География | Іле ойысының географиялық орыны

 География | Іле ойысының географиялық орыны

Мазмұны
Кіріспе..........................................................................................................................3
1. Іле ойысының географиялық орыны. геотектоникалық құрылысы
1.1 Іле ойысының физикалық-географиялық орыны. Зерттелу тарихы......6
1.2 Іле ойысының геолотектоникалық құрылысы.........................................9
1.3 Іле ойысының жер бедерінің геомофологиялық типтері.....................12

2. Іле ойысының климаты мен органикалық дүниесі
2.1 Іле ойысының климаты мен ішкі сулары................................................19

2.2 Іле ойысының топырағы мен органикалық дүниесі ....................................22

2..3 Іле ойысының антропогендік ландшафтлары....................................................24

Қорытынды........................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................................27


1. Іле ойысының географиялық орыны. геотектоникалық құрылысы
1.1 Іле ойысының физикалық-географиялық орыны. Зерттелу тарихы

Іле ойысының физикалық-географиялық орыны. Іле ойысы – Жетісу Алатауы, Іле Алатауы,Ұзынқара және Шу-Іле тауларының аралығында ендік бағытта созылып жатқан кең көлемді тау аралық тектоникалық ойыс. Ойыс батысында биік емес Қапшағай горстына (776 м) келіп тіреледі. Бұл горст ойысты Балқаш ойысынан бөліп тұрады және Жоңғар Алатауын Шу - Іле тауларымен қосады. Ал, шығысында Қытай террриториясына кіріп Талкин және Чапчаль жоталарына дейін созылған.
Барлық жоталар, сонымен қатар Қапшағай горсты беткейлерімен Іле ойысына қарайды, олар жер бедерінде тік беткейлермен кемерлер түрінде көрінетін жарылу сызықтармен шектелген.
Ойыстың таумен көмкерілген жағалаулары полеозойдың күрдслі дислокацияланған массивті кристаллды жыныстарынан тұрады.
Іле өзенінің оң жағалауындағы Қалқан және Ақтау тауларында көрінеді. Іле ойысының басқа аумақтары ұзақ тектоникалық майысуды дәлелдейтін мезозой -
кайнозойдың шөгінді жыныстарымен борпылдақ шөгінділерінен тұрады.
Іле ойысын Солтүстік-шығысын мен шығысында герцин қатпарлы белдеуіне жататын Жетісу Алатауы, Ұзынқара таулары, оңтүстігі мен оңтүстік-батысында каледон қатпарлығында түзілген Іле Алатауы Шу-Іле тауларымен шектеседі. Географиялық орынының ерекшеліктеріне сай Іле ойысының өзіне ғана тән ерекшеліктері бар.Олар:
• Материктің ішкі бөлігіндегі 43-450 с.е. аралығындағы орынының;
• дүние жүзілік мұхиттан бірнеше мың шақырым қашықта орналасуы;
• оңтүстігі мен солтүстігінен биік таулы белдеулердің қоршап жатуына байланысты ауа массаларының трансфориациялануына сәйкес климатының аридтілігі мен жауын-шашынның аздығы;
• Тропиктік жоғарғы қысымды белдудің солтүстік шетімен Воекоов білігінің оңтүстік бөлігі арқылы өтуінің климатының шұғыл континентігін арттыруы;
• транзитті Сырдария мен Амудариядан басқа өзен торларының болмауы;
• Құрғақ дала және шөл зоналарына тән өсімдіктермен жануарлар дүниесінің таралуы.
Іле ойысының жоғарыда аталған ерекшеліктері климаты мен табиғатының барлық компоненттерінің қалыптасуына тікелей әсеретеді.
Іле ойысының ортасында Қапшағай су қоймасыі орналасқан біртұтас ірі ағынсыз тұйық аймақ болып табылады. Жербедерінің ерекшеліктеріне сай жа- жағын қоршап жатқан таулардан орасан зор мөлшерде бос жыныстары шөгеді. Ағынсыз тұйық алқапқа жатуымен теріс радиациялық баланс жағдайнда көп мөлшердегі тұздың жинақталуы үрдісінің жүруі байқалады.Географиялық орынымен климатының ерекшеліктеріне сай Евразияның қоңыржай белдеудегі ең аз мөшердегі жауын-шашын жауады. (150- 200 мм. шамасында) тұтастай алғанда тұран жазығының табиғатына аридтілік тән осыған орай шөлдерде жыл бойы ашық күнді құрғақ ауарайы басым болып, жербедерін түзуде желмен температураның әсерінен жүретін физикалық үгілулер жетекшіл орын алады./3/
Іле ойысының физикалық-геоеграфиялық тұрғыдан зерттеу тарихы. Іле ойысы туралы алғашқы тарихи жазба деректер ежелгі грек ғалымдары Герадоттың, ортағасырдағы араб саяхатшылары Аль-Идриси мен Аль-Истрахидің, Абдулафтың еңбектерінде кездеседі.
XlX ғасырдың 50-60 жылдарынан бастап Іле ойысының табиғатын кешенді оқып үйрену мәселелеріне баса назар аударылып арнайы ғылыми экпедиция ұйымдастырыла бастады. Осы кезеңде Іле ойысын П.П. Семенов – Тяншаньский, Ш.Ш. Уалиханов басқада ғалымдар зерттеді.
1873, 1874, 1875 жылдары Орыс география қоғамы ұйымдастырған экспедицияға Мушкетов басшылық жасады.Зерттеу нәтижесінде аумақтың геологиялық құрылысы, пайдалы қазбалары жөнінде маңызды деректер жиналды. . 1925 жылы Қарақұмдағы күкіртті төбелерді зерттеу жұмыстарын белгілі геолог А.Е.Ферсман мен Д.И.Щербаковтың экспедициясы жүргізді. Іле ойысының табиғатымен табиғат байлықтарын Ұлы Отан соғысына дейін белгілі ғалымдар Б.А.Федорович, И.П.Герашмов, А.Г.Доскач, С.Ю.Гемер, А.Е.Ферсман, Д.И.Щ.рбаков, А.С.Кель, В.Н.Кунин, Е.В.Лобова, Э.М.Мурзаев, М.К.Граве зерттеді.
Қазіргі кезенде Іле ойысының табиғат жағдайлары мен байлықтары біршама жақсы зерттелген

