Ұлттық ойын: Марламқаш

Марламқаш, жазды күні ойнайтын, жас жеткіншектердің ойындарының бірі. Бұл былай ойналады: қараңғы түндерде жастар жиналып екіге бөлінеді, бір бөлегі киімдерін тастап, алысырақ жерге барып, жасырынып жатады. Жасырынғандардың саны қанша болса, іздеушілердің саны да сонша болады, олар жасырынғандарды іздеп тауып, ұстауға шығады.

Сонда іздеушілердің іздеуге шығысымен айқайлап жүріп айтатыны:

Марламқаш,
Мені көрсең,
Тұра қаш!

Жасырынған ойыншылар іздеушілер үстіне жақындап келіп қалғанша тырп етпей жата береді. Үстінен дәл түссе, ұстатпауға тырысып, тұра қашады. Ойынға жарамайтын жас балаларды киімдерінің қасыңа қалдырып кетеді.

Бұл жерді «Орда» деп белгілейді. Табылған ойыншы соған қарай қашуға тырысады. Егер іздеуші ойыншы қашқан ойыншыны қуып жетіп ұстап алса, ордаға жеткенше оның арқасына мініп келеді. Бұл қолы жеткендерге үлкен бақыт деп саналады. Жеткізбей құтылып кету де қашушы ойыншыға сондай бір дәреже. Мінгізгеннің қабағы түсіп, мінгендердің көңілі шат болып, жеткізбегендері қуанып, жете алмағандары ұялып, барлығы да ортаға жиналады. Ойын қайта басталғанда екі топ орындарын ауыстырады, тығылғандар енді іздеуші, ал іздеушілер жасырынатын болады......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Бәйге мен аламан бәйге

Қазақ халқының ұлттық спорт ойынының бірден-бір көп тарағаны — бәйге мен аламан бәйге. Спорттың бұл түрінің өзгеше бір ерекшелігі сол — жарыс тек жазық жерлер мен ипподромдарда ғана өтіп қоймайды, спортшының өзі мен оның атына жоғары талап қойылатын ойлы-қырлы, жасанды, бөгесінді жерлерде де өткізіледі. Бір жағынан, бұлайша жарысты бұрын белгісіз, ойлы-қырлы жерлерде өткізу қазіргі заманғы ат спортының классикалық түріне жуықтайды. Бұл республиканың жергілікті халықтары арасында спорттың классикалық түрлерін кеңінен таратуға өзінің пайдасын тигізетіні сөзсіз.

Әсіресе аламан бәйгенің спортшының тактикалың шеберлігін жетілдіруде маңызы орасан зор. Жарыста мықты да жылдам спортшылардың бәрі бірдей жеңе бермейді, мұнда кімде-кім жарысты жаттығу жағынан дұрыс құрып, жағдайды дұрыс бағалап, жарыстың барысында атының күшін тиімді пайдаланса ғана жеңіске ие болад.....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Бүркіт

«Бүркіт» — бұл ойын дене шынықтыру, спорт залында, мәдениет үйінде өткізіледі. Ертеде үйде өткізілетін болған. Ойынды жүргізу үшін биіктігі 25—30 см. орындық не спортшылар отыратын ұзын орындық — сәкі қажет болады. Сол орындықтың үстіне шығып, жүресінен отырған ойыншы, екі аяғының арасынан екі қолын әлгі орындыққа не сәкіге тіреп, еңкейіп барып, жерде жатқан тақияны аузымен тістеп алуы қажет. Бұл ойынды орындағанда адамның екі тізесі шалқайып сыртына қарай көтеріледі де, дене салмағы екі қолының білегіне түседі. Ойын дене шынықтыруға, оның қуатын жетілдіре түсуге қолайлы .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Атқаума

Атқаума. Бір топ бала алаңға немесе дене шынықтыру залына жиналады да, ортаға екі бала шығады. Бірінші бала өзінің сол қолымен оң қолының білегінен мықтап ұстайды, екінші бала да осылай істейді. Бұдан соң екі бала бос тұрған оң қолдарымен бірінің білегінен бірі ұстап, айқасқан 4 қолдың басынан «орындық» жасайды да, соған үшінші баланы аяғын салбыратып отырғызады.

Атқаума, атқаума,
Арқар атқан қай тауда?

— деп оны көтеріп алып жүреді де, бір жұмсақтау жер кездескенде:

Атқаума, атқаума,
Арқар атқан ақ тау ма?
Көк тау ма?
Көк тау болса, Көп тау ма?.....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Айгөлек

Ойнаушылар екі топқа бөлінеді. Олардың сандары да, жас шамалары да бірдей болулары керек. Екі топтың екеуінің де бастаушысы болады. Аралары 10—15 метрдей жерде қол ұстасып қатарласа тұрған осы екі топ біріне-бірі сөз тастап, күш көрсетіп, өнер жарыстыра бастайды. Екі жақтың ойын бастаушылары орталарынан бір қыз бен бір жігітті шығарып, олардың қолына бір ақ тас, бір қара тас береді. Олар екі тасты ешкімге көрсетпей, уысына қысып тұрады да, екі ойын басынан:— Сен қай қолдағы тасты қалайсың?— деп сұрайды. Бастаушылардың біреуі мен: «Оң қолдағы тасты қалаймын»,— дейді, екіншісі сол жақ қолдағы тасты алады. Қайсысында ақ тас болса, сол ойын бастайды.

Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Күші мығым, қуатты,
Екпіні желдей өршіген
Шепті бұзар ер керек......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Малшының құлдығына түскен 30 жастағы арудың сіңлісі жанайқайын айтты

Бүгінде малшының құлына айналған қыздың тағдыры 9 сыныптан бастап тас-талқан болған. Мектеп оқығанда жүкті болған аруға туыстары түсік жасатып, жігітін түрмеге отырғызыпты. Артынша анасымен бірге еріп кеткен ол өгей әкенің де ойыншығына айналған екен. Дәлірек айтқанда, азамат өгей қызын арақ үшін малшыға айырбастап жіберген. Бұл оқиғаны журналист Жазира Бегалы өз Facebook парақшасында жариялаған деп жазады NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық

Ұлттық ойын: Қалтырауық қамыр кемпір және Ақ боран

Қазақ халқының ойын-сауық, әдет-ғұрып ойындарының көпшілігі осы ойынмен басталады. Наурыз мейрамында бұл ойындар екі жақтың тартысы арқылы ойналып, қыстың қысылшаң қаттылығын бейнелейтін болған.

Наурыз кезінде жақын екі ауылдың келісуі бойынша, мерекеге жиналғандар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтың аты — «Ақ боран» да, екінші топтың аты — «Қалтырауық қамыр кемпір». Әр топ ойын басталмас бұрын өздерінің ішінен өнердің барлың саласына қатынасатын (ақын, палуан, мерген, найзагер, құсбегі, шабандоз тағы сол сияқты) ойыншыларын дайындап, сайлап алады да, жиналған қауым екі ауылдың ең үлкен ақсақалдарының батасын алады.

Ойын ең алдымен екі жақтың ақындар айтысымен басталады. Бірінші күні-ақ айтысқан екі жақтың тартыс-бәсекесінен біріне-бірі оңайлықпен беріле қоймағандығы байқалады. Мереке өнердің барлық саласынан-ақ осындай қызу тартыспен өтеді.

Ақындар айтысы бітісімен, палуандардың күресі басталады.

Палуандар күресі біткеннен кейін «жаяу жарыс» басталады. Бұл ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды. Екі топтың өзара келісімі бойынша белгіленген екі көмбенің арасын жүгіріп өтулері керек. Жаяу жарысқа қатысушылар нақтылы қандай қашықтыққа жүгіретінін ешқайсысы білмеген, өйткені бұл екі көмбенің арақашықтығы еш уақытта өлшенбеген. Тек бертін келе ғана мөлшермен өлшене бастады. Шамамен бірден үш шақырымға дейінгі қашықтық алынған жаяу жарысқа қатысушылардың әрқайсысы өзінше жүгіріп, бірінші келгені жеңімпаз атанған.

Бұдан кейін халқымыздың ат үстінде ойнайтын ойындары басталып жалғаса беретін болған.

Ат үстіндегі ойындардың бір түрі «Жамбы ату». «Жамбы ату» ойыны қазақтың ата тегінен бері келе жатқан, болмаса аңшылық кәсібінен қалған, келе-келе көз ұшындай жерге жамбы тігіп, соны ататын, көңіл көтеретін, бүкіл жұрт болып қызықтайтын ұлттық ойынына айналған. Бұл ойын халықтың ұлт ерекшелігін көрсетеді. Себебі қазақтар жамбыны ат үстінде тұрып, болмаса шауып келе жатып қана атқан.

Мұның өзіндік ерекшелігі мынада: қазақтар жамбыны атқанда бүгінгідей анандай жердегі тақтадағы нысананы көздемеген. Олар ұзын сырықтың басына мергенге арналған сыйлықты, болмаса жамбыны шүберекке орап, не ашық түрде жіпке байлап іліп қояды.

Мергендер жамбыны атқанда, оны байлаулы тұрған жібінен көздеп жерге түсіреді. Жамбыны атқанда әркім өз атының үстінде жүріп, не шауып келе жатып садақпен атады. «Жамбы атудың» қызықтылығы сондай, оны тамашалауға жиналған жұрт басқа ойындарды ұмытып бар назарларын соған салатындықтан, оны барлық ойындар өткеннен кейін, ең соңынан қызықтайтын болған. «Жамбы ату» ойыны тігілген жүлдені мергендер атып алғанға дейін жалғаса береді. Кей жағдайларда ойын қызығына қанбаған жұрт жамбыны үш ретке дейін тігеді.....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Есімде & Тобық

Мұны кей жерде «Тобық», ал кей жерлерде «Есімде» деп атайды. Бірақ, сайып келгенде, бұлардың негізі бір арнаға келіп құяды. Ойынның мақсаты: есте мықтап ұстау, жаңылшақтыққа, ұмытшақтыққа жол бермеу. Мұны көбінесе ересек адамдар ойнайды, олар өзара уәделесіп бәс тігіседі. Ойынның мерзімі қысқа болса, тобықты қолға қысып жүруге, ал мерзімі ұзақ болса, қалтаға салып жүруге де болады.
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Шалма

«Шалма» — ойынына екі адам катынасады да, қалғандары көріп, тыңдап отырады. Ойын үйде, аулада өте береді. Ойыншылар біріне-бірі қарсы қарап отырады да, дайын болған шалманы бірінің қолынан бірі алады. Алғашында екі ұшын біріктіріп түйеді де, екі қолға, яғни төрт саусаққа кигізеді, ортаңғы саусақпен кезекпен іліп алады, сонда «ыңыршаң» шығады.
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық