Курстық жұмыс: География | Жерорта теңіз алқабы

Курстық жұмыс: География | Жерорта теңіз алқабы казакша Курстық жұмыс: География | Жерорта теңіз алқабы на казахском языке

Мазмұны
Кіріспе.....................................................................................................................6
1-ТАРАУ. ЖЕРОРТА ТЕҢІЗ АЛҚАБЫНА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА........................................................................................................7
1.1. Табиғат жағдайлары………………………………………………………... 7
2-ТАРАУ. ПИРЕНЕЙ ТҮБЕГІ………………………………………………….. 10
2.1. Географиялық орны. Жер бедері…………………………………………....10
2.2. Климаты…………………………………………………………………… .. 12
3-ТАРАУ АПЕННИН ТҮБЕГІ..………………………………………………....17
3.1. Географиялық орны. Жер бедері………………………………………….. 17
3.2. Климаты……………………………………………………………………...19
4-ТАРАУ. БАЛҚАН ТҮБЕГІ..…………………………………………………..22
4.1. Географиялық орны. Жер бедері…………………………………………... 22
3.2. Климаты……………………………………………………………………...25
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………...28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………………… 29

Кіріспе
Жерорта теңіз алқабы-Евразия мен Африканың Жерорта теңізі жағалауында орналасып облыстары табиғи ландшафтарының тұтастығымен ерекшеленеді. Бұл аумақтағы табиғат пен шаруашылық әрекеті жағдайларының біркелкілігі «Жерорта теңізі алқабы» деген географиялық ұғым енгізуге себеп болды.
Жерорта теңіз алқабының табиғат жағдайларының ерекшеліктері мен өзіндік өзгешеліктері ең алдымен, жазы құрғақ және қысы ылғалды субтропиктік климатына байланысты. Климаттың бұл түрі Жерорта теңізі жағалауынан басқа еш жерде мұндай айқын көрінбейді, сондықтан да ол жерорта теңіздік климат атанды. Климатының ерекшеліктері топырақ түзілісі процестерінің өзіндік және қызыл-қоңыр ерекше генетикалық типтегі топырақ пайда болуына жағдай туғызады. Жерорта теңіздік климат пен жерорта теңіздік өсімдік аталып кеткен жаздағы құрғақшылыққа бейімделген (қатқыл жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар) өсімдіктің ерекше типіне байланысты.
Жерорта теңіз алқабы түгелдей вулканизм мен сейсмика кең тараған альпілік қатпарлы белдеу шегінде жатыр.
Жерорта теңізі алқабының рельефіне көбіне карбонатты жыныстардан құралған, тегістелген сатылы беттер және жекелеген учаскелерінде орташа биік келген таулардың басым болуы тән. Жерорта теңіздік климат пен жерорта теңіздік ландшафтардың кең тарауы теңіз алабы—Жерорта теңізінің болуына байланысты. Оның көлемі мен пішіні, температуралық режимі мен басқа да ерекшеліктері іргелес жатқан құрлықпен өзара әрекеттесе отырып, табиғат пен мәдени ландшафттардың кешенін жасайды.
1-ТАРАУ ЖЕРОРТА ТЕҢІЗ АЛҚАБЫНА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
1.1. Жерорта теңіз алқабы аумағының табиғат жағдайлары
Евразия мен Африканың Жерорта теңізі жағалауы бойына орналасқан облыстары табиғат және мәдени ландшафтарының бірлігімен ерекшеленеді. Бұл көлемді территориядағы табиғат пен шаруашылық әрекеті жағдайларының біркелкілігін географтар өте ертеде атап көрсеткен болатын және ол «Жерорта теңізі алқабы» деген географиялық ұғым енгізуге себеп болды.
Жерорта теңіз алқабының табиғат жағдайларының ерекшеліктері мен өзіндік өзгешеліктері ең алдымен, жазы құрғақ және қысы ылғалды субтропиктік климатына байланысты. Климаттың бұл түрі Жерорта теңізі жағалауынан басқа еш жерде дәл мұндай кең тараған емес және дәл мұндай айқын көрінбейді, сондықтан да ол жерорта теңіздік климат атанды. Климатының ерекшеліктері топырақ түзілісі процестерінің өзіндік және қызыл-қоңыр ерекше генетикалық типтегі топырақ пайда болуына жағдай туғызады. Жерорта теңіздік климат пен жерорта теңіздік өсімдік аталып кет-кен жаздағы құрғақшылыққа бейімделгенінің айқын белгілері бар (қатқыл жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар) өсімдіктің ерекше типіне байланысты.
Жерорта теңіз алқабы түгелдей дерлік жер бедері жаңадан қалыптасып келе жатқан альпілік қатпарлы белдеу шегінде жатыр.
Жерорта теңізі алқабының рельефіне көбіне карбонатты жыныстарда құралған, тегістелген сатылы беттер кең тараған және жекелеген учаскелерінде биік таулы рельеф кездесетін орташа биік келген таулардың басым болуы тән. Жерорта теңіздік климат пен жерорта теңіздік ландшафтар деп аталатындардың кең тарауы бірегей теніз бассейні—Жерорта теңзінің болуына байланысты. Оның көлемі мен пішіні, температуралық режимі мен басқа да ерекшеліктері іргелес жатқан құрлықпен өзара әрекеттесе отырып, табиғат пен мәдени ландшафттардың қайталанбас комплексін жасайды.
Аумағының мөлшері, су массасының көлемі мен тереңдігі жөнінен Жерорта теңізі дүние жүзінде бесінші орын алады. Аралдары, түбектері және су асты шоңғалдары қазан шүңқырды бірнеше бассейндерге бөледі. Батыс бөлігі Корсика және Сардиния аралдарымен бөлінген. Шығысқа карай, осы аралдардың Апеннин түбегінің. және Сицилияның аралығында, тереңдігі 3330 метрден астам Тиррен теңізінің қазан шұңқыры орналасқан. Апеннин мен Балкан аралығында Адриат теңізі жатыр. Оңтүстіігінде Ион теңізінің шұңғыма алабында 5121 м максимум тереңдік байқалған. Балкан түбегінен шығысқа қарай, онымен Кіші Азия аралығында ұсақ аралдары бар Эгей теңізі жатыр. Дарданелл бұғазы, Мрамор теңізі және Босфор бұғазы Жерорта теңізін Қара теңізбен жалғастырады.
Жерорта теңізің Атлант мұхитымен жалғастырып түрған енсіз Гибралтар бүғазында су асты шоңғалы көтеріледі, онда тереңдік не бары 300 метрге ғана жетеді.
Жерорта теңізінің гидрологиялық режимінің негізгі белгілері оның мұхиттан оқшаулығына, субтропиктік белдеудегі орнына және ағын сипатына байланысты. Судың беткі қабаты жауын-шашынның жылдық мөлшері өте аз және ағын біршама әлсіз жағдайда қызады да күшті булануға үшырайды. Сөйтіп судың жауын-шашын және ағын түрінде теңізге қосылуы буланудың орнын толтырмайды, мұның өзі Атлант мұхитымен және Қара теңізбен салыстырғанда су деңгейінің темендеуіне және тұздылығының артуына әкеледі. Шығыс бассейнде тұздылық 38, тіпті 39%-ке жетеді. Деңгейлердің айырмашылығы және Жерорта теңізі бассейнінің теріс ба¬лансы Атлант мұхитынан және Қара теңізден беткі қабат бойынша Жерорта теңізіне карай, ал біраз тереңдікте кері бағытта ағыстың компенсациялық жүйесін тудырады. Судың беткі қабатының күшті жылынуы, әрдайым араласып тұруы және Атлантикадан Гибралтар шоңғалының салдарынан етпейтіндіктен тереңдегі суық сулардың аз қосылуы Жерорта теңізінде тереңдегі сулардың жылуына жағдай жасайды. Бүкіл жыл бойына судың барлық қабатында беткі қабатын есептемегенде, 13°С-ге жуық температура сақталады. Судың беткі кабатының жазғы температурасы +20°-тан бастап, Лион бүғазында 21°С, Гибралтарда +24°-қа дейін, Испания жағалауында +25°С-ден + 28 -қа дейін, оңтүстік-шығыста +30°С-ге дейін өзгереді. Қысқы температура оңтүстікте +17, +18°С-ге жуық, Адриатиканың солтүстігінде +6, + 7°С-ге дейін төмендейді, яғни тереңдегі сулардан анағұрлым салқын болады. Қыста Жерорта теңізінің онтүстік бөлігі үстінен атланттық ауаны әкелетін циклондар өтеді. Евразияның оңтүстік-батыс жағалауындағы біршама жылы сулардың орасан зор массасы субтропиктік белдеудің бүл бөлігінде оның Тынық мұхит секторының жағдайынан едәуір айырмашылығы бар ерекше қысқа жағдайлар жасайды.
Жерорта теңізінің жағалауында Еуразияның ежелгі мәдени мемлекеттері қалыптасқан. Олардың халықтары мыңдаған жылдар бойы табиғатқа ықпал жасап, оны өзгерткен. Екінші жағынан, облыс халқының шаруашылық әрекеті ертеден адамдарды асырап келген теңіздің өзімен тығыз бай¬ланысты болады. Жерорта теңізі бассейнінде ежелгі дүниенің, орта ғасырлардың және жаңа заманның ірі теңіз порттары мен сауда қалалары пайда болды. Осы жерден жаңа елдерді ашу және зерттеу үшін көптеген алыс сапарлар шегу экспедициялары басталды. Қазіргі уақытта Жерорта теңізі арқылы аса маңызды халықаралық жолдар, соның ішінде Еуропаның, Азияның, Африканың елдеріне және Атлант мұхитына жолдар етеді. Жерорта теңізі регионының материк ішіндегі жалғасы Алдыңғы Азия тау кыраты болып табылады, ол біршама шөккен және ішкі тегіс учаскелері бар, сонымен бірге, оларды биіктігі жағынан орташа жоталар көмкерген тау ғимараттарының күрделі жасалған жүйесінен тұрады. Жоталар олардың аралығына ішкі тау үстірттері сыналап кіргенде алшақтайды немесе шоғырларын жасап жақындай түседі. Құрылымы жағынан шеткі жоталарға альпілік антиклинориялы, ал ішкілеріне (ішкі үстірттерге, тау үстіртіне және арқау массивтерге) ортаңғы массивтер мен тауаралық ойыстары сәйкес келеді. Алдыңғы Азия тау қыраттарының бүкіл бойында Жерорта теңізіне тән климаттың жалпы заңдылықтары сақталған: жазда Атланттық антициклонның шығыс континенттік ауа әкелетін желдері соғады. Олармен тау қыраттарының әсіресе ішкі бөліктеріндегі құрғақшылық пен жоғары температура байланысты. Қыста тау қыраттарын қоңыржай ендіктер фронтының ирандық тармағы кесіп өтеді және соған байланысты циклондық әрекеттер жауын-шашынның түсуіне жағдай жасайды. Алайда континент ішіндегі жағдай мен таулы қазан шұңқырлы рельеф қысқы Жерорта теңізі алқабының жағдайларына қарағанда үлкен өзгешеліктер тудырады; батыс тау жоталарының жел жақ беткейлері ғана молынан суғарылады. Неғұрлым Шығысқа карай ойысқан сайын, әсіресе ішкі үстірттерде, соғұрлым жауын-шашын аз болып, қыс та соғүрлым қаталдана береді.
Алдыңғы Азия тау қыраттары флоралық және зоогеографиялық аудандастыруда Жерорта теңізі алқабына жатады. Олардың флорасының, әсіресе фаунасының Жерорта теңізі алқабының фаунасымен және флорасымен көптеген ұқсастығы бар, бірақ өздерінде батыстан шығысқа карай арта түсетін аридтенудің ізін сақтап келеді. Алдыңғы Азия тау қыраттары алабында базисті егіншілікпен айналысатын көне мәдени орталықтар қалыптасқан. Орасан зор Жерорта теңіз—Алдыңғы Азия регионының жалпы пайда болуы мен даму тарихына, сондай-ақ климат құрылуы мен биогендік компоненттердің пайда болуына байланысты табиғат бірлігінің болуына қарамастан оның алабында өзгешеліктер айқын көрінеді. Олар әсіресе батыстан шығысқа қарай жүргенде анық байқалады, сонымен бірге ондай жағдай солтүстік және оңтүстік бөліктер аралығында да бар. Европалық Жерорта теңіз алқабы немесе оңтүстік Европа үстіртінің ірі облыстарының Алдыңғы Азия тау кыраттарының әрқайсысы егжей-тегжейлі карастыруды қажет етеді.
2-ТАРАУ. ПИРЕНЕЙ ТҮБЕГІ
2.1. Географиялық орны. Орографиясы
Пиреней облысы Жерорта теңізі мен Атлант мұхитының аралығында жатыр және осы екі бассейннің ықпалында. Ол Жерорта теңіз алқабының ең батыс, Атлант бойы алғы шебін құрайды. Пи¬реней түбегі Африкаға жақын орналасқан, одан геологиялық жағынан таяуда бөлінген, Европаның қалған бөлігінен Пиреней тауы қоршауымен оқшауланған, Жерорта теңізінің басқа түбектеріне қарағанда анағұрлым соңғы жарылу сызықтарынан пайда болған оның кескіні түзу сызықты деуге болады; жер бетінің құрылымында тау үстірттері мен шағын ойпатты учаскелер бар жақпар таулар басым.
Пиреней түбегінің негізін кристалдық жыныстардан түзілген және солтүстігі мен оңтүстігі альпілік қатпарлы белдеудің тау ғимраттарымен көмкерілген, пенепленденген Месета массиві құрайды. Атлант мұхиты жағынан тау үстірті сейсмикалығы күшті байқалатын жарықтар жүйесімен шектелген. Месетаның жер бетіне кембрий дәуіріне дейінгі граниттер шы-ғып жатқан солтүстік-батысында биіктіктер 1000 метрден асып түседі. Галисия массиві деп аталатын бұл гранит массив бірқатар параллель жоталарға бөлінеді. Жоталар жағалау сызығына пер¬пендикуляр келген жерлерде, құрлықтың шөгуіне байланысты жағаның риастық типі пайда болған. «Риас» деген атау испан тілінен шыкқан. Испанияның солтүстік батыс жағалауындағы воронка тәрізді қойнаулар осылай аталады. Месетаның ішкі бөлігі біршама шөппен, негіздің кристалдық жыныстары онда тұнба жьныс қабаттарымен жабылған. Месетаның солтүстік жартысында биіктігі 600—800 метрлік Ескі Кастилия үстірті жатыр, оның тегіс беті құрамында калий тұзының қоры бар келлагуна шөгінділерінің қабаттарымен жабылған. Месетаның оңтүстік жартысында анағүрлым аласа (500 метрден аспайды) Жаңа Қастилия үстірті жатыр, ол тек кей жерлерде ғана жас тұнба шөгінділердің қабаттарымен жабылған кристалдық жыныстар¬дан тұрады. Оңтүстікте Месетаның шеттері опырмаларды бойлап көтерілген және биіктігі 1000 метрден астам Сьерра-Моренна жақпарлы тауларын қүрайды. Месетаның орта бөлігінде, Ескі және Жаңа Кастилия үстірттері аралығында, Месетаның кристалдық негізінің көтерілуі және бөлшектенуі нәтижесінде пайда болған тағы бір тау жүйесі өтеді. Ол жеке жоталарға бөлініп кететін Орталық Кордильера немесе Кастилия таулары. Сьерраде Гредос жотасындағы Альмансор массивінің биіктігі 2592 метрге жетеді. Месетаның көтеріңкі бөліктері түбектің солтүстік шығысында бой көтеріп биіктігі орташа жақпарлы Иберия және Каталон таула¬рын құрайды. Альпі қатпарлы белдеуінің ғимараттары түбекті солтүстігі мен оңтүстігінен жиектеп түрады.
Пиреней таулары Жерорта теңізі алқабы мен Орта Еуропаның аралығында маңызды физикалық-географиялық шекара қызметін атқарады. Орташа биіктігі жөнінен бұл тау жүйесінің ең биік шыңдары Альпінің неғұрлым биік бөліктерінен едәуір төмен болса да Европада Альпіден кейінгі екінші орында. Пиренеи таулары әлдеқайда аз тілімденген және ол оңайлықпен асу бермейді. Таулардың кристалдық жыныстардан құралған орта бөлігі анағұрлым биіктеу. Маладета массивіндегі Пик-де-Анетонын, биіктігі 3404 метрге жетеді. Пиренейдің бұл бөлігінің рельефінің қалыптасуыида төрттік мұз басуының едәуір мәні бар. Мұз басу кезінде таулардың. неғұрлым биік бөліктерін өзінен кейін орасан зор цирктер қалдырған мұздықтар жауып жатты. Үшкір, алдырмайтын шыңдар, тіптік беткейлер және дүлей шатқалдар Пиренейдін ең биік бөліктеріке сипатты, мұнда асулар жоқ десен, де болады, оны басып бірде-бір темір жол немесе тас жол өтпейді. Батысы мен шығысына қарай таулар бірте-бірте төмендейді. Оның шеткі бөліктері әк тастар мен борпылдақ шөгінділерден құралған, тауды асулар қиып өтеді, олар арқылы Испания мен Францияны байланыстыратын темір жолдар мен тас жолдар салынған. Алайда Пиреней арқылы көптеп өтетін жолдар онша көп емес. Бұл тауларды басып өтетін Пиренейдің солтүстік беткейі оңтүстігіне қарағанда тікшілдеу келеді. Тауды оңтүстігінен бірте-бірте жазыққа үласатын тауалды төбелі өңірі көмкеріп
Батыста Пиреней Кантабр тауларымен түйісіп жатады, оның шығыс бөлігі - Бискай таулары орографиялық, тектоникалық және геологиялық жағынан Пиренейдің жалғасы болып табылады. Кантабр тауларының батыс бөлігі-Астурия таулары (2500 метр-re дейін) неғұрлым көне жыныстардан құралған және Бискай тауларына қарағанда қатпарлануды басынан ертерек кешірді. Олардың биіктігі едәуір рельеф формаларының күрт өзгеруімен ерек-шеленеді. Бискай бүғазы жағынан қарағанда әсіресе солтүстік беткейі тіптік және қатты тілімденген. Оны енсіз, шатқал тәріздес аңғарлар кесіп етеді, олар арқылы буырқанған сарқырамалар құлай ағып жатады.
Пиреней түбегінің оңтүстік тау жүйесі өзінің геологиялық құрылысы мен құрылымы жағынан Альпі тауларына ете жақын. Бұл - Андалуз таулары, немесе Бет Кордильерасы. Олар Гибрал¬тар бұғазынан биік құз болып басталып, солтүстік шығысқа қарай созылып жатады. Андалуз тауларының жалғасы Балеар аралдарында аласа қыраттар ретінде байқалады. Шамасы бүған дейін бұл тау жүйесі солтүстік Апеннинмен және Альпімен тұтасып жатса керек. Андалуз тауларының жалғасы сондай-ақ солтүстік Аф¬рика тауларынан да байқалады. Андалуз таулары рельефі геологиялық бір-бірінен өзгеше екі зонадан тұрады. Оңтүстік кристалдан зона анағұрлым биік. Оның массиві-Сьерра-Невада (Қарлы таулар) 3482 метрге жетеді (Муласен тауы). Сьерра-Неваданың шыңдарында бүкіл жаз бойы дерлік қар мен фирн үйіндісі жата¬ды және Европадағы ең оңтүстіктегі саналатын шағын қар мүздығы бар. Төрттік мұз басудың іздері мен күшті эрозиялық тілімдену кристалды аймақтың көптеген учаскелерінде иағыз биік тау рельефінің кескінін жасайды. Ұзына бойғы тектоникалық ойыс кристалдык зонадан тұтас алғанда едәуір темен жатқан сыртқы әк тасты зонаны бөліп тұрады. Әк тастардың басым болуы қажет рельефтің дамуына және тік жартасты беткейлер мен сүйір шыңдардың пайда болуына әсер етеді. Сонымен бірге Андалуз тауларының әк тасты аймағында түбі 500—600 метр биіктікте жатқан терең тектоникалық қазан шұңкырлар бар. Бұл қазан шұңқырларда халық тығыз орналасқан және егіншілік дамыған. Жерорта теңізі жағы-нан Андалуз таулары жүйесін төбелі, өңделген және халық тығыз қоныстанған Андалуз Ривьерасы қоршап тұр. Оңтүстік-батыста Месета мен Андалуз таулары аралығына Ан¬далуз ойпаты сұғына кіреді, оны бонлап Гвадалквивир ағады. Ойпат Атлант мүхиты шығанағының орнында оны іргелес таулардан келген үйінділермен толтыруы нәтижесінде пайда болған. Андалуз ойпатының беті тегіс немесе төбелі келеді және түгелдей дерлік теңіз деңгейінен 100 м-ден темен жатыр. Атлант мүхитының лагуналы жағалауын бойлап биік дюналардың қатарлары созылып жа¬тыр. Лагуналардың бірінің жағасында ірі Кадис порты тұр.
