Ешкі сүтінің пайдасы


Жем қалалық №5 орта мектебі

Тақырыбы: Ешкі сүтінің пайдасы

Бағыты: Дүниетану

Жоба авторы:Садыев Нұрсұлтан Мақсатұлы

2 «А» сынып оқушысы

Жетекшісі:Селбаева Жадра Мамыртайқызы

Қандыағаш

2014 жыл

Жем қалалық №5 орта мектебінің б» сынып оқушысы Садыев

Нұрсұлтанның «Ешкі сүтінің пайдасы» тақырыбындағы

ғылыми жобасына аннотация

Тақырыптың өзектілігі:қазіргі таңда ұмыт болып бара жатқан халық емдері туралы ізденіп талдау жасау. «Ешкі сүті тоқсан тоғыз аурудың емі» айқын мысалдармен дәлелдеп, көз жеткізу.

Зерттеу болжамы:Егер ешкінің сүті күнделікті өмірде,медицинада қолданылса өскелең ұрпақтың денсаулығы әлдеқайда зор болмақ.

Зерттеу заты: Ешкінің сүтінің пайдасы туралы терең білу.

Зерттеу әдістері:іздену,салыстыру,талдау,жинақтау,әңгімелесу т.б.

Жобаның мақсаты:Қазақ халқының көнеден келе жатқан қазақ медицинасының түрлері,аурудан сақтану шараларының мазмұны жайлы мағлұмат беру. Қазіргі таңда жастарға мал шаруашылығының жетістіктерін, ата –бабамыз ешкі өсірумен ертеден –ақ айналысқанын, сүтінің адам ағзасына пайдасын түсіндіру.Тәуелсіз елімізде ата-бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп жоғалтпай қайта жаңартатын ендігі болашақ- ұрпақ, біздің қолымызда.

Жоба міндеттері:

- Қазақ медицинасының шығу тарихына зер салу.

- Ешкі малының өзіне тән ерекшеліктерімен таныстыру.

- Ешкі сүтінің адам өміріндегі маңызы мен пайдасы.

- Сыныптас достарыма ешкі сүтінің пайдасы туралы айту,зерттеу жұмысыммен таныстыру.

Зерттеу қорытындысы:Бұл ғылыми жұмыста менің білгенім:халық медицинасының адам өмірінде маңызы зор екендігінде және де сенген адамға дәстүрлі медицинадан әлдеқайда басымдылығында,пайдалылығында. «Ауырып жол іздегенше,ауырмайтын жол ізде» деген дана сөз осы тақырыпқа негізделгендей. Сонымен бірге,ешкі сүті пайдасымен қоса қаражат көзі болып табылады.

Өз ұсыныстарымыз:Жем қаласында мал шаруашылығы,соның ішінде ешкі малының санын көбейтіп,одан алынған өнімдерді өңдейтін орындар ашылып,дүкен сөрелеріне зиянды қоспасыз пайдалы өнімдер қойылса екен.

Ешкі сүтінің пайдасы

Жоспар

1. Кіріспе. Сүтте сансыз сыр бар.............................................................. 3

2. Негізгі бөлім...........................................................................................

3. Төрт түліктің бірі-ешкі.......................................................................... 5

2.1 Ешкі сүтінің құрамы............................................................................ 6

2.2 Ешкі сүті халықтық медицинада......................................................... 8

2.3 Ешкі сүті жайлы әлем не дейді?.......................................................... 11

2.4 Ешкі сүті жайлы ғалымдардың пікірі.................................................. 12

2.5 Құрт-адам денсаулығына қажетті құндылық..................................... 14

2.6 Ешкі майы .............................................................................................. 14

2.7 Ешкі сүті отадан сақтап қалған............................................................. 16

4. Әлем қызықтары....................................................................................... 17

5. Қорытынды бөлім..................................................................................... 18

6. Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................... 19

Кіріспе

Қазақ халқы көшпенді өмір сүре жүріп, дала мен тау–тастағы жануарлардың жеке жарақатынан және сырқатынан жазылуда қандай табиғаттық емдер алатынын байқады, көрді, білді және өздеріне тексеру жасады да нәтижесіне өз бағаларын берді. Өздері мен болашақ ұрпақтарының денінің саулығы болу үшін, ұлттық халық медицинасының бай тәжірибесі жинақталды. Қазақ медицинасы дəстүрлі медицинасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақ медицинасының тарихы ұзақ, аурудан сақтану шараларының мазмұны өте мол.

Ата-бабаларымыз табиғаттың табиғи емінің әдіс – тәсілдерін меңгерген нағыз ұстасы және нағыз білгірі болды. Қазақтың халық медицинасының ХV ғасырда-ақ, 500 жылдың алдында іліми-ғылыми негізі қаланғанын қазақтың атақты шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты медициналық энциклопедиялық еңбегі айқындап берді. Шипагерлік баян» кітабында да 728 түрлі дəрілік шөп, 318 түрлі дəрілік жануар, 52 түрлі минералды дəрі, 8 түрлі бағалы дəрі материалы жəне 4577 рецепт жазып қалдырған. Қазақ шипагерлігінің әлемдік деңгейін анықтауға жол ашты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2030» бағдарламасында еліміздегі азаматтардың денсаулығын сақтау проблемасы, осы бағдарламаның жеті басты бағытының біріне айналғаны мәлім. Бұл Қазақстан Республикасында қабылданған «Мәдени мұраны» дамыту бағдар-ламасының шараларымен сәйкес келеді. Халықтық шипагерлік дәстүрі ұлттық мәдениеттанудың бір саласына жатады деуге толық негіз бар

Ықылым замандардан келе жатқан ғалымдар мен ойшылдар сүтті «денсаулықтың қайнар көзі», «өмір шырыны», «ақ қан» деп аса жоғары бағалаған. Сүт азықтық құнары жағынан кез келген тағамды алмастыра алады, ал өзге бір тағам сүттің орнын баса алмақ емес.

Аңыздарға жүгінсек, Ежелгі гректердің Абдерах қаласында тұратын атақты дәрігер бір бақуатты адамның баласын емдегенде ешбір емдік шөптің де, дәрі-дәрмектің де пайдасы тимеген. Сонда біз білетін аңыз адам Гиппократ науқасқа бір апта бойы күндіз және кешке есек сүтін, ал бір аптадан кейін сиыр сүтін іш деп кеңес береді. Нәтижесінде, әлгі науқас ауруынан біртіндеп айыға бастаған екен.

Гиппократ өз еңбектерінде сүтпен емдеудің жолдарын, сүттің шипалы болған кездерін тізіп көрсеткен. Сондай-ақ, әр түрлі мал сүтінің емдік қасиеттерінің бірдей болмайтындығын анықтаған. Оның пікірінше, ешкі мен бие сүті

3

көкірек ауруын жазса, сиыр сүті құяң мен қан аздыққа шипа болады. Гиппократ жүйкесі тозып, ашуланшақ болған адамдардың да сүт ішкені өте дұрыс екендігін атап өтеді.

Әбу-Әли ибн Синаның «Дәрігерлік ғылым қағидасында» да сүттің емдік қасиеті жөнінде сөз болған. Ол сүт пен сүт өнімдерінің кәрі-жасқа бірдей пайдалылығын айта келіп, жасы ұлғайған адамдар үшін таптырмайтын ас деп түйген. Ғалым әсіресе, ешкі мен есек сүті өте пайдалы екендігін баса айтып, олардың сүтіне тұз бен бал қосып ішкен дұрыс деп шешкен.

Италияда біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырда емдік қасиеті мол сүт алу үшін сиырға ақбас жусан, бидайық, ешкітап, куманиха сынды әртүрлі шөптерді араластырып берген. Ол кезде сиыр өріске шығатын жайылымның ботаникалық құрылымын жақсартқан адамдарды арнайы медальдармен марапаттап отыратын болған деседі.

Белгілі ғалым С.П.Боткин өзі жүргізген тәжірибелерге сүйене келе, «сүт жүрек пен бүйректі емдеуге аса бағалы зат» деген тұжырымға тоқтаған.

Егер жараны, күйікті, ит қапқан не ара шаққан жерді бөкеннің сүтін жағып емдесе, жара жайшылықтағыдан әлдеқайда тез жазылады. Сондай-ақ, бөкен сүті асқазан және он екі елі ішек жарасын, созылмалы, гастрит ауруын және өкпе дертін тез жояды.

ХХ ғасырдың басында ұлы орыс микробиологы И.И.Мечников айран ішкен кезде ішектердегі шіріткіш микробтардың ығыстырылып шығатындығын анықтаған. Оның үстіне сүт қышқылы асқазан сөлінің бөлінуіне көмектеседі, тәбетті ашып, астың қорытылуына жәрдем болады.

Ұзақ жылдар бойы ірімшік, сыр, сүт қанты, қаймақ және басқа да сүт тағамдары адамның бойында кездесетін түрлі сырқаттардың алдын алып, емдеп жазу үшін қолданылып келеді. Сүт пен сүт өнімдерінің семіздікті, бауыр, ұйқы безін және жүрек дертін емдеудегі маңызы өте ерекше.

С.Хигуши (Жапония) бірқатар дәрі-дәрмекті қоса қолданып, соның ішінде йогурт (айранның бір түрі) ішкізіп емдегенде, атом сәулесінен зақымданған 7 адамның үш айдың ішінде құлан-таза айығып кеткендігін жариялайды. С.Хигуши сүтте бар цистин мен глутатион атомның сәуле шығаруынан болатын зардаптардан ағзаны қорғайды деп тапқан.

Қазіргі кезде үнемі ұшырайтын аурулардан сақтануда көп көмегі тиюде.

Мысалы, өзге ұлттардың медицинасы сияқты қазақ медицинасында көптеген

4

зерттеуді қажет ететін тақырыптар жетерлік. Сол мақсатта мен осы

тақырыпты таңдадым.

Ешкі түрлері

Ешкі қуысмүйізділер тұқымдасына жататын, күйіс қайыратын жұптұяқты мал. Ешкі 11-12 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Ешкі тоғыз – он жыл тіршілік етеді. Ешкінің мүйізі қырлы, дене бітімі жеңіл, құйрығы қысқа келеді. .

Ешкі

Қазақ ешкіні жасына қарай:

  • үлкен теке
  • серке
  • дөнен серке
  • құнан серке
  • ту ешкі
  • үлкен ешкі
  • сақа ешкі
  • туша шыбыш
  • шыбышша
  • шыбыжық
  • марқа лақ - деп атайды.

Ешкінің қасиеті

Ешкі- өте өсімтал мал. Ешкінің мүйізі қырлы, дене бітімі жеңіл, құйрығы қысқа келеді. Оның түбіті, жүні, терісі, еті мен сүті пайдаланылады. Ешкі бір – екі, кейде бесеуден лақтайды. Жақсылап күтсе жылына екі рет төлдейді. Ешкілерді көктемде, жылы аудандарда екінші рет тамыз – қыркүйек айларында қырқады. Текесінен 4 – , ешкісінен 3 – қыл алынады. Түбітті ешкіден 0,2 – , кейде түбіт алынады. Ешкі терісінен сафиян, шевро сияқты бағалы былғары жасалады.

Ешкі күтімі

Ешкі шаруашылығы - мал шаруашылығының бір саласы. Малды қыста қорада, қалған уақытта жайылым жерлерде бағады. Оларды азықтық дақылдармен қоректендіреді, мезгілімен дәрігерлік көмек көрсетіледі.

5

Ешкі малы - текесі 60 – 65 кг-ға дейін, ешкісі 40 – 60 килограға дейін

тартады. Жемденген ешкіден 20 – ет, 4 – май, жеті – он айлық

лақтан ет, май алынады.Ешкі тұқымын асылдандыру, күтімі мен азықтандыруын дұрыс ұйымдастыру арқылы оның өнімділігін арттырады 

Ешкі өнімі

Ешкіні ет, сүт, түбіт, жүн, тері өндіру үшін өсіреді.

 Ешкі еті әсіресе лақ, серке еті дәмді, сіңімді келеді. Сүті емшектегі балаға жұғымды, одан қаймақ, май, ірімшік, құрт, айран, т.б. тағамдар дайындалады.Ешкінің сүті ентікпеге ем.Өкпе ауруына, қан аздық, рахит, буын, тері ауруына шалдыққандарды әу бастан-ақ ешкі сүтімен емдеген. Түбіті мен жүнінен жеңіл, әрі берік орамал, қолғап, басқа да киімдер тоқылады.

Төрткүл дүниеде 1 млрд шамасында ешкі малы бар екен. Оның саны жөнінен Қытай көш бастап тұр. Онда 180 млн басқа жуық Сексек ата тұқымы бағылатын көрінеді. Одан кейінгі орындардағы Үндістанда – 130, Пәкістанда – 50, Бангладеште – 40, Иран мен Нигерияда – 30, Судан, Эфиопия, Индонезия мен Сомалиде 20 млн шамасында малдың осы тұқымы кездеседі. Бізде ше? Олардың саны бар-жоғы 2 млн бастан аспайды.

Ешкі сүтінің құрамы

Ешкі сүті — жоғары азықтық және биологиялық құндылығы бар ерекше тағам өніміне жатады. Өзінің физикалық-химиялық қасиеттері мен дәміне сай ешкі сүтінің сиыр немесе басқа да ауыл- шаруашылық жануарларының сүтімен салыстырғанда тиімді айырмашылықтары мол.

Ешкі сүті де сиыр сүтіндей казеиндік топқа жатады. Бірақ ешкі сүтінде сиыр сүтіндегі аллергиялық серпіндердің көзі саналатын — альфа-ls-казеин жоқ. Сондықтан ол сиыр сүтіне аллергиясы бар адамдар үшін ұсынылады. Құрамында бета-казеин мол болуына байланысты, ешкі сүті әйелдердің емшек сүтіне жақын. Ешкі сүті нәруыздарының көпшілігінің құрамында альбуминнің мол көлемі болуына байланысты, құрамдас бөліктерге ыдырайды, яғни қорытылмаған күйінде сіңбей, ұсақ үлпектер түрінде ұюға ұшырайды. Сондықтан ол ағзаға жеңіл сіңіп, ас қорыту жүйесінің бұзылуына жол бермейді. Құрамында лактозаның төмен мөлшері (сиыр сүтінен 13% кем, әйелдердің ем­шек сүтінен — 41% кем) болуы — бұл өнімді лактоза

жеткіліксіздігі бар адамдар үшін қолдануға мүмкін етеді. Ешкі сүтіндегі май

6

ағзаға жақсы сіңіріледі және 4,0-4,4% майлылықта ешкі сүті 100 пайыз сіңеді. Ешкі сүтінде адам ағзасының тіндерінде холестерин жиналуына қарсы тұратын ерекше метаболикалық қасиеті бар және ағзаның қорғаныс қызметін

арттыратын қанықпаған майлы қышқылдардың 67 пайызы бар.

Жоғарыда келтірілген артықшылықтарынан басқа ешкі сүтінде көп кальций (143.0 мг), магний (14.0 мг), фосфор (89.0 мг), марганец (17.0 мкг), мыс (20.0 мкг), А (0.1 мг), В (0.04 мг), С (2.0 мг) және Д (0.06 мг) дәрумендері, аскор­бин қышқылы бар. В12 дәруменінің құрамына кіретін және қан өндірімі үрдістеріне жауап беретін кобальттың мөлшері сиыр сүтімен салыстырғанда ешкі сүтінде 6 есе көп. Сүттің құрамында кальцийдің мөлшерінің мол болуы — жүрек-қантамыр жүйесіне оңтайлы әсер етеді.

Бірақ ешкі сүті сиыр сүтіндей темірге бай емес. Темір қандағы гемоглобиннің түзілісіне ғана емес, төтемелік жүйенің қалыпты жұмысы мен мінез-құлық сипатының сәйкестігін қамтамасыз ету үшін де қажет. Дегенмен ешкі сүтіндегі темір сиыр сүтіндегіден гөрі жақсы сіңеді. Бірақ әйелдердің емшек сүтінің сіңу дәрежесіне жете бермейді. Осылайша, ешкі сүті минералдық заттектерге, дәрумендер мен микроэлементтерге сиыр сүтінен гөрі байырақ, ешкі сүтінің нәруыздары асқазанда тығыздалмауына байланысты сіңімдірек келеді. Ешкі сүтінің майы адам ағзасында 100 пайыз дерлік сіңіріледі, құрамында лактоза аз болуына сай, лактоза жеткіліксіздігі бар адамдарға ұсынылады. Құрамында аллергия тудырушы альфа-ls-казеин болмауына байланысты азықтық аллергиясы бар адамдарға қолдануға болады.

Ешкі сүтінің химиялық құрамы басқа да жануарлардың сүтіндей тұрақты емес және көптеген ықпалдарға: жануардың тұқымына, жасы мен саулығына, лактация кезеңіне, қоректену мен күтім жағдайларына байланысты.

Ешкі туберкулезбен, бруцеллезбен, сиыр ауыратын басқа да аурулармен ауырмайды. Ешкі сүтінің сапасы сиыр сүтінен гөрі анағұрлым жоғары, біртекті, құрамында нәруызсыз азот жоқ. Оның нәруыздары аса сапалы, басқа азықтарға қарағанда тиаминге бай. Ал тиамин — «В» тобы дәрумендері арасындағы маңызды дәрумен, өмірдің әр кезеңінде пластикалық және энергиялық алмасуға қатысады.

Негізгі азықтық құрамбөліктерінің — нәруыздар, майлар мен көміртектердің мөлшері ешкі мен сиыр сүтінде ұқсас келеді. Бірақ әйелдердің емшек сүтінен салмақты айырмашылығы бар: жануарлардың сүтінде нәруыздар едәуір көп, бірақ майлар мен көміртектер аз болады.

Осы айырмашылық адам ағзасында ешкі мен сиыр сүтінің түрлі әсер етуін түсіндіреді. Ешкі сүтінің қорытылуы кезінде пайда болатын қою ұйынды сиыр сүтінікіне қарағанда тығыз емес. Ас қорыту ферменттері үшін өңдеуге оңай келеді. Емшектегі сәбиге ешкі сүтінің ұйындысы ана сүтінің қорытылуындай әсер береді.

Ешкі сүтінің майлық құрамбөліктерінің сипаты да сиыр сүтіне қарағанда оңтайлы. Мысалы, ешкі сүтінің май домалақтарының көлемі кішірек келеді.

7

Бұл майлардың жақсы сіңірілуі үшін ешкі сүтінде ортатізбектік үш глицеридтердің болуы ықпал етеді. Олар — лимфалық қылтамырларды айналып өтіп, бірден веналық жүйеге енетін, ішекте өтсіз сіңетін ерекше қабілеті бар майлар. Ешкі мен сиыр сүті минералдық тұздардың,

микроэлементтер мен дәрумендердің үйлесімі жағынан әйелдердің емшек сүтіне жете бермейді. Бірақ ғалымдардың дәйектері бойынша, ешкі сүтінің құрамында темір аз болуына қарамастан, ол баланың ішегінде сиыр сүтіндегі темірге қарағанда тиімдірек сіңеді. Ал ешкі сүтіндегі В12 дәруменінің жеткіліксіздігі бұл сүтпен қоректендендірілген сәбиде мегалобласты анемия туындауының себебі болуы мүмкін. Бұл дімкәстің себебі — азықта В12 дәрумені мен фолий қышқылының тапшылығы болуынан, соңғысының мөлшері ешкі сүтінде де аз болады.

Ешкі сүті халықтық медицинада

Ешкі сүтінің қасиеті Ешкі сүті адам ағзасына пайдалы екендігі өте ерте замандардан бері анықталған. Бірақ мұның пайдасы бар екендігін біле тұра, өкінішке орай дұрыс бағалай алмайтынымыз белгілі. Біз осы мақаламызда ғылымда және халықтық медицинада дәлелденген ешкі сүтінің ерекше қасиеттеріне тоқталмақшымыз. Ешкі сүті А, С, В, Д, Е дәрумендері мен басқа да микро және макро элементтер қорының қайнар көзі болғандықтан адам ағзасына өте пайдалы өнім. Бұл жануардың сүті адам ағзасына пайдалы болып қана қоймай, белгілі бір аурумен ауыратын науқастар үшін ең тиімді табиғи дәрі болып табылады. Аталмыш қышқылдар несеп айдау жолдарына таптырмас ем екен. Ешкі сүті адам ағзасында тез қорытылады. Тіпті ол жас балаларға арнайы тағам есебінде пайдаланылады.

Аллергияда

Аллергияға бейім адамдарға сүт өнімдері жақпайтындығы бәрімізге белгілі. Мұндай науқастар әсіресе, сиыр сүтін пайдалана алмайды. Себебі, сиыр сүті аллергияның қоздырушысы. Бірақ сүт сіздің ағзаңызға қажет. Ойлап, қамығудың қажеті жоқ. Оны 100 пайызға алмастыра алатын өнім - ешкі сүті. Мұны түсіндіру оңай: ешкі сүті біріншіден, аллергияны қоздырмайды, сонымен қатар, аллергияға бейім адамдардың ауруын түбімен жоятын қасиетке ие.

8

Ағзаны қалпына келтіруде

Ешкі сүтіндегі май түйіршіктері сиыр сүтіне қарағанда өте төмен. Сондықтанда адам ағзасына түскен ешкі сүті тез қорытылып, сіңетіндіктен, түрлі факторлардың салдарынан әлсіреген ағзаға өте пайдалы. Сонымен қоса ешкі сүтінің құрамында калийдің мөлшері өте көп. Сүт құрамындағы бұл

элемент әлсіреген ағзадағы жүрек-қан тамыр жүйесі жұмысына өте қажет.

Сүйекке пайдасы

Ешкі сүтінің құрамында сүйек тіндерін қатайтатын кальций және Д тобындағы дәрумендер қоры жеткілікті. Сондықтанда дәрігерлер балаға бір жастанбастап рахит ауруының алдын алу және оны емдеу үшін ешкі сүтін беруді ұсынады. Соңдай-ақ, дәрігерлер мен ғалымдардың дәлелдеуінше, бұл киелі жануардың сүтін сүйегі сынғаң адамдар күніне 1 стақаннан ішіп тұрса, сүйегі бітіп, қалпына келу процесі 2 есе жылдам болады.

Ішек дисбактериозында

Ішек микрофлорасының баланс бұзылысында ешкі сүтінен жасалған өнімдер ішек жұмысын қайта қалпына келтіруге көмектеседі. Сондықтанда бұл дерттен тезірек айығу үшін міндетгі түрде ешкі сүтін ішіп, одан жасалған өнімдерді тамақ рационына еңгізіңіз. Ал сүт өнімімен емделу тәсілі мынадай: әр . салмаққа 100 гр. сүт өнімін пайдалану қажет. Емделу курсы келесі көрсеткендей: 3 күн ешкі сүтін және одан жасалған өнімдерді пайдалану, содан кейін 2 күн үзіліс жасайды. Енді 5 күн үзбей пайдаланып, 1 күн үзіліс жасау. Содан соң 1 апта пайдалану керек. Ем соңында міндетті түрде дисбактериозға анализ тапсырып, емнің нәтижесіңе көз жеткізгеніңіз дұрыс.

Асқазан және ішек ауруларында

Асқазан және ішек аурударының кез келген түріне ешкі сүті шипалы. Оның құрамындағы лизоцин асқазан және ішектегі шырышты қабық жараларын емдейді. Сонымен қатар, асқазан сөліндегі қышқылды бейтараптандыратын ерекше қасиетке де ие. Егер асқазан жарасы зардабын тартып жүрсеңіз, онда сізге ешкі сүтімен жүргізілетін мынадай ем көмектеседі. Күн сайын таңертең аш қарынға ешкінің 1 стақан шикі сүтін ішіңіз. Содан кейін кешке дейін ұрттап 2 стақан сүтті тауысу қажет. Емдік курс 21 күн жүргізіледі.

Ешкі сүті диатез дертінде

Қазіргі кезде көптеген балалар мен олардың ата-аналары диатез және терінің қабынуы сияқты дерттерге тап болып жатады. Мұндай ауруға шалдыққан бала қиналатындығы мен оның емделуі ұзақ уақыт алатынын ата-аналар біледі. Албұл дерттен ешкі сүтін ішіп біржола арылуға болады. Дәрігер-педиатрлардың аңықтауынша, ешкі сүтін жиі ішетін балалар диатез дертіне шалдықпайды екен. Сондықтан да балаға үзбей ешкі сүтін беріп, түрлі дерттің алдын алған дұрыс.

9

Ұйқы безінің қабынуына

Ешкі сүтінің ұйқы безінің қабынуында (панкреатит) да пайдалы екендігі дәлелденген. Бұл дертке шалдыққан науқас күніне 0,5 стақан шикі сүтті тамақтың алдында 2 ай бойы ішуі қажет.

Қант диабеті дертіне ешкі сүтінің пайдасы

Халықтық медицинада қант диабетімен ауыратын науқастарға ешкі сүтімен жүргізілетін емдік тәсілдер өте көп. Соның бірі күніге әр 2 сағат сайын ешкі сүтін үзбей ішуге кеңес береді. Бірақ мұндай ем жүргізген кезде дәрі-дәрмек ішпеу қажет.

Қатерлі ісік дертіне пайдасы

Ешкі сүтінің қатерлі ісік ауруының алдын алып, оның жеңіл түрлерінен айықтыратын қасиетке де ие. Сондай-ақ, иммунды жүйені қатайтады. Халықтық медицина мынадай емдік тәсілдер ұсынады:

Дайындауға қажеттілер:

* 100 гр.бал

*1дана алоэ жапырағы

* 500 гр. ешкінің шикі сүті

Дайындау тәсілі:

Шыны ыдысқа балды салып, су бұлауында қайнатып ерітеміз. Содан соң еттартқыштан өткізілген 3 жылдықалоэні салып 5 минут қайнатамыз. Енді дайын болғаң қоспаны ешкі сүтіне қосып араластырып, тоңазытқышқа саламыз. 6 сағаттан соң 1сағат сайын әр . дене салмағына 50гр-нан өлшеп науқасқа беру керек. Бірақ бұл емді жасамас бұрын дәрігермен алдын ала кеңесіп алған дұрыс.

Ешкі сүті жүкті аналарга

Ешкі сүті құрамындағы дәрумендер, микро және макроәлементтері ана ағзасы мен жатырдағы бала үшін өте пайдалы азық болып табылады. Ал сүт құрамындағы кальций баланың сүйегін дұрыс қалыптастыруға септігін тигізсе, болашақ ана тістерінің түсуін және тырнақтарының сынуын болдырмайды.

Емізулі анаға

Емізулі ана күнделікті ешкі сүтін пайдаланса өзінің ағзасымен қоса баланың ағзасын дәрумендер қорына байытып, жаңадан қалыптасып, дамып жатқан сүйектерін қатайтады. Сондай-ақ, ешкі сүтін үзбей ішетін емізулі ана қаназдық дерті мен дәруменнің жеткіліксіздігінен сақтандырылады.

Артық салмақтан арылғысы келетіндерге

Ешкі сүті майлы болғанымен ол ағзаға май жинамайды. Ал құрамы

10

дәрумендерге өте бай бұл сусын, емдәм ұстап жүрген адам ағзасын түрлі

дәрумендермен қоректендіреді.

Ешкі сүті косметологияда

Косметологияда да өз орнын тапқан ешкі сүті терідегі түрлі бөртпелер мен

дақтарды кетіруте табиғи тазартқыш құрал болып табылады. Сонымен қоса теріні ағартып, шаштың түсуін тоқтатады. Ол үшін әр шашты жуған кезде, ешкі сүтімен шайып тұру қажет.

ЕШКІ СҮТІ ЖАЙЛЫ ӘЛЕМ НЕ ДЕЙДІ?

Швейцарияның таулы шипажайларында туберкулез, анемия мен рахит ауруына шалдыққандарды әу бастан-ақ ешкі сүтімен емдеген.

АҚШ мамандарының пікірінше, ешкі сүті сиыр сүтіне қарағанда адамның физиологиялық қажеттіліктерін оңтайлы қанағаттандырады. Олардың деректеріне сай, сиыр сүтіне аллергиясы бар адамдардың көпшілігі ешкі сүтін жеңіл көтереді. Бұл пікірді итальяндық медицина қызметкерлері жоққа шығаруда. Олардың зерттеулері керісінше нәтиже берген: сиыр сүтін көтере алмайтын балалар ешкі сүтін де бірдей әсермен қабылдаған. Канадалық дәрігерлердің айтуынша, ешкі сүті тері мен буын ауруына шалдыққан адамдардың денсаулығына жақсы әсер етеді, әрі өт-тас ауруларын емдеуде, фибромиома мен балалар эпилепсиясын емдеуде аса пайдалы.

Авиценна жерлестеріне кәрі жасқа жеткенде ешкі сүтін ұдайы пайдалануды ұсынған. Ежелгі аңызға сенсек, найзағаймен алысқан Зевстің өзі Амалтея – тәңірлік керемет ешкісінің сүтін мүйізінен ішкен. Әл-Фараби ешкі сүті туралы: «ең тұрақты» - деп жазған. Емдік қасиеттерін күшейту үшін оны түрлі қоспалармен: көз бұршағының бұлыңғыр тартуына қарсы – күнжітпен, іш өтуге қарсы – теңіз тастарымен, арпа жармасымен қайнатқан.

Швейцарияның таулық шипажайларында туберкулез, анемия мен рахит ауруына шалдыққандарды әу бастан-ақ ешкі сүтімен емдеген.

Халық аузындағы аңыздар ешкі сүтінің керемет сиқырлық қасиетін, ауыр науқастардан кейін ағзаға күш беріп, айықтыратын ерекшелігін жыр етеді. Халық медицинасы ешкі сүтіне әлсірегендер мен азықтық аллергиясы бар балаларға қолданатын өнім ретінде ерекше маңыз береді.

XIX ғасырдың аяғынан бастап ешкі сүті үшін өрлеу кезеңі басталды. Осы кезде медицина мамандары ол жайлы әйелдердің емшек сүтін алмастыруға басқалардан қолайлы екендігін айтты.

Жалпы, педиатрлар ешкі сүтіне бірауыздан ықылас білдіруде. Балаларды

қоректендіруде сиыр сүтіне қарағанда, ешкі сүті жарамды келеді. Әрине, бала

11

үшін ана сүтіне жететін тағам жоқ. Бірақ жасанды немесе аралас қоректендіруде ешкі сүті ана сүтін алмастыру үшін лайықты және 6 айдан асқан балалар үшін қосымша қорек ретінде пайдалануға болады.

Демек, ауырмаймыз десек, ешкі сүтін тамақ рационымызға міндетті түрде

енгізіп қоюымыз қажет.

Ешкі сүті жайлы ғалымдардың пікірі.

Қазақ қадіріне жетпей отырған ешкі шаруашылығын Голландия мен Франция елдері шыр айналдырып отыр. Ал біздің облысымызда ол қалай игеріліп отыр?

Қолда бардың қадірі жоқ Ешкі сүтінің ерекше қасиеттері жөнінде зерттеген ғалым, медицина ғылымдарының докторы, диетолог Роза Шакиеваның сөзіне сүйенсек, бұл өнім әсіресе балалар үшін өте пайдалы екен. – Ешкі сүті жоғары азықтық және биологиялық құндылығы бар ерекше тағам өніміне жатады, – дейді ол, – Физикалық-химиялық қасиеттері мен дәміне сай ешкі сүтінің сиыр немесе басқа да жануарлардың сүтімен салыстырғанда тиімді айырмашылықтары мол.

АҚШ мамандарының пікірінше, ешкі сүті сиыр сүтіне қарағанда адамның физиологиялық қажеттіліктерін оңтайлы қанағаттандырады. Олардың деректеріне сай, сиыр сүтіне аллергиясы бар адамдардың көпшілігі ешкі сүтін жеңіл көтереді.

Канадалық дәрігерлердің айтуынша, ешкі сүті тері мен буын ауруына шалдыққан адамдардың денсаулығына жақсы әсер етеді, әрі өт-тас ауруларын, фибромиома мен балалар эпилепсиясын емдеуде аса пайдалы. Жалпы педиатрлар балаларды қоректендіруде сиыр сүтіне қарағанда ешкі сүті жарамды екенін айтады. Әрине, бала үшін ана сүтіне жететін тағам жоқ, бірақ жасанды немесе аралас қоректендіруде ешкі сүті ана сүтін алмастыру үшін лайықты және 6 айдан асқан балалар үшін қосымша қорек ретінде қолданылады. Ресей нарығында ешкі сүті негізінде жасалған, ана сүтін алмастыратын, бейімделген қоспалар пайда болды. Сондықтан, ата-аналардың өздерінің сәбилерін ешкі сүтімен қоректендірудің жоғарыда айтылған ерекшеліктерін байқап көруіне мүмкіндіктері бар. Бұл сүт сәбилерді іш өтуден сақтайды, аллергологтар оны сиыр сүтінен жасалған өнімдерді көтере алмайтын балаларға да ұсынады. Ешкі сүтін қосып ашытқан өнімдердің пайдасы да мол. Швейцарлық ірімшіктердің сапалылығының бір құпиясы – сиыр сүтіне ешкі сүтін қосып жасауында болса керек. Халықтың жаппай тұтынатын өнімі ретінде түрлі жас топтары арасында қолданылуымен қатар ешкі сүтінің түрлі аурулардың алдын алу шараларында да тиімділігін ескерген жөн

12

Қазақ Тағамтану академиясының академигі Төрегелді Шармановтың айтқан ақыл-кеңесінде көп мән бар. Ол кісінің айтуынша, ешкі сүтінде 12 түрлі дәрумен бар екен. Ол әсіресе өкпе құрты, қант диабеті, асқазан, ішек жолдары, аллергия, қан аздық секілді ауруларға бірден-бір ем. Ешкі сүтінің

майы ағзаға жақсы сіңеді, ал оның құрамындағы қанықпаған қан қышқылдарының жоғары мөлшері холестериннің қан тамырларына жинақталуына қарсы тұрып, иммунитетті арттыруға ықпал етеді

шаруа қожалығының басшысы Құрман Жаңабаев. Мал шаруашылығына қанша жерден мән беріп жатқанымызбен, көбіне-көп бесінші түлік ретінде сипатталар ешкі малы елеусіздеу қалатыны шындық. Азық-түлік қауіпсіздігі мен кәсіпкерлікке қарқын беру мәселелері талқыға түсіп отырған сәтте бұл тақырыпты көтеріп отырғанымыз да сондықтан. Ешкі шаруашылығын естен шығармай, керісінше, осы саланың бойына қан жүгіртуді қолға алатын кез келді. Шопандарға Үкімет тарапынан қайтарымсыз немесе пайызы аз несие берілсе, сауыншылар, технологтарға мемлекет тарапынан арнайы тегін курстар ұйымдастырылса, «алынбайтын қамал жоқ». Қалай болғанда да ешкі шаруашылығын ұйымдастыру мәселесіне біздің аймақта әлі кенже қалып отырғаны қынжылтады. Бірақ ештен кеш жақсы деген, бұл саланың болашағы әлі де алда екенін ескергеніміз жөн

Ешкі сүті сәбилерді іш өтуден сақтайды. Аллергологтар оны сиыр сүтінен жасалған өнімдерді көтере алмайтын балаларға да ұсынады.

Ешкі сүтінен немесе оны қосып ашытқан өнімдердің пайдасы да мол. Швейцарлық сырлардың атағының құпиясы — сиыр сүтіне ешкі сүтін қосып жасауында болса керек.

Йогурт секілді танымал өнім ешкі сүтінен шыққан. Профессор Мечников ешкі сүтінен жасалған болгар йогуртынан емдік лактобациллинді бөліп шығарды.

Сиыр сүтіне қарағанда ешкі сүтінде В12 дәруменінің құрамына кіретін кобальттың мөлшері 6 есе көп, ал калийдің жоғары мөлшері жүрек-қантамыр жүйесінің қызметіне оңтайлы әсер етеді. Сиыр сүтіндегі темірге қарағанда ешкі сүтінің темірі жақсы сіңеді, бұл анемияның алдын алуда аса маңызды, - деп отыр мамандар.Әрине, бала үшін ана сүтіне жететін тағам жоқ, бірақ жасанды немесе аралас қоректендіруде ешкі сүті ана сүтін алмастыру үшін лайықты және 6 айдан асқан балалар үшін қосымша қорек ретінде пайдалануға болады.Айтпақшы, ешкі туберкулезбен, бруцеллезбен, сиыр ауыратын басқа да аурулармен ауырмайды.

Қорыта айтқанда, ешкі сүтін ерекше химиялық құрамына сай пайдалы тағам өнімдеріне жатқызуға болады. Халықтың жаппай тұтынатын өнімі ретінде түрлі жас топтары арасында қолданылуымен қатар, ешкі сүтінің түрлі аурулардың алдын алу шараларында да тиімділігін ескерген жөн.

13

Құрт – адам денсаулығына қажетті құндылық.

Іші – бауырымыз құрысып – тырысып, көзіміз қарауытқанда, ойбай дәруменіміз азайып кетті деп шығамыз. Ондайда банан, киви, апельсин жеу керек деп ақыл айтатындар да табылады.

Осы біздің атам қазақ апельсин көрмей өсті ғой, олар неге құлап, талып қалмаған деп таңғаламыз. Сөйтсек, олардың ішкен – жегені нағыз дәрумендердің көзі екен. Көгорай шалғынды жалпағынан басып жайылған сиырдың сүті, түйенің шұбаты мен жылқының қымызы – дәруменнің, күш – қуаттың көзі осылар екен. Дүкендерде сатылатын сырды қазақшалап сыртына “ірімшік” деп жазып қояды. Бірақ сырдың дәмі қазақтың қозы қарын қосып қайнатқан ірімшігінің садағасына да татымайтынын, әсіресе, ауыл қазағы жақсы біледі. Әңгіме оның дәмінде ғана емес. Ғылыми зеттеулер көрсеткендей, сиырдың құрамында, 100 грамға шаққандағы ақуыздың мөлшері 22, 85 – 34, 52% болса, қазақ ірімшігіндегі ақуыздың мөлшері 40 – 42% екен. Сыр құрамында көміртегі ары кетсе 4, 52%- тен аспайды, ал ірімшікте ол 10, 93% болады. Адам ағзасындағы сүйек ұлпаларының мықты болуы үшін ең қажет элемент фосфор болса, дәстүрлі әдіспен жасалған ірімшік құрамында фосфор 0, 51%, ал кальций 2, 3% мөлшерінде кездеседі екен. Ал қуаттылығына келсек, сыр 268, 8 – 401, 38 қуат берсе, ірімшік 408, 4 қуат береді. Құртымыз да химиялық құрамы мен калориясы жағынан қала дүкендеріндегі сүзбені (творог) он орап алады. Сүзбеде ақуыз мөлшері 14, 5 – 18, 6% болса, қазақ құрты ақуызға өте бай – 52, 6%. Ал 100 грам сүзбе 87 – 227 – ге дейін қуат берсе, құрттан 370, 1 қуат алуға болады.

Ешкі майы

Ешкі майы мен ешкі сүтін

14

онкопротекторлық қасиетімен қоса құрамдары иммундық қабілетті күшейткіш заттарға бай.

Қолдану әдісі; майды бет терісін күтуге арналған кремдердің, сондай-ақ

тіреу-қозғалу жүйелерін емдеу мақсатында буындарға жағатын жақпа майлардың құрамында болғаны дұрыс.Перифериялық жүйке ауруларын, суық тигенде және жөтелге, бұлшық ет немесе басқа да жерлер ауырсынғанда ертеректе ешкі майын қолдану бірінші кезекте тұрған екен.

Гиппократ “ешкі сүтін” өлімге араша түсетін дәрі деп те атаған екен. Осы күні ғалымдар ешкі сүтінің құрамын анықтады, сүттен алынған майдың құрамында өте пайдалы аминқышқылдары бар, қанықпаған майлы қышқылдар да көп мөлшерде, кефалиндер, коэнзим Q 10, ( А, В1, В2, В5, В6, В12, С, Е, D) витаминдері, сұлулық витамині биотин, (К, Mg, Zn, Se, Ca) микроэлементтері, лактоферменттер.

Буындарды емдеуге ешкінің майының құрамындағы капронды, каприлді және капринолдық майлы қышқылдар пайдасы көп. Бұлар ревматизмге қарсы және буындағы дәздердің дамуына жол бермейді.

Ешкі майы, қолдануы және қандай кеселдерге қарсы:

Буын мен қозғалу жүйелерін емдеуге(опорно-двигательные системы)

буындық ревматизм, ревматоидты артрит

артриттер, артроздар, подагра

омыртқаның остеохондрозы

анкилоздандыратын спондилоартроз және басқалары

Перифериялық жүйке жүйелерінің кеселдері

невриттер

радикулиттер

люмбаго-невралгиялары, ишалгия, тораколгия, артралгия және басқалараы.

Басқа да жағдайларда

суық тиіп, қалтырау

ұзақ ,тоқтамайтын жөтел, мұрынна су ағу, бронхиттер

бұлшық еттің және басқада аурулары

травмалар – жарақаттар, буынның созылыу, қан ұю, ұсақ жарақаттар.

Қолдануы: ақырындап күніне бірнеше рет жағу керек. Ешкі майы негізінде жасалған крем 8-10 сағат бойы әсерін жоғалтпайды. Ашық жарақатқа жағуға болмайды!

Ешкі майы, косметикалық қолданыс

Ешкі сүті және оның негізінде жасалған әртүрлі емдік нәрселер орасан зор

15

емдегіштік және косметикалық әсері бар. Денсаулықты түзеп, тері клеткаларының белсенділіктерін арттырады. Ежелгі Египеттік Клеопатра өзінің тәнінің сұлулығы мен денсаулығының мықтылығын ұзақ уақыт сақтау мақсатында ешкі сүтіне шомылып оны денесіне үнемі жағып отырған.

Массажды ешкі майымен жасатқан екен.

ЕШКІ СҮТІ ОТАДАН САҚТАП ҚАЛҒАН

Сөйтсек, ешкінің еті де ем екен. Оны ғалымдар дәлелдеп отыр, - дейді алматылық кәсіпкер Әділ Сыдықұлы ОМАР (суретте). Алайда, ол біздің редакциямызға ешкі сүтінің пайдасы жөнінде әңгімелеуге келген еді. Бүгінде ол Қазақстандағы ешкі сүтін өндіруді қолға алған жалғыз кәсіпкер. Кәсібін ашуға түрткі болған да оның жеке басындағы жағдай еді. 1993 жылы Әділ Сыдықұлының асқазаны қатты ауырады. Дәрігерлер оның асқазанының жартысын кесеміз деп шешкен. Сол кезде кәсіпкердің дәрігер болып келетін жақын досы оған ешкі сүтін ішіп қарауға кеңес береді. Әділ Сыдықұлы екі жыл үзбей ешкі сүтін ішіп, ауруынан сауығып кетеді. Қаладағы дәрігерлердің өздері одан қайда барып емделгенін сұрап таң болған. Кейін Атырауға жұмыс сапарымен келіп жүргенде асқазаны сыр бере бастап, өңделген ешкі сүтін іздейді. Сол кезде Атыраудағы супермаркеттердің бірінен Ресейде өндірілген ешкі сүтіне көзі түседі. Соны алып ішкенде де денсаулығы түзеліп, өзін қайтадан жеңіл сезіне бастайды. Сөйтіп, Атыраудағы таныстарынан ешкі сүтінің өнімін көптеп салып жіберуді өтінеді. Кейін ол: «Ешкі сүтінің пайдасын өзім ғана көргенше, халыққа да неге жақсылық жасамаймын? Ешкі сүті қаншама ауруды емдеп жазар еді? Сүйек сырқырағанда, буын ауырғанда, жас балаға беруге, денсаулықты түзеуге керемет нәрсе ғой» деп ойлайды ол. Сөйтіп, екі жыл бойына әлемдегі ешкі сүтін өндірушілердің тәжірибесіне үңіліп, ешкі сүтінің емдік қасиеті туралы ғалымдар жасаған зерттеу жұмыстарымен

16

танысады. Сөйтіп, былтыр қыркүйек айында ешкі сүтін Голландия және Швеция технологиялары бойынша өңдеген күйі тетрапакетке құйып сатумен айналысуға кіріседі. Кәсібін бастамас бұрын Әділ Сыдықұлы ҚР Қазақ тамақтану академиясының академигі Төрегелді Шарманов ағаймен кеңеседі. Төрегелді ағай ешкі сүтінің кереметтілігін тамсана айта келе, оған осы алған бетінен қайтпауына тілекші болған.

Айтпақшы, кәсіпкердің тағы бір көзі жеткен оқиғасын еске түсіріп отырмыз.

Бір таныстарының үйінде аяқ астынан қарт кісінің тамағынан мүлде ас өтпей қалады. Төсек тартып жатқан науқаспен қош айтысатын боламыз дегенде, Әділ Сыдықұлы оған ешкі сүтін ішкізуге кеңес береді. Бір қасық ешкі сүтін 21 күн ішкізгеннен кейін ғана, әлгі қарттың беті бері қарап, тәбетінің ашылғандығы байқалған. Міне, ғажап!

Ультрапастерленген ешкі сүтінің 1 литрінің бағасы 800 теңге, сатылым бағасы 1300-1500 теңге, сақталу мерзімі алты ай. Мамандардың айтуынша, біздің еліміздің климаты ешкі бағуға өте қолайлы. Егер сұраныс жақсы болса, сүт бағасы да төмендеп, тұтынушыларға қолжетімді болады деп күтілуде. Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шармановтың айтуынша, ешкі сүтінің емдік және профилактикалық қасиеті зор.

Қытайда биші ешкі енді үй күзетеді

Қытайдың Сычуань провинциясында тұратын азамат ешкіні үй күзетуге үйретті. Чжао Хуайюнь есімді азаматтың сөзіне қарағанда, ешкі үйді

17

қаңғыбас иттерден қориды, егер иттерге әлі келмесе, дереу үй иесін көмекке шақырады.

Чжао Хуайюннің айтуынша, оның ешкісі өте ақылды және қабілетті жануар. Мәселен, осыдан бірнеше ай бұрын жануар билеуді үйреніп, айналадағы жұртқа танымал болған. Ешкі артқы аяқтарына тұрып, шыр көбелек айналады. «Ешкі менімен билегенді ұнатады, мұнымен қоса ол алдыңғы аяқтарын қонақтарымның қолына салып, амандаса алады», – дейді ол. Сондай-ақ енді ешкі телефон қоңырауы туралы иесіне дереу хабар беруді де үйреніп жатыр екен. Қытайлықтың ақылды ешкісі жайлы ақпарат алғаш рет 2010 жылдың сәуір айында тарады. Онда түрді БАҚ Чжао Хуайюнь мен

оның билеп тұрған ешкісінің суретін жариялаған болатын.

Қорытынды бөлім

Қазақ жерінде ешкі малын өсіруге мол мүмкіндік бар. Елімізде табиғи жайылым көлемі жетеді. Дерекке көз салсақ, Қазақстанда 180 млн гектарға жуық табиғи жайылым бар екен. Одан қалды, ешкі бағуға өте қолайлы 7,2 млн гектар шамасында таулы өңір орналасқан. Сондай-ақ 20 млн гектар шамасында тасты аймақтар бар. Тастан-тасқа секіріп үйренген ешкі малы үшін жайылым бізде молынан жетіп жатыр. Өкініштісі, бізде оған деген дұрыс көзқарас жеткіліксіз. Өзіміз баққаннан гөрі, сырттан сатып алғанды оңай санаймыз. Елімізде мал шаруашылығын дамыту бағытында төрт түлік қатарынан «құрметті» орын ала алмай қалса да, ешкі малын өсіруге көңіл бөлгеніміз өте орынды болар еді. Әрине, бүгінгі заманда өткеннің өлшемі жүре қоймасы анық. «Айдағаның – бес ешкі, ысқырығың жер жарады» деуге болмас.

Қашаннан да қалт айтпайтын халқымыз бір кездері «есі кеткен ешкі жинайды» деген тәмсілді артта қалдырған екен. Бұл нақыл малдың бұл тұқымының өсімтал екендігіне байланысты айтылса керек-ті. Есебін білгенге ешкі өсіру өте тиімді кәсіптің көзі екені көрініп тұр. Дегенмен әлі күнге дейін ешкі малына дұрыс назар аударылмай келеді.

Ол 600-ге тарта шөп түрін қорек етеді. Жылқы, сиыр және қой малы одан бірнеше есе аз шөппен қоректенеді. Осының арқасында ешкі сүті мен етінде адам ағзасына өте қажетті дәрумендер көп болады._

Ұсынысымыз:

Мал шаруашылығына қанша жерден мән беріп жатқанымызбен, көбіне-көп бесінші түлік ретінде сипатталар ешкі малы елеусіздеу қалатыны шындық. Азық-түлік қауіпсіздігі мен кәсіпкерлікке қарқын беру мәселелері талқыға түсіп отырған сәтте бұл тақырыпты көтеріп отырғанымыз да сондықтан. Ешкі шаруашылығын естен шығармай, керісінше, осы саланың бойына қан жүгіртуді қолға алатын кез келді. Шопандарға Үкімет тарапынан

18

қайтарымсыз немесе пайызы аз несие берілсе, сауыншылар, технологтарға мемлекет тарапынан арнайы тегін курстар ұйымдастырылса, «алынбайтын қамал жоқ». Қалай болғанда да ешкі шаруашылығын ұйымдастыру мәселесіне біздің аймақта әлі кенже қалып отырғаны қынжылтады. Бірақ ештен кеш жақсы деген, бұл саланың болашағы әлі де алда екенін ескергеп, қолға алғанымыз жөн.

Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Ешкі
    Ешкі 23.01.2021 16:32
    0 + 0 -
    Ешкі туралы ғылыми жоба жақсы ?