Ақан сері өмірі және шығармашылығы


Қарағанды технология және сервис колледжінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Наргелова Бақытнұр Еренгаипнова

Сабақтың тақырыбы: Ақан Сері Қорамсаұлы өмірі мен шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ақан Қорамсаұлының өмір жолы мен шығармаларына толық тоқталып, өлеңдері мен әндерінің мазмұнын, идеясын, шығу тарихы мен тақырыбының ерекшелігін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын дамыту, тіл мәдениетін қалыптастыру. Шығармашылық қабілеттерін, танымдық дағдыларын дамыту және ойлау қабілетін, ой белсенділігін, әсемділік, сезімталдыққа баулу.
Тәрбиелік: Атақты адамдар өмірінен үлгі алып, елінің саналы азаматы болуына тәрбиелеу. Ұлтжандылыққа, азаматтылыққа, өнерге баулу. Қоғамдық идеялық көзқарасын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтық жұмыс, іздену, талдау.
Пәнаралық, пәнішілік байланыс: Музыка, қазақ тілі, тарих.
Сабақтың көрнекілгі: слайд, интерактивті тақта, оқулық, таратпа материалдар.
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі - 2 мин
II Үй тапсырмасын тексеру, қайталау - 8 мин
III Жаңа сабақты түсіндіру - 18 мин
IV Жаңа сабақты бекіту - 12 мин
V Бағалау - 3 мин
VI Үйге тапсырма беру - 2 мин
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен амандасу, түген
Сабақ мақсаты туралы хабарлау.
II. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау
1. Өткен сабақта Біржан - айтыскер ақын деген тақырып болды. Ендеше мынандай сұрақтар қоямын.
1. Біржан сал Қожағұлұлының өмірі туралы не білесің? (Көкшетауда атасы Қожағұл ауылында Жөкей көлінің маңында 1834 жылы дүниеге келген)
2. Біржанға атасы Қожағұлдың тәрбиесі қалай әсер етті? Біржанның осыншама әсершіл, сезімтал, зерек болып өсуіне, біріншіден, көзі қарақты, көкірегі ояу, сөйлер сөзге шешен Қожағұл атасы ықпалы болған)
3. «Ләйлім шырақ» әнінің тарихы? (Ағаларының сөзді еститін жерге келуін күткен әнші Ләйлімге қарап, табанда ән шығарған)
4. «Жанбота» әнінің тақырыбы қандай? (Жанбота әні басында ми жоқ, өзінде ой жоқ, күлкішіл, кердең надан Азынабайдың поштабайдың қылығына арналған)
5. Жастарға қандай өсиет айтты? (өмір мағынасын жастық шағында түсіне біл, жақсының жанында жүр, содан үйрен, үлгісін өнеге тұт деген)
6. Біржан мен Сара айтысының көтерген тақырыбы не? (әлеуметтік теңсіздікті, әйел теңсіздігін көтерген саяси мәні бар туынды)
7. «Біржан - Сара» операсын жазған кім? (композитор М. Төлебаев)
8. Сал мен серінің айырмашылығы қандай? (сал сөзі ерекше өнерпаздықпен байланысты ұғым, сал айрықша киімдерімен, мінез - құлқымен ерекшеленген.
Ал сері ерсі қылық жасамаған, сыпайы, ибалы болған )
III Жаңа сабақ түсіндіру.
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз Ақан сері Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығы. слайд ( Көкшетау)
2. Сабақтың негізгі бөлімі
Сынып екі топқа бөлінген, алдын – ала тапсырма берілген. Әр топ өз тақырыптарын қорғайды.
І топ «Ауылым қонған Сырымбет саласына» ( Ақан өмірі мен шығармашылығына шолу )
( Ақан әндері, оның шығу тарихы)
ІІ топ «Сегіз қырлы, бір сырлы» ( Ақан бойындағы қасиеттер, «Құлагер» мазмұны ) «Тұсында сері болсын, пері болсын,
Ұнайды өнерімен Ақан маған» ( Ақан өмірі мен шығармашылығына қалам тартқан ақын - жазушылар )
І топ
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында өмір сүрген қазақтың әнші - ақындарының көрнекті өкілдерінің бірі - Ақан сері Қорамсаұлы.
Ақан 1843 жылы қазіргі Ақмола облысы, Қоскөл деген жерде туған. Шын аты - Ақжігіт екен, ата - анасы еркелетіп Ақан деп атап кеткен. Ақан білімді, орыс, татар, шағатай тілдеріне жүйрік. Әншілік шеберлігі жоғары. Онымен қоса жоғары талғам иесі, жүйрік атты, қыран құсты, құмай тазыны ұстап, баптай білген саяткер болған.
Ақан сері – сегіз қырлы, бір сырлы, ұлы талант иесі. Ақанның шығармашылық өнері - тазалықтың, әсемдіктің көрінісі. Ол жай ғана ақын емес, әнші – ақын, өзі шығарған өлеңін өзі әнге салып, домбырада ойнап, өзі орындаған.
Ақанның «Мақпал», «Балқадиша», «Сырымбет», «Қараторғай», «Маңмаңгер» т. б әндері қазақ арасында кең таралған.
«Балқадиша» әнін тыңдайды.
ІІ топ
Ақан ел есінде ақын, әнші, сазгер ретінде ғана қалған жоқ, ол атбегілік, құсбегілік, аңшылық, саятшылық өнерімен де танымал болған.
Ақанның атын алысқа естіртіп, даңқын әуелеткен сәйгүлігі – Құлагер еді.
( Осы жерде оның Құлагерді Шөкетай деген кісіден сатып алғанын, оны ерекше баптап, бағып күткенін, С. Жүнісовтың романынан үзінді келтіріп, айтып кетеді )
Ақан серінің өмірі мен шығармашылығына қалам тартқан ақын - жазушылар да аз емес. Мысалы: Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері» романы, Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы, Ғабит Мүсіреповтың «Ақан сері - Ақтоқты» пьесасы, Фариза Оңғарсынованың «Ақан сері» өлеңі, Мұратбек Жоламановтың «Құлагер тағдыр» картинасы, «Құлагер» фильмі
IV. Жаңа сабақты бекіту
1 топ Сөзжұмбақ шешу
2 топ Кім көп біледі?
1. Ақан серінің өмір сүрген жылдары?
2. Ақанның жастық шағы өткен жер?
3. Ақанның құмай тазысының аты?
4. Ақанның қолы жетпеген ғашығы кім?
6. Ақан сері неше жасында қайтыс болды?
7.. Ақан Уәлиахун медресесінде неше жыл оқиды?
9. Қызылжар қаласына неше жасында келеді?
10. Үш – ақ ай бірге отасқан жары.
11. Құлагерді кімнен сатып алады?
12. Құлагерге қойылған оба тас қайда екенін көрсетіңіздер
13. Жақсыға бітсе дәулет бақ айналар.
Жаманға бітсе дәулет әуейленер.
Басына ер жігіттің бір іс түссе,
Арасы қас пен достың абайланар.
( Ерекшеленіп көрсетілген сөздер қандай ұғымды білдіретінін анықтаңыздар)
4. Айтарым бар
Сендердің ойларыңша, қазіргі таңда нағыз, сері жігіттер қандай болу
керек?

5. Бағалау:
Қорытындылау:
V. Үйге тапсырма: Өздеріңе ұнаған Ақан сері өлеңін жаттап келіңдер.


Источник: bilimdiler.kz

0 + 0 -

Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу