Экология | Қазақстанның отын энергетикалық қорлары

Қазақстанның отын – энергетикалық қорлары өте мол, қазақстанда мұнай, табиғи газ, көмір, ағаш отын, шымтезек және жанатын тақтатастың мол қоры бар.
Көмір. Қазақстан жерінде көмірдің мол кендері орналасқан. Қазірдің өзінде төрт жүзден астам кен орындары ашылып, олардың есептелген көмір қоры 162 млрд. т-дан асып отыр.
Кеңес дәуірі тұсында Қазақстанда жүздеген көмір кендері ашылды, олардың көпшілігі Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Семей және Шығыс Қазақстан сияқты ауыр өнеркәсібі дамыған облыстардың жерлерінде орналасқан.
Республикамыздың негізгі көмір орталығы — Қарағанды. Кен орнының басты ерекшелігі — онда металлургия, химия өндірісіне қажетті кокс көмірінің едәуір қоры бар.
Карағанды бассейнінің алып жатқан аумағы мың шаршы километр, ал оның көмір қоры 52 млрд. т-дан асады. Кен орнында қырықтан астам бүгінгі күннің техникасымен жабдықталған шахталар жұмыс істейді. Олар тәулігіне мыңдаған тонна кокс және энергетикалық көмір түрлерін өндіреді. Қарағанды көмірімен Қазақстаң Магниткасы, Магнитогорск, Орск-Халиловск металлургия комбинаттары, Ақтөбе ферробалқу заводы, Жезқазған және Балқаш мыс қорыту комбинаттары, Орал, Орта Азия мен Қазақстанның көптеген жылу электр станциялары жұмыс істейді.
Еліміздің энергетикалық отын қорларын сөз еткенде, біз ең алдымен Екібастұз көмір бассейнін атаймыз. Оның алып жатқан, аумағы аса үлкен болмағанымен (120 км2), көмір қоры жағынан ол Франция мен Бельгия сияқты елдердің көмір қорынан әлдеқайда көп. Мұнда көмір қабаттары жер бетіне жақын орналасып, қалыңдығы 100—120 м-ге дейін жетеді, ал жалпы көмір қоры 10 млрд. т шамасында. Сондықтан да Екібастұзда өндірілетін энергетикалық көмір ашық тәсілмен (карьер) алынады, оның әрбір тоннасының құны шахталарда ендірілетін көмірден екі-үш есе арзан. ....
Рефераттар
Толық

География | Батыс Қазақстан экологиясы мен географиясы

Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.
1992 ж. табиғатты қорғау жөніндегі облыстық мемлекеттік комитет негізінде құрылды. Ол комитет 1991-92 ж. “Экология және табиғатты пайдалану жөніндегі облыстық комитет” деп аталды. Экология және биоресурстар жөніндегі облыстық басқарманың негізгі міндеті-облыста табиғатты қорғау жөнінде, бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, табиғи ресурстарды пайдалану және оларды қалпына келтіруді реттеп отыру; облыс ауқымындағы табиғатты қорғау жұмыстарын үйлестіру, “Қазақстан Республикасындағы қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі” заң талаптарының сақталуын ұйымдастыру және бақылау. Қоршаған ортаның күйіне және оның өндіріс пен адамдардың тұрмыс-тіршілігіне әсерін талдау үшін 1993 ж. сәуір айында облыста экология мәселелеріне арналған тұңғыш кеңес өтті.
Климаты. Облыс аумағындағы ғасырлар бойы үстем болған табиғи құбылыстардың әсерінен тым континенттік климат басым қалыптасқан және бұл сипат солтүстік-батыстан оңтүстік–шығысқа қарай күшейе түседі. Континенттік климат нәтижесінде күн мен түн, қыс пен жаздағы ауа райының шұғыл қарама–қарсылығы байқалып, қыс маусымы жазға тез ауысады. Бүкіл облыс жері үшін атмосфералық жауыш–шашынның тұрақты болмауы мен тапшылығы, қар жамылғысының жұқалығы мен ашық далада ұлпа қардың жел екпінімен ұйытқып ұшып кетуі, ауа мен топырақтың тым құрғақтылығы, бүкіл вегетациялық (өніп-өсу) кезеңінің өн бойында жер бетіне тікелей күн жарығының өте көп түсуі және топырақтың қарқынды булануы тән. Қысы суық, көбіне бұлтты, бұлыңғыр, бірақ қысқа, ал жаз ыстық және әжептәуір ұзақ болады. ....
Рефераттар
Толық

Жануартану | Бақанас орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде ондатрдың таралу ареалы және оның санына әсер ететін факторлар

Жұмыстың өзектілігі – Ондатра дене тұрқы 35 см, құйрығының ұзындығы 28 см шамасында, салмағы 1,5 кг, құрлықта да, суда да тіршілік етуге бейімделген аң. Мойны қысқа, артқы аяқтарының саусақтарында жүзу жарғақтары бар. Құйрығы ұзын, суда жүзген кезінде денесін бағыттап отырады. Түгі қалың әрі тығыз, қою қоңыр түстен кейде ашық қара түсті де болады. Ұйығып шағылысу кезінде аталықтарының шап безінен мускус (жұпарзат) зат бөлінеді.
Ондатрлардың негізгі отаны – Солтүстік Америка. Қазақстанға 1935 жылы әкелініп, Сырдария және Іле өзендерінің бойына (570-тей дарабасы) жіберілді. Қазіргі таңда Республикамыздың барлық өзен-көлдерінде 950 мыңдай Ондатралар мекендейді деген ұғым бар (2005). Бұл кеміргіштер өзен жағасы биіктеу болса, иірлендіріп ін қазады, керісінше аласа, батпақты келсе, үйшік салады.
Ондатрды Қазақстан суларына жерсіндіру табысты аяқталды. Өмір сүруіне қолайлы жағдайда тап болған аңдар тез көбейіп, біздің суларымызда оның саны артты. Соның нәтижесінде 1943-1944 жылдары Қазақстанда 6 жерде: ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Әдебиет | АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ НАЗИРАГӨЙЛІК ДӘСТҮРДІҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖАЙЫ

Әлемдік әдебиеттердің өзара байланысы, түрлі халықтардың көркем сөз өнерінің бір-біріне ықпал-әсерін зерттеу жан-жақты зерттей түсуді қажет етіп отырған көкейкесті мәселе болып отыр. Әсіресе, мұсылмандық Шығыс елдері классикалық поэзиясы мен қисса-хикаяттарының қазақ әдебиетіне жасаған ықпалы ерекше назар аударады. Соңғы жылдары бұл салада бірқатар зерттеулер жарық көрді. Олар: Ө.Күмісбаев, Ш.Сәтбаева, Б.Әбдіғазиев, Н.Келімбетов, [1] т.б. ғалымдардың осы мәселе жөніндегі зерттеулері. Алайда Шығыс әдебиетінің әсері арқылы қазақ көркем сөз өнерінде пайда болған нәзира дәстүрі күні бүгінге дейін кең көлемде, арнайы зерттеу объектісі болған емес десек артық айтқандық емес. Ал қазақтың өзіндік төл әдебиетінің қалыптасуына негіз болған қайнар бастаулардың бірі - Шығыстың классикалық поэзиясы екені мәлім. Шығыстың классикалық поэзиясы өзінің көп ғасырлық тарихы бар нәзира дәстүрі арқылы қазақ әдебиетін тақырып, мазмұн, форма, көріктеу құралдары, стиль және тілдік жағынан едәуір байытып, сөз өнеріне тың екпін, өзгеше ажар берді. Енді Шығыстың классикалық поэзиясындағы нәзира дәстүрінің тарихына тоқталсақ. Шығыс поэзиясында барша оқырман қауымға бұрыннан мәлім болған белгілі бір сюжетті бірнеше ақын өзара жарысып, шеберлік сынасып жырлай беретін болған. Осылайша аға буын жырлап кеткен тақырыпты кейінгі толқын інілер қайта жырлап, көркем әдебиетке тың туындылар әкелетін дәстүр бар. Шығыс поэзиясында осылайша ақындар бір-біріне өз шеберлігін танытатындай туындылар жазу арқылы жауап («жауап»-арабша «нәзира», ал парсы тілінде - «татаббу» деп аталады) беріп отырған. Шығыстың ұлы шайырлары мұндай туындыларды ешқашанда аударма деп те, еліктеу деп те танымаған.
Абай және Шығыс классиктерінің әдеби-творчестволық байланысын сөз еткенде нақтылы зерттеу нысанасына алынбай келе жатқан күрделі де өзекті тақырыптың бірі Абай шығармаларындағы Шығыстық белгілердің бір тармағы болған нәзирагөйлікке келіп тіреледі. Бұл жөнінде де алғаш рет абайтану тарихында, Мұхтар Әуезов зерттеулерінде ғана қолға алынып, пікір сабақталды. Ақындар нәзиргөйлікті өз жанына ұялап, ойына қозғау салған келелі мұрат - мақсаттарын уақыт талабына орай қайта жырлап берудің әдеби тәсілі ретінде пайдаланып отырған. Бұл әдіс ақын ойын, мақсат -мүддесін жырлауға икемді әрі өтімді болуы себепті, жалпы Шығыс поэзиясы тарихында ерекше орын алатын тұрақты дәстүрге тікелей байланысты туындап отырған.....
Рефераттар
Толық

Тетраэдр және параллелепипед (Геометрия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі параллельдік.
Сабақ тақырыбы: Тетраэдр және параллелепипед
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.1 тетраэдр және параллелепипедтің анықтамасын білу, тетраэдр мен параллелепипедтің және оның элементтерін кескіндей алу.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- тетраэдра мен параллелепипедтің анықтамасын біледі;
- тетраэдр мен параллелепипедтің және оның элементтерін кескіндейді. .....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

География | Алматы қорығының географиялық орны шекаралары

Алматы қорғы Іле Алатауымен төрінен орын тепкен Алматы мемлекеттік қорығын Оңтүстік астанамыздан небары 25 км. қашықтықта жатыр. Бұл қорық 1931 жылы 6 мамырда құрылған.
Жер көлемі 89,5 мың гектар. Қорық жерінде табиғаттың барлық белдеулері анық байқалады. Мұнда аптабы ыстығы шөп даланы да, тынық орманды белдеуді де және мәңгілік мұз болған туындраны да кездестіруге болады. Осыған байланысты қорық жеріндегі өсетін өсімдіктер мен мекендейтін хайуанаттар дүниесі түр жағынан бай келеді. Мәселен, қорық аймағында жоғары сатыдағы өсімдіктердің 590 түрі, мүктердің 107 түрі, (өседі) қынаның 77 түрі және саңырауқұлақтардың 190-ға жуық түрі өседі. Ал, құстардың 170 түрі, сүтқорекілердің, бауырмен жорғалаушылардың 20-ға жуық түрі қорықтық хайуанаттар дүниесін құрайды. Олардың қоры да әркелкі. Кәсіптік маңызы бар аңдардың қорықта: еліктің 500 басы, 300 қабан, мыңға жуық арқар, 60 мың марал, 40 аю және санаулы қасқыр тіршілік етеді. Қоры тым аз болғандықтан сиреп кеткен аң мен құс түрлері де аз емес. Алматы қорығында халықаралық табиғат одағының «Қызыл кітабында» жойылып кету қапі бар аң ретінде тіркелген барыс, қарақұйрық мекендейді. ТМД және республикасының «Қызыл кітапқа» тіркелгендерден –ақ тырнақты аю, арқар, сілеусін, сабаншы, шұбар күзен, бүркіт сияқты хайуанаттар қорық жерін қоныстанса, осы аймақта өсімдіктер дүниесінің-Мушкетов түйесіңірі, Сиверс .............ашинасы, Остравский қызғалдағы сияқты өкілдері өте сирек кездеседі.....
Курстық жұмыстар
Толық

Болат Ұзақов Қасымжанұлы (1962 жылы 25 қараша)

Болат Қасымжанұлы Ұзақов (1962 жылы 25 қарашада Алматы облысы Шелек ауданында туған) — актер, театр режиссері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009). Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының қоюшы - режиссері.
Болат Қасымжанұлы 1962 жылы 25 қарашада Алматы облысы Шелек ауданы Масақ ауылында дүниеге келген.
1980 - 1984 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы Мемлекеттік театр-көркемсурет институты)ның «Театр» факультетін Қазақ КСР халық артисі, профессор Асқар Тоқпанов пен КСРО халық артисттері Ыдырыс Ноғайбаев және Фарида Шәріпованың классын бітірген.
1994 - 1997 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Драма режиссері» мамандығы бойынша ҚР халық артисі, профессор Маман Байсеркенов пен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәулебек Асылхановтың классын бітірген.
1984 - 1997 жылдары Бикен Римова атындағы театрдың актері әрі қоюшы - режиссері болды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Зульфия Габидуллина Раухатовна

Зульфия Раухатовна Габидуллина – қазақстандық спортшы, жүзу бойынша халқаралық класстағы Қазақстан Республикасының спорт шебері

1965 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1971 жылы жол апатына ұшырап, омыртқабас, қол және аяқ жарақатын алған.
2013-2015 жылдардағы әлем чемпионаттарының күміс және 3 мәрте қола жүлдегері, Бүкіләлемдік ойындардың бернеше мәрте жеңімпазы, әлемнің 12-мәрте рекордсмені.

Рио-де-Жанейрода өткен Паралимпиялық жазғы ойындарда 100 метр қашықтыққа еркін стильмен жүзуден Қазақстанға алғашқы алтын медалді әкелді.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Информатика | Графикалық ақпаратты экран терминалына шығару

EGA графикалық адаптер бұл екі графикалық беттің рұқсат етілген 640x350 түсті пикселді сақтаумен және бейнелеумен қамтамасыз етеді. Адаптер 64 түспен қамтамасыз етілген, бірақ экран бетіндегі бейнелер 16 түсті құрайды және олар оңай өзгереді. Машина іске қосылғанда стандартты палитра құрылады.
Барлық экрандағы фонды түс әртүрлі 16 түсті қабылдай береді және екі жақтағы беттің фоны бір уақытта өзгеріп отырады. Фонды түсті өзгертуге болады және ол экран бетіне шығарылған бейнені қозғамайды.
Еркін бейнелерден басқа, экран бетіне графикалық режимдегі мәтіндік ақпаратты әртүрлі DOS және BIOS функцияларын пайдаланып, экранға жолды символдарды шығаруға болады. Мысалы: INT 21h функциясы 40h немесе 09h функциялары арқылы, INT 10 функциясы 09h немесе 0Ah функцилары арқылы шығарады және т.б. функциялары арқылы шығарылады. Экрандағы жолды позициялау үшін BIOS драйверінің 02h функциясын пайдаланылады. Ол курсордың мәтіндік координаттарының орын орнатады және графикалық режимде шығарылмайды. Сондай-ақ экран бетіне шығарылған символдар графикалық және мәтіндік режим дәл сол орынға түседі. Мәтіндік жолға графикалық координаттың белгісімен шығаруға және бағыттарын өзгертуге болмайды. Символдардың кескін үйлесімі (конфигурация) кодты кестеден алынады. Басқа символдардың өлшемін немесе кескін бейнесін шығару үшін кодты кестені сәйкестендіріп дайындау керек немесе символды қолмен салу қажет. Кең көлемдегі белгіленген көптеген қолдаңбалы програмалардың
(TURBO PASCAL-дің графикалық жүйелері және PAINT BRUSH графикалық редакторы ) осындай тәсілдері бар.
Графикалық бейнелерді програмалау кезінде BIOS видеодрайверінің функциясын пайдалануға болады. Олар төмендегідей:
00h- видеорежимді орнату;
05h- видеопарақтарды орнату;
0ch- пикселді шығару;
0fh- видеорежимді алу;
10h, функция асты 00h- реңдік регистрді орнату;
10h, функция асты 01h- экрандағы шеткі түсті орнату;
10h, функция асты 02h- түрлі түсті регистрдің палитрасын орнату;
11h, функция асты 21h- графикалық режимде пайдаланушының кесте шрифтімен толтыру. Осы аталғандардан басқа көптеген шектеулі функциялар пайдаланылады.(мысалы графикалық позициядағы пикселді оқу)
00h функциясы видеожүие режиміне ауысып, қосуға рұқсат береді. Көлемі 256кб видеобуферлі EGA адаптерінін мәтіндік режимдегі коды- 03, ал графикалық режимдегі коды-10h. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Құқық | АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ТАРАПТАРЫ

Туған еліміз Қазақстанның тәуелсіздік алып, әлемде тәуелсіздіктің дәлелі ретінде алтын бедері бар көк байрақтың желпілдегеніне де міне 15 жыл толайын деп қалды.
Осы уақыт ішінде мемлекетіміздің өсіп, дамуына аз шаралар жасалған жоқ. Заң мәселесі де бұдан шет қалмақ емес. Жаңа саяси-құқықтық жағдайға байланысты көптеген заңдар, кодекстер қабылданды. Бұл жерде ерекше атап өтетін жағдай — 1995 жылы 30-тамызда еліміздің Ата заңымыз конституцияның қабылдануы.
Осы конституция негіз болып, еліміздің заң ғылымдары мен заңдамасында көптеген ірі-ірі бастамашылық идеялар жүзеге асырылды. Азаматтық істер жүргізу қүқығы да осы тізімнен белді орын алғандай. 1999 жылы 13-шілде күні Қазақстан Респуликасының Азаматтық Істер Жүргізу Кодексі қабылданды. Бұл кодексте азаматтық істер жүргізу мәселесіне қатысты барлық жағдайлар көрініс таптық десек, артық айтпағанымыз болар.
Бұл бітіру жұмысында қарастырылып отырған мәселе — тараптар. Азаматтық процессте іске қатысушы түлғалардың ішінде тараптардың ерекше орынға ие екені даусыз жайт.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тыныстың жіті жетіспеушілігі

Тыныстың жіті жетіспеушілігі деп, сыртқы тыныс аппараты қызметінің ағзадағы газ алмасу қажеттілігін толық қамтамасыз ете алмауын айтамыз. Осының салдарынан гиперкапния дамиды (артериялық қандағы көмір қышқылының парциалды қысымының жоғарылауы).
Тыныстың жіті жетіспеушілігін (ТЖЖ) механизміне, газ алмасудың бұзылыстарына карай 4 топқа бөледі:
1. ТЖЖ-нің механикалық түрі. Ол тыныс жолдарының жоғарғы бөліктерінін обструкциясына (тілдің тыныс жолдарын бітеп қалуы, жедел эпиглоттит, ларингоспазм, жедел ларинготрахеит, көмей және кеңірдектегі бөгде заттар), төменгі бөліктерінің обструкциясы (жедел эндобронхит, жедел бронхиолит, жүрек жетіспеушілігі, бронхтағы бөгде заттар), қабырғалардың сынуына байланысты.
2. ТЖЖ-нің бөлу-диффузды түрі. Оның дамуы альвеолярлық қабырғалар арқылы газдардың бөлінуі мен диффузиясының бұзылуына байланысты: өкпенің ісінуі, ателектаз, альвеолит, жанармаймен улану.
3. ТЖЖ-нің желдендірулік түрі. Олардың себептеріне: даму ақаулары (кеуде клеткасының деформациясы, көкеттің жарығы), әр-түрлі этиологиялы комалар (бассүйек-ми жарақаты, менингит, энцефалит, уланулар, тыныстың жүйке-бұлшық еттік регуляциясының бұзылуы (тырысу статустары, тырысқақ, полимиелит, полирадикулоневрит), рестриктивті процесстер (құрғақ плеврит, көк еттің ауру сезіміне байланысты қимылының тежелуі, асқазанның мөлшерден тыс толуы, ішектің парезі).
4. ТЖЖ-нің аралас түрі. Бұл тыныстың тоқтауына, ТЖЖ-нің барлық ауыр түріне, өкпенің қабынуына, экссудативті плевритке, пневмотораксқа, пиоторакска, гидроторакска, бөліктік немесе толық өкпе ателсктазына, ФОҚ-мен улануға байланысты. ТЖЖ барлық түрі өршуіне қарай мынадай 3 патогенетикалық сатылардан өтеді: компснсациялык. субкомпенсациялык және декомпенсациялық.
Компенсациялық. Мұнда желдендірулік тыныс жетіспеушілігінде дамитын тыныстық көлемнің біріншілік азаюы тыныстың жиіленуіне (тахипноэ) байланысты толтырылады. ....
Рефераттар
Толық

Ықылас Дүкенұлы

Қазақстанда ысқылы қылқобыз аспаптарда орындау дәстүрі өнері ұлттық бастау алды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында аспаптық музыканың даму кезеңі - майталман қобызшы Ықылас Дүкенұлының шығармашылығымен тікелей байланысты.
Ықылас жеті атасынан қобызшылар әулиеті атанған Дүкен қобызшының отбасында 1843 жылы дүниеге келді. Оның туып өскен жері казіргі Жаңарқа мен Сарсу ауданына қарасты жерлер. Ықыластың аталары қара қобыздың қасиеті мен сиқырлы – мистикалық үніне қатты сенген.
Олар өз ұрпағының аман - саулығын, өсіп - өрбуін сол құдіретті күшпен байланыстырып, жамандық пен зұлымдылық аталудан сақтап қалушы да қара қобыз деп санаған. Ықыластың күйшілік феноменінің өмірге келгенін негізгі шарттарын дәйектегенімізде, оның түрлі бұлақтан нәр алатындығын анықталды. Ықыластың атақты күйші болуына әкесі Дүкен көп ықпал еткен. Оның тартқан қобызының үні баласының құлағына жас кезінен есте қалған. Демек, Ықыластың арғы тегінде күйші - қобызшы, домбырашы, өнерпаздар көп болған. Жезқазған облысының жерінде Қызылтаудың батыс шалғайына Дүкенұлы Ықыластың ата-қонысы орналасқан екен. Осы Қызылтау сілемінен шыққан күйшілер шоғырының ұлттық мәдениетімізге қосқан үлесі айрықша болып табылады. Бұл өңірдің қүйшілік дәстүрі өзінің бастау тегін тым көнеден бастаған. Бұл дәстүрдегі күйлер, тыңдаушыларға ерекше әсер береді. Күйші ретінде ғажайып дәстүрді Ықылас қобыз тілімен өте әсерлі дамытқан. Осы жерде тұлға ретінде ол рухани тарихымыздың төрінен көрінеді.
Ықылас екі жасынан - ақ ескі қобыздарды сүйретіп, ойыншық қылып ойнаған екен. Үш-төрт жасында от басында қариялар әңгімесінің үстінде атасы, не әкесі қобыз тартса көн шанаққа кішкене алақанын басып, тың тыңдап, зыңылдап шыққан үнге қап жүрген. Ол ел аузындағы «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян-сұлу», «Қамбар батыр», «Мұңылық - Зарлық» жырларына ұйып өскен деген деректер бар. «Сарысуда ұлан жаз бойы жатып алып жырлайтын жыршы Шөже жиі - жиі келген. Шөженің сай сүйікті сырқыратқан шерлі үніне боздаған қобыз үні қосылғанда, бес - алты жастағы Ықылас оны жылап отырып тыңдаған екен.
Кейін есейе келе сол әсердің күші болды ма екен, бір күйін «Қамбар» деп, екінші күйін «Мұңылық - Зарлық» деп тартқан болатын. «Қамбарда» - эпикалық кесек ой бар, «Мұңылық - Зарлық»-тәтті мұңға тұнған лирика» - деп жазады И. Жақанов. ....
Рефераттар
Толық

Дара тұлға № 8 (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Дара тұлға № 8
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру
3.3.4.1* мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекеті туралы нақты сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру
3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау
3.3.3.1* мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, баяндау/сипаттау мәтіндерін анықтау
2.4 Оқыған/ тыңдаған материалды мазмұндау
3.2.4.1* жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді, мұғалімнің көмегімен мәтіннің жанрын анықтайды.
Оқушылардың көпшілігі:
Оқыған мәтін бойынша сұрақтар құрастырады және оған жауап береді, мәтіннің жанрын анықтайды, тірек сөздер арқылы мәтінді мазмұндайды.
Оқушылардың кейбірі:
Мәтіннің мазмұны бойынша нақты сұрақтар қояды, мәтіннің жанрын, түрін ажыратады, мәтінді мазмұндауда оқиға желісін сақтайды. ....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Экономика | Жастар ортасындағы нашақорлық мәні түрлері

Осыдан бірер жыл бұрын есірткілер экзотика сияқты естілген,егер баспасөз бетінде ол туралы жазылса, ол буржуазиялық қоғамның « шіруінің » белгісі ретінде қабылданды. Қазір бұл қасірет қазақ жеріне де келіп жетті. Батыс елдерінде есірткімен күрес бағдарламалары үшін мол қаржы бөлінеді де , олардағы жағдай біршама тұрақтанған, кейбір жерлерде нашақорлардың « қартаюы » байқалып та қалады. Ал Қазақстанда, басқа да ТМД елдерінде керісінше сияқты, нашақорлыққа жастарды тарту, соның ішінде жасөспірімдерді тарту процесі өріс алып келеді.
Нашақорлық XXI ғасырдың қатерлі дертіне айналып отыр. Ол кәрі, жас демейді. Қоғамды іштен ірітіп, дамуына тұсау салады, қылмысты, зорлық пен жемқорлықты тудырады. Мұның бәрі мемлекеттің болашағы – жастардың өміріне сызат түсіреді, елдің өсіп-өркендеуін тежейді. Сондықтан мұндай кеселдің алдын алу және оған қарсы күрес мемлекеттік іс болып табылады. ....
Рефераттар
Толық

Педагогика | Қайта тәрбиелеу және өзін өзі тәрбиелеудің әдісі мен мәні

Қалыптасып келе жатқан оқушы тұлғасы тәрбие субъектісіне айналады.Ол педагогикалык талаптарды орынды белсенді қабылдайды және өзінің сапалық қасиеттерін өзі жетілдіруге тырысады. Өзінің тұлғалық сапарларын өзі жетіл- діру және кемшіліктерін жою мақсатындағы оқушының іс-әрекеті өзін-өзі тәрбиелеу деп аталады.Бұл өзгерістер қоршаған ортамен шын өзара қатынас барысында жүреді.
Өзін-өзі тәрбиелеу оқушы тұлғасын жан- жақты тәрбилеу мен дамытуға ықпал етеді.Мысалы,оқушы дамуы мен қалыптасуына байланысты өзінің тәртібі және мінез-құлқындағы кемшіліктерімен іс-әрекетіндегі сетсіздіктеріне сын көзбен қарап,оларды болдырмаудың тиімді жолдарын іздестіреді.Тұлғаның сапалық қасиеттерінің қалыптасуының шын денгейін есепке алмай жалпылама жүргізілген тәрбие жұмысының салалары тәрбие міндеттерін шешуде кемшілік-тердің орнын толтырады.Педагогикалық талаптарды мойындауға мәжбүр болған оқушы тек сырт көзге ғана тәртібін жөндеген түр білдіреді де,өзінің теріс қасиеттерін жасыра түседі.
Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін басқаруда олардың жас ерекшіліктерін есепке алу керек.Өзін-өзі тәрбиелеу нышандары тіпті кіші мектеп жасындағы оқушылар бойынан байқалады.Мысалы,бастауыш сыныпта оқушылар күшті батыл болғысы келеді,немесе теріс қылықтарына кешірім сұрап жақсы боламын дейді.Бұл олардың өзін өзгертуге,жақсы болуға,түзелуге деген алғашқы ынтасы.....
Рефераттар
Толық

Айгүл Иманбаева Серікқұлқызы (1977 жылы 15 наурыз)

Айгүл Серікқұлқызы Иманбаева (15 наурызда 1977 жылы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Кенен ауылында туған) — эстрада әншісі, актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.

Өмірбаяны
Балалық шағын Жамбыл облысы Қордай ауданы Кенен Әзірбай ауылында өткізген. Орта мектеп кезінен бастап музыкаға жақын болған Айгүл «Баян» класын аяқтап шығады. 1994 - 1998 жылдар арасында Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясын сәтті аяқтап шығады. 1998 жылы Жүсіпбек Елебеков атындағы колледжде ұстаздық қызметіне қабылданады. Және де сол уақыт арасында Ғабит Мүсірепов атындағы академиялық театрға актрисалық қызметіне жұмысқа тұрады. 2001 жылы Хабар арнасындағы «Ұят болмасын» бағдарламасының жүргізушісі әрі келіннің образын алып шығады. 2001 жылы алғаш рет ұйымдастырған Республикалық көлемде өткен әзіл ысқақ жарысында әншілерге пародия жасағаны үшін бірінші орынды жеңіп алады.

Театр қабырғасында әр түрлі сарындағы образдарды ойнап үлгерген. «Қыз Жібек» спектакілінде «Жібек» рөлін, «Пай, пай, жас жұбайлар ай» да «Ғазиз» рөлін, Таланған тағдыр» да «Гүлжан» рөлін, «Алма бағы», да «Алма» рөлін «Көгілдір такси», де «Клара» рөлін, «Желтоқсан желі» де «Ақмарал» т.б. рөлдері. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Құдайберген Сұлтанбаев Тәуекелұлы (1947 - 2010)

Құдайберген Тәуекелұлы Сұлтанбаев (1947 жылы Қызылорда облысының Арал ауданы - 2010 жыл) - актер, қоғам қайраткері. Қазақстанның халық әртісі.
Өнердегі жолын 1970 жылы Гүлдер (ансамбль)нде жарық берушіліктен бастаған ол сан қырлы талантымен халықтың сүйікті актеріне айналды. Жас кезінде ауыр атлетикамен, акробатикамен айналысқан.
1974-1992 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік өнер институтының актерлік мамандығын, Абай атындағы Мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.
Мұхтар Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театрының актерлік тобына қабылданып, өмірінің соңына дейін осы театрда қызмет етті. Қара шаңырақ сахнада: Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпанында» Жарас, Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлуында» Жантық, Шыңғыс Айтматовтың «Ана-Жер-Анасында» Майсалбек, «Ғасырдан ұзақ күнінде» Сәбитжан, Оралхан Бөкеевтің «Құлыным меніңінде» Гитарашы жігіт, Асқар Сүлейменовтің «Төрт тақта-жайнамазында» Собес, Әбжәміл Нүрпейісовтің «Қан мен терінде» Тілмаш, Дулат Исабековтің «Әпкесінде» Тимур, Уильям Шекспирдің «Гамлетінде» актер, «Ричард Ш»-де Епископ, Ф.Эрвенің «Түлкі бикешінде» режиссер көмекшісі, Николай Гогольдің «Ревизорында» Бобчинский, С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісінде» Тілші, Е.Уахитовтың «Құдаларында» Әбдісалам, тағы да басқа көптеген толымды бейне сомдады. Актердің соңғы сәтті жаңа жұмысы премьерасы жуырда ғана өткен Ә.Рахимовтің «Қылмыскерге куәлік» спектакліндегі Әкім бейнесі еді. Оның бұл бейнелері қазақ театр тарихынан өзіне лайықты орнын алары анық. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуы 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экология және тұрақты даму
Сабақ тақырыбы: Экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.6.1.3 экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Оқушы:
• Қоректік тізбекте энергия мен заттардың ауысуын талдау;
• Экологиялық пирамидада әрбір деңгейдегі қарым қатынасты орнату.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Оба ауруы

Оба — ауыр түрде уланып, без түйіндері, өкпе және басқа мүшелері ерекше зақымданғаны білінетін жедел жұқпалы ауру.
Ағымы ауыр, жоғарғы өлімді ауру, көп жерге таралу мақсатымен аса қауіпті аурулар тобына кіреді.
Тарихы. Оба адамзатқа ерте заманнан қаһарлығымен белгілі, көп көлемді жерлерді ойрандатушылығымен танымал. Көп жерлерге таралуына байланысты миллиондаған адамдардың өмірлерін алып кетті. Тарихта 3 белгілі обаның пандемиясы (көп құрлықтарға тараған ауруды осылай атайды) болып өтті. Бірінші тарихқа "юстинианов обасы" (531-580 ж.ж.) деп аталды. Ол Египетте басталып Жақын Шығысқа, Африканың Солтүстігіне және Европа елдеріне енеді. Осы пандемияда 100 млн.ға жақын адам өлген. Екінші пандемия XIV ғасырда "қара өлім" аталды, 1334 жылы Қытайда басталып, кейіннен Индияны, Африканы және Европа елдерін қамтыған. Екінші пандемияда 50 млн.нан астам адамдар өлген. Сонда оба ауруы Ресейдің солтүстік - батысына, орталық және оңтүстік - шығыс облыстарына кірген.
Обаның үшінші пандемиясының басталуы 1894 жылға жатады. Кантоне және Гонконгте басталып 100 мыңнан астам адамдар өлген Соңғы 10 жылдары оба ауруы 87 порттағы қалаларға негізгі пароходтар жүретін барлық құрлықтарға тараған. Ең адамы көп өлген Индия болыпты, өлген адамдары 12 млн-нан асқан. Оба ауруы Ресейдің Одесса қаласында 1901, 1902 және 1910 жылдары болғаны байқалған. Обаның үшінші пандемиясы зерттеген ғалымдардың өте үлкен жаңалық ашқандарымен танылды: қоздырғылық тапты, егеуқұйрықтың (крыса) жұқпалы ауруды үзбей жалғастырып отыратын маңызы дәлелденген. Орыс ғалымдары Д.С.Самойлович, Г.И.Минх, Н.Ф.Гамалея, Д.К.Заболотный, И.И.Мечников, Н.Н.Клодницкий, В.А.Хавкин и Д.А.Деминский оба ауруын зерттеп мың жылдық адамзаттың жауымен күресіп, батырлық еңбектерін тарихтың бетінде қалдырды.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Еліміздің батыр қыздары Әлия мен Мәншүк

1922 жылы Гурьев облысы Орда ауданында туылған. Азан шақырып қойған аты Мәнсия. Бес жасынан бастап оны әкесінің немере інісі Ахмет Мәметов және әйелі Әмина асырап алған. Үлкен қара көзі, пысықтығы, ширақтығы үшін олар баланы еркелетіп «Моншағылым» деп атады. Өзінен атын сұрағанда, бала «Мәншүк» деп жауап берген. Солай аты Мәншүк боп қала берді.
1937 жылдың қуғын- сүргініне Мәметовтер әулеті де ұшырады. Ғылыми – зерттеу институтының директоры Ахмет Мәметов қамауға алынды. Ол кісінің әйеліне айтқан соңғы сөзі: «Менің Мәншүгімді ренжітпе, аман сақта». Кейіннен Ахмет Мәметовті ақтады, бірақ олардың отбасы қудаланып, «халық жауы» аталды. Есейген Мәншүк әкесінен бас тартпады, оны сатпады. Ол әкесінің қамалуын қате деп санады.
Мектепті бітіргенне соң Мәншүк медицина институтына оқуға түсті.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 18 жаста болатын. Ол соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылдады. Өтінішінде: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз», деп жазған. 1939 жылдан бері комсомолмын. 1941 жылдың 7-ші тамызы».
Бір жыл бойы Мәншүк әскери комиссариаттан өзін әскерге жіберу туралы өтінді. 1942 жылдың 13-ші тамызында Алматыдан 100-ші атқыштар бригадасы майданға аттанды. Оның құрамында 4890 жауыңгер, оның ішінде 2 қазақ қызы – дәрігер Мәриәм Сарлыбаева және Мәншүк Мәметова болған екен. Бригаданы ұла дана ақын Жамбыл өлеңімен шығарып салыпты.
Әскердің қиындығын Мәншүк ерлермен қатар көрді- жер жорғалап, судан жүзіп, қалың ну ормандардан өтті, пулемет атып үйренді. 21-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының ең жақсы пулемет атқышы атағына ие болды. Ол ержүректің үлгісі болды,оны дивизия жауыңгерлері мақтан тұтқан. 1943 жылдың 15-ші қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде өте қатал соғыс болды. Мәншүк өзінің әскери бөлімінің шабуылын пулемет отымен қолдады. Мәншүктің басына оқ тиді. Соғғы күштерін жинап, Мәншүк пулеметін ашық жерге алып шығып, жодастарына жолды тазалап, фашистердің тікелей бетіне атқан. Өлі Мәншүк пулеметтің саптарын қолына тастай қатты қысып алған. Сол қан майданда Мәншүк Мәметова ерлікпен қаза тапты.
Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың 1-ші наурызында немес басқыншыларымен соғысу майданындағы қолбасшының әскери тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны үшін, көрсеткен ерлігі үшін Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Мәншүк соғыстан аттанған Алматы қаласына Кеңес Одағының түпкір – түпкірлерінен алғыс хаттар барды. Невель қаласында Мәншүк атында көше бар. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Банк жүйесі туралы ұғым

Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму мәселелерін қарастыру себебі, бұл халқымыздың өсіп өркендеуіне, экономикасының дамуына тигізетін пайдасы зор. Біз осы саланың келешек мамандары ретінде банк жүйесінің қазіргі кездегі даму проблемалары мен тенденциялары арқылы оның тиімділігін көрсетуді мақсат еттік.
Жұмыстың негізгі мақсаты банк жүйесінің қалыптасу және даму мәсәлесін ғылымитеориялық негіздеу және банктердің халықаралық стандарттарға сай болуын тұжырымдау. Отандық экономиканы реформалаудың қазіргі уақытындағы сатысында тиімді, нәтижелі және перспективалы бағыттардың бірі банк жүйесінің дамуы болып табылады.
Бұл саланың маңыздылығы әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, нарықтық экономикаға өту жағдайында банк жүйесіне көмек көрсету тұрақтандырылған экономикалық өсуге жетуге елеулі нәтижелер береді. Банк жүйесінің дамуы елдегі қаржы нарығының өркендеуіне және Ұлттық бнактің өз саясатын тұрақты қалыпта жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
Соңғы бірнеше жылда, әсіресе 2000 жылдан бастап банк жүйесінің динамикалық дамуы жүруде. Қазақстан банк секторының жанадануы және конденсациялық процестер жалғасуда.
Дегенмен, банк жүйесін мемлекеттік қолдау әлі де жеткіліксіз дәрежеде болып отыр. Бұл саланың өзіндік проблемалары шешілмей қалуда. Мұндай кемшіліктерді жою үшін банк жүйесінде жаңа бағдарламалар, реформалар жүзеге асуы тиіс.....
Рефераттар
Толық

Тепловоздар өндірісі

Үкімет басшысы «Трансмашхолдинг» жабық акционерлік қоғамының басшыларын қабылдады. Бұл күндері Павлодардағы «Химиялық өнеркәсіп» АҚ зауыты негізінде жаңа буын тепловоздары өндірісінің ілкі жобасы қолға алынып отыр. Үкімет басшысы, сондай-ақ тепловоздарды жерсеріктік байланыстар жүйесімен жабдықтау қажеттілігіне назар аударды.
Үкімет басшысы «Трансмашхолдинг» жабық акционерлік қоғамының басшыларын қабылдады
Үкімет басшысы Даниал Ахметов қыркүйектің 19-ы күні «Трансмашхолдинг» жабық акционерлік қоғамының басшыларын қабылдады. Кездесуде кәсіпорынмен ұзақмерзімдік ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.
Кездесу барысында атап көрсетілгендей, бұл күндері Павлодардағы «Химиялық өнеркәсіп» АҚ зауыты негізінде жаңа буын тепловоздары өндірісінің ілкі жобасы қолға алынып отыр.
Кәсіпорынның жұмысына оң баға беріп өткен Үкімет басшысы, сондай-ақ тепловоздарды жерсеріктік байланыстар жүйесімен жабдықтау қажеттілігіне назар аударып өтті. Премьердің айтуынша, Қазақстанда әзірге бір ғана «ҚазСат» байланыс жерсерігі бар, бірақ болашақта біз жерсеріктер тобына ие боламыз. «Біз ғарыштық мүмкіндіктерімізді пайдалана білуіміз қажет», - деп атап көрсетті Д.Ахметов.
Кездесуде сондай-ақ, жолаушылар вагондарын сатып алу мәселелері көтерілді. Сарапшылардың мәліметтері бойынша, алдағы 5 жылда тепловозға деген сұраныс 360 бірлікті құрайды. Өз кезегінде «Трансмашхолдинг» ЖАҚ өкілдері купе-вагондарды жасау ниеттерін білдірді.
«Гасыр- Мангистау» ЖШС 2ТЭ10В, М, ТЭМ-1 және 2 сериялы тепловоздарды, Дженерал-Электрик Компаниясы дизелді-генераторлы қондырғымен, компьютермен жарақтандырып, жаңғыртылған 2ТЭ10МК сериялы тепловоздарды жөндеумен және техникалық қамтумен айналысады, осындай тепловоздарды өндіруде мынадай мәселелер шешіледі:
1. тепловоздарды жөндеу мен техникалық қамтуды ұйымдастыру және жоспарлау;
2. міндетті жұмыстар көлемдері;
3. жөндеу тәсілдері;
4. ақаулық белгілер;
5. деталдардың, құрастырылатын бірліктерді (тораптарды, агрегаттарды) және тұтастай тепловозды сынау нормаларының мүмкін шектері мен ең жоғарғы шектеулері;....
Рефераттар
Толық

Геоморфология | Кеңістіктегі ГАЖ мәселесін карта арқылы зерттеу әдістері

Жаңа қоғамдағы негізгі стратегиялық фактордың өмір сүруі, жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы ғылыми және практикалық тапсырмаларды орындауда бәрімізге жақсы белгілі. Ақпараттық қоғамға өту ақпараттардың көшкін бейнелі көлемінің өсуімен сипатталады. Өте қарқынды дамып отырған ақпарат технологияларын география ғылымының көптеген салаларымен маңызды мәселелерін қамтиды.
Геоақпараттық жүйе негізінде ақпараттық – бағдарламалық кешен, мәліметтерді қайта өңдеу, кеңістіктік – координаттық байланыстыру, тарату және көрсетіліп жатыр.
ГАЖ-құрамына жинау, берілу, сақтау, өңдеу жəне теория туралы мəлімет алу жүйесі кіретін компонент жүйесі. Жиналатын, сақталатын, ізделінетін жəне мəліметтердің реттеліп өзгертілуін кеңістікте анықтайтын жүйе, талдау жəне кеңістікте анықталған мəліметтерді басқару тəсілі.
«Табиғаттардың əсерініің аумақтық астарында жəне қоғам жайындағы білім жүйелерінің сақталуы жəне іздеу, қорытынды, үлгілеу жəне т.б. функциаларды үлгілейтін бағдарламалық қамтамасыз ету» ЭЕМ-нің автоматты құралдарының комегімен шығады. Нəтижені реттеп, өзгерту жəне шешім қабылдауға көмек ретінде географияның анықтамалары келеді. Маліметтердің қорытындысы реттелетін жəне талдаумен қамтамасыз етілетін ақпараттық жүйе.Адамдардың географиялық қолдануында жəне оның практикасы кезінде ыңғайлы,ақпараттық өңдеулер мақсатындағы мəліметтерді жинау,беру,нəтижелеу жəне өңдеуде іске асатын техникалық жəне ұйымдастыру тəсілдерінен тұратын жүйе.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қаржы тәуекелдерін басқару

Қазақстандық нарықтың қаржылық тәуекелдерін бағалау және басқаруды жетілдіру проблемасын шешудің практикалық маңызы және өзектілігі осы негізде нарық қатысушыларының қаржылық тұрақтылығын жоғарылату мүмкіндігімен анықталады. Қаржы нарығының қатысушыларының қаржылық тұрақтылығын жоғарылату осы нарықтың тұрақтануына әкеледі, ал бұл өз кезегінде бүкіл елдің экономикасының тұрақтануына себебін тигізеді.

Қаржы тәуекелдерінің теориялық негіздері.
Кез келген кәсіпорынның қаржылық әрекеттерінің барлық түрлері көптеген тәуекелмен тығыз байланысты болады. Оның ықпал ету дәрежесі нарықтық экономикаға байланысты біршама артуда.
Тәуекел шаруашылық қызметті жүзеге асырумен байланысты категориялардың ішінде ең күрделілерінің бірі болып табылады. Тәуекел - бұл бір жағынан, барынша мүмкінді қауіптілік, ресурстардан айырылу мүмкіндігі немесе ресурстарды ұтымды пайдаланудан алынатын табысты толық алмау, басқа жағынан, тәуекелдің арқасында қосымша пайда табу мүмкіндігі. Шынында да тәуекелдің салдарын біз алдын-ала нақты айта алмаймыз. Тәуекелге бару арқылы кәсіпорын табыс табуы да мүмкін, сонымен қатар оның шығынға ұшырамайтынына да ешкім кепілдік бермейді. Сондықтан да қаржы менеджменті табыс алу мүмкіндігін ылғи да тәуекелмен байланыстырады. Тәуекел және табыс - өзара байланысты қаржылық категориялар.
Тәуекел - бұл экономикалық категория. Экономикалық категория ретінде ол болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін оқиғаны білдіреді. Кәсіпорынның тәуекелі деп оның қаржылық қызметінің жүзеге асырылуының шарттарының белгісіздігі жағдайында табыстар жоғалту немесе капитал жоғалту формасында жағымсыз қаржылық салдарлардың пайда болу ықтималдылығы түсіндіріледі.
Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелді оқиғаның пайда болуын қандай да бір дәрежеде болжауға мүмкіндік беретін әртүрлі шараларды қолдануға және тәуекел дәрежесін төмендетуге шаралар қабылдауға болады.
Тәуекелдердің сыныпталуы деп белгілі бір мақсатқа жету үшін қандай да бір белгілер бойынша тәуекелдерді жеке топтарға бөлуді түсінуге болады. Мүмкін болатын нәтижеге байланысты тәуекелдерді екі үлкен топқа бөлуге болады: таза және спекулятивті тәуекелдер.
Таза тәуекелдер теріс немесе нөлдік нәтиже aлy мүмкіндігін білдіреді. Мұндай тәуекелдерге табиғи, экологиялық, саяси, транспорттық және коммерциялық тәуекелдердің кейбір түрлері (мүліктік, өндірістік және сауда тәуекелі) жатады.
Спекулятивті тәуекелдер оң нәтиже де, сондай-ақ теріс нәтиже де алу мүмкіндігімен айқындалады. Оларға коммерциялық тәуекелдердің бір бөлігі болып табылатын қаржылық тәуекелдер жатады.
Пайда болуының негізгі себебіне байланысты тәуекелдер келесідей категорияларға бөлінеді: табиғи, экологиялық, саяси, транспорттық және коммерциялық тәуекелдер. ....
Рефераттар
Толық

АӘД | Азаматтық қорғаныс ғимараттары Қорғаныс ғимараттарында жасырыну

Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлардың зардабын жою шараларын, адамның денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтайтын ұғым - өмір-тіршілік әрекетінің кауіпсіздігі. Өмір-тіршілік әрекетінің кауіпсіздігі адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-катысының, шаруашылық нысандарының түракты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау кұралдарының қолдануда пайда болатын апат ошақтарының зардабын зерттеп қүтқару шараларың қарастырады.
Тіршілік әрекетінің қаупсіздігі пәнін студенттерге оқытудың басты мақсаты, бейбіт және соғыс кезіндегі төтенше жағдайларда халық шаруашылық нысандарын қорғауда, бүл ұйымның әскери емес жасақтарының іс-жүзінде атқаратын жұмыстарын үйрету.
Бейбіт және соғыс кездерінде төтенше жағдайлар пайда болады.
Төтенше жағдай (ТЖ) – адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізетін нысандарға нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзу мүмкін, авария, зілзала немесе апат салдарынан бір аумақта туындаған жағдайды айтады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Тілдің табиғаты

Тілдің табиғаты - дегеніміз тіл білімінің маңызды мәселелерінің бірі. Неміс ғалымы Франс Рок тіл биологиялық құбылыс, оны құдай жаратқан деп есептеді. Бұл пікірді ғылым ғалым Авгутсь Шмихер де қолдады. Олар тілді биологиялық организм сияқты туады, өседі, өледі дейді. Ал егер бұлай болған болса тіл атадан балаға тұқым қуалау арқылы беріліп отырады. әрине бұл пікір дұрыс емес. Тіл атадан балаға ген арқылы берілетін құбылыс та емес.
Ол бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысып отыратын кейінгі ұрпақтың алдыңғы ұрпаққа үйреніп отыратын нәрсе.
Себебі жаңа туған бала өз ата – анасының тілінде сөйлеуі де, сөйлемеуі де, мүмкін. Жаңа туған баланың өскен ортасы өз ата – анасынан басқа болса ол бала сол тілде сөйлеп отыратын даусыз. Яғни бұл тілдің биологиялық құбылыс емес екендігінің дәлелі.
Ал екіншісі бір топ ғалымдар Г. Штейнталь А. Патебния бтілді психологиялық құбылыс деп білді. Бұл пікір бойынша тілді құдый жаратқан нәрсе емес, оны жеке адамның өзі туғызды дейді.
Жаңағы пікір сияқты , бұл пікір де қате еді. Егер тіл рухтың туындысы болса онда әр адамның жеке өз тілі болған болар еді. Тұтас халықтардң ұлттық тілі болмас еді. Жеке адамның тілі ұжымда ғана дамиды. Олай болса тіл психологиялықта құбылыс емес биологиялық та құбылыс емес. Тіл - қоғамдық құбылыс себебі қоғам үшін , қоғам мүшелері бір – бірімен пікір алысу үшін қызмет етеді. Тіл - қоғам бар жерде ғана болады. Адам жоқ жерде тіл де жоқ. Қоғам қай жерде пайда болса, тілде сол заманда пайда болады. Қоғамсыз тіл , тілсіз қоғам болмайды.

Тілдің қоғамдық қызметі.
Тілдің қоғамда ең басты қасиеті неде? деген заңды сұрақ туындайды.
Тілдің қоғамда ең басты қасиеті қатынас құрамы. Тіл адам баласының қоғамдық қарым – қатынас құралы сөйлесіп пікір алысу қоғамда қызмет атқару құралы.
Тіл мен қоғам аралығындағы байланысекі жақты болады.
1. Адам ойы тіл арқылы белгілі болады. Ойлау мен тіл бір – бірімен тығыз байланысты. Тілдің осы екі қызметінен басқа тағы бір қызметі бар. ол тілдің атауыштық (номинатив) қызметі. Тілдегі әрбір сөз, сөз тіркесі белгілі бір заттың ұғымның атауы. Тілдің төртінші қызметі эксперсивті, эмоционалдық қызметі.
Тілдің экспресивті , эмоционалды қызметі деп адамның сол затқа өзінің эмоциясын яғни не жақсы көру, не жек көру , сезімін айтамыз.
Мысалы, алақай, пай – пай, масқара т.б.
Тіл халық тарихы, өмірінің ізі. Тілден сол халықтың сол тілді жасаушы, халықтың арман үміті , қайғы қуанышы, сезімі туралы айтатын пікірлерді біле аламыз. ....
Рефераттар
Толық

Шерхан Мұртаза | Қасқырдың тарамысы


Ауылы жақындар сенбі күні түс ауа үйлеріне барып, содан дорбаларын арқалап, жексенбінің кешіне қарай интернатқа қайта оралып жатқан кез.

Менің ауылым қаладан қашық. Қала мен алыстағы ауылымның арасын Қара маржан тауы бөліп жатады. Басқалар сияқты үйіме барып келе алмаймын. Демалыс күндері көбінесе интернатта жалғыз қаламын. Дәлірек айтқанда, жалғыз емеспін, Нарбота деген бала да бар. Менің серігім сол. Дардай атының алғашқы буынын, яғни «нарын» алып тастаса, оған со да жетер еді. Нар қайда-а-а! Тұрған бойы жаңа туған ботаның сықпытындай нәп-нәзік. Аяқ-қолы шидей. Бірақ басы ботаның басындай үрпек, үлкен екені рас. Жанары да ботаның көзіндей жәудіреп, сәл-сәл жасаурап тұрады.

Нарбота — тақыр жетім. Әкесі соғыста опат болған. Шешесі қырық үшінші жылы өкпесіне суық тиіп, кешікпей күйеуінің соңынан жөнеп берген. Оннан жаңа-жаңа асқан баланы ағайындары жетімдер үйіне өткізсе керек. Содан биыл оқу басталарда, біздің интернатқа ауыстырылды.

Интернаттың балалары демалысқа ауылдарына кеткенде, Нарбота күн ұзаққа ауладағы ас үйдің күншуағында кітаптан бас алмай отырады да, кешке өз төсегінен қашып менің қасыма келеді. .....
Әңгімелер
Толық

Балабақша ойындары топтамасы

Ойынға қатысушылар араларынан бір ойыншы шығарып, алыстау жерге таман барып, бөркін немесе басқа бір бір белгілі затын жасыруға жібереді және өзі де сол маңайына жасырынуы керек.....
kz
Толық

Химия | ХХ ғасыр химиясына тән сипаттар

Периодтық заң ашылғаннан кейін де химиялық элемент туралы білімнің дамуында алуан түрлі қайшылықтар кездесті. Периодтық жүйенің сызықтық бейнесі де үздіксіз өзгеріске ұшырады. Мұның әр түрлі периодтылықты әр қырынан нақтылы көрсеткенімен, заңды тұтасынын сипаттай алмады. Периодтық жүйенің шегі туралы мәселе шешімін таппады. Элементтердің жалпы саны туралы болжам жасауға негіз табылмады. Кейде элемент қасиеті өзгеруінің атомдық массаға тәуелділігі (аргон және калий, теллур және иод, кобальт және никель) бұзылды. Атомдық массалардың бөлшек сандар түрінде кезесуі түсіндірілмеді. Пертожтық заңның физикалық мәні ашылмады. Химиялық элемент жалпы ұғым түрінде қалыптасып, оның атомымен арасындағы байланысы сараланбады.
Сонымен, ХІХ ғасырдан ХХ ғасырға өтетін кезеңінде ғалымдар алдына атом мен молекуланың табиғатта бар екенін тәжірибиеде дәлелдеу міндеті тұрды. Мұның өзі оңай шаруа емес. Ең күшті үлкейтетін микроскоп арқылы да көруге болмайтын майда бөлшектерді тікелей бақылау мүмкін емес еді. Олардың ақиқат барын жанама тәсілдермен ғана айқындауға болады. Ұсақ бөлшектердің Броун қозғалысына негізделген осындай бір тәсілін теориялық жакғынан А. Эйнштейн, франсуз ғалымы Ж. Перрен тәжірбиеде жүзеге асырды. Ж. Перрен заттың бір граммолекуласында 6х1023 бөлшек болатыны анықтады. Бұл теориялық есептелген және басқа әдістермен табылған бөлшек санына толық сәйкес келді. Молекуланың бар екенін айқындайтын осы шама Авогадро тұрақтысы атанды. В. Оствальдтың өзі молекуласы –кинетикалық теорияны мойындауға мәжбүр болды.
Ендігі жерде атомның қасиетін түсіну мәселесі күн тәртібінде қойылды. Олардың молекулаға бірігуіне қандай күш әсер етеді. Бір элементтің бірдей атомдары неліктен жақындасып молекула түзеді? Осыған ұқсас туындайтын сан алуан сауалдарды атомның бөлінбейтіні тұрғысынан түсіну мүмкін емес еді. Сондықтан атом құрлысының күрделілігі туралы жорамал пікір бірінен соң бірі туындай бастады. Ғалымдар Е. Рикке (1888), Д. Максвелл (1873), Г. Вебер (1871), Д. Стоуни (1881), Г. Гельмгольц (1881) атомдық және электрлік көзқарасты ұштастырып, валеттіліктің табиғатын және электролиз құбылысын түсіндіруге тырысты. Д. Стоуни ең қарапайым электр зарядының 0,3х10-10 абсолют элкирлік бірлікке тең екенін есептеп шығарды ....
Рефераттар
Толық

Ғабиден Қожахмет | Бастауыш мектептің ғимараты


"Бұл кекіл алыну керек пе, жоқ па?" Бұл бірінші сыныпқа баратын кезде талас тудырған мәселе осы болды. Бұл алдырмаймын деді. Осыны естіген мұны бірінші сыныпқа қабылдағалы тұрған ұстазы: "Кекілімен-ақ келіп отыра берсін. Бала бастықсын әуелі. Бұл балабақшаға бармаған бала ғой" депті. Ағайының онысы рас еді. Бірде кішкентай күнінде қолжуғышқа бойы жетпейтін болған соң, үлкен орындықты қойып алып, соның үстіне шығып, жуынып жатыр еді, ашық тұрған есіктен есік алдында апасымен сөйлесіп жатқан балабақша қызметкерінің даусын естіді. Балабақша қызметкері мұны балабақшаға барады ма деп сұрап жатыр екен. Апасы: "Шырағым, өзің сұрап көр баладан. Егер барамын десе, барсын", - деді. Жанына келген тәтей: "Балабақшаға барасың ба?" деп сұрап еді, бұл "Жоқ" деп басын шайқады. Балабақша тақырыбы осымен жабылған.

.....
Әңгімелер
Толық