1.2 Іле ойысының геолотектоникалық құрылысы

Пермь кезеңінен бастап Іле ойысында негізінен өте тығыз тұнбалық жыныстар дамыған.
Пермьдік жүйе Іле ойысының ең шеткі шығыс бөлігіндегі ҚХР
шектескен мемлекеттік шекара маңындағы терең бақылау
скважиналарының кесінді бөліктерінде ғана көрсетілген. Бұл жүйенің төменгі бөлігі эффузивтік тұнбалық түзілістерден яғни порфирмдерден, туфоқүмтастардан, туфокүлдерден құралған. Олар скважиналарда аралығындағы тереңдіктерде байқалған.
Триас жүйесінің тек қана жоғарғы бөлігі ғана анықталған. Бұл шөгінділер кең таралмаған және олар тек қана ойыстың Құлжат ауданындағы аймағында, сондай-ақ Кетмен өзенінің солтүстік баурайында ғана байқалған. Бұл жерлерде жұмыр тастар және түрлі түсті батпақтар түрінде таралған. Жалпы қалындығы 170 м- ге жуық.
Юралық шөгінділердің беткейлік анықталуы жалпы Іле ойпатында атап айтқанда оңтүстік және солтүстік бөліктерінде, тау бөктерлерінде біздің елімізде анықталмаған.Іле ойысының орталық бөлігінде Іле өзенінің оң жағалауында юралық шөгінділер анықталған. Бұл жердегі юралық шөгіділер сұр құмтастардан, сазтастардан және көмір, сланец қабаттары бар құмдақтардан тұрады.Мураковский кезіндегі споралар мен тозаңдарды зерттей келіп, бұл кесіндідегі юралық тұнбаларды төменгі юралық (қалындығы 308 м) және орта юралық (қалындығы 227 м) деп шартты түрде бөлген. Олардың аралығы литологиялық монотондық пен төменгі бөліктен ортаңғы бөлікке споралар мен тозандар комплексінің біртіндеп өтуі себепті нақты анықталмаған. Триастық шөгінділерге қарағанда юралық шөгінділер қалындығының екі есе көп болуы юра кезеңінде Іле ойысының орталық бөлігіне көп салмақ түскендігін көрсетеді /15/.
Жоғарғы бор шөгінділері Іле ойысының шығыс және батыс бөлігінде де анықталған. Жер бетінде табиғи шығулар ойысты көмкеретін немесе оның аумағьшдағы аласа көтерурілулер де байқалады. Кіші қалқан тауларының батыс бөліктерінде бор шөгінділері кварцтық құмдардан, өзіне тән сирек түйіртпектері бар малтатастардан, динозаврлардың бөлшектенген сүйектерінен тұрады.
Іле ойпатының шығыс болігінде жоғарғы бор шөгінділері тек қана бұрғылау арқылы терең скважиналарда кездеседі.
Неогендік кезенде Іле ойысында түйіртпекті жыныстардың көп бөлігі жиналмаған. Бұл құбылыс Қазақстанның оңтүстік және Оңтүстік батыс бөлігіндегі барлық тау бөктеріндегі үстірттерге тән, бұл жерлерде неогендік тұнбалар қалындығы 200-1750 м. Мұндай қалың тұнбалар өте үлкен аудандарда тараған яғни неогендік кезеңде құрғақ жерлерден түйіртпекті массалар көшкен. Бұл әсіресе таулы үстірттерде болған құбылыс.
Неогендік кезеңде Іле және Жоңғар Алатауы етегінде, көл тәріздес су қоймаларьшда континенталдық режим және үстірттердің біртіндеп кетерілу жағдайларьшда көл балшықтары, тасты гипс және мергель линзалары, делювиалдық жұмыртас ерекше жиналған. Неогенге 1900 м қабатты да жатқызуға болады. Олар негізінен құм және балшықтармен алмасып отыратын ұсақ дәнді тұнбалардан тұрады, төменгі бөлігінде балшықтар қоңыр түсті, жоғарғы белігінде жасыл және сұр түс болып араласып кеткен.
Іле ойысының төрттік шөгінділер мен кезеңдегі геологиялық тарихы, төрттік шегінділер мен Іле және Жоңгар Алатауларының қазіргі жер бедерінің түзілуінің геологиялық тарихымен тығыз байланысты. Бұл үстірттердің геологиялық тарихындағы манызды құбылыстар болып тектоникалық процесстер және процесстер алмасуын туғызушы климаттық өзгерістер эрозия, аккумуляция процесстері есептеледі.
Үзілмелі тектоникалық көтерілулер және төрттік кезендегі дислокацияның дезюнктивтік ойпаты үстірттер және олардың бөктерлерінің құрылымдық геоморфологиялық мүшеленуіне алып келеді. Жайылма үстілік террасалар түзілеіін жазықтар пайда болған жоқ.
Климаттық өзгерістердің негізгі көрінісі үстірттерді 4 рет мұз басу (бірінші -шабындық, екінші жартылай шабындық, және екі алқаптық) және соған сәйкес мұз басу және аралық ғасырларының кезектесуінен байқалады. Үстірттер үшін мұз басу ғасырлары аккумуляция кезеңдері болып, ал мұз басу аралық ғасырлары- шайылу этаптары болып табылады.
Іле Алатауы және Іле ойысының төрттік кезеңдегі тарихын басты төрт аккумулятивтік этаптарға бөлуге болады:
I. Аккумулятивтік кезендер, алғашқы екі мұз басу уақытымен (шабындық және жартылай шабындық) және бірінші мұз басу аралық ғасырмен тығыз байланысты. Бұл кезеңге теңіздік және флювиогияциалдық дөңбектасты - малтатасты нашар іріктелген және нашар сомдалған шөгінділер тән, оларды лесс және лесс төріздес саз топырақтар басқан.
II. Екінші аккумулятивтік кезең екінші мұз басу аралық ғасырмен және үшінші мұз басу уақытымен байланысты. Бұл уақытқа флювиогияциондық жақсы іріктеліп, жақсы сомдалған дөңбектасты малтатасты шөгінділер тән, оларда лесс және лесс тәріздес саз топырақтармен көмкерілген. Олар Іле ойысы жазықтарында кездеседі және де екінші кезеңге екінші жайылма үстілік террасалардағышөгінділер сай келеді.
III. Үшіншілік этап үшінші мұз басу аралығы мен төртінші мұзбасу уақытына байланысты. Бұл кезеңге флювиогияциондық нашар іріктелген ысырынды конустарындағы дөңбектасты-малтатасты шөгінділер, олар морфологиялық белгіленген және анықталған этапта ысырынды конустарының ұшар бөліктерін қалдықтармен көмкереді.
IV. Төртінші этап, мұз басу аралығынан бастап мұз басу ғасырымен аяқталады. Іле ойысы аумағында әрбір мұз басу аралық ғасырының басында тауларда мұздар қарқынды еру нәтижесінде өзендер өте күшті ағынға ие болып ысырыңды конустарында қалың дөңбектасты-малтатастар, ал гипсометриялық төмен түрде жазықтарда құм және ұсақ малтатасты шөгіндер жиналады.
Аталған аккумулятивтік кезендерге сәйкес Іле ойысындағы барлық төрттік шегінділер қабаттан төрт бөлікке белуге болады: 1. ежелгі; 2. ортаңғы; 3. жоғарғы; 4. қазіргі.

1.3 Іле ойысының жер бедерінің геомофологиялық типтері

Іле ойысын қоршап тұрған Іле және Жоңғар Алатаулары ойысқа өте үлкен сатылар түріндегі сатылы жылжымалар мен кертпештер есебінен еңістейді. Жекелеген сатылар жер бедерінің түрлі типтерімен сипатталатын вертикалдық аймақтықпен тығыз байланысты. Аймақтын жалпы орографиялық кескінінде Іле ойысының жазықтары айқын бейнеленген, орта есеппен теңіз деңгейінен 800 м төмен орналасқан төменгі немесе жазықтық қанаттан тұрады.
Жазық аумағында екі геоморфодогиялық аймақтар белгіленеді:
1. ысырынды конустар аймағы
2. тау бөктеріндегі аккумулятивтік жазық аймағы.
Сулы аккумулятивтік жер бедері. Ысырынды конустар аймағы. Тау сағаларында, Іле ойысында өтетін өзендер және ұсақ өзендердің көп бөлігінде, қоршаған таулар мен Іле Алатауының Кетмен өзенінің солтүстік баурайындағы үстірттерде, веер тәріздес кеңейтін, жігі кірігіп кететін және ойыстың барлық тау көтерілулер етегінде үлкен шлейф түзейтін ысырынды конустар орналасқан.
Ысырынды конустар тау бектеріндегі жазықтың ең биік және тік құлама бөлігі болып табылады. Іле Алатауының етегіндегі, Іле өзенінің сол жақ жағалауындағы ысырынды конустар аймағының абсолюттік биіктігі 700-800 м, орташа еңістенуі 3°, Жоңғар Алатауының етегіндегі, Іленің оң жақ жағасындағы шығару конустарының келбеті мүлде бөлек, бұл жерде абсолюттік биіктік 600 м-ден 1400 м-ге дейін төмендейді, бұл біршама құрғақ климаттық жағдайлармен және оң жақ жағалаудың біршама жоғары гипсометриялық жағдаймен байланысты. Бұл жерде сонымен бірге беткейдің еңістенуі де сол жақ жағалауға қарағанда артық.
Айтарлықтай ежелгі ысырынды конустар өте күшті су шаюға ұшыраған және қазіргі кездегі конустар астынан бой көтерген, терраса тәрізді беттер түрінде сақталған, олар төменгі прилавкалар деген атпен белгілі. Қазіргі ысырынды конустардағы шөгінділер өз кезінде жаңа төрттік кезенде салынған және біршама ежелгілермен салыстырғанда алға жылжыған, осы көрінісі бойынша су және дельтаң миграцияларын бақылауға болады.
Ысырынды конустар аталған аймақта өзіндік және жалғыз ғана рельеф типін құрайды. Ірі конустар дамыған жерде бұл сүйрелме сәл доңесті жазық Дерлік жер бедеріне ие, ал кішкене және кірікпейтін ысырынды конустар дамыған жерде сүйрелмелер ірі толқынды, дөңес, бет көрінісі қарапайым бөктер түрінде ие, аласарулармен, кейде ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!