Жақыпбаев Жұматай (1945—1990) - Алматы облысы, Талдықорған ауданындағы Ешкіөлмес ауылында туған. Еңбек жолын кітапхана меңгерушісі болып бастаған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Талдықорған облыстық «Октябрь туы» газетінде, облыстық радиода және «Жалын» альманахында......
ДатұлыСырым (1712–1802) – қазіргі Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Сарыой ауылында дүниеге келген. 1783–97 жылдары Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен. Шыққан тегі – Кіші жүздің Байұлы тайпасының Байбақты руынан. 20жасында өзінің асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдігімен аты шыққан......
Райымбек батыр-1705 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қайтыс болған жылы шамамен-1785 жылы Алматы қаласы.
Райымбек- батыр, қолбасшы, Ұлы жүз албан ішіндегі алжан руының сырымбет тармағынан. Атасы Хангелді батыр XVIII ғасырдың 1-жартысында жоңғарларға қарсы күресте аты шығып, 1733 жылы Төле, Қодар билер, Сатай, Бөлек батырлармен бірге Ұлы жүз қазақтары атынан орыс патшасымен Анна Иоановнаға.....
Мәуленов Сырбай (17.9.1922 ж. туған Қостанай облысы; Жанкелдин ауданы; Торғай поселкесі; — 1993) — ақын. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген (1973). 1943 — 1950 Қостанай облысы радиокомитетінде редактор, "Большевиктік жол" (қазіргі "Коммунизм таңы") газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, 1951 — 1955 жылы. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редакция меңгерушісі, 1957 — 1961 жылы Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші; "Қазақ әдебиеті" газетінде бас редактордың орынбасары, 1964 — 1971 жылы "Жұлдыз" журналының, 1955 — 1957, 1971 — 1977 жылы "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы болды. Тұңғыш өлеңі Жамбыл облысы "Колхозшы" газетінде 1937 жылы жарияланды, "Өлеңдері" атты алғашқы жинағы 1948 жылы.......