Тұрмысқа пайдалы кеңестер

Қарапайым заттарға басқа жағынан қарап, олардың басқа қырларын тапса болады. Кейде осындай кеңестер кәдімгі үй шаруаларында пайдалы бола алады.

Тырнаққа арналған лактың аты айтпақшы, ол тырнақ бояуға арналған. Алайда арулардың сұлулық құралын басқа мақсатпен қолдануға болады екен. Лакпен кейбір заттарға белгі жасаса болады. Мысалға, әуежайда жол сандығыңызды шатастырып алуға қорықсаңыз, оның шетіне қанық түсті лакпен бірнеше белгі салыңыз. Лак көмегімен жай стақаннан ас үйде сондай қажет өлшеуіш стақанын жасауға болады. Түссіз лактың пайдасын ерекше атап көрсетсе болады. Түйменің түсі кір жуғанда кетпес үшін, оны түссіз лакпен бояп қойыңыз. Әшекейіңіздің кішкентай тасы түсіп қалды ма? Оны қайта желімдегенше түссіз лакқа отырғызыңыз. Шұлықтағы сызықтың тарқатылуын түссіз лакпен тоқтатуға болады екен.

Қаңылтыр қағаз әр ас үйде табылатын болар. Аспаздықта қолданып үйренген қаңылтырды үй шаруасында да пайдаланса болады. Қасық-шанышқыларыңыз күмістен жасалынған болса, олар жататын қораптың түбіне қаңылтыр қағазын төсеп қойыңыз. Бұл күмістің қараюына жол бермейді. Егер күміс қасықтарды сирек қолдансаңыз, әр қасықты бөлек қаңылтырға орап қойған абзал. Қайшының жүзі өтпей қалса, онымен қаңылтыр қағазын кесіп жіберсеңіз жеткілікті. Ал айнаның бетінде қара дақтар пайда болса, артындағы күміс шаңдатуы тозып бара жатқан болар. Сол жерлерге қаңылтыр қағазын жабыстырып қойсаңыз, айнаңыз жаңарып қалады. ......
Кеңестер
Толық

Балаларға арналған дәмді әрі пайдалы езбе сорпалар

Езбе сорпалар ағзамыз үшін өте пайдалы. Олардың қоректік қасиеті жоғары әрі тәбетіңізді ашатындай хош иісті болады.

Брокколи езбе сорпасы

Құрамы: 0,5 кг брокколи, 1 пияз, 1 стақан кілегей (майлылығы 10%), 2 стақан су немесе сорпа, тұз, бұрыш.

Дайындалуы: Пиязды тураңыз. Алдын ала қыздырылған майға пиязды қуырып алыңыз. Тұз салынған қайнаған суға немесе сорпаға броккольді салыңыз. Дайын болғанша қайнатыңыз. Ең соңында сорпаға қуырылған пиязды қосыңыз. Дайын болған қоспаны бір қалыпты құрамға келгенше блендерде езіңіз. Дайын болған езбені қайтадан кәстрөлге салып, үстіне бір стақан кілегей, қалауыңызша тұз, бұрыш қосып, қайнатпай, сәл ғана жылытып алыңыз. Езбе сорпа дайын......
Кеңестер
Толық

Пияз дене қызуын түсіреді

✅ 1. Пияз дене қызуын түсіреді

Әсіресе балалардың денсаулығына пайдасы мол. Егер дене қызуыңыз көтеріліп тұрса, пиязды кесіп, алма қышқылына салыңыз. Артынша бірнеше тілімін құлағыңыздың үстіне, нәскиіңіздің ішіне салып қойыңыз. Осылайша денеңіздің қызуы жылдам түседі.
✅ 2. Инфекцияны өлтіреді
Ең алдымен, пияз пастасын дайындау қажет. Ол үшін нанның үстіне сүтті қайнатып құйыңыз. Бетіне пиязды үккіштен өткізіп салыңыз. Артынша жараңыздың үстіне жағыңыз. 2-2,5 сағат тұрса, жеткілікті. Бұл рәсімді инфекция толығымен залалсыздандырылғанша қайталауыңызға болад...
Кеңестер
Толық

Отан

Кең жазық Отан мекенім,

Сен де өсіп көктедім

Сені қорғау парызым,

Мұны біліп өтемін.
Тақпақтар
Толық

Анашыма

Ана деген өмірдегі асыл жан,

Ана «бақыт» дегендерге қосылам.

Айта берсем анашыма сөз жетпес,

Анам менің,өмірдегі асыл жан.
Тақпақтар
Толық

Ана

Ана өмірдің шуағы,

Ана өмірдің шырағы.

Бәрінен де қымбат қой

Аннамның аппақ құшағы.
Тақпақтар
Толық

Ұлы Абайға арнау

Абай десе өлеңнен маржан табасың,
Абай деп таны қазақтың байтақ даласын.
Әрбір жыры рухани азық секілді,
Абайдан биік тұлғаны қайдан табарсың?.....
Тақпақтар
Толық

Анама

Емізіп, ақ сүт берген балаға

Анадан артық жақының бар ма жаһанда

Ақ сүтін татып көрмеген сірә сезбейді

Уыздың дәмін алмаған қалар арманда

Арманда қалма, анаңды сыйла қарағым.....
Тақпақтар
Толық

Арман

Шіркін арман, қынабыңнан

Келесің мені суырып.

Жауабы қиын сұрағыңның

Қаламын кейде жығылып.
Тақпақтар
Толық