Мәтінді есептерді пропорцияның көмегімен шығару. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Тақырыбы: «Мәтінді есептерді пропорцияның көмегімен шығару»

Сабақтың мақсаты:

6.5.1.2 пайызға берілген есептерді пропорция арқылы шешу;

6.1.2.6 шамаларды берілген қатынаста бөлу;

6.1.2.7 шамаларды берілген сандарға кері болатын пропорционал бөліктерге бөлу;

Бағалау критерийлері:

Білім алушы

- пропорция ұғымын біледі;

- пайыз ұғымын біледі;

- cанның пайызын, пайызы бойынша санды таба алады;

- пайызға берілген есептерді пропорция арқылы шеше алады.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасады. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар жұпта отырып бірін-бірінің дәптерін тексереді. Оқушылар жалпы сыныппен есепті талдап, жауабын айтып отырады.

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын өткен тақырыптар бойынша қайталау сұрақтары қойылады.

Ой-түрткі: Сұрақтарға жауап беріп, сөйлемді аяқтау.

С-1: Екі санның қатынасы дегеніміз не?

С-2: Берілген қатынасқа кері қатынас қалай табылады?

С-3: Берілген қатынасқа тең қатынас қалай табылады?

С-4: Егер бірінші санның екінші санға қатынасы 4:7 болса, онда екінші санның бірінші санға қатынасы ...

С-5: 4:12 қатынасы мына қатынасқа тең …

С-6: 2:5 қатынасын мына қатынас түрінде жазуға болады ...

С-7: 3:2 қатынасы деген ...

Ауызша тапсырма.

Кестені толтыр:

сандар

12

36

45

72

110

144

Қатынаста бөледі

1:3

5:1

2:3

4:5

7:3

5:7

Шешімі

3;9

30;6

18; 27

32; 40

77; 33

60; 84

Есеп шығару сабағы болғандықтан оқушылармен топқа бөлініп топтық жұмыстар жүргізіледі. Әр топ өз тапсырмаларын орындап, басқа топтармен алмаса отырып бірін-бірі бағалайды.

Топтық жұмыс

1 топ

№1. Теңдеуді шешіңіз: Жауабы: 5.

№2. ауа тартады. Ұзындығы , ені және биіктігі болатын бөлмедегі ауа қанша тартады? Жауабы:

№3. Дана дүкеннен 18 алма сатып алды. Бұл алмаларды шешесі, әкесі және Дана 2:1:3 қатынасындай етіп бөліп алды. Олардың әрқайсысы неше алмадан алған? Жауабы: 6; 3; 9

№4. 480 санын 3:5 қатысындай етіп екі бөлікке бөліңіз. Жауабы: 180; 300.

№5. 8 кг-ның 500 г-ға қатынасын есептеңіз.

Жауабы: 16.

ІІ топ

№1. Теңдеуді шешіңіз: Жауабы: 3

№2. Ауданы еденді сырлау үшін сыр керек. Ауданы еденді сырлау үшін қанша сыр керек болады? Жауабы:

№3. Қоспадағы алтын мен күмістің массаларының қатынасы 5:3-ке тең. қоспада қанша алтын, қанша күміс бар? Жауабы: ;

№4. 60 санын 2:3:5 қатысындай бөліктерге бөліңіз.

Жауабы: 12; 18; 30.

№5. 4 км-дің 80 метрге қатынасын есептеңіз.

Жауабы: 50.

ІІІ топ

№1. Теңдеуді шешіңіз: Жауабы: 1,7

№2. Екі жұмысшы белгілі бір уақытта 19 тетік дайындады. Осы уақыт ішінде 133 тетік дайындап шығару үшін қанша жұмысшы қажет болар еді? Жауабы: 14

№3. Үшбұрыштың периметрі . Оның қабырғаларының ұзындықтарының қатынасы 3:4:5 қатынасындай. Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын табыңыз.

Жауабы: ; ; .

№4. 360 санын 2:4 қатынасындай екі бөлікке бөліңіз. Жауабы: 120; 240.

№5. Бөлме еденінің сызбадағы өлшемдері және . Бөлме салынған кезде еденнің ені болып шықты. Еденнің ұзындығын табыңыз.

Жауабы:

Оқушылармен сергіту сәті жүргізіледі. Презентациядағы өлең жолдары бойынша жаттығу жасайды.

Сағаттың тіліндей

Иіліп оңға бір.

Сағаттың тіліндей

Иіліп солға бір.

Оң аяқ, сол аяқ,

Оң аяқ, сол аяқ,

Жаттығу оңай - ақ.

Жалпы сыныппен жұмысты болғаннан соң оқушылар бүгінгі сабақтың оқу мақсатын меңгеру үшін дифференциалданған тапсырмалар беріліп, өз білімдерін шыңдайды және жұпта бірін-бірі бағалайды.

Жұптық жұмыс

А: Тік төртбұрыштың периметрі 40см. Егер оның қабырғалары ұзындықтарының қатынасы 3 : 2 қатынасындай болса, ауданын табыңдар.

В: Қантты су ерітіндісіндегі судың массасының қанттың массасына қатынасы 17 : 3 қатынасындай. Ондағы судың массасы қанттың массасынан артық. Қантты су ерітіндісінің концентрациясы неше процент?

А) 28 % ; В)25% ; С) 20%; Д) 15%;

С: Қауын, қарбыз және асқабақтың массасы . Қарбыз қауыннан ауыр. Қауын мен асқабақтың массаларының қатынасы 2 : 1 қатынасындай. Қауынның, қарбыздың, асқабақтың массасын табыңдар.

Сабақ соңында үйге тапсырма беріледі. Мәтінді есептерді пропорцияның көмегімен шығару.

Пропорция қасиетін пайдаланып теңдеуді шешіңіз:

Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз. Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша алған өз ой-пікірлерін айтады.

Нені түсіндім

Нені түсінбедім

Әлі де дайындық қажет етемін.

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу