Асқорыту жүйесі. Тістер. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.1D Қоректену

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Асқорыту жүйесі. Тістер.(жаңа тақырыпты меңгерту)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.2.2 Тістердің құрылысы, әртүрлі типтері мен қызметтері арасындағы байланысты және тісті күту ережелерін сипаттау.

8.1.2.3 Адамның ас қорыту жүйесінің құрылысы мен қызметтері арасындағы өзара байланысты анықтау

Сабақтың мақсаттары

  • Тістің құрылысы, типтері мен қызметтері арасындағы байланысты ажырату;
  • Тісті күту ережелерін ұсыну;
  • Асқорыту мүшелері құрылысының қызметімен байланысын түсіндіру.

Бағалау критерийлері

  • тіс құрылысын сипаттайды.
  • тіс күтімін біледі;
  • ас қорыту жүйесі мүшелерін дұрыс ретімен көрсетеді;

ас қорыту мүшелері мен қызметінің байланыстыра алады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • тістің құрылысы, қызметі мен түрлерін, асқорыту жүйесінің құрылысы мен қызметтерін тиісті терминологияны қолданып ауызша түсіндіре алады.
  • тіс түрлерінің атқаратын қызметі мен ерекшеліктері және асқорыту мүшелерінің қызметтерін жазбаша сипаттай алады.
  • асқорыту мүшелерін атайды, олардың адам ағзасындағы орналасуын сабақтас тіркестерді пайдаланып сипаттайды және ас қорыту жүйесін көрсететін сызбаны дұрыс құрастырады туралы ауызша сипаттап түсіндіре алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Кіреуке, дентин, пульпа, премоляр кіші азу тістер, моляр (үлкен азу тістер), күрек тіс, сойдақ тіс, ауыз қуысы, өңеш, ұлтабар, асқазан, ұлтабар, аш ішек, тоқ ішек, тік ішек, асқорыту бездері.

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Әрбір жеке тістің сауыты, мойны және ..... болады.

Тісті сау қалпында сақтау үшін әрбір тамақтанғаннан кейін ...

Тістің ішкі қуысы кеуекті ... ұлпасымен толтырылған.

Асқорыту жүйесі бөлімдерден ... тұрады.

Асқазанда ... процесі жүзеге асады.

Астың механикалық өзгерісі ………………………………….өтеді.

Химиялық өзгеріске……………………………………….. ұшырайды.

Жұтылу...жүреді.

Қорытылу асқазанда... жүреді.

Абсорбция немесе сіңірілу... жүреді.

Су абсорбциясы... жүреді.

Қорытылмаған қалдық.. арқылы шығарылады.

Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Рөлдік ойын арқылы өзіне рефлексия жасау, өз ісіне жауапкершілік таныту, тілектестікте болу, қоғамдық өмірге дайындық құндылықтары дамытылады.

Пәнаралық байланыс

Тісті күту ережелерін сақтауда тісті жуғыш заттардағы элементтерді айту барысында, ас қорыту жолында жүретін үдерістер арқылы химия пәнімен байланысады

Алдыңғы білім

Оқушылар 5-6 сынып материалынан қоректену - тірі ағзалардың негізгі қасиеттерінің бірі екенін біледі. 7 сыныптан «Қоректену» бөлімінен өсімдіктер, жануарлар және саңырауқұлақтардың қоректенуін сипаттай алады. 7 сыныптан органикалық заттардың болуына тағам өнімдерін тестілей алады.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

Тақырыптың өзектілігін ашу үшін «Ақиқат, жалған» тапсырмасы орындалады. Оқушылардың жануарлардың қоректену типтері және қоректік заттар туралы, асқорыту жүйелерінің құрылысы туралы білімдерін еске түсіре отырып, адамның асқорыту жүйесінің өздеріне таныс мүшелерінің құрылысы мен қызметі арасындағы байланыс орнатылады. Осы талқылау арқылы сабақтың тақырыбы ашылады.

Оқушылармен бұл жүйе туралы нені білу қажет деп талқылай отырып, сабақтың мақсаттарын бірге анықтап, бағалау критерийлері таныстырылады.

1-3 слайд

Сабақтың ортасы

5-15 мин

Оқушылар жеке жұмыс жасайды. Оқушылар ресурстарды өз қалаулары бойныша таңдап алады. Кейбір оқушылар ақпараттық парақтармен, қалғандары мүмкін болған жағдайда видеоматериалдармен жұмыс жасайды.

Оқушыларға түрлі ресурстардың көмегімен тістің түрлері, тістің құрылысы, тіс түрлерінің атқаратын қызметі, тістің күтімі, ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ұлтабар, аш ішек, тоқ ішек, тік ішек, бауыр, ұйқы безі, сілекей бездерінің қызметтерін рөлдік ойын түрінде сипаттау тапсырмасы ұсынылады. Ол үшін оқушыларға қима қағазда тапсырмалар ұсынылады. Оқушылардың әрқайсысы бір қима қағаздағы тапсырманы таңдап алып, жауап беруге дайындалады.

1 - қосымша

4-10 слайд

16-32 мин

Қималардағы нөмірлер бойынша ретпен жауаптар тыңдалады. Қалған оқушылар өздеріне қажет ақпаратты жазып алады, сұрақтар қояды.

33-38 мин

Саралау тапсырмасы ретінде кейбір оқушыларға адам денесінің моделінде асқорыту мүшелерін көрсетіп, әрқайсысының қызметін атау тапсырмасы ұсынылады.

Оқушыларға тапсырмаларды орындау ұсынылады.

2- қосымша

Сабақтың соңы

39-40 мин

Кері байланыс

Бүгінгі сабақта мен ...білдім

Алдағы уақытта ... туралы толықтырамын

11 слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушылар:

Сабақ бойындағы күрделі сұрақтарға жауап беру

Қосымша тапсырмалар орындау

Қосымша ақпараттар іздеу

Қабілеті орта оқушылар:

Өз ойын мұғалімнен сұрап, талдау жасай алады

Жұмыс барысы бойынша қолдау көрсетеді

Мұғалімнің қолдауы көрсетіледі

Деңгейлік тапсырмалар ұсынуға болады

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Кіріспе бөлімінің сұрақтары, түрткі сұрақтарға жауапты мұғалімнің ауызша бағалауы. Ынталандыру, қолдау көрсету, формальды емес бағалау түрлері;

Топтық талқылау жұмысына оқушылардың өзара баға беруі

Таратпа материалдармен жұмыс

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Партада дұрыс отыруына назар аудару.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу