Экономика | Қоғамдық өндіріс және кәсіпорынның өндірістік құрылымы

 Экономика | Қоғамдық өндіріс және кәсіпорынның  өндірістік құрылымы

Мазмұны

Кіріспе
Өндіріс, оның мәні және факторлары
Қоғамдық өндірістің натуралды және тауарлы түрлері
Қоғамдық өндірістің құрылымы
Өндірістік құрылым және оның түрлері
Өндірістік құрылымның негізгі көрсеткіштері және оларды жетілдірудің жолдары
Өндірістік процестерді ұйымдастырудың негізгі принциптері
Өндірістік қуатты қарқынды пайдаланудың факторлары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. Өндіріс оның мәні және факторлары

Әрбір адам жеке жұмыс істейді, бірақ барлық еңбек процесі ұжымда, қоғамда жүзеге асады. Өндіріс әрқашан қоғамдық сипат алып, оның екі жаны болады: өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар.
Өндіргіш күштер бұл өндіріс құрал жабдықтары ең алдымен еңбек құралдары, сонымен қатар, материалдық игіліктер өндіретін адамдар. Адамдар қоғамының басты өндіргіш күші, олар ғана өндіріс құрал-жабдығын іске қосады. Өндіргіш күштерде ерекше орынды жер алады. Кейбір салаларда ол еңбек заңы (қазба өндірісінде) ретінде қолданылады.
Келтірілген өндіріс факторының классификациясы мәні қалып қалған болып табылады.
Мысалы, маржинализм теориясының топтауынша төрт өндіріс факторы бар: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілік.
Жер табиғи фактор ретінде қарастырылады. Бұған табиғат байлықтары, пайдалы қазбалар қоры, орман мен жыртуға жарамды жерлер және т.б. жатады. Капитал бұл машина, құрал-жабдықтар, қойма, көлік және байланыс құралдары.
Еңбек адамының интелектуалды және дене қызметін көрсеткен.
Кәсіпкерлік қабілеттілік арнайы өндіріс факторы өндірісті ұйымдастыру бастамашылдықты, төзімділікті, тәуекелдікті көрсетеді.
Батыстың қазіргі экономикалық теория мектептері, жоғарыда аталған өндіріс факторларынан басқа ақпараттық, экономикалық және экологиялық факторлардыда қарастырады. Байқалатыны, экологиялық фактор экономикалық өсудің импулсы ретінде жүзеге асады. Алайда оның мүмкіндікті қоршаған ортаның ластануына, газдануына, бүлінуіне байланысты шектеледі.
Өндіріс процесінде адамдар бір-бірімен қатынасқа болады. Бірақ, бұл қатынастар әртүрлі болады. Бір жағынан бұл қатынастар ұйымдастырушы, адамдарды орналастыру техникалық өндірістік қатынастармен байланысты. Екінші жағынан бұл қоғамдық өндірістік яғни экономикалық қатынастар. Олар меншік сипатымен, меншік қатынасымен анықталады.

Ресурстардың шектеулілігі және оларды талдау мәселелері

Теоретикалық экономикада «экономикалық ресурстар деген ұғым бар. Бұл немене екен? Экономикалық ресурстар бұл да өндіріс факторы, табиғаттан пайда болады және оны адам өндіреді. Оған көмір газ мұнай, бензин, керосин, темір рудасы, болат, машина, станоктар, үйлер және т.б. жатады. Адам ресурстары олардың еңбек әлеуеті, кәсіпкерлік қабілеттілігі болмақ.
Планетамыздағы барлық экономикалық ресурстар шектеулі мөлшерде болады. Мысалы, жер өте көп, бірақ жыртуға жарамды жерлер шектеулі мөылшерде ғана бар. Жердің көптеген көлемін тау сілемі, орман, тундра, құм массивтері - бос далада және т.б. алуда. Бұрындары қуатты пайдалы қазбада болған жерлер – оларды алудың нәтижесінде тозады. Мысалы, атақты «Магнит» тауының орнында. Магнитогорск қаласы ауданында – бұрын магнит темір рудасының үлкен қоры болған, қазіргі кезде бұл жерде үлкен шұңқырлар қалып отыр. Сондай-ақ, өндірістік үйлер, алып құрылыстар, машина, жабдықтар саныда шектеулі болады – мұның барлығы экономиканың даму жолына белгілі шектеу қояды. Осыдан барып, экономикалық ғылымның алдында бар ресурстарды мейлінше тиімді қолдану мәселесі туындайды. Себебі, тұрғындардың тез өсіп келе жатқан сұранымдарын қанағаттандыру қажет.
1 кесте
Өндірістің балама мүмкіндіктері:
Мүмкіндіктер Автомобильді өндіру (мың дана) Танкті өндіру (мың дана)
А 15 0
В 14 1
С 12 2
D 9 3
E 6 4
E 0 5

Ресурстардың жеткіліксіздігі оларды үнемдеу таңдау мәселелерінің қажеттілігі тудырады. Қолда бар экономикалық ресурстардың шектеулігі кезінде өндіріс қоғамдағы барлық сұранымды қамтамасыз ете алмайды: аштық, ауру, кедейлікті жоя алмайды, оларды сырттан келетін апаттан қорғай алмайды. Қоғамдық өндіріс мүмкіндігінің шектеулігі жағдайында нені өндіруге болады? Теориялық экономикада мынадай мысалды жиі келтіреді, айталық, май өндіру мен зеңбірек өндіру (басқада әртүрлі жұптық варианттың тізбелері болуы мүмкін: нан мен еттің арасындағы, ет пен балық, автомобиль өндірісі мен тұрғын-үй құрылысы және т.б.) арасында қайсысын таңдауымыз қажет. Өндірістің шектеулі мүмкіндіктерін автомобиль және танкі өндірісімен 1 кестеде бейнелеп көрсетеміз.
Автомобиль саны, мың дана
Өндіріс мүмкіндіктерінің қисығында көрсетілгендей, автомобиль өндірудің максимальды көмегіне танкі өндірісі көлемін кеміту есебінен қол жеткізілуі мүмкін.
Осының арқасында өндірістегі туындаған балама «өндірістің балама мүмкіндіктері» деп аталады.
Басқаша айтқанда әңгіме мынада: барлық ресурс түрлерінің шектеулі болуы, кез келген қолда бар тауарды өндіру жайлы шешім, сол ресурстарды қандай да бір басқа ұйымдарды шығару үшін қолданудан бас тартуды қарастырады. Сондықтан да барлық шығындар балама шығындар бойынша көрсетіледі. Мысалы, танкі өндірісінде жұмсалған металл, оны автомобиль өндірісінде немесе қайдағы бір басқа мақсатқа қолдану мүмкін емес.


2. Қоғамдық өндірістің натуралды және тауарлы түрлері

Ғылыми әдебиеттерде және оқулықтарда адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндірістің екі түрі бар:
а) натуралды шаруашылық;
б) тауарлы шаруашылық.
Натуралды шаруашылық қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ең ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал-сайманының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіндік береді.
Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық, құлиеленушілік және феодалдық өндіріс әдісінде басым болады. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезеңінде еңбек өнімінің бір бөлігі тауарға айналады. Бұл мал шаруашылығының егін шаруашылығынан бөлінуінен туындап, еңбек өнімділігінің өсуіне және өндірушілердегі артық өнімнің құрылуына алып келеді. Өз кезегінде бұл олардың арасында айырбасты тудыруға жағдай жасап, тауар өндірісінің дамуына түрткі болады. Кейініректе қол өнерінің егіншіліктен бөлінуі және сауданың оқшаулануы тұрақты айырбасқа, жеке меншіктің пайда болуына жағдай жасады.
Тауар өндірісі капиталистік өндіріс әдісінде өзінің дамуының жоғарғы түріне код жеткізеді және жалпылама сипатқа ие болады.
Өндірісті ұйымдастырудың натуралды түрі қазіргі жағдайда да орын алуда. Мысалы, бақшагердің натуралды шаруашылығы - өнімді тек өзі үшін өндіру, егер өнімнің бір бөлігін сату үшім бағыттаса, онда ол ұсақ тауар өндірісіне айналады.
Қазіргі қоғамда өндіріс – бұл дамыған тауар өндірісіндегі тереңдеген еңбек бөлінісінің болуы және оның мамандануы. Еңбек бөлінісі өндірістің өсуімен барынша көп түрленеді және бөлшектене бастайды. Бұл процесс барлық қоғамдық өндіріс саласында, әсіресе өнеркәсіпте - өте көрнектілікпен байқалады. Мысал ретінде салалық және ішкі салалық мамандандыруды айтуға болады. Машина жасауды алатын болсақ, мұндағы мамандану өте кең ауқымы: энергетикалық машина жасау, көліктік машина жасау, тракторлы машина жасау, ауыл шаруашылығына машина жасау, автомобиль жасау және т.б. Жеңіл өнеркәсіпте: текстиль, тоқыма, тәгін өнеркәсібі және т.б. Тамақ өнеркәсібінде нан жабу, қант, кондитерлік тағамдар, шай, шарап, ет және сүт өнеркәсібі және т.б. Еңбек бөлісі мен оның мамандануының дәрежссі тереңдесе, онда нарықта жұмыс жасайтын кәсіпорынның тауарлық дәрежесі жоғарылайды және нарық мөлшері артады.
Тарихи тағлымның көрсеткендей, тауар өндірісінің пайда болуы төмендегідей үш жағдайда жүзеге асады:
- бірінші ең ірі қоғамдық еңбек бөлінісінің болуы;
- алғашқы тұрмыстық қауымдастық қойнауында жеке меншіктің пайда болуы;
- тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы (отбасының қауымдастықтан экономнкалық оқшаулануы).
Тауар өндірісінің екі түрі бар: жай (дамымаған) және капиталистік. Олар бір типті, себебі олардың негізінде өндіріс кұрал-жабдығына деген жеке меншік жатады және ол екеуіде өнімді сату үшін өндіреді. Соған қарамастан олардың өз арасында принципті айырмашылық бар. Жай тауар өндірісінде өнім тауар өндірушінің өзіндік еңбегімен жасалады. Мұнда жұмыс күшін жалдау жоқ. Капиталистік тауар өндірісінде өнімді өндіріс құрал-жабдығы жоқ жалдамалы жұмысшы жасайды
Сөйтіп, казіргі нарықтық қатынастар тек қана кәсіпорын, шаруашылықтың жоғарғы тауарлылық деңгейін және тауар өндірушілердің экономикалық окшаулануының негізінде қалыптасады, яғни еркін кәсіпкерлік пен жеке меншік арқылы деген сөз, Қазақстанда тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы рынокқа көшу кезінде еркін кәсіпкерлер тобының қалыптасуын қарастырады. Қазақстан Республикасында жалпы еңбекке қабілетті тұрғындар санының 10-15% мөлшерінде отандық кәсіпкерлердің әлеуметтік тобын қалыптастыру қарастырылған, бұл шамамен 100-120 мындай кәсіпкерлерді құрамақ.

3 Қоғамдық өндірістің құрылымы

Адам қоғамының дамуы негізін материалдық өндіріс жатады. Өмір сүру, оқу және жұмыс істеу үшін, адамдарда тамақ өнімдері, киім, тұрғын-үйі және т.б. болуы қажет. Материалдық және рухани игіліктер өндірісін тоқтатқан болса, адам қоғамы жойылып кеткен болар еді.
Материалдық өндірістер саласы - халық шаруашылығы салаларының төмендегідей миатериалдық игіліктер өндірісі (өнеркәсіп, ауыл, шаруашылығы құрылыс) және материалдық қызмет көрсету саласы бойынша (өнім қозғалысын тұтынушыға дейін қамтамасыз ететін көлік пен сауда, коммуналды шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету – киімді өңдеу мен тігу, жуу, тазалау және т.б.) екіге бөлінеді.
Сурет 3-2. Қазіргі қоғамдық өндірістің құрылымы

Қазіргі коғамдық өндіріс құрылымына материалдық өндіріс салаларынан басқа, материалдық емес өндіріс салаларыда енеді. Оларда ерекше материалдық емес игіліктср (рухани құндылықтар) жасалады. сондай-ақ материалдык емес қызмет көрсету — денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет, спорт, және басқаларыда бар және бұлар бұрын өндірістік емес салаға жатқызылған.
Ғылыми зерттеудің көрсеткеніндей, білім, денсаулық сақтау, өнер, мәдениет (өндірістік емес саласы) материалдық өндіріс тиімділігіне үлкен әсер етеді. Алайда тікелей емес, қоғамның басты өндіргіш күші - адам арқылы жанама түрде әсер етеді.
Бүгінгі кезде қазіргі қоғамдық өндірістің алдында төмендегідей маңызды мәселелер тұр: а) оның тиімділігін арттыру, ә) өндіріс экологиясын сауықтыру және б) гуманизациялау мәселесі, яғни өндірісте адамға бір қалыпты жағдай жасау. Адамзат қоғамы осы мәселерді шешу жолында ғылыми зерттеу жұмыстарын және эксперименттерін жүргізуде. Бұл мәселелер XXІ ғасырдын негізгі проблемалары болып табылады......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі