Қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттарының айырмашылығы неде? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, дидактикалық материал.


 Қосымша 1

 Чжэн Хэ саяхаты

 Чжэн Хэ бастаған флот 7 рет алыс саяхатқа шыққан болса, барлығын ұйымдастырушылықпен басқарып, әскери іс-шараларды да өзі атқарған.Ұлы Жібек жолы арқылы Қытайдың жібек матасы, фарфоры және шайы, жүн және мақтадан тоқылған маталар, тамаққа қосатын дәмдеуіштер тасылды. Қытайда Мин әулеті кезінде Чжэн Хэ басқарған жеті саяхат Үнді-қытай, Үндістан, Араб түбектеріне және Шығыс Африкаға бағытталды. Бұл сауда әрі әскери саяхаттар еді. Оның барысында теңізшілер көргендерін қағазға түсіріп, картаға сызып отырды. Олардың жазбаларында жүзуге шыққан уақыттары тіркеліп, тоқтаған мемлекеттер мен қалаларына сипаттама берілген. Чжэн Хенің саяхаты Африка және Азия елдерінің Қытаймен мәдени, сауда байланыс орнатуына мүмкіндік берді. 1405-1407 жылғы бірінші саяхаттың бағыты Сучжоудан шығып, Шри-Ланкаға дейін барған. Екінші және үшінші саяхаттар да осы бағытты ұстанған. Ал кейінгі саяхаттар қазіргі Сомали, Қызыл теңізге дейін жеткен. Чжэн Хенің теңіз флоты Тынық, Үнді және Атлант мұхиттарында жүзді. Бұл әлемдік теңіз саяхатының негізін қалады. Біз тарихта Американы ашқан Христофор Колумб пен Үндістанға алғашқы жеткен Васко да Гаманы білеміз. Ал Чжэн Хэнің Үнді еліне саяхаты Васко да Гамадан 83 жыл бұрын болған еді. 1405 жылдан бастап 1433 жылдар аралығында Азия мен Африканың 37 еліне сапар шегіп, аталған 7 саяхатты ұйымдастырған Чжэн Хэнің мықты флотындағы адамдар саны 30 мыңға дейін жетіп отырған (таңқаларлық сан, 30 мың адам дегеніміз бір шағын қала халқының саны ғой!). Кеме борттарында жібек, шәй, фарфор, алтын, күміс сияқты Қытай тауарлары тиеліп, оларды піл сүйегіне, дәмдеуіштерге, экзотикалық аңдарға айырбастап, сауда-саттық жасаған. Кемелерде көптеген ғалымдар, тілмаштар, жылнамашылар, дәрігерлер, қолөнершілер, әскерилер болған. Тарих мәліметтеріне жүгінсек, Чжэн Хэнің теңіз саяхаттарында жолында кездескен теңіз қарақшыларымен күресіп қана қоймай, әділдіктен еш аттамағанын көреміз. 1408 жылы Чжэн Хэ тағы да Цейлон жаққа аттанды. Цейлонның патшасы мен басқа да басшылары тұтқындалып, Қытайға тəуелділігін мойындап, 1457 жылға дейін салық төлеп тұрды. Чжэн Хэ оңтүстік теңізі елдеріне: Малаккаға, Бенгалияға, Персид шығанағы мен Оңтүстік Аравияға, Шығыс Африкаға жеті əскери жорық жасады. Жиырмаға жуық патшалық өзінің Қытайға тəуелділігін мойындады. Олар өз порттары мен рыноктарын Қытай көпестері үшін ашты. Олардың қалаларында Қытай колониялары пайда бола бастады. Ұшан-теңіз сауда байланыстарының, қолөнері мен мануфактуралық өндірістің, ақша қатынасының дамуы қалалардың көбейіп, байи түсуіне əкелді. Индияға баратын жол ашылғаннан кейін еуропалықтардың Шығыс елдерімен қатынасы тез өсті. Еуропалықтар Қытайдың үнді мұхитындағы бай колонияларын басып алды. Малаккадан, тағы басқа оңтүстік теңізі жақтағы елден келіп тұратын байлықтар енді Лиссабонға қарай ағылды. Жақында ғана Қытайлықтар үстемдік жүргізген порттарда енді еуропалықтар кемелері орналасып алды. Еуропалық көпестер мен теңізшілер Қытай көпестерін қырып, жергілікті халықты тонап, саудаға тиым салды. Жетінші саяхатының соңында Чжэн Хэ Үндістан жерінде қайтыс болады. Денесі Қытайдың Нанкин қаласына әкеп жерленеді. Оның бейітінің құлпытасында: «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деген сөздер қашап жазылған. http://kazorta.org/kejingi-orta-asyrlarda-y-ytaj/

Христофор Колумб саяхаты

Колумб жол бастаушы «Санта Мария» және «Нинья», «Пинта» деп аталатын үш кемемен 1492 жылы Испания жағалауындағы Палос қаласынан сапарға шығады. Бұлар аттанғанда ауа райы ашық болды. Пассат желі бірқалыпты соғып, кемелер батысқа қарай еркін сырғи жөнелді. Бұрын мұндай ашық теңізге шығып көрмеген теңізшілер алғашқыда үрейлене бастады. Кенет көкжиектен жасыл белдеу көрінгенде олар қатты қуанып қалады. Алайда ол жер емес, бетін балдыр басқан Сорогос теңізі болып шығады. Бұл Колумбтың Атлантикадан ашқан бірінші жаңалығы еді. Күн артынан күн жылжып өтіп жатады. Көкжиекке ұласқан көк теңізден басқа көзге ілінер ештеме көрінбейді. Теңізшілердің ішінде торығу байқалды. Дегенмен олар Колумбтың есебі бойынша осы кезде Үндістанға жетуге тиіс екендерінен мүлде бейхабар болатын. Алайда жуық маңда көрінетін жер жоқ еді. Колумб ғажайып ұстамдылық танытып, тұнжыраған теңізшілердің көңілін көтеріп, оларға алтын мен дәмді тағам бергізеді. Ақыры одан да ештеңе шықпай, теңізшілер мұны тыңдауын қойып, «егер енді үш күннен кейін жер көрінбейтін болса, кеменің бетін кері бұрамыз» деген шарт қояды. Колумб амалсыз көнеді. Айтылған мерзім бітер күннің түнінде сағат екіде, кеме вахтасында тұрған теңізшінің «Жер! Жер көрінді!» деген айғайы естілді. Бұл бір шағын арал еді. Оны Колумб Сан-Сальвадор деп атады. Одан кейін бұлар Кариб теңізіндегі жұпар Куба, ғажайып Гаити аралы, тағы-тағы толып жатқан аралдарды басып өтті. Теңізшілер бұл өңірден алғаш рет жүгері, картоп, темекі сияқты Еуропада жоқ өсімдіктерді кездестірді. Бұларды қай жерде болсын тобылғы өңді, сұлу келген бойшаң адамдар қарсы алды. Дегені қабыл болып тұрған, өзін Үндістандамын деп ұйғарған Колумбтың айтуынша, бұларды саяхатшылар үндістер деп атап кетті. Колумб ешкім білмейтін жаңа құрлық емес, Үндістанға баратын батыс жолын таптым деп топшылайды. Ақыры үшінші, одан кейінгі төртінші сапарында — өмірінің соңғы жылдарында өзінің «бөтен бір дүние бөлігін» ашқандығы жайында ойланатын болды. Колумб Американы ашқаннан кейін испандықтар жаңа жерді жаулап ала бастайды, онда өз қоныстарын салып, жергілікті халқын құл етеді, қырып-жояды. Колумбтың өзі көп кешікпей король сарайында жүріп жазаға тартылады да, оның қалай өлгенін ешкім білмей қалады. Ал тарихтың әр нәрсені өз орнына қоятыны белгілі. Біз қазір Колумб есімін құрмет тұтып, оны жаңа жер ашқан қаһарман теңізші деп білеміз. Мұхиттың арғы жағындағы қазынасы мол, жаңа жерлер испандарды қызықтырды. Сол жерге барып орнығам деушілерге король 1497 жылдан бастап рұқсат берді. Бұл байлығы мол жерге көпестер, кедейленген дворяндар, үкіметке наразылар, айыптылар көшіп кетпекші болды. Король үш экспедиция ұйымдастырып, көп адам жіберді. Солардың ішінде Колумб ашқан жерді көруге 1499 жылы Америго Веспуччи де аттанды. https://ikaz.info/uly-geografiyalyk-ashylular-zhane-olardy-natizheleri/

№1тапсырма. Төменде берілген сұрақтар бойынша мәтінді талдаңыз.

  • Не себепті «қытайлықтарға шетелдерге саяхат жасау ұнайтын»?
  • Не себепті «қытайлықтар әлемді жаулап алуға ұмтылды»?
  • Қытайлықтардың саяхаттарды жасауға шешім қабылдауының және бас тартуының себептері неде және салдары қандай?

Қосымша 2

№2 тапсырма: Берілген себептер тізімі мен мәтінді қолданып, тікелей және жанама себептерді және жағымды, жағымсыз салдарларды «Органайзер» кестесінде маңыздылығына қарай «Себептің өзектілік аймағына» жақын орналастырындар.

Флотты аттандыруының мүмкін болатын себептер тізімі:

  • «Олардың флотты жіберу себебі, басқа «варвар халықтарды» өзінің құдіреттілігімен, байлығымен, мәдениетімен таңқалдырғысы келді».
  • Олар «варвар халықтарға» қазыналарын сатқысы келді»
  • «Олар флотты варварлардан алым-салық жинап, императорға сый-сияпат әкелу үшін жіберді»
  • «Қытайлықтарда алыс сапарларға шыға алатын кемелерді жасау технологиясы болды».

Саяхаттарға тыйым салу себептерінің тізімі:

  • Саяхаттар өте қымбатқа түсті»
  • «Жаңа императорды және оның ескіше ойлайтын сарай қызметшілерін варварлар қызықтырған жоқ және Қытай үшін кемелерді жіберу қажет дегенге сенбеді»
  • «Чжен Хе қайтыс болған императордың фавориті болатын, ал жаңа император оған сенбеді».
  • «Жаңа император Қытайдың құрлықтағы шекарасын қорғауға шығын шығару маңызды деп есептеді».

«Варварлардың флотилиямен саудасы жеткілікті пайда әкелмейді.

Қосымша 3

№3 тапсырма: Чжен Хэ мен Христофор Колумбтың саяхаттарын Венн диаграммасында салыстыр.

Салыстыру критерийлері:

  • Саяхат бағыттары
  • Жетістіктері
  • Кемшіліктері
  • Саяхат нәтижесі


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу