Қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттарының айырмашылығы неде? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, дидактикалық материал.


 Қосымша 1

 Чжэн Хэ бастаған флот 7 рет алыс саяхатқа шыққан болса, барлығын ұйымдастырушылықпен басқарып, әскери іс-шараларды да өзі атқарған.Ұлы Жібек жолы арқылы Қытайдың жібек матасы, фарфоры және шайы, жүн және мақтадан тоқылған маталар, тамаққа қосатын дәмдеуіштер тасылды. Қытайда Мин әулеті кезінде Чжэн Хэ басқарған жеті саяхат Үнді-қытай, Үндістан, Араб түбектеріне және Шығыс Африкаға бағытталды. Бұл сауда әрі әскери саяхаттар еді. Оның барысында теңізшілер көргендерін қағазға түсіріп, картаға сызып отырды. Олардың жазбаларында жүзуге шыққан уақыттары тіркеліп, тоқтаған мемлекеттер мен қалаларына сипаттама берілген. Чжэн Хэнің саяхаты Африка және Азия елдерінің Қытаймен мәдени, сауда байланыс орнатуына мүмкіндік берді. 1405-1407 жылғы бірінші саяхаттың бағыты Сучжоудан шығып, Шри-Ланкаға дейін барған. Екінші және үшінші саяхаттар да осы бағытты ұстанған. Ал кейінгі саяхаттар қазіргі Сомали, Қызыл теңізге дейін жеткен. Чжэн Хенің теңіз флоты Тынық, Үнді және Атлант мұхиттарында жүзді. Бұл әлемдік теңіз саяхатының негізін қалады. Біз тарихта Американы ашқан Христофор Колумб пен Үндістанға алғашқы жеткен Васко да Гаманы білеміз. Ал Чжэн Хэнің Үнді еліне саяхаты Васко да Гамадан 83 жыл бұрын болған еді. 1405 жылдан бастап 1433 жылдар аралығында Азия мен Африканың 37 еліне сапар шегіп, аталған 7 саяхатты ұйымдастырған Чжэн Хэнің мықты флотындағы адамдар саны 30 мыңға дейін жетіп отырған (таңқаларлық сан, 30 мың адам дегеніміз бір шағын қала халқының саны ғой!). Кеме борттарында жібек, шәй, фарфор, алтын, күміс сияқты Қытай тауарлары тиеліп, оларды піл сүйегіне, дәмдеуіштерге, экзотикалық аңдарға айырбастап, сауда-саттық жасаған. Кемелерде көптеген ғалымдар, тілмаштар, жылнамашылар, дәрігерлер, қолөнершілер, әскерилер болған. Тарих мәліметтеріне жүгінсек, Чжэн Хэнің теңіз саяхаттарында жолында кездескен теңіз қарақшыларымен күресіп қана қоймай, әділдіктен еш аттамағанын көреміз. 1408 жылы Чжэн Хэ тағы да Цейлон жаққа аттанды. Цейлонның патшасы мен басқа да басшылары тұтқындалып, Қытайға тəуелділігін мойындап, 1457 жылға дейін салық төлеп тұрды. Чжэн Хэ оңтүстік теңізі елдеріне: Малаккаға, Бенгалияға, Персид шығанағы мен Оңтүстік Аравияға, Шығыс Африкаға жеті əскери жорық жасады. Жиырмаға жуық патшалық өзінің Қытайға тəуелділігін мойындады. Олар өз порттары мен рыноктарын Қытай көпестері үшін ашты. Олардың қалаларында Қытай колониялары пайда бола бастады. Ұшан-теңіз сауда байланыстарының, қолөнері мен мануфактуралық өндірістің, ақша қатынасының дамуы қалалардың көбейіп, байи түсуіне əкелді. Индияға баратын жол ашылғаннан кейін еуропалықтардың Шығыс елдерімен қатынасы тез өсті. Еуропалықтар Қытайдың үнді мұхитындағы бай колонияларын басып алды. Малаккадан, тағы басқа оңтүстік теңізі жақтағы елден келіп тұратын байлықтар енді Лиссабонға қарай ағылды. Жақында ғана Қытайлықтар үстемдік жүргізген порттарда енді еуропалықтар кемелері орналасып алды. Еуропалық көпестер мен теңізшілер Қытай көпестерін қырып, жергілікті халықты тонап, саудаға тиым салды. Жетінші саяхатының соңында Чжэн Хэ Үндістан жерінде қайтыс болады. Денесі Қытайдың Нанкин қаласына әкеп жерленеді. Оның бейітінің құлпытасында: «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деген сөздер қашап жазылған. http://kazorta.org/kejingi-orta-asyrlarda-y-ytaj/

 Христофор Колумб 1436 жылы Генуя қаласына жақын жердегі тоқыма өнеркәсібінде істейтін Доминико Колумб отбасында туған. Колумбтың жас кезінде қайда оқығаны белгісіз, әйтеуір итальян, испан, португал және латын тілдерін жақсы білгендігі анық. Он төрт жасында Колумб теңіз қызметіне кетеді. Жасында Жерорта теңізінде, Еуропа жағалауларына саяхат жасаған сауда кемелерінде болып, теңіз жағдайларын жақсы біліп алады. Колумб Генуяда тұрғанда географиялық карта сызумен шұғылданады. Ол бұл мамандықты меңгеріп алған соң, інісі Бартоломей Колумбпен бірге Лиссабонға келеді.. XV ғасырда ежелгі ғалымдардың Жер шар формалы деген болжаулары теңіз саяхатшыларының назарын аударды. Кейбір ғалымдар батысқа қарай жүзу арқылы Жерді айналып өтіп, Үндістанға жетуге болады деген пікір айтты. Үндістанға батыс жолмен жетуге әрекет жасаған еуропалық тұңғыш теңіз саяхатшысы Христофор Колумб (1451-1506) болды. Біраз ізденістерінің нәтижесінде Христофор Колумб өзінің Үндістан мен Қытайға апаратын теңіз жолын іздеу сапарын Африканы айналып жүретін Шығыстан емес, әлі зерттелмеген, Атлант мұхитын басып өтетін батыстан бастау керек деп шешті.

 Сонымен Колумб жол бастаушы «Санта Мария» және «Нинья», «Пинта» деп аталатын үш кемемен 1492 жылы тамызда Испания жағалауындағы Полос қаласынан сапарға шығады. Бұлар аттанғанда ауа райы ашық болды. Пассат желі бір қалыпты соғып, кемелер батысқа қарай еркін сырғи жөнелді. Бұрын мұндай ашық теңізге шығып көрмеген теңізшілер алғашқыда үрейлене бастады. Кенет көкжиектен жасыл белдеу көрінгенде олар қатты қуанып қалады. Алайда ол жер емес, бетін балдыр басқан Сорогос теңізі болып шығады. Бұл Колумбтың Атлантикадан ашқан бірінші жаңалығы еді.Кеме вахтасында тұрған теңізшінің «Жер! Жер көрінді!»деген айғайы естілді. Бұл бір шағын арал еді. Оны Колумб Сан-Сальвадор деп атады. Одан кейін бұлар Кариб теңізіндегі жұпар Куба, ғажайып Гаити аралы, тағы-тағы толып жатқан аралдарды басып өтті. Теңізшілер бұл өңірден алғаш рет жүгері, картоп, темекі сияқты Еуропада жоқ өсімдіктерді кездестірді. Үндістандамын деп ұйғарған Колумб халықты үндістер деп атап кетті. Колумб ешкім білмейтін жаңа құрлық емес, Үндістанға баратын батыс жолын таптым деп топшылайды. Ақыры үшінші, одан кейінгі төртінші сапарында - өмірінің соңғы жылдарында өзінің «бөтен бір дүние бөлігін» ашқандығы жайында ойлана бастайды.

 Колумб Американы ашқаннан кейін испандықтар жаңа жерді жаулап ала бастайды, онда өз қоныстарын салып, жергілікті халқын құл етеді, қырып-жояды. Колумбтың өзі көп кешікпей король сарайында жүріп жазаға тартылады да, оның қалай өлгенін ешкім білмей қалады. Ал тарихтың әр нәрсені өз орнына қоятыны белгілі. Біз казір Колумб есімін құрмет тұтып, оны жаңа жер ашқан қаһарман теңізші деп білеміз.

 Мұхиттың арғы жағындағы қазынасы мол, жаңа жерлер испандарды қызықтырды. Сол жерге барып орнығам деушілерге король 1497 жылдан бастап рұқсат берді. Бұл байлығы мол жерге көпестер, кедейленген дворяндар, үкіметке наразылар, айыптылар көшіп кетпекші болды. Король үш экспедиция ұйымдастырып, көп адам жіберді. Солардың ішінде Колумб ашқан жерді көруге Америго Веспуччи де аттанды.

  Америго Веспуччи  1501 жылы Португалия королінің келісімімен «жаңа жерге» екінші рет барды. Веспуччи Пинсон, одан кейін Кобрал ашқан Бразилия жағалауын зерттеп қайтады. 1503 жылы Веспуччи үшінші рет «жаңа жерге» саяхатқа шығады. Ол енді Бразилия жағалауымен Үндістанға өтпек болады да, 20° оңтүстік ендікке дейін жүзіп барып Колумб ашқан, одан кейін көптеген испания саяхатшылары зерттеген «жаңа жер», «бұл Азия аралдарының тізбегі емес, осы күнге дейін белгісіз материк» деген дұрыс қорытындыға келеді.1507 жылы космограф Мартин жер жүзін Еуропа, АзияАфрика материктеріне бөліп, жаңадан Америго ашкан жерді оның басқа материктерімен ұксастығына қарай «Америка деп атау керек» дейді.Ол кезде Американы «Тоты құстар жері» дейтін. Сөйтіп жаңа құрлықтың жартысы Америго Веспуччи есімімен аталып кетті. Ол материкті негізінде түңғыш ашқан атақты Христофор Колумб еді, бірақ ол өмірінің ақырына дейін жаңа материк ашқанын білмеді. Ол жердің жаңа материк екендігін дәлелдеген Америго Веспуччи болды. Осыдан кейін еуропалыктар Американың жаңа материк екеніне сенді. Енді отаршылар Америка байлығын иемденуге жанталасып, жергілікті халықты қырғынға ұшыратты, бірсыпырасын Еуропаға апарып құлдыққа сатты. Аралдардың кейбір байырғы халықтарын еуропалықтар осы ретпен құртып жіберді. Бүдан кейін еуропалықтар Мексиканы, Перуды, Оңтүстік және Солтүстік Американың басқа жерлерін өздеріне қаратып, бейбіт халықтарын тонап, олардың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениетін, салт-сана, әдет-ғұрпын аяққа басты. Сөйтіп Колумб, Васко да Гама, тағы басқалардың белгісіз жерлерді ашуы география ғылымы үшін үлкен жаңалық болса, ал еуропалықтардың одан кейінгі саяхаты басып-жаншуды, отарлау саясатын көздеді.

 Колумб батыс теңіз жолымен Үндістан, Қытай, Жапон аралдарын ашамын деп барып, жаңа жерді - Американы ашып жүргенде, Васко да Гама Африканы айнала жүзіп, Үндістанды ашты, содан бастап Португалияның Азияны отарлауы басталды.

  Васко да Гаманың нақты қай жылы туғаны белгісіз, дегенмен кейбір деректерге қарағанда, 1469 жылы туған деп шамалайды. Ол жасында Португалияның Испанияға карсы соғысында ерлік көрсеткен, бірнеше рет Гвинея жағалауын айнала жүзіп шыққан. 1492 жылы Васко да Гама II Жуан корольдің тапсырмасын орындап, оның Францияда қалған алтын тиеген кемесін Португалияға алып келеді, содан оның аты әйгілі болады. 1497 жылы 8 маусымда Васко да Гаманың төрт кемелі экспедициясы Лиссабон портынан шығады. Кемелерді ол мұқият қарап, оған керекті адамды өзі таңдап алады да, әрбір кемеге тәжірибелі адамдарды капитан етіп тағайындайды. Бір апта жүзген Васко да Гама эскадрасы Канар аралдарына келеді.. Бұл жерді адмирал «Әулие Елена» қойнауы деп атайды. Мұнда саяхатшылар сегіз күн аялдап, айналаға географиялық зерттеулер жүргізеді. Адмирал өз күнделігінде «Африка жағалауындағы тұрғындар құлаққа тағатын мыстан басқаны бағаламайды және өздері шетінен батыл келеді» деп жазады. Бұдан әрі жүзіп, өздерімен бірге келе жатқан Бартоломейдің жол көрсетуімен Африка материгінің оңтүстік нүктесі «Қайырлы Үміт» мүйісін айналып өтіп, Васко да Гама белгісіз теңізбен жүзе береді. Үнді мұхитынан жүзіп өтуге дайындық жасайды. Васко да Гама Үндістаннан Португалияға келген соң, король оны Үндістанды жаулап алуға 20 соғыс кемесін беріп аттандырды. 1502 жылы 10 ақпанда Лиссабоннан шыққан бұл әскери экспедиция күзге қарай Калькуттаға жетеді. Калькутта раджасы мұндай жауға қарсылық көрсетпей, олардың айтқанын істеп, сауда жасауға келісім береді. Васко да Гама төрт сағат ішінде қаламаған бағынсын деп раджаға елші жібереді. Ол бұған жауап қайтармайды, өйткені ол бейбіт жатқан елге сауда жасау үшін келген еуропалықтар соғыс ашады деп ойламағанды. Айтулы төрт сағат өткен соң Васко да Гама оның айлақтарындағы бүкіл бейбіт тұрған кемелерді басып алып, бейбіт қалаға зеңбіріктен оқ жаудырады, ғасырлар бойы тұрған сәулетті күмбезді үйлердің күлін көкке үшырып, еркін елді қырғынға ұшыратады. Мұндай озбырлық, еркін елді қанға бояу бөгде елді отаршылардың ежелгі әдеті болатын. Васко да Гама бұдан әрі ЦейлонСуматраЯва аралдарына дейін барып бейбіт елді қырғынға ұшыратты. Мұны көрген қытай халқы өзіне қарайтын бұл аралдардан португал басқыншыларын қуып шығады. Португалияның географиялық зерттеулері Васко да Гаманың осы екінші экспедициясымен аяқталды.

 https://kk.wikipedia.org/wiki/XV-XVI_%D2%93%D0%B0%D1%81%D1%8B%D1%80%

 

 №1 тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Төменде берілген суреттердегі саяхатшыларды анықта. Суретте берілген саяхатшылардың теңіз экспедицияларындағы саяхатын кестеде талда.

Саяхатшылар

Кім?

Қашан?

Қайда?

Нәтижесінде

 

 Дескриптор

  •  Суреттегі саяхатшылардың кім екенін анықтайды;
  •  Саяхатшылардың қашан саяхат жасағанын атайды;
  •  Саяхатшылардың қайда саяхат жасағанын анықтайды;
  •  Саяхатшылар саяхатының нәтижесін анықтайды.

 Қосымша 2

 

 №2 тапсырма. Бейнематериалмен жұмыс: Бейнематериалды тыңдау арқылы Органайзерде қадамдар бойынша жұпта талдау жаса. https://www.youtube.com/watch?v=e_Yd7BI_izk

 

 1-қадам. Бақылау

 А

 2 минут көлемінде бейнематериалды тыңдаңыздар. Жалпы не түсінгенінді баянда.Содан соң бейнематериалда көрген ақпаратты бөліктерге бөл. Жаңа мәліметті меңгеру үшін, бейнематериалды 3 бөлікке бөліп, әр бөлік бойынша ақпараттарды меңгер.

 

 

 

 

 

 

 В

 Бейнематериалдағы тұлға, объект, іс-әрекетті анықтау үшін төмендегі таблицаны толтырыңдар.

 Адамдар

 Объектілер

 Іс-әрекет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 2 қадам. Қорытынды.

 А

 Өз бақылауына негіздеп, үш бөлікті негізге ала отырып, бейнематериалды қорытындыла

 

 

 

 

 

 3-қадам. Сұрақтар.

 А

 Бейнематериал бойынша қандай сұрақтар туындады?

 

 

 

 В

 Сұрақтарға қалай жауап бересіз?

 

 

 

 

 

 

 Дескриптор

  •  Бейнематериал бойынша бақылау жасап, ақпараттарды кестеде талдайды;
  •  Өз бақылауына негіздеп, үш бөлікті негізге ала отырып, бейнематериалды қорытындылайды;
  •  Бейнематериал бойынша сұрақтар құрып, оған жауап жазады;

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу