Наурыз тілектері. Қазақ тілі, 6 сынып, методикалық ұсыныс. 3 сабақ


ЖАЗЫЛЫМ ДАҒДЫСЫНДА ЕСКЕРЕР ЖАЙТТАР

Максутова Жансауле Артурқызы

Орал қаласы, физика-математика бағытындағы НЗМ,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

Жазылым 4 дағдының ішінде оқушының нәтиже көрсететін, мұғалімнің өнім алатын дағдысы болып табылады. Кейбір оқушылар табиғатынан шапшаң болады да, тілді игеруде сөйлеуден, тыңдаудан ерекше қабілеттілік танытады. Ал, біреулері қабілеттері бола тұра  бетпе-бет сөйлесу мен тыңдауға келгенде қиындықтарға кездесіп жатады, яғни тым жай қабылдайды. Көптеген дерек көздеріне сүйенсек, жазылым дағдысы дәл осындай асықпай ойлап, баяу қимылдайтын оқушыларға лайықты дағды екендігі көрсетілген1. Олар әр сөйлеміне баса мән беріп, ерекше идеяларын жинақтап баяндауға тырысады және бұл істе керемет шеберлік танытады. Алайда, бұл шапшаң оқушылардың жазылымды игеріп алды деген сөз емес. Ең басты нәрсе, оқушының осы дағдыны өмірде қолдана алуы, сол қажеттілікті мұғалімнің оқушы санасына жеткізе білуі.

Жазылым жұмысының сәтті шығуы ең алдымен сөздік қордың мол болуына тікелей байланысты. Сөздік қор оқылым арқылы келеді. Бұны  танымал адамдардың мынадай сөздері арқылы дәлелдеуге болады.

Жазушының көп уақыты оқумен өтеді2;

Жазушы бір кітап жазу үшін кітапхананың жарты бөлігін аралайды;

Көп оқитын адам ғана жақсы жаза алады. (Самуэл Джонсон)

Жазу құмырашының балшығы секілді пайдаға асқанша бірнеше түзетулерден өтеді. (Walsh)

Жазу- біздің ойымызды тілге аударушы. (Byren)

Мұғалім оқушыға жазуды үйретпес бұрын өзіне мына сұрақтарды қойған дұрыс деп ойлаймын:

  • Оқушылардан не туралы жазуды сұрайсыз?
  • Оқушыларға жазылым дағдысын қалай игертуге болады?
  • Жазба жұмыстарын қалай түзетесіз?
  • Жазуды үйретуде қандай қиындықтар кездесті?

Осы сұрақтарға жауап бергенде ғана жазылымдағы бағытын анықтай алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу