Сізсіз әке - ең ақылды, ең шыншыл, Сізсіз әке - ең жақыным, ең сыршыл. Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің, Жанымдасың, қамқорымсың білемін. Қабыл алғын бала – жүрек тілегін.
Қарасай Алтынайұлы (1589-1671) — қазақтың қаһарман батыры, әйгілі қолбасшысы, есімі шапырашты руының ұранына айналған аса көрнекті тарихи тұлға. Қарасай батыр Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Суықтөбе тауының етегінде Қарасаз деген жерде дүниеге келіп, Арқа жерінде Көкшетау үшін болған шайқаста ауыр жараланып дүние салған. Топырақ Көкшетау алабындағы Айыртау сілемінің Құлшынбай деп аталатын төбесінен бұйырған. Қасына өзінің қанды көйлек досы арғын Ағынтай батыр жерленген. Қос арыс — шапырашты Қарасай мен арғын Ағынтай батырға жөне олармен бірге қанды шайқаста қаза болған сарбаздарға қос күмбезді кесене орнатылған (1999). Қарасай батырдың шыққан тегі ұлы жүз шапырашты. Шежіре дерегі бойынша, Шапырашты Шам (Ыстық), одан Малды, Желді, Қалды есімді үш ұл туады. Малдыдан Екей, Еміл, Емілден Жайық пен Есқожа туады. Есқожадан Алысай, Алтынай, Шуаш .....
Қалиасқар Жұбанышұлы Тоқышев (6.8.1949 жылы туылған, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Есберлі ауылы) - әскери қайраткер, генерал-майор (2001). КСРО ҚҚМ эскери-саяси училищесін (Ленинград, 1974), Мәскеудегі әскери - саяси академияны (1983) бітірген. 1968 жылдан қарулы күштер қатарында. Мәскеу облысындағы ерекше міндет жүктелген бригаданың рота, батальон командирінің .....
Қарасақал, Қарахан, Шона (шамамен 1705 — 1749) - батыр. Шыққан тегі белгісіз. Кейбір деректер бойынша - башқұрт. 1735 жылдан бастап Ресей үкіметіне қарсы күресті. Ал- дымен И.Кириллов бастаған Орынбор экспедициясына қарсы шықса, 1740 жылы башқұрттар көтерілісін басқарды. Көтеріліс талқандалғаннан кейін, қазақ даласына келіп, Орта Жүзді паналады. Қаз дауысты Қазыбек бидің, Қаракерей Қабанбай батырдың қол астындағы .....
Құл Алшын Қартайұлы, Құл батыр (1673-1742) — шектінің алғашқы ұраны, Бақтыбай батырдың ұстазы. 1673 жылы Каспий теңізінің жағалауында дүниеге келген.1742 жылы Арал теңізінің Құланды деген жерінде дүниеден өткен. Шыңғыстың ұрпағы Құлбатыр Шекті елінің әрі көсемі, әрі қол бастайтын батыры болған. Шежіре деректері бойынша Құл батыр Кіші жүз → Әлім → Шекті → Жақайым → Көгіс → Торжымбай → Қартайдан → Құл батыр туады. Қартайды жеңгелері атын атамай, қалжындап .....
Қайрат Нұртастың туған жеріне қатысты ел арасында алып - қашпа әңгімелер жиі тарап жатады. Кейбір тыңдарман әншінің отбасы мен жары қарақалпақ ұлтынан деп ойлайды. Аталған болжамға Gakku арнасының "Follow Wars" бағдарламасында жауап берген әнші өзінің Қарақалпақстанға қатысы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды NUR.KZ.