5-8 сынып тәрбие жоспар 3құндылық


Келісемін Бекітемін

ДТІЖО_______________ Мектеп директоры:

Қ.Дарханбай ,А.Керімхан Д.Сапарымбетова

Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын жүзеге асыру аясындағы 2023-2024 оқу жылына арналған « 5-8 » сыныбына арналған тәрбие жұмысының жоспары

Қайнар ауылы 2023-2024ж

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты:

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор,

адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.

Міндеттері:

1.Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге,перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.

2.Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу.

3.Жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлыболуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен

әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

4.Денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу.

5.Табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу.

Күтілетін нәтиже:

1.Ата-анасын сыйлайды, перзенттік парызын түсінеді, «қарашаңырақ», «жеті ата», «тектілік» ұғымдарының маңызын бағалайды, отбасы татулығы мен берекесін қадірлейді.

2.Отаншыл, мемлекетшіл, намысшыл, халқына адал қызмет етуді, мемлекет тәуелсіздігін және елі мен жерінің тұтастығын қорғауды борышым деп санайды жәнеұлттық мәдениетті құрметтейді, салт-дәстүрлерді біледі, оны сақтайды.

3.Әр ісіне, қадамына жауапкершілікпен қарайды, әдепті және мейірімді, сөзінеберік, ісіне адал, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді, ар-ұятты жоғары бағалайды.

4.Жан мен тән тазалығын сақтайды, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді, эмоционалды жай-күйін басқарады.

5.Тұратын үйін, ауласын, қаласын таза ұстайды, қоғамдық орынға және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарайды, табиғатқа жанашыр және туған жердің қайталанбас ерекшелігін және оныңбірегей болмысын таниды және адал еңбекті жоғары бағалайды.

Ұлттық құндылықтар: ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ, АР-ҰЯТ, ТАЛАП.

Ұлттық мүдде құндылығы:

-Қазақстан мемлекеттілігіннығайтуға атсалысу;

-Қазақстанның оңтайлы имиджін қалыптастыруғабелсенді үлес қосу;

-Ұлттық мұраға ұқыпты қарау; Қазақ тілінің қолдануаясын кеңейту;

Қазақстан мүддесінеқызмет етуге ұмтылу;

Қоғам игілігі үшінқызмет ету; Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасызетуге дайын болу;

Ұлттық мәдениеттідәріптеу;

Күтілетін нәтижесі:

-Отаншыл, мемлекетшіл жәненамысшыл

-Мемлекеттік рәміздердіқадірлейді

Елінің тарихын құрметтейді

Ұлттық мирасты, мәдениеттідәріптейді

Құқықтық және экологиялықмәдениеті жоғары

Ар-ұят құндылығы: Академиялық адалдық қағидатын қолдау;

Адал еңбекті құрметтеу;

Сөзіне берік, ісіне адал болу;

Халқына адал қызмет ету

Әдеп нормаларын ұстану;

Шешім қабылдай білу жәнежауапкершілікті сезіну;

-Достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу, мейірімділіктаныту;

- Өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну.

Күтілетін нәтижесі:

Ар-ұят, адалдықты жоғарыбағалайды;

Сөзіне берік, ісіне жауапкершілік танытады;

Ата-анасына сүйіспеншілікпенқарайды;

Достарын, сыныптастарынсыйлайды;

Кішіге ізет, үлкенге құрметкөрсетеді.

Талап құндылығы:

Сыни және креативті ойлау;

Жеке және командаменжұмыс істей білу;

Білуге, жаңаны тануғақұштар болу;

Физикалық белсенді болу;

Салауатты өмір салтынұстану;

Технологиялық және цифрлық дағдылардыілгерілету;

Дұрыс қарым-қатынасорната білу;

Уақыт пен қаржынытиімді жоспарлау.

Күтілетін нәтижесі:

Жан мен тән тазалығынсақтайды;

Дұрыс тамақтану мәдениетінтүсінеді;

Қоршаған орта тазалығынсақтайды;

Ақпараттық, медиа жәнеқаржылық сауаттылық;Ізденімпаз, жасампаз тұлға.тәрбиенің кешенді жоспарын іске асыруда балалардың жас ерекшеліктер.

 

 

 

 Мерзімі

 Тәрбие

 құндылықтары

 Тақырыбы

 Ескерту

 1

 қыркүйек

 Ұлттық мүдде, ар-ұят, талап

 Мектебім – мейірім мекені!

 

 2

 

 Талап

 Жол жүру ережелерін еске түсіреміз!

 

 3

 

 Ұлттық мүде

 Менің тілім – менің досым

 

 4

 

 Ұлттық мүде

 Рәміздерім-мақтанышым

 

 5

 

 Ар-ұят

 Ұстаз — ұлы тұлға

 

 

 

 

 

 

 6

 Қазан

 Ар-ұят

 Қарттарым – асыл қазынам!

 

 7

 

 Ұлттық мүде, талап

 Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық

 

 8

 

 Ар-ұят

 Әдептілік – тәрбие бастауы

 

 9

 

 Ар-ұят

 Кішілерге қамқорлық

 

 

 

 

 

 

 10

 қараша

 Ар-ұят

 Мейірімділік - асыл қасиет

 

 11

 

 Ұлттық мүде

 Ұлы жүздің биі Төле би 360 жыл

 

 12

 

 Ұлттық мүде, талап

 Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет

 

 13

 

 Талап

 Біз зорлық - зомбылыққа қарсымыз!

 

 

 

 

 

 

 14

 желтоқсан

 Талап

 Салауатты өмір - жарқын болашақ

 

 15

 

 Ұлттық мүде

 Тәуелсіздік баға жетпес байлығым

 

 16

 

 Талап,ар-ұят

 Құқықбұзушылық және жасөспірім

 

 17

 

 Талап

 Жаңа жылдағы қауіпсіздік ережелері

 

 

 

 

 

 

 18

 қаңтар

 Ар-ұят

 Мейірімділік сенен басталады

 

 19

 

 Ұлттық мүде

 Қазақтың батыры, көрнекті ақыны Махамбет Өтемісұлының туғанына

 220 жыл

 

 20

 

 Ар-ұят

 Қайырымдылық жылы жүректен

 

 21

 

 Ұлттық мүде

 Атадан қалған –асыл мұра

 

 

 

 

 

 

22

ақпан

Талап

Цифрлық сауаттылық заман талабы

23

Ар-ұят

Ізгілік – адамгершіліктің белгісі

24

Талап

Құқықтық сауаттылық – заман талабы

25

Ар-ұят

Алғыс айту – парызым!

26

наурыз

Ар-ұят

Гүл мереке, күн мереке – 8 - наурыз!

27

Талап

Қылмыс неден туындайды ?

28

Ұлттық мүде

Наурыз – Ұлыстың ұлы күні

29

сәуір

Ар-ұят

Жүректі жылытар мейірімділік

30

Ұлттық мүде

Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі

31

Ұлттық мүде

Байқоңыр – ғарыш айлағы

32

Ұлттық мүде, талап

Заң және заман

33

Ұлттық мүде, талап

Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы

34

Ұлттық мүде

1 мамыр – Халықтар бірлігі күні

Сынып жетекшісі :



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
---



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу