Отбасы құндылықтары. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ұлттық және отбасылық құндылықтар | Мектеп: | |||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||
Сынып: 6 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||
Сабақтыңтақырыбы | Отбасы құндылықтары | |||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 6.2.2.1 ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану | |||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Мәтіннің тілдік құралдарына талдау жүргізу; мәтіннің стилін анықтау | |||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Мәтіндегі тілдік құралдарды (тұрақты сөз тіркесі, антонимдер, эпитет, сұраулы сөйлем) анықтайды. Қолданылу мақсатын түсіндіреді. Мәтіннің стилін табады. | |||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Ауызекі сөйлеу стилі, тұрақты тіркестер, антонимдер, эпитет, сұраулы сөйлем Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Менің ойымша... Мәтінде ... мәселесі көтерілген Мәтінде ... қолданылады Қолданылу себебі... | |||||||||||||||||
Құндылықтарды игерту | Тақырып аясында ұсынылатын мәтіндер арқылы оқушылар отбасындағы сүйіспеншілік, құрмет құндылықтарының маңызын түсінеді, қазіргі кездегі мәнін талқылайды. | |||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиет | |||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Оқушылар стиль ұғымымен таныс болулары қажет. | |||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||
Жоспарлана тын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-5 | ТЖ. Оқылымалды тапсырма. Оқушылар қазақ отбасындағы маңызды 2 құндылықты талқылайды. Өз пікірлерімен бөліседі. Өз отбасыларындағы маңызды құндылық туралы айтады. Оның неліктен маңызды екенін түсіндіреді. Отбасы – бұл біздің алғашқы қоғамымыз. Біз онда өміріміздің алғашқы, өмірлік құндылықтар мен басымдықтар негіз қалайтын, сондай-ақ әлеуметтік мінез-құлықтың нормалары қалыптасатын жылдарын өткіземіз. Сондықтан отбасы мүшелері, ең алдымен ата-аналар адамның әлеуметтенуінің негізгі бастаушы нүктесі болып табылады. Отбасы біздің өмірімізде алғашқы орындардың бірін алады, отбасынан қымбат және маңыздырақ ештеңе де жоқ. | |||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5-10 10-20 20-25 25-30 30-35 | Ж. Оқылым тапсырмасы. Оқушыларға мәтін таратылады. Мәтіндегі тілдік ерекшеліктері анықтау арқылы оқушылар мәтіннің стилін табады. Мәтін: Отбасы – күнделікті өмірде адамдардың арасындағы өзара қатынастардың орнықты жүйесі, ол бірқатар тұтастай функцияларды атқарады. Отбасының функциялары – отбасының тіршілік қызметінің, өз мүшелерінің белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандырумен тікелей байланысты саласы. Отбасының репродуктивтік функциясы – тіршілікті биологиялық тұрғыдан қайта туындату, өмірге балаларды келтіру арқылы оның үздіксіз болуын қолдау. Ол адамзаттың тіршілігін жалғастыру үшін қажет. Отбасының әлеуметтік – демографиялық функциясы (халықтың өсуін жүзеге асыру). Қоғам келер ұрпақтың саны өткен ұрпаққа қарағанда сан жағынан көп болуына мүдделі. Бұл адамның адами-эмоционалдық қажеттілігі де. Баласыз отбасы - толыққанды отбасы емес. Отбасының балаларды бастапқы әлеуметтендіру функциясы – отбасының баланы қоғамға біртіндеп енгізуі, оны осы қоғамға тән барлық заңдармен таныстыру. Туған кезінен бастап бала әкесімен және анасымен жеткілікті психо-әлеуметтік байланыста болса, ол үйлесімді тұлға болып өседі. Отбасының тәрбиелік функциясы осының алдындағы функцияға жақын тұр. Отбасы сүйіспеншілік сезімін сіңіріп, балалар мен ата-аналардың бір-бірлеріне бауыр басу, сену сезімдерін қалыптастырады. Әсіресе, отбасылық қатынастардың эмоционалдық негізін құрайтын: үлкендерді, әйелдерді құрметтеу, кішіге, қарт кісілерге қамқорлық көрсету сияқты адами сезімдерді қалыптастырудағы отбасының рөлі орасан зор. Отбасы балаға эмоционалдық тұрғыдан жайлылық пен қорғауда болу сезімін береді. Араласып-сөйлесу, бірге еңбектену, ынталандыру, жазалау, мінез-құлқын бағалай арқылы әсер ету – дұрыс тәрбие берудің кепілі. Отбасының бос уақытты өткізу функциясы да адами тәрбие беруге жәрдемдеседі. Бос уақыт – бұл балалардың дамуы үшін маңызды тәрбиелік, эмоционалдық фактор. Ата-анасымен бірге өткізілген уақыт балалардың мәдени, адами-эстетикалық деңгейін көтеруге, олардың рухани дамуына аса қажет. Отбасындағы қолайсыз жайлардың балаға жағымсыз салдары - психикасының бұзылуы, мінез-құлқының қиындығы, әлеуметтік бейімделмеушілік және девианттық мінез-құлық, одан тек отбасы ғана емес, тұтастай алғанда қоғам да зардап шегеді. Отбасының экономикалық және шаруашылық-тұрмыстық функциясы отбасының биологиялық тіршілік етуін қамтамасыз етуде (тамақ, тұрғын үй, киім-кешек және т.б.). Отбасындағы өмір ең алдымен тұрмыстың материалдық қамтамасыз етілуімен, еңбекке қабілеті жоқ туыстар мен кәмелетке толмағандарға бірлескен материалдық қамқорлықпен байланысты. Отбасының медициналық функциясы немесе отбасы мүшелерінің физикалық денсаулығын қолдау ең алдымен профилактикалық сипатта болады. Ол салауатты өмір салтын сақтаумен, зиянды әдеттерден бас тартумен, демалысты белсенді страница 83 жағдайда өткізумен, гигиеналық дағдыларды игерумен, сауықтыру іс-шараларын өткізумен тікелей байланысты. Тапсырма: Мәтінді мұқият оқыңдар. Мәтіннің тілдік еркшелігін талдап, стилін анықтаңдар. Дескриптор:
Оқушылар мәтінде кездескен ұқсас тілдік ерекшеліктер сыныппен талқыланады. Бұл тілдік ерекшеліктердің қандай стильге тән екендігі туралы әңгімелеседі. Әдеби стиль туралы мағлұмат беріледі(3-қосымша). ТЖ. Оқылымнан кейінгі тапсырма. Оқушылар мәтінде айтылған құндылықтарды анықтайды, мәтіндегі маңызын сараптайды, қазіргі кездегі өзектілігіне баға береді. Тапсырма: Мәтінде айтылған құндылықты анықтап, өздерің «Отбасылық құндылықтар бәйтерегін» құрыңдар. Дескриптор:
Бағалау. Топтар өз мәтіндері бойынша талдауларын сыныптастарына таныстырады. Өзара бағалау жүргізіледі. | |||||||||||||||||
Сабақтың соңы 35-40 | Рефлексия Оқушылар сабақтағы проблемалар кестесін толтырады.
Кестенің «шешімі» бөлімін мұғалім толтырады. Оқушыда туындаған қиындықтың шешу жолдарын ұсынады. | |||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | ||||||||||||||||
Мәтіндерді тарату кезінде А мәтінін үлгерімі төмен оқушыларға ұсынуға болады. | Жұптық, топтық бағалау кезінде оқушылардың сабақ материалын қаншалықты деңгейде меңгергендігін анықтауға болады. | Топтық, жұптық жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелері сақталуы қажет. | ||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру