғы қарқынмен өсті [1]. Қазіргі уақытта дүние жүзінде жүз мың тоннадан астам азықтық антибиотиктер пайдаланылады. Мұндай озық ұстанымды алға қойған елдердің бірі АҚШ-та мал шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін 15 мың тоннадан астам азықтық антибиотиктер жұмсалады. Одан кейін Қытай Республикасы, Бразилия елдері мал шаруашылығы өнімдерін тек қана ішкі нарық үшін ғана емес, сонымен бірге көп мөлшерде басқа да елдерге экспорттау үшін антибиотиктерді пайдаланад ....
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын рөліне қарап анықталады. Мысалыға, зауытта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады: ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады. Шаруашылық-қаржы қызметі процесінде кәсіпорын мен ұйымдар қаржы қорларын – белгілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланады. Қорлардағы ақша қаражаттары үнемі қозғалыста болады: түседі, қордаланады, жұмсалады. Кәсіпорындарда өндірістік капиталдар өндіріс процесінің материалдық-техникалық негізі болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында өндірістік құралдардың алғашқы қалыптасуы, олардың жұмыс істеуі мен ұлғаймалы ұдайы молайтылып отыруы қаржылардың тікелей қатысуымен жүзеге асырылады: олардың көмегімен еңбек құралдарды сатып алу, пайдалану және қайта қалпына келтіру жүзеге асыратын арнайы мақсатты ақша қорлары құрылып пайдаланылады. Қаржының арқасында кәсіпорындардың өндірістік капиталдарының (негізгі айналым капиталдарының) тұрақты толық айналымы болып отырады. Сонымен, айналым қаражатының кәсіпорын өміріндегі рөлі мен маңызын, сондай-ақ капиталды қалыптастыру, айналым қаражатты талдануын және бағалануын алдағы бөлімдерде толық қарастырамыз. ....
Ерте заманда жезтырнақ деген жыртқыш шығып, адам баласына ауыр зиян салып, елді көктетпей қойыпты. Ешкім оған батып бара алмайды екен. Барған адамды жезтырнақ жамсатып отырыпты. Бір күні Боран батыр боз атына мініп, жезтырнақтың мекеніне қарай жалғыз тартыпты. Оған жолдас болуға ешкім шықпапты. Батыр «ер азығы мен бөрі азығы жолда» деп азық алмай, жолаушылап жүріп кетеді екен. Боран батыр жезтырнақ мекендейтін қалың жыныс орманға келіп, бір дәу арқарды атып алады да оның еті, бауырын қоламтаға көміп қойып, боз атты байлап тастап от басында қамсыз отырады. Бір кезде жезтырнақтың дыбыры шығады. Боз ат кұлағын қайшылап, тықыршып осқырып тұрады. Боран батыр оны елемегенсіп отыра береді. Сәлден соң жезтырнақ Боран батырдың қарсы алдына келіп, бір тізерлеп отыра кетеді. Бұл кезде Боран батыр қоламтаға піскен бауырды алып, кесіп жеп отырады. Боран батыр қолындағы болат семсердің ұшына шаншып, томардай бауырды жезтырнаққа ұсынса, жезтырнақ семсердің ұшын «тырс» еткізіп кесіп, бауырмен бірге алып қалады. Бұдан Боран батыр титтей де сескенбейді. Саптама етігінің......
Менің сізге төменде қол қойып, арыз жазу себебім мынау!
Мен өзім, шынымды айтайын, әдебиетті онша көп оқымаймын. Өйткені, біріншіден, оған қол тимейді. Ал екіншіден, мен болсам қазір лесхозда жұмыс істеймін. Яғни әдебиетпен ешқандай байланысым жоқ.
Бүгін бағана түскі тамақтан келе жатсам, біздің әлгі секретарь әйел: «Әбдіғали, сені журналға жазып қойыпты. Мә, мына әңгімені оқышы» дейді. Жүрегім су ете қалды. Ойпырмай, неге жазады, не қылмысым бар деп, оқи бастадым. Өзі сала құлаш ұзақ мақала әңгіме екен. Сонда да болса бас алмай отырып, оқып шықтым. Сөйтсем, Әбдіғали дейтін маскүнем біреу жайында екен. Тек атының ұқсастығы болмаса, бас - қасының бәрі де менің басымнан кешкен уақиғалар емес. Бұл қайтып мен туралы болады деп, біраз ойланып отырдым да, біле қойдым. Біріншіден, бұл мақала очерктің авторы Б. Сәрсенов жолдас «Н. ауданының орталығына барып түсе қалдым, мезгіл көз байланып қалаған кешкі уақыт еді» деп жазады. Мұндағы оның Н. деп, жасырып отырғаны ол, сөз жоқ, біздің Нарын ауданы. Өйткені біздің облыста Н. әрпімен басталатын басқа аудан атымен жоқ. Оны мен райсоветке барып, анықтап білдім.
Н. ауданы біздің Нарын ауданы болған соң ондағы маскүнем Әбдіғали ол, әрине, менмін. Менен басқа Әбдіғали дейтін мұнда ешкім де жоқ.
Содан соң, автобус біздің ауданға Алматыдан ылғи да күнде көз байлана келеді. Олай болса, сіздердің жазып отырған Әбдіғалиларыңыз менен басқа ешкім де емес.
Қымбатты жолдас редакция, әдебиетті мектепте біз де оқығанбыз. Оның қулық -сұмдығының біразын жақсы білеміз. Сіз бізді ештеңе білмейді, сезбейді екен деп ойламаңыз. Олай ойласаңыз қателесесіз. Жазушылардың өтірікті шындай, ақсақты тыңдай қылып, ойдан қосып, болмағанды болғандай етіп жазатын әдеті бар. Miнe, сіздер де сөйтіпсіздер. Менің маскүнем екенімді образ қылып алыпсыздар да, оған неше түрлі өтірікті қисындырып қосып жазыпсыздар. Міне, бұл үшін мен сіздерге наразымын. Сіздер ойлайтын шығарсыздар; бізге қалай қисындырып жазсақ та бола береді. Ауылдағы оқымаған қара жұмысшы халық оған көне береді деп. Жоқ, жолдас редакция, олай ойласаңыздар сіздер қателесесіздер. Мақалада менің атымды өзгертпей тура атағаннан кейін бүйтіп өтірік қосып жазуға сіздерге кім права берді? Алдымен міне осыған жауап беріңіздерші?
Содан соң екінші айтарым, маған кездесетін Көкен деген адам ол кім? Meн бұндай адамды білмеймін ғой. Жоқ әлде сіздер Көдекті Көкен деп бұрмалап отырсыздар ма? Егер ол Көкен болмай, Көдек болатын болса, мен онымен бірігіп арақ ішпек, түгіл, міне, екі жылдай болып қалды бетіне тура қарап сөйлемеймін де. Бұрнағы жылы жайлауда Жұмағұлдың үйіндегі тойда төбелесіп қалғалы бері ол екеуміз ит пен мысықтай аразбыз. Бұны, жолдас редакция, жұрттың барлығы біледі.
Содан соң үшінші айтарым, сіздер әлгі мақала пілитондарыңызда менің әйелімнің образын да дұрыс көрсетпепсіздер. Оның аты Жәмила болса сіздер Күлбала деп бұрмалап жазыпсыздар. Қиысса, қиыспай қалсын - ау! Содан соң, әйелімнің түр-түсін, киімін де бұрмалап жазыпсыздар. Қашаннан бері ол сыриған сары келіншек бола қалды? Қатпа қараның нағыз өзі емес пе? Оның арық екеніне дейін жазыпсыздар. Сіздердің не мақсатпен бұлай деп жазып отырғандарыңызды мен білмеймін. Ал бар ғой, редакция жолдас, тап осыларыңыз ұят - ақ. Біреудің әйелі арық біреудікі семіз. Онда сіздердің не шаруаларыңыз бар? Немене, сонда мен әйелімді тамақ бермей аштан қатырып жүр демексіздер ме? .....
✅Баланың жөтеліне бұл рецепт жақсы көмектеседі. Бұл емді бірінші қолданғаннан кейін-ақ балаңыздың жөтелінің басылғанын байқайсыз. Ол үшіш жарты литр сүтті пісіріп алған соң, бір ас қасық қарағай бүршіктерін ( сосновый почки) қосып аздап араластырасыз. Бір сағаттан соң іше беруге болады. Қоспаны бір күннің ішінде ішіп тауысуы керек. Қажетінше емді жалғастыра беруге болады.
✅ 1 ірі бас пиязды үккіштен өткізіп, оған бір стақан қант қосып , 5 минут қайнатып аламыз. Жылы болған джемге 2 ас қасық бал қосып араластырамыз. Əр сағат сайын балаға 1 шəй қасықтан беріп тұрсаңыз, 1 -2 ішінде баланың жөтелі кетеді.
✅ Сəбіз шырыны мен балдың пайдасы зор. Ол үшін бірнеше сəбізді шырын сыққыштан өткізіп қалауығызша бал қосып, балаға ішкізесіз. Шырынның жаңа дайындалғанының пайдасы көбірек болады.
✅ Сұлы тұнбасының да жөтелге пайдасы зор. 1 литр қайнаған суға бір стақан сұлы саламыз да, екі сағатқа баяу отқа қоямыз. Кейін сүзгіштен өткізіп алып, аш қарынға жарты стақанын балмен бірге күніне 3 рет: таңертең, түскі асқа дейін 30 минут, ұйқы алдында бір рет .
✅ Қара шалқан шырынын да жөтелге қолдануға болады. Орташа 7 данасын жұқалап турап, үстіне қант сеуіп ,8-10 сағатқа қоямыз. Одан шыққан шырынын сағат сайын 1 ас қасықтан беру керек. ......
КІРІСПЕ Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін "ақпараттық экономикаға" ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын" қабылдағанын жатқызуға болады. Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі. Ақпараттық жүйе (АЖ) - Экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі. АЖ - ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық жүйе тұрғызу мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді. Нарықтық экономиканың функционалды құрылымының ақпарат жүйесіне негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді - бұл экономика бағытындағы қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі. Экономикадағы ақпарат жүйелерінің кіріс құжаттарына ішкі және сыртқы ақпарат жатса, ал шығыс құжаттарына басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат жатады. Глава 1 ҚР дамуы жаңа шаруашылық принциптерге және сапалы жаңа деңгей қарым-қатынасқа өту, экономиканың барлық салаларының интенсивті түрде дамуына жұмыс істеткізеді сонымен бірге нарық экономикасының ең ңегізгі құрылымдарының бірі-банк жүйесін дамытуды қажет етеді. Банк ісінің пайда болуы мен дамуы капиталмен байланысты. Жеке меншік пайда болуы, тауар-ақша қатынасының дамуымен қоғамдық мүлік теңсіздігі күшейді.Жағдайы жақсы топ өкілдері жағдайы нашарларға қарызға ақша беруге мүмкіндіктері туды. Капитал дамуы тығыз түрде банк дамуымен байланысты. Қазақстанның банктік секторы өзінің тұрақтылығымен, екінші деңгейдегі банктердің сенімділігімен ерекше көзге түседі. Ұсынылып отырған диплом жұмысының мақсаты – Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің қызметін қадағалау және рейтингтік бағалау. Банктердің қызметін кешенді түрде сипаттайтын ақпарттың негізгі және жинақтаушы көздері болып табылатын банк балансы мен қаржылық есеп есебін талдау барысында жеке банктік операциялардың тәуекелдік деңгейі мен табыстылығын, өтімділігін анықтауға, меншікті және тартылған қаражаттардың көздерін, олардың белгілі бір мерзімге немесе белгілі бір кезеңге орналастыру құрылымын айқындауға, сондай-ақ банк жүйесіндегі жеке бір банктердің қызметінің мамандануы мен маңызын белгілеуге негізделген.....
Шылым шегетіндерге арналған бірінші дәрежелі вагонның бір бұрышына жайғасқан сот Уоргрейв — ол жақында ғана жұмыстан біржола босап шыққан — сигарын түтіндетіп, "Таймстағы" саясат бөлімін шолып отырған. Ұзамай газетті былай ысырып қойып, терезеден сыртқа көз жіберді. Пойыз Сомерсеттен өтіп бара жатыр еді. Сот ойша шамалап көрді — әлі екі сағаттай жүруі керек екен.
Негр аралы жайында газеттерде жазылғанның бәрін сот қайта-қайта ой елегінен өткізумен келеді. Әуелі оны яхта десе ішкен асын жерге қоятын американ миллионері сатып алыпты, Девон жағалауына жақын жерде орналасқан осынау шағын аралда қазіргі заман үлгісіндегі керемет көркем үй тұрғызыпты. Алайда, өкінішке қарай, миллионердің үшінші әйеліне, таяуда ғана тапқан тотықұсына теңіздегі шайқалыс жақпайды екен, осы жағдай миллионерді үймен де, аралмен де қош айтысуға мәжбүр етіпті.
Сөйтіп, арал сатылатын болды, оның әсемдігін айтып тауыса алмайтын сипаттамасы бар құлақтандырулар газеттерде жиі-жиі жарық көре бастады. Одан соң аралға мистер Оним дейтін біреудің ие болғаны жөніндегі хабар жарияланды. Сол сол-ақ екен, зайырлы қауым өміріндегі жаңалықтарды жиып теретіндердің қиялы шартарапты шарлап кетті. Шын мәнінде Негр аралын голливудтық киножұлдыз мисс Габриелла Терл сатып алыпты!.. Сол жерде - репортерлер мен жарнама ырың-жырыңынан жырақта - бірнеше ай тыныш тұрғысы келетін көрінеді!.. "Бизи Би" бұл арал король отбасының жазғы резиденциясына айналатыны жайында сыпайы түрде тұспалдап жеткізді. Мистер Мерриуэдерге аралдың жас лорд Л. меншігіне көшкені - ақыры оның да Купидон құрбандығына айналып, аралда бал айын өткізуге ниет еткені турасында сыбыс жетті. "Джонас" аралды әлденендей бір айрықша құпия сынақтар өткізу мақсатында Әскери-теңіз күштерінің басқармасы сатып алғанына зәредей күмән келтірмеді. .....
Көгершін құсы туралы жалпы дерек: Көгершіндер орманды, кейде таулы жерлерде тіршілік ететін, адам жайларына үйір, денесі тығыз, тұмсығы қысқа және балауызсымақтары бар құстар. Олардың танау тесіктері терілі каппен бүркелген. Көгершіндер бүкіл жер жүзіне тараған. Олардың өте көбірек тараған жерлері Малай архипелагы мен Австралия. Жалпы үш жүздей түрі белгілі. Мысалы: клинтух, вяхирь иығында және мойнының бүйір бөлімінде ақ дақтары болады, бұлар ресейдің солтүстігіне таман тараған, жабайы көгершіндер немесе көк көгершін - зікірлі көгершін Мадагаскарға таяу жердегі аралдарында кездеседі. XVII ғасырға дейін жойылып біткен ірі дронт көгершіні — деген түрлері тіршілік еткен. Осы кездегі көгершіндердің жабайы түрлері — ағашты, таулы жерлерде тіршілік етеді......
Тақырыптың көкейкестілігі. Футбол - тұрғындардың кең көлемдегі денсаулығын нығайтып және дамытатын дене тәрбиесінің көпшілік қолданылатын құралдарының бірі. Футболмен қазірігі кезде 3 миллионға жуық адам айналысады. Бұл шындығында да халақтық ойын, онымен ересектер, жасөспірімдер және балалар да шұғылданады. Футбол - атлетикалық ойын. Ол адамның дене қасиеттерін, жылдамдықтың, ептіліктің, төзімділіктің, күштің дамуына ықпал жасайды. Адамның ерік-жігерін шыңдайды. Футбол ойынының мақсаты екі коллективтің арасындағы бәсекелесте екеуінің де мақсаты бір ғана - жеңіс. Жеңіске деген ұмтылыс футболшыларды коллективтік әрекетке, өзара көмекке, достық және жолдастық сезімді тәрбиелейді. Футбол ойыны кезінде әрбір ойыншы өзінің жеке іс - қабілетін көрсете білуге, мүмкіндік ала отырып, сонымен бірге жеке ұмтылысты жалпы командалық мақсатқа жетуді талап етеді. Футболдан оқу жаттығу және жарыстар жыл бойы өтетін болғандықтан, климаттық және метрологиялық жағдайлардың жиі өзгеріп отыруы, дененің шынығуына ағзаның қарсы тұруын көтеріп және бейімделу мүмкіншілігін кеңейтуге септігін тигізеді.....
1. «Үй жақсыма? Бақша жақсы ма?» 2. Ә. Дүйсенбиев «Менің ойыншығым» Тақырыбы «Күз» 1. Т. Молдағалиев «Өрік гүлдеп» 2. «Тәтті алма» Н. Құмар
«Жануарлар, құстар әлкмі» 1 О. Асқар «Мысықпен тілдесу» 2 «Мақтаншақ қоян» өзбек ертегісі «Қыс келбеті» 1 К. Көпішов «Мұз айдыны» 2 Б. Данабеков «Қайырымды бала» «Таң - ғажайып заттар» 1 Ш. Перро «Қызыл телпек» .....
Халықштұтынатыннөнімдердің 70-80 %-ын малнөнімдердікқұрайды. Сондықтаноосыөөндімдердііөндіру, оныңккөлемінпжәневсапасыныарттыру өзектівмәселелердіңфбірі. Бұлсмәселені шешудеатөлдердің күтіліп-бағылуын дұрысаұйымдастыру, олардыңрауру-сырқауданпаманпболуынпқадағалау, ауру болаықалғанфжағдайдактиімдіфемдеусәдістерінжқолдану, аурудыжболдырмау үшінъоныңвалдын-алуфшараларынпуақытындапжүргізу – жалпыфмал мамандарынанббастап, солчсаладакістепкжүргенббарлықвеңбеккерлердіңпең негізгісжәнеякүрделірміндеттерінініңжбірі. Жасптөлдердіңяарасындавкеңфтараған асқазан-ішек аурулары. Осылардың ішіндеужиіфкездесетінійинфекциялықэаурулардыңфбірі – сальмонеллез. Ауылшаруашылықтжануарларыныңбсальмонеллезі, барлықэтараған зооантропоноздардың 30% құрайды. Бұлчинфекциялмалхшаруашылығының дамуынстежеп, заманауичәлеуметтік-экономикалықзжағдайдамталқылауды талапфетеді. Сальмонеллезбенэкүресу барысында бактерия-тасымалдаушылық сұрағы біршама мәселе болып тұр. Ауыл шаруашылық жануарларының сальмонеллезі кең таралған зооантропоноздардың бірі. ....
Тақыптың өзектілігі. Қазіргі кезңде жастарға құқықтық білім берудің маңызы өте зор болып отыр. Бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгң қоғамымыздың заңды жалғастырушысы. Олай болса олардың сауаты да саналы азамат ретінде қалыптастырудың құқықтық тәрбие нәрін берудің қагшалықты маңызды екендігі де түсінікті. Ертеңімізді сеніп тапсыратын жас ұрпақ үшін ең қымбат қазына адам және адамның бостандығы мен өмірі болып табылатын құқықтық сана қалыптастыру кезек күттірмейтін міндет болып отыр. Ұлттық мемлекетіміз құрылып, тарихи дамудың сара жолына шығудың арқасында жаңа ққытық жүйе қалыптаса бастады. Егеменді мемлекетіміздің құрылу тарихындағы ел тағдырына түбегейлі әсер еткен ірі өзгерістерге тоқталып өтетін болсақ: олар 1992 жылы 25 қарашада «Қазақ СССР-ң мемлекеттік егмендігі туралы декларациясының, 1991 жылғы 16 желтоқсанда»Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңның және ең бастысы 1993 жылы 25 қаңтарда мемлекетіміздің негізгі заңы Конституцияның қабылдануына тікелей байланысты /1/.....
Ерте кезден бері өскелең ұрпаққа тәрбие беріп, олардың сана-сезімін, ақыл-ойын дамыту мен жетілдіру - әрбір ұлт пен халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі мен жан дүниесінің сырын айқын білдіретін әлеуметтік құбылыс. Ал әлеуметтік құбылыс сол халықтың тіршілік бейнесімен, жан дүниесінің сан қырлы сырларымен тығыз байланысты сипатта дамып отыратындығы тарихи шындық. Қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшін қажетті факторлар: оның құрамына енген адамдар тобы материалдық тұрмыс жағдайларының, аймағы мен экономикалық өмірінің, тілі мен мәдениетінің, әлеуметтік психологиядағы сол ұлттқа тән кейбір этикалық ерекшелігінің ортақтастығы болып табылады. Қай заманда болмасын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болатыны белгілі. Егеменді Қазақстан мемлекетінің болашақ ұрпақтарының сана сезімін, ұлттық психологиясын, оның сонау ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Ұлттық тәрбиені қалыптастыруда ұлттық дәстүрдің ғибраты мол. Ол-ұлтты рухтандырып, оның ішкі, сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын сипаттардың бірі. Бала отбасында, балабақшада, мектепте өз шыққан тегін, ата-бабасын біліп өсуі керек. Әдетте жеті ата межеге алынады. Ал одан да арғыларын білсе, тіпті жақсы. Тегін білмегенді тексіз, көргенсіз деп сөгеді үлкендер. Бұл тұрғыда халқымыздың шежіресін, тарихын жастардың санасына ұялатудың елеулі маңызы бар. Ұрпақтарымыздың тарихқа деген ынта-ықыласын үздіксіз арттыра түсу қажет. «Өзіңнің ұлтыңды тану деген сөз өзіңді тануды білдіреді. Ұлтыңды тану дегенің-ұлттық сезім тудыру.» Ұлттық тәрбиені асқақтатар алғашқы белгі тіл болса,екінші белгі-дін. «Дінде ұлттық рухты құраушы, соған белгілі бір мазмұн беруші күш бар... Оның ұлттық дүниетанымдық психологияға, санаға, тәртіп пен тәрбиеге үлкен әсері тиеді». Діннің қуатты, күшті жері-адамның бойында сенім деген сезімді тәрбиелеу. Діннің арқасында мынау кең далада шашырап жатқан біздің көшпенді халқымыз белгілі бір тәртіпке келіп, жинақталған. Діннен безушілерге айтылған қарғыс, жастардың жартыкеш, дүбәрә күй кешуіне итермелеген отаршыларға басылған айып таңбасы. Абай айтқан, «артына сөз қалдырып, мәңгілік жасайды дегеннің өзінде терең сыр жатыр. Мұнда философиялық, психологиялық, моральдық, дүниетанымдық, ең қажеттісі-тәрбиелеушілік күш жатыр.»Діннің имандылығы да осында. Жастар тәрбиесінде діннің алатын ....
Қазақ халқының жыл санау үлгісіне терең бойлап, мүшел жас жайында мағлұматтарды көпшілік қажеттілігіне жарату, Ата - бабамыз мүшел жасты ерекше тәрбие көзі ретінде пайдаланғанын, астрономиялық және математикалық теория тұрғысында ұтымды екенін дәлелдеу. Міндеттері: Жыл санау мен мүшел жасты жіптей білу, жасқа сипаттама беру Өзектілігі: Заман өзгергенмен халықтың сенімі құпиялыққа құштарлық сезімі өршімесе өшпейді. Мүшел жас ұғымына үңіліп, құпиясын түсіне білу, қашанда өзекті мәселенің бірі болмақ. Болжам: Егер мүшел жас туралы неғұрлым көп білсек, адам өміріне тигізер әсері мен ықпалының сырларын ашар едік. Ұлы ғалым Пифагор: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену – сенбеу әркімнің өз еркінде дейтұрғанмен, әр санның адам өмірінде белгілі бір маңызы бар екенін жоққа шығара алмаспыз. .....
Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды. Мектеп түлектерінің дайындық деңгейі Мемлекеттік стандарт тағайындаған талаптардан төмен болмауы тиіс. Бұл деңгейлерге жету білім ұйымдарының алға қойған мақсаттарға жетуінің куәсі болып табылады. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар екі деңгейде беріледі: міндетті (минимум) және базалық. Жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының дайындығына қойылатын міндетті деңгей оқушылар дайындығының минимум денгейін анықтайды. Минимум деңгейге жету-оқушылардың міндеті болып табылады. Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу-әрбір ұстаздың басты міндеті. Қайсыбір мұғалімдер сабақтың жаңа түрлерін пайдаланса, кейбірі жаңашыл педагогтардың тәжірибесін қолданады. Қай әдісті пайдаланса да мақсат - бағдарламадағы материалдың мазмұнын шәкірт бойына сіңіру, пәнге ынтасын, қызығушылығын тәрбиелеу. Сыныптағы барлық балалардың ойлау қабілеті бірдей емес, сондықтан сабақ кезінде әрқайсысының деңгейіне қарай мұғалім жұмыстың түрін таңдап, сол тақырыпты игеруді көздейді.....
Кіріспе Бүгінгі күні халқымыздың рухани мәдениетінің тарихына, әсіресе оның гуманистік және ұлттық көріністеріне деген қызығушылық пен ынта бұрын болып көрмеген дәрежеде өсіп отыр. Өткеніміздің прогрессивті философиялық дәстүрін оқып үйрену қоғамдық сананың даму заңдылықтарын тануда қазіргі теориялық ойды тереңдетуде және өзіміздің ғылыми танымымызды кеңейтуде маңызы өте зор. Жан-жақты жетілген адам мәселесі бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда өзінің маңыздылығын жоймаған өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Біз соңғы уақытқа дейін “коммунистік манифесте” негізделген принциптер бойынша, коммунизмнің моральдық кодексі бойынша, адамның социалистік идеалына, яғни жеке тұлғаның мүддесі қоғамдық мүддеге тәуелді болу принципі тұрғысынан тәрбиеленіп, соны идеал тұтып, бар болмысымызды соған сәйкестендіре өмір сүрдік. Соңғы жылдары елімізде, Кеңес өкіметі кеңістігінде, жалпы дүниежүзіндегі түбегейлі өзгерістерге байланысты бұрынғы құндылықтар өзінің мән-мағынасын жойса, жаңа құндылықта әлі бой көтере алған жоқ. Тек саяси- әлеуметтік немесе экономикалық емес рухани өмір тұрғысынан да транзиттік өтпелі кезең жағдайында өмір сүріп жатқан біздің еліміз үшін болашақты, алдағы мақсат- мүддені айқындау соған жету үшін белгілі бір әлеуметтік идеал моделінің түрін жасау арқылы адамдарды тәрбиелеу,олардың мүмкіндігінше, бүгінгі күн талабына сәйкес келетін жан-жақты жетілген адамды, немесе ұлы Абай айтқандай “Толық адамды” тәрбиелеу қазіргі Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да адамшылық абырой-қасиетті қалпына келтірудегі күресте Адамды, тұлғаны өз ұжданының бастапқылығын, тазалығы мен тұнықтылығын сақтауға шақырған Шәкәрім Құдайбердіұлы сияқты ойшылдарымыздың пафосы мен философиялық концепциясы зор көмек берері сөзсіз.....
...Оқытушы барлығын да білуі керек қой, әкем-ау, барлығын да
А.П. Чехов
Аңдып жүрген адамдай, дәл осы бір жайсыз көріністің үстінен шығармын ба...
Қалыңдығы бір елі көгілдір төртбұрышты әйнекке "Учительская" деп шебер жазылған есікті қағып тұрмын.
Есіктің ар жағында әлдекімнің дөрекілеу зекірген даусы естіледі.
— Сендер кім деп жүрсіңдер мені, хайуандар! Танытайын мен сендердің әк... — дей берді де, менің тықырымды естіген болуы керек, бір секунд кідіріп, үзіліс жасаған соң, сол арынымен: — Да! — деп қалып еді, құлағым шың ете түсті.
Есіктің кіреберіс оң жағында, кітаптар тұрған шкафқа арқасын бере екі оқушы тұр. Екеуі де маған жалт қарасып, қайтадан мойындары босап, салбырап қалды.
Иә еденге, иә омырауларындағы түймелеріне қарап тұрғаны белгісіз. Ал менің іздеп келген адамым осылардың қарсы алдында тұр екен. Піріне мініп алған. Ашулы реңін сәл-пәл өзгерткен боп, жымиғансып:
— О!.. Мұқыш! Келуіңмен! — деп, қолын беріп сәлемдесті. Оқушылармен оның оңаша отырғанын көріп, шыға тұрайын деген ишарат білдірдім.
— Отыр! Отыр! Мен қазір... Мыналармен... Бір минут... — деп, табуретканы ұсынды да:
— Түсір, ей, қолыңды! Мүләйімсуін қара малғұнның! — деп барып, саусақтарын уқалап тұрған оқушының қолын қағып жіберді. Жасықтау бала екен, көзін сығымдап- сығымдап қалып еді, көз жасы ытқып-ытқып кетті.
— Сабақта тыныш отырамысың енді?
— Отырамын, — деді оқушы кепкасымен көзін сүртіп.
— Бар, есіңде болсын! Ал сен тұр осылай бедірейіп. Өй, жалмауыз! — деп, екі жағынан тозаңы шыққан қайсар баланың иығынан бір жұлқып, бұрышқа тақаңқырап қойды. Қанша уақыт өткенін аңғармай да қалыппын. Әйтеуір, Әбен (оның аты осылай еді) қайсар оқушыға шүйіле бастағанда-ақ мен үстелдің үстінде тұрған глобусты әншейін айналдыра беріппін. Әбенім әлгі оқушының мойнының ұзындығын, мұрнының кішілігін, Мереке деп қойылған атының оған лайықсыз екенін, ақыры соңында әкесінің ауқаттылығын, соған Мерекенің мастанып жүргенін айта келіп: .....
Іле Алатауы жотасы – Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстігіндегі биік таулар тізбегі. Батыстан шығысқа қарай 350 км-ге созылып жатыр, ені 35-40 км-ге жетеді. Жотаның көтеріңкі жері орта бөлігіндегі Қаскелең мен Түрген өзендері аралығы. Орташа биіктігі 400м. Ең биік жері - Талғар шыңы (4973м). Орталық бөлігінен Іле Алатауы аласарып шығыста – Сөгеті, Бұғыты, батыста Қастек, Кіндіктас, аласа тауларына ұласады. Таулы жота күшті дислокацияланған протерозойдың, төменгі палеозойдың шөгінді жыныстарының (құмтас, тақтатас, әктас) және гранит, гранодиориттерден, конгломераттардан түзілген. Ол таулардың көптеген жүйелерінен және тау аралық ойпаттардан, сонымен қатар өзінің пайда болуында таулы жер бедерінің дамуымен байланысты тау алды жазығы белдеуінен тұрады. Ең алғашқы зерттеушілер бұл кең аймақты Іле өлкесі деп атаған. Оның шекараларын әр автор әр түрлі келтіреді. П.П.Семенов Тянь-Шаньский жотаны шығысында Шарын өзені мен, ал батысында Шу өзені мен шектелген. Н.Г.Кассин (1930ж.) оның батыс шекарасын Қастек асуы ....
Сабақтың мақсаты : Жолда жүру ережелері туралы мағлұмат беру. Көше қиылысы, бағдаршам,жол белгілері , қоғамдық көліктегі тәртіп ережелері туралы білімдерін бекіту,баланы зейінді,епті болуға тәрбиелеу. Билигвалдық компоненті : Бағдаршам-светафор.жол белгісі – дорожный знак......
Стратегиялык проблемалар жөніндегі мамандар қашыктан оқыту формасын 21 ғасырдың білім беру жүйесі деп атап жүр. Бұл күні оған үлкен мән беріліп отыр. Бұрьш технологияларға бағытталған қогамдық прогрестің нәтижелерінің бүгінде ақапараттық аймақта орталықтандырылып жатқаны кашыктан оқытудың маңыздылыгын арыттырды. Информатика дәуірі басталды. Оның қазіргі мезгілдегі даму кезеңін телекоммуникациялык деп сипаттауға болады. Бүл ақпарат пен білімнің қатынас аймағы. Кәсіби білім тез ескіретіндіктен оны тұрақтытүрде жетілдіріп отыру керек. Қашықтан окыту формасы бүгінде, уақыт және кеңістік белдеулерінен тәуелсіз, көпшіліктің өз бетінше үздіксіз жалпы білім алу жүйесін, озара ақпарат алмасуын қалыптастырады және жүзеге асырады. Одан баска, кашыктан оқыту жүйесі әлеуметтік жагдайына (окушыға, студентке, азматтар мен әскерилерге, жүмыссыздарға ...) карамастан және еліміз бен шет елдің кез-келген ауданында түрса да адамның білім және ақпарат алу қүқығын камтамасыз етеді. Ел азаматының білім алу құқығын қамтамасыз етуде және қоғам қажеттілігін өтеуде, тек осы жүйе мейлінше тиімді әрі икемді. Жоғарыда айтылған факторларга сүйеніп айтқанда, мамандарды дайындау мен олдардың жоғары квалификациялық деңгейін үстап тұруда кашыктан окыту 21 ғасырдағы ең әсерлі жүйе болып табылады. Зерттелетін проблеманың мәнісі мынада: Қашықтан оқытудың нормативтік-кұкыктык негіздері кабылданбаған және жасалмаган; Осы себептен кашыктан оқытуға дәл анқытама беріп, оның теориялык жақтарын әртүрлі деңгейлерден қарастыру керек. Соңғы кездері педагогикалык әдебиеттерде кашыктан оқтудың педагогикалык проблемаларына көп назар аударылып жүр. Қолданыстағы алгашкы көздердің сипаттауларында гылыми көзкарас (терминологияны пайдалану, оны ашып көрсету, баст жәйттерді шығару және негіздеу, айтып жеткізудің ойға қонымдылығы) байқалады, бірак, әр жылдардагы авторлардың еңбектерінде кейбір сұрактар бойынша айырмашылыктар ....
Кейінгі жылдарда Қазақстан Республикасы аумағы мен шетелдердегі апаттар мен табиғи зілзалалардың салдарынан болған айтарлықтай адам шығыны,осы құбылыстар кезінде көрсетілетін жедел дәрігерлік көмек көрсету жүйесінің көп жылдан бері қалыптасып қалған салғырт ұйымына, дұрыс көзқараспен қарауды талап етеді. Төтенше жағдай кезінде жедел дәрігерлік көмек көрсету ұйымы жан – жақты болады: апаттан құтқару жұмыстары, апат аймағына жету қызметтері, апат салдарынан туындайтын жұқпалы індеттердің алдын-алу жұмыстары, адамдарды қауіпсіз аймаққа апарып, оның ары қарайғы еміне жағдай жасау, және де елдің өздерін өмірімен қамтамасыз етулерін қалыптастыру болып табылады.Аталған қызметтер төтенше жағдайлардың алдын-алу мен жоюы үшін біртұтас мемлекеттік жүйенің басты мақсаты саналады. 1994 жылдың 27 қыркүйегіндегі ҚР Үкіметінің қаулысы. Қазақстан Республикасында төтенше жағдайлар болған кездегі жедел дәрігерлік қызмет көрсету ұйымын құру жайлы қаулы, мемлекеттік №1068. Табиғат және техникалық құбылыстар сипаттында туындайтын төтенше жағдай кезінде, дәрігерлік қызмет көрсету жайында Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті қаулы бекітті. 1. ҚР Төтенше жағдайлар кезінде қызмет көрсететін жедел дәрігерлік көмек көрсететін ұйымды құру. ....
Бұрынғы өткен заманда үш жігіт жолаушы жүріп, қоналқа ауылға жақындағанда, бір малшыға жолығып: — Мына көрінген ауыл кімнің ауылы? – деп жөн сұрапты. Малшы: — Мамай батырдың ауылы, – депті. Одан жүріп кетіп тағы бір малшыға жолығып: — Мына ақ ауыл кімнің ауылы? – депті. Малшы: — Мамай батырдың ауылы, – депті. Сонымен бұлар тоғыз ауылдың малшысынан сұрағанда, тоғызы да Мамай батырдың ауылы болыпты. Күн бата оныншы ауылға келіп, бірақ үйдің артына түсіп, бір жігіттен жөн сұрап: — Бұл кімнің ауылы, қонуға бола ма? – депті.......
Көмекші мектептегі жоғарғы сынып оқушылардың шығармашылық жаңа мүмкіндіктерді ашу, өз бетінше жұмыс жүргізу, өте жоғары психикалық белсенділік қажет етеді. Шығармашылыққа деген сұраныс кез келген бағытта дамиды. Шығармашылықтың деңгейі әр түрлі болады. Бірақ барлығы да жаңа нәрсенің тууына ашуылуына тікелей байланысты. Шығармашылық арқылы ғылым мен өнер тіпті адам өмірінің негізі қалыптасақан. Дамыту шығармашылық бұл кездейсоқтық емес. Ол шынайы толыққанды адами.......
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан жаңару үрдісі өткен тарихымыздың сан қырын объективті тұрғыдан дұрыс бағалауға және ондағы рухани құндылықтарды қазіргі ағарту, оку-тәрбие ісінде кеңінен пайдалануға қолайлы жағдайлар туғызып отыр. Әсіресе ұлттық педагогикамыздың қайта жаңғыруына байланысты халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық дәстүрінің бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қажет екені анық. Алайда, қоғамымызда орын алған әлеуметтік-экономикалық кедергілерге байланысты бұл мәселенің көптеген жақтары әлі де өз шешімін таппай отыр. Мәселені шешуде педагогика ғылымы халқымыздың мәдени мұрасын, педагогикалық ой-пікірлер саласында қорланған барлық құнды, қажетті жәдігерліктерді және халық ағарту мен қоғамның даму кезеңдеріндегі тәжірибелерді жүйелі түрде зерттеп, пайдалануы қажет. Осы тұрғыдан қарағанда, халықтық идеялардан нәр алған қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтары адамгершілік асыл қасиеттерді дамытып жетілдіруге, қоршаған ортаны танып білуге, ата дәстүрін ардақтап, қадір тұтуға және, ең бастысы, қоғамдық тәрбие беруге бағытталған....
Кіріспе Жонғар экономнкасының негізі орасан зор жайылымдық жер аумағында бытырап жатқан көшпелі мал шаруашылығы болатын. Халық саны бір миллионға жуық, сондай-ақ 0,5 миллион басқа халықтардың өкілдерінен құралды. Әкімшілік және шаруашылық бөлінісі ұлыс болды. Ол отоктардан, жастар мен ангалдардан тұрды. Оток , сонымен қатар әскери құрылым (хошун) болып та саналды. Жоңғарлардың әскери ұйымы ұйымы қазақ жасақтарының әскери ұйымының құрылымна ұқсас болды. XVIII ғасырдың басына қарай Жоңғарлардың негізгі қауымдары Торғауыттар мен дербенеттермен Тарбағатай, Монғол Алтайы Ертістің жоғары ағысы жаңындағы қолайлы жайылымдары алып жатты. Бұл жерде Коряков форпосына дейін қоныстанды Қара ертіспен оның салалары бойында, сондай – ақ Қобда өзенінің алқабында хойоттар тұрды. Чоростар Іле өзенің жоғарғы және орта ағысы мен оның салаларымен алқабын мекендеді.....