Курстық жұмыс: География | Жер ресурстарын қалыптастыратын табиғи компонеттер

Курстық жұмыс: География | Жер ресурстарын қалыптастыратын табиғи компонеттер казакша Курстық жұмыс: География | Жер ресурстарын қалыптастыратын табиғи компонеттер на казахском языке

Мазмұны
Кіріспе......................................................................................................................3
І тарау. Жер ресурстары туралы түсінік.........................................................4
ІІ тарау. Жер ресурстарын қалыптастыратын табиғи компонеттер.........7
ІІ.1. Жер бедері және геологиялық түзіліс.................................................7
ІІ.2. Климат және агроклимат жағдайы......................................................9
ІІ.3. Жер үсті және жер асты сулары........................................................15
ІІ.4. Өсімдік – топырақ жамылғысы..........................................................16
ІІІ тарау. ОҚО жер ресурстарының географиясы.......................................20

IV тарау. ОҚО ауыл шаруашылық жер ресурстарының географиясы...29
Қорытынды..........................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................32

Кіріспе
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының шаруашылығының қарқынды даму барысында жер ресурстарының географиялық орналасуы осының нәтижесінде оны тиімді пайдалану маңызды орын алады. Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық дамуы ауыл шаруашылықтың дамуына негізделеді. Сондықтан, жер ресурстары олардың географиялық орналасуы шаруашылықтың дамуына ықпалы зор.
Диплом жұмысы 4-тараудан, 5-кесте, 1-картосхема және әдебиеттер тізімінен тұрады. Диплом жұмысын жазу барысында автор Оңтүстік Қазақстан облысы Жер ресурстары басқармасының фондттық мәліметтеріне негізденді, Ғылыми техникалық, Абай, Пушкин атындағы кітапханалардан тақырып бойынша әдебиеттермен танысты. Сонымен қатар, автор оқу іс-тәжірибе кезінде осы мәселе бойынша бірнеше дала материалын жинады.
Мақсаты. Оңтүстік Қазақстан облысының жер ресурстарының территория бойынша таралуын, оның себептерін көрсету, жер ресурстарын тиімді пайдалану үшін физикалық- географиялық жағдайды ашып көрсету. Жер ресурстарын шаруашылықта пайдалануда қоршаған ортаны қорғау, физикалық – географиялық компоненттер арасындағы өзара байланысы мен әрекеттесу заңдылықтарын дұрыс айқындау.
І. тарау. Жер ресурстары туралы түсінік
Табиғи ландшафттың компоненттерінің күрделі кешенін өз құрамына енгізетін жер ресурстары ауыл шаруашылық деп, ауыл шаруашылық егу, жабайы өсімдіктерді орып алу және мал шаруашылықта пайдаланатын климаттың, жер бедерінің және топырақтың ерекше үйлесімін түсініеміз. Оларға барлық жерде кездесетін маңызды табиғи байлықтар жатады.
Ф.Н.Реймерс бойынша «жүйелі түрде пайдаланатын немесе белгілі бір шаруашылық мақсатта пайдалануға болатын жерді жер ресурстары деп түсінеді. Жер ресурстарды төмендегідей мағынада түсінуге болады: а) егістік жер ресурстары; б) барлық ауыл шаруашылыққа жарамды жерлер; в) аумақтық (территориялық ) ресурстар. Әдетте, бұл термин а) және б) мағынада түсінеді» ( Реймерс, 1990,453 бет.)
Белгілі бір жағдайды сақтап үздіксіз пайдаланған жағдайда жер ресурстары қалпына келетін ресурс деп есептейді. Егістік мақсатпен пайдаланғанда жер ресурстары өңдеу құралы болып табылады. Мұндай жағдайда табиғаттан жер ресурстары емес, оның көмегімен пайда болған өсімдік өнімдері алынады.
Жер ресурстарын пайдалануда барлық табиғи компоненттердің өзара байланысқан ықпалы тікелей және жанама болып ландшафттың негізгі компоненттердің әрекеттестігін интегралды сәулелендіретін топырақ арқылы және айқын байқалады. Себебі жер бедері пішіндердің, климаттың, сулардың, өсімдіктердің және жануарлардың сипаты ауыл шаруашылық әрекеттің нәтижесіне тіке ықпалы бар. Сондықтан топырақты немесе әдебиетте жиі айтылатын «топырақ–климаттық ресурстары» ауыл шаруашылық деп қарастыру бірнеше авторлар бойынша дұрыс емес деп есептейді. А.А.Минц бойынша ауыл шарауашылық ресурстар деп табиғи кешендерді түсінеміз, (ландшафт, мекеннің типтері т.с.с.). Яғни, ауыл шаруашылық ресурстардың бас қасиеттері табиғи территориалдық кешеннің қалыптасу заңдылықтарымен анықталады. Осыған байланысты жерді шаруашылықта пайдаланудың географиялық айыпмашылықтар пайда болады.
Құнарлық немесе биологиялық өнімділік ауыл шаруашылықта пайдаланатын жердің негізгі қасиеті болғандықтан табиғи шарттанған өнімділік деңгейіндегі географиялық айырмашылықтарды анықтау негізгі орын алады.
Жердің бас қасиеті, оны пайдаланудағы әмбебаптылығында. Себебі адамның іс–әрекетінің барлық түрлері жер пайдаланумен байланысты, жер еңбектің предметі және еңбектің жалпы құралы, яғни кез–келген материалдық өндірістің қажетті шарты.
Пайдаланудың белгілі бір түрлері арасында, жер бөлістірудің әлеуметтік, экономикалық факторлармен анықталатын стихиялық немесе жоспарлы механизм қалыптасуының алғы шарттары болып территорияның шектелуімен ауыспаушылығы, оны пайдаланудың көптеген түрлерінің бір–бірін жоққа шығаратындық сипаты болып табылады.
Әдетте, пайдаланатын ауыл шаруашылық дақылдардың түрлері ондай көп емес, себебі дақылдардың түрлері әрбір ауданда экономикалық және басқа да себептер бойынша ауыл шаруашылық бағытымен таңдалады, бірақ уақыт бойы қатты өзгеруі мүмкін. Таралу аймақ шегінде дақылдардың өнімділігіндегі үлкен географиялық айырмашылықтар, осындай таңдауға әсер ететіні негізгі факторлардың бірі. Дақылдардың әртүрлі экологиялық талаптарының себебінен әрбір дақылдың өнімділігінің айырмашылық сипаты ерекше болады.
Жердің әрбір түрінің өнімділігінің айырмашылығына, онда егілетін жеке бір дақыл егудің экологиялық тиімділігі, сонымен бірге жалпы ауыл шаруашылық өндірістің тиімділігі тәуелді.
Оңтүстік Қазақстан облысы агротермикалық ресурстарға өте бай, сондықтан мемлекеттік деңгейде облыстың жер ресустары маңызды рөл атқарады, бірақ су ресурстардың тапшылығы жер ресурстарын пайдалануын шектейді. Сонымен бірге жер ресурстарының географиясына басқа да табиғи компоненттердің ықпалы бар.
ІІ тарау. Жер ресурстарын қалыптастыратын компоненттер
ІІ. 1 Жер бедері және геологиялық түзілісі
Оңтүстік Қазақстан облысы территориясының басым бөлігі Тұран плитасында орналасқан, оңтүстік шығыста Өгем жотасы арқылы Өзбекстанмен шектеседі (облыстың ең оңтүстік шығыснда Қырғызстанмен аз ғана қашықтықта шекараласады). Оңтүстік батыста, Қызылқұм бойы Өзбекстанмен шекара жалғасады. Облыс, батыста Қызылқұм, Сырдария орта ағысы бойы, Қаратау, Бетпақдала арқылы Қызылорда облысы шекаралас. Солтүстікте Бетпақдала арқылы Қарағанды облысымен шекаралас болады, ал шығыста Қаратау мен Мойынқұм бойынша шекара Жамбыл облысымен өтеді. Облыстың ортасын оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа қарай Қаратау жотасы кесіп өтеді. Өгем және Қаратау Батыс Тянь – Шань тауларының бөліктері. Облыс шегіндегі Тұран ойпаты сазды Бетпақдала, құмды Мойынқұм мен Қызылқұм шөлдеріне және Сырдария бойы тауалды шөлейт жазыққа бөлінеді.
