Ay қараймын азаннан тұрып алып, Осы теңіз балығын қырып алып Жүрген сабаз секілді сенімдемін, Жылы толқын жатады күліп ағып. Қос қанаттан қос ескек суға малып, Ерте қиял асылып шыңға барып ......
Көптеген ежелгі ғалымдар мен данышпан адамдардың айтуынша өмір деген қозғалыс деп түсіндіріледі. Қоғамның экономикалық өмірі де табиғат сияқты үнемі қозғалыста болады. Бұл қозғалыс сапалық және сандық өзгерістермен ерекшеленеді. Бұл өзгерістер өндірістік қатынастарға ғана емес сонымен еңбек өнімділігіне де әсерін тигізеді. Ал еңбек өнімділігінен өз кезегінде қоғамға қажетті экономикалық игіліктер туындайды. Яғни экономикалық даму өндірістің және экономикалық игіліктердің дамуі немесе ұлғаюы деген мағынаны береді. Курстық жұмыста экономикалық даму теориясы қарастырылады. Бұл теорияға сәйкес экономиканың толық деңгейде дамуы немесе дамуы үшін мемлекетте өндірілетін ресурстар толығымен және үнемді қолдануы керек. Мұнда ресурстар қатарына тек шикізаттар ғана емес, сонымен қоса экономиканың потенциалы, мемлекеттегі еңбек күші және тағы басқалар жатқызылады. Жұмыспен қамтамасыз ету теориясы мен экономиканы тұрақтандыру саясаты статистикалық немесе қысқа мерзімді факторларға негізделген. Теорияға жүгінсек, толық жұмысбастылық пен ресурстың тұрақты көлемі бар кезде экономика өзін қажетті жалпы ұлттық өніммен (ЖҰӨ) қамтамасыз ете алады. Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау кезінде негізігі себеп болған: Экономикалық даму кез келген мемлекет үшін негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Яғни мемлекеттің даму қарқын айқындау үшін оның экономикалық дамуне талдау жүргізу арқылы анықтауға болады. Менің ойымша, экономикалық даму тақырыбы өте актуалды болып келеді. Оның актуалдығы келесідей себептермен түсіндіріледі: Мемлекеттің экономикасының дамуіне талдау, болжау және жоспарлау жұмыстарын жасау арқылы оның себеп салдарын анықтауға болады. Экономика циклдық сипатта дамиды, яғни экономиканың құлдырауынан кейін әрқашанда даму немесе өркендеу процесі орын алады. Сондықтан экономика үшін экономикалық дамудың мазмұны мен себептерін түсіну өте маңызды болып табылады. Менің курс жұмысымның негізгі мақсаты экономикалық дамуды зерттеу және оның қарқындары мен факторларына талдау жасау болып табылады. Курстық жұмысты жазу барысында мен келесідей мәселелерді бөліп көрсеттім: • Экономикалық даму және оның даму қарқынын анықтау; • Экономикалық дамудың факторларына сандық баға беру; • Экономикалық дамудың түрлеріне сипаттама беру; • Экономикалық дамуды ынталандыру үшін қолданылатын шараларға қысқаша шолу жасау; Курстық жұмысты жазу барысында жоғарыда көрсетілген мәселелерге қоса экономикалық дамуды тежейтін факторлар, экономикалық дамудың фазаларына, экономикалық дамудың теориясына, экономикалық дамуды мемлекет тарапынан реттеу мәселелеріне де жалпы шолу жасап шықтым. ....
Махаббаттың тұзағына іліну өте қиын екен.Бір ілінсең, шығуың ауыр, әрі соншалықты ұзақ болары анық.Сезім...бір тылсым күш барлық денеңді жаулап алғандай болады.Жүрегіңнің соғысы жиілеп, тек бір пенде үшін соғылып тұрғанын байқайсың.Бұл тылсым күштің астарында қаншама жайттарды басыңнан кешіресің.Сол үшін де сен бақыттысың!!! Осындай сезімді мен де бастан кешіремін деп ойламағанмын да...Мен осыдан 2 жыл бұрын ғана өзге жан етінмін..қазіргі қалпыммен салыстыру өте қиын...мен бүгін өзге жанға айналғандаймын...мені әлде, махаббаттың тылсым күші өзгертіп жіберді ме екен?! кім білсін?! мүмкін солай да шығар... Мен де бүгін өздерің тәрізді, өзімнің тұла бойымдағы сезімімен бөліскім келіп отыр... - Сол бір кез әлі есімде...жаз айы болатын.Жазғытұрымның кешқұрым шағы...ол кезде мен 9-сынып оқушысымын.(Жаз айларында ауылда болғаның қандай керемет десеңші?! Қаладағы бір тұрақсыздықтан, у-шудан арыласың!) Кешке, сол ауылдың жастарымен бірге түнделетіп отыру,әңгіме шерту, солармен бірге жүру мен үшін өте қызық болатын! 2010-шы жылдың тамыз айы...21 ші жұлдызы.(Мен сол сәтте ештене байқамаппын да!) Біздің танысуымыз дәл осы күні болып еді.Онымен тағдырымның дәл осы күні тоғысқаны есімнен кетер емес.Уақыт өте келе, біз онымен араласып кеттік.Ол шақтары мен қалада болатынмын, оқу жылы да басталып кеткен.Біз телефон арқылы сойлесіп, бірімізді-біріміз жақын тани бастадық.Қоңыраулар шалысы жиелей берді, жиелей берді.Бір күні, ол маған қоңырау арқылы сезімін білдіріп,сөз салған еді.Мен оны танып, білгеннен бе, білмедім, әлде жай ойын ретінде ғана көргенім бе,білмеймін, онымен бірге болуға жауабымды жай бере салған болатынмын.Уақыт өте берді. Менің қысқы демалыстарым да келіп жеткен еді......
Саяси психология ғылымы адамдардың психикалық әрекеттерін зерттеуді объективті түрде жүргізіп, психикалық ағымдар, әрекеттер ақиқатта қалай болса, сол қалпында өзгертілмей зерттелінеді. Психикалық әрекеттердің және функциялардың әрқайсысы жеке-жеке әрекет етпейді, бірімен-бірі қарым – қатынаста байланысып, немесе шиеленісіп отырады. Сондықтан оларды зерттеген уақытта жеке психикалық фунцияларды өз алдына бөліп, оқшаулап зерттемей барлық психикалық әрекеттердің бірімен-бірі қандай байланысы, қатысы барлығын ашып зерттеген жөн. Психикалық әрекеттер бір қалыпта өзгермей тұрмайды, әр уақытта өзі дамып отырады. Ол сыртқы дүниенің адамға әсер етуімен байланысты болып келеді. Адамның психикалық әрекеттерін зерттегенде олардың қалай дамып, заңды болуын зерттеп отыру керек....
Абай – дана, Абай – дара қазақта. (авторлық бағдарлама )
Мақсаты: • Халқымыздың ұлы ақыны А. Құнанбаев туралы білімдерін кеңейту. • Абай мұрасына оқушылардың қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру. • Оқушыларды өздігінен шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу. • Ұлылардың сөздерінен ғибрат алып, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
Қоғамды басқаруда мемлекет пен құқық сан алуан нормативтік актілерді өмірге әкеліп, ескіргенін жаңартып, кемшіліктері болса толықтырып отырады. Бұл процесте заңға көп күрделі талаптар қойылады. Заң неғұрлым мазмұны жағынан өмір талаптарына сәйкес, халықтың ойы мен негізгі мүдделерін терең қамтыса, нысаны жағынан да әбден жетілсе соғұрлым ол тәуелсіз демократиялық мемлекет құру күресіне тиянақты үлесін молынан қосады, заңның беделі артады. Сол себепті заң жобасын жасауға оны жан-жақты талқылауға көпшілік халықтың, қоғам ұйымдарының белсене қатысуы біздің жалпы халықтық мемлекетімізде заңдылыққа айналды. Өте маңызды заң жобалары халықтың талқылауына түседі. Заң қабылдайтын орган – Парламент көпшіліктің ұсыныстарына жіті көңіл бөледі, оның тұрақты комиссияларында мұқият тексеріліп, Парламентке арналған ұсыныстар алынады. Демократияның қағидалары осылайша заң қабылдау саласында іс жүзіне асады. Заң жобасы туралы пікір айтуда азаматтарға, олардың қоғамдық ұйымдарына шек қойылмайды. Мұндай ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдарда жан-жақты қаралады. Заң жобасын ұсынудың ерекше түрі бар, оны депутаттар тобы мен мемлекеттің Үкіметі ғана жасай алады. Олардың ұсынған заң жобалары Парламенттің талқылауына түседі. Заңға тәуелді нормативтік актілер де осылай жан-жақты талқылаудан өтіп барып қабылданады. Құқық шығармашылық процесінің сапасын жақсартуға екінші зор үлес қосатын еліміздегі сан алуан нормативтік актілерді топтастырып, жүйе-жүйеге, сала-салаға бөліп реттеп, отыру. Қоғамның диалектикалық даму барысында мемлекеттік органдардың құқықтық нормаларын жасақтау міндеті де күшейе түседі.....
Тілепбергенұлы Қазанғап (1854-1927) – қазақтың әйгілі күйші-композиторы. Туып-өскен жері – арал көлінің жағасы, Құланды түбегінің Ақбауыр деген жері. Топырақ бұйырған жері – сол Ақбауыр маңы, Айшуақ ауылының іргесі. Шыққан тегі – Ұлы жүз құрамындағы байырғы тайпалардың бірі - Шанышқылы. Шежіре дерегі бойынша, Ұлы жүз Ақарыстан тараған ұрпақтың бірі Кейкі би, одан Төбей туған. Төбейден Майқы, Қоғам, мекіре, Құйылдар деген төрт ұл туады. Осылардың Қоғамынан Қаңлы мен Шанышқылы туған. Шанышқылыдан Қорбақа, Дархан, Қырықсадақ, Бектау деген төрт ұл туады. Осылардың ішіндегі Қырықсадақтан Қазанғаптың аталары өрбіген. Кіші жүздің Ресейге бодан болуы ел ішіндегі әлеуметтік-саяси құрылымға ертерек өзгеріс енгізіп, бұрынғы ру аралық пәтуә- бірлік шырқының ертерек бұзылуына себепші болды. Әрідегі Сырым батыр, онан соң Исатай мен Махамбет бастаған жойқын көтерілістер, берідегі Бекет батыр бастаған көтеріліс Қазанғаптың жөргектен құлағына сіңісті болған, қала берді көзі көрген заманалық тауқымет айғағы болатын. Бойы өсіп, бұғанасы қатып үлгермей-қ Қазанғаптың маңдайына қойшылық өмір бұйырған. Қой соңында өткізген он жылда ол домбыраны жан серігі етіп, өзінің сезім – түйсігін күй тілінде сыртқа шығаруды машық етеді. Содан, оң-солын тани бастағанда күйге біржола өмірін арнамақ болып, әке-шешесінен рұқсат алады. Доңызтау-Аққолқада – Төреш, Бесқалада – Орынбай, Құрманияз, Орынборда – Үсен төре сияқты әйгілі домбырашылармен кездеседі. Арал алабын, Үстірт, Маңғыстау аймағын, Ақтөбе, Ырғыз, Қостанай, Троицк, Орынбор төңірегін шарлап, ел ішіндегі күй сарындарын көкірегін армансыз сіңіреді. Небір додалы күй сайыстарына түсіп, өнерін шыңдайды. Мұның бәрі Қазанғап бойындағы тегеурінді дарынның жарқырай көрінуіне, шабыт тұғыры болуына себепші болады. Қазанғап қарақалпақтар ортасында болған кезінде Балжан деген қызбен көңіл жарастырып, бас құрауға уәде байласады. Алайда, жоқ-жітік тірлік кешкен қарт әке-шешенің жағдайымен Қазанғап уәделі уақытта Балжанға келе алмайды. Кейін тағдыр айдап, тұрмысқа шыққан Балжанға келе алмайды. Сонда Балжан: «Қазанғап аға, тағдырдың бұйрығы осылай болды. Менде жазық жоқ, сағынышты серік етіп, уәделі мерзімді екі еселеп күтіп-ақ едім. Уәдеде тұра алмаған айып-шамыңызға өмір бойы маған күй арнап өтіңіз!» - деп, ашық мінезбен ағынан жарылады. Қазанғап адалдық пен сұлулық айғағындай Балжан аруды өмір бойы күй арқауы , шабыт тұғыры етіп өткен. Қазанғап шығарған күйлердің ішінде Балжанға арналған күйлер циклі қазақ күй өнерінің ең бір шуақты шоғырына жатады. Жалпы, Қазанғап эпикалық күйші. Оның күйлері қазақтың өткеніне де, бүгініне де, болашағына да терең бойлайды. Қазанғап күйлері халық тарихының артта қалған алмағайып кезеңі туралы «Ноғайлы босқыны» деп, он алтыншы жылғы патша жарлығын жарадай сезіне отырып «Жұртта қалған», «Окоп» деп күңіренеді. Қазан төңкерісінен кейінгі ел өмірінің түбірлі өзгерістерін ұлы көшке теңеп «Қызыл керуен» деп бебеулейді.....
Өнеркәсіп ортасында өнім ең "сезімтал" элемент болып келеді. Шындығына жүгінсек, көп жағдайларда кәсіпорынның ашылуына тауар (өнім) негіз болады. Нақтылап айтсақ, өнім арқасында, өніммен бірге кәсіпорын тіршілік етеді, ал кейде жұмысын тоқтатады, бұл сататын жақсы тауардың (өнім) қолда болуы жеткіліксіз, ол қажеттікке сәйкес болуы тиіс екенін (мысалы, бағасы бойынша), оған қоса оны өз ортасында жарнамалау керектігін байқамаған жағдайларда болады. Классикалық, яғни өнеркәсіпте ескірген құлық-әрекет пен маркетинг арқылы анықталатын құлық-әрекеттің арасындағы айырмашылық дәл осында, бұл жаңа нарықтық жағдайлардан туған. Сонымен, кәсіпорын өзінің өнімдеріне сын көзқарас тудырып, оларды қысқа, орта және ұзақ мерзімдерде тиімді басқару мүмкіндігіне ие болу үшін, үзбей талдауға салып отыруы қажет. Демек, "тауар (өнім) - нарық" атты парды, жаңа өнімдерді енгізу үрдісін, өнімнің өміршең циклін және т.б. зерттеп білу қажет. "Тауар — нарық" пары. Өнім, егер ол ешкімге керек болмаса, сөздің экономикалық мәнінде түкке тұрмайды. Сондықтан ол қажеттілікке сай келуі керек. ....
Тәуекел банк қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады. Басқару және рұқсат қиыншылықтар тәуекелінің амалдарына жататындар: 1. Тәуекелден қашу немесе тәуекелден бос тарту; 2. Тәуекелді ұстау немесе мойындау; 3. Тәуекелді бақылау; 4. Тәуекелді ескерту; 5. Тәуекелді сақтандыру немесе аудару.
Банктің несиемен басқару келесі механизмдерді бөліп көрсетуге болады: 1. Тәуекелдіктердің диверсификациясы; 2. Хеджерлеу; 3. Көптеген қатысушылар арасындағы бөлу; 4. мүмкін болатын шығындарды орналастыру.
Банкті активтер және пассивтер портфелі ретінде қарастыру, сондықтан банктің портфелінің тәуекел негізгі тәуекел ретінде қарастырылады. Өз кезегінде, тәуекел портфелі мыналарды өзіне қосады: 1. Тәуекелдік портфель; 2. Тәуекелдік пайыз; 3. Балансталмаған өтімділік тәуекелі немесе ресурстардың құрылымының мерзімі мен көлемі; 4. Ағымды өтімділік тәуекелі.
Қорыта айтқанда, банктің портфелінің тәуекелі – анықталмаған жағдайда банктің портфельдік басқару шешім қабылдау нәтижесінде жағымсыз жағдайдың болуы мүмкін.
Банктің тәуекелділік портфелінің басқарудың негізгі мәселесі: банктің активтер мен пассивтерін басқару процесінде өтімділік пен табыстылықтың қатынасын қолдау, яғни болатын банктік шығыстарды болдырмау. Коммерциялық банктердің өтімділігі оның қызметінің сапалық мінездемесі болып табылады. Активтерді ақшалай қаражаттарға айналдыру арқылы салымшының қажеттілігін шағыссыз қанағаттандыру. Қазіргі уақыттағы коммерциялық банктің мүмкіншілігін көрсетеді.
Бұл мүмкіншілігі мынаған тәуекелді болады: - активтер сапасына; - пассивтер құрылымына; - банктік капиталдың жеткіліктігіне; - қарызгердің қаржылық тұрақтылығына.....
Қарапайым шопан өміріне үзіліс жасаймыз деп біз, бәлкім, болашақтағы ұлы даналыққа, жасампаз дүние жаңалықтарына бастайтын жалғастықты үзіп алған болармыз. Адамзат тарихында халықтың қалың ортасынан шыққан ұлы ойшылдар аз болмаған. Әр ғұмырдың өзіне лайық шынайы бағасын бере білу керек. Қиял-ғажайыпшылардың пайымдауынша, тіпті абайсызда басып кеткен кебелектің өзі біздің болашағымызды өзгертіп жіберуге елеулі себеп болады екен. Мұнда философиялық терең мағына бар. Өмірдің арзан-қымбаты болмайды. Өркениет үшін әрбір ғұмырға баға жетпейді. Адам өзінің әлдеқандай кеселге шалдыққанын сезгенге дейін алаңсыз жүре береді. Білген кезде барып тітіркенеді. Семей аймағы тұрғынының басынан да тап осьшдай ахуал етті. Ол Семей маңындағы ядролық полигон түптің түбінде. қауіпті қатер болатынын білгенге дейін алаңдай қойған жоқ. Ол біртіпдеп көтеріле беретін, саңырауқұлақ секілді аләпат бұлт пен жарық дүниенің ғажайьш құбылысына ұқсаған аспандағы екінші күннің жарқылына таңырқай қарады. Өзі тұрған жердің ай сайын қайта-қайта тербеле беруі ол үшін табиғаттың үйреншікті құбылысына айналды. Адам осы байланыстың беті ашыла бастаған кезде барып тіксіне бастады. Бірақ тамыздың тып-тыныш аспанында саңырауқұлақ секілді алапат бұлттың біртіндеп көтерілген кезінен бері қырық жыл өтіп кеткен еді. Кәзір, осы жолдар жазылып отырған шақта, қырық жылдан аса бақылаусыз әрі жеке-дара білгенін істеп, бізге батпандай ауыр жүк қалдырған құбыжықтың үні өшті: енді түбегейлі жеңіс үшін аймағымызды ауыр жарақаттан айықтырып, оның байырғы күш-қуатын қалпына келтіріп алу қажет. Әрине, полигонның үні бірден өшкен жоқ. Оған біз соқтықпалы соқпақсыз, бардарсыз да ауыр жолдармен жеттік. Адамзат бұл қозғалыстың тарихын білуі керек. Олар осынша ұзақ қырық жылдың біздің аймаққа нендей зобалаң әкелгенін білуге тиіс.....
Ежелгі егіншілер мен бақташылар. Адамның егіншілік машығын игеру процесі, жабайы дәндерді, жеміс пен жидектерді жинап-теруден оны өсіруге көшуі сан мыңдаңан жылдарға созылды. Ғалымдар мәдени дақылдарды өсіріп жетілдірген кезең б.з. дейінгі VIII-VII мыңжылдықтар деп шамалайды және ол бәрінен бұрын Кіші Азияның таулы аудандарында пайда болса керек. Б.з. дейінгі VI-V мыңжыл егіншілік әуелі Түркменстанның оңтүстігіне, Копетдаг алқабына жетіп, сосын Орта Азияга тарайды. Қазақстанның таулы және далалы аудандарына қола ғасырында б. з. дейінгі III мыңжылдық аяғында келеді. Егіншілік пен бірге малшаруашылығы да пайда болады. Ғалымдар әуелі пайда болған егіншілік пе, әлде малшаруашылығы ма? — деген сауал жөнінде ұзақ дауласады. Адамның соның екеуін де бір мезгілде қатар игергені қәзір айдан анық. Егіншілік топырағы құнарлы, суы жеткілікті жерде дамыған. Ал, құнары аз, қуаңшылығы басым аудандарда малшаруашылығы өркендейді. Сулы-нулы жерлерде мал шаруашылығы егіншілікпен қабаттаса қанат жаяды. Б.з. дейінгі II мынжылдықтың бірінші ширегі біткен кезде евразия даласында қоланы ойлап шығарады. Ежелгі адамдар жезге қалайыны қосу арқылы металл бұйымдардың беріктігін күшейтеді. Қоладан ұңғылы балталар мен сүңгілер жасауды үйренеді. Қазақстан жерін мекендеген тайпалар қола ғасырында андроновтық археологиялық мәдениетке жататын жәдігерлер (мекендер, қорымдар, рудниктер, тастағы суреттер) қалдырған. (Ал ескі мола ең әуелі Андроново селосы жанынан — Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы іргесінде қазылып табылғандықтан, шартты түрде осылай аталып кеткен). Coл жердегі қазу жұмыстарын 1913 жылы Б.В.Андрианов жүргізген. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тауып, андронов мәдениетінің ескерткіштері — шығыста Минусинскіден бастап батыста Оралға дейінгі — орасан зор территорияға тарағанын анықтады.....
Адамзат өзінің индустриялық даму сатысынан постиндустриялық даму матысына, дәлірек айтсақ, информациялық сатыға бірітіндеп көшіп келеді, өйткені мемлекеттің экономикасын, техникасын, ғылымын осы заманның одан арғы даму кезеңінде информатиканың соңғы жетістіктерін кеңінен пайдаланусыз елестету қиын. Әрбір жеке адамның да өмірі уақыт өткен сайын информатикамен тығыз байланысып келеді. Информация, информацияландыру – стратегиялық ұлттық ресурстардың ең маңызды түрлерінің біріне жатады, оның ішінде осы көрсеткіштер бойынша мемлекеттің экономикалықжәне әскери қуаты анықталады. Сондықтан да информатика курсын оқып білуді осы ұғымдар туралы түсініктемелерден бастаған жән. ....
Асқар Ұзабаев - режиссер, сценарист, клипмейкер, продюсер. 1983 жылы 7 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. «Ғашық жүрек» («Коктейль для звезды») фильміне режиссер болып, аталмыш туынды арқылы танылды. 2012 жылы «Хабар» агенттігінің тапсырысымен SHINE production студиясымен бірлесіп түсірген 25 бөлімді «Ғашық жүрек» хикаясы шықты. 2012 жылы «НТК» арнасына BAS production студиясымен бірлесіп «Вузеры» атты жастарға арналған хикая түсірді. Кино өндірістегі ірі жобалармен және бейне өнімдерін түсірумен айналысатын 567 creative laboratory студиясының негізін қалаушы. Кинодағы рөлдері: 2000-2002 Балақайлар | Детки (хикая, Қазақстан) - Ерлан Режиссер: 2016 Гламур для дур ....
ШЫРША ҚАЙШЫАУЫЗЫ - тау өзеніненжағалай өсетін ағаштарда жиі кездесетін торғайдың бір түрі. Қоректері- қыста пісетін шырша тұқымдары. Шырша қайшыауызының тұмсығы атына сай айқасып тұрғандықтан, ол оның жемін оңай алуына көмектеседі. Бұл құстың ерекшелігі- көктемде жұмыртқаламай, керісінше қақаған қаңтар айында жұмыртқалап, балапандарын шығарады. Қоректі олаоға үнемі аталығы жеткізіп отырады. Ал аналығы балапандарын ұядан қашан ұшырғанша шықпайды. Олар балапандарын жемсауында,ы жібіген қарағай тұқымын құсып беру арқылы асырайды. Сәуір айында балапандары өздері қоректенетін болады. САМЫРКЕШ САМЫРКЕШ - ақшыл жолақтары бар, қоңыр қызғылт түсті орман құсы. Ол ұзақ уақыт бойы ағаш басында отыруды ұнатады. Самыркештің тұрақты- ұзақтап сәл кешірек. Ұя салар кезінде қалың орман ішіне еніп, адам көзіне түспеуге тырысады. Бұл құс көктем айларында шырша зиенкестері- бізтұмсық және қоңыздармен, ағаш қандаласымен қоректеніп, табиғатқа едәуір пайдасын тигізеді. Самыркештің бір ерекшелігі- жазды күндері ол жемін ауламай жүріп, ағаштағы жаңғақтарды біртіндеп үзіп, оны түскен жапырақтардың астына тыға береді екен. Осылайша бір құс жылы күндері бір мыңға жуық шырша жаңғағын жинап, оны суық қыс айларында азық ететін көрінеді.
ҚОҚИҚАЗ. ҚОҚИҚАЗ - дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құс. Қызыл қанат- деп те аталады. Қорғалжын қорығындағы Теңіз көлінде ғана ұялап, жұмыртқалайды. Ол басын суға батырып, түбін қопарып, судағы жәндіктерді аузына толтырып сүзіп алып қоректенеді. Ұя жасауға да су түбіндегі тұнбаны пайдаланады. Қоқиқаздар жүздеп, мыңдап бір мыңға ұя салып, жұптарын жазбайды. Ұядағы 2-3 жұмыртқаны кезектесіп басып шығарады да алғашқы екі айда құрамы дәрумендерге бай құс сүтімен асырайды. Жеген тамақтарын асқазанында өңдеп, тұмсығын балапан аузына апарғанда 23-ы қаннан тұратын ашық қызыл түсты сұйықтық тамшылап ағады екен. Бұның сыры әлі күнге дейін ашылмаған.......
Алексей Лодочников - қазақстандық жас домбырашы-әнші
Алексей өзінің іс-әрекетімен сенім арқылы алдыңа қойған мақсаттарына жету керектігін дәлелдеп жүр. Алексей қазақ тілінде жетік сөйлеп қана қоймайды, домбырада керемет ойнайды және де өзінің жастығына қарамастан кітап жазады.
1999 жылы Ақсу қаласында дүниеге келген. Қашыр балалар үйінің тәрбиеленушісі. Соңғы 14 жыл бойы Алексей балалар үйінде тәрбиеленді. «Дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат – музыкалық колледж» кешені» ММ «Домбырамен халық әндерін орындау» бөліміне түседі. 2014 жылы Алексей Екібастұз қаласында бірінші рет Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алдында өнер көрсетеді. Бұл өнер көрсету оқушының өміріне үлкен ынта берді. Көп кешікпей ол республикалық және облыстық музыкалық конкурстарға қатысып, жүлделі орындар алады. Музыкалық колледжде оқып жүрген уақытта Алексей өзінің оқу орнындағы «Жас Отан» ЖҚ жетекшісі болады.....
Әсемгүл Уразаева – USC Travel компаниясының негізін қалаушы Әсемгүл Әлікқызы 22 жасында Атырау қаласындағы «USC» ЖШС негізін қалап, құрылтайшысы болды. Ол Атырау қаласының қоғамдық өміріне белсене араласады, қайырымдылықпен айналысады және қаланың әлеуметтік жобаларын жүзеге асырушы ретінде танымал.
Оның компаниясы мұнай компанияларына құрал-жабдықтар, арнайы жұмыс киімдерін жеткізу жұмыстарымен, инертті материалдарды тасымалдауға арналған көліктермен жабдықтау жұмыстарымен айналысады. Сонымен қатар бизнесінің тағы бір бағытын туристік корпоративтік қызмет көрсетумен, компанияларға арналған саяхатты рәсімдеу (көрмелер мен семинарлар), БАӘ-да Халықаралық Балалар шығармашылық фестивалін өткізуге арналған жобаны рәсімдеу, БАӘ, Канада және Ұлыбритания оқытушыларының қатысуымен жаздық балалар лагерін ұйымдастыру жұмыстарымен айналысатын, сонымен бірге шетел азаматтарын қолдау жұмыстарымен, жұмыс істеуге рұқсат қағаздарын рәсімдеу, шетел азаматтарын тіркеу жұмыстарымен айналысатын USC TRAVEL туристік компаниясы жұмыс істеп жатыр.....
Бүгінінде Қазақстан Республикасындағы әрбір ұлт, әрбір халық санына қарамастан өздеріне тиісті, лайықты орындарын алған. Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте жекелеген этностар өкілдерінің үлттық патриотизыі елде тұратын барлық халықтың ортақ патриотизмімен байып отыр. Ад көпұлтты мемлекеттегі адамдардың патриотизмі олардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетімен бірлікте қарастырылады. Президент Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, 90 пайыз қазақстандық ұлтына қарамастан, ездерінің Отаны Қазақстан деп есептейді. Бұл құптарлық жай, өйткені қазақстандық патриотизм азаматтың, қоғамның, мемлекеттің ортақ күш-жігеріне келіп саяды. Қазақстан - өз Әнұраны, Елтаңбасы, туы, жері бар мемлекетіміз деген ұғым қоғамда түпкілікті қалыптасуы керек және оны сүю, қорғау осы қоғамда өмір сүріп жатқан барша адамның міндеті болмақ. Негізінен патриотизм көпұлттылық және ұлттық бөліктерден тұрады. Ұлттық патриотизм әдетте адамдардың белгілі бір ұлтқа тән екендігімен, өз тілімен, мәдениетімең сол аймаққа тән дәстүрлерімен тығыз байланысты. Ал интернационализмді әрбір адамның өзін сол мемлекет халқының бір бөлігі ретінде сезінуінен түрлі ұлттық қауымдастық өкілдерінің ортақ Отанына деген сүйіспеншілігі мен шын берілгендігінен көруге болады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жағдайында барлық үлттардың ортақ сана-сезімін қамтитын интернационализм идеясы мен ұлттық патриотизм идеясының біртұтастығы қажет. Оның темірқазығы - Қазақстанды осындағы барлық ұлттардың өз Отаным деп сезінуі болмақ. Жалпы қазақстандық патриотизм дегеніміз - өзіңді республика халқының ажырамас бөлігі, ортәқ Отан ретінде Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік сезімі мен берілгендік, азамат ретінде халық пен елдің мүддесін қорғайтын борышты сезіну болып табылады. Қазақстандық патриотизмге басқа халықтарға деген сыйластық, бүкіл адамзатты құрметтеу тұрғысынән қарау керек.....
Талдықорған қаласы 1944 жылы құрылған. 2000 жылдан бастап Алматы облысының орталығы болып саналады.Талдықорған қаласы Қазақстанның оңтүстік-шығысында, облыстық орталық тұсында, Жетісу Алатауының батысында, Қаратал өзенінің жағалауында орнасқан. Қаланың жер аумағы 8233га. Тұрғын халқының жалпы саны 118,3 мың адам (2003ж), 1869 Талдықроған қыстауының орнына Гавриловка селосы бой көтерді. 1922 жылы Қапал уезінің орталығы болып, қайтадан Талдықорған аталады. 1932-1944жылдары аудан орталығы, 1944-1959 жылы Алматы облысынан бөлінген Талдықорған облысының орталығы. 1968жылы Жетісу өлкесінің өндіргіш күштеоін одан әрі дамыту мақсатымен қайта құрылған Талдықорған облысының орталығына айналды. 1997 жылы облыс тағы тарқатылып, Алматы облысына қосылды. 2000 жылы 14 сәуірде облыс орталығы Алматыдан Талдықорған қаласына көшірілді. Қаланың климаты континенттік.Қаңтар айының жылдық ортақ температурасы-11-13 С, шілдеде—22-24 С.Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері—350-400мм.Оның басым бөлігі наурыз-мамыр және қараша-желтоқсан айларында түседі. Жел негізінен солтүстік-шығыс, солтүстік-батыстан соғады. Тұрақты қар жамылғысы қараша айының соңғы онкүндігінде түсіп, наурыздың екінші онкүндігінде ери бастайды.Талдықорған бұта аралас сұлыбас, бетеге, боз, эфемерлі-бозжусанды шөлейт белдемде жатыр. Қала аумағында шөмішгүл, қарағай, сиягүл, жаңғақ сабынкөгі, қызғалдақ, долана, шырғанақ, шұғынық гүл, кәдімгі өрік, қызыл мия, шырмауық, қарасора, алабота, жусан т.б. шөптесіндер өседі. Қалалық әкәмшілік аумаққа қарасты елді мекендер:Еркін, Заречный, Өтенай, Заря, Еңбек, Пригородное 3-ші және 5-бөлімше және экономика-технологиялық колледжінің оқу-тәжірибе шаруашылығы. Қаладағы тұрғын халықтың 51%-ке жуығы қазақтар, сондай-ақ, орыстар (36%), кәрістер(4,4%), татарлар(2,2%), украиндар(1,4%), т.б. ұлт өкілдері бар.Халықтың орналысу тығыздығы 1км –ге шаққанда 1155 адам. Қалада 1570 жұмыс істейтін ауыл шаруашылық, өнеркәсіпорыны мен ұжымдар тіркелген, олардың арасында серіктес шаруашылықтар саны—10585, 72 АҚ, 82 өндірістік кооператив бар. Өнеркәсіп бағытындағы ірі кәсіпорындарға «Қайнар», «Темір», «Қазақаккумулятор», «Темірбетон», «Ажар», «Нан», «Өрнек», «Аққу», «Сайман», «Қаласүтзауыты», «Мирас», т.б. акционерлік қоғам жатады. Ауыл шаруашылық бағытында 95, құрылыста 96 акционерлік қоғам бар. Қалада әр түрлі салаларға маманданған «Гамма» АҚ , «Механикаландырылған жұмыстар» ЖАҚ, «Құрылысшы» ӨЖ, «Шымыр» ЖАҚ, «Ақ сұққар-ай» ЖАҚ, «Талдықорған электр желілері құрылысы» АҚ, «Ақжол» ЖАҚ, «Қалалықжол құрылысы» ЖАҚ, т.б. жұмыс істейді. ....
Гибридологиялық әдіс. Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтарын зерттеудің ғылыми негізін Грегор Мендель қалады. Ол өз тәжірибелеріне қолайлы объект ретінде асбұршақты (Pіsum satіvum) алды. Себебі, басқа өсімдіктермен салыстырғанда асбұршақтың мынадай айрықша қасиеттері бар: 1) бірнеше белгілері бойынша бір-бірінен айқын ажыратылатын көптеген сорттары бар; 2) өсіруге қолайлы; 3) гүліндегі жыныс мүшелері күлтежапырақшаларымен толық қалқаланып тұратындықтан, өсімдік өздігінен тозаңданады. Сондықтан, әр сорт өзінше таза дамып жетілетіндіктен, белгілері ұрпақтан-ұрпаққа өзгеріссіз беріледі; 4) бұл өсімдіктің сорттарын қолдан тозаңдандыру арқылы өсімтал будандар алуға болады. Міне, сондықтан, Мендель асбұршақтың 34 сортынан белгілері айқын ажыратылатын 22 сортты таңдап алып, өз тәжірибелеріне пайдаланды. Ол өсімдіктің негізгі жеті белгісіне көңіл аударды: сабағының ұзындығы, тұқымының пішіні мен түсі, жемістерінің пішіні мен түсі, гүлдерінің реңі мен орналасуы. Мендель тәжірибелерінің келесі бір ерекшелігі белгілердің тұқым қуалауын зерттеуде гибридологиялық әдісті қолдану арқылы дәл және тиянақты нәтиже алуында болды. Бұл әдістің негізгі жағдайлары мыналар: ....
Тәрбие практикасы өз бастауларын адамзат өркениетінің бірінші қадамдарымен байланыстырады. Тәрбие алғашқы адамдармен бірге пайда болды. Ол замандары бала ешқандай педагогикасыз-ақ тәрбиеленген. Адамдардың ол жөнінде тіпті хабары да болмаған. Тәрбие жөніндегі ғылым геометрия, астрономия басқада ғылым салаларынан көп кейін қалыптасқан. Белгілі болғандай, барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт - өмір қажеттігі. Кейін тәрбие идеялары адамдар өмірінде аса маңызды рөл аткара бастады. Себебі әр түрлі қоғамда өсіп келе жатқан әулиетке берген тәрбиесіне орай өмір қажеттігі де жылдам немесе шабан дамитыны белгілі. Осыдан тәрбие тәжірибесін топтастыру және қорытындылау, арнайы оқу- тәрбие мекемелерін ұйымдастырып, жастарды өмірге дайындаудың кажеттігі туындады. Ежелгі дүниенің Қытай, Индия, Египет, Греция сынды аса дамыған елдерінде сол заманның өзінде тәрбие тәжірибесі бір арнаға келтірілді, одан теория түзу қадамдары жасалды. Ол кезде табиғат, адам, қоғам жөніндегі барша білімдер философия шеңберінде жинақталатын, алғашкы педагоғикалық тұжырымдарда сол ғылыми аумақта дүниеге келді. Барша замандарда адамдардың рухани және тән дене дамуында шешуші рел атқарған қуаты мол күшті халық педагогикасы беріп келген. Инабаттылық, еңбектік, тән-дене тәрбиесі бойынша халық қайталанбас ғажайып өміршең жүйе түзді. Еуропалық тәрбие жүйесінің бесігі - ежелгі Греция философия сында қалыптасқан. Оның көрнекті өкілі Демокрит (460-370 жж Б.э.д.)- балалар тәрбиесі бойынша алғашқы нұсқаулар кітабын жазған. Сол уақыттын өзінде ол: «Табиғат және тәрбие мегзес. Дәліре айтсақ, тәрбис аламды қайта жасайды және оны өзгерте отырып, болмыс табиғатын түзеді. Жақсы адам болу табиғат ықпалынан гөрі тәрбиеге көбірек тәуелді».....
Заманымыздағы озат медицина ғылымы туберкулезді емдеуде ірі табыстарға жетіп отыр. Қазір туберкулез адамның қай жерінде кездессе де, оны түрлі әдістерді қосарландыра жүргізіп емдейді. Туберкулезге қарсы жұмсалатын барлық емді негізінде үш бағытта жүргізуге болады. Олардың бірі — жалпы емдеу. Өйткені туберкулезбен дененің бір жері (сүйек, өкпе, без және т. б.) ауырса онық зардабы барлық денеге жайылады. Сондықтан емдік шара алдымен жалпы дененің арқауың нығайтуға, оның қорғаныш күшін арттыруға жұмсалғаны жөн. Жалпы шараның нәтижесінде адамның нерв жүйесі бұзылған қызметін жөнге келтіреді, денеде қоректі заттар алмасуы түзетіледі және бездер жүйесінін жұмысы ширайды. Екінші бағыты — ағзада ұялаған, оны бүлдіріп жатқан туберкулез микробын өлтіру. Қазір күшті дәрі-дәрмектер жеткілікті, солардың күшімен микробтың өсіп-өнуіне тоқтау салып, ұяларын құртуға болады. Емдеудің үшінші бағыты — хирургиялық және ортопедиялық тәсілдер. Әрине, тәжірибеде осы айтылған әдістер мен түрлі дәрілер өзара үйлестіреле жұмсалады. Мысалы, стрептомицин, фтивазид, ПАСК, болмаса тибонмен емдеу кеуде қуысына газ үрлеумен немесе өкпенің ауырған жерін кесумен бірге істелсе, оның нәтижесі жақсы болады. Сондықтан ауру адамды емдегенде бірнеше әдістер және дәрілер қосарлана жұмсалады. Мұны қоспалы емдеу дейміз. Бірақ туберкулезді емдеуге қандай әдіс қолданса да, нендей дәрі жұмсалса да, негізгі шара — аурудың жалпы халін көтеру, денесінің қорғаныш күшін арттыру, сөйтіп туберкулезге қарсы күресте оны жеңімпаз ету. Сондықтан толып жатқан емдердің бастысы гигиеналық-диеталық режим болады. Мұның мәнісі адамның тұрмысында тазалық сақтау және тамақтану тәртібін дұрыс ұйымдастыру деген сөз. Бұл әдіс адамға жағымды жағдай жасайды, дененің кеселге қарсы күшін арттырады және адамның жазылуға сенімін күшейтеді. Осы айтылған мақсатқа жету үшін мамандар науқастың жағдайына қарап, жатқызып емдейді, ал біеулеріне туберкулезге қарсы дене шынықтыратын шаралар істейді. ....
Ғылымның қандай салалары болса да, зерттеу барысы мен іс жүзінде біртекті әдістерді қолдана бермейді. Ғылыми ойларды дамытудың жаңа әдістеріне қолданбалы математика, ақпарат теориясы, кибернетика секілді ғылым түрлері себеп болады. Әр түрлі кезеңдер мен құбылыстарды, оның ішінде өндірістік-экономикалық және ақпараттық жүйелерді зерттеудің озық әдістеріне көбінесе жүйелік зерттеу тәсілі қолданылып жатады. Кез-келген жүйені зерттеу мен тұрғызу және ендіру әдістемесінің негізіне өзара бір-бірімен қатынаста, байланыста болатын, әрі бүтіндей бірлікті құрайтын жүйе элементтерінің бірігуін жатқызуға болады. Жүйенің элементі деп, нақты функцияны орындайтын және берілген есеп көлемі бойынша әрі қарай бөлшектеуге жатпайтын объектіні айтамыз. Мысалы, егер нарықты жүйе ретінде қарастырсақ, онда оның әр түрлі ортадағы элементтеріне мыналар жатуы мүмкін: тауарды өңдеушілер, сатып алушылар, маркетологтар, тауарлар, бағалар, сұраныс, бәсекелестік, жарнама және т.б. Ақпаратты қандай да бір мәселелерді шешу үшін пайда болатын, қабылданып алынған, түсінікті және бағаланған жаңа білім деп түсінейік. Ақпарат дегеніміз, оны алушы кісіге дейін қабылдау механизмінің қабылданды – түсінікті – бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе. Коммерциялық банк рейтінгін талдаудың ақпараттық жүйесі бізге сол банктің жүргізетін операцияларын, оның қызметтері жайлы білуге көмектеседі. Банктің рейтингі негізінен Ұлттық банктің Қаржылық қадағалау департаменті қызметі арқылы жасалып отырады. Сол арқылы банктің капитал жағдайын, өтімділігін, тәуекелге бара алу-алмауын айқындауға болады. Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі. «Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айрбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне осында «коммерциялық банк» деген атауға ие болды). Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтанда банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді. Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдер қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзіне пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді. ....
Аралбай Оңғарбекұлы (1854, қазіргі Маңғыстау облысы, Қарақұм ауылы – 1914, сонда) – ақын. Мұсылманша білім алған, шығыс әдебиеті нұсқаларымен жақсы таныс болған. Жас кезінен темірші-ұсталық, етікшілік, аңшылық, балықшылық сияқты кәсіптермен айналысады, тас қашап, зират ескерткіштерін жасаған. Аралбайдың қолынан шыққан сәулетті ескерткіштердің үздігі – Қарашүңгіл зиратындағы Бырттың мазары.
Өмірбаяны Аралбай қазіргі Маңғыстау облысының Бейнеу ауданы аймағындағы Қарақұм өңірінде дүниеге келіп, Каспий теңізінің шығыс жағалауындағы Айрақты, Қарнау және Қаракұм деген жерлерде ғұмыр кешкен. Бейіті Қарақұм өңіріңдегі Қарашүңгіл қорымында. Аралбай Адайдың Келімберді – Мұңал – Жаулы – Жары – Жетімек деген әулеттерінен шыққан. Жетімектің Ырсалы деген бөлімінен.
Аралбай Айрақты маңында Каспийден балық аулап күнелткен қайықшы кедей адам болған. Аралбай балық аулаудан басқа там салумен, етік тігумен, күміс соғумен, жыр айтумен айналысқан – сегіз қырлы шебер, өнерлі адам болған. Ол Қарашүңгіл зиратындағы Бырт байдың құлпытасын шапқан бас шебер.....
Сталинград шайқасы – екінші дүниежүзілік соғыстағы басты шайқастардың бірі. Ол қорғаныс (1942 жыл 17 шілде – 18 қараша) және шабуыл (1942 жыл 19 қараша – 1943 жыл 2 ақпан) кезеңдерінен тұрады. 1942 жылдың жазында Фашистік Германия мен оның одақтастары Еуропада екінші майданның ашылуын пайдаланып, кеңес – герман майданының оңтүстік қанатына басты соққы беруді ұйғарды. Олар Қызыл Армияны Орелдің оңтүстігінде талқандап, Донбасс, Дон және Кубань экон. маңызды аудандарын алуды, Кавказ арқылы өтетін жолдарды, Сталинградты басып алуды басты мақсат етіп қойды. Жау 1942 жылдың жазында шабуылға шығып, үлкен табыстарға жетті. Тамыздың 23 – інде майдан шебі Сталинградқа келіп тірелді. Сталинград бағытында Германия мен оның одақтастарының қару – жарақтардың барлық түрімен жақсы жарақталған, 6 далалық армиядан құралған 14 дивизиясы тұрды. Қаланы Қызыл Армияның 62 (қолбасшысы – генерал – лейтенант В.И.Чуйков) және 64 (қолбасшысы – генерал – мойор М.С.Шумилов) армияларының бөлімдері қорғады. Қаланы қоршауға шұғыл түрде жұмысшы және халық жасақтары тылдағы бөлімдер ұйымдастырылды. 1945 жылы 25 тамызда неміс әскерлері батыс жақтан Сталинград түбііне жетті. Сталинград майданы құрылып, қалаға тың күштер жіберілді. Қалаға жақын жерлерде қорғаныс шептері салынды. Бұл майданның ерекше маңызын ескеріп, Мемлекеттік Қорғаныс комитеті 12 тамызда Бас штаб бастығы генерал – полковник А.М.Василевскийді, 29 тамызда армия генералы Г.К.Жуковты көмекке жіберді. Гитлершілдер қалаға солтүстік жағынан ғана емес, оңтүстік тұстан да басып кірді. Неміс – фашист әскерлері қаланы шабуылмен алмақ болып, қатарынан төрт рет әрекет жасады. Кеңес әскерлері қыркүйектің басында екі рет қарсы шабуылға шықты, бұл қаланы қорғаушылардың жағдайын едәуір жеңілдетті. Жау әскері біршама шығынға ұшырағанына қарамастан, 13 – 15 қыркүйекте Волга (Еділ) шебінде шабуылды қайта үдетті. Қыркүйектің 15 – іне қараған түнде қорғаушылар жағдайының нашарлағаны соншалық, әрбір үй қамалға айналып, оның әр қабаты үшін табанды күрес жүрді ....
Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экожүйе Сабақ тақырыбы: Табиғи және жасанды экожүйелер Оқу мақсаты: 5.6.1.3. Табиғи және жасанды экожүйені салыстыру Сабақ мақсаты: • Табиғи экожүйенің ерекшелігін білу • Жасанды экожүйенің ерекшелігін білу • Табиғи және жасанды экожүйенің салыстырмасын жасау....
Желтоқсан 1986 – халықтың жас ұрпағының қозғалысы. Ол айдарына қарғыс танбасы басылған М.Горбачевтың «Қайта құру» бағдарламасын шын мәніндегі жаңғырту заманасы екен деп алданған ұлттың жас өкілдері еді. Желтоқсан қозғалысы қаһарлы да қасіретті үш күн ішінде бірнеше сатыдан өтті. Бірінші саты желтоқсанның 16-нан 17-іне қараған түні. Қазақ ССР Мемлекеттік Қауіпсіздік комитетінің деректері бойынша, сол күнгі түні қаланың алты оқу орындарының және С.М. Киров заводының 8 жатақханасында, Театр көркем өнер институтының 12 студенті «арандатуға бағытталған іріткі салу жұмысын жүргізді». Олар «жастарды шеру жасауға көндірді, арандатуға бағытталған ұрандар мен плакаттар даярлап, көшеге алып шықты. Сол бір түнде болған қимыл, әрекет 1979 жылы маусымда Ақмолада (Целиноградта) неміс афтономиясына қарсы өткен акцияны еріксіз көз алдыңа әкеледі... Желтоқсанның 16-нан 17-не қараған түні толқу Ақмоладағы сияқты студент, жұмысшы жатардың жатақханаларында басталды. Ақмолада түнде жазылған транспоранттар мен сол түнгі жазылған транспорантттар үгндес, тіпті кейбірі сол күйінде қайталанды. Желтоқсанның 17 күні тәңертен аланға толқын-толқынымен жиналу әдісі де Ақмола оқиғасымен үндесті. Қалай болғанда да сол бір түнгі процестің басталу, өрбу динамикасын қалпына келтіру Желтоқсан тарихының ең бір қиын сәті екендігін мойындау керек. Желтоқсан қозғалысының сол бір түні жастар үшін толқу, тербеліс үміт кезеңі болатын. Көтерілістің екінші сатысы – желтоқсанның 17 -сі сағат 7-8-ден 18 сағатқа дейінгі кезең, бұл 200-300 адамдық шағын митингілерден мыңдаған адам қатынасқан митингілер, наразылық демонстрациясы, шеруі демонстранттар мен комсомол, партия басшыларының, оқу орындарының ректорлары мен декандарының, билік - әмірші күштердің өкілдерімен диалог болған кезең. Бұл әміршіл – командалық жүйе мен жас балғын демократияның бетпе-бет бейбіт жүздесу сәті, арбасу кезеңі. «Ленин идеясы жасасын», «Советтік Қазақстан жасасын», «Біз, қазақ, ежелден ансаған», «Да здравствует ленинская национальная политика», «Ұлт саясатының лениндік принциптерін сақтауды талап етеміз!», «Ешқандай ұлтқа артықшылық берілмесін!», «Каждому народу своего вождя» деген жастар алып шыққан түбегейлі көкейкесті ұрандар былай алып қарағанда марксизм – лениизмнің қағидаларынан тұрған еді. Ол шындығында іс пен теорияның арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған -ды. Міне мұндай демократиялық ашық та айқынды, айшықты ұрандар астына реформатор жастар топтасты, олардың қатары 200 - 300 адамнан он мыңға өсті. Ал америкалық Хельсинки тобының деректері бойынша наразылық жасаушылар қатары 30 мыңға дейін жеткен. Ал Жоғары Совет Президиумы Комиссиясы демонстранттар қатары түске қарай 5000 адамға жуықтады деп жобалайды16. Комиссия қозғалысқа қатысқан адамдардың айтуымен, алаңдағы адам кешкі сағат 18-де 15 мыңға дейін жетеді деп шамалайды. Біздіңше көше-көше бойымен жүрген сәттерінде демонстранттар қатары бірнеше есе өсті. Өйткені, көше бойына шыққандар да өздерін демонстранттар қатарында санады, іштей жылылық танытты, еркіндік аңсаған ұлдары мен қыздарына сүйсінді. ....
Алтынай Бауыржанқызы Нөгербек (26 қараша 1976 жылы Алматыда туған) – қазақстандық кино және театр актрисаы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан жастар одағының «Серпер» сыйлығының лауреаты. ҚР Мемлекеттік степендиясының иегері. Биография 1976 жылы 26 қарашада Алматыда дүниеге келген. 1983-1993 жылдары Алматыдағы №12 қазақ орта мектебінде білім алған. 1993-1997 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Қазақ Мемлекеттік театр және кино институты)ның «Кино» факультетінің «Кино және театр әртісі» бөлімін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,Мемлекеттік сыйлықтың иегері, театр сыншы Ә.Сығай және Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор Т.Жаманқұовтың сыныбынан қызыл дипломмен үздік нәтежемен бітіріп шығады. 1997 жылдан бастап Астана қаласының Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында еңбек жасап келеді. ....
Ерлан Күмісқалиев – «Атырау – маленькая страна» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Қазіргі уақытта бас миы мен жұлынына зақым келген балаларға қолдау көрсету орталығын басқарады.
Тарихы 2007 жылы Ерлан Күмісқалиев қарындасын Қытайға тексеруге апарады. Медициналық орталық Ерланға да түрлі анализдер тапсыруға ұсыныс білдіреді. Қан талдауларының нәтижесі қуанарлық көрсеткіш бермейді. Сол уақыттан бастап Ерлан шетелде ұзақ уақыт емделуге бел буады. Елге оралғаннан кейін Ерлан Бас миы мен жұлынына зақым келген балаларға қолдау көрсету орталығын (ДЦП, Даун синдромы, аутизм) ашады. Емдеудің негізгі түрі – Канистерапия. Тереңірек тарқайтып айтар болсақ, науқас балаларды жануарлардың көмегімен емдеу. Бұған таптырмайтын мейірімді жануар Лабрадор иттері таңдалады. Осылайша Ерлан аутизмге, психикалық дамуы кешеуілдеген және балалардың церебралды сал ауруына шалдыққан балаларды төрт аяқты достардың көмегімен емдеуге кіріседі.....
Экологиялық мәселелердi шешу болашағы мамандардың осы сала бойынша берiлетiн бiлiмдi игеру деңгейiне тәуелдi және қоршаған ортаны қорғауға деген адамгершiлiктi қатынасты көздейтiн iс-әрекетке негiзделген. Соған байланысты жоғары оқу орындары студенттерiнiң экологиялық бiлiмiн қалыптастырып дамыту мақсатында меңгертiлетiн пәндердiң барлығының мүмкiндiктерiн барынша тиiмдi пайдалану қажеттiлiгi туындайды. Ғалымдар адамның табиғатқа деген ықпалының арта түсуiне байланысты экологиялық үйлесiмдiлiктiң бұзылуына орай, биосфераның бұзылуына жол бермеу қажеттiгiне мән бере бастады. Сондықтан адамзатты айналадағы экологиялық ортаға ұқыптылықпен, қамқорлықпен қарауға баулуда, оқу-тәрбие жұмысы барысында баса назар аударып, экологиялық бiлiм мен тәрбие берудiң өз ерекшелiгi бар. Тiрi және өлi табиғаттың өзара байланысын ғылыми тұрғыда аша отырып, экологиялық факторлардың жан-жақты әсерiн түсiндiрде аналитикалық химия пәнiнiң әлеуетiн тиiмдi пайдалану маңызды мәселелердiң бiрi болып табылады. Себебi, қоршаған ортаға деген адамның қарым-қатынасы оның бiлiмiне, адмгершiлiктiк қатынасына, өз iс-әрекетiнiң салдарын бiлуiне тiкелей байланысты. Сонымен бiрге, қай жердiң болмасын экологиялық зардаптарын түсiндiруге, сондай-ақ, экологияға зиянды ықпалдарды түзетуге белсене кiрiсу бүгiнгi күнгi негiзгi мақсат болуы тиiс. Осы мәселелердi ескере отырып болашақ мұғалiм - бүгiнгi студенттiң кәсiби компетенттiлiгiн аналитикалық химия материалдары арқылы экологиялық бiлiм бере отырып қалыптастыру мүмкiндiктерiн қарастырайық. Қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасындағы қиыншылықтың алдын алу тек ғылыми дәлелмен ғана iске асады. Адамның табиғатқа деген қарым-қатынасын түбiрiмен өзгерту үшiн экологиялық бiлiм қажет. Табиғатқа деген қарым-қатынастың ерекшелiгi – адам ағзасын табиғи дене, табиғаттың бөлшегi деп түсiнуде. Табиғатты адам тiршiлiгiне пайдаланғанда оның тұрақты заңын, үйлесiмдiлiк ерекшелiгiн бұзбауға тырысып, табиғаттың ғасырлар бойы құралған мазмұнын қастерлей бiлуiмiз қажет. Ал оны қорғау негiзiне алынатын экологиялық проблемаларды шешу үшiн, адамның құндылықты бағдарын өзгерту қажет. Ол үшiн әртүрлi оқу пәндерiнен берiлетiн бiлiм мазмұнын ой елегiнен өткiзген жөн. Осы бағытта бiрталай жұмыстар жүргiзiлуде. Бiрақ олар әлi де болса әдiстемелiк тұрғыда жүйелеудi қажет етедi. ....