Циклоалкандар. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Мектеп: | Мұғалім: | |||||||
Химия пәні бойынша ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ | ||||||||
Күні: | Сынып 10 | |||||||
Бөлім | ||||||||
Сабақтың тақырыбы | Циклоалкандар | |||||||
Оқу мақсаттары | 11.4.2.17 циклоалкандардың гомологтық қатарын, құрылысын, физикалық, химиялық қасиеттерін қарастыру | |||||||
Сабақтың мақсаты | Циклоалкандардың гомологтық қатарын формулаға сай құру; Құрылымдық формулаларын жазуды білу Физикалық қасиеттерін ажырату Химиялық қасиеттеріне сай реакция теңдеулерін орындау | |||||||
Бағалау критерийлері | Циклоалкандардың құрылымдық формуласын біледі; Физикалық қасиеттерінің өзгерісін түсіндіреді Циклоалкандардың химиялық қасиеттеріне сай реакция теңдеулерін жазып, өнімдерді біледі; | |||||||
Құндылықтар |
| |||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика және терминология: Алкандар, қаныққан көмірсуектер, қанықпаған көмірсутектер, циклоалкандар, жану өнімдері, гомологтық қатар, дегидрену. Пәндік лексика және терминология Циклоалкандардың толық жану өнімдері … болып табылады. Толық емес жану кезінде … түзіледі. Көмірсутектерің молекулалық формуласын табу үшін …. Дегидрлену өнімдері .... .. болып табылады. Кейбір циклоалкандарды алуда алкандардың галогентуындыларын ... ... қосып қыздыру арқылы алады. | |||||||
Алдыңғы білім | 9.4А Органикалық химияға кіріспе 9.4В Көмірсутектер. Отын | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңі (Әр кезеңнің уақытын көрсету) | Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар | Ресурстар | ||||||
Қайталау 1-8 минут 8-20 минут |
|
| ||||||
Жаңа сабақты меңгерту 20-22 минут 22-25 минут 25-38 минут | Оқушыларға циклді көмірсутектердің қаныққан көмірсутектерге жататыны және олардағы көміртек тізбектері тұйықталған болатыны, циклоалкандардың құрамы сәйкес алкандарға қарағанда екі сутек атомына кем болатыны айтылады; Оқушыларға көміртек атомдарының цикл яғни тұйықталған тізбек түзуі үшін кем дегенде неше көміртек атомы болуы керектігін ойланып, формуласын ұсынуды сұраңыз; Күтілетін жауап: Үш көміртек атомы- циклопропан Оқушыларға бейнематериал көруді ұсыну: Циклоалкандардың құрылысы және номенклатурасы Бейнематериал бойынша талқылау Сыныппен жұмыс Оқушыларға берілген формуланың атауын ұсыну тапсырылады; Дұрыс жауап:1,3-диметил-2 этилциклогексан Ескерту:Циклдегі қарапайым радикалмен байланысқан көміртек атомынан бастап нөмерлейді. Оқушыларға циклоалкандардың атауын жазуды ұсыну; Бағалау: Оқушылар дәптерлерімен ауысып, бірін бірі тексереді; Бейнематериал көру Циклоалкандардың физикалық қасиеттері Бейнематериал бойынша талқылау Циклоалкандардың химиялық қасиеттері Оқушыларға циклоалкандарға қосылу және орынбасу реакциялары тән екенін ескерте отырып, жұпта гидрлену, галогендену, гидрогалогендену, жану, дегидрлену реакцияларына мысал жазуды ұсыну; Оқушыларды Вюрц реакциясымен таныстыру, бұл реакция циклоалкандарды алу үшін қолданылатынын айту; Оқушыларға өз бетімен алкандарды дегидрлегенде, сәйкес циклоалкандар түзілетінін ескерту; Сәйкес реакция теңдеулерін жазғызу; Жеке тапсырма: Оқушылар берілген кестеде циклоалкандардың химиялық қасиеттеріне байланысты сәйкестендіру тапсырмасын орындайды; Өзін өзі тексеру Жұптық тапсырма: Оқушыларға циклоалкандардың қасиеттерін алкандармен салыстыра отырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын кестеге толтыру; Бірін бірі тексеру Мұғалімнің кері байланысы Мақсаттарға оралу Сабақтың қорытындысы | |||||||
Рефлексия 38-39 мин | Сабақта қызықты болған мәлімет .... Сабақта мен үйрендім ...... Сабақта пайдалы болған ақпарат ... . Мен басқаларға түсіндіріп бере аламыз .... | |||||||
Үй тапсырмасы 39-40 минут | Циклоалкандар | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия | ||||||||
Сабаққа рефлексия жасау кезінде берілген сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз. Сұрақтың құрылымын жабасаңыз болады.
| ||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру