Мәтінді есептерді шығару. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар
Мәтінді есептерді шығару
Оқу мақсаттары: 6.2.1.10 теңдіктерден бір айнымалыны екінші айнымалы арқылы өрнектеу.
Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал).
Бағалау критерийі:
Бұл сабақта оқушы:
•теңдіктерден бір айнымалыны екінші айнымалы арқылы өрнектей алады.
Негізгі ұғымдар, анықтамалар.
Мәтінді есептерді шығарғанда былай істейді:
|
Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.
Топқа бөлу үшін «Молекула, атом» ойыны ұйымдастырылады.
Мұғалім топтық жұмыс пен әр оқушының топта атқаратын рөлі туралы ережені жасап, тиімді топтық қарым-қатынасты ұйымдастырады.
«Жақын арада даму аймағын» анықтау үшін, «Адамды табыңыз...» ойыны ұйымдастырылады.
Тепе-тең өрнектерді білетін.... | Тепе-теңдікті дәлелдеу дегенімізді білетін... | Ұқсас қосылғыштарды біріктіруді білетін... |
Жақша алдында «+» таңбасы тұрса, жақшаны ашуды білетін... | Жақша алдында «-» таңбасы тұрса, жақшаны ашуды білетін... | Өрнектің мүмкін мәндер жиыны дегенді білетін... |
Сынып оқушыларын алдыға шығып «Адамды табыңыз» деген тапсырманы үлестіріп, сол бойынша жұмыс жасау шарты түсіндіріледі. Оқушылар осы тапсырма бойынша диалог жүргізеді. Оқушылар сұрақтарға дұрыс жауап бере алды ма, соны тапсырманың шартын интерактивті тақтаға шығара отырып таяқшалар көмегімен сұраққа жауап беретін оқушы таңдалып алынады. Келесі сұраққа жауап беретін оқушыны алдыңғы сұраққа жауап берген оқушы таңдап алады, т.с.с.
Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийі айтылады. Бағалау критерийі оқушылармен таңдалады.
Мұғалім оқу мақсатын айтып, оқушыларға сабақ мақсатын қоюды ұсынады
Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін нені білуіміз керек?-деген сұрақ қойылады. (оқушылар өз ойларын айтады). Демек біз бағалау критерийлерін құрдық . Бағалау критерийлері айтылып, тақтаға жазылады.
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.
Жаңа сабақты түсіну.
Оқушыларға топта келесі тапсырманы орындау ұсынылады. Оқушылар қозғалысқа берілген есептермен таныс, бірақ бұл сабақта есептерді шешкенде жылдамдық, жол, уақыт формулаларын біреуінен екіншісін алғанын көрсетулері қажет.
Топтық жұмыс.
Тапсырма 1.
1. Қозғалыстың жылдамдығы формуласымен есептелетіні белгілі.
- Егер қозғалыстың жылдамдығы және уақыт белгілі болса, жүрген жолды қалай табуға болады?
- Егер қозғалыстың жылдамдығы және жүрген жол белгілі болса, қозғалыстың уақытын қалай табуға болады?
Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған оқушылардан сұрап талқыланады.
2. Екі бумада 60 дәптер бар. Біріншіде - x дәптер, екіншіде - y дәптер. Төменде жазылған теңдіктерден екінші бумадағы дәптерлер санын өрнектеңіз.
1) x+y=60;
2) 2x+y=60;
3) x+(2y-4)=60 және т.б.
Жауабы: 1) y=60 – х, 2) y=60 – 2х, 3) y= .
Оқушылар есептерді рет-ретімен шығарады және басқа да шығарылу жолдарын іздейді.
Жазғандарын жұпта, сосын топта талқылайды
Оқушылар есептің өрнегін әр түрлі жазуы мүмкін. Оқушыларға жауаптарын салыстыруды ұсыныңыз.
Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған оқушылардан сұрап талқыланады.
Жаңа сабақты меңгеру.
Бұл тапсырманы оқушыларға жұппен орындату ұсынылады. Оқу туралы танымдық теорияға негізделе отырып, бұл оларға өздерінің бар білімдерін толықтырып, жаңа білімдерін, бұған дейінгі қалыптасқан құрылымға кіріктіруге мүмкіндік береді. Бұл оқушыларға бұл білімді өздері игергендігін сезінуге көмектеседі.
Тапсырма 2.
- 9х + у – 16 = 0 2) 5x – 3y = 1
а) Берілген теңдіктегі у айнымалысын х айнымалысы арқылы өрнектеңіз.
Жауабы: a) 1) y=16 – 9x, 2) y = .
ә) Берілген теңдіктегі х айнымалысын у айнымалысы арқылы өрнектеңіз.
Жауабы: a) 1) x = ., 2) x = .
Тапсырма 3.
Тепе-тең болатын теңдіктерді сәйкестендіріңіз.
Жауаптарыңызды негіздеңіз.
Берілген теңдік |
|
| |||||
1 | 2х + у – 1= 5 |
|
| ||||
2 | 8х + 3у = 9у - 2 | Г | |||||
Ғ |
Жауабы: 1-Б; 2-Г, Ғ.
Жұптар бір-біріне өз жауаптарын негіздеп түсіндіреді.
Мұғалім оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалайды. Дер кезінде кері байланыс береді.
Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған оқушылардан сұрап талқыланады.
Жаңа сабақты бекіту.
Бұл тапсырманы оқушылар жеке орындайды. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар мәтін есеп мысалында талқылау керек. Оқушылардың әрбір қадамды негіздей білуіне баса назар аудару керек. Сандардың бөлінгіштік белгілерін естеріне түірген жөн.
Тапсырма 4.
- Берілген санды разряд бірліктеріне жіктегенде, ол 7 жүздіктің b ондықтың және с бірліктің қосындысы түрінде жазылады. Берілген сан 90-ға еселік болуы үшін b-ның, с-ның орындарында қандай цифрлар болуы қажет? Берілген санды жазыңыз.
Шешімі: 7100+b10+c=90x, 7+b=9, b=2, c=0.
Жауабы: 720.
- Тапсырманы шебер а сағатта орындайды, ал үйренуші b сағатта орындайды. Егер екеуі бірігіп жұмыс істесе, олар осы тапсырманы неше сағатта орындайды?
а) Есептің шығару өрнегін құрастырыңыз;
ә) a=4, b=6 болғанда оның мәнін табыңыз. Дұрыс жауапты таңдаңыз:
А. 2,2 сағ; Ә. 2,4 сағ; Б. 2,5 сағ; В. 2,8 сағ.
Шешімі: а) . ә) = 2,4(сағ)
Жауабы: 2,4 сағ.
Оқушылар өз жұмысын тақтадағы жауаппен салыстырып, тексеру арқылы өзінің тақырыпты қаншалықты игергенін анықтайды.
Сабақты қорытындылау.
- Қандай тапсырмалар қиындық туғызды?
- Неліктен?
- Жұмыста нені ескермедіңіздер?
- Неліктен?
- Нәтижені қалай жақсартуға болады?
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім;
- нені толық түсінбедім;
- немен жұмысты жалғастыру қажет.
Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:
- Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. Математика. 6 класс. Часть3.
- Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. Математика. 7 класс. Часть3.
- Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011, Математика -6, 3-басылым.
- https://infourok.ru/sinip-matematika-algebrali-rnekterdi-mni-tairibina-isa-merzimdi-zhospar-835566.html
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру