Табиғатты аяла да бағала

 Табиғатты аяла да бағала

Нұрбопаев Еркебұлан
8 сынып, № 15 орта мектебі
Балхаш қаласы

Көкше көлдің теріскейінде тербелген Балқаш қай уақытта болмасын еңбек бақытына бөленген жандар мен мыс бұлағын ағызған металлургтер қаласының қала күніне орай «Гүлстан» журналының РR-менеджері, Республикалық «Гүлзар» қоғамдық бірлестігінің директоры,өсімдіктер әлемі оқу- әдістемелік кешенінің жауапты редакторы Қабдолданова Батима Әскербекқызы және Алматы облысы, Талғар ауданы №35 мектеп гимназиясының биология пәнінің мұғалімі, қамқоршылық кеңесінің төрайымы, зейнеткер Нұхаева Шарбану мектебімізде болып қайтты. Табиғаттағы өсімдіктер әлемін сақтау, көгалдандыру мәдениетін дамыту және жасөспірімнің қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру мақсатында 2009 жылдан бастап мектебіміз Республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік «Гүлстан» журналы және "Гүлзар" қоғамдық бірлестігімен тығыз байланыста жұмыс жасауда. Сондықтан адам мен табиғат егіз деп бекер айтылмаса керек,
жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру мәселесіне елімізде үлкен көңіл бөлінген, кемел келешекке көз тіккен қаламыздың гүлденген өңірге айналдыру мақсатында 18-19 қыркүйек аралығында Республикалық «Гүлзар» қоғамдық бірлестігінің директоры, «Гүлстан» журналының РR-менеджері, өсімдіктер әлемі оқу- әдістемелік кешенінің жауапты редакторы Қабдолданова Батима Әскербекқызының қолдауымен мектебімізде «Жасыл мектеп» бойынша іс-тәжірибе алмасу шараларына арналған семинар- треннинг өткізілді.
Семинарға Алматы облысы, Талғар ауданы №35 мектеп гимназиясының биология пәнінің мұғалімі, қамқоршылық кеңесінің төрайымы, зейнеткер Нұхаева Шарбану «Жасыл мектеп» бойынша өзінің іс-тәжірибесін ортаға салды.
Семинар-треннингті мектеп директоры Қ.Ш. Дүбірбекова кіріспе сөзбен ашып, «Гүлстан» журналының құрылтайшы- директоры халықаралық көгалдандыру тәжірибесін еліне дамытқаны үшін Ұлыбританияның «Королева Виктория» сыйлығының иегері, көгалдандыру, жасыл желекпен гүл өсіруді үйретуге бағытталған бастауыш сыныптар мен балабақшаларға арналған 100 кітап шығару идеясын қаржыландырып, жүзеге асырушы кәсіпкер Гөзел Әліпбекқызы Құлжабаеваның халықаралық деңгейде өткізген тәжірибесін слайд арқылы таныстырылды.
Семинарда мектебіміздің 2,3 сынып оқушылары гүлдер шеруін жасаса, мектепалды даярлық тобы бүлдіршіндері «Гүл болып өсіп келеміз» атты ертеңгілігін ұсынды.
Нұхаева Шарбану «Көгалдандыру- баршамызға ортақ іс» атты мәжіліс залында шебер класс өткізді. Онда жылыжай, оқушыларды ғылыми-жоба жұмыстарына бағыт-бағдар беру жұмыстарын түсіндіріп өтті. Бейнелеу пәнінің мұғалімі Ж.К.Адайбекова «Табиғат – ұлы суретші» 6,7,8 сынып оқушылары арасында сурет салу шеберлеріне арналған пленэр – шебер класс өткізді. Ал мектебіміздегі экологиялық бағытта атқарылған жұмыстар барысында презинтациялақ слайд арқылы 8а, 9а сыныптар арасында география пәнінің мұғалімі С.К.Сатбек және биология пәнінің мұғалімі
П.Бақытқызы дөңгелек үстөл өткізссе, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.К.Қойшығарина, Б.К. Аблайхановтардың ұйымдастыруымен «Балқашым бағым» атты мектеп оқушыларының өнерін тамашалап, мектеп кітапханасында кітапханашылар Г.Т.Башарова мен Б.Б.Тойшыбековалардың ұйымдастыруымен мектепішілік «Жас өркен» баспасөз орталығының тілшілерінің қатысуымен брифинг өткізіліп, «Жарқын іс жалғасын табуда» атты кітап көрмесімен Е.Нұрбопаев 8 ә, Б.Өзбеков 8ә М.Серік7в, З.Садырбаева 8ә, Б.Оңғар 7б сынып оқушылары таныстырып өтті. Семинардың жалғасы мектебіміздің ата -аналарына арналды. зейнеткер Нұхаева Шарбану «Жасыл мектеп» бойынша өз ауылындағы ата-аналармен жасап жатқан іс-тәжірибесімен бөлісті. Онда батыр аналарға арналған бақтың
ашылғандығы, ұлттық нақышта өсірген гүлдері жайлы ой өрбітті.
Қорытындылай келе мектебіміздің ата-аналар қамқоршылығының кеңесі сайланып, осындай теңдесіз жұмыстарды, оқушыларды ғылыми жобалар жазуға дайындауға мектебіміздің ата-аналары бірауыздан шешім қабылдап болашақта қаламыздың гүлденуіне ат салысуға уәде етті. Сондықтан табиғатқа жанашыр болу адамзат қоғамына, оның келешегіне жанашырлық жасау болып табылады, қазіргі заман ағымына сай дені сау, сауатты да инабатты ұрпақ тәрбиелеу, сонымен қатар баланың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, әрі еңбекке баулу.
Сол себепті туған жеріміздің тамылжыған тамаша табиғатын сүю, оны қастерлеп, қадірлеу әрбір адамның азаматтық парызы.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!