Батыста, Месетаның етегінде Португалия ойпаты жатыр. Оның төбелі бетін шағын таулы қыраттар төріндегі Месетаның сілемдері кесіп өтеді. Жайпақ, аз жырымдалған лагуналық жағалауға екі ірі кеме қатынасына қолайлы Лиссабон және Сетубал шығанақ-тары кіріп жатыр. Тебелі жазықтардың шағын учаскелері түбектің шығыс шетінде де бар. Ол — Испан Леванты деген жалпы атпен аталатын Мурсия мен Валенсия ойпаттары.
Пиреней түбегі пайдалы қазбаларға бай. Әсіресе металл рудаларының қоры айтарлықтай, олардың кен орындары Месетаның ежелгі кристалдық негізінің шығып жатқан жерімен немесе қатпарлы тау вулкандық жыныстарымен байланысты. Месетаның солтүстік батыс шетінде Солтүстік Португалия мен Испанияның Галисия массиві алабындағы, каледон мен протерозой гранит инт-рузияларында қалайы, вольфрам мен уран рудалары бар. Түбектің оңтүстік батысында қатпарлы герцин циклінің интрузивтік жыныстарында түзілген мыс пириттерінің өте бай қоры бар. Ол Порту¬галия территориясындағы Сьерра-Моренаның оңтүстік беткейлеріндегі (Рио-Тинто және басқалары) әйгілі кен орындары. Месетаның оңтүстік шетінде қорғасын-мырыш күміс кен орындарының алқабы созылып жатыр. Тап сол жерде сынаптың дүние жүзілік маңызы бар ірі кен орны (Альмадан) жатыр. Темір рудалары Пи¬реней түбегінің солтүстігі мен оңтүстігінде кездеседі. Олар мезо¬зой және альпі магмалық циклінің құрылымына шоғырланған. Олар Бискай тауларының солтүстік беткейлеріндегі Бильбао ауданындағы және Бет Кордильерінің оңтүстік беткейлеріндегі Альмериядағы кен орындары.
Түбектің солтүстігіндегі Ассурия тауларының тау алды депрессиясының тас көмірлі шөгінділерінде облыстың аса ірі тас көмір бассейні жатыр. Сонымен бірге тас көмірдің шағын кен орындары таулардың оңтүстік беткейі мен басқа да аудандарда бар.
Тауаралық және тау іші депрессияларының кайнозой шөгінділерінде тұз бен қоңыр көмірдің қабаттары жатыр. Калий түзының едәуір қоры Эбро жазығы алабында орналасқан.
2.2. Климаты.
Пиреней түбегіне өте терең ішкі климат айқын айырмашылықтары тән және ол Жерорта теңіздік климат облысына түгелдей тек шартты түрде ғана жатқызылуы мүмкін. Бүл айырмашылықтар температурадан да, жауын-шашынның жылдық мелшері мен режимінен де байқалады. Қиыр солтүстік батыста (Галисия мен Бискай шығанағыньщ жағалауы) климат жұмсақ және ылғалды, жыл бойына температура шамалы ауытқып, жауын-шашын мол түседі. Атлантика жақтан үнемі соғып тұратын жел, негізінен қыста мол ылғал әкеледі. Ол кезде тұманды және бүлтты ауа райы үстем болады, сіркіреуік ........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Жерорта теңіз алқабы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар география жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Жерорта теңіз алқабы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар география жобалар курстық жұмыстар, Курстық жұмыс: География | Жерорта теңіз алқабы дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін