Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕСІ

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕСІ казакша Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕСІ на казахском языке

Мазмұны
КІРІСПЕ
I. МЕНШІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ. МЕНШІК ҚАТЫНАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Меншіктің мәні және элементтері.
1.2 Меншік қатынастарының даму заңдылықтары.
1.3 Меншіктің ұйымдық-құқықтық түрлері мен формаларына сипаттама.
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕСІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН НӘТИЖЕЛЕРІ.
2.1 Экономикадағы жекешелендіру процесінің шетелдік тәжірибелері.
2.2 Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесіне сараптау және оның нәтижелері.
2.3 Қазақстан Республикасындағы жер реформасы және жерге жеке меншікті қалыптастыру.
ҚОРЫТЫНДЫ.

КІРІСПЕ
ХХІ ғасыр табалдырығында Жаңа Тәуелсіз мемлекеттердің қоғамдық дамуындағы аса маңызды мәселелердің бірі – меншік қатынастарын жан- жақты қарастырып, шаруашылықтардың даму жолдарын объективті зерттеу. Бүгінгі таңда негізгі мәселе.
Бұл меншік мәселесі өте күрделі және көп мәселелердің бірі - өтпелі дәуірдегі меншік құрлымы мен шаруашылық жүйесінің тәуелді қатынастарын және жаппай жекешелндіру және оның әлеуметтік - экономикалық нәтижелерін реттеу - басқару шараларына тікелей қатысы бар ғалымдар Ашимбаев Т.А, Нысанбаев Б.Н, Нәрібаев К.Н, Арынов Е, Әубәкіров Ж.А, Жатқанбаев Е.Б, Қалиев Г.А, т.б жұмыстарын атауға болады.
I МЕНШІК ҚАТЫНАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Меншіктің мәні және элементтері
Меншік ұғымының мәнін анықтауда негізгі қағида "қандай да болмасын өндіріс жеке адамдардың қоғамдық форма (түр) шеңберінде және де сол аркылы табиғат заттарын иемденуі. Осы тұрғыдан, меншік ( иемдену) - өндіріс шарты кағидасы тавтологиялык (күрғак қайталау) пайымдау болып көрінеді.
Меншіктің бұл анықтау облысы, оны кез - келген политэкономиялық ұғымдарға тән заңдылық - мән , мазмұн, форма тәуелділігі шеңберінде талдауды қажет етеді.
Мән дегеніміз - құбылыстың ішкі кұрамдас элементтерінің өзара бірлігін, ал мазмұн — ішкі, сыртқы факторлар әрекеттерінің ерекше формадағы көрінісі, байланыс заңдылықтары.
Олай болса, форма тұрғысынан алып қарасақ мән, мазмұн қасиеттерінің көріну сипаты, сандық- сапалық көрсеткіштері экономикалық үғымының (ғылыми категория) ерекше болмасы ғана, сыртқы көріну ерекшелігі. Форма - іс-қызмет түріне тікелей тәуелді.
Бұл заңдылықтар негізінде "меншік" ұғымы мәні экономикалық құбылыстардың (өндірістік қатынастар жүйесіндегі) дамуының мән -мазмұндық жаңару заңдылықтары, түр өзгерістерінің жаңа үлгісіне, түріне әсер етуі тиіс. Яғни меншік - өзіндік мәні, мағынасы бар ұғым ретінде көріну формасы мен мазмұнының жүйелі даму ерешеліктерін көрсетеді. Бүл - трансформация күбылысының негізі.
Экономикалық әдебиеттерде "меншік „, иемдену ,„" қағидасын түсіндіру елеулі киыншылықтарды бастан кешіріп келді." Өндіріс -табиғат заттарын иемдену, игеру мазмүнын қүрайды, ал меншік — оның әлеуметтік формасы" қағидасын сындарлы түсіндіру сирек кездеседі. Осы тұрғыдан бұл қайшылықты шешуде В.Н. Афанасьев пікірі орынды деп айтуға болады."Табиғат заттарын адам өмір - сүруінің негізіне айналдыру ретінде иемденудің қоғамдық формасы бар, және ол өндіріс процесінің мәнін көрсетеді,„(Еңбек процесі),,, ал иемденудің белгілі формасының өзі басқа қырынан қаралған өндіріс процесі "немесе дәлірек айтсақ "иемдену адамның өмір сүруін қамтамасыз ету процесі ретінде өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың қайшылықты бірлігі ". Өндіргіш күштер тарапынан иемдену - еңбек процесі ретінде оның мазмүнын құрайды, ал өндірістік қатынас тұрғысынан - "меншік"атауымен қоғамдық мәнді формада көрінеді. Сонымен, меншік анықтамасын талдау, оның өмір -сүру жағдай — шарттарын (условия жизнедеятельности) иемдену үшін болатын қатынас екенін көрсетеді. Бүл қатынас әзірше санада ғана бар, талдаудың бастама пункті (қайнар көзі) - абстрактілі ойлау жүйесіндегі үздіксіз қайталанатын қатынастардың мәнін анықтайды. Иемдену процесінің еңбек, меншік қырларының бірлігі мен айырмашылығы таным заңдылығын ерекше сипаты ғана. Бұл, кейінірек, меншік пен еңбек ұқсастығы (айырмашылығы) заңы ретінде тұжырымдалады.
Еңбек пен меншік ұғымдары мәндерінің өзара кірігу (взаймопроникновение) процесі иемденудің аса бай мазмұнын кұрайды, бірақ шеуі де өзара сәйкес келмейді. Үздіксіз дамып бірегей құбылыстың иемденудің қарама - қарсы екі үғымдардың мән - мазмүнын, формасын біріктіру - меншіктік сипатын, даму заңдылықтарын да анықтайды. Бүл мағынада меншікті - иемдену арқылы анықтау тавтология (күрғак мылжың) емес, керсінше, меншіктін өндіріс алғы шарты, дамыған нәтиже ретінде өндірісте жүзеге асатын нақтылы иемдену процесі екенін көрсетелһді. Екіншіден, өндіріс нәтижелерін иемдену (бөлу,айыр-бас,тұтыну) меншік қатынастарын нақтылайды, сандағы қатынастарды объективті, материалдық сипатқа ие етеді.Сонымен, иемдену - өндіріс факторларын, өндіріс нәтижелерін өмір - сүру үшін игеру - меншіктің мән-мазмұнын анықтайды. Ғылыми ұғым элементтері іс-тәжірибеде нақтылы жүзеге асып жатқан іс-кызмет формаларымен мазмүны байиды. Меншік - ғылыми ұғым, меншік - іс-қызметтің ерекше формасы ретінде өндіріс процесінде ғана айқын көрінеді. "Меншік - ғылыми ұғым" жүйесін талдаудан ғылыми зерделеудің келесі кезеңі - жалпы экономикалық, жүйедегі оның (ұғымының) іс-әрекеті ету қызметін, механизмін(тіптен түрөзгерістерІн) саралау арқылы еңбек, өндіріс процесінің даму сатыларына сәйкес бейнелеуді талап етеді. Бүл жіктеу ("Диалектика собственности" Я. Аубакиров, Б. Байжума-
нов) меншік қатынастарының диалектикалық дамуын дәлме - дәл айқындау үшін қызмет етеді.
Бұл айтылған тұжырымдардың екі үлкен қорытынды жасауға болады. Біріншісі,"меншік" ұғымы өндірістік қатынастар жүйесінде дамымаған нәтиже ретінде бастама қызметін(қайнар көзі) атқара отырып, өндіріс нәтижесінде дамыған бастамаға(нәтижеге) айналады, яғни үздіксіз жетілдіріп отыратын себеп - салдарлы дамуды көрсетеді. Мәселе, енді, оның түрөзгерістерін, даму сатылары мен кезеңдерін дәлме - дәл айқындау мүмкіндігін табу. Бүл үшін ұғымның ішкі элементтерін, мүдделері, қажеттіліктер, өндіріс фокторлары сияқты нысандардың өзара тәуелді байланыстарын зерттеу қажеттігі туындайды.
Екінші қорытынды, меншік ұғьшының ғылыми жүйесі оның ңақты өмірде кездесетін сан-алуан бай формаларының ерекшеліктерінен тазартылған, аршылған абстрактілі - логикалық жалпылама, баршаға ортақ түсінікке алып келуі тиіс (Воспройзводить). Мәселен,"Байлық" ұғымы адам еңбегімен өндірілген өнімдердің бәріне тән қасиеттердің ортақ сапасының сандық өлшемі, осы түрғыдан А. Смит оны "меншік"ұғымының синонимі ретінде қабылдайды.
Немесе "ақша" ұғымы тауарлар дүниесінің негізгі қасиетінің бірі -айырбас құнының , құнның жалпыға ортақ өлшемінің қоғамдық мәнін абстрактылы - логикалық бейнелейді. Ақшаның анықтамасының өзі 3 қасиеттік бірлігі - тауар, ерекше тауар, жалпы эквивалент - көрсетеді, яғни ұғымның өзі құрылым элементтерінің жүйесінің айқындаушысы қызметін атқарады.
Ал, "меншік" ұғымына келгенде бүгінгі политэкономия ғылыми "иемденуден" басқа ешнәрсе айта алмайды. Және де оның заңгерлік анықтамаларын ғана талдамайды. Бұл политэкономиялық мәнді заң-құқықтық мазмұнмен қарадүрсін түсіндіруге алып келеді. Экономикалық құбылыстардың бастапқы нүктесі, дамыған жиынтығы, барлық қайшылыктарын өз бойында ерекше жүйемен байланыстырып сипаттайтын меншік ұғымының құрылым элементтерін аныктау аса маңызды мәселе. Бұл элементтер басқа туынды қатынастар бойында түрөзгерістерге үшыпғанымен, өзіндік болмысын басқа деңгейлерге ұдайы қайталап отыру қажет. Сонда ғана, өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштер даму диалектикасы тарихи - логикалық негізделеді. "Меншік дегеніміз - адам өмірін ұдайы өндіру" қағидасы меншіктің мәнін, қызметін көрсетеді, өндірістік қатынастардың алтын кілті қызметін атқарады. Адам өмірінің танымдык негіздерін жағары ортақ үғым-атау жүйесін - адамдар-дың бәріне ортақ кұбылыс мәніне сәйкес - қажеттіліктер мен мүдделердің үздіксіз дамуын ғана көрсетеді. Адамның болмысы - қажеттіліктерінің инстинктен сапалы қалыптасуы завдылығын, санадағы іс-әрекет, мақсат-мұраттарының (мотиві) мүддеге өмір сүру қажеттілігі мүдделер арқылы қоршаған ортаға қатынасқа айналады, яғни "меншік" ұғымын құрайды. Жануардан жабайы адамның, одан һоmо sapiens-тің шығуы - тарихи меншіктің бастама нүктесі.
Сол себепті,"меншік"ұғымының ішкі элементтері ретінде әлеуметтік тұлғалардың қажеттіліктері мен мүдделерінің өндіріс факторларына қатынасын көреміз, яғни осы 3 элемент арқылы меншік конституциясын айқындаймыз.
Өндіріс факторлары деп - біз негізінен жер, өндіріс құрал - жабдықтар жүйесін және адамның еңбекке кабілетін айтып отырамыз. Экономика курстарында оған 4-ші элемент - кәсіпкерлікті не 5-ші интеллектуалды байлықты да қосады. Ал кейбір ғалымдар үшін өндіріс факторларының саны - олардың ой-қиялымен ғана шектеледі.
Меншік дегеніміз - иемдену қатынасы-қажеттіліктер мен мүдделердің өмір сүру жағдай - шарттарына қатынасының адам өмірін ұдайы үздіксіз өндіру үшін болатынын көреміз.
Бұл анықтама, енді, меншікті нақтылы жанды тұлғасы бар, объекті -нысаны айқындалған, өзіндік ішкі элементтердің белгілі қасиеттерінің жиынтығы ретінде көрсетеді.
Меншік құрлымының бай мазмұны осымен ғана шектелмейді. Адам жеке өмір сүрмейді, жабайы тобырдан бастап қауымдастықтың ерекше түрлерінің шеңберінде ғана өзіндік болмасын қалыптастырады. Қауым,отбасы т.б. әлеуметтік құрлымдар меншік құрлымына әдеп-ғұрып,салт-дәстүр, мәдениет элменттерін кіргізеді. Қауым даму заңдылығы - құқықтық қатынастардың дамуына алып келеді. Меншіктің сыртқы көріну түрі - құқықтық қатынастар, енді, өз кезегінде шешуші құбылысқа айналады.
Қажеттіліктер мен мүдделер - әлеуметтік қауымдастық түрлеріне сәйкес меншіктің (полритэкономиялык тұрғыдан) жанды тұлғаларын қалыптастырады: жеке адам, отбасы, қауым, ру, тайпа,үлыс, ұлт, халық.Бұл тұлғалардың даму тарихы - меншіктің ішкі құпиясы ретінде тарих, этнографиясы т.б. ғылымдары шұғылданатын зерттеу нысаны.
Экономикалык теория үшін маңызды - кажеттіліктер мен мүдделердің себеп-салдарлы, өзара тәуелді байланысын жалпы сипаттау.
Екіншіден, меншік тұлғаларының өзара кіріккен қажеттіліктері мен мүдделері жүйесінің даму заңдылықтарын белгілеу ғана.
Қауымнан жеке отбасыларының дербес шаруашылық жүргізуге бөлінуі, яғни өндіргіш кұштер дамуының белгілі кезеңдерінде сәйкес жеке меншік институтының калыптасуы әлеуметтік қауымдастық даму заңдылықтармен қатар жүреді.
Жалпы философиялық негізде талдау - адам қажеттіліктерінің табиғи(материалдық) негіздерімен бірге оның әлеуметтік, рухани қажеттіліктерінің де үздіксіз дамуын көрсетеді. Осы тұрғыдан, қажеттілік дегеніміз — адам болмысындағы табиғат пен әлеуметтік факторлардың сезімдегі тіршілік етуге бағытталған түсінікті ғана бейнелейді. Бұл түсінікті түйсіктен(инстинкт) ерекшеленуі-ойлау жүйесінің ерекшклігіне байланысты көп сатылы деңгейде қалыптасады, сезімдік үлгі, мүдделер сипатында бекиді,қажеттіліктер мен мүдделер үғымдарын жіктеу де ойлаудың абстракциялы жүйесінде ғана айкын көрінеді.
Қажеттіліктердің жіктелуі - жеке санада ғана жүзеге асады. Ал,мүдделердің жіктелуі өндіріс жағдайлары мен қоршаған ортаның әсерімен әлеуметтік кауымдастықтардың әртүрлі деңгейлерінде ұлттық санада берік орнаған,құқықтық формалар арқылы айқындалады. Мәселен, өзіндік меншік, жеке меншік, қауымдық не ру-тайпалық меншік,ұлттық немесе қоғамдық меншік үғымдары - мүдделердің жіктелу туындысы ретінде тарихи - құқықтық формада бекиді.
Меншік нысандарының даму ерекшеліктеріне қатысты меншік кұбылысы күрделенеді, әлеуметтік тегеуріді күшке айналады.
Иемдену құбылысын материалдық және адамдық факторлар-дың диалектикалық тәуелді байланысында зерттеп-талдау ғылыми нәтижелердің сындарлы сипатына әсерін тигізеді.Барлық қоғамдарға тән - абсолютті ақиқат болуы тиіс емес,олардың ерекшелігі, өзіндік мазмұны қалыптасады. Екіншіден, ғылыми мен техниканың дамуына сәйкес меншік объектілерінің өндіріске тартылу сипаты, мән-мазмүны жаңа әлеуметтік формаларды талап етеді. Мәселен, адамның еңбекке қабілеті еңбек құралдары дамуымен тығыз байланысты және тәуелді қатынаста дамып отырады. Осы тұрғыдан, жұмыс күшін немесе еңбек қабілетін иемдену дегеніміз - жер және еңбек нәтижесі -өндіріс құрал-жабдықтарын иемденудің ерекше қырын ғана көрсетеді.
Объекті - нысандыры иемдену ерекшеліктеріне байланысты талдауды жалғастырсақ.
Аса маңызды нысан - жерді иемдену құбылысы, негізінен,2 сипатта көрінеді. Жер-ана ұғымы оның адамзат ұрпақтарының бәріне ортақтығын көрсетеді. Тек дамыған қоғамда ғана жерді мемлекеттік шекаралармен бөлу санада бекиді.
Екіншіден, жер - өндірІстің жалпы негідері ретінде табиғи байлыктардың қазбалары, жайлымдық және егістік, орман-тоғай,су ресуртары түрінде өндіріріс құрал-жабдыктары қызметін аткарады. Әлеуметтік қатынастардың нәтижесінде меншік нысаны ретінде жерге бұл қатынас әртүрлі дәрежеде жүзеге асады. Оған әсер ететін жағдай ретінде меншік титулын, еңбек құралдарының бар-жоқтығын, нақтылы еңбек қабілетінің қалыптасу деңгейлерін айтсақ жеткілікті.(6)
Адам еңбегі нәтижесінде жасалған өндіріс құрал-жабдықтарына меншік нысаны ретінде иемдену процесі бұрыннан бар, қордаланған байлықты иемденудің кұкықтық формаларынан туындайды. Бастамасы белгісіз, соңы көрінбейтін үздіксіз өндіріс процесінің нәтижесі ретінде әлеуметтік негізделеді. Адамның өзін-өзі меңгеруі, табиғат заттарын игеруі, иеленуі еңбек процесі аркылы оның нәтижелерін де - иемденуге жол ашады. Кез-келген әлеуметтік кұрылым осы негізде қоғам негізі -меншік қатынастарын нығайтады, құқықтық негізде қорғайды(жазба ескерткіштерден - Соломон жазбалары, Тәукенің "Жеті жарғысы").
Осы меншік нысандары ішінде тарихи шешуші қызмет атқаратын жерге меншік қатынастары. Мәселен, формациялық даму ілімінің атасы К. Маркс былай дейді:Жерге меншік қатынастарынан өсіп шығатын өндіріс құрал-жабдықтарына меншік жүйесі - кез-келген экономикалық жүйенің БАЗИСІН құрайды... Материалдық (рухани) игіліктері өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну салаларында осы негізде адамдар олардың еркінен тыс өндірістік қатынастар жүйесіне енеді...Бұл қатынастар өзінің болмысын анықтайтын өндіргіш күштер дамуына әлеуметтік шек қояды...
Меншік ұғымы белгілі жүйеде кең өрістеу, даму арқылы аса бай мазмұнды береді. Жалпы философиялық, политэкономиялық, заң-құқықтық және шаруашылық мүлік қатынастарының макро-микроэкономикалық деңгейлерде көрініс тұрлерінің сан-салалы сандык және сапалық қасиеттері тарихи иемдену шарттарына байланысты. Меншік - жалпы ғылыми ұғым(категориясы)ретінде оның кез-келген тарихи түрлерінен ерекшелігі иемденудің әдіс-тәсіліне, сипатына және де ішкі элементтерінің сандық және саплық тәуелділігімен айқындалады. Потенциалді түрде алғанда “меншік” ұғымы өз бойында "құмыраға қамалған жынның" сиқырлы күшін жинақтап, мүдделер қозғалысы арқылы болжап білмейтін,есептелмеген заңдылықтарға алып келетін қүбылыс ретінде сипатталады. Бұл кұбылыстың жүйедегі орнын, атқаратын қызметін, жүзеге асу құралдарын айқындау үшін жалпы мүдделердің мақсат-мұратын, тәуелді байланыстарының қайшылықты бірлігін көрсету керек. Иемденудің қайшылықты болмысын мына үзіндіден анық бағалауға болады:"...Жеке адамдар әрқашан өзболмысынан шығады және шығып келеді. Олардың катынасы нақтылы өздерінін өмір-сүру процесінің қатынасы болып көрінеді. Ал, олардың катынасы өздерінің дербес, тіршрлігне қарсы тұруы қайдан шығады? Олардың өздерінің өмір-сүру күштері, оларға үстемдік жүргізетін күштерге айналуы неліктен?
Егер бір сөзбен жауап берсек: накты сәттегі өндіргіш күштерінің дамуына тәуелді дәрежедегі еңбек бөлінісінен деп жауап беруге болады.
Сол себепті, иемденудін 1-ші шарты болып өмір сүруді ұдайы өндірумен, қоғамдық еңбек бөлінісімен байланысты белгілі-бір адамдар қаұымдастығы шеңберінде жеке адам өмірі мен қажетгіліктерін канағаттандыруға бағытталған мүдделер келіп шығады.
Қандайда болмасын қатынас формасы (меншік-мүдде) сол форма кедергі болуы мүмкін өндіргіш күштер калыптасқанша тікелей материалдық өмірді-өндірудің қажетгі шарты ретінде коғамдағы қажеттіліктер мен мүдделер дамуына жағдай жасауы тиіс.
Иемданудің 2-ші шарты - адамдардың тішілік ету тәсілдерінен туындайтын материалдық өмірдің жағдайының өзі жеке адам қажеттіліктерінен қанағаттандыру, тіршілік ету кұралдарын өндірумен байланысты.
К. Маркс бейнелеуімен айтсақ,бүл - 1-ші тарихи акт (іс-әрекет),ал 2-шісі - "алғашқы қажеттілік, оны қанағаттандыру іс-әрекеті және де игерілген канағаттандыру кұралдар жаңа қажеттіліктерге бастайды".
Осы 2 шарттан туындайтын иемденудің 3-ші шарты дамудың белгілі кезеңінде өскелең кажеттіліктерді қанағаттандыру табиғи еңбек бөлінісінен(қауым, отбасы) қоғамдық еңбек бөлінісіне көшуді анықтайды. Бұл еңбек пен оның нәтижесін бөлудегі теңсіздікті тудырып, иемденудің қарама-қарсы жағы, бөтенсу құбылысының мазмүны айқындайды.
Енді, меншік жәй қатынас емес, әлеуметтік жіктелуді көрсететін әлеуметтік-құқықтық қатынас. Осы тұрғыдан өте қызықты мысал, К. Маркстың айтуынша:"...Семьядағы құлдық -... өте қарапайым және жасырын - 1-ші меншік болды. Меншік дегеніміз - бөтеннің жұмыс күшін билеу үғымы бойынша адамдар қауымдастығындағы адамның өзінің болмысын билеудің ерекше көрінісі..."
Жұмыс күшіне "меншік"ұғымы қауымдық кұрылыс өмірінен де айқын көрінеді "жеке адамдар өндіргіш күштердің бар жиынтығын иемденуді дербестікке жету үшін де жүзеге асырады".
Меншіктің мәні, сонымен,өмір сүру үшін адамдар өмір-сүру жағдай-шарттарын иемдену-бқтенсу қатынастарына кіреді.
Өмір-сүру негіздерін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар еңбек процесі мен нәтижесін пайдалануда әлеуметтік ерекшеліктерді нығайтып, иемденудің сандық-сапалык өлшемдерін дамытады. Бұл кұбылыс енді иемдену мен бөтенсудің айырбас аркылы экономикалық қатынас ретінде аяқталмаған нәтиже мен жаңадан болатын иемденудің алғы шарты түрінде біртұтас иемдену-бөтенсу кұбылысының жіктелуін көрсетеді. Сан мен сапаны өлшеу ерекшеліктері иемденудің нақты көрінісі - экономикалық қатынастар ұғымынан көрінеді.
Енді, иемдену қатынасының мән-мазмұны өзгереді, жануарлар дүниесінен айырмашылық - жерді, өндіріс құрал-жабдықтарын, жұмыс күшін, өнімді иелену, меңгеру, пайдалану мәндерінде бекиді. Ой еңбегі мен дене еңбегі айырмашылығы көріне бастайды.
Жанды тұлғаның заттануы және керісінше объект-нысаннын тұлғалануы санада бекиді.
Иемдену(меңгеру) адамның өз қасиеттерінен бастап, өндіріс.........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕСІ курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕСІ курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар экономи, Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕСІ дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін