ZHARAR > KZ > Өлең > Жыл нәзіріндегі жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жыл нәзіріндегі жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

 Жыл нәзіріндегі жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Ас беру парыз екен мұсылманға,
Дауыс айтып мұң шағып сояр малға.
Өлгенге иман, тіріге бақыт бер деп,
Сиынып қол жаятын мұсылманға.
Жылайын асқа сояр осы малға,
Өлгенге иман, тіріге бақ бер, Алла!
Ас беріп,құран оқып,тілеу тілеп,
Жаратқан! Бұдан басқа шаруа бар ма?!
Көлдетіп төктім көз жасымды,
Белгі етіп қойдым тасыңды.
Жазар ма, Алла, сауапқа,
Арнап бір берген асыңды.
Жыл өтті жүрмін қамығып,
Қайғының тонын жамылып.
Алладан кейінгі панам-ай!
Күндерім өтті сағынып.
Өкінем әкем кеткенше,
Жыл айналып жеткенше.
Топырақ басып бетіңді,
Сыртыңнан жусан өскен соң.
Сарғайып таңды атырдым,
Санап күнді батырдым.
Жыл болды әкем сағынып,
Қайғының уын сапырдым,
Жылай-жылай талықтым.
Зар болып әкем көруге,
Жыл болды, міне, зарықтым.
Келді, Әке, жылыңыз!
Жылаумен өтіп күніміз.
Тұғыры құлап бұл күні,
Бұзылып отыр санамыз.
Жан әкем, зар жылаумен өтті жылыңыз,
Сен болып сағынышы жүрегімнің.
Бәйтерегім, қорғаным құлаған соң,
Қайғымен өтіп жатыр әрбір күнім.
Қызарып күн батарсың,
Сарғайып таң атарсың.
Топырақ төсек , шым жастық,
Қайтіп, әкем жатарсың?
Келмеске кеткен бекіне,
Бара ма бейіш шетіне.
Есігін ашса бейіштің,
Салқын тисін бетіңе,
Самал болып өтіне.
Бауырдай ішім мұздады,
Жанымды қайғы кернеді.
Жабырқап тұрмын мұңайып,
Дерт шалған соң көңілді.
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Гость аружан - Сегодня, 17:46
Қазақстан тарихы | (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

маганда барма пжж

Гость Айша - Сегодня, 17:18
Орыс тілі (русский язык) (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Скачать бесплатно, без регистрации и без регистрации и без регистрации и без регистрации и без регистрации и без

Шымырьаева Жанар - Сегодня, 17:11
Қазақ әдебиеті (8 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Әдебиет 8 сынып бжб 1 тоқсан бар ма пжжжжжж

Гость бота - Сегодня, 17:07
Қазақстан тарихы | (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

казакстан тарих тжб керек

айтгүл қаслабай - Сегодня, 16:45
Орыс тілі (русский язык) (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

маған 4сынып орыс тілі соч керек

Гость Диас - Сегодня, 16:29
Жаратылыстану (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Жаратылыст анудан тжб көмек

Айхан Нұржанұлы - Сегодня, 16:22
Орыс тілі (русский язык) (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маған керек болып тұр

Лвлу - Сегодня, 16:11
Геоэкономика (10 сынып, III тоқсан)

Лукл

Шұғыла - Сегодня, 16:11
Орыс тілі (русский язык) (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Скрытая камера

Гость Амина - Сегодня, 16:06
Сочинение: Мой Павлодар, мой город ястребиный!

Класс я из пвл