Ұлыстың ұлы күні - Наурыз. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.


САБАҚ: 5-сабақ

Мектеп: №5 көпсалалы мектеп-лицейі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Киршимова Н.Қ.

Сынып: 6-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз. Морфология.

Сабақтың тақырыбы

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.1.2.1. – әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (жаңалық, құттықтау) көтерілген мәселені талдау.

Сабақтың мақсаттары

Оқушылар тыңдалым мәтіні негізінде диалогтік қарым-қатынасқа түсе алады, сөз мәнері мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана алады.

Бағалау критерийлері

- Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді;

- негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай алады.

- диалогтік қарым-қатынасқа түсе алады;

- сөз мәнері мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана алады.

Құндылықтар

Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу.

Сабақта оқушылар бойына денсаулық және жауапкершілік сынды құндылықтарды дарыту, жаһандық азаматтық ұстанымы мағынаны тану кезеңіндегі тапсырмалар негізінде жүзеге асады.

АҚТ қолдануы

Интерактивті тақта арқылы слайд-презентация пайдаланылады.

Тілдік мақсаттар

Қараторғай, наурызек, жапалақ, сауысқан, кірпідей жиырылу, абыройлы, көзіңіз шарасынан шыға кетейін деп қалды.

Осыған дейін меңгерілген білім

Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары. Морфология.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 мин

Қызығушылықты ояту.

Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысымын тексеру, сыныптың назарын сабаққа аудару.

Оқушыларға көктем әуені тыңдатылады.

«Миға шабуыл» жасалады:

Әуенді тыңдағанда қандай сезімде болдыңыз?

Ненің дыбысын естідіңіз?

Бұл дыбыстар сізге таныс па?

Жаңа сабақтың тақырыбы қандай болуы мүмкін?

Оқушыларға сұрақтарға жауап берген соң,

сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, бағалау критерийлері хабарланады.

http://mp3-4-all.info/id-files/%D0%97%D0%B2%D1%83%D0%BA%D0%B8+%D0%BF%D1%80%D0%B8%D1%80%D0%BE%D0%B4%D1%8B-%D0%92%D0%B5%D1%81%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D0%B8%D0%B9+%D0%A0%D1%83%D1%87%D0%B5%D0%B9/

Сабақтың ортасы

Мағынаны тану

Тыңдалым алды тапсырма.

Мәтін бойынша сөздермен жұмыс.

Оқушылар келесі кестедеге сөздермен танысады.

Қараторғай

Кәдімгі жыл құсы. Наурыз айында ұшып келеді.

Наурызек

Көктем жаршысы. Наурыз айында келетін торғай. Даладан осы құсты көрсеңіз, нағыз көктемнің келгені.

Наурызек - наурыз айында келетiн торғай, жыл құсы.Даладан осы құсты көрсеңiз-нағыз көктемнiң шыққаны)Наурызек - наурыз айында келетiн торғай, жыл құсы.Даладан осы құсты көрсеңiз-нағыз көктемнiң шыққаны)

Жапалақ

Үкі. Түнде тіршілік ететін жыртқыш құс.

Көзіңіз шарасынан шыға кетейін деп қалды.

Таңданды, таң қалды.

Сауысқан

Қарғаға ұқсайтын кіші денелі құс.

Кірпідей жиырылып отыру

Ұнатпау, жақтырмау

Абыройлы болу

Қадірлі, беделді болу

Наурыз көже

Наурыз айында дайындалатын ұлттық тағам.

Тыңдалым. «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» тақырыбында оқушылар мультфильм көреді. Осы мультфильм бойынша оқушылар негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды.

Төмендегі тапсырмаларды орындайды. Сұрақтарға жауап береді және мәтінге сәйкес үш дұрыс тұжырымды белгілейді.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

1.Қандай құс адамдарға наурыз келгенін хабарлайды?

А.Наурызек

В.Қарға

С.Бүркіт

2.Наурыз көже неше тағамнан жасалады?

А.5

В.7

С.6

3.Жапалақтың аты қалай?

А. Ботакөз

В. Наурызкөз

С. Үлкенкөз

 Тұжырымдар

 дұрыс

 бұрыс

 А

Қараторғай әндетіп, барлығына көктем келгенін жариялайды.

 

 

 В

Ұстаз жапалақ болады.

 

 

 С

Қараторғай наурызекке «Кел, дос болайық» -деді.

 

 

 D

Сауысқан ағай «Құстардың түрлері» тақырыбында сабақ жүргізді.

 

 

 E

Наурыз тойы салт-дәстүрге сай мерекелік думандармен қызықты өтеді.

 

 

Бағалау критерийлері:

  • Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді;
  • Негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай алады.

Тыңдалымнан кейінгі кезең.

Оқушылар назарына шет елдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайтыны жайлы бейнебаяннан үзінді ұсынылады. Жұппен жұмыс жасайды. «Ал сен және отбасың Наурыз және Айт мерекесін қалай тойлайды?» тақырыбында диалогқа түседі.

Жұптық бағалау.

Бағалау критерийлері:

  • Диалогтік қарым-қатынасқа түсе алады;
  • Сөз мәнері мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана алады.

https://www.youtube. com/watch?v=o9ZG2uXTXAI

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

Қосымша ақпарат

Дифференциация

Мүмкіндігі төмен оқушыларға мұғалім жеке нұсқаулықтар, түрткі сұрақтар беріледі, топтағы талқылаулар көмектеседі.

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Топтағы талқылауларды бақылаймын, оқушылардың маркерлеген мәтінін бақылаймын

Рефлексия кезінде ұсынған сұрақтар бойынша айтқан пікірлерінен ақпарат аламын

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Бірқатар оқушылардың өз біліміндегі ақаулары үшін алаңдамайтындай жайлы атмосфера тудыру

Оқушылар бірі біріне деген құрмет пен үйренуге ашықтық құндылықтарын дамыта алады

Слайд-презентация пайдаланылады

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» "Телефон тұтқасын дереу қойыңыз": ІІМ Қазақстанда жиі кездесетін алаяқтық түрлерін атады
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
Пікір жазу