Мәтінді есептерді пропорцияның көмегімен шығару. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Тақырыбы: «Мәтінді есептерді пропорцияның көмегімен шығару»

Сабақтың мақсаты:

6.1.2.7

шамаларды берілген сандарға кері болатын пропорционал бөліктерге бөлу;

Бағалау критерийлері:

Білім алушы

- пропорция ұғымын біледі;

- пайыз ұғымын біледі;

- cанның пайызын, пайызы бойынша санды таба алады;

- пайызға берілген есептерді пропорция арқылы шеше алады.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасады. Көңіл күйлерін смайликтер арқылы біледі. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады. Бүгінгі күндеріне бір-біріне сәттілік тілейді.

Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар жұпта отырып бірін-бірінің дәптерін тексереді. Оқушылар жалпы сыныппен есепті талдап, жауабын айтып отырады.

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын өткен тақырыптар бойынша қайталау сұрақтары қойылады.

Миға шабуыл:

1. Екі санның қатынасы 3-ке тең. Оның соңғы мүшесі 7-ге тең. Қатынастың алдыңғы мүшесін табыңдар.

2. Екі санның қатынасы 2-ге тең. Оның алдыңғы мүшесі 8-ге тең. Соңғы мүшесін табыңдар.

3. Шамалардың қатынастарын табыңдар:

а) 70 см-дің 150 см-ге ә) 3 км-дің 150 м-ге б) 2,5 кг-ның 0,5 кг-ға

4. Екі санның қатынасы дегеніміз не?

5. Берілген қатынаста бөлу алгоритмі қалай айтылады?

Өткен сабақтан қайталау сұрақтарын еске түсіре отырып жаңа сабақты бастаймыз.

Жаңа сабақ. Шамаларды берілген сандарға кері болатын пропорционал бөліктерге бөлу.

Санды берілген сандарға кері пропорционал бөліктерге бөлу үшін, оны осы берілген сандарға кері сандарға тура пропорционал бөліктерге бөлу керек.

Мысалы, 136 санын 3 және 5 сандарына кері пропорционал екі бөлікке бөлейік.

Шешуі: 136 санын 3 және 5 сандарының әрқайсысына кері санға ( және ) тура пропорционал бөліктерге бөлеміз.

136: ( + ) = 136 : 255.

х1 – бірінші бөлікке сәйкес сан, х2 - екінші бөлікке сәйкес сан.

х1 = 255 х2 = 255 немесе

х1 х2 = .

Жауабы: 85 және 51 сандары.

Жаңа тақырыпты меңгеру мақсатында жалпы сыныппен оқулық бойынша тапсырмаларды орындарынан және түсінбеген есептерін тақтада талдап шығару.

Жалпы сыныппен жұмыс

Оқулық бойынша тапсырмаларды орындау.

1-есеп. 1) 91 санын 5 және 8 сандарына; Жауабы: 56; 35.

2) 143 санын 4 және 7 сандарына; Жауабы: 91; 52.

3) 104 санын 2;3 және 4 сандарына кері пропорционал бөліктерге бөліңдер.

Жауабы:48; 32; 24.

2-есеп. Екі бекеттің арақашықтығы 240 км. Осы екі бекеттің арасын жолаушылар пойызы 3 сағ жүрсе, жүк пойызы 5 сағ жүреді. Бір уақытта бірінші бекеттен жолаушылар пойызы, екінші бекеттен жүк пойызы шығып, бір-біріне қарсы жүріп кездесті. Кездескенге дейін жолаушылар пойызы неше км қашықтықты жүрді, жүк пойызы неше км қашықтықты жүрді? Жауабы:150 км; 90 км.

3-есеп. Ұзындығы 21 км- жолды жұмысшылардың бірінші бригадасы 8 күнде жөндейді, ал екінші бригадасы 6 күнде жөндейді. Егер екі бригада бірігіп жөдесе, жолдың неше км-ін бірінші бригада, неше км-ін екінші бригада жөндейді? ( Әр бригаданың күнделікті орындайтын жұмыс мөлшері бірдей.) Жауабы: 9 км; 12 км.

4-есеп. 50 оқушы екі топқа бөлініп, аудандары бірдей екі егісті жерді арам шөптерден тазартуға көмектесті. Бірінші егістік жерді бірінші топ оқушылары 4 күнде арам шөптерден тазартады. Екінші егістік жерді екінші топ оқушылары 6 күнде арам шөптерден тазартты. Бірінші және екінші топта неше оқушы болған? Жауабы:30 ; 20.

Оқушылармен сергіту сәті жүргізіледі. Презентациядағы өлең жолдары бойынша жаттығу жасайды.

1 дегенде тұрайық,2, 3, 4 – алақанды соғайық,Оң жаққа бұрылып,Сол жаққа бұрылып,Бір отырып, бір тұрып,Біз жүгіріп алайық.5 дегенде асықпай,Орнымызды табайық.

Жалпы сыныппен жұмысты болғаннан соң оқушылар бүгінгі сабақтың оқу мақсатын меңгеру үшін жеке тапсырмалар беріліп, өз білімдерін шыңдайды және жұпта бірін-бірі бағалайды.

Жұптық жұмыс

№1. Бірінші шеберхана 600 кітапты 12 күнде, екіншісі 6 күнде түптейді. Егер бірлесіп жұмыс атқарса, олар бұл кітаптарды неше күнде түптеп шығады? 

Жауабы: екі шеберхана бірлесіп 600 кітапты 4 күнде түптеп шығады. 

№2. Екі бригада 6 күнде 600 жеміс ағаштарын отырғыза алады. Бір бригада бір күнде 60 ағаш отырғыза алады. Қай бригаданың жұмыс өнімділігі артық және қаншаға артық? 

Жауабы: Бірінші бригада екіншіге қарағанда 20 ағаш артық отырғызды.

№3. Бір орамда 25 м, ал екіншісінде 49 м бірдей мата бар. Екінші орамның құны біріншіден 1440 теңге артық. Әр орамға қанша теңге ақша төленген?  Жауабы: 1500; 2940.

Сабақ соңында үйге тапсырма беріледі. Шамаларды берілген қатынаста бөлу. №37; №41 есеп оқулық бойынша.

Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз. Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша алған өз ой-пікірлерін айтады.

1. Сабақтың мақсаты қандай болды?

2. Мен мақсатқа жеттім бе?

3. Мен не білдім?

4. Мен нені үйрендім?

5. Мен нені түсінбедім?

6. Мен не бойынша әлі де жұмыс істеуім керек?

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

  • Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық. 3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу