Мектебім - мақтанышым

 Мектебім - мақтанышым

Абдуманап Камила
4 сынып, №15 орта мектебі
Жетекшісі: Жакыпбекова М.Б.

Мектеп-кеме,білім-теңіз,
Толқында біз жүреміз
Желбіреген ақ желкені,
Ұстазым сенсің ұланымның ертеңі.


Иә мектеп, білім, ұстазым деген ұлы сөздер бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл сөздердің құдіретін ұға білу де парыз. Дана халқымыз “дарын жанып тұрған жалын”- дейді, әр оқушының өз таланты болады. Шәкірттері білімді, дарынды, қаламыздың қақ төрінен орын тепкен алтын ұя мек тебім жайлы мақтанышпен айтқым келеді. Білім ордамыз аз уақыт ішінде облыстық, республикалық деңгейдегі өткен білім саласы жағынан болсын, әр түрлі мәдени шараларда болсын жоғары дәрежелі деңгейде, қала мектептерінің арасында төрт жыл қатарынан «Жыл мектебі» номинациясымен жоғарғы көрсеткіштерге ие болғаны үшін марапатталды. Менің мектебім-менің мақтанышым! Неге десеңіз, заманауи талаптарға сай, терезесі тең білім ордасы. Мектеп ұстаздарының арқасында түлектерінің білімділігі мен шығармашылығының нәтижесінде мектебіміз алдыңғы қатарда келеді. Мектебімнің осы күндері мәртебесі биіктеп, түлектері көптеген беделді оқу орындарына түсіп, өнерлі жастары өркендеп өсуде. Әр оқу жылы, әр оқушыға өз жаңалығын әкеледі. Менің мектебіме биыл 5 жыл толады. Осы 5 жыл ішінде мектеп жан-жақты қырынан көзге түсіп, көп номинациялар, дипломадрға, орындарға ие болды. 5 жыл ішінде көп теген жетістіктерге жетті. Мектебімнің дәлізінен өтсеңіз көздің жауын алатын, кеудеңді нұрға бөлейтін ақпарттар, оқу, білім туралы, оқушылар туралы баннерлерден сусындайсың. Осынша республика көлемінде атағы шығып, еліміздің көмегіне аз үлесін қосатын азамат пен азаматшалардың ой -санасына отансүйгіштік сезімді, білім нәрін сеуіп жаткан өнегелі орданы басқарып, алға жетелеп отырған мектеп директоры Қарлығаш Шәкәрімқызы-жаңа ұрпаққа заманауи талаптарға сай тәрбие мен білім беруге инновациялық іс әрекеттің ғылыми педогогикалық негіздерін меңгерген, дарынды оқушыларды қалыптастыруда нәтижеге бағытталған сапалы көрсеткіштерге ие болған, жоғары санатты жаңашыл ұстаз.Менің мектебім - білімділер мектебі. Сабақ үстінде өтілген тақырыптар бойынша, таласа жүріп, тырмыса жүріп қосымша материалдар іздеп, ғылыми жобалар жазуға бейімделіп келеміз. Бұл түрдегі жұмыстарды өнегелі ұстазым және де директордың оқу жөніндегі орынбасары Жакыпбекова Майра Берікболқызы.

Майра Берікболқызы маған 1-сыныптан бастап білім беруде. Көптеген оқушылар өз жобаларын өз жауаптарын үлкен творчестволық ізденіспен жасауда “Мұғалім-мектеп жүрегі” біздерді білім нәрімен сусындатып,маман даярлау жолында аянбай тер төгіп келе жатқан ұстаздардың еңбегі орасан зор.

Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез
Нұрын сырын көруге,
Көкірегінде болсын көз.

Еліміздің көркейіп гүлденуі және өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен мына біздерден көрінеді.Ертеңгі куннің бүгіннен де нұрлы да жарқын болуы тек білімге ғана тән.Мектебіміздің тағы бір ерекшелігі “Гүлстан” республикалық ғылыми-танымдық көпшілік журналы әлеуметтік серіктесі бар. Осы әлеуметтік серіктестің көмегімен мектепалды көгалдандыру жұмыстары іске асырылды.

Мектебім менің мақтанышым,киелі алтын ордам. Арманым көп, алдыма қойған мақсатымды көп. Сол арманға, мақсатыма жететініме сенімдімін. Ұстаздарма, жоғары сынып оқушыларына қарап бой түзеймін. Мен қазір мектебімнің жетістігіне мақтанамын. Ал келешекте, мектебім менің қол жеткізген нәтижелеріме мақтанса деген ойдамын. Өсе бер, өркендей бер менің сүйікті мектебім!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады