Қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттарының айырмашылығы неде? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

№1 тапсырма: Тарихи дереккөзді оқып, сұраққа жауап беріңіз: Чжэн Хэ басшылығымен жасалған саяхат мемлекет қазынасына қаншалықты пайда әкелді?

Тарихи дерек

1. Ява аралынан қытайлық адмирал мүйізтұмсық мүйізі, тасбақа, бүркіт ағашы, аскөк, көк тұз, сандал ағашы, кебек бұрышы, асқабақ, банан, бетель жаңғақтар, күкірт, бояғыш дақыл, сабан ағаштары, молуккан қанты пальмасы, шерудің қылыштары, герметик маталар, ақ-сұр популяторлар, маймылдар т.б. заттар әкелді.

2. «1407 жылдың тоғызыншы айында Чжэн Хэ және басқалары қайтып келді. Барлық елдердің елшілері олармен бірге келіп, императордың алдына барды ... Император өте риза болып, сәйкесінше барлық адамдарды еңбегіне қарай марапаттады».

«Мин әулетінің шынайы жазбалары»,» XIV–XVII ғ.ғ..

Қосымша 2

№2 тапсырма: Саяхатқа шығуды тоқтатудың 3 маңызды себебін анықтандар. Маңызды деп санау себебін түсіндіріндер.

Саяхатқа шығуды тоқтату себептерінің тізімі

Саяхатқа шығу өте қымбатқа түсті

Жаңа император мен оның ескі сарай қызметкерлерін варварлар қызықтырмады және олар Қытай кемелерін саяхатқа жіберуге сенбеді

Чжен Хе бұрынғы өлген императордың сүйіктісі болды, ал жаңа император оған сенбеді.

Қытайлықтарға шетелге шыққан ұнайтын

Флотиладан варварлармен сауда жасау жеткілікті табыс әкелмейді

Қытай бүкіл әлемді жаулап алуды жоспарлады.

Жаңа император қытайлық шекараны қорғауға ақша жұмсауды маңызды деп есептеді

Қосымша 3

№3 тапсырма: Қытайлықтардың саяхатқа шығуына негіз болған 3 тікелей себепті анықтандар. Өз ойларынызды негіздеп түсіндіріңіздер.

Саяхатқа шығу себептерінің тізімі

Олар өздерінің күшімен, байлығымен және мәдениетімен басқа «варвар халықтарын» таң қалдыру үшін флотты жіберді.

Олар «варварлар» қазынасымен сауда жасайтын болды

Олар варварлардан ақша жинап, қайтар кезде императорға сыйлық әкелу үшін флотты жіберді.

Қытайлықтарда ұзақ сапарға шығу үшін кеме жасау технологиясы болды.

Олар жаңа жерлерді ашу арқылы тарихта қалғысы келді

Олар императордың билігін нығайтқысы келді

Қосымша 4

№4 тапсырма: Берілген ақпараттар мен өз білімдері негізінде теңіз саяхатшыларының мақсаты мен бағыты және саяхат жетістігін кестеге жұпта орындатыңыз.

Теңіз саяхатшылары

Экспедиция мақсаты

Экспедиция бағыты

Жетістігі

Христофор Колумб

Васко да Гама

Фернан Магеллан

Барталамеу Диаш

Америго Веспуччи

Қосымша 5

№5 тапсырма: «Тарихи тұлғаға хат жазу»

Нұсқаулық: Топтар бір-біріне (Чжэн Хэ, Христофор Колумб топтары) хат жазады. Топтар жазған хаттарымен алмасып, бір-біріне жауап жазады. Хаттар топтарға қайтарылып, топта талқылап, оқиды.

Жоспар

1. Сәлемдесу. Өзін таныстыру

2. Қысқаша өзінің жағдайын және тарихи жағдайды сипаттау

3. Мәселені қарастыру, нақты 2-3 сұрақтарды қою

4. Қоштасу. Тілек айту

Жауап жазғанда

1. Амандасу

2. Мәселенің шешу жолын қарастыру, сұрақтарға жауап жазу

3. Қоштасу.Тілек айту.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу