Наурыз тілектері. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


САБАҚ: 3-сабақ

Мектеп: №5 көпсалалы мектеп-лицейі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Киршимова Н.Қ.

Сынып: 6-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз. Морфология.

Сабақтың тақырыбы

Наурыз тілектері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.3.2.1 - жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, құттықтау құрастырып жазу;

6.4.4.3 - үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Оқушылар үстеудің мағыналық формаларымен танысып, құттықтау мәтінін құрастырып жазуы тиіс.

Бағалау критерийлері

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, құттықтау құрастырып жазады;

Үстеудің синонимдік қатарларын түрлендіріп қолданады.

Құндылықтар

Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу.

Сабақта оқушылар бойына денсаулық және жауапкершілік сынды құндылықтарды дарыту, жаһандық азаматтық ұстанымы мағынаны тану кезеңіндегі тапсырмалар негізінде жүзеге асады.

АҚТ қолдануы

Интерактивті тақта арқылы слайд-презентация пайдаланылады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: жанр, алдын ала дайындықсыз, тікелей қарым-қатынас, эксперссивтілік, эмоционалдық, көркем образ.

Талқылауға қажетті сөз тіркестері:

менің ойымша, пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін,ақпараттарға көз жүгіртсек, оның мынадай себептері бар, себебін былай түсіндіремін, қорытындылай келгенде...

Осыған дейін меңгерілген білім

Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары. Морфология.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 мин

Қызығушылықты ояту.

Тақтаға тірек сөздер ілінеді. Сол ілінген тірек сөздер арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын болжайды.

Көне мереке, Қыдыр ата, жақсы тілек, сенім.

Содан соң сабақ мақсаты, бағалау критерийлері мен дескрипторлары түсіндіріледі, талқыланады.

Туған жыл мезгілдеріне байланысты оқушылар топқа бөлінеді.

Сабақтың ортасы

Мағынаны тану

ІІ Мағынаны тану

Оқушылар мәтінді оқып, негізгі ойды анықтайды.

 Қазақ бұрынғы көне заманда 21 наурыз күні түнде үйінің төріне қос шырақ жағып қояды екен. Онысы үйдегі ерлі-зайыпты екі адамның өмірі сол қос шырақтай жарық болсын, бақыты баянды болсын, бағы өрлесін, дәулеті артсын, ғұмыр жастары ұзақ болсын, өмірінде қиындық көрмесін, көңілдері сол шамдай маздап жанып тұрсын деген ізгі тілектің бейне белгісін білдіреді. Қазақтың ежелгі ұғымында 21 наурыз күні жер иесі Қыдыр ата даланы аралайды екен. Таң бозарып келе жатқанда, мейірі түскен бір үйге келіп қонады. Қыдыр қонған үйге құт береке дариды, дәулеті шалқиды. Қыдыр баба аралаған ауылға «бақ оралады», «ырыздығы молаяды» деп сенеді. «Босаға құтты, ірге мықты болсын, таңмен таласып үйіңе Қыдыр қонсын» - деп жақсы тілек айтады. Қонағы көп үй «берекелі болады», қонақпен ілесіп үйге құт қонады, бірі Қыдыр, осы келген қонақтың бірі Қыдыр болуы мүмкін» - деп сенеді.

 Келісемін/келіспеймін. Топтық талқылау. Оқушылар мәтіндегі ақпаратпен байланыстырып, ойларын аргументпен дәлелдейді.

  • 22 Наурыз - діни мереке.
  • Наурызда кем дегенде жеті үйге кіріп дәм татқан абзал.
  • Қазақтар Наурызда бір-біріне ізгі тілектер айтып, бата берген.
  • Киелі санның сумаляк немесе наурыз көжеге қатысы жоқ.
  • Қыдыр ата - бүкіл халықтың қамқоры, несібе әкелуші қарт.
  • Еліміздің батыс аймағында «Көрісу күні» сақталмаған.
  • Президент 21-23 күндеріне «Наурыз мейрамы» деген мәртебе берді.
  • Мереке күні қар жауып тұру жақсы ырым деп саналған.

Кері байланыс

Жазылым алды тапсырма. Оқушылар сұрақтарға жауап береді. ЖЖ.

- Құттықтау хат қандай жағдайда жолданады?

- Құттықтау хат қандай сөздермен басталады?

- Қандай тілектер айтылады?

- Қандай сөздермен аяқталады?

Оқушылар алдын ала құттықтау мәтінімен танысады.

22 наурыз мерекесі құтты болсын!

Ата, асқар таудай ақылшым, бұл күні берген ақ батаң қабыл болсын! Немере-шөберелеріңнің қызығын көріп, көпті көрген тағылымыңмен бала-шағаның бағдаршамы болып жүре бер! Төрт түлігің ақты болсын! Өрісің малға, үйің жанға толсын!

Әже, тәлім-тәрбиенің көмбесі, өнегең мен тәлімің түгесілмесін! Наурыз мерекесі саған дүниенің бар жақсылығын әкелсін!

Әке, Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз саған көктем күнінің күшін әкелсін! Шаңырақтың сүйеуі, отбасының тірегі болған сүйікті әкем,  саялы бәйтеректей алақаныңнан жылу кетпесін!  

Ана, 22 наурызда шаңырағымызға береке, ырыс кірсін! Әз Наурыз әлемді тербеткен ақ жүрегіңе қуаныш пен шаттық сыйласын! Бала-шағаңның қызығын көруге жазсын!

Бауырым, тай құлындай тебісіп бірге өскен ардақты жан, 22 наурыз күні арманың орындалып, көктем саған бар жақсылығын әкелсін! Отбасының еркесі, жанарымыздың нұры, ата-ананың ақ үмітін ақтап, өмірден өз орныңды тапқайсың!

Досым, ыстық-суықты бірге көрген жанымның бөлшегі, саған көктем күнінің шуағын тілеймін! Келесі 22 наурызда да бір-бірімізге ыстық тілектер айтып отыруға жазсын!

Әріптесім, 22 наурыз құтты болсын! Жеке өміріңе бақыт, жұмысыңа шығармашылық шарықтау тілеймін!

Жазылым тапсырмасы. Оқушылар 22 Наурыз мерекесіне орай хаттың құрылымын сақтай отырып, үстеу түрлерін қолданып, құттықтау жазады.

  • құрметті, қадірлі, қымбатты
  • шын жүректен, тілек білдіруші, құрметпен т.б.

Дескриптор:

Сұрақтарға толық, орынды жауап береді;

Мәтіннен қажетті ақпаратты дұрыс қолданады;

Хаттың стилі мен құрылымын сақтап жазады;

Үстеудің синонимдерін түрлендіріп қолданады.

Жазылым соңы

Оқушылар бір-бірінің құттықтауларын оқып, ауызша кері байланыс берсе, мұғалім жазбаша кері байланыс береді.

http://kerey.kz/?p=10397

https://massaget.kz/arnayyi_jobalar/22-nauryz/979/

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

Қосымша ақпарат

Дифференциация

Мүмкіндігі төмен оқушыларға мұғалім жеке нұсқаулықтар, түрткі сұрақтар беріледі, топтағы талқылаулар көмектеседі.

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Топтағы талқылауларды бақылаймын, оқушылардың маркерлеген мәтінін бақылаймын

Рефлексия кезінде ұсынған сұрақтар бойынша айтқан пікірлерінен ақпарат аламын

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Бірқатар оқушылардың өз біліміндегі ақаулары үшін алаңдамайтындай жайлы атмосфера тудыру

Оқушылар бірі біріне деген құрмет пен үйренуге ашықтық құндылықтарын дамыта алады

Слайд-презентация пайдаланылады

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу