Атамды мақтан етемін

 Атамды мақтан етемін

Уәли Еркебұлан
8 сынып, №118 орта мектеп
Жетекшісі: Ойнарова М.

Иә, мен өз атамды мақтан етемін. Жеңістің 71 жылдық мерекесі қарсаңында менің атамның құрметіне арналған оқушылар арасында шығармалар жарысы өткізіліп жатыр. Өзім қатарлы өзге балалар атам жайлы өз ойларын жазып жатқанда менің де жазғаным дұрыс болар. Менің атам-Дүйсенбиев Уәли 1924 жылы 1 қаңтарда Қармақшы ауданының Қызылсая колхозында дүниеге келген. Ауылдағы жеті жылдық мектепті бітірген. Жас кезін есіне алғанда, жоқшылықты көп көріп өскендігін айтады.Ұлы Отан соғысы басталған кезде атам небәрі 17 жаста болған екен. Екі жылдан соң , 1943 жылы Қармақшы аудандық әскери комиссариаты арқылы әскерге алынып, 94-атқыштар дивизиясы құрамында Қиыр Шығыста болыпты. Бір отбасынан соғысқа аттанған Жәли, Әли, Уәли атты үш жігіттің екеуі соғыстан оралмаған. Соғыстан аман қайтқаны атам ғана болады. Бауырларын үнемі айтып , көзіне жас алып отырады. Атамның айтуынша, соғысқа аттанарда әжесі кішкене бойтұмарға туған жердің топырағын салып ,мойнына тағып беріпті. Қайда жүрсе де бойынан тастамапты. Алыста жүріп туған жерді, туған елді, туған-туысқанды сағынғанда , киелі туған жердің кішкене топырағы көңіліне демеу болыпты. 1945 жылы жапон самурайларына қарсы соғысқа қатысыпты. Елден соғысқа бірге аттанған жолдасы Ізбасов Жолаушы екеуі бірге жүріп, бірге соғыстан оралыпты.
Соғыстан оралмай қалғандары қаншама...
Ауылымыздың орталығында «Белгісіз солдат» ескерткіші бар. Ескерткіште «Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941-1945 ж бақытты өміріміз үшін жанын қиған Таң совхозының жауынгерлері»-деген жазу тұр. Кішкене ауылдың өзінен осынша адам өз отбасына оралмаған, хабарсыз кеткендері қаншама. Жыл сайын Жеңіс мерекесі қарсаңында атам сол жерге барып, гүл шоқтарын қойып, құран оқиды. Мына суреттегі ескерткіш алдында суретке түскен менің атам ( Жеңістің 60 жылдық мерекесінде түскен .Оң жақтағы) 1947жылы елге оралған кейін 1948 жылы Торта әжеммен отау құрыпты. (Әжем атамды атымен атамай «Шопан»-деп атайды екен). 1947-48 жылдары колхозда қойма меңгерушісі, 1948 жылы ауылдық советте секретарь, 1971-73 жылдары күріш екті. Ауылда сол жерді «Уәли аңызы» деп атап кеткен. 1973 жылдан еңбек зейнетақысына дейін сиыр бағып бақташы болып жұмыс атқарған. 1986 жылы зейнеткерлікке шықты. 18 жыл бойы үзбестен шопан болып еңбек етті. 1988 жылдың маусым айында соғысқа қатысқаны жөнінде куәлігін алыпты. Куәлік номері №373322. Уақыт талабына сай мал шаруашылығы саласында қол жеткен табыстары үшін Қазақстан Компартиясының ХІІ сьезінде делегат болып қатысты. Жалпы еңбек стажы 40 жыл . Күріш және күріш өсіретін өндіріс бригадирі болды. Өзіне бекітілген күріштің әр гектарынан 50-60 ц аралығында өнім алды. 1984 жылы «Таң» кеңшарынан зейнеткерлікке шыққан. Отбасында он бала тәрбиелеп өсірген. Олардың барлығы жан-жақта әр түрлі салада жұмыс атқарады. Мен атамның ең кенже немересімін.
Ес білгеннен бері мен атамның қасында болып, естелік әңгімелерін тыңдағанды ұнатамын. Қазір атам 90 жаста. Құлағы ауыр естіп, көзі нашар көретіндіктен аудандық, облыстық газет- журналдардағы жаңалықтарды үнемі оқып беремін. Атам Ұлы Отан соғысынан оралмағандарды еске алып отырады және жыл сайынғы жеңіс күні мерекесінде Ұлы Отан соғысынан оралмаған ауылдастар ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, құран бағыштайды. Мен де атаммен бірге ауылымыздағы ескерткішке гүл шоқтарын қойып жүрмін. (Жеңістің 65 жылдығы. Сол жақтан үшінші менің атам)) «Жеңістің 25 жылдық», «Жеңістің 35 жылдық», «Жеңістің 40 жылдық», «Жеңістің 50 жылдық», «Жеңістің 60 жылдық», «Жеңістің 65 жылдық » медалдарымен қатар, «СССР-дің қарулы күштеріне 70-жыл», «Кеңес одағының Маршалы Р.К.Жуков атындағы», «В.И Лениннің 100 жылдығы», «Ерен еңбегі», «Еңбек ардагері», «Астанаға 10 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған Еңбек және соғыс ардагері Дүйсенбиев Уәлиге 2015 жылы Ауданның Құрметті азаматы атағы берілді. Уәли ата жар таңдап шаңырақ құруда да бақыт құшағына бөленген адам. Құдандалы жекжат туыс болып, 10 баладан 32 немере, 38 шөбере сүйіп отыр. Атам елдің бақытын, ауызбіршілігін, соғыстың болмауын, сәбилердің ұйқысының бұзылмауын тілейді.
Жеңістің 70 жылдығына орай ауданымыздың Құрметті азаматы атағы берілді.
Өз ойымды мына өлең шумағыммен аяқтаймын.
Ауылымызда тойланбақ Жеңістің 70 жылдық мерекесі,
Ұлы Отан соғысының ардагері, ауылдағы бір ғана куәгері.
Дүйсенбиев Уәли атамды барлығыңа мақтан етем,
«Ауданымыздың Құрметті Азаматы » атағын иеленді .


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді