География | ЖЕР БЕДЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ

 География | ЖЕР БЕДЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ

Мазмұны
Кіріспе....................................................................................................................6
1-ТАРАУ. ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
1.1. Физикалық географиялық орны. Жағалары және орографиясы...............7
1.2. Еуропаның климаты.......................................................................................8
1.3. Өзендері мен көлдері.....................................................................................10
1.4. Географиялық зерттелу тарихы....................................................................12
2-ТАРАУ. ЖЕР БЕДЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
2.1. Жер бедерінің қалыптасуы мен дамуы........................................................14
2.2. Геологиялық даму тарихы және пайдалы қазбалары.................................15
2.3. Тектоникалық құрылымы және рельефтің негізгі ерекшеліктері.............20
Қорытынды............................................................................................................22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................23

Кіріспе
Еуропа жер бедері қалыптасуының күрделі тарихы оның табиғатының барлық компоненттеріне әсерін тигізді. Еуропа үшін жер шарындағы белгілі тектоникалық құрылымдардың және рельеф типтерінің болуы тән.
Қазіргі материктің құрамына кіретін платформалық облыстардың дүние бөлігінің қалыптасуы мен дамуы процесінде Жердің ең зор контитентінің негізін құрған ежелгі Шығыс Еуропа және Сібір платформалары. Солардың төңірегінде Еуразия құрлығының онан әрі ұлғаюы байқалды, олар осы уақытқа дейін өзінің тұтастығын және дамуының платформалық типін сақтаған. Олардың рельефінің қалыптасуында, сондай-ақ көтеріңкі рельеф құруға жеткізген, тектоникалық процестер үлкен роль атқарған.
Европа платформасы Европа жерінде Скандинавия түбегінің шығысын және Финляндияны алып жатқан Балтық қалқанынан және негізгі бөлігі ТМД елдері жерінде жатқан плитаның батыс шетінен тұрады. Рельефі жөнінде оларға Швеция мен Финляндияның жазықтары мен таулы үстірттері, сондай-ак Ютлан¬дия, Дат аралдары, Польша, ГФР солтүстік бөліктері және Нидерланд территориясын түгелдей қамтитын Орта Европа қат-қабатты жазығы сай келеді. Бұл аудандардың барлығы соңғы мұз басу шекараларының ішінде жатыр, оларды рельефінен байқаймыз. Мұз басу орталығына жақын орналасқан және неоген-төрттік кезенінде жарылуға ұшыраған Балтық кристалды қалқанының түп жазығы, мұздық экзарация түрлерімен сипатталды. Балтық және Солтүстік теңіздердің жағаларында, мұздықтардан кейінгі трансгрессиялар нәтижесінде пайда болған аккумуляциялык жазықтар таралған.
Еуропаның ежелгі платформасы шегінде пайдалы қазбалардың едәуір қоры шоғырланған: архей және протерозой құрылымдары үшін темір, марганец, хром (Скандинавия, Кривой -Рог) рудаларының сондай-ақ кейбір түсті және сирек металдардың бар болуы тән. Еуропа платформасының шөгінді жамылғысының жыныстарында мұнай мен тұз бар.
1-ТАРАУ. ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
1.1. Физикалық географиялық орны. Жағалары және орографиясы
Еуропа (грек. Europe, ассирияша эреб-батыс; Ежелті Греция да Эгей теңізінің батысындағы жерлер осылай аталған)- дүниенің бір бөлігі, Еуразия материгінің батыс бөлігі.
Еуропа солтүстігінде Солтүстік Мұзды мұхит және оның Кара, Баренц, Ақ, Норвег теңіздерімен, батысы мен оңтүстігінде Атлант мұхиты және оның Балтық, Солтүстік Ирландия, Жерорта, Мәрмәр, Қара, Азов теңіздерімен қоршалған. Шығысы мен оңтүстік.-шығысында оның Азиямен шекарасы Орал тауының шығыс етегі мен Жем өзенін бойлай Каспий теңізіне дейін, одан ары Кума және Маныч өзендерін бойлай Донның сағасына дейін жетеді. Еуропаның материктегі қиыр шеттері: солтүстігінде — Нордкин мүйісі, 71°08' солт. ендік; оңтүстігінде — Марроки мүйісі, 36° солт. ендік; батысын-да — Рока мүйісі, 9°34' бат. бойлық; шығысында — Байдарацк кірмесіне таяу Полярлық Оралдың шығыс жақ етегі, 67°20' шығ. бойлық. Еуропаға бірнеше арал мен архипелаг кіреді, олар-дың ең ірілері: Жаңа Жер, Франц-Иосиф Жері (Рудольф аралындағы Флигели мүйісі — Еуропаның ең қиыр солтүстік шеті, 81˚49' солтүстік ендік), Шпицберген Исландия, Британ аралдары, Зелан¬дия, Балеар аралдары, Корсика, Сар¬диния, Сицилия, Крит. Аралдарды қоса есептегенде жері 10 млн. км2-ге жуық; аралдарының ауданы 730 мың км2-дей.
Жағалары. Дүниенің басқа бөліктеріне қарағанда Еуропаның жағалары тым қатты тілімделген: жағаның 1 км-ге 246 км2-дей жер келеді, Жағаларының жалпы ұзындығы 38 мың км-дей. Еуропаның ішкі аудандарының теңізден ең алысы 1600 км. Жерінің 25%-ке жуығы түбектердің (Канин, Кола, Скандинавия, Ютландия, Бретань, Пи¬ренеи, Апеннин, Балқан, Қырым) үлесіне тиеді.
Еуропада аккумуляциялық және абразиялык (толқын әрекетінен опырылған) жағалар көбірек кездеседі; Ақ теңіздің шығысы, Баренц теңізінің оңтүстік-шығысы және оңтүстік жағаларының кейбір учаскелері, Балтық теңізінің оңтүстігі, Солтүстік теңіздің батысы, оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағалары, Бискай шығанағының шығыс жағасы, Жерорта және Қара теңіз жағаларының көпшілігі ваттық типтес (теңіз жағалауындағы ойпаң өңірлер) жағага жатады. Еуропаның басқа жерлерінің жағалары біршама биіктеу келеді. Кола түбегінің жағасы қатты тілімделген; Пиренеи түбегінің солтүстік жағасы қатпарлы; Норвег теңізінің, Балтық теңізі солтүстік бөлігінің жағаларында, Шот¬ландия мен Исландия жағалауында ертедегі мұз басудың әсерінен пайда болған фьордтар мен шхерлер көп; Бретань, Уэльс түбектерінің, Ирландияның батыс бөлігінің, Пиренеи түбегінің солтүстік.-батыс жағалары, Балқан түбегінің батыс жағалары риас типті (ұзын тар шығанақтары бар) келеді.
Орографиясының басты белгілері. Еуропаның орташа биіктігі (300 м шамасы) және ең жоғары биіктігі (4807 м, Альпідегі Монблан тауы) жөнінен дүниенің басқа бөліктерінің бәрінен (Австралияны қоспағанда) кейінгі орында. Жерінің 60%-ке жуығының биіктігі 200 -м-ден төмен (ішінара мұхит деңгейінен де төмен: Кас¬пий теңізінің жағалауы 28 м, Солтүстік және Балтық теңіздерінің кейбір аудандары); 24%-і 200 -м-ден 500 м-ге дейінгі, 10%-і 500 м-ден 1000 м-ге дейінгі, 6%-і 1000 м-ден жоғары (оның ішінде 1,5%-і 2000 м-ден жоғары) биіктікте жатыр. Бұл Еуропаның жер бедері негізінен жазық екенін көрсетеді. Шығыс Еуропаны түгел дерлік және Орта Еуропаның солтүстік бөлігін Шығыс Европа (Орыс) жазығы және оның батыс. бөлігі — Орта Европа жазығы алып жатыр; Фенноскандияның едәуір жері жазық. Басқа аудандарда жазық жерлер тау аралықтарында (Орта Ду¬най, Төменгі Дунай т. б.) кездеседі, Шығыс шетінде Орал, солтүстік-батысында Скандинавия таулары жатыр. Орта Еуропаның оңтүстік. бөлігінде Францияның Орталық тау массиві, Вогез, Шварцвальд таулары, Рейн Тақта тасты таулары, бұлардың оңтүстігінде Еуропадағы ең биік таулар — Альпі, Карпат бар. Еуропаның оңтүстік бөлігінде таулы рельеф басым (Пиреней, Андалузия, Апеннин, Ста¬ра-Планина, Динар, Родоп, Пинд тау¬лары т. б.).
1.2. Еуропаның климаты
Еуропаның көпшілік жері қоңыржай ендіктерде жатқандықтан, мұнда қоңыржай климат қалыптасқан. Атлант мұхитынан көбіне бат. ауа массалары келетіндіктен, теңіздік кли¬мат басым, ол шығысқа қарай біртін-деп өзгеріп, қоңыржай континенттік климатқа айналады. Атмосфераның жалпы циркуляциясы жүйесінде ауа массаларының ауысуы, әсіресе қыста, жылудың территория бойынша таралуын едәуір өзгертөді. Солт. Атланти¬ка жылы ағысы батыстан келе жатқан ауаны жылыта түседі; осының нәтижесінде қысқы айлардың изотермалары ендік бағыттан ауытқып, Еуропаның көпшілік бөлігінде (оңт.-шығысынан басқа) қысқы айлардың орташа температурасы орта ендік температурасынан едәуір жоғары болады. Январь темпертурасының ауытқуы Жаңа Жерде, Кола түбегінде, Шпицберген аралдарында 8° С-тан 18° с-қа, Скандинавияның батысы мен Исландияда 18° С-тан 24° С-қа дейін. Ңысқы маусымда атмосфераның ең төмен қысым Атлантиканың солтүстік бөлігінде (Исландия депрессиясы орналасқан) байқалады. Осы жерден шығысқа және оңтүстік-шығысқа қарай Кас¬пий теңізі маңына және Оралдың оңтүстігіне дейін қысым жоғарылай береді. Бұл жерлерге Азия антициклонының бір тармағы келеді. Азор ан-тициклоны әсер ететін аймақта жатқандықтан Жерорта теңізі маңының батыс бөлігіне батыс ауа массалары жиі келеді. Бүкіл Еуропаға дерлік полярлық ауа массалары әсер етеді; солтүстіктен келетін арктикалық ауа Альпіге, Балқан түбегі, Қырымға дейін барады. Жерорта теңізі маңына кейде тропиктік ауа массалары келеді. Қысқы айлардың изотермалары солтүстік-батыстан оңтүстік-шығықа қарай өтеді. Январьдың орташа айлық ең жоғары температурасы Жерорта теңізі аймағы мен 0° изотер¬ма 70° солтүстік ендікке дейін келетін Е-ның мұхит маңы аудандарында 10° С, 12° С. ең төмен орташа айлық температуpa Еуропаның солтүстік-шығысы аудандарында; Печора өзені алабында —20° С-қа (мұнда Е-дағы ең төмен температуpa — 52° С болғаны байқалған), Франц-Иосиф жерінде —24° с-қа жетеді. Бат. Е-да ңыс жұмсаң, Шығ. Еуропада аязды келеді; оңтүстік бөлігінде 1 айдан, солтүстік бөлігінде 7—9 айға дейін қар жатады. Жазғы маусымда қысым градиенті азаяды. Июльде Исландия маңында және Шығыс Еуропаның көпшілік бөлігінде қысым төмен болады. Ең жоғары қысым Азор антициклоны аймағында. Азор антициклоны бүкіл Жерорта теңізі маңына және ішінара Орта Еуропаға әсер етеді. Мұхит маңынағы жерлерде, материктіц сол ендіктерде жатқан ішкі аймаңтарымен салыстырғанда, жаз біршама салқын. Арктиканың европ. секторындағы аралдарды қамтитын арктикалык белдеудің климаты қатал, ңысы ұзақ өрі аязды, күшті дауыл, боран жиі болады; жазы қысқа әрі суың (июльдің орташа темпрасы 5° С-тан аспайды); ылғал көбіне қар күйінде түседі, булануы аз. Субарктикалық белдеуде (Исландия, Фенноскандия мен Шығыс Еуропа жазығының солт. бөлігі) жазғы маусым ұзағырақ әрі жылырақ (июльде 10°— 12° С), қыс бат. жағында жұмсақ, шығ. жағында аязды; жауын-шашын бат. бөлігінде 1000 мм шамасында, шығ. бөлігінде 400 мм, булану жауітн-шашыннан кем. Қоңыржай белдеудің (Жерорта теңізі аймағын жөне Қырымның оңт. жағасын қоспағанда) солт. бөлігінде — анағұрлым суық, бореальдық климат, оңт. бөлігінде — анағұрлым жылы, суббореальдық климат, бат. Бөлігінде — теңіздік климат, шығ. Бөлігінде — қоңыржай континенттік кли¬мат; жауын-шашынның жылдық мөлшері солтүстігінде буланудан көп, орталық бөлігінде оған тең, ал оңтүстігінде одан аз. Субтропиктік белдеу¬де жерортатеңіздік климат, қысы жұмсақ, жылы, жаңбырлы (январьда 4° С-тан 12°С-қа дейін), ауа райы құбылмалы, жазы құрғаң (батысында) немесе жылы. Пиреней түбегінің ба¬тысында, Апеннин түбегінде, Балқан түбегінің батысы мен солтүстік-батысында бұл климаттың теңіздік түрі, осы түбектердің басқа аймақтары мен Қырымның Оңт. жағасында континенттік түрі қалыптасқан.
Батыстан шығысқа қарай жауын-шашын мөлшері азая береді. Атлант мұхитына жақын аймақтар мен таулардың жел өтіндегі беткейлеріндө жауын-шашынның жылдық мөлшері 1000—2000 (Югославияның жағалау маңы аймақтарының кейбір жерінде 4000 мм-ден асады); Шығ. Еуропада, әсіресе оның оцт. және оңт.-шығ. бөліктерінде ол жылына 500—300 мм-те, Каспий маңында 200 мм-ге дейін кемиді; Арктикадағы аралдардың копшілігінде және Баренц теңізінің оңт. жағалауында жауын-шашын 300— 400 мм. Еуропаның көп жерінде жыл бойғы жауын-шашын мөлшері буланудың жылдық мөлшерінен артық, сол себепті ылғал жеткілікті немесе тым көп те болып кетеді. Ал Шығыс Еуропаның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында, сондай-ақ Батыс Еуропаның кейбір тау аралық ойпаңдарында, мұның керісінше, жа¬уын-шашын буланып кеткен ылғалдың орнын толтыра алмайды. Жерор¬та теңізі аймағында ылғалдың жетімсіздігі жазда байқалады.
Е-дағы осы күнгі мұздықтардың ауд. 116 мың км2-ден асады. Мұздық-тардың ең көп жиналған жерлері: Шпицберген (58 мың км2), Жаңа Жер, Франц-Иосиф Жері, Исландия, Скандинавия таулары. Мұздың қалыңдығы 400—600 м-те, кейде 1000 м-ге де жетеді. Арктика аралдарындағы кейбір мұздықтар теңізге сырғып түсіп, олардан мұз таулар (айсбергтер) пайда болады. Еуропаның материктік бөлігінде мұздықтар Альпі тауларында, Солт. Оралда, Пиренейде, Сьерра-Не¬вада тауларында бар.
1.3. Өзендері мен көлдері
Еуропа су ағынының қалыңдығы (295 мм-дей) жөнінен дүние бөліктері ішінде Оңтүстік Америкадан кейін 2-орында, бірақ құрлықтың шағындығы себепті ағын судың колемі (жылына 2850 км3-дей) жөнінен Австралия мен Антарктидадан ғана асып түсе алады. Еуропада ағын біркелкі тарамаған. Ылғалдану дәрежесіне қарай ағын батыстан шығысқа және солтүстіктен оңтүстікке қарай азая береді. Оның көпшілік бө-лігі Атлант мұхиты мен оның теңіздері алабына, қалғаны Солт. Мұзды мұхит алабы мен ішкі ағын алабына— Каспий теңізіне жатады.
Ең ірі өзендері Шығ. Еуропа жазықтарында; ұзындығы (3530 км), алабы (1360 мың км2), жылдық орташа су шығыны (8000 м3/сек) жонінен Волга (басты салалары — Кама мен Ока) өзені 1-орында. Шығыс Еуропадағы одан ке-йінгі ұзын өзендер: Жайық, Днепр, Дон, Печора, Днестр, Солтүстік Двина. Батыс Еуропадағы ірі өзендер: Дунай (ұз. 2850 км, алабы 817 мың км2), Рейн, Эльба, Висла, Луара, Тахо, Одра.
Шығыс Еуропа жазықтарындағы өзендердің ағысы баяу, аңғарлары терраса тәрізді және кең болады; қар және ішінара жаңбыр суымен қоректенеді; қыста оңтүстігінде 1,5—3 ай, солтүстігінде 7—7,5 ай бойы қатып жатады. Фенноскандиядағы өзендер қысқа, шоңғалды, аңғарлары жар қабақты, көл секілді көптеген кең қойнаулары бар. Жазықтардағы өзендер негізінен қар суымен қоректенеді; ең кеп ағын коктемде болады, алабының көп жері орманды келгендіктен, жаз бен күзде де суы мол. Фенноскандияныц таулы аймағындағы өзендердің еңістігі үл-кен болады. Орта бөлігінде 2—3 ай, солтүстігінде 7—7,5 ай бойы қатып жатады.
Орта Е-ның жазық өңірлеріндегі өзендер негізінен жаңбыр суымен қо-ректенеді; қатпайды немесе азғана уақыт бірде қатып, бірде еріп жатады. Францияныц, Британ аралдарыныц, Бельгияның, Нидерландының, ГФР-дің езендерінде ағын қысқа қарай біраз көбейіп, жазда азаяды. Қыста қар жамылып жататын биіктігі орта¬ша таулардағы (Карпат т. б.) езендер көктемде қатты тасиды. Альпініц биік таулы аудандарындағы өзендер (Рейн, Рона, По езендерінің еол салаларының, Дунайдың оң салаларының жоғарғы ағыстары) қар, жаңбыр суына қоса мұздықтардан да қоректенеді; жазда үлкен тасқындар болып тұрады, қыста ағын өте аз немесе мүлде болмайды. Жерорта теңізі алабына жататын озендерде су деңгейі күзде және қыста едәуір көтеріліп, жазда темендейді, кішігірім өзендер тартылып қалады.
Е-да көлдер, біркелкі орналаспаған; плейстоцендегі мұз басуға ұшырағап аймақтарда — ТМД елдерінің Европа бөлігінің солт. және солт.-батысында, Фенноскандияда, Британ аралдарында, Альпі және Альпі маңы аймақтарында, Польша мен ГДР жазықтарында көбірек кездеседі (Ладога, Онега, Венерн, Веттерн, Меларен, Имандра, Женева, Лаго-Маджоре, Комо, Гарда т. б.). Мореналық жазықтарда кішігірім көлдер, Альпіде, Скандинавия мен Британ аралдары тауларында, Карпаттың неғұрлым биік аймақтарында, Солтүстік Оралда «альпілік» шағын көлдер кездеседі. Мұз басу жетпеген жазықтардағы өзен жайылмаларында — қарасу көлдер; Волганың, Днепрдің Дунайдың, По өзендерінің төменгі ағыстарында — атыраулық көлдер; Ңара және Азов теңіздерінің жағалауларында — лагуналық көлдер: Балқан түбегінде — тектоникалың көлдер; Апеннин түбегі мен Исландияда — вулкандық келдер; Шығыс Ев¬ропа жазығының солтүстік-шығысында, Балкан және Апеннин түбектерінде карстылық көлдер бар.
Еуропаның аридтік оңтүстік-шығыс аудандарында сортаң және күшті минералданған тұйық көлдер (Эльтон, Басқұншақ) жатыр; дүние жүзіндегі ең үлкен кел — Каспий теңізі де осы өңірде, Азиямен шекарада орналасқан.
Еуропаның гидроэнергетика қоры едәуір. Аса қуатты СЭС-тер ТМД елдерінің Еуропалық бөлігіндегі (Шығ. Е.) өзендерде салынған (Волга СЭС-і, Воткинск, В. Днепр СЭС-і, Кама, Киев, Кременчуг, Кахов¬ка СЭС-тері). Өзендерді қатынас жолына және ағаш ағызуға пайдаланудың, көптеген өзен алаптарын бір-бірімен және кейбір теңіздермен жалғастыратын каналдар жүйесін жасаудың Еуропадағы елдердің экономикасы үшін маңызы ете зор.
Топырағы. Еуропа топырағы қалыптасуы жағынан 4 белдеуге — арктикалық (полярлық), бореальдық, суббореальдық, субтропиктік белдеулерге бөлінеді. Арктикалық белдеу¬де — Шпицбергенде, Франц-Иосиф Жерінде, Жаңа Жердің солтүстік бөлігінде — арктикалық, Фенноскандияның солт. бөлігінде, Жаңа Жердің оңтүстік бөлігінде, Шығыс Европа жазығында, Солтүстік полярлық шеңберден солтүстікке қарай — тундралық топырақ. Бореальдық белдеу Исландияны, Фенноскандияның, Британ аралдары-ның, Орта Европа жазығының, Шығыс Еуропаның Львов—Киев—Курск—Пермь-Свердловск шегінен солтүстіктегі көпшілік бөлігін қамтиды. Субборе-альдық белдеудің климаты қоңыржай континенттік аймақтары қа-ра топырақты және қызыл қоңыр топырақты; орманды дала мен даланың солт. бөлігі күлгінденген, сілтісі шайылған, шіріндісі мол (8% және одан да көп) қара топырақты; далалық қуаң аймақтарда — шіріндісі аз және орташа оңтүстіктің қара топырағы; Молдавияда және Румынияның онымөн шектес аудандарында, Азов маңы ойпатының шығысында, Қырымдағы жазықтарда — шіріндісі аз және орташа мицелярлі-карбонатты топырақ; Оңтүстік Украинаның, Төменгі Волга бойының, Каспий маңының анағұрлым қуаң далаларында — шірінді қабаты жұқа, карбонатты қабаты өте тығыз қызыл қоңыр топырақ; Каспий маңында қызыл қоңыр топырақ кейде сортаң топырақпен алмасып келеді. Каспий маңының аридтік аймақтары шөлейттік қоңыр топырақты келеді, ол құммен алмасып отырады. Клима¬ты мұхиттық аймақтарда орманды жердің қоңыр топырағы, климаты анағұрлым континенттік тау аралық жазықтарда орманның қоңыр топырағы кебінесе кәдімгі қара топыраққа және шалғындық қара топыраққа ауысады. Биіктігі орташа таулардың көп-шілік бөлігінде — таудағы қоңыр топырақ. Топырақ қалыптасуының субтропиктік белдеуіне жататын Оңтүстік Еуропа мен Қырымның Оңтүстік жағасы мәңгі жасыл ксерофит ормандар мен бұталар өсетін қара қоңыр топырақты.
Еуропа топырағы егіншілікке қолайлы. Қара, қоңьір, қара қоңыр топыракты жерлер көбірек жыртылған. Егіншілікке тундра, шөлейт және сұр топырақты жерлер аз пайдаланылады, арктикалық топырақ мүлде пайдаланылмайды.
