Шығарма: Сіздерге алғысымз шексіз, ардагерлер!

Шығарма: Сіздерге алғысымз шексіз, ардагерлер!


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Пайдалы Kеңестер

Аханова Шырайлым
Жезқазған гуманитарлық колледжі
Жезқазған қаласы, Қарағанды облысы
Жетекші: Есенгабулова Гулнар Омарбековна

Ешкім де,ешнәрсе де ұмытпақ емес! Соғыс-күйретуші күш! Соғыс атты суық сөздің сызды ызғары жұректерге жүк түсірген ауыр оқиға. Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін, жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Қарғыс атқыр соғыстың кесірінен мезгілсіз кеткен жақын жандарға деген талмаусыраған аянышты сезім бар көңілде. Әрқайсысының сүре алмай кеткен өмірлері, көре алмай кеткен қызықтары, армандары бәрі де алыстап кеткен. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе кинода бізге атабабаларымыздың ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді.Иә,содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ.Ұлы Отан соғысы жайында,халқымыздың жауды жеңген ерлігі туралы әлі де талай-талай ұрпақтар аңыз етіп айтатын болар.Бұл қасіретті сұм соғысты ұмыту мүлдем мүмкін емес.Бірақ сол қасіретті күндердегі болған жайғдайлардың барлығы да қаз-қалпында, жүректегі соғыс салған жараның орны сияқты үңірейіп әлі тұр. Ұлы Отан соғысының жеңісіне бүгінде жетпіс бір жыл толуда.Иә,адам баласының тарихына белес болып енген тарихи жеңіс оңайға түскен жоқ.Расында да мұның бәрін ұмыту мүмкін емес.
Тіптен,сол Ұлы Отан жеңісіндегі совет халқының каһармандығының айқынды беттері, жауды жеңудегі ерлігінің маңызы қанша уақыт өткен сайын жойылмақ емес. Қариялар азайып бара жатқанымен, әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман оралғын ақсақалды аталарымызбен,ақ жаулықты апаларымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен,ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағып, жеңістің таңбасын басқан күн-Жеңіс күні.Негізінен күллі жұртшылық тойлап жатқан осынау жеңіс мерекесі күні сол қан майданға қатысып, талай рет өмір мен өлім арасындағы арпалыстан аман өткен ардагер ағаларымыздың көңіл-кұйін түсіну,соғыс көрмеген ұрпақ үшін аса оңай соға қоймайды.”Ер есімін ел сақтар”деп дана халқымыз айтқандай, жеңіс мерей тойында, қанды майданда шыбын жаны, қасық қаны тамғанша, жау ортасына аттай салып кірген, Отан үшін отқа түсіп, кеудесін оққа тіреген майдангер ағаларымыздың ерлігі естен кетпес жайт болып қалады. Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік ,ол күш әрине “бірлік”.Қаншама халық бір тудың астына бірігіп,күштерін бір арнаға салды.Ұлы Жеңіс- он бес одақтас мемлекеттердің ортақ мерей тойы.
Сонымен қатар, қанды майданның қармағына ілініп, ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына табыну келешек ұрпақтың бір борышы.Ал майданнан аман келген майдангерлерге құрмет көрсету жас ұрпаққа өнеге, таусылмас қазына, мәңгі өшпес ұлағат ретінде қалмақ.Негізінен жыл сайын тойланатын жеңіс күнін ардагерлер сағына күтеді.Өйткені, аласапыран күндерінің қиыншылығын бірге көрген, бір тілім қара нанды да теңдей бөліскен жауынгер достарымен жылына бір рет жүздескенге не жетсін.Міне, неліктен қазақ халқы Ұлы Отан соғысы жылдары атақ даңқын жоғары көтерді, өзінің қаһарман, батыр, адал халық екенін Отанға әлемге паш етті.Сондықтан да, әрқашан осы ерліктерді ұмытпауғаа опат болған жауынгерлердің рухына табынып,”ешкім де ешкашанда, еш уақытта да ұмытылмайды” деген ұранмен ардақтау бізге парыз. Қазақ елі-басына күн туғанда,теріп айтсақ сөз келмитін жауынгер халық.Найзағайдай жарқылдаған отты ойы бар қаһарлы, өз мүддесін, ұрпақ мүддесін ойлаған, қара қылды қақ жаратын әділдіктен жаралған ойы тұңғиық, қимылы қылыш ата-бабамыздың есімі, ерлігі жадымызда мәңгі қалып, өнегесі болашаққа күш қайрат,рух береді.
Бізге жарқын болашақ,бақытты ғұмыр силаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды.Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ.Осындай кең далада тату-тәтті өмір кешуге мүмкіндік берген ата-бабаларға мың алғыс.Ұлы Жеңіс құтты болсын!

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Бас ауруы,себептері мен емі



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle