Мәтінді есептерді пропорцияның көмегімен шығару. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Тақырыбы: «Мәтінді есептерді пропорцияның көмегімен шығару»

Сабақтың мақсаты:

6.5.1.2

пайызға берілген есептерді пропорция арқылы шешу;

Бағалау критерийлері:

Білім алушы

- пропорция ұғымын біледі;

- пайыз ұғымын біледі;

- cанның пайызын, пайызы бойынша санды таба алады;

- пайызға берілген есептерді пропорция арқылы шеше алады.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасады. Көңіл күйлерін смайликтер арқылы біледі. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.

Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар жұпта отырып бірін-бірінің дәптерін тексереді. Оқушылар жалпы сыныппен есепті талдап, жауабын айтып отырады.

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын өткен тақырыптар бойынша қайталау сұрақтары қойылады.

Ой қозғау:

С-1: Берілген санның пайызы қалай табылады?

С-2: Пайызы бойынша санды қалай табамыз?

С-3: Пропорция дегеніміз не?

С-4: Пропорцияның негізгі қасиеті қалай айтылады?

C-5: Тура пропорционал шама дегеніміз не?

С-6: Кері пропорционал шама дегеніміз не?

Берілген санның процентін табу үшін:

  • Процентті бөлшекпен өрнектеу керек.
  • Берілген санды осы бөлшекке көбейту керек.

Әріптермен жазсақ: b=a. Мұндағы, а – берілген ( 100% -ке сәйкес) сан. Р – проценттер, b – берілген санның процентке сәйкес мәні немесе ізделінді сан.

Пайызы бойынша санды табу үшін:

  • Процентті бөлшекпен өрнектеу керек.
  • Берілген санды осы бөлшекке бөлу керек.

Әріптермен жазсақ: а =. Мұндағы, а – проценті бойынша табылатын ( 100% -ке сәйкес) сан. Р – проценттер, b – проценті берілген сан.

Екі қатынастың теңдігі пропорция деп аталады.

Пропорцияның шеткі мүшелерінің көбейтіндісі ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісіне тең.

Егер шаманың біреуін бірнеше есе арттырғанда (кеміткенде) екіншісі де соншаға артып немесе кемісе, мұндай шамаларды тура пропорционал шамалар дейміз.

Егер, бірінші шама бірнеше есе артқанда(кемігенде) екінші шама сонша есе кемитін болса, мұндай шамалар кері пропорционал деп аталады.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: пропорция көмегімен мәтінді есептер шығару.  

Ал, балалар, бүгін біздер пропорция  көмегімен пайызға және жай бөлшектерге арналған мәтінді есептерді шығаруды үйренеміз. Ал ол үшін әуелі  санның пайызын табуды есімізге түсіріп алдық.

Оқушылар мұғалімнің көмегімен мәтінді есептердің түрлеріне мынандай схема құрады.

Есептің типі

Санның пайызын табу

Пайызы бойынша санды табу

Проценттік қатынасты табу

схема

100% - □

□ - х

100% - х

□ - □

100% - □

х - □

Оқушыларға есеп беріліп, ол есептің схеманың қай бағанына жататынын ажыратып жазу керек.

Есеп: Туристер 200 км қашықтықты жүріп өтті. Оның 40%-ын машинамен жүріп өтті. Туристер машинамен қанша жол жүріп өтті?

Есептің типі

Санның пайызын табу

Пайызы бойынша санды табу

Проценттік қатынасты табу

Есептің қысқаша жазылуы

100% - □

□ - х

100% - х

□ - □

100% - □

Х - □

Пропорция

=

Пропорцияның белгісіз мүшесін табу

Х==80

Жауабы

80 км

Олай болса, бүгінгі өтетін тақырыбымыз пайызға берілген есептерді пропорция арқылы шешу.

Әрі қарай оқу мақсатын меңгеру мақсатында жалпы сыныппен жұмыс жүргізіледі.

Жалпы сыныппен жұмыс

1-Есеп.Тігін фабрикасы 1200 костюм шығарды. Оның 30% жаңа костюмдер түрі . Фабрика неше жаңа костюмдер шығарды? Шешуі:

  • 1200 костюм ------ 100%
  • х костюм ------ 30%
  • х Жауабы: 360 костюм.

2-Есеп. 1700 га жердің 357 га жеріне қарбыз егілді. Жердің қандай бөлігінің процентіне қарбыз егілді?

  • 1700 га ------- 100%

357 га -------- х %

х Жауабы: 21% .

3-Есеп: Математикадан бақылау жұмысында «5» деген бағаны 12 оқушы алды,бұл барлық оқушының 40%. Сыныпта неше оқушы? Жауабы: 30 оқушы.

Жалпы сыныппен жұмысты болғаннан соң жұпқа тапсырмалар беріліп, тапсырмалары бірдей жұптар уақыт аяқталғанда бір-бірінің дәптерін тексеріп, бағалайды.

Жұптық жұмыс.

1 жұп

№1. 3 – проценттік 40 кг ерітінді де неше килограмм тұз бар? Жауабы: 1,2

№2. Бақта 64 шие терегі қсіп тұр, бұл барлық теректің 16% құрайды. Бақта барлығы қанша терек бар? Жауабы: 400

2 жұп

№1. Кітапта 130 бет бар. Аян кітаптың 104 бетін оқыді. Аян кітаптың неше процентін оқыды? Жауабы: 80 процент

№2. Кітапханада 400 кітаптар мен журналдар бар. Оның 26%-ы математикаға арналған кітаптар. Кітапханада математикаға арналған неше кітап бар? Жауабы:104

Оқушылармен сергіту сәті жүргізіледі. Презентациядағы өлең жолдары бойынша жаттығу жасайды.

Қолдарын кеудесіне қойып - Менің,

Қолдарын жайып - Отаным,

Шапалақтап - Қазақстан!

Жоғары- төмен қарайық,

Оңға, солға түзу тұр.

Бойымызға күш жинап,

Біз дем алып алайық.

Оқушылар бүгінгі сабақтың оқу мақсатын меңгеру үшін жеке тапсырмалар беріліп, өз білімдерін шыңдайды және өзін-өзі дескриптор арқылы бағалайды..

Жеке жұмыс

1-тапсырма

Берілген жүкті тасымалдау үшін 16 автокөлік әрқайсысы 12 рейстен жүруі керек болады. Егер автокөліктің санын 25% - ға кемітетін болса, әр бір автокөлік берілген жүкті толық тасымалдау үшін әрқайсысы неше рейс жүруі керек?

Дескриптор: Білім алушы

  • процент арқылы автокөліктің санын есептейді;
  • пропорция құрастырады;
  • пропорцияның түрін дұрыс анықтайды;
  • пропорция арқылы рейс санын есептейді.

2-тапсырма

Сиыр фермасында барлық ірі қараны жемдеу үшін 30 күнге жететін жем шөп дайындалған. Егер сиыр басын 40%-ке кемітіп, бір сиырдың күндік нормасын 25%-ке арттырса, дайындалған жем шөп неше күнге жетер еді?

Дескриптор: Білім алушы

  • мал санының кемуін есептейді;
  • жем шөптің өсуін жазады;
  • шартқа сәйкес пропорция құрады;
  • пропорцияның түрін анықтайды;
  • пропорцияның негізгі қасиетін қолданып есептеулер жүргізеді;

уақытты есептейді.

Сабақ соңында үйге тапсырма беріледі. «Пайызға берілген есептерді пропорция арқылы шешу» тақырыбына есеп құрастырып келу.

Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз. «Сөйлемді жалғастыр»

  • Бүгінгі сабақта... білдім
  • … үйрендім
  • … қиындықт туындады
  • … әлі де жұмыстануым керек

… маған қызық болды?

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу