Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет!

Ұстаздық ету – ұлы жол. Шыңы биік, мінер баспалдағы ауыр жол. Оқу мен тынымсыз еңбектің жолы. Қуаныш пен көз жастың жолы. «Ұстазы мықтының – ұстанымы мықты» дейді қазақта. Мұндағы «мықты ұстаз» - жаңағы айтылған ұлы жолдың шыңына жетемін деп талпыну. Алда тұрған небір кедергілер мен ауыр асуларды бағындыра алу және оған қарсы тұра білетін ерік-жігер, мықтылық, сабырлық пен төзімділік. Осы қасиеттерді өз бойына ұштастыра білген ұстазды нағыз өз ісінің маманы дейді. Ұстазға ақын да, ғалым да, малшы да, хан да бас иген. Ерен еңбегін құрметтеп, ұстаз есімін үнемі ұлықтаған. Себебі, ұстаздық ету - үлкен шеберлік. Сол шеберлікке жоғары баға бергендердің бірі - орыстың атақты педагог демократы, әрі педагогика ғылымының нағыз майталманының бірі - К.Д.Ушинский еді. Ол өзінің бір сөзінде: «Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен – тарихтағы ең ұлы істің бірі» деп үлкен баға берген болатын. Бұл сөзіндегі «сырттай қарапайым» дегенін бөлек алып қарайықшы. Яғни, сырттай қарапайым, жай ғана бір мамандық. Мұны бірі түсінсе, бірі аса түсіне бермейді, бірақ мұғалім өз бойында тек бір ғана ұстаздықты, бір ғана тәлімгерлікті алып жүрмейді. Қажет кезінде актер де, әнші де болады. Ұйымдастырушы, режиссер, биші, бағдарламашы, суретші... Бұл қасиеттердің барлығы бір ғана ұстаздың бойынан табылатыны таң қалдырады. Бір емес, бірнеше асыл қасиеттерді өз бойына арқалап жүрген аяулы ұстаздарымыздың еңбегі – баға жетпес асыл еңбек. Сол себепті де К.Д.Ушинскийдің ұстаздықты ең ұлы іс, ең ұлы жол деп бағалауы бекер емес......
Эсселер
Толық

Қобдабай Қабдыразақұлы | Қазақтың қараңғы төрінде ұстаздық еткен аналар

Нақтылы жазба дерек бойынша, түрік дәуірінде, Ұмай Ана мектебі жұмыстаған. Ұмай Ана мектебіндегі тәрбие туралы Орхон-Енисей ескерткіштері біршама мағлұмат бар. (Ана мектебінің кейбір ұлық ұстаздарының педагогикалық ой-пікірлері Батыс және Шығыс жазба әдебиеттері арқылы бізге жетті) Қазақ мектебінің басы – Ана мектебі. Оның даму тарихы тым тереңде жатыр. Ол даму тарихында Дана мектебі дәрежесіне жеткен. Қазақтың жеке ел болып, еңсе көтерген сол бір дәуірде, текті ата әулеттерінде Қарашаңырақ мектебі орнаған. Әулет, ауыл, ру, тайпа аумағында ақсақалдар мектебі тым ерте дәуірде қалыптасқан. Бұлар тіршіліктің бар саласында, өмірдің әр белесіне етене араласып, әже-ата, әке-шеше, жезде-женге мектебі аталып, қазақ қоғамында ауқымды педагогикалық іс-әрекет жүргізді, жас ұрпақты өмірге дайындады, үлгі-өнеге ұқтырды. Оларды жалпысынан Әулет мектебі деп атадық. Осы үрдіс сабақтастығын үзбей отырып, күні бүгінге жетті. Ұмай Анадан Ұлпанға дейін, Қарашаш анадан Алтыншаш анаға дейін, Домалақ анадан Зереге дейін дегендей ұзақ тізбекті жаңылмай жасай аламыз. Бұл жолы қазақтың қараңғы төріне, мектеп орнатып, жастарды білім-ғылым үйретіп, үлгі өнеге көрсеткен ұстаз аналар туралы әңгіме етпекпіз. .....
Әңгімелер
Толық

Мұғалім болғысы келді

Оқушылар "Кім болам?" деген тақырыпқа шығарма жұмысын жазып жатты.

***

Ұстаздық мамандықтың беделін қоғамда қалай көтереміз деген ұзақ талқылаудан
кейін мұғалімге кабинет, кресло және хатшы берілетін болған еді. Енді оқушылар
мұғалімнің қабылдауына жазылады. Осыған орай......
kz
Толық

Менің ұстаздық борышым

Еліміздің ертеңгі мен бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» Н.Ә.Назарбаев

Мен үшін мұғалім мамандығы – ең асыл мамандық. Барлық мамандықтың мамандығы. Мұғалім мамандығын таңдау үшін жүректің батырлығы, жауапкершілік және заман талабына сай болу керек.

Уақыт озған сайын, жаңа техника мен технология да дамып келеді. Осыған орай, біз болашақ ұрпақты табысты етіп тәрбиелеуіміз керек. Табысты тұлға қандай болу керек? Еңбеккор, алдына мақсат қойып, оған ұмтылатын, адамгершілігі мол, жауапкершілігі бар және бәсекеге қабілетті болу керек. Заман талабына сай тәрбие беруде біз адамгершілікті де ұмытпауымыз керек. Халықта.....
Шығармалар
Толық