Бетпақдала борпылдақ қабат – қабат орналасқан мезозой және палеоген тау жыныстарынан құрылған жазықтық, оның орташа биіктігі 300 м. Жазық үстінде басым теңіздік және континенттіғк палеогендік шөгінділер – құм, құмтас, ұсақ жұмыртас, саз. Жазықтық кеңістерде сор жерлермен тұйық ойыстармен және ағынсыз төмен жерлермен кезектеседі.
Мойынқұм құмды шөлі Шу синеклизасының басым бөлігін алып жатыр, ол Тянь – Шань тау алды еңкіс жазықтар ойпаттың жазықтарына өтпелі болып табылады.
Мойынқұм шөлінің жер бедері негізінен эолды – төбелі және тізбекті құм. Кейбір жерлерде эол жер бедері астынан аңғар тәріздес және ежелгі террассалар сатыларының жар сияқты қия беттер түріндегі су тектес ежелгі пішіндер көріністе болады.
Облыстың оңтүстік батысын Қызылқұмның солтүстік шығысы алып жатыр. Мұнда эолды құм жер бедері басым. Құмның астында ежелгі аллювиалдық қабат, ал Сырдария маңында аллювиалды – көлді қабат орналасқан. Аллювиалды және аллювиалды көлді шөгінділерді желмен електеу есебінен эолды құм пайда болған. Шөлдің басым бөлігінде құм өсімдіктермен бекітілген. Тізбекті және төбелі жер бедері қалыптасқан кейбір жерде барханды құм төбелер кездееді.
Қаратаудың Оңтүстік беткейі мен Сырдария өзенінің арасындағы облыстың территориясы Сырдарияның аллювиалдық және оның оң салаларының аллювиалдықпен пролювиалдық шөгінділерінен пайда болған. Бұл тау алды жазықтық сайларымен тілімделген және сынық шөгінділерімен құрылған. Мұнда, еспе сулары салыстырмалы тұщы, ол Сырдария өзеніне қарай жылжыған сайын еспе сулар тұздалады.
Қаратау – орта биікті таулар, оның ең биік жері Бессаз (Мыңжылқы шыңы – 2176 м) негізінен Қаратау кембрийалды және палеозойдың дислокацияланған қабаттарынан құралған. Ал оның тау алды мезозой, палеоген және неоген жастағы горизонтальды орналасатын шөгінділерден қалыптасқан.
Қаратау 5-6 балдық сеисмикалық белдеуде орналасқан. Қазіргі тектоникалық қозғалыстар өте белсенді, мұндай белсенділік, +12 мм жылына, шоқпақ асуда, қайта геодезикалық нивелировка арқылы байқалды (Чупахин, 1968).
Қаратау жотасы басым жерінде ассиметриялық болып келеді. Оңтүстік тау алдының үстіртті бері солтүстікке қарай жазықта болатын қырқаға айналады. Су айрық беі бор және эоцент, трангрессиялар кезінде жемірілген денудациялық жазықтық болып келеді.
....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Жер ресурстарын қалыптастыратын табиғи компонеттер курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар география жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Жер ресурстарын қалыптастыратын табиғи компонеттер курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар геогр, Курстық жұмыс: География | Жер ресурстарын қалыптастыратын табиғи компонеттер дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін