Тәлім - тәрбие, тәртіп

Бала тәрбиесі бесіктен.

Қар қылаумен өседі,
Бала сылаумен өседі.
Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын.

Тұңғышыңды дұрыс үйретсең,
Соңғылары өздері үйренеді.
Мақал-мәтелдер
Толық

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (С әрпі бойынша ат қою)

САҒИДА - араб тілінен — бақытты, табысты болу, рахат өмір сүруші, ауқатты.

САҒИРА - араб тілінен — тіл алғыш, құрметті, кіші, кішкене.

САҒИЯ - араб тілінен алынған — сагийе — қыз бала.

САДИДА - араб тілінен - нағыз, дұрыс, пайдалы; лайықты.
Есімдер мағынасы
Толық

Ж әріпінен басталатын есімдер ұл балаға

ЖАБАҒЫ - бұл есім о бастағы көне түркі тілінде ябғу — патшанын, хағанның орынбасары деген сөз. Жабағы сөзі осымен қатар: — бір жасар құлын; түйе мен қойдын жабағы жүні деген мағынаны да береді.

ЖАБАЙ — көне түрік тіліндегі ябгу-жабгу патшанын хағанның орынбасары деген мағынаны білдіреді.

ЖАБАЙХАН - көне түрік тіліндегі жабай + хан. Ханнын, хағаннын орынбасары деген ұғымды береді.

ЖАБАЛ - араб тілінен алынған — тау.

Есімдер мағынасы
Толық

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Н әрпі бойынша ат қою)

НАҒИ - араб тілінен алынған нәки — таза, қоспасыз.

НАҒЫМ - араб тілінен алынған нәгим — амансаулық, есендік, бақытты өмір, рақат, ләззат.

НАҒЫМБЕК - араб тілінен алынған нагым + қазақ сөзі бек. Мықты саулық, бақытты өмір.
Есімдер мағынасы
Толық

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Ә әрпі бойынша ат қою)

ӘБДУӘЛИ - араб тілінен алынған уали — әкім, әмір, басқарушы, үкімет уәкілі.

ӘБДІ - араб тілінен алынған — мәңгі, шексіз.

ӘБДІБАЙ - араб тілінен алынған ғабд + қазақ сөзі бай. Яғни мәңгі бай.

ӘБДІБАҚИ - араб тілінен алынған ғабди + бахи - мәңгі, мәңгілік, яғни мәңгі жасаушы, ұзақ өмір сүруші пенде, адам.

ӘБДІБАҚИТ - араб тілінен алынған ғабд + бахит - бақыт. Мәңгі бақытты деген мағынаны береді.
Есімдер мағынасы
Толық

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (М әрпі бойынша ат қою)

МАҒАЗ - араб тілінен алынған ма’азза — махаббат, сүйіспеншілік. Яғни қымбатты, сүйікті.

МАҒАУИЯ - араб тілінен - сау-саламат; құтылған.

МАҒЗҰМ – араб тілінен алынған ма’сум — талған; шақырылған; қонақ, мейман.

МАҒРУФ - араб тілінен алынған магруф — жалпыға мәлім; қолдау тапқан, жені түзу; жәрдем беру, қайырым жасау.

МАЙДАН - араб тілінен алынған мейдан — ашық алаң, соғыс алаңы; майдан. Бұл есім Ұлы Отан соғысы кезінде туған балаларға қойылған.

МАЙЛЫ - күйлі, қуатты, әлді.
Есімдер мағынасы
Толық

2019 жылғы діни мерекелер күнтізбесі

ЕСКЕРТУ:

ХИЖРИ АЙЛАРДЫҢ БАСТАЛУЫ ТҮРКИЯ МЕН АРАБ ЕЛДЕРІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ МӘЛІМЕТТЕРІ НЕГІЗІНДЕ ЖАСАЛДЫ. АЛАЙДА, ДІНИ МЕРЕКЕЛЕРДІҢ НАҚТЫ КҮНДЕРІ ЖАҢА АЙДЫҢ КӨРІНУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ КӨРСЕТІЛГЕН УАҚЫТТАН БІР КҮН ШЕГЕРІЛУІ НЕМЕСЕ АЛҒА ЖЫЛЖУЫ МҮМКІН.
kz
Толық

Әлия Молдағұлова (1924-1944)

Әлия Молдағұлова (шын есімі Ілия) Нұрмұхамедқызы (20.4.1924, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылында туған, 15.5 1944, Псков облысында Новосокольники ауданында Казачиха деревнясында ерлікпен қаза болған.

Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (4.6. 1944). Анасы Маржан қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп, Санкт-Петербургтегі №9 мектепте оқыған. Ресейдің Рыбинск авиатехникумын бітірген (1941). 1942 ж. өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып, мергендердің Орта әйелдер мектебін үздік бітіріп шықты (1943). 1943 жылдың тамыз айынан 2-Прибалтика майданында 26-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа.......
Рефераттар
Толық

Мақта қыз бен мысық (видео)

Баяғыда Мақта қыз болыпты. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады, Мысық келмейді. Қыз:
– Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп:
– Неге шақырдың? – деп сұрайды.
Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық:
– Ендеше қатығыңды төгем! – дейді.
Мақта қыз:
– Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді.
Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың.....
Ертегілер
Толық

Тойда бата беру, үйлену той батасы

  Бақытты бол, бағың ашылсын,
Әр күнің шаттыққа толсын.
Босағаңа жамандық жетпесін,
Төріңнен жақсылық кетпесін.
Ұлдарың оншақты болсын,
Қыздарың моншақты болсын.
Бастарыңа бақ қонсын,
Жаратқан ием....... 

Баталар
Толық