1.4. Географиялық зерттелу тарихы
Еуропа материгін зерттеу б. з. б. 16 ғасырда криттіктердің Киклада архипелагын қаратып алуынан және Эвбей аралы мен Пелопоннес түбегінің жағасын айналып шығуынан басталады. Б. з. б. 9 ғ-ға дейін финикиялық теңізшілер Апеннин түбегінің оңтүсік-батыс жағаларын, Мальтаны, Сицилияны, Сардинияны, Балеар аралдарын ашты, Пиреней түбегінің жағасына (Гвадал¬квивир, Гвадиана, Тахо, Дуэро өзендерінің салаларына) жетті, Гибрал¬тар бүғазы арңылы Атлант мұхитына шықты. Б. з. б. 1-мың жылдықтың ортасына дейін ежелгі гректер Оңтүстік Еуропаны түгел ашып болды: олар Эгей теңізінен солтүстік-шығысқа қарай жүзіп, Қара теңіздің батыс және солт. жағалауын (Дунайдың, Днестрдің, Днепрдің сағалары және Қырым түбегінің жағасы), Азов теңізінің жағалауын түгел айналып өтті; Ион және Адрия теңіздерінде батысқа қарай жүзіп, Балқан және Апеннин түбектерін түпкілікті анықтады, Корсика аралын (мүмкін, екінші рет болар), Лигурияны ашты. Францияның оңтүстік, Испанияның шығыс жағасына жетті. Б. з. б. 320 ж. шамасында грек Пифей Еуропаның Бискай шығанағынан Солтүістік теңізге дейінгі батыс жағасын, Ұлыбритания аралын ашты, Ирланд теңізін оңтүстігінен солтүстігіне қарай кесіп өтті.
Б. з. б. 3 ғ-да карфагендіктер Пире¬неи түбегінің ішіне қарай өтіп (Ган-нибалдың жорықтары кезінде), Орталық Кордильера және Иберия тауларымен танысты. Б. з. б. 2 ғасырда Испания мен Галлияға жасаған жорықтарында римдіктер Пиренеи түбегінің таулы қыраттары мен өзендерін, Орт. Француз массивін, Рона, Гаронна, Луара, Сена, Рейн өзендерінің алаптарын зерттеді. Римдіктер б. з. б. 35 ж. мен б. з. 9 ж. арасында Орт. Е-ға өтті, б. з. 43—84 ж. Британияны жаулап алды, Уэльс тубегін, Уайт, Мэн, Англси аралдарын ашты.
6—7 ғасырларда ирландықтар Британ арал¬дарын зерттеуді негізінен аяқтады, 8 ғасырда олар Фарер аралдары мен Исландияға алғаш рет жетті.
9 ғасырда бұл аралдарды нормандар екінші рет ашып, отарлап алды. Скандинавия және Кола түбектерін солтүстігінен ай¬налып өтіп, Ақ теңізге жеткен, Скандинавияның оңтүстігі мен шығы-сынан айналып өтіп, Балтық теңізінің, оның Ботния, Рига, Фин шығанақтарының жағаларын айналып шыңқан, ондағы ірі аралдарды ашқан да нормандар болды. 7—8 ғасырларда Пире¬ней түбегін жаулап алған арабтар Еуропаның оңтүстік-шығыс және шығыс жағында Жем, Жайық өзендерімен, Каманың сағасына дейінгі Волга бойымен та¬нысты.
Шығ. Е-ның басқа аймақтарын, Ақ теңіз бен Балтық теңізінің шығанақ-тарынан, Оралға дейінгі бүкіл Солт. Е-ны ашқан және зерттеген — орыстар. Орыс князьдарының жорықтары кезінде (9—12 ғасырларда) Днестр, Днепр, Дон өзендерінің алабы, Бат. Двина мен Неман бойы, Ильмень, Чуд, Псков, Ладога, Онега, Ақ келдері, Волганың жоғарғы және орта ағысы, Солт. Двина, Мезень, Печора өзендері ашылды. 13 ғасырда олар Ақ теңіздің жағасын түгел айналып шығып, Кола түбегінің ішіне қарай тереңдеді, 14 ғасырда Оралдан асты. 15—16 ғасырда орыс теңізшілері Канин түбегін, Колгуев, Вайгач, Жаңа Жер, Шпицберген арал¬дарын ашты. 16 ғасырдың 2-жартысында Шығыс Е-ның .......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі