Сабақ жоспары (ұмж): Алгебра курсын қайталау (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Алгебра курсын қайталау (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Ерлер назар аударатын 13 нәрсе

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-сыныптағы алгебра курсын қайталау
Сабақ тақырыбы: Алгебра курсын қайталау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.2.2.8 квадрат теңсіздіктерді шешу;
8.2.2.9 рационал теңсіздіктерді шешу;
8.2.2.10 біреуі сызықтық, екіншісі - квадрат теңсіздік болатын екі теңсіздіктен құралған жүйелерді шешу;
8.2.2.11 құрамында екі квадрат теңсіздігі бар жүйелер мен жиынтықтарды шешу;
Сабақ мақсаттары: 8-сынып алгебра курсын қайталау
• Квадрат түбір және иррационал өрнек;
• Квадрат теңдеулер
• Квадраттық функция
• Статистика элементтері
• Теңсіздіктер

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.
Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен сабақ мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

2. Қайталау.
Оқушылар мұғаліммен бірге 8-сынып алгебра курсы бойынша шолу жасайды. Оқушылар тізбектей негізгі ұғымдарды, формулаларды келесі бөлімдер бойынша атайды:
• Квадрат түбір және иррационал өрнек;
• Квадрат теңдеулер
• Квадраттық функция
• Статистика элементтері
• Теңсіздіктер
3. Өздік жұмыс.
Оқушыларға нұсқалар бойынша тапсырмаларды орындау ұсынылады. Оқушылар жеке жұмыс жасайды. Мұғалім оқушылар жұымысын бақылайды, сұрақтар қояды, дұрыс шешімге бағыттайды, кеңес береді. Дайын жауаптар арқылы оқушылар жұпта өзара бағалау жүргізеді, мұғалім оқушылардың жауабын критерийлерге сәйкес бағалайды және кері байланыс береді.
Бағалау критерийі:
Оқушы
Құрамында квадрат түбірі бар өрнектердің мәнін табуда арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін дұрыс қолданады;
және функцияларының анықталу облысы мен мәндер облысын біледі;
Иррационал өрнектерге дұрыс түрлендірулер жүргізеді;
Квадраттық функция мен оның графигі арасында сәйкестікті дұрыс орнатады;
Интервалдық кесте және жиілік алқабы түрінде берілген ақпаратты дұрыс талдайды;
Мәтіндік есепке математикалық модельді дұрыс құрады. .....

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Тарихтағы ең бай адам Джон Рокфеллердің өмірден тоқыған ең маңызды 20 сабақ



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle