Мәтінді есептерді пропорцияның көмегімен шығару. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Тақырыбы: «Мәтінді есептерді пропорцияның көмегімен шығару»

Сабақтың мақсаты:

6.5.1.2 пайызға берілген есептерді пропорция арқылы шешу;

6.1.2.6 шамаларды берілген қатынаста бөлу;

6.1.2.7 шамаларды берілген сандарға кері болатын пропорционал бөліктерге бөлу;

Бағалау критерийлері:

Білім алушы

- пропорция ұғымын біледі;

- пайыз ұғымын біледі;

- cанның пайызын, пайызы бойынша санды таба алады;

- пайызға берілген есептерді пропорция арқылы шеше алады.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасады. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар жұпта отырып бірін-бірінің дәптерін тексереді. Оқушылар жалпы сыныппен есепті талдап, жауабын айтып отырады.

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын өткен тақырыптар бойынша қайталау сұрақтары қойылады.

Ой-қозғау:

С-1: Санның пайызын қалай табамыз?

С-2: Пайызы бойынша санды қалай табамыз?

С-3: Шамаларды берілген қатынаста қалай бөлеміз?

С-4: шамаларды берілген сандарға кері болатын пропорционал бөліктерге қалай бөлеміз?

Ауызша тапсырма.

; ;

пропорцияны оқыңдар, пропорция дұрыс па?

2.Тура және кері пропорционалдық тәуелділікті анықтаңыз:

  • Забаваның жасы мен оның шашының ұзындығы;

Егер ол тұрақты жылдамдықпен жүрсе, Киевтен шекараға дейінгі арақашықтық пен Гонецтің Добрыняға дейінгі жүрген уақыты.

Сабағымызды әрі қарай ертегі желісімен бастаймыз.

Оқушылар, бүгін бізге қонаққа Змей – Горыныч ұшып келіпті. Қонаққа келе жатып бір қиындықтарға тап болыпты. Кәне, балалар Змей – Горынычке жолда кездескен мәселелерін шешуге және мәтінді есептерді пропорцияның көмегімен шығаруға көмектесіп жіберейік.

Змей – Горынычтің бірінші басы:

1 есеп.

«Мен 300 га орман үстімен ұшып келдім. Ұшып келе жатып байқаусызда орман алқабының ауданының 25%-ін өртеп жібердім. Мен қанша га жерді өртедім?»

Ал екінші басы былай дейді:

2 есеп.

«Жоқ, дұрыс емес. Сен бәрін дұрыс айтқан жоқсың, ол былай болды: Мен орманның үстімен ұшып келе жатып, байқаусызда орман алқабының ауданының 25% - ін өртеп жібердім. Мен роман алқабының 75 га жерін өртедім, сонда барлық орман алқабының ауданы неге тең?»

Ал, үшінші басы былай дейді:

3 есеп.

«Мен 300 га орман үстімен ұшып келдім. Ұшып келе жатып байқаусызда орман алқабының 75 га жерін өртеп жібердім. Мен орман алқабының ауданының қанша процентін өртедім?»

Мұғалім: Міне, балалар біздер Змей – Горынычпен бірге есептерді шығарып болдық. Олай болса, тағы да процентке байланысты есептерді пропорциямен шығарып көрейік.

Пропорцияға есептер шығарайық.

№1. Ханда қазынада 100000 монет болды, оның 80%-і алтын. Ханда қазынада неше монет алтын бар?

№2. Хан орыс князына 50000 монет төледі, бұл орыс князына беретін пұлдың 75% -ін құрайды. Пұлдың құны қанша?

Мұғалім: Енді Змей – Горынычпен қош айтысайық, алдағы уақытта орман үстімен ұшқанда абай болсын деп.

Оқушылармен сергіту сәті жүргізіледі. Презентациядағы өлең жолдары бойынша жаттығу жасайды.

Жаза, жаз қолымыз,

Талып кетті қолымыз.

Бір, екі, үш,

Бойға жинап күш,

Терезені ашайық.

Шаң тозаңды басайық,

Жалқаулықты тастаймыз,

Қайта сабақ бастаймыз.

Жалпы сыныппен жұмысты болғаннан соң оқушылар бүгінгі сабақтың оқу мақсатын меңгеру үшін дифференциалданған тапсырмалар беріліп, өз білімдерін шыңдайды және жұпта бірін-бірі бағалайды.

Жеке жұмыс

Дифференциалданған тапсырмалар беру.

А:

№1. Пропорцияның белгісіз мүшесін табыңыз: 7,5:3,5=х:14. Жауабы: 30.

№2. қойдың еті үшін 475 тг төленді, сонда сол бағамен 665 теңгеге қанша кг қойдың етін сатып алуға болады? Жауабы:

№3. 120 санын 1:2:3 қатынасындай бөліктерге бөліңіз.

Жауабы: 20; 40; 60.

В:

№1. АВС үшбұрышының АВ қабырғасында жатқан Е нүктесі арқылы АС қабырғасына параллель түзу жүргізілген. Егер АВ=22,5 см, АЕ=18 см, ВС=15 см болса, ВС қабырғасын түзу қандай кесінділерге бөлінетінін табыңыз.

Жауабы: ,

№2. Пропорцияның белгісіз мүшесін табыңыз: Жауабы: 15

С:

№1. Жез – мыс пен мырыштың қорытпасы, олардың массаларының қатынасы 3:2 қатынасындай. Бір кесек жез дайындау үшін мыс қажет. Осы кесек жезді дайындау үшін қанша мырыш қажет болатынын анықтаңыз.

Жауабы:

Сабақ соңында үйге тапсырма беріледі. Мәтінді есептерді пропорцияның көмегімен шығару.

  • Пропорцияның белгісіз мүшесін табыңыз:

Жауабы: 13.

  • қара бидай дәнінің салмағы 2,8 т7 қара бидай дәнінің салмағы қандай?

Жауабы: 7,49 т.

Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз. Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша алған өз ой-пікірлерін айтады.

1. Сабақтың мақсаты қандай болды?

2. Мен мақсатқа жеттім бе?

3. Мен не білдім?

4. Мен нені үйрендім?

5. Мен нені түсінбедім?

6. Мен не бойынша әлі де жұмыс істеуім керек?

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу