Мына өмірдің тек жақсылығын көріп, бақытын сезіне білген адам ғана өмірде шынайы бақытты болады. Бәріміз өмірге келгеніміз үшін бақыттымыз. Жарық дүниеге келудің өзі зор мүмкіндік. Олай болса бір-бірімізге деген жақсы тілектерімізді аямайық.
Тай қазаным күні бойы қайнайды Ортайып та, сарқылып та қалмайды. Көл
Қолымыз кір болса, Мұрынға лас қонса, Кім деп білеміз досты Кетіретін кір қоқысты? Апамыз онсыз түк істемейді, Кір жумайды, ас пісірмейді Онсыз, төтесін айтайық, Адам да күн көрмейді. Аспаннан жауын құйсын, Масақ дәнге толсын, Кемелер жүзсін айдында – Өмір жоқ онсыз, ол ... Су
Сен бар әлемді жылытасың, Шаршауды еш білмейсің, Терезеден күллімдейсің, Сенсің кәдімгі ... дейтін. Күн
Айтар болсам саралап Көп қой түрлі санамақ Бір дегенім – бір саусақ Екі дегенім – екі саусақ Үш дегенім – үш саусақ Төрт дегенім –төрт саусақ Бес дегенім....
Қолымда он жүзігім ал шығармай, Бір бөрі мал жейді екен қан шығармай. Төрт торы, екі сала жұмбағым бар, Мұны тапқан мені алсын мал шығармай. Он тырнақ, ұстара, жылдың төрт мезгілі
Бір жанды мақлұқ көрдім пошымы бөлек, Бір тау бар ортасында дөп-дөңгелек. Үстіне шыққан шөбі бәрі тегіс, Мал жемес, шауып алып неме керек. Сол таудың ортасында екі өзен. Астында бұлағы бар, алды кезең. Не астына, не үстіне шыққан шөп жоқ, Адамзат көргенің жоқ ондай өзен. Сол таудың етегінде жалғыз құдық, Беткейде асыл таспен аузын қиып, Ішіне кірген нәрсе тірі шықпас, Асыл тас жібереді бәрін қиып. Адамның басы, беті, аузы, тісі
Мұрат мектепке жаяу барады. Жолдың төрттен біріне келгенінде мешіттің жанынан, үште біріне келгенінде балабақшаның жанынан өтеді. Мешіттің жанына келгенде сағат 7.30, ал балабақшаға келгенде 7.35 болады. Әли үйден сағат нешеде шығады және мектепке нешеде барады? Мешіт пен балабақша арасы, жолдың 1:3 – 1:4 = 1/12-і. Мұрат бұл ара-қашықтықты 5 минутта жүріп өткеніне қарағанда, жолдың толығын 12х5=60 минутта жүреді. Демек үйден 7:15-те шығып, мектепке 8:15-те барады.
Дастархандағы ыдыста бірнеше алма бар еді. Анасы мұның үстіне бірнеше алма қосып 2 есеге көбейтіп қойды. Үйге кірген үлкен баласы 8 алма алып кетті. Алманың азайғанын көрген анасы тағы 2 есеге көбейтіп алма қосып қойды. Даладан келген екінші баласы да 8 алма алып кетеді. Дастархандағы алманың азайғанын көрген анасы тағы 2 есеге көбейтіп қояды. Үшінші баласы келіп, 8 алма алып кетеді. Нәтижеде дастарханда ешқандай алма қалмайды. Ең бастапқыда дастарханда қанша алма бар еді? Ең бастапқыда “у” алма бар еді делік. [(2y - 8) x 2 - 8] x 2 - 8 = 0 теңдеуін құрып есептегенде у=7 шығады.
Қыр басындағы үйіне 9 минутта барып келетін велосипедтегі адам төбеге көтерілу үшін, төменге түсетін уақытынан бес есе артық уақыт жұмсайды. Бұл адам төбеге қарай қанша минут жол жүреді? 9/6х5=7,